Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ 94(574).084.5/.6 ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Н.Н. УРАЗМАГАМБЕТОВ, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2-курс магистранты

ӘОЖ 94(574).084.5/.6 ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(18), 2019

Tags: геноцид, тарихнама, шетел, отандық, нәубет, ашаршылық
Author:
Мақалада ХХ ғасырдың 1930-шы жылдары Қазақстандағы ашаршылық мәселесінің шетел ғалымдарының еңбектерінде көрініс табуы туралы баяндалады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап бұл мәселе тарихшылардың назары арта түсті, егер кеңестік тарихнамада бір жақты ғана бағамдау беріліп келсе, тәуелсіздік жылдарынан бастап отандық тарихшылар және шетелдік зерттеушілер Қазақстанда орын алған ашаршылық мәселесіне жаңа көзқарастар мен зерделеу жүргізе бастады. Бұл мәселеге алғашқы болып жаңа теориялық-тұжырымдамалық бағытта жазылған, қалам тартқан отандық зерттеушілер М. Қозыбаев, Қ. Алдажұманов, Т. Омарбеков, сондай-ақ шетелдік зерттеушілер қатарында Р.Киндлер, С. Камерон және т.б. атап өтуімізге болады. Мақалада сараптамалық-салыстырмалық талдау жасалынған.
Text:

Кіріспе. ХХ ғ.-дың 20-40 жж. Қазақстан тарихының ақтандаққа толы кезеңі. ХХ ғ.-дың бас кезеңінде қазақ елі алуан түрлі, жан түршігерлік жағдайларды басынан кешірді. Сол кездегі саяси үрдістерді, соғыстарды, көтерілістерді, табиғат есібінен болды деген тұжырымға ие болған аштық кездерінен бөлек, 1930 жж. орын алған ашаршылық кезеңі өз құпиялылығымен ерекшеленеді. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін бұл мәселе туралы ашып жазуға тыйым салынған болатын.Тек 1990 жылдың алғашқы жылдарында Қазақстан тарихының 1930 жылдарда орын алған "ақтандақтардың" орнын толықтыру мақсатында ғылыми зерттеулер жарыққа шыға бастады. 1930 жылдары КСРО-да болған нәубет кезеңі әлемдік ғалымдардың назарын аудартты, соның ішінде 1931-1933 жылдары Қазақстанда болған аштық мәселесін зерттеген шетел зерттеушілерінің еңбектері соңғы уақытта көптеп шығуда. Бұл мақалаларда ашаршылық мәселесі ашық және жанамалай зерттелуде. 

Материалдар мен әдістер. Мақалада ХХ ғасырдың 1930 жылдан басталған шетел ғалымдарының еңбектері, естеліктері, кеңестік тарихнамадағы еңбектер және тәуелсіздік алғаннан кейінгі отандық тарихшылардың еңбектері мен шетел ғалымдарының еңбектеріне талдау жасаған жұмыстары қолданылды. Мақала жазу барысында негізінен тарих ғылымында басшылыққа алынатын тарихилық, талдау, салыстырмалық талдау секілді әдістер басшылыққа алынды.

Талқылау. Қарастырылып отырған мәселе негізінен отандық тарихшылар М. Қозыбаев, Қ. Алдажұманов, Т. Омарбеков, М. Тәтімов секілді ғалымдардың ұзақ жылдардағы зерттеулерінде [1] жан-жақты қарастырылып келеді. Біздің басты мақсатымыз тарихнамалық талдау болғандықтан және назарға ұсынылып отырған мақаланың тақырыбына сай шетелдік ғалымдардың кейбір еңбектерін тарихнамалық тұрғыдан талдауға алып отырмыз. Олардың еңбектеріндегі Қазақстандағы ашаршылық мәселесіне берілген қорытындылар мен пайымдаулар салыстырмалы түрде қарастырылды.

Нәтижесі. Қазақ тарихындағы ең қасіретті кезеңдерінің бірі – 1931-1933 жылдардағы  ашаршылық. Осы нәубет жылдары елімізде екі миллионнан аса қазақтар қырылды, мыңдаған отбасының оты өшті. Бұл зұлмат жылдар туралы ұзақ жылдар бойы зерттелмеді.  Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, яғни 1990 жылдың басында ғана қолға алынып, ғылыми зерттеулер жүргізіліп, еңбектер жазыла бастады [1]. 

Негізінде 30-шы жылдары ашаршылық КСРО-ның құрамындағы бірнеше республикаларды қамтыды. Оған Қазақстанмен бірге Украина, Солтүстік Кавказ, Еділ бойындағы аудандар және т.б. аумақтар іліккен болатын. Бұл аталған елдердің ішінде Украинаның әлемдік дәрежеде ашаршылық статусын алғаның білеміз [2, 92-б.]. 

Кеңестер Одағында 1931-33 жылдары болған ашаршылық тарихы шетел ғалымдарының да назарын аударды. 1933 жылы желтоқсан айында ағылшын журналисі Малькольм Магаридж Украинаға іссапармен келіп, мұндағы  аштықты өз көзімен көріп, «Manchester Guardian» газетіне жариялаған мақаласында осы сұмдықты жайып салды. Ол аштық құрсауында қарапайым шаруалар қалып, өлгендер қатарының күннен күнге көбейіп бара жатқандығын ашық келтірді. Оның бұл мақаласына жауап ретінде «Нью-Йорк Таймстың» корреспонденті Уолтер Дюранти: «Орыстар ашығып жатыр, бірақта олар аштықтан өліп жатқан жоқ», – деп жауап қайтарып, оның жазғанын жоққа шығаруға тырысқан болатын [3].  Алайда американдық зерттеушілері Кеңестер Одағындағы ашаршылық мәселесін мерзімділік басылымдарда көтеріп, жарыса жаза бастағаннан кейін ғана ол өз көзқарасынан бас тартты. У. Дюранти Сталиннен сұхбат алған алғашқы шетел журналисі және өзінің еңбегі үшін «Пулицир сыйлығымен» марапатталғанын айта кеткен жөн.

1935 ж. У. Дюрантидің 12 жыл бойы Ресейде болған кезі жайында «Пишу как нравиться» атты мемуары шығады. Еңбек көптеген шетел ғалымдардың наразылығын тудырса да, сол жылдың өзінде батыс елдерде бестселлер атағына ие болады [4, 203-б.].

ХХ ғасырдың екінші жартысында КСРО-да орын алған жағдайлар, соның ішінде аштық жылдары туралы мәселесіне әлемдік қауымдастықтар ерекше назар аудара бастады. 1980 жылдардың соңына таман, 30-шы жылдары Украинада болған ашаршылық мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылады [5].

Бұл комиссия 1990 жылы Торонто қаласында болған жиында есеп беріп, КСРО бойынша аштық құрбандарының саны 7,5 млн адам болды деген шешім шығарды. Оның ішінде: 1,5 млн адам –Украинада, 3 млн адам – басқа аумақтарда, ал Қазақстан мен Солтүстік Кавказда – 1 млн астам адам аштық құрбандары болғандығын көрсеткен. Алайда комиссия мүшелерінің басымы «аштық қолдан жасалған» деген пікірге қарсы шықты [6, 63-б.].

Жалпы, батыс зерттеушілерінің КСРО-дағы ашаршылық  мәселесіне деген қызғушылық Марта Брилл Олкотт 1981 жылы «The Collectivization Drive in Kazakhstan» атты мақаласын жариялағаннан кейін арта бастады. Марта Олкотт Қазақстанда болған аштыққа ұжымдастыру саясатының тікелей әсер еткенін баса айтқан болатын. Осы еңбектің артын ала 1986 жылы Роберт Конквест 1931-33 жылдары Украинада орын алған ашаршылық туралы «The Harvest of Sorrow: Soviet Collectivization and the Terror Famine» (Нью-Йорк, 1986) атты еңбегін жариялады. Оның  бір тарауын Қазақстан жерінде болған ашаршылыққа арнады [7, 130-б.].

Кеңестік идеология өршіп тұрған кезде ғалымдарға 30 жылдардағы ашаршылықты зерттеуге, ашып жазуға рұқсат берілмеді. Дегенмен,  нақты болмаса да 1986 жылы «История Советского крестьянства» атты 5 томдық еңбектің 2-ші томында ашаршылық мәселесіне шолу ретінде тоқталды [8, 256-265-бб.].

1988 жылы ғалым В.А. Даниловтың 30 жылдардағы ашаршылықтың батыс баспасөзінде көтерілу мәселесіне тоқталған мақаласы жарық көрді.  Ол батыс зерттеушілері КСРО аумағында орын алған аштықтың шығу себебі мен салдары жайында зерттеулер жүргізіп жатқандығын ерекше атап бағалады [9].

2003 жылы Италияның Виченца қаласында 1932-33 жылдары КСРО аумағында болған нәубетке  қатысты халықаралық конференция болып, оның жұмысына Италия, Украина, Россия, АҚШ, Канада және т.б. елдердің ғалымдары қатысты. Пікірталас барысында 1931-33 жылдардағы ашаршылық тек Украинада ғана емес, сонымен қатар КСРО аумағының көп бөлігін, соның ішінде Қазақстанға да жайылғаны айтылып, осыған орай қарар қабылданды [10, 18-б.].

Тарихшы-демограф В.Б. Жиромская 1930 жылдары КСРО-да аштықтан 7 млн-нан астам адам ашықты деген тұжырым жасады. Алайда, бұл жылдары қаза тапқан адамдардың нақты саның анықтау мүмкін еместігін,  ашыққандар жайында дұрыс мәлімет берілмегендігін,  аштыққа ұшыраған аудандардан ауа көшкен босқындар жайында нақты мәлімет жоқтығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, В. Жиромская ашаршылыққа орай тарихнамада келтірілетін сандық көрсеткіштерді саралай келе, ашыққан адамдар саның аумақ бойынша былайша бөліп көрсетеді: Украинада – 3-3,5 млн., Қазақстанда – 2 млн., басқа аумақтарда – 2-2,5 млн. адам [11, 78-б.].

Итальяндық зерттеуші Н. Пиончолла Қазақстанда аштық құрбандарының саны 2 млн. деген пікірге келіскен. Ол Қазақстандағы ашаршылық КСРО-ның басқа елді мекендеріне қарағанда бір жыл бұрын басталып, халық аштық пен жұқпалы аурулардан қырылғандығын, адам жеу фатктілері болғаның растады [12, 93-б.]. Н. Пианчола 2018 жылы жарық көрген «Сталинская «иерархия потребления» и великий голод 1931-1933 гг. в Казахстане» атты мақаласында Қазақстанда болған нәубеттің  шығу себебіне, қазақ халқының 1/3 бөлігі аштық құрбаны болып, 1 млн-нан астам адам басқа елдерге босып кеткеніне баса назар аударды.

ХХ ғасырдағы Оңтүстік Азия елдеріндегі геноцид мәселесі бойынша білікті маман Норман Неймарк 30 жылдардағы ашаршылық жағдайын Сталиндік биліктің КСРО аумағында өмір сүретін халықтарға әдейі бағытталған «геноцидтік» саясаты деп бағалады [13].

Ғалымдар С. Уиткрофт және Р. Дэвис КСРО-да орын алған ашаршылықтың орын алу себебіне тоқталып, оған «ең бірінші астық дайындаудағы дағдарыс, сонымен қоса, Кеңес үкіметі тарапынан жүргізілген индустрияландыру және ұжымдастыру шаралары қарапайым ауыл халықтарына зияны тиіп, нәтижесінде жаппай нәубетке әкелді» деген тұжырым жасайды [14, 15-б.].

Негізінде Украиндық зерттеушілердің басымы және Батыс зерттеушілердің кейбірі 30 жылдары болған зұлматты Украина халқына жасалған «геноцид» деп бағалады. Ал отандық тарихнамада 1931-33 жылдардағы ашаршылық кезеңіне «этноцидтік» сипат берді. Алайда бұл пікірлерге көп зерттеушілер қарсы шыққандығын да атап кеткен жөн. Мәселен, Әлеуметтік тарихты зерттеу халықаралық институтының қызметкері Хайс Кесслер Украинада, Қазақстанда және басқада аумақтарда орын алған аштық кезеңін, қолдан жасалмағандығын және бұл белгілі бір халықтарға қарсы бағытталған «геноцидтік» саясат екеніне қарсылығын білдірген [15]. Ал А.В. Грозин «Голод 1932-1933 годов и политике памяти в Республике Казахстан» атты еңбегінде қазақ жерінде орын алған нәубетті тарихнамалық тұрғыда зерттеп, осы мәселені зерттеп жүрген тарихшы-демографтардың тұжырымдарына келіспейтіндігін п жазып, «ғалымдардың көп бөлігі мәселеге саяси тұрғыдан қарайды» деген пікір айтады [16].

Ашаршылық мәселесін зерттеген С.А. Нефедов нәубеттің шығу себебіне шаруалардың егістікті дұрыс қарамай, нәтижесі тышқандардың пайда болып, астықты жеп қоюуына әкелді  деген пікірді ұстанды [17].

Соңғы жылдары ХХ ғасырдың 30 жылдарында орын алған ашаршылық кезеңіне арналған құжаттар жинақтары жарық көруде. Бұл құжаттар жинағы басқа ғылыми еңбектерге қарағанда құнды екені сөзсіз. Әсіресе «Голод в СССР. 1929-1934» деген атпен шыққан 3 томдық құжаттар жинағында топтастырылған құжаттар ашаршылық мәселесін зерттеуде құндылығы  ерекше [18].

Қазақстандағы ашаршылық мәселесін салыстырмалы түрде зерттеуде В.В. Кондрашиннің «Современная росиийско-украинская историография голода 1932-1933 гг. в СССР» атты еңбегін атауға болады  [19].

2012 жылы «Қазақстандағы ашаршылық: халық қасіреті және тарих тағылымы» атты халықаралық ғылыми коференция өтіп, оның жұмысына М. Олкотт, И. Огайон, С. Уиткрофт, С. Камерон, Р. Киндлер және т.б. шетел ғалымдары Қазақтандағы 1930 жылдары орын алған аштық жылдары бойынша ойларымен бөлісіп, баяндама жасап, аштықтың шығу себептеріне қатысты түрлі фактілер келтірген еді [7]. Олардың тұжырымдарына, пікірлеріне қазақстандық ғалымдар да өз пікірлерін айтып, бірі олардың ойларымен келіссе, біріне қарсы көзқараста болып, баға берген. 1931-33 жылдардағы ашаршылық мәселесін зерттеген шетел ғалымдарына баға берген отандық тарихшы Т. Омарбеков шетел ғалымдарының аштыққа қатысты жазылған зерттеулеріне ризашылығын білдіре отырып, дегенмен отандық тарихшылардың архивтен жинастырған көптеген құжаттарының олардың қолында жоқтығын және жергілікті материалдарды олардың толық игермегендігін алға тартады [20, 38-б.].

Қазақстан тарихының шетелдiк ғалымдар еңбегiнде көрiнiс табуын тарихнамалық тұрғыда талдаған ғалымдар арасынан К.Л. Есмағамбетовтiң еңбектері аса құнды. Ғалымның еңбектерi мен диссертациялық жұмысындаХХ ғасырдағы Қазақстан халқының әлеуметтiк-демографиялық мәселелерiне көңiл бөлген Дж. Демко, Р. Конквест, Дж. Уиллер секiлдi т.б. батыс зерттеушiлерiнiң еңбектерiне тарихнамалық талдаулар жасалып, ғылыми баға берген [21].

Соңғы жылдары Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық мәселесі бойынша Р. Киндлердің «Stalin`s Nomads: Power and Famine in Kazakhstan» және С. Камеронның «The Hungry Steppe: Violence, and the Making of soviet Kazakhstan» атты ғылыми еңбектері жарық көріп отыр [22]. Бұл еңбектер еліміздегі аштық қасіретін саралауға, бағалауға маңызын тигізері сөзсіз.

Қорытынды. Қазақстан жерінде орын алған нәубет кезеңі қазақ халқының басында болған ең ауыр зардаптарының бірі болып келеді. Міне, көріп отырғанымыздай, қазақ жеріндегі ХХ ғасырдың 30-шы жылдардағы аштық проблемасы тек отандық ғалымдарды ғана емес, шетелдік ғалымдарды да алаңдатты. Қазіргі таңда ашаршылық жылдары әлі толығымен зерттеліп болған жоқ және әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1 Омарбеков Т. Халық қаһары. – Жұлдыз, 1991, № 9,10,12; Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. - Алма-ата, 1992; Әбілхожин Ж.Б., Алдажұманов Қ.С. Этноцид // Егемен Қазақстан. – 1992, 30 мамыр.

2 Жиромская В. Голод 1932-1933 голод в России и современные международные отношения // Вестник РГГУ. – 2009. – (№14/09). – 322 с.

3 Дюранти У. Кремль и народ (фрагмент) // Политическая лингвистика. – 2015. – №3 (53). – С. 268-273.

4 Тихий К.Т. Уолтер Дюранти о Советском союзе: мифы и реальность // Новая и новейшая история. – 2008. – №5. – 479с.

5 Маггеридж М. Хроника загубленного времени // Отечественные записки. – 2013. – №6. – С. 273-292.

6 Исупов В.А. Демографические катастрофы и кризисы в России в первой половине XX века: Историко-демографические очерки. – Новосибирск: «Сибирский хронограф», 2000. – 244 с.

7 Голод в Казахстане: трагедия народа и уроки истории: Сборник материалов Международной научной конференции (31 мая -1 июня 2012 г.). – Астана, 2012. – 392 c.

8 История советского крестьянства: в 5 т. Т. 2: Советское крестьянство в период социалистической реконструкции народного хозяйства. Конец 1927-1937. – М.: Наука, 1986. – 448 с.

9 Данилов В.П. Дискуссия в западной прессе о голоде 1932-1933 гг. и «демографической катастрофе» 30-40-х годов в СССР // Вопросы истории. 1988. – № 3. – С. 116-121.

10 Северинова Е.А. История изучения голода 1932-33 гг. В СССР В Европейской историаграфии // Вестник современных исследовании. – 2017. – № 5-1(8). – 302 с.

11 Жиромская В.Б. Основные тенденции демографического развития России в XX веке. – М.: Кучково поле; Союз семей военнослужащих России, 2012. – 320 с.

12 Казахстан и Россия: общество и государство. – М.: 2004. – 522 с.

13 Naimark N.M. Stalin`s Genocides. – Princetion Univ. Press, 2010. – 163 p.

14 Дэвис Р., Уиткрофт С. Годы голода: сельское хозяйство СССР, 1932-1933. - М.: РОССПЭН, 2011. – 543 с.

15 Kessler G. The 1932-1933 Crisis and Itsftermath beyond the Epicenters of Famine: The Urals Region // Hunger by design: the great Ukrainian famine and its Soviet context. Cambridge, 2008. – 118-129 р.

16 Грозин А.В. Голод 1932-1933 годов и политика памяти в Республике Казахстан / Институт востоковедения РАН. – М.: ИВ РАН, 2014. – 178 с.

17 Нефедов С. А. Биологические причины голода 1933 года // Общественные науки и современность. – 2013. – № 1. С. 135-140.

18 Голод в СССР. 1929 – 1934: Т. 1.: 1929 – июль 1932 в 2-х книгах. – М.: МФД, 2011; Голод в СССР. 1929 – 1934: Т. 2.: июль 1922 – июль 1933. – М.: МФД, 2012; Голод в СССР. 1929 – 1934: Т. 3.: лето 1933-1934. – М.: МФД, 2013.

19 Кондрашин В.В. Современная российско-украинская историография голода 1932-1933 гг. в СССР. – М.: РОССПЭН, Фонд «Президентский центр Б. Н. Ельцина», 2011. – 471 с.

20 Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. – Алматы: «Санат», 1997. – 320 б.

21 Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. - Алма-Ата: «Қазақ университеті»,1992. – 152 с.; Есмагамбетов К.Л. Зарубежная историография истории Казахстана (с древних времен до начала 90-х гг. XXв.):  дисс. ... док. ист. н. – Алматы, 1999. – 294 с.

22 Киндлер Р. Сталинские кочевники: власть и голод в Казахстане. – М.: РОССПЭН, 2018. – 282 с.; Cameron S.The Hungry Steppe: Violence, and the Making of soviet Kazakhstan. – 2018. 294 р.

REFERENCES:

1 Omarbekov T. Halyq qahary. – ZHuldyz, 1991, № 9,10,12; Kozybaev M.K., Abylhozhin ZH.B., Aldazhumanov K.S. Kollektivizaciya v Kazahstane: tragediya krest'yanstva. - Alma-ata, 1992; Abіlhozhin ZH.B., Aldazhumanov Q.S. Etnocid // Еgemen Qazaqstan. – 1992, 30 mamyr.

2 ZHiromskaya V. Golod 1932-1933 golod v Rossii i sovremennye mezhdunarodnye otnosheniya // Vestnik RGGU. – 2009. – (№14/09). – 322 s.

3 Dyuranti U. Kreml' i narod (fragment) // Politicheskaya lingvistika. – 2015. – №3 (53). – S. 268-273.

4 Tihij K.T. Uolter Dyuranti o Sovetskom soyuze: mify i real'nost' // Novaya i novejshaya istoriya. – 2008. – №5. – 479s.

5 Maggeridzh M. Hronika zagublennogo vremeni // Otechestvennye zapiski. – 2013. – №6. – S. 273-292.

6 Isupov V.A. Demograficheskie katastrofy i krizisy v Rossii v pervoj polovine XX veka: Istoriko-demograficheskie ocherki. – Novosibirsk: «Sibirskij hronograf», 2000. – 244 s.

7 Golod v Kazahstane: tragediya naroda i uroki istorii: Sbornik materialov Mezhdunarodnoj nauchnoj konferencii (31 maya -1 iyunya 2012 g.). – Astana, 2012. – 392 c.

8 Istoriya sovetskogo krest'yanstva: v 5 t. T. 2: Sovetskoe krest'yanstvo v period socialisticheskoj rekonstrukcii narodnogo hozyajstva. Konec 1927-1937. – M.: Nauka, 1986. – 448 s.

9 Danilov V.P. Diskussiya v zapadnoj presse o golode 1932-1933 gg. i «demograficheskoj katastrofe» 30-40-h godov v SSSR // Voprosy istorii. 1988. – № 3. – S. 116-121.

10 Severinova Е.A. Istoriya izucheniya goloda 1932-33 gg. V SSSR V Еvropejskoj istoriagrafii // Vestnik sovremennyh issledovanii. – 2017. – № 5-1(8). – 302 s.

11 ZHiromskaya V.B. Osnovnye tendencii demograficheskogo razvitiya Rossii v XX veke. – M.: Kuchkovo pole; Soyuz semej voennosluzhashchih Rossii, 2012. – 320 s.

12 Kazahstan i Rossiya: obshchestvo i gosudarstvo. – M.: 2004. – 522 s.

13 Naimark N.M. Stalin`s Genocides. – Princetion Univ. Press, 2010. – 163 p.

14 Devis R., Uitkroft S. Gody goloda: sel'skoe hozyajstvo SSSR, 1932-1933. - M.: ROSSPEN, 2011. – 543 s.

15 Kessler G. The 1932-1933 Crisis and Itsftermath beyond the Epicenters of Famine: The Urals Region // Hunger by design: the great Ukrainian famine and its Soviet context. Cambridge, 2008. – 118-129 r.

16 Grozin A.V. Golod 1932-1933 godov i politika pamyati v Respublike Kazahstan / Institut vostokovedeniya RAN. – M.: IV RAN, 2014. – 178 s.

17 Nefedov S. A. Biologicheskie prichiny goloda 1933 goda // Obshchestvennye nauki i sovremennost'. – 2013. – № 1. S. 135-140.

18 Golod v SSSR. 1929 – 1934: T. 1.: 1929 – iyul' 1932 v 2-h knigah. – M.: MFD, 2011; Golod v SSSR. 1929 – 1934: T. 2.: iyul' 1922 – iyul' 1933. – M.: MFD, 2012; Golod v SSSR. 1929 – 1934: T. 3.: leto 1933-1934. – M.: MFD, 2013.

19 Kondrashin V.V. Sovremennaya rossijsko-ukrainskaya istoriografiya goloda 1932-1933 gg. v SSSR. – M.: ROSSPEN, Fond «Prezidentskij centr B. N. Еl'cina», 2011. – 471 s.

20 Omarbekov T. 20-30 zhyldardagy QazaQstan qasіretі. – Almaty: «Sanat», 1997. – 320 b.

21 Еsmagambetov K.L. CHto pisali o nas na Zapade. - Alma-Ata: «Қazaқ universitetі»,1992. – 152 s.; Еsmagambetov K.L. Zarubezhnaya istoriografiya istorii Kazahstana (s drevnih vremen do nachala 90-h gg. XXv.):  diss. ... dok. ist. n. – Almaty, 1999. – 294 s.

22 Kindler R. Stalinskie kochevniki: vlast' i golod v Kazahstane. – M.: ROSSPEN, 2018. – 282 s.; Cameron S.The Hungry Steppe: Violence, and the Making of soviet Kazakhstan. – 2018. 294 r.

Н.Н. УРАЗМАГАМБЕТОВ,1

1магистрант 2-курса Института истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова

г. Алматы, Казахстан.

ИЗУЧЕНИЕ ПРОБЛЕМЫ ГОЛОДА В КАЗАХСТАНЕ

В ТРУДАХ ЗАРУБЕЖНЫХ УЧЕНЫХ

Резюме

В статье рассматриваются проблемы голода в Казахстане 1930-х гг. ХХ века, отраженные в трудах зарубежных ученых. С 90-х годов ХХ века эта проблема поднималась историками, до этого времени в советской историографии вышеуказанные вопросы оценивалась односторонне, только в годы независимости отечественные историки и зарубежные исследователи начали изучать новые подходы к проблеме голода в Казахстане. Впервые с новых теоретико-концептуальных позиций эти вопросы поднимались в трудах отечественных исследователей, таких как как М. Козыбаев, К. Алдажуманов, Т. Омарбеков, а также зарубежных ученых - Р. Киндлер, С. Камерон и т.д. В данной статье проведен сравнительный анализ зарубежных исследований по проблематике.

Ключевые слова: голод, бедствие, отечественный, зарубежный, историография, геноцид.

N.N. URAZMAGAMBETOV, 2-nd Year Master’s Student Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology

STUDYING THE KAZAKHSTAN’s FAMINE ISSUE

 IN THE WRITINGS  OF FOREIGN SCHOLARS

Summary

The article deals with the issueof faminein Kazakhstan in the 1930s, as reflected in the writings of foreign scholars. Since the 1990s, this issue has been raised by historians, this issue was  evaluated unilaterally in Soviet historiography, and only after gaining the independence, domestic historians and foreign researchers began to study new approaches to the issue of famine in Kazakhstan.For the first time, new theoretical conceptual trends were raised in the writings of domestic researchers, such as M. Kozybaev, K. Aldazhumanov, T. Omarbekov, as well as foreign scholars R. Kindler, S. Cameron, etc. This article provides a comparative analysis of foreign research on the above-mentioned issue.

Keywords:famine, disaster, homeland, foreign, historiography, genocide.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 5027

No reviews

Download files

Нуршат еду е хистори.docx 0.04 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ҚОСТАНАЙ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ (1921-1922 жж.) Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер 94(574).02/.08 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘДИДТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТАРИХНАМАСЫ 930.1:94.02/08]574 Тәуелсіздік кезеңіндегі отандық тарихнамадағы қазақ-хиуа қатынастары ӘОЖ 930:94(574) "6-17" ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫНЫҢ КӨРШІЛЕС ЕЛДЕРДЕГІ ТАРИХНАМАСЫНАН ОӘЖ 930.2 СЕМЕЙ ІШКІ ОКРУГЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТ ӘОЖ 94(574).084.5/.6 ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ҒТАМР 03.20.00 МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕҢБЕГІ «ТАРИХ-И РАШИДИГЕ» ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ

Author's articles

ӘОЖ 94(574).084.5/.6 ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ