Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф

Мажиқызы Н. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. nurlihan80@mail.ru Сандықбаева Ө.Д. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. sandykbaeva67@gmail.ru Арыстанбекова Қ.Д

ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 4(12), 2017

Tags: ру-тайпа., қазақ шежіресі, әдет-ғұрып, мәдениет, ислам діні, мал шаруашылығы, қазақтың таңбалары мен ұрандары, Этнография, Қытай қазақтары
Author:
Мақалада Қытай қазақтарынан шыққан белгілі тарихшы, этнограф ғалым Нығмет Мыңжанидың этнографиялық зерттеулері қарастырылған. Нығмет Мыңжанидың этнографиялық зерттеулерінің ерекшелігі өзі өмір сүрген Қытайдағы қазақ диаспорасының тарихы, ғұрып-әдеті, тұрмыс тіршілігі және дәстүрлі шаруашылығы, рухани мәдениеті жайлы мол мәліметтер қамтылған. Қазақстандағы этнология ғылымының негізгі зерттеу бағыттарының бірі шетелдегі қазақ диаспорасы екендігін ескерсек, ғалымның Қытайда жарық көрген көлемді этнографиялық зерттеу мақалаларында, яғни «Еліміз қазақтары» «Қазақтың таңба, ұрандары туралы зерттеу», «Қазақ шежіресі жайында», «Ислам дінінің қазақ халқына таралуы» т.б. көлемді ғылыми зерттеу мақалаларында қарастырылған мәселелер өз құнын жойған жоқ. Бұл зерттеу мақалаларында өз көзімен көрген, халықтың арасынан жинақтаған мәліметтерді жазба деректермен салыстыра отырып ғылыми тұжырымдар жасаған.
Text:

Қазақ этнографиясы жайлы қалам тербеген зерттеушілер аз емес, солардың ішіндегі Қытай қазақтарынан ең алғашқы болып қалам тербеген зерттеушілердің бірі Н.Мыңжани болды. Өзінің ғылыми зерттеулерінің ішінде Қазақ этнографиясы, соның ішінде Қытай қазақтарының этнографиясына баса назар аударған.

Қазіргі таңда Қазақстанның этнология ғылымының негізгі даму бағыттарының бірі диаспорология яғни диаспораның этномәдениеті болып табылады. Тоталитарлық жүйе кезеңінде аталмыш сала идеологиялық құрсаудың әсерінен артта қалды. Сонымен қатар, Қытайдағы қазақтардың болашағы Қытай мемлекетінің жүргізген саясатына байланысты кез-келген қазақ азаматын ойландырмай қоймайды. Себебі, онда қытайландыру саясаты қызу қарқынмен жүріп жатқаны бәрімізге белгілі. Ондағы құнды этномәдени мұраларымызды жинақтап, қазақ халқының этнология ғылымының игілігіне жарату өте маңызды мәселе.

Нығымет ағамыздың көзінің тірі кезінде Дүкен Мәсімханұлымен өткізген сұхбатында: «Жұрттың мені тарихшы деп жүргені тарих саласындағы азды-көпті еңбектерімізге орай болуы мүмкін. Жалпы алғанда, мен бірнеше саладан зерттеп келе жатырмын. Яғни еңбектерім қазақ тарихы, қазақ әдебиеті және қазақ тілі, қазақ этнографиясы қатарлы салаларды қамтып жатыр екен. Осы салалардың бәрін жинақтап айтқанда «қазақтану» яғни «қазақ туралы білім» дейтін жинақтық ұғым шығады», - деп өзінің зерттеген ғылым салаларын ашып айтқан болатын [1]. 

 Н.Мыңжанидың этнографиялық зерттеулеріне келер болсақ: «Шынжаң қазақтарының тұрмыстық әдет-ғұрыптары жайында» (қытай тілінде, Бейжиң, 1983 ж.), «Шынжаңдағы қазақ халқы» (1981 ж.), «Қазақ ру-тайпаларының таңбалары мен ұрандары жайында» (қытай тілінде. Бижиң, 1983 ж.), «Еліміз қазақтары» («Шалғын» журналы 1984 ж 4-ші сан, 1985 ж. 5-ші сан), «Шынжаң қазақтарының экономикалық-әлеуметтік жағдайы», «Қазақ шежіресі жайында», «Ислам дінінің қазақ халқына таралуы» қатарлы көлемді ғылыми зерттеу мақалаларын атап айтуға болады.

«Еліміз қазақтары» деп аталатын көлемді мақаласында Қытайдағы қазақтардың тарихы, шаруашылық жағдайы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері қысқаша баяндалған. Мәселен, шаурашылығына байланысты былай дейді: «Қазақ халқы мал шаруашылығымен де, егіншілік кәсібімен де шұғылданады. Қазақ мекендеген райондарда егілетін басты ауыл шаруашылық дақылдары: бидай, арпа, тары, жүгері, күріш, картоп; шаруашылық дықылдары: зығыр, темекі, қызылша, әр алуан жемістер. Бұл жөнінде Іле ойпаты «Солтүстік Шынжаңның астық қамбасы», «жеміс бақшасы» делінеді.

Мал шаруашылығы – қазақ халқының ата кәсібі. Қазақтардың төрт түлігі – қой, жылқы, сиыр және түйе. Осы төрт түліктің ұйтқысы қой. Сондықтан «қойлы бай – қорлы бай» дейді қазақ. Шынжаң «биязы жүнді қой» деген атпен елімізге әйгілі болған. Асыл тұқымды қой, ең алғашында қазақ автономиялы облысының Іле аймағында өсірілген» [2, 76-б.], - дей келіп Шынжаңның шаруашылығына жан-жақтылы тоқталады. Одан ары ойын жалғастырып қазақ халқының тұрмыс-салтына тоқталады. Онда үй-жайы, киім-кешегі, ішіп-жемі жайлы қысқаша тоқталады. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары деген бөлімінде: «қазақ халқында қарттарды құрметтеп, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау және әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез-құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрыптар бар, бұл қазақ өмірінде жазбаға түспеген заң сияқты терең тамыр тартқан» [2, 81-б.], - деп көрсетеді. Одан ары мереке-мейрамдары мен діни нанымдар, салт-саналарға тоқталады.

Бұл мақаласының жалғасын келесі санда жариялайды. Онда қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері, қазақ календары мен жыл аттарын баяндайды. Бұдан ары қазақ халық арасындағы емшілікке, қазақ халқының көркемөнеріне тоқталып, қазақтың ақындар айтысы туралы: «Қазақтың ақындар айтысы – қазақ халқының өлең өнері мен ақындық шабыт-шалымының салтанатты парасаты. Суырып салма ақындар мен төкпе жыраулардың көп алдындағы нақ майданда өнер көрсететін сахнасы. Ақындар айтысының мазмұны сан салалы, онда: салт жыры, жұмбақ өлең, ата өлең, балық өлең, тау өлең, қара өлең, қайм өлең сияқты өлеңдердің бірі айтылады» [2, 105-б.], - дей келіп, ақындар айтысының ерекшелігіне тоқталады.

Қазақтың ұлттық ойын-сауықтары бөлімінде қазақтың ойын-сауықтарын өзінше екіге жіктеп көрсетеді. Біріншісіне әдебиет-көркемөнерлік, театырлық сипаттағы ойын сауықтар. Оларға күй шерту, ән айту, би билеу, ақындар айтысы, қиса-дастандарды жырлау т.б. жатқызады. Екінші топтағы түріне спорттық сипаты бар ойын сауықтар. Оларға көбінесе жасыл жайлауда ат үстінде болатын ойындар: ат бәйгесі, қызқуар, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ қатарлы ойындарды жатқызады.

«Қазақтың таңба, ұрандары туралы зерттеу» атты көлемді зерттеу мақаласында Нығмет Мыңжани: «Таңба мен ұран – көшпенді ұлттардың маңызды мәдениеттік белгілерінің бірі, ол көшпенді ұлттардың өндірістік және саяси, әскери қажетіне сәйкесу мақсатымен пайда болған» [3] деген пікірін айтады.

Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Омарбеков: «тарихымыздың аса осал тұстары этникалық және ұлттық мәселелер. Рулық-тайпалық құрылымдар тарихына онша мән бермеу, мұндай зерттеулерді «рушылдық» сарқыншағы ретінде қарастыру тарихшылар арасында әлі кездеседі. Сондықтанда болар біз тарихымызда қазақты халық етіп құраған ірі тайпаларды атап айта тұрсақ та, оларды руларға, аталарға бөліп таратуға, осы рулар мен ру тармақтарының тағдырымыздағы орындарын айқындауға келгенде шорқақпыз. Осылай кете берсек қырық рудан құралған қазақтың толыққанды тарихы ешқашан жазылмайтынын түсінсек дұрыс болар еді» [4] – дейді.

Қазақ халқы «жеті атасын білмеген жетесіз» деп босқа айтпаған. Оның астарында ата-бабаға деген шынайы құрмет, бауырмалдық, туыстық және қандастыққа негізделген абзал сезімдер бар. Ұрпағын мұндай зерделікке тәрбиелеудің көптеген артықшылықтары баршылық.

Ұлтымызға тән тағы бір ерекшелік – ағайынды, туысты, құда-жегжатты, дос-жаранды, жиен-нағашыны әрқайсысын өз орнымен қастерлейтін қасиеттердің басымдығы дер едік. Бүгінгі жаһандану заманында ғасырлар бойы қанымызға сіңіп, берік дәстүрімізге айналған осынау асылдарымыздан ажырап қалмаудың жолын тынбай іздестірулеріміз керек. Қазақтың ру-тайпалық тарихын терең білген азамат бөтен жұрттың алдында өзінің ұлтының жоғарыдағыдай өзіндік, қайталанбас қасиеттерін мақтаныш етуге және оларды көзінің қарашығындай қорғап қалуға белсенді жұмыс жасайтын болады [5].

Төрт бөлімнен тұратын зерттеуінің алғашқы бөлімінде Нығмет Мыңжани қазақтың 68 ру-тайпасының таңбасы мен ұрандарының кестесінжасап, оларды жүзге айырып көрсетеді. Сонымен қатар бұл таңбалардың кейбірінің тасқа ойылған әртүрлі суреттермен және қабірлердегі қойылған құлаптастардан да кездесетіндігін айтады.

Екінші бөлімінде таңбаның шығу тегі мен қолданылуына тоқталады. Онда таңбалардың айға, күнге ұқсайтындығын айта келіп, бұл ерте замандағы көне түрік тайпаларының діни нанымдарымен байланысты болса керек деген тұжырымын айта келіп, таңба арқылы рулардың қандастығын анықтауға болатындығын, кейбір рулардың аты осы таңбаға байланысты екендігін, таңбалардың өзіндік мән-мағынасының да барлығын, таңбалардың тарихта өзгеріп отырғандығына жан-жақтылы талдау жасайды.

«Ұранның шығуы мен қолданылуы» атты үшінші бөлімінде: «ұран негізінен жауға қасы соғыста істетіледі. Атой салып, қамал бұзатын кездерде, тәртіп көбінесе осы ұран арқылы бірлікке келтіріп, қайратқа осы ұран арқылы беріледі. Әр рудың ұраны сол рудың арғы ата-бабасының немесе сол рудан шыққан бір батырдың атынан алынады, әр рудың өз алдына ұраны болудан сырт, тұтас қазақтың да «Алаш» дейтін ортақ ұраны бар», - деп пайымдайды.

Зерттеушілер қазақ ру-тайпаларының ұрандары жөнінде мынадай тұжырымдар жасайды: Біріншіден, тарихи тұлға есімі ұранға айналуы үшін оның әулиелік, батырлық, көсемдік, шешендік қасиеттері жарқырап көрінуі керек. Екіншіден, кейбір ұрандар 2-3 ғасырға төтеп беріп, онан соң жағарып, өзгеріп отырса, қайсыбір ұрандар – Қарабура, Ақжол тәрізді уақыт сынына ұзақ шыдаған. Үшіншіден, ру-тайпалардың тарихын зерттеуде дерек ретінде көмекші қызмет көрсете алады.

Төртінші бөлімі таңба мен ұранның маңыздылығына арналған. Ғалымның таңба мен ұранның ең маңызды рөлі ретінде ұлттың тарихын зерттеудегі маңызды дерек көзі ретінде қарастыруын атап өтуге болады. Оның тағы да бір ерекше рөлінің қазақ халхының айналысқан шаруашылығындағы маңыздылығына тоқталады. Ал ұран болса ру-тайпадан құралған халықтардағы жауынгерлік ұйымдарды басқаруда маңызды болғанын айта келіп, сөзінің соңында қазақтың таңба, ұрандарының қазір аз істетілгендігімен әлі күнге дейін жалғасып отырғандығын, оны жинау, зерттеу қазақ ұлтының тариын зерттеуде маңызды екендігін атап көрсетеді. Ғалым қазақтың ру-тайпаларының таңбалары мен ұрандары жайлы жеке кесте жасап, үш жүздегі барлық руларды толық қамтуға тырысқан.

«Қазақ шежіресі жайында» тақырыбындағы зерттеуінде: «Қазақ халқының ежелгі замандағы озық ойлы, білікті адамдары ата-бабалар шежіресін жасап қалдырған. Бұл шежірелер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып қазақ қауымымен бірге дамып келген. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу – әрбір қазақ азаматының борышы болған. Өзінің балаларына мұны білдіру – ата-ана тәрбиесінің әліппесі еді. Тек, ата-анасынан жастай айырылған жетімдер ғана мұндай білімнен махрум қалған. Қазақтың «жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары» дейтін сөзі осыдан шыққан, жеті атадан тараған ұрпақ өзара қыз алыспайтын дәстүрді тұтынған қазақ қауымы үшін жеті атаны жатқа білу, семья құрудың да негіздерінің бірі еді» [6], - дей келіп, шежіре тек аталарды таратумен ғана емес, сол аталар заманында болған ірі-ірі тарихи оқиғаларды, халықтың өткендегі тұрмыс-тіршіліктерін, сол заманда өткен шешендерді, жырауларды, батырларды, олардың тапқыр сөздері мен батырлық іс-әрікеттерін жинақтан, өңдеп, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырғандығы жайлы тұжырым жасайды.

  Қорыта келгенде, Нығмет Мыңжанидың этнография мәселелеріне арналған құнды ғылыми зерттеулерінің қай-қайсысы болсада жазба деректермен, шежірелік және ауызша деректермен салыстыра отырып жан-жақтылы салыстыру, талдау жасау, ғылыми тұжырымдар жасау арқылы жазылған. Бірақ этнографиялық ғылыми зерттеу мақалаларының қазақ жерінде танылмауы, насихатталмауы, әліде еңбектерінің басым бөлігінің Қытайда қалуы оның мұраларын тереңірек зерттеуге ұмтылдырады. Алдағы мақсатымыз осы мұралардың ғылыми құндылығын зерттеп, қазақ этнология ғылымының дамуына үлес қосатын әрі оның деректік қорын молайта түсеу болып табылады.

Әдебиеттер

1.Дүкен Мәсімханұлы. Әйгілі ғалым Нығмет Мыңжанұлымен сұхбат // Шынжаң қоғамдық ғылымы 1992, №2. – 9 б.

2.Нығмет Мыңжани. Еліміздегі қазақ халқы // Шалғын. Үрімжі, 1984,- №4. -71-93 бб.;

3.Н.Мыңжани. Қазақтың таңба, ұрандары туралы зерттеу // Шинжияң университеті ғылыми журналы, 1982. - №3. – 43-55 бб.

4.Омарбеков Т.О. Қазақ тарихы:ол қалай жазылуы керек? // Алаш №2(2), 2005. - 3 б.

5. Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Керейт IV том. – Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, 2006. – 408 б.

6. Мыңжани Н.  Қазақтың мәдени мұраларын зерттеу туралы. -Үрімжі, Шынжаң халық баспасы, 2011.-421 б.

References

1.Duken Macimkhanuly. Aigili galim Higmet Minzhanymen suhbat // Shinjiang khogamdik gilimi 1992 jil, /2. -9 b.

2. Higmet Minzhany. Elimizdegi kkhazakh halkhi // Shalgin.Urimji, 1984, №4. -71-93 bb.

3. Higmet Minzhany. Khazakhting tangba, urandari turali zertteu // Shinjiang unyversyteti gilimi zhurnali. – 1982. – №3. – 43-55-bb.

4.Omarbekov T.O. Khazakh tarykhi: ol halai zhazilui kerek? // Alash №2(2), 2005. -3 б.

5.Kahzakh ru-taypalarining taryhi. Kerey IV tom. – Almati:«Alash» taryhy-zertteu ortaligi, 2006. – 408 b.

6. Minzhany H. Khazakhting madeni muralarin zertteu turali. –Urimji, Shinjiang halih baspasi, 2011. – 421 b. 

N. Mazhikyzy

U.D. Sandykbaeva

K.D. Arystanbekova

Nygmet Mynzhaniwas an ethnographer

Ethnographic research of Nygmet Mynzhani

  This article focuses on ethnographic research of famous Kazakh historian of China Nygmet Mynzhani. The features of Nygmet Mynzhani's research are that his works examine the history, customs and traditions, household characteristics and spiritual culture of the Kazakh Diaspora in China. Ethnographic issues discussed in the publications issued by researchers in China didn't lose its scientific value, considered that one of the areas of ethnology in Kazakhstan is the Kazakh Diaspora in China. In research articles of  Nygmet Mynzhani makes a comparative analysis between scientific writing and oral materials collected among the people.

  Key words: Ethnography, Chinese Kazakhs, tanba and urany of Kazakhs, cattle breeding, religion islam, tradition, culture, ru-taipei.

Мажиқызы Н.

Сандыкбаева У.Д.

Арыстанбекова К.Д.

Нигмет Мынгжани – этнограф

В этой статье рассматриваются этнографические исследования тзвестного казахского историка в Литае Ныгмет Мынжани.  Особенности исследований Ныгмета Мынжани являются то что, в его работах рассмотрены история, обычай, традиции,  бытовые особенности и духовная культура казахской диаспоры в Китае. Рассмотренные этнографические проблемы в публткациях исследователя, изданные в Китае не утратили свое научное значение, учитывая, что одним из направлений этнологической науки в Казахстане является казахская диаспора в Китае. В исследовательских статьях Ныгмет Мынжани делает сравнительный научный аналзи между письменными материалами и устными материалами собранные среди народа.

Ключевые слова: Этнография. Китайские казахи. Танба и ураны казахов. Скотоводство. Религия ислам. Традиции. Культура. Ру-Тайпа.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 4973

No reviews

Download files

Мақала 2017.docx 0.03 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер Основные виды благословения в культуре общения у казахов ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары 94(574).02/.08 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘДИДТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 94(470)+94(574) Ш. Маржани және қазақ тарихы ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф УДК 39 (=512.122)(560) ҒТАМР 03.41.01 ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (экспедицияда жиналған материалдар негізінде) ТРАДИЦИОННАЯ МОЛОЧНАЯ ПИЩА КАЗАХСКОГО НАРОДА ҒТАМР 13.11.25 Қытайдың мәдени құндылықтарының экономикаға әсері ӘОЖ 94(100)"12/13": 327 АЛТЫН ОРДАНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ХАНАФИЗМНІҢ РӨЛІ ӘОЖ 94(574) ІЛИЯС ОМАРОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРА ҒТАМР 03.61.91 ЭТНОГРАФ А.Л. МЕЛКОВТЫҢ 1920-жж. ҚАЗАҚСТАНДЫ (ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІН) ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕ ҒТАМР 03.20.00 МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕҢБЕГІ «ТАРИХ-И РАШИДИГЕ» ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ

Author's articles

ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф