Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 13.11.25 Қытайдың мәдени құндылықтарының экономикаға әсері

Шәріпқазы Н. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы nuriknaiman16@gmail.com; Маулит. Б. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы Bakitnur76mail.ru

ҒТАМР 13.11.25 Қытайдың мәдени құндылықтарының экономикаға әсері

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(14), 2018

Tags: Қытайдың дәстүрлі философиясы, экономикалық мәдениет., корпоративтік, мәдениет
Author:
Бұл мақалада қытай дәстүрлі философиясы мен мәдени құндылықтарының, қытай экономикасының дамуындағы нақты орынын анықтадық. Қытайдың дәстүрлі мәдени құндылықтарының экономиканың дамуын шектеуі және дамуға оң әсері баяндалады. Сонымен қатар, жаһандану үрдісі әлемнің әртүрлі елдерінің іскерлік және тұтынушылық мәдениетіне ықпал жасайтынындығын талданды.
Text:

Әрбір елдің  өздеріне тән мәдениеті болады. Мәдениеттің ұлттық және әлемдік сипаты арасындағы байланыс, іс жүзінде қайшылықтардың жалпылығы мен ерекшелігінің қатынасы болып табылады. Кез келген ұлттың мәдениеті- әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі, ұлттық мәдениетте әлемдік мәдениет қамтылып жатады, әлемдік мәдениеттің нақтылы ұлттық мәдениеттен тыс болмайды деген таным болуы қажет. Қазір әлем күн өткен сайын тұтастанып бара жатыр,сондықтан әрбір елдің мәдени дамуында, мәдениеттің ұлттық сипаты айшықтала түседі [1, 12-б.].

  Қытайдың дәстүрлі мәдениеті - Қытайдың  әр  дәуірінің  мәдени құндылықтарының  жинақтау арқылы қалыптасқан. Қытай мәдениеті қоғам саласының барлық саласына өз әсерін тигізеді. Соның ішінде, ұлт мәдениетінің экономикаға ықпал етуі сөзсіз. Қытайдың дәстүрлі мәдениетінің экономика дамуына әсерін негізінен мынадай бірнеше жақтан қарастыруға болады.

Біріншіден, Қытайдың дәстүрлі  философиясы Қытай экономикалық дамуының, мәдени дәстүрінің, дүниетанымының және әдіснамасының жүйелі теориясы болып табылады. Конфуцианизммен салынған дәстүрлі қытай философиясы Буддизм және Даосизм философтарына дейінгі Вей және Джин хандарының философиялық мұрасы, Суи және Тан хандарының буддизмі, Song және Ming әулетінің философиясы  қытай философиясының дәстүрлі  сабақтастығын құрайды. Ол негізінен мынадай қағидаға сүйенеді [2, 94-б.].

1. Адам мен көктің үйлесімділігін сақтай отырып, жақсылық іздеу.  Қытай мәдениеті мен батыс мәдениеті арасындағы іргелі айырмашылық - Қытай мәдениеті жақсаруды көздейді, ал батыс мәдениеті  шындыққа ұмтылуыға баса назар аударады. Адамның ең алдымен жақсы адам бола отырып, моральдық қасиеттерді орындау үшін, өз ақылын және  күш-қайратын  дамытуы арқылы бүкіл әлеммен біртұтастықты сақтай алуы керек. Бұл бүгінгі таңда қытайлықтардың идеалды  сенімінің негізі болып табылады.

2. Моральдық қасиетті басты орынға қарау, Қытай философиялық дәстүрдің тағы бір керемет ерекшелігі, ол өзінің негізгі жолы ретінде әрдайым этикалық құндылықтар мен моральды өсіруді талап етеді. Ежелгі уақытта  Мэнциус адамның табиғатын «мейірімділік, әділдік, сыпайылық және даналықтың» төрт бұрышы ретінде анықтады. Бұл жерде барлық моральдық іргелі ұстанымға ерекше назар аударылды. Song  әулетінде бұл философтар «Табиғатты құтқару және адамгершілікке ұмтылу» моральдық заңын ұсынды.  Қытайда  философиялық өзін-өзі тану мен тілектің құндылық бағыты қытай халқының қалыпты татулық, теңгерімге назар аудару сияқты сипатын айқын көрсетеді [3, 39-б.].

3. Өмірлік көзқараста, дүниеге келу мен өмірден өту  бір-бірімен тығыз байланыста болады деп саналған. Оның негізін буддистер мен даоисттер  рухани өсу десе , конфуцианистер «өзін-өзі дамыту, жалпы гүлдену, ел мен әлемді бейбітшілікпен басқару» қағыидаларында кеңінен талдау жасап  өтті. Бүгінгі таңда бұл қытайлықтардың көпшілігінің өмірлік көзқарастарына айналды. Дәстүрлі қытай философиясы мен мәдениеті, негізінде қоғамның саясаты мен экономикасынан пайда болды, сонымен бірге экономикалық және саяси мәдениеттің әсерімен экономикалық дамуын шектеді. Ең маңыздысы - философиялық және мәдени құндылық негізінде қалыптасқан ұлттық сана  экономикалық дамуға жанама рөлін  атқарады .

Екіншіден, дәстүрлі мәдениетінің Қытайдың экономикасының дамуына әсері. Экономикалық мәдениет негізінен  адамдардың экономикалық құндылық көзқарасы мен халықтың өмір сүру формасын  қамтиды. Жалпы, оны үш сатыға бөлуге болады: корпоративтік мәдениет, институционалдық экономикалық  мәдениет және қарапайым халықтың экономикалық мәдениеті.

1. Корпоративтік мәдениет: кәсіпорынның басқару жүйесінің тұжырымдамасы мен тәжірибесін іске асыруы негізгі әдіс болып табылады. Негізгі ерекшеліктері:

- Қызметкерлердің өмір бойы бір орында жұмыс жасауы. Дәстүрлі қытай мәдени құндылықтарында корпоративтік мәдениет іргетасының қалыптасуы маңызды рөл атқарады. Алайда,бұл басқару жүйесінде қызметкерлердің еңбек ынтасын  төмендетіп, кәсіпорындардың одан әрі дамуына кедергі  жасауымен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамуда  жақсы нәтижиелерге қол жеткізуді қиындатты .

- Бағалау және қызмет бабымен жоғарылау. Қытайдың  кәсіпорындарында , әдетте университет студенті шамамен 5-7 жылдан кейін ғана нақты жұмысқа қабылданады. Бұл жастардың ынта-жігерін бәсеңдетеді .

- Ішкі, эмоционалдық бақылау және үйлесімділік. Қытай халқы интровацияланған, эмоцияларға назар аударады. Бұл мінез-құлық, эмоциялық бақылауды және басқарудағы үйлесімділік басшыларына арналған іскерлік басқарудағы көрсеткіштерге тән. Зерттеушілердің кейбіреулері мұны батыстың ұтымды және институттанған басқаруымен айырмашылығы  деп санайды [4, 63-б.].

2. Институционалдық экономикалық  мәдениет жүйесі. Әлеуметтік және экономикалық құндылықтар туралы көзқарас  дамудың жалпы стратегиясына және жүйе мен практикалық тұжырымдамасының аспектілеріне негізделген. Ол Қытайдың социалистік экономикалық мәдени жүйесіне негізделеді, бірақ ол шаруалардың экономикасының ойлау тәсілімен де араласады.  Әлеуметтік-экономикалық жүйеде ол капиталистік өндіріс құралдарының жеке меншігінен  ерекшеленеді және өндіріс құралдарына мемлекеттік меншікті қолданады. Сондай-ақ, қоғамдық меншік капитализм мен социализм арасындағы түбегейлі айырмашылық болып табылады.

3. Қарапайым халықтың экономика мәдениеті: қарапайым халықтың экономикалық  мәдениетіне негізінен тұтынушылардың, өндірушілердің және азаматтардың құнды көзқарастары мен негізгі мінез-құлқы жатады. Қытай халқының экономикалық және мәдени өмір тұжырымдамасы негізінен:

 - Тұтыну тұжырымдамасы: қытайлықтар әрдайым еңбекқорлық пен үнемділікті дәріптейді және  ысырапшылдыққа қарсы тұрады, олар әдетте «өз қаражатымен өмір сүреді» [4, 78-б.]. Бұл экономикалық тұжырымдама мен мінез-құлық қытайдың социалистік  құрылыс қорларын жинақтау  кезінде маңызды рөл атқарды. Алайда, бүгінгі таңда бұл тұжырымдама Қытайдың тұтыну нарығының гүлденуіне біршама кедергі келтірді.

- Жұмыспен қамту тұжырымдамасы: қытайлықтар өздерінің елдігін сақтап қалуда, балансты тепе - теңдікті сақтауда жақсы жұмыс істейді, олар бәсекелестікке төтеп бере алады. Ал, жұмыспен қамтудың бұл тұжырымдамасы бәсекеге қабілеттілікті арттырып нарықтық экономика жағдайында дамуға мүмкіндік ашады .

  Мәдени және экономикалық қарым-қатынастар тығыз байланыста.  Мәдени факторлар халықтың экономикалық жағдайына  айтарлықтай әсер тигізеді. Сондай-ақ, мәдени факторлар  экономиканың дамуында шешуші рөл атқарады.

  Қорытындылай келе, Қытай дәстүрлі  философиясы  мен мәдени құндылықтары  Қытай экономикасының дамуында нақты орын алатынын анықтадық. Қытайдың дәстүрлі мәдени құндылықтарының  экономиканың дамуын шектеуі және дамуға оң әсері  байқалады. Сонымен қатар, жаһандану үрдісінің әлемнің әртүрлі елдерінің іскерлік және тұтынушылық мәдениетіне ықпал етеді. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін.

 

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР

1 《МӘДЕНИЕТ ҚАУЫПСІЗДІГІН ЗЕРТТЕУ МЕТОЛОГИЯСЫ ЖӨНІНДЕ 》  - Алматы  , 2016. - 12 б.

2 唐玉琴:《中国优秀传统文化与企业管理》;《商业研究》;1999年.- 94 б.

3 Тан Юйцин:«Китайская выдающаяся традиционная культура и современный бизнес-менджмент», «Бизнес-исследование», 1999-12期.- 39б.

4卢现祥:《论华人企业的家族式管理与传统文化的关系》;《道德与文明》;2000年第1期.- 63-78 б.

  References

1.  Studying about culture security

2.  唐玉琴:《中国优秀传统文化与企业管理》;《商业研究》;1999年.- 94 б.

3.  Tang Yuqing: "China's outstanding traditional culture and modern business management", " Business research»

4.  4卢现祥:《论华人企业的家族式管理与传统文化的关系》;《道德与文明》;2000年第1期.- 63-78 б.


Шарыпқазы Н., преподаватель кафедры китаеведения, Казахский Национальный Университет имени Аль-Фараби, г. Алматы E-mail:nuriknaiman@mail.ru

nuriknaiman16@gmail.com

  Маулит. Б., кафедрa китаеведения, Казахский Национальный Университет имени Аль-Фараби, г. Алматы E-mail:nuriknaiman@mail.ru

Bakitnur76mail.ru


Влияние культурных ценностей Китая на экономику

Аннотация

В этой статье мы определили китайскую традиционную философию и его культурные ценности, а также его роль в развитии китайской экономики. Кроме этого, описывается ценности китайской культуры и ее положительное влияние на развитие Китая. В то же время было проанализировано, что процесс глобализации повлияет на культуру бизнеса и потребителей разных стран мира.

Ключевые слова:Китайская традиционная философия, корпоративная культура,Экономическая культура .


Sharypkazy N., lecturer of the departament of Sinology, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty c., Kazakhstan, E-mail:nuriknaiman@mail.ru

 Maulit B., lecturer of the departament of Sinology, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty c., Kazakhstan

Bakitnur76mail.ru


Influence of Capital Values Culture of China on  Economy

  Annotation

  In this article, we defined Chinese traditional philosophy and its cultural values, as well as its role in the development of the Chinese economy. In addition, he describes the values of Chinese culture and its positive impact on China's development. At the same time, it was analyzed that the process of globalization affects the culture of business and consumers around the world.

Keywords: Chinese Traditional Philosophy, Corporate Culture,Economic culture .


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 2861

No reviews

Download files

Шәріпқазы 1.docx 0.02 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 94(470)+94(574) Ш. Маржани және қазақ тарихы ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф УДК 39 (=512.122)(560) ҒТАМР 03.41.01 ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (экспедицияда жиналған материалдар негізінде) ҒТАМР 13.11.25 Қытайдың мәдени құндылықтарының экономикаға әсері ӘОЖ 94(100)"12/13": 327 АЛТЫН ОРДАНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ХАНАФИЗМНІҢ РӨЛІ ӘОЖ 94(574) ІЛИЯС ОМАРОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРА ҒТАМР 03.61.91 ЭТНОГРАФ А.Л. МЕЛКОВТЫҢ 1920-жж. ҚАЗАҚСТАНДЫ (ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІН) ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕ ҒТАМР 03.20.00 МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕҢБЕГІ «ТАРИХ-И РАШИДИГЕ» ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ

Author's articles

ҒТАМР 13.11.25 Қытайдың мәдени құндылықтарының экономикаға әсері