Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1(09)

Tags: саясат, ғылым, мәдениет, сөздер:, Кілт, халық, тарих
Author:
Түйіндеме: мақалада Қазақстан мен Ресейдің мәдениет, ғылым мен білім саласындағы жемісті ынтымақтастығы мен оның жүзеге асу барысы қамтылған.Мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы жасалған келісімде, екі елдің халықтарына бір-бірінің мәдени өміріне кеңінен қатысып, тығыз араласу мақсатында орай өткізілген іс шаралар нәтижелері баяндалады. Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланыстары арқасында екі ел арасындағы көп жоспарлы ынтымақтастық кеңейтіліп, халықтарымыздың игілігі мен гүлденуі үшін жаңа жүз жылдықта іске асырылатын мәдени саладағы жұмыстарға талдау жасалған.
Text:

Ғасырлар бойы бірлесіп өмір сүрген екі халықтың тарихында, тағдырында, мəдениетінде, дүниетанымында көптеген ұқсастықтар да қалыптасты.  Ресми деректерге сүйенсек, қазір Ресейде 650 мыңнан астам қазақтар тұрады, сондай-ақ Қазақстанның көп ұлтты қауымдастығында 4 млн-ға жуық этникалық орыстар өмір сүруде [1,  с.52]. Г. Талмачов өзінің еңбегінде үш ғасырдай қазақтар мен орыстар қоян-қолтық өмiрсүріп,  арада реніштер болғандығын айта келе: «Бiр ғажабы ол ренiштер қазақ және орыс халықтарының өзара қарым-қатынастарына еш уақытта көлеңкесiн түсiрген емес. Керiсiнше, бұл екi этностардың арасында үнемi мәдени, рухани және өнегелi құндылықтармен алмасқан өзара танымдық, пайымдық молығулар болып отырды. Бiрге тұрып, бiр-бiрiне iлтипатты болуды қазақ халқының озық ойлы ұлдары жақсы ұққан болатын. Ұлы Абай өзiнiң «Ғақылия» қара сөздерiнде орыс халқына деген өзiнiң жүрекжарды ыстық ықыласын бiлдiре отырып, халқын орыстан үлгi алуға, достық қатынаста болуға шақырды, сол үмiтпен уағызды Ш.Уәлихановта, Ы.Алтынсаринде, Ж.Жабаевта, I.Жансүгiровте және қазақ халқының ой-арманын, мақсат-мұратын көксеген даланың басқа ұлы перзенттерi де талай-талай қайталады» деп көрсеткен [2, 235 -б.]. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланысты тереңірек дамыту мен нақтылай түсу үшін Президент Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы Ресейге сапары барысында Мәдениет, ғылым және білім саласындағы  ынтымақтастық туралы келісімде екі елдің халықтарына бір-бірінің мәдени өміріне кеңінен қатысу мүмкіндігін туғызу үшін Қазақстанда Ресей күндерін және Ресейде Қазақстан күндерін  өткізіп тұру туралы келісімге қол жеткізді.

Қазақстан мен Ресейдің мәдениет, ғылым мен білім саласындағы жемісті ынтымақтастығы біздің елдердің аумағында тұратын халықтардың ұлттық өзінің болмыс-бітімін сақтап, дамыту, рухани және діни қажеттіліктерін іске асыру, ана тілінде білім алу үшін қолайлы жағдай жасау жолымен олардың мәденитетінің еркін және тең құқықта дамуына кепілдік беретін екі жақты құжаттарға сүйенеді.1995жылы сәуірде М.Рудомино атындағы шетел әдебиетінің Бүкілресейлік мемлекеттік кітапханасында «Абай және әлемдік мәдениет» атты әдеби көрме ұйымдастырылып, оған дүние жүзінің 22 тіліндегі 200-ге тарта бірегей, әрі аса сирек кездесетін басылымдар қойылды [3, 269- б.].

Президенттер 2000 жылғы қазанда Астанада қол қойған гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум бұрынғы тәжірибені жинақтап қана қоймай, сонымен бірге осы саладағы өзара іс-қимылдың келешекке арналған ауқымды мақсатын да айқындады.

Ресей мен Қазақстан өркениеті бір-біріне жақын мемлекет және екі мемлекеттің де ұзақ уақытқа 2030 жылға дейін  дамыту Стратегиясы мен 2010 Стратегиясының негізгі ережелері жанасады.

Елбасы: «Менің өзімді алатын болсақ, Қазақстанға қазірде, келешекте де Ресеймен достастық керек деп ашық айтамын. Тарих та, табиғатта біздерді  мәңгі достыққа жазған. Қазақтың ұлт ретінде, Қазақстанның мемлекет ретінде өзінің тарихи, мәдени, экономикалық дамуына Ресейден,орыс халқынан көп нәрсе алғандығын ұмытпау керек...Ресей-Қазақстан қатынасының ойдағыдай болатынына сенемін»-деді[4].Қазақстан мен Ресейде мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген өзара мүдделілікті қуаттайтын ірі іс-шаралар жүргізу ізгі дәстүрге айналды.  Ресейде Абайға, Жамбылға, Мұхтар Әуезовке, Қаныш Сәтбаевқа арналған мерейтойлық салтанаттар өтті. Қазақстандықтар біздің мәдениетіміз бен рухани мұрамызға көзқарас жөніндегі өзіміз сезініп отырған ықыласы үшін ресейліктерге дән риза.Қазақ ақынының мерейтойы құрметіндегі салтанат Орынбор және Астрахан облыстары мен Санкт-Петербургте өтті. Ленинград қоршауын басынан өткергендер Жамбылдың 1941 жылғы қыркүйекте Нева бойындағы қаланың тұрғындарына арнаған «Ленинградтық өренім» атты әйгілі жыр сәлемін ешуақытта ұмытпайды.Жамбылдың кәдімгі жауынгерше «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталуы тегін емес.1997 жылы Ресейде М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты мерейтой шаралары өткізілді.Одақтар үйінің Бағаналы залында мерекелік салтанатты кеш пен Қазақстан өнер шеберлерінің концерті болды.ТМД Жазушылар одақтарының халықаралық қауымдастығында «Мұхтар Әуезов және әлемдік әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті, ал Ресей мемлекеттік кітапханасы мен М.Рудомино атындағы шетел әдебиетінің Бүкіл-ресейлік кітапханасында кітап көрмесі мен әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.Мерекелік шаралар Санкт-Петербургте- Таврия сарайы мен Санкт-Петербург университетінде жалғасты.Жазушы осы университетте оқыған, мұнда ескерткіш сынтас орнатылған [3, 271-б.].

Қазақстанда Ресей мәдениетінің күндерін өткізу барысында Ресейдің белгілі театр ұжымдарының қойылымдары өткізілді. 1999 жылы Қазақстанда ұлы орысақыны А. С. Пушкиннің 200 жылдық мерейтойына байланысты,оның  шығармашылығына арналған ғылыми конференциялар, концерттер, қойылымдар өткізіліп, көрме ұйымдастырылып, Алматы қаласында Пушкиннің ескерткі ашылды.

1998 ж. маусымда М.Ломоносов атындағы мемлекеттік университеті мен Ғылым министрлігі-Қазақстан Ғылым академиясы арасында бірлескен ғылыми-зерттеу мекемесін- Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясын құру жөніндегі шартқа қол қойылды. Қазақстандық мамандарды Ресей Федерациясында даярлау шеңберінде ММУ-нің түрлі факультеттерінде түрлі қазақстандық жоғарғы оқу орындарынан арнайы іріктелген 1000 студенттер оқуда [5, 81-б.]. Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыстар орнатылды, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ынытымақтастығы даму үстінде, көптеген қалаларда бірлескен жоғары оқу орындары құрылды.Екі елдің өзара қатынастырында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі саяси әріптестіктің арқасында Ресейде тұратын миллионнан астам отандастарымыз үшін, диаспораның өзінің ұлттық-мәдени және тілдік өзіндік болмыс-бітімін дамытуы үшін қолайлы жағдай жасалынды.Екі ел арасындағы мəдениет, ғылым жəне білім саласындағы ынтымақтастық одан ары кеңеюде. Мəңгілік достық туралы декларацияда көзделген ашық əрі бұқаралық ұйым мəдениет пен ғылым қайраткерлерінің «Қазақстан мен Ресей арасындағы мəңгі достық үшін» ассоциациясы Астана мен Алматыны қосқанда қөптеген қалаларда қалыптасып келеді. Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Қазақстан-Ресей университеті жұмыс істейді. Елімізде еңбекететін əpбip бесінші қазақстандық Мəскеудің жоғары оқу орындарында білім алған [6, 9-11-б.б.].

Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің ықылас-пейілін, тұрақты байланыстарды және отандастарға қолдан келетін көмек көрсетуді жерлестеріміз алғыс сезіммен және құрметпен қабыл алуда.

Қазақ халқы тұратын облыстарда, өлкелерде және автономиялы республикаларда «Қазақ тілі» қоғамының бөлімшелері мен 22 қазақ ұлттық мәдени қоғамдар жұмыс істеді.Қазақстан мен Ресейдің шектес облыстарында ұлттық мерекелерге, еліміздің аса көрнекті қайраткерлерінің мерейтойларына арналған бірлескен іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың атына Ресейде тұратын этникалық қазақтар үндеу жолдады. Үндеуде қандастарға деген  қамқорлығы үшін алғыс сезімін білдірді.  Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын нығайту, өзінің ана тілін, ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін сақтау үшін Ресейде тұратын этникалық қазақтар,  ізгілік атаулының бәрін атадан балаға мұра ретінде жеткізетіндерін атап көрсетті [3, 277-б.].

2000 жылы маусым мен қазанда Президент Н.Ә. Назарбаевтың Мәскеуге  және ПрезидентВ.В. Путиннің Астанаға ресми сапарлары болды. Екі ел басшылары экономикалық ынтымақтастыққа, әскери-саяси, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы өзара іс-қимылға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарап, шешті. Тараптар халықтардың ортақ мәдени мұрасын және ұлттық мәдениеттердің өзіндік болмыс-бітімін сақтауға жәрдемдесу және ортақ мәдени, оқу-білім, ақпараттық кеңістіктің кеңейтілуіне жан-жақты қолдау көрсету ниетін қуаттады. 2001-2003 жылдарға арналған Гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламасында осыған бағытталған іс-шаралар қорытындыланды.

Кремльде  екі ел басшыларының  2002 жылы 19 желтоқсанда «жабық есік» жағдайында өткен кездесудің басты нәтижесі 2003 жылды Қазақстанның Ресейдегі жылы деп жариялауы болды. Екі ел басшылары ынтымақтастықты мәңгілік достық пен одақтастық жағдайында дамытуға уағдаласты. 2001 жылы қабылданған Гуманитарлық ынтымақтастықтың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы аясында  Қазақстанда Ресеймәдениетінің күндері үлкен табыспен өтті. 2001 жылы наурызда Одақтар үйінің Колонналы залында еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылдығына Қазақстанның белгілі өнер шеберлерінің қатыусымен Наурыз мейрамы мерекеленді.

Мәскеуде 2001 жылы қазанда Алматы Өнер шеберлерінің фестивалі өтті. Алматының белгілі артистері Ресейдің мемлекеттік академиялық Үлкен театрында, П. И. Чайковский атындағы Концерт залының сахнасында өнер көрсетті.Білім беру саласындағы ынтымақтастық дамыды. Л. Н. Гумилев атындағы астаналық Еуразия университетінің базасы негізінде құрылған ММУ филиалының төрт факультетіне алғашқы қазақстандық студенттер қабылданды, ММУ-де оқуды жалғастыру үшін қазақстандық студенттерді арнайы бағытта қабылдау дәстүрі жалғастырылды. Гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес 2002 жылғы мамыр-маусымда Ресейде Қазақстан мәдениетінің күндері, сондай-ақ бірқатары Санкт-Петербургте, ал іс-шаралардың елеулі бөлігі Ресейдің шектес облыстарында өтті. Мәскеуде бірінші рет Астана күндері ұйымдастырылып,Ресей астанасының  сахналарында Қазақстанның  артистері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Сонымен қатар Павлодар суретшісі А. Бибин еңбектерінің Мәскеудің Қазіргі заманғы өнер мұражайында өткен көрмесі  мәскеуліктердің ыстық ықыласын туғызды,орыс кино әуесқойлары еліміздің белгілі фильмдерін тамашалды.

Елбасы  Н.Ә. Назарбаев 2003 ж. 17-19 ақпанда Ресейге  сапарында,ол елде Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Кездесу екі елдің арасындағы екі жақты өзара іс-қимыл мәселелері , халықаралық проблемалардың кең ауқымы және саяси пікір алысудың ашық, сенімгерлік сипатын қуаттады. Ресейдегі Қазақстан жылы шеңберінде толып жатқан ғылыми- практикалық конфенциялар, дөңгелек үстелдер, оқулар, семинарлар, мен басқа да форумдар өткізілді.

2003 ж. 14 мамырда Мәскеуде «Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы ХХІ ғасырда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестік қатерлеріне қарсы тұру проблемалары» атты конференцияда М. Тәжиннің жасаған баяндамасында «Қауіпсіздікті әскери-саяси шаралар жүйесі ретінде пайымдау да кешегі көнерген көзқарас. Еуразияның орталық бөлігінің қауіпсіздігі ескі идеологиялық пайымдарға немесе әскери бақылауға емес, экономикалық нақты өлшемдерге негізделуге тиіс екенін қарапайым түсінуідің өзі біздің болашақтың құрылуы торынан құтылуымызаға мүмкіндік береді. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия одағының үлгісін ұсынғанда, міне, нақ осы пайымдау ескерілген еді. Толғағы көп тоқсаныншы жылдар артта қалып, бүгінгі күні сонда айтылған басты үлгілік идеялар қайта өзекті бола түсуде. Мұндағы үш сара идея уақыт сынынан мүдірмей өтті. Біріншісі, тараптардың айқын әрі бүкпесіз экономикалық мүдделері ғана  ынтымақ негізі бола алады. Қандай да бір идеология мен даулы дәлелдердің қажеті шамалы. Екіншісі, интеграцияның кез келген нысанының таза еріктілігі. Тамұққа апаратын жолдың да игі ниетпен төселгені белгілі. Бүгінгі күні күштеуге негізделген интеграциялық пиғылды ешкімнің қабылдамасы аян. Үшіншісі, кең ауқымда түсінілетін қауіпсіздік қана интеграциялануға деген ниеттің қауатты қайнары бола алды» [7].

Мәскеуде қазақ өнер шеберлерінің Үлкен театр сахнасында еліміздің атақты артистерінің өнері мен  халқымыздың музыкалық мұрасымен көрермендер танысты.Оқу-білім саласындағы байланыстар дамыды. Қазақ тілін меңгерген мамандарды кәсіптік даярлау саласын да дамытылды. 2003 жылы Мәскеу Мемлекеттік Лингвистикалық университетінде Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы ашылып, онда  екі елдің жоғарғы оқу орындары арасындағы байланыстары дамыту жоспарланды. Новосибирскіде 2003 жылы шілдеде екі ел жастарының фестивалінде жастар саясатын жетілдіру жолдарын, өкімет органдарымен өзара іс-қимыл проблемаларын талқыланды. Қазақстан жылы аясында Ресейде мәдени-гумантарлық саладағы екі жақты ынтымақтастық нығайтылып,еліміздің 25-тен астам концері, 10 көрмесі, 20 гастролы өткізіліді. Ал келесі 2004 жылды  еліміздегі Ресей Жылы деп жариялау оның жалғасы болды. Астанада 2004 жылғы қыркүйекте өткізілген Ресей ұлттық көрмесі екі мемлекеттің әртүрлі байланыстарының дамуына үлкен серпін берді. 2004 жылы наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Елшілігінде Ресейдегі қазақ өңірлік қоғамдық ұйымдарының басшыларымен  ұйымдастырылған кездесуде отандастармен мәдени гуманитарлық байланыстарды дамыту, экономика саласындағы ынтымақтастық және т.б.  мәселелер талқыланды. Омбы қаласында  қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановқа ескерткіш қойылды.  ЕлбасымызН.Ә. Назарбаев 1994 жылы 29 наурызда Мәскеуге арнайы сапары кезiнде М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің  профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесуi өтті. Осы интелектуальды аудиторияның алдында кеңестен кейiнгi аймақтағы мемлекеттердiң даму перспективасы туралы лекция оқығанда, ТМД-ға мүше елдердiң мүлдем жаңа бiрлестiгiн құру идеясын және оны Еуразия одағы (ЕАО) деп атауды ұсынған болатын [8, 256- б. ]. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы идеясының жария етілгенінің он жылдығына орай және «Еуразиялық мыңжылдықтың бастауында: үрдістер мен келешек» деген конференция М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де өтті.

  Ресейдегі қазақстан жылы мен Қазақстандағы ресей жылы аясындағы 2003-2004 жылдарындағы іс-шаралар, екі мемлекет ынтымақтастығының он жылдығына қорытынды жасап, алдағы уақытта жаңа қатынастарды  жасауға жол ашты.Мемлекеттік хатшы О. Әбдікәрімов бастаған қазақстандық делегация мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында 2005 жылы қазан айында Астраханда Құрманғазы Сағырбаев атындағы Мемлекетаралық мәдени орталықтың салтанатты ашылуы рәсіміне қатысты.

«Ресей мен Қазақстанның ғылыми топтары арасында мәдениет және білім саласында тығыз байланыстар қалыптасқан. Соңғы уақытта елдеріміздің арасында гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда жақсы тәжірибие жинақталды»- деп сеніммен айтуға болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, отандастардың қоғамдық бірлестіктерімен, Қазақстандық Ресей (кеңес) жоғары оқу орындарының түлектері қауымдастығымен, Қазақстандық орыс мектептерінің мұғалімдері қауымдастығымен, орыс тілін зерттейтін ғалымдармен және журналистер қоғамдастығымен сындарлы қарым-қатынастар орнатылған [9, 121-б.].

Қазақстан Республикасы мен  Ресей Федерациясы қатынастарының екі жақты өзара іс-қимылдың негіздерін айқындаудың ең алғашқы қадамдарынан бастап ең жоғарғы дәрежедегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа – стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа дейінгі тарихын қарағанда тәуелсіздік алған сәттен бастап жиырма жыл кезеңінде, біздің елдеріміз тұтас дәуірге тең ауыр да, қиын жолдан өткенін  айтуға болады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мәңгiлiк достастықпен бiрiккен. Олар ХХI ғасырда да ұлттық қауiпсiздiк, саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келiсiмнiң және екi мемлекеттiң  де гүлденуiнiң кепiлi болып табылатын осы достықты сақтауға және нығайтуға мiндеттене дi. Мiне, осындай құжаттар достас екi елдiң саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми байланыстарын нығайтудың қайнар көзiне айналды. Екі мемлекет басшыларының  берік саясаты арқасында осы жылдардың бәрінде Қазақстан-Ресей қатынастары бауырлас мемлекеттер халықтарының мүдделері үшін дәйекті, нысаналы түрде, туындаған мәселелердің бәрін нақты шешу арқылы дамыды. Екі ел қатынастарының  болашақтағы дамуына талдау жасағанда Қазақстан мен Ресей алдағы уақытта да байланыстарды дәйекті де серпінді түрде дамытатын болады, көп жоспарлы ынтымақтастықты кеңейтеді және біздің халықтарымыздың игілігі мен гүлденуі үшін жаңа жүз жылдықта мәңгі достық пен одақтастық принциптерінің бұлжымайтындығын қуаттайды деп сеніммен айтуға болады.

Козгамбаева Г.

Казахстанско-Российское сотрудничество в сфере культуры

Ключевые слова: культура,наука,политика, народ, история

Резюме:В статье рассматривается взаимодействие  двух стран в сфере культуры, которым является одним из наиболее важных и качественных показателей уровня отношений. В этом контексте  наибольший интерес в казахстанско-российских отношениях, наряду с сотрудничеством  в политической, экономической, военной сферах, представляет именно культурно-гуманитарное взаимодействие.Культурное сотрудничество является наглядным примером не только духовной близости двух стран и их народов. Оно стало прообразом высокого уровня взаимопонимания и сотрудничества, которое с учетом  сложившейся политической и экономической базы двусторонних отношений, за истекшие десятилетия последовательно обеспечивали наши государства.

Kazakhstan-Russian collaboration in the field of culture

Keywords: culture, science, politics, people, историякст for translation

Resume:In the articleof two countries in the field of culture, is that one of the most essential and quality indexes of level of relations, is examined in the article. In this context most interest is in the Kazakhstan-Russian relations, along with a collaboration in political, economic, military spheres, in a civilized manner-humanitarian co-operation presents exactly.A cultural collaboration is an evident example not only to the spiritual closeness of two countries and their people. It became the prototype of high level of the mutual understanding and collaboration that taking into account the folded political and economic base of bilateral relations, for past decades consistently provided our

Әдебиеттер тізімі:

1.Независимый Казахстан глазами зарубежных экспертов: Книга альбом на казахском, русском и англисском языках / С.Ф.Мажитов. – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»  2011. - 440с. 

2.Толмачев Г. Елбасы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы деректі повест /ауд. С. Мұратбеков - Алматы: Дәуір, 2000.- 248 б.

3.Мансуров Т.А. Қазақстан-Ресей қатынастары өзгерістер дәуірінде.1991-2001. - Алматы, 2006. - 448 б.

4.Назарбаев Н.Ә. Барлықтарыңызды көзді ашып қарауға шақырамын // Егемен Қазақстан.-2000,6сәуір.

5.Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы 2002.552 бет. -81-б.

6.Мансұров Т. Қазақстан-Ресей стратегиялық əріптестік //Ақиқат.-2001. № 7. 3-11- б.

7.Тажин М. Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы ХХІ ғасырда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестік қатерлеріне қарсы тұру проблемалары атта конференциядағы баяндамасынан үзінді // Егемен Қазақстан. - 2003. - 17 мамыр.

8.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: «Атамұра», 2003. - 256 б.

9.Бочарников М. Ресей мен Қазақстан :жаңа жаһандық әлемдегі стратегиялық әріптестер.//Дипломатия Жаршысы.  - 2009. - № 3(21). -121-б.

References:

References:

1.Nezavysumy Qazakhstan glasamy zarubejnuh ékspertov: Knyga album nakazakh in, russian et anglïsskom yazıkax / S.F.Majïtov. Almaty, "Encyclopedia Qazakh" -440s 2011. -52s/

2.Tolmachev G. Elbasi Qazaqstan Respublukasinin tynghs Prezudentі N.A. Nazarbayev tyrali derekti povest /аud. S. Myratbekov.-Аlmatu:Dayur,2000.- 248 b.

3.Mansurov T. Qazakhstan-Russia katunastaru ozgtricter dawirinde.1991-2001. Almaty,. -2006. - 448b.
4.N.A. Nazarbayev Barluktarunzdu kozdu aship karaugacfruramin. //Еgemen Qazaqstan.-2000,6сәуір.

5.Тоkaev K. QazakhstanRespublukasunun duplomatus. - Almaty, 2002. - 552 бет.

6.Mansurov T. Qazakhstan-Russia strategualuk aruptestuk // Аkekat. - 2001. - № 7. - 3-11- b.

7.Tajïn M.Resseu – Qazahstān untumaktastgu  gasrda.Kayipsizdiktu kamtamasyz ety jane lankestik katerlerine karsi tyru problemalaru attu conferensiodagu baiandamasnan yzindu // Egemen Kazakhstan. – 2003.-17 May.

8. Nazarbayev N.A. Gasurlar togucunda. - Almaty: «Atamyra», 2003. - 256 b.

9.Bocharnikov M.Russia men Kazakhstan: jana jahanduk alemdegu strategualuk ariptester // Duplomatua Jarchucu.  - 2009. - №3(21). -121-б.



No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 6332

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ӘОЖ 008323.17(574+5) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІМЕН ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ АКАДЕМИКТІҢ АМАНАТЫ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 94(470)+94(574) Ш. Маржани және қазақ тарихы ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары УДК 39 (=512.122)(560) ҒТАМР 03.41.01 ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (экспедицияда жиналған материалдар негізінде) 94(574):314 Риддер қаласының тарихы және әлеуметтік даму жағдайы ҒТАМР 13.11.25 Қытайдың мәдени құндылықтарының экономикаға әсері ӘОЖ 930.001.83 ШИГАБУТДИН МАРЖАНИ: КӨРНЕКТІ ҚАЙРАТКЕР ӘРІ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ ӘОЖ 94(100)"12/13": 327 АЛТЫН ОРДАНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ХАНАФИЗМНІҢ РӨЛІ ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.) 327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ С. АСФЕНДИАРОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІ 391.745/749 ТАҢБА – ШЕЖІРЕЛЕР МҰРАСЫ 94(574);930.25 КЕҢЕС НҰРПЕЙІСҰЛЫ НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша) 930.001.83 ДАЛА ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШИГАБУТДИН МАРЖАНИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ӘОЖ 94(574) ІЛИЯС ОМАРОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРА ӘОЖ 1(5)(091) "04/14":130.2 АХМЕД ЙҮГНЕКИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАМР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАМР 13.09 ТҮРКІ ФОЛЬКОРЫНЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ ҒТАМР 03.20.00 МӘЛІМ ДЕ БЕЙМӘЛІМ МҰХАММЕД-САЛЫҚ БАБАЖАНОВ ҒТАМР 03.61.91 ЭТНОГРАФ А.Л. МЕЛКОВТЫҢ 1920-жж. ҚАЗАҚСТАНДЫ (ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІН) ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕ ҒТАМР 03.20.00 МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕҢБЕГІ «ТАРИХ-И РАШИДИГЕ» ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАМР 16.01.45 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХЫ

Author's articles

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ