Яндекс.Метрика
Home » Materials » 94(574).02/.08 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘДИДТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

Қ.М. Мурзаходжаев, гуманитарлық ғылымдар магистрі Алматы қ.

94(574).02/.08 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘДИДТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(10), 2017

Tags: оқу-ағарту жүйесі, орыстандыру саясаты., ислам діні, мектеп-медресе, тарихнама, жәдидтік қозғалыс
Author:
Аңдатпа: Мақалада ХІХ ғ. аяғында пайда болып, ХХ ғ. 30 жылдарына дейін өмір сүрген жәдидтік қозғалыс туралы жарыққа шыққан еңбектердің тарихнамасы жүйеленген. Оларды автор үш топқа бөліп қарастырған: Революцияға дейінгі кезең, Революциядан кейінгі Кеңестік кезең және тәуелсіздік кезең. Отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасалған. Проблемалық мәселелерді қарастырған жарияланымдар ғана келтірілген. Мақалада тек тарихнамалық шолу жасалған.
Text:

Білім-ғылым қай заманда болмасын қоғамның ілгері жүруіне немесе кейін қалуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Бұл тарихи шындық, аксиома. Ал қазақ халқы Ресей империясының боданы болғанынан бастап өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан, елдігінің тұғыры болған тілінен, дінінен, ділінен, салт-дәстүр мен мәдениетінен айрыла бастады. Империялық амбиция импульстері қазақ халқына ауыр тиді, содан кейін билікті қолған алған Кеңестік басшылық та осы жолды ары қарай жалғастыра түсті. Ресейге бағынышты болған барлық түркі халықтары үшін бұл ортақ тарихи сипат болды. Сондықтан да барлық түркі халықтары біріксе ғана егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздігін алуы мүмкін еді. Осы орайда татар ғалымы И.Гаспринский тарихи сахнаға шықты. Түркітанушы Л.Н. Гумилевтің пассионарлық теориясы шеңберінде айтар болсақ, Гаспринский әлемдік энергияны өз бойына жинақтаған пассионар тұлға болды. Ол өзінің өмірлік күш-жігерімен қасындағы единомышлениктерді рухтандырды, өзінің бойындағы энергиямен қуаттандырды. Нәтижесінде әр жерде бас көтерулер орын алып, ислам дініне негізделген жаңаланған білім-ғылымды ту еткен зиялылар пайда бола бастады. Мысалы, ХХ ғасырдың 10-шы жылдары Қазақстанда – алаш, Әзірбайжанда – мусават, Қырымда – милли-фирк, Татарстанда – иттифак әл-муслимин, Өзбекстанда «жадидизм» атауымен ағартушылық, демократиялық, саяси бағыттар шықты.

Жалпы бұл тақырыптың тарихнамасы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінен қалыптаса бастаған және бүгінгі таңда біраз зерттеулерде кездеседі. Бұл зерттеулерде жәдидшілдік және оның Қазақ даласына ықпалы мұсылмандық білім беру жүйесі мен қазақ халықының әлеуметтік, мәдени және саяси салаларындағы қозғалысы ретінде тікелей, кейде жанама түрде қарастырылған. Жарыққа шыққан еңбектерді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1. Революцияға дейін;

2. Кеңестік кезең;

3. Тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан еңбектер

Патша өкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясаты аясында мұсылман халықтарына зайырлы білімді беру жөнінде біршама зерттеу жүргізгендер қатарына өлкетанушы А.В. Васильев (1861-1943) пен шығыстанушы А.Е. Алекторовты (1861-1918) жатқызуға болады.

А.В. Васильев өзінің Торғай облысындағы орысша білім беру жағдайы туралы еңбегінде Қазан, Санкт-Петербор университеттерінде оқитын қазақ балалары, оларға тағайындалған шәкіртақы, мектептегі орыс және қазақ тілінің оқытылуы жайын кезең-кезеңге бөліп қарастырады. Ол қазақ жастарына білім беру ісін айта келіп, қазақтар мен орыстардың арасын біраз уақыттан бері жалғастырушы болып келген діни сауатты татар және башқұрттардың қазақ балаларының діни біліммен саналарын улап жатқандығы жөнінде: «Қазақ даласында халықтық мектептерге сауатты мұғалімдерді даярлау қажет. Өйткені қазақ жастары шала сауатты мұғалімдер мен болыс тілмаштары, қала берді башқұрт және татарлардан шыққан фанат молдалардан білім алып, кейін оларда Ресей жөнінде қате түсінік қалыптасады», – деп жазады [1, 78 б.]. А.В. Васильев еңбегінің соңында Қазақ даласындағы мектеп, медреселер, оқушылар мен оқытушыларды мектептерге бөліп орналастыру, сабақ барысы, оқытушылар туралы мәліметтерді диаграмма мен кестелер түрінде көрсеткен.

ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақ даласындағы ағартушылықтың, соның ішінде Ақмола, Семей, Торғай облыстарындағы және Бөкей Ордасындағы қазақтардың білім алуы бойынша мәліметті А.Е. Алекторов қалдырған [2, 123 б.]. Ол қазақ тілін, қазақ халқының тұрмысын, тарихын, әдет-ғұрпын жақсы білген, қазақ жерінде халық ағарту ісін қалыптастырушылардың бірі болған. А.Е. Алекторов Бөкей Ордасында училище инспекторы қызметінде жүргенде біршама мәліметтер жинап, Батыс аймақтардағы білім беру бойынша нақты материалдарды еңбектерінде жазған қалдырған.

Патшалық Ресейдің түркі-мұсылман халықтарын, соның ішінде қазақтарды орыстандыру саясатының белді өкілдері, миссионер-ғалымдар Н.И. Ильминский (1822-1891) [3], Н.П. Остроумовтың (1846-1930) [4-5] революцияға дейінгі жылдарда Қазақ даласын діни және рухани отарлауға арналған бірнеше еңбектері жарық көрген. Бұл еңбектерде Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісінің жүзеге асырылуы, халықтың орысша сауаттылық деңгейі туралы мәліметтер бар. Дегенмен, бұл еңбектер патша үкіметінің саяси мүддесі тұрғысында жазылғандықтан да, мұнда қазақ халқына рухани салада жасалған қиянаттары көрсетілмеген, ол тек уақыт өте келе, қазіргі таңда мұрағат деректері бойынша ғана тарихи шындық тұрғысында қайта қарастырылуға мүмкіндік алуда.

Осындай бағытта жазылған келесі еңбектің авторы С.М. Граменицкий (1859-1919). Ол Қазақ даласындағы халықты ағарту ісін Сырдария облысы бойынша «Очерк развития народного образования в Туркестанском крае» атты еңбегінде баяндап, онда орыс халқының «Ұлылығы» мен «өркениеттілік миссиясын» баса көрсетіп, орыс емес халықтардың білім алуы мен оның жүзеге асырылуы жағдайынан хабар береді [6, 75-б.].

Сонымен қатар, 1917 жылға дейінгі Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісі мен білім беру жүйесі туралы мәліметтерді орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерінен аламыз. Біз қарастырып отырған кезеңдегі саяхатшылар мен этнографтардың еңбектері деректік мәліметтердің болуымен құнды. Көбіне бұлар этнографиялық тұрғыда жазылған: саяхат күнделіктері, жол жазбалары, очерктік зерттеулер.

Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерімен қатар Қазақ даласындағы оқу-ағарту жүйесі жөніндегі мәліметтерді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов [7], Ыбырай Алтынсарин [8] және Абай Құнанбаевтардың (1845-1904) [9] еңбектерінен де кездестіре аламыз. Қазақ халқының мәдениеті мен ағартушылығын дамытуға көп үлес қосқан ағартушы-демократ Ш. Уәлиханов болатын, ол Қазақстан мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі монархиялық тәртіп пен ислам діні деп түсінді, бұқара халықтың аяусыз қаналып отырғанын көре білді, халықтың тілегімен санасып, мүддесін қорғады, сонымен қатар Қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалаған еді. Ол «Қырдағы мұсылмандық туралы» атты очеркінде ислам дінін қатал сынға алып, жалпы дін атаулының білім мен ғылымға, мәдениеттің дамуына кедергі келтіретінін айтып, тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.

Шоқан Уәлихановтың ағартушылық көзқарастарын одан әрі дамытқан педагог Ы.Алтынсарин болды. Жаппай қазақтардың білім алуының ауадай қажеттігін түсінген ол, Қазақ даласында зайырлы білім беру үшін күресті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақ даласындағы мұсылмандық мектептердің артта қалушылығын сынап, діни догмамен шектелген қарапайым білім берудің орнына жаңа үлгідегі ағартушылықтың негізін қалады. Дегенмен жаңа әдісті мектептерде барлық пәндерге қосымша діни білім де оқытылды, өйткені бұл кезеңде жәдидшілдіктің Қазақ даласына ықпалы болып, ол Ы.Алтынсаринге де өз әсерін тигізді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы, алғашқы қазақ әліпбиінің авторы және қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясын» [8, 112 б.] жазды. Сонымен қатар, революцияға дейін осы тақырып турасында зерттеулер жүргізіп еңбек қалдырған бірнеше авторлар бар. Бірақ, Орта Азия зерттеушілерінің еңбектері бізден гөрі біршама жарыққа көптеп шыққан болатын.

Ал Кеңестік кезеңде жәдидтік қозғалысқа арналған іргелі еңбектер аз, жоқтың қасы. Себебі, тоталитарлық жүйе ислам дінінің негізі бір Құдайға сену догмасына түбегейлі қарсы болды, оның орнына бір партиялық жүйе, көсемдік басшылық насихатталды. Алайда, ХХ ғ. бас кезінде жәдидтік қозғалысқа ерген қазақ зиялылары анық басып айтпаса да, ғылым мен діннің жаңа формада үйлесуін қолдап, қазақ жастарын озық ғылым-білім жетістіктерімен сусындауына үгіттеді.

ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары жәдидшілдік тарихын негізінен жәдидшілдердің өздері жазған. Солардың қатарында Орта Азиялық жәдидтік өкілдері Садриддин Айни (1878-1954) [10] мен Файзулла Ходжаевтардың (1896-1938) [11] еңбектерін атауға болады. Олар, өз еңбектерінде негізінен Бұқара әмірлігіндегі жәдидшілдікті қарастырып, оны бастапқыда мәдени-ағартушылық демократиялық қозғалыс десе, кейіннен таптық тұрғыда ұлттық буржуазиялық қозғалыс деп көрсеткен. Еңбектерінде Орта Азиялық жәдидтердің Түркістан өлкесі құрамындағы туыстас қазақ жәдидтерімен патшалық биліктің отаршылдық саясатына қарсы күресте бірігіп әрекет жасағаны баяндалады.

Қазақ ұлтынан ағартушылық туралы ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында зерттеу жүргізген еңбек авторлары белгілі ұлт зиялылары С.Асфендияров (1889-1938) [12] пен М.Тынышбаевтар (1879-1937) болды [13].

Олар білім беру саласындағы патша өкіметінің отарлық саясатын әшкерелеп жазды, нәтижесінде репрессияға ұшырап, еңбектері ғылыми айналымнан алынып тасталды.

Бұдан кейін тақырыпқа қатысты зерттеулер біраз уақытқа тоқтап қалды. Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда жәдидшілдік, көрінісі мен дамуы, оның ықпалы мен негіздері  жөніндегі еңбектер жоқтың қасы. Өйткені бұл кезеңде ғылыми зерттеулер коммунистік партия саяси конъюнктурасы мүддесіне сай қарастырылды. ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары аралығында тақырып көлемінде зерттеулердің жүргізілмеуі негізінен түсінікті де, өйткені алдымен 1930-шы жылдардағы кеңестік саяси науқан, одан кейін Ұлы Отан соғысы, әдебиеттің де, тарихтыңда назарында соғыс, соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңдегі бейбіт өмірді қалпына келтіру тақырыптары, ал 1950-ші жылдардағы Одақтас республикалардың тарихы мен әдебиетіне деген кеңестік биліктің қатаң көзқарасы бірде-бір зерттеушігеөз ұлтының тарихы мен әдебиеті, мәдениеті мен ұлт зиялылары туралы қалам тартуға мүмкіншілік бермеді. Тек, 1956 жылы ақпан айында өткен партияның ХХ съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жоюды, тарих, әдебиет пен өнер мәселелеріне көп көңіл бөлуді тапсырды. Осы кезең тарихқа «Жылымықжылдар» деген атпен еніп, ұлттықреспубликалардың құқығы біршама кеңейтілгеннен кейін тақырыптың қарастырыла бастауының жаңа кезеңі басталған.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін бұрын жабық күйде қалған көптеген ұлттық мәселелерімізді көтеріп, құлдық сананың орнына азаттық көзқараспен қайта қарап, талдауға мүмкіндік алдық. Соның нәтижесінде қалыс қалған Қазақстандағы жәдидтік қозғалысы тарихы да қолға алына бастады. Көптеген мақалалар шығып, диссертациялар қорғалды. Мысалы, тарихшы Н.Д. Нұртазина Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. бас кезеңіндегі рухани дамуын қарастырған кандидаттық диссертациясында, Ресейдің түркі-мұсылман қауымын түгелдей дерлік қамтыған жəдидшілдіктің əр аймақтағы ерекшелігіне тоқталған. Қазақстандағы жəдидтік қозғалыс буржуазиялық-реформаторлық сипатта көрініс тауып, негізгі мақсаты қоғамды жаңғырту мен патшалық отарлық езгіден құтқару болды және ұлт зиялылары отарлық езгіден құтылудың жалғыз жолы заң аясынан шықпай халықтың діни-рухани өміріне ықпал етіп, мұсылман бірлігі идеясы аясында қарсы тұру еді деп түсінеді [14, 5-17 бб.].

Ресей империясының ислам дініне қарсы саясаты, орыс мектептерін ашып орыстандыру мәселесі, қазақ балаларына арналған мектеп-медреселер туралы, қазақ-татар зиялыларының өзара байланыстары жөнінде қорғалған диссертациялар көптеп кездеседі [15,16,17,18].

Жәдидшілдік – ұлттық рухани серпілу негізі деп есептейтін белгілі филолог Дихан Қамзабекұлы: «Біздің ұғымымызша, жәдидшілдік – Ресей империясының мұсылман аймақтарына ортақ дәстүр мен жаңашылдықтың синтезді құбылысы. Оны қарапайым тілге аударсақ «жаңару», «елдікті сақтау үшін жаңа бағыт ұстау» дегенге саяр еді», – деп пайымдайды. Ғалымның пікірінше, жәдидшілдік - бірыңғай саяси сипатты қозғалыс емес, ол – ағарту ісі мен руханиятты тұтастай қамтыған идеялық негізі бар концепция, әрі ағым болған және қозғалыстың дамуы біртекті болмаған. ХХ ғасырдың 10-шы жылдары ол Қазақстанда – Алаш, Әзірбайжанда – мусават, Қырымда – милли-фирк, Татарстанда – иттифак әл-муслимин, Өзбекстанда «жадидизм» атауымен дамыған. Қазақ даласындағы жәдидшілдік екі асудан, біріншісі, 1890-1911 жылдар – үйрену, тәжірибе жинау шағы. Ал, екіншісі, 1911-1920 жылдар – жәдидшілдік кең өріс алып, Алаш қозғалысына ұласу шағы деп көрсетеді [19, 31-32 бб.].

Жәдидшілдер мен «Иттифак әл-муслимин» бағдарламалық құжаттарындағы ұлттық идея мәселесін қарастырған А.А. Кульшанова өзінің «Парадигмы советской национальной политики в Казахстане в период становления тоталитарного государства (1917-1936 гг.)» деген монографиясында жәдидшілдердің қызметіне тоқталған. Ғалымның пікірінше, жәдидтердің қызметі қоғамдық-саяси ойдың дамуына әсер етіп, ұлттық, либералдық идеологияның қалыптасуында маңызды орын алған. Сонымен қатар, ұлттық интеллигенцияның идеологиялық және әлеуметтік-тәжірибелік қызметінде саяси бағдардың күшеюінен жәдидтер мәдени-ағартушылықты жақтаушылар, қоғамдық-саяси институттарды реформалаушылар және отаршылдық бұғауына қарсылар деп жіктелгенін атап өтеді [20, 151-154-бб.].

А. Кульшанованың көрсетуінше, жәдидтердің идеялық-теориялық көзқарастарына батыстық либералдық теориялар мен әлемдік отаршылдыққа қарсы қозғалыстардың тәжірибесі негіз болған. Бірақ жәдидшілдер Еуропа мен Ресейдің көптеген ағартушылары сияқты дінге қарсы болған жоқ, қайта қоғамды ілгері жетелеу үшін мұсылмандардың бірігуіне қажетті фактор ретінде исламды сақтау керек және ислам діні ортағасырлық схоластикасынан тазарса, онда ол рухани жаңарудың маңызды құралы болады деп есептеген [21, 56-б.].

Бастапқыда жәдидшілдердің қызметі Түркістан халқын әлеуметтік, экономикалық және саяси артта қалушылықтан алып шығатын мықты идеологиялық қару ретінде қолдану үшін, мұсылмандық діни мектептердегі дәстүрлі білім беру жүйесін реформалауға, жаңа әдісті мектептер құру, баспа ісін жандандыру, театр және т.б. мәдени мекемелерді ашуға бағытталды [22, р. 876]. Түркістан жәдидшілдерінің негізгі үлесі орыс отаршылдығына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысын саяси негіздеуінде болды [23, р. 85]. Бұл ұлттық-прогрессивтік қозғалыс ғылым мен мәдениеттің дамуын қолдай отырып, қоғамның демократиялық күштерінің шоғырлануына ықпал етті деп көрсетеді К.К. Базарбаев [24, р. 115].

Кез-келген қозғалыстың, қоғам өмірінің тынысы мерзімді басылымдар, ал қоғамдағы саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оның қоғамдағы орны жоғарылай түседі. Қазақ даласындағы жәдидтердің қызметін ашуда құнды деректер беретін газет-журналдар. Сондай газет-журналдарды қарастырған еңбектің авторы, тарихшы ғалым С.Смағұлова 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі кезеңде Қазақстанда шығып тұрған бейресми газеттер – «Қазақ», «Алаш» айналасына қазақ зиялыларын топтастырғанын жазады. Олар қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалар мен құбылыстардың ресми орындардың қатаң бақылауында болғанына қарамастан, бүкіл түркі-мұсылман интеллигенциясының патша үкіметінің отаршылдық жүйесіне қарсы наразылықтарын көтере білді деп көрсетеді [25, 5-6-бб.].

Зерттеулердің келесі тобын Ресейлік ғалымдардың еңбектері құрайды. Тақырыпқа байланысты ресейлік зерттеулердің басым көпшілігі татар және башқұрт ғалымдарының еңбектері болып табылады. Өйткені олар татар және башқұрт жеріндегі жәдидшілдік мәселесін қарастырғанда қазақ жеріндегі жәдидшілдікке қатысты көзқарастарын да береді. Мұндай еңбектердің авторларынан Р.М. Мухаметшин [26-28], Р.С. Хакимов [29], Р.Г. Кузеев [30], Л.А. Ямаева [31], М.Н. Фархшатов [32] жəне т.б. атауға болады.

Сонымен қатар, зерттеліп отырған мәселе бойынша зерттеу жүргізіп жүрген шетелдік ғалымдардан А. Халид [33, p. 336], А.Д. Балгамиз [34, p. 259], Уяма Томохико [35-38], т.б. атауға болады.

Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихын, олардың ұлттық қозғалысқа қатысуы, патшалық әкімшілікпен қарым-қатынасы, Қазақ даласындағы оқиғаларға географиялық жағдайдың ықпалын зерттеп жүрген Хоккайдо университеті славян зерттеулері Орталығының профессоры Уяма Томохико Қазақ даласындағы ағартушылықты, әсіресе Еділ-Орал өңірінде жүзеге асыруда татар молдалары және Орынбор муфтиятының рөлі зор болғанын жазады [34, р. 275].

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Васильев В.В. Исторический очерк русского образования в Тургайской области и современное его состояние. – Оренбург: Типо-литография П.Н. Жаринова, 1896. – 226 с.

2  Алекторов А.Е. Очерк народного образования Тургайской области.

Летопись 1744-1898 гг. – Оренбург: Типолитография П. Сачкова, 1900. – Вып. 2. – 123 с.

3 Ильминский Н.И. Из переписки по вопросу о применении русского алфавита к инородческим языкам. – Казань: Тип.император.унив-та, 1883. – С.49.

4 Остроумов Н.П. Мусульманские мактабы и русско-туземные школы в Туркестанском крае // Журнал Министерства Народного Просвещения. – СПБ.: Сенатская типография, 1906. - Ч. 1. – С. 113-166.

5 Остроумов Н.П. К истории народного образования в Туркестанском крае. Личные воспоминания. – Ташкент, 1895. – 118 с.

6 Граменицкий С. Очерк развития народного образования в Туркестанском крае. Составил инспектор народных училищ Туркестанского края 1-го района С. Граменицкий. – Ташкент: Типо-литография Торгового дома «Ф и Г. бр. Каменские», 1896. – 75 с.

7 14 Валиханов Ч.Ч. Заметки по истории южносибирских племен // Собрание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984. – Т.1. – 432 с.

8 Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. Составил И. Алтынсарин. – Оренбург: Типография И.И. Евфимовского-Мировицкого, 1879. – Кн.1. – 112 с.

9  Құнанбаев  А.  Шығармаларының  бір  томдық  толық  жинағы  /  А. Құнанбаев. – Алматы: Қазақтың Мемлекеттік Көркем Баспасы, 1961. – 693 б.

10 Айни  С.  Материалы  по  истории  Бухарской  революции.  –  М.: Центриздат народов СССР, 1926. – 251 с.

11 Ходжаев Ф. К истории революции в Бухаре. – Ташкент: Узбек.Гиз, 1926. – 78 с.

12 Асфендияров С. История Казахстана. 2-е издание. – Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993. – 304 с.

13 Тынышпаев М. История казахского народа / сост. и авт. предисл.:Такенов, Б. Байгалиев. – Алматы: Санат, 1998. – 280 с.

14 Нуртазина Н.Д. Казахстан и Средняя Азия: тенденции развития духовной общности на рубеже ХІХ-ХХ вв: автореф. … канд. ист. наук. – Алматы, 1993. – 27 с.

15 Айтбаева Рауиля Танаткановна. Государственная политика Российской империи по отношению к исламу в Казахстане в ХІХ в. Автореф. дисс.... к.и.н. института Востоковедения. – Алматы, 2006.

16 Джунусбаев Серик Мутанович. Развитие просвещения в Южном Казахстане в конце ХІХ – начале ХХ вв.: Автореф. дисс.... к.и.н. – Алматы, 2006.

17 Садвакасова Закиш Тулехановна. Духовная экспансия царизма в Казахстане в области образования и религии (ІІ-пол. ХІХ – начало ХХ веков): Автореф. дисс.... д.и.н. – Алматы, 2006.

18 Худайкулов Аброр Мухтарович. Просветительская деятельность джадидов Туркестана (конец ХІх – начало ХХ в.). Авиореф. дисс.... к.и.н. – Ташкент, 1995.

19 Қамзабекұлы Д. Жәдитшілдік – ұлттық рухани серпілу негізі // Ақиқат. - 2008, қаңтар. - №1. –  29-37-бб.

20 Кульшанова А.А. Парадигмы советской национальной политики в Казахстане в период становления тоталитарного государства (1917-1936 гг.). – Алматы: Атамұра, 2014. – 416 с.

21 Кульшанова А.А. Туркестанский джадидизм как разновидность национализма // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. Серия востоковедения. - 2010.№1(50). – С. 56-61.

22 Bazarbayev К.К., Gumadullayeva A., Rustambekova M. Jadidism Phenomenon In Central Asia // Procedia - Social and Behavioral Sciences. – 2013. - (89). – P. 876-881.

23 Bazarbayev К.К., Tursun H., Sadykova R. Jadidism as an Educational System and a Political Movement in Turkestan (Central Asia) // International Education Studies. – 2013. - Vol. 6, №1. – P. 85-94.

24 Bazarbayev K.K., Zhoraeva G., Zulpiharova E. The politicization of the Jadid movement in Turkestan (Central Asia) // The Online Journal of New Horizons in Education. – 2015. – Vol.5, issue 3. – P. 115-123.

25 Смагулова СӨ.. ХХ ғасырдың 20 -30 жылдарындағы қазақ тілі ндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы: тар. ғыл. док. ... дис. – Алматы, 2010. – 365 б.

26 Мухаметшин Р. Идеология обновления // История татар. Формирование татарской нации ХІХ-начало ХХ в. – Казань: Институт истории имени Ш.Марджани АН РТ, 2013. – Т. 6. – 1172 с.

27 Мухаметшин Р.М. Ислам в татарской общественной мысли начала ХХ// Очерки истории татарской общественной мысли. – Казань: Татар. кн. изд-во, 2000. – 191 с.

28 Хакимов Р.С. Джадидизм (реформированный ислам). – Казань: Институт истории АН РТ, 2010. – 208 с.

29 Кузеев Р. Национальные движения в тюркском мире, российский федерализм и перспективы этно-политического развития Башкортстана в ХХ веке // Ислам в Евразии: современные этические и эстетические концепции суннитского Ислама, их трансформация в массовом сознании и выражение вискусстве мусульманских народов России. – М.: Прогресс-Традиция, 2001. – С.236-259.

30 Ямаева Л.А. Мусульманский либерализм начала ХХ в. как общественно-политическое движение (по материалам Уфимской и Оренбургской губерний). – Уфа: Гилем, 2002. – 300 с.

31 Фархшатов М.Н. Народное образование в Башкирии в пореформенный период. 60-90-е годы ХІХ в. – М.: Наука, 1994. – 144 с.

32 Adeeb Khalid The Politics of Muslim Cultural Reform: Jadidism in Central Asia. – Berkeley: University of California Press, 1999. – 336 р.

33 A. Deniz Balgamis. The origins and development of Kazakh intellectual elites in the pre-revolutionary period. Dissertation Submitted in Partial Fulfillment of the Requirements of the Degree of Doctor of Philosophy (History). - University of Wisconsin; Madison, 2000. – 259 p.

34 Tomohiko U. The Alash Orda’s relations with Siberia, the Urals, and Turkestan The Kazakh national movement and the Russian imperial legacy // Asiatic Russia: Imperial Power in Regional and International Contexts. – London; New York: Routledge, 2012. – 287 р.

35 Uyama Tomohiko. A Strategic Alliance between Kazakh Intellectuals and Russian Administrators: Imagined Communities in Dala Walayatïnïng Gazetí (1888-1902) // The Construction and Deconstruction of National Histories in Slavic Eurasia.– Sapporo: SRC, 2003. – 364 p.

36 Tomohiko U. The Geography of Civilizations: A Spatial Analysis of the Kazakh Intelligentsia's Activities, from the Mid-Nineteenth to the Early Twentieth Century (Kimitaka Matsuzato, ed., Regions: A Prism to View the Slavic-Eurasian World. - Sapporo, 2000. – P. 70-99.

37 Tomohiko U. Asiatic Russia as a space for asymmetric interaction // Asiatic Russia: Imperial Power in Regional and International Contexts. – London; New York: Routledge, 2011. – 288 р.

References

1 Vasil'ev V.V. Istoricheskij ocherk russkogo obrazovaniya v Turgajskoj oblasti i sovremennoe ego sostoyanie. – Orenburg: Tipo-litografiya P.N. ZHarinova, 1896. – 226 s.

2  Alektorov A.E. Ocherk narodnogo obrazovaniya Turgajskoj oblasti.

Letopis' 1744-1898 gg. – Orenburg: Tipolitografiya P. Sachkova, 1900. – Vyp. 2. – 123 s.

3 Il'minskij N.I. Iz perepiski po voprosu o primenenii russkogo alfavita k inorodcheskim yazykam. – Kazan': Tip.imperator.univ-ta, 1883. – S. 49.

4 Ostroumov N.P. Musul'manskie maktaby i russko-tuzemnye shkoly v Turkestanskom krae // ZHurnal Ministerstva Narodnogo Prosveshcheniya. – SPB.: Senatskaya tipografiya, 1906. - CH. 1. – S. 113-166.

5 Ostroumov N.P. K istorii narodnogo obrazovaniya v Turkestanskom krae. Lichnye vospominaniya. – Tashkent, 1895. – 118 s.

6 Gramenickij S. Ocherk razvitiya narodnogo obrazovaniya v Turkestanskom krae. Sostavil inspektor narodnyh uchilishch Turkestanskogo kraya 1-go rajona S. Gramenickij. – Tashkent: Tipo-litografiya Torgovogo doma «F i G. br. Kamenskie», 1896. – 75 s.

7 14 Valihanov CH.CH. Zametki po istorii yuzhnosibirskih plemen // Sobranie sochinenij v pyati tomah. – Alma-Ata: Glavnaya redakciya Kazahskoj sovetskoj ehnciklopedii, 1984. – T.1. – 432 s.

8 Altynsarin I. Kirgizskaya hrestomatiya. Sostavil I. Altynsarin. – Orenburg: Tipografiya I.I. Evfimovskogo-Mirovickogo, 1879. – Kn. 1. – 112 s.

9  Құnanbaev  A.  SHyғarmalarynyң  bіr  tomdyқ  tolyқ  zhinaғy  /  A. Құnanbaev. – Almaty: Қazaқtyң Memlekettіk Kөrkem Baspasy, 1961. – 693 b.

10 Ajni  S.  Materialy  po  istorii  Buharskoj  revolyucii.  –  M.: Centrizdat narodov SSSR, 1926. – 251 s.

11 Hodzhaev F. K istorii revolyucii v Buhare. – Tashkent: Uzbek.Giz, 1926. – 78 s.

12 Asfendiyarov S. Istoriya Kazahstana. 2-e izdanie. – Alma-Ata: Қazaқ universitetі, 1993. – 304 s.

13 Tynyshpaev M. Istoriya kazahskogo naroda / sost. i avt. predisl.: Takenov, B. Bajgaliev. – Almaty: Sanat, 1998. – 280 s.

14 Nurtazina N.D. Kazahstan i Srednyaya Aziya: tendencii razvitiya duhovnoj obshchnosti na rubezhe HІH-HKH vv: avtoref. … kand. ist. nauk. – Almaty, 1993. – 27 s.

15 Ajtbaeva Rauilya Tanatkanovna. Gosudarstvennaya politika Rossijskoj imperii po otnosheniyu k islamu v Kazahstane v HІH v. Avtoref. diss.... k.i.n. instituta Vostokovedeniya. – Almaty, 2006.

16 Dzhunusbaev Serik Mutanovich. Razvitie prosveshcheniya v YUzhnom Kazahstane v konce HІH – nachale HKH vv.: Avtoref. diss.... k.i.g. – Almaty, 2006.

17 Sadvakasova Zakish Tulekhanovna. Duhovnaya ehkspansiya carizma v Kazahstane v oblasti obrazovaniya i religii (ІІ-pol. HІH – nachalo HKH vekov): Avtoref. diss.... d.i.n. – Almaty, 2006.

18 Hudajkulov Abror Muhtarovich. Prosvetitel'skaya deyatel'nost' dzhadidov Turkestana (konec HІh – nachalo HKH v.): Avioref. diss.... k.i.n. – Tashkent, 1995.

19 Қamzabekұly D. ZHәditshіldіk – ұlttyқ ruhani serpіlu negіzі // Aқiқat. - 2008, қantar. - №1. –  29-37-bb.

20 Kul'shanova A.A. Paradigmy sovetskoj nacional'noj politiki v Kazahstane v period stanovleniya totalitarnogo gosudarstva (1917-1936 gg.). – Almaty: Atamұra, 2014. – 416 s.

21 Kul'shanova A.A. Turkestanskij dzhadidizm kak raznovidnost' nacionalizma // Vestnik KazNU im. Al'-Farabi. Seriya vostokovedeniya. - 2010. №1(50). – S. 56-61.

22 Bazarbayev K.K., Gumadullayeva A., Rustambekova M. Jadidism Phenomenon In Central Asia // Procedia - Social and Behavioral Sciences. – 2013. - (89). – P. 876-881.

23 Bazarbayev K.K., Tursun H., Sadykova R. Jadidism as an Educational System and a Political Movement in Turkestan (Central Asia) // International Education Studies. – 2013. - Vol. 6, №1. – P. 85-94.

24 Bazarbayev K.K., Zhoraeva G., Zulpiharova E. The politicization of the Jadid movement in Turkestan (Central Asia) // The Online Journal of New Horizons in Education. – 2015. – Vol.5, issue 3. – P. 115-123.

25 Smagulova SӨ.. HKH ғasyrdyң 20 -30 zhyldaryndaғy қazaқ tіlі ndegі merzіmdі baspasөzі: shyғu tarihy men derektіk maңyzy: tar. ғyl. dok. ... dis. – Almaty, 2010. – 365 b.

26 Muhametshin R. Ideologiya obnovleniya // Istoriya tatar. Formirovanie tatarskoj nacii HІH-nachalo HKH v. – Kazan': Institut istorii imeni SH.Mardzhani AN RT, 2013. – T. 6. – 1172 s.

27 Muhametshin R.M. Islam v tatarskoj obshchestvennoj mysli nachala HKH // Ocherki istorii tatarskoj obshchestvennoj mysli. – Kazan': Tatar. kn. izd-vo, 2000. – 191 s.

28 Hakimov R.S. Dzhadidizm (reformirovannyj islam). – Kazan': Institut istorii AN RT, 2010. – 208 s.

29 Kuzeev R. Nacional'nye dvizheniya v tyurkskom mire, rossijskij federalizm i perspektivy ehtno-politicheskogo razvitiya Bashkortstana v 20 veke // Islam v Evrazii: sovremennye ehticheskie i ehsteticheskie koncepcii sunnitskogo Islama, ih transformaciya v massovom soznanii i vyrazhenie v iskusstve musul'manskih narodov Rossii. – M.: Progress-Tradiciya, 2001. – S. 236-259.

30 YAmaeva L.A. Musul'manskij liberalizm nachala HKH v. kak obshchestvenno-politicheskoe dvizhenie (po materialam Ufimskoj i Orenburgskoj gubernij). – Ufa: Gilem, 2002. – 300 s.

31 Farhshatov M.N. Narodnoe obrazovanie v Bashkirii v poreformennyj period. 60-90-e gody HІH v. – M.: Nauka, 1994. – 144 s.

32 Adeeb Khalid The Politics of Muslim Cultural Reform: Jadidism in Central Asia. – Berkeley: University of California Press, 1999. – 336 r.

33 A. Deniz Balgamis. The origins and development of Kazakh intellectual elites in the pre-revolutionary period. Dissertation Submitted in Partial Fulfillment of the Requirements of the Degree of Doctor of Philosophy (History). - University of Wisconsin; Madison, 2000. – 259 p.

34 Tomohiko U. The Alash Orda’s relations with Siberia, the Urals, and Turkestan The Kazakh national movement and the Russian imperial legacy // Asiatic Russia: Imperial Power in Regional and International Contexts. – London; New York: Routledge, 2012. – 287 r.

35 Uyama Tomohiko. A Strategic Alliance between Kazakh Intellectuals and Russian Administrators: Imagined Communities in Dala Walayatïnïng Gazetí (1888-1902) // The Construction and Deconstruction of National Histories in Slavic Eurasia. – Sapporo: SRC, 2003. – 364 p.

36 Tomohiko U. The Geography of Civilizations: A Spatial Analysis of the Kazakh Intelligentsia's Activities, from the Mid-Nineteenth to the Early Twentieth Century (Kimitaka Matsuzato, ed., Regions: A Prism to View the Slavic-Eurasian World. - Sapporo, 2000. – P. 70-99.

37 Tomohiko U. Asiatic Russia as a space for asymmetric interaction // Asiatic Russia: Imperial Power in Regional and International Contexts. – London; New York: Routledge, 2011. – 288 r.

Мурзаходжаев К.М. магистр гуманитарных наук

г. Алматы

ИСТОРИОГРАФИЯ ДЖАДИДСКОГО ДВИЖЕНИЯ В КАЗАХСТАНЕ

Аннотация

 В данной статье систематизирована историография опубликованных трудов по джадидскому движению в Казахстане, которое возникло в конце ХІХ в. и просуществовало до 30-х годов ХХ в. Автор условно разделяет их на три группы: дореволюционный период, постреволюционный Советский период и годы Независимости. Рассмотрены труды не только Отечественных исследователей, но и зарубежных тоже. Уделялось внимание только проблемным и актуальным трудам по теме. В статье дается историографический обзор.

Ключевые слова: джадидское движение, историография, мактабы-медресе, религия ислам, система просвещения, политика русификации.

Murzakhodzhayev K.M., M.A.

Almaty

HISTORIOGRAPHY OF THE JADID`S MOVEMENT IN KAZAKHSTAN

Summary

This article systematizes the historiography of published works about Jadid`s movement in Kazakhstan, which formed at the end of the XIX c. and existed until the 30-ies of the XX c. The author conditionally divides them into three groups: the pre-revolutionary period, the post-revolutionary Soviet period and the years of Independence. The works are considered not only domestic researchers, but also foreign ones too. Attention was focused only on problematic and actually works on the topic. The article gives only a historiographic review.

Key words: Jadid`s movement, historiography, maktab-madrassah, Islam religion, education system, policy of russification.


No comments

To leave comment you must enter or register