Яндекс.Метрика
Home » Materials » 327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

Л.Н. НУРСУЛТАНОВА т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ

327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 3(15), 2018

Tags: саясат, дипломатия, Австрия, Қазақстан, экономика.
Author:
Мақала Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастық сұрақтарын зерттеуге бағытталған. Қазақстанның тәуелсіздігін Еуропалық мемлекеттер, соның ішінде, Австрия да, 1991 жылы танығандығы белгілі. Осы жылдар кезінде экономика маңызды салаларының белгілі нормативтік-құқықтық базасы құрылды. Көлік, өзара инвестицияны қорғау, Акционерлік қоғам және бірлескен мекемелер құру аймағында бірнеше құжатқа қол қойылды. Австриялық компаниялар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, банк жүйесінде жұмыс істейді. Түйін сөздер: Қазақстан, Австрия, дипломатия, саясат, экономика.
Text:

Кіріспе

Тәуелсіздіктің бірінші күндерінен Қазақстан Республикасы (ҚР) Австрия Республикасымен (АР) ынтымақтасуда. Қазақстан мен Австрия арасындағы қатынастар мемлекет басшылары мен сыртқы саяси мекемелердің басшылары кездесулерінің барысында құрылған сындарлы диалог ретінде көрініс табады.

1991 жылы қазанда Вена қаласында ҚР Президенті Н.А. Назарбаев пен АР Федералды Канцлері Ф. Враницкийдің  кездесуі өтті.  1993 жылы 2-3 ақпанда Қазақстан Президенті Австрияда екінші ресми сапарымен болды, оның барысында Федералды Канцлер Т.Клестил және Федералды Канцлер Ф. Враницкиймен кездесті . Келіссөздің басты назары екіжақты экономикалық ынтымақтастық сұрақтарына аударылды.

1993 жылдың сәуір айының соңында Федералды канцлер Ф. Враницкий Қазақстанға жауапты сапарын жасады. Оның барысында үкіметаралық әуеқатынасы туралы Келісімге және Қарағанды металлургиялық комбинатын қайта құруға инвестиция бойынша Меморандумға қол қойылды.

Негізгі бөлім

Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен қатынасының даму перспективалары бұл аймақтың әлемдік экономикалық және саяси орталықтарының бірі ретіндегі консолидациясымен, сонымен қатар, Еуропалық Одақ (ЕО) мемлекет-мүшелерінің экономикалық және саяси интеграциясының жоғары деңгейде  болуымен байланысты.

ҚР сыртқы саясатының еуропалық бағыты Орталық Азия (ОА) аймағының ЕО үшін оның геостратегиялық орналасуына, сонымен қатар, шикізаттық, біріншіден, Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) мемлекеттерінің минералды шикізат көздеріне альтернатива бола алатын энергетикалық, мүмкіншілігіне байланысты басты қызығушылығына негізделген. Сондықтан, Батыс Еуропа мемлекеттері демократиялық институттар дамыту, нарықтық өзгерістер, конфликтік мүмкіншілікті азайту, ОА экономикалық және саяси орналасуды күшейту арқылы аймақ елдерінің тұрақты және прогрессивті дамуына қызығушылық танытады. Түрлі деңгейлерде екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін аймақтық кооперацияны, аймақта және бүкіл әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің белсенді рөлін қолдауды қарастыратын әрекеттер жүргізілуде.

Австрия Республикасы мен ҚР арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату бойынша бірлескен коммюникеге 1992 жылы ақпанда Венада қол қойылды. Құжатқа сәйкес екіжақ арасында достық, сондай – ақ, саяси, экономикалық және басқа да қатынастар орнатылды. Бұл қатынастар Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) принциптеріне және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық туралы Конвенциясына негізделді. Бұл құжатқа сәйкес КСРО өмір сүру тоқтатуына байланысты туындаған барлық мемлекетаралық сұрақтар келіссөз арқылы шешілді, жақтар, сонымен қатар, осы коммюникеге байланысты елшіліктер деңгейіндегі дипломатиялық миссиялармен алмасты [1].

1992 жылы ақпанда Венадағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Австрияға сапары барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. ҚР өндіріс министірлігі австриялық жақпен 500 млн. АҚШ долл. Қарағанды металлургиялық комбинатын бірлесіп қайта құруға және жаңгыртуға бағытталған экономикалық ынтымақтастық туралы Меморандумға келісілді [2].

1992 жылы 19 ақпанда Венада қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум ережелерін, сонымен қатар,  1993 жылы ақпандағы Н.А. Назарбаевтің Австрияға сапары кезінде қол жеткен келісімдерді орындау үшін келесі құжаттарға  қол қойылды:

·  ҚР мен Австрия Республикасы арасындағы әуеқатынастары туралы үкіметаралық Келісім (27.04.93.)

·  Қарағанды металлургиялық комбинатын қайту құруға инвестиция туралы Меморандум;

·  Сауда-экономикалық ынтымақтастық Келісіміне қол қою жайлы алдын ала жазылды және дайын болды  (1993 ж. cәуір);

·  инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы Келісімге жақын уақытта қол қою жайлы келісімге қол жеткізілді;

·  1992 жылы көктемде Австриялық кредиттік линияны ашу жайлы үкіметаралық Келісім. Республика Министрлер кабинетінің 16.10.92.№879 үкімімен 300 млн. АҚШ долл. көлемінде Австрия республикасы кредиттер есебінде инвестициялауды айқындайтын жобалар тізімі бекітілді;

·  1993 жылдың ақпанындағы екі мемлекет басшылары арасындағы келіссөздер барысында австриялық жақ белгілі жобалар бойынша кредиттік линияны ашатындығын растады;

·  Австриялық кредиттер көмегімен Алматыда Біріккен Кәсіпорын (БК) «Рахат» құрылысты бастауы керек болған бесжұлдызды «Марко Поло» қонақ үйін құру жоспарланды. Австриялық Контрольбанк пен Қазақстанның «Алембанк» арасындағы Келісім шарттары бойынша аванс ретінде 15% алдын ала төлем келісілді;

·  Бас мердігер ретіндегі «Фест -  Альпини Анлагенбау» акционерлік компаниясы және «ЭНТЕС» (Түркия), «НИССО ИВАИ» (Жапония) партнер-фирмалары қатысуымен Карметкомбинатта болатты тоқтаусыз құю және пештегі емес өңдеу линияларын құрумен бірге цехті қайта құру басталды, жоба құны 530 млн. АҚШ долл. бағаланды.

1993 жылы шілде мен қараша айларында австриялық «Фест-Альпини» концерн өкілдерімен және Қазақстанның мүдделі министерліктерімен, ведомстволорымен екі жұмыс кеңесі өткізілді. «Әлембанк» және «Австриялық Контрольбанк» арасында қаржы желісін құру бойынша жұмыс жүргізілді, банктер қаржыландыру тәртібі мен шарттарын келісті. Қазанның ортасында комбинатты қайта құру бойынша жұмыс басталды;

- австриялық несие желісі шеңберінде австриялықтар көмегімен 19 объектіні енгізу жоспарланды; оның 15-і шығынның өтелімділігін ұйғарды. Жобаларға қатысқан 50-ге жуық кәсіпорын шағын және орта болды;

- ҚР Үкіметі жас мамандарды нарықтық экономика мен маркетингті оқу үшін Австрияға жіберу туралы шешім қабылдады;

- Веналық Дипломатиялық Академияда дипломатиялық кадрларды дайындау туралы екі жақты келісімге сәйкес 1993-1994 жж. ҚР Cыртқы Істер Министрлігінің (ҚР CІМ) 3 жауапты қызметкері тағылымдамадан және оқудан өтті;

- австриялық несие желісі шеңберінде екі жақпен де қол қойылған келісімшартқа сәйкес австриялық «МАГ» фирмасы Балқашта «Эмальпровод» зауыт құрылысын бастады. Қазақстандық «Әлембанк» және Австрия Республикасындағы «Австриялық Контрольбанк» несие желісінің қызмет етуі үшін Келісім жасады, негізінен ол ҚР СІМ объектілерін салу мен жобаларын қаржыландыруға қатысты [3].

1993 жылы Қазақстанда спорт құрылысы, озық технологияларды ендіру, құрылыс материалдары мен медициналық құралдарды шығару бойынша жұмыс жасайтын 4 құрылыс кәсіпорны тіркелді. 1992 жылы Австриямен сыртқы тауар айналымы 83 млн. $ немесе жалпы республикалық көлемнен 5,6% құрды, экспорт 78 млн. $, импорт  5 млн. $. Қазақстан тарарынан басты сауда әріптестері «Карагандауголь», Ермак ферроқорытпалар зауыты, Ертіс химия-металлургиялық комбинат, «Жезказганцветмет», ПО «Фосфор», Қостанайдағы ет комбинаты болды. 1994 жылы қаңтар мен тамыз аралығында сыртқы тауар айналымы 18553,6 млн. $, экспорт 7048,2 млн. $, импорт 11505,4 млн. $ құрды, 1993 жылмен салыстырғанда 2 есе төмендеу байқалды [4].

1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда 13 құрылыс кәсіпорны тіркелді. Олардың ішінде ең ірілері «Сенім», Алматыдағы «Рахат», Шымкенттегі «Тұлпар-АЮ». Австриялық төрт фирма аккредитациядан өтті: «Цинекс», «Вальтхам», «Вико Хандельс Гмбх», «АСГ Хандельс унд Бетайлигунге Гмбх». ҚР Министрлер кабинеті жалпы сомасы 1 млрд. 823 млн. доллар құратын 34 бастапқы жобалар тізімін анықтап, олардың 18 бойынша келісімшарттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмектерді, медициналық құралдарды, халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін австриялық фирмалармен жалпы сомасы 70 млн. доллар құрайтын келісімшарттар жасалды. Кейін 34 жобадан жалпы сомасы 1034,3 млн. АҚШ долларын құрайтын  25 жоба қалды.

1997 жылы 16 маусымда 55 бірлескен фирмалар өкілдері қатысқан «Қазақстан экономикалық партнер» казақстан-австриялық форум өткізілді. Бұл кезде Қазақстанда 25 австриялық фирма аккредиттелген. Жұмыс, сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы құқықтық базаны жақсарту, басқа салаларда ынтымақтастық бойынша жүргізілді.

Австрия СІМ бастамасы бойынша 1997 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінде (Алматы) 4 000 астам кітап бар «Австриялық кітапхана» ашылды.

1997 жылы 8 мамырда Ф.Шуберттің 200 жылдығына және М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған ресми мерейтойлық ашылу өткізілді, оған «Көктем» атты Алматыдағы №1 музыкалық-хор мектебінің балалар хоры қатысты. 1997 ж. 12 мен 26 мамыр аралығында Алматыда Орталық мемлекеттік мұражайда  «Роберт Кабас және австриялық графика» көрмесі өткізілді.

2009 жылы қазанда Венада Қазастан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» (Kasachstans Weg) кітабы неміс тілінде басып шығарылды.

Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 65 жылдығына орай 2010 жылы Авсрияда қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу Кітабы шығарылды және «Маутхаузен» концлагері территориясында мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

2011 жылы ақпанда болған ҚР Премьер-Министрі – индустрия және жаңа технологиялар министрі А. Исекешевтің Венадағы сапары барысында Қазақстан мен Австрия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың басымдылықтары мен мақсаттары туралы Декларацияға қол қойылды.

2012 жылы 22-23 қазанда Австрия Федералды Президенті Х. Фишер шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Австрия Республикасына ресми сапары болды. Келіссөздердегі орталық орынды казақстан-австриялық экономикалық ынтымақтастықты интенсификациялаумен байланысты сұрақтар алды. Сапар барысында халықаралық жүк көлік тасымалы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Австрия Республикасы Үкіметі арасындағы Келісімге қол қойылды.

2013 жылы мамырда Австрияда Қазақстан мәдениетінің күндері өтті және Веналық концертхауста қазақстандық орындаушылардың үлкен концертімен аяқталды.

2015 жылы 2 желтоқсанда ҚР сыртқы істер министрі Е.Идрисовтың Австрияға жұмыс сапары болды. Федералды президент Х. Фишер мен Еуропа, интеграция және халықаралық қатынастар жұмысы бойынша Федералды министрі С. Курцпен келіссөздер барысында саяси, сауда – экономикалық, мәдени аймақтарда екіжақты ынтымақтастық, сонымен қатар, өзекті халықаралық мәселелер сұрақтары қарастырылды. Е. Идрисовтың сыртқы саясат және қауіпсіздік сұрақтары бойынша ЕО бұрынғы жоғарғы өкілі, Австрия сыртқы істер экс-министрі Б. Ферреро-Вальднер төрағалығымен өткен Венадағы халықаралық қатынастар бойынша Еуразиялық кеңестің Консультативті Кеңесінің отырысына қатысуы барысында әйгілі еуропалық саясаткерлер қазіргі әлем жағдайын және оның одан әрі дамуының жолдарын көруімен бөлісті [5].

2015 жылы желтоқсанда Австрия үкіметі Астанадағы «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесіне қатысу ресми шешімін қабылдады. Австрия Парламентінің бойында Орталық Азия мемлекеттерінен әріптестерімен ынтымақтасу бойынша топ бар. ҚР Сенат Парламентінде Орталық Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Австриямен, ынтымақтасу бойынша топ жұмыс істейді.

2015 жылдың басынан ҚР Елшілігі демеушілер қаражаты көмегімен «Қазақстан маржандары» жобасы іске асырылып жатыр. Оған сәйкес Австрияда қазақстандық музыканттардың концерттері, сонымен қатар басқа да мәдени іс-шаралар өткізілді. Бұл жоба 2016 жылы ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шеңберінде жалғасты [6].

“ЭКСПО-2017” көрмесіне аз дегенде Австрия астанасында орналасқан 5 халықаралық ұйым қатысты. Алдыңғы қатарлы инновациялық компаниялар да өзінің соңғы технологиялық жетістіктерін Қазақстанға әкелді. Штириядағы Қазақстанның құрметті Консулдығында қайта австриялық бизнес-қоғамдастықтың элитасы жиналды. Осындай онша ресми емес жағдайда болашақ маңызды инвестициялық жобалар шешілді. “Жасыл” технологияның дамуы жағынан австриялық компаниялар тәжірибесі үлкен. Ең бастысы, еуропалықтар ынтымақтастыққа ашық және өзінің соңғы шығарылымдарымен бөлісуге дайын.

AVL компаниясын дамыту бойынша директор Ульф Эрбар айтуынша- біз Қазақстанда индустрализацияны дамыту үшін өзіміздің ноу-хау мен технологияны ұсынуға дайынбыз. Бұл болашаққа шын технологиялық итермеліс болуы мүмкін. Біз инвестиция құюға дайынбыз. Шынын айтса, бұл қызығушылық болған ЭКСПО көрмесіне байланысты [7].

2017 жылғы 22 тамыз Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Австрия Республикасының ғылым және экономика федералдық министрлігінің вице-министрі Бернадетт Гайнингердің төрағалығымен экономикалық, ауыл шаруашылығы, экология, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті.

Кездесу барысында, екіжақты күн тәртібіндегі, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасындағы экономикалық ахуал, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы туралы кең ауқымды мәселелер бойынша дәстүрлі пікір алмасылды [8].

Қорытынды

Екіжақты экономикалық ынтымақтастық саласындағы екі жақ өзара тиімді серіктес ретінде қарайтынын айта кету керек. Австрия Республикасы, ең алдымен, Қазақстан Республикасынан энергия жеткізуде мүддеелі, ал Қазақстан

Австрияның алдыңғы қатарлы технологиялары мен ноу-хауында, соның ішінде Австрияда айтарлықтай тәжірибе жинақтаған цифрландыру саласында.

  Көп жақты қатынастар сындарлы диалог пен өзара сенім қағидаттарына негізделген. Тараптар көптеген халықаралық проблемаларды шешуде ұқсас тәсілдерді қолдайды. Австрияның жоғарғы басшылығымен саяси диалог Астанамен саяси және экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға Венаның стратегиялық қызығушылығын көрсетеді. Жақын болашақта саяси, парламентаралық байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ мәдени байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.

  Қазақстан мен Австрия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан уақыттан бері біздің елдеріміз саясат, экономика және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты табысты дамытып, әрі қарай интеграциялауға бағытталған.

Әдебиетттер:

1.  Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты ( ҚР ПМ). 75Н-қ., 1-т,. 83-іс, 5-п.

2.  ҚР ПМ. 5Н-қ., 1-т., 2186-іс, 66-п.

3.  ҚР ПМ. 75Н-қ., 1-т., 83-іс, 20-21-пп.

4.  ҚР ПМ. 5Н-қ., 4-т.,1-іс,12-п.

5.  ҚР СІМ ресми сайты. www.mfa.kz. (Қаралған күні:09.07.2018.)

6.  http://mfa.gov.kz/.(Қаралған күні: 09.07.2018.)

7.  http://24.kz/ru/news/expo/item/93081-krupnye-gollandskie-kompanii-namereny-predstavit-svoj-opyt-na-ekspo-2017.(Қаралған күні: 10.07.2018.)

8.  http://www.mfa.kz/ru/content-view/kazahstan-i-avstria-rassiraut-vozmoznosti-dvustoronnego-torgovo-ekonomiceskogo-sotrudnicestva. (Қаралған күні: 10.07.2018.)

References:

1. Qazaqstan Respwblïkası Prezïdentiniñ Murağatı (QR PM).  75N-q., 1-t., 83-is, 5-p.

2. QR PM. 5N-g., 1-t., 2186-is, 66-p.

3. QR PM. 75N-q., 1-t., 83-is, 20-21-pp.

4. QR PM. 5N-q., 4-t., 1-is, 12-p.

5. QR SIM resmï saytı. www.mfa.kz.(Data obrasheniya: 09.07.2018.)

6. http://mfa.gov.kz/. (Data obrasheniya: 09.07.2018.)

7. http://24.kz/ru/news/expo/item/93081-krupnye-gollandskie-kompanii-namereny-predstavit-svoj-opyt-na-ekspo-2017. (Data obrasheniya: 10.07.2018.)

8. http://www.mfa.kz/ru/content-view/kazahstan-i-avstria-rassiraut-vozmoznosti-dvustoronnego-torgovo-ekonomiceskogo-sotrudnicestva. (Data obrasheniya: 10.07.2018.)

Л.Н. НУРСУЛТАНОВА1

1Д.и.н., ассоциированный профессор, Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева

г. Астана, Казахстан

СОВРЕМЕННЫЕ ОТНОШЕНИЯ МЕЖДУ КАЗАХСТАНОМ И АВСТРИЕЙ

Резюме

Статья посвящена исследованию вопросов сотрудничества между Казахстаном и Австрией. Как известно, европейские страны признали независимость Казахстана в 1991 году, в числе которых была и Австрия. За эти годы сложилась определенная нормативно-правовая база по важнейшим отраслям экономики. Был подписан ряд документов по транспорту, взаимной защите инвестиций, в области создания акционерных обществ и совместных предприятий. Австрийские компании работают в промышленности, в агропромышленном комплексе, банковской сфере.

Ключевые слова: Казахстан, Австрия, дипломатия, политика, экономика.

L.N. NURSULTANOVA1

1Doctor of Historical Sciences, Associate Professor Eurasian National University after L.N. Gumilyov

Astana, Kazakhstan

CONTEMPORARY RELATIONS BETWEEN KAZAKHSTAN AND AUSTRIA

Summary

The article is dedicated to the research of cooperation issues between Kazakhstan and Austria. As you know, European countries, including Austria, recognized Kazakhstan's independence in 1991. Over the years, there has been a certain regulatory and legal framework for the most important sectors of the economy. A number of documents were signed on transport, mutual protection of investments, in the establishment of joint-stock companies and enterprises. Austrian companies work in industry, in the agro-industrial complex, and in the banking sector.

Key words: Kazakhstan, Austria, diplomacy, politics, economics.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 3654

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

НҰРАЛЫ ХАН БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ КІШІ ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ (XVIII ғ. 50-70 жж.) ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР ӘОЖ94(574).084.91+327(574:44) ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың Хиуа және Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары туралы жыраулар шығармашылығында ӘОЖ 341.7 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САУДА -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДЭН СЯОПИННІҢ САЯСИ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ 930.1:94.02/08]574 Тәуелсіздік кезеңіндегі отандық тарихнамадағы қазақ-хиуа қатынастары ӨЗБЕКСТАН – ОҢТҮСТІК КОРЕЯ: КЕЛІСІМДЕРДЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА. 327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАМР 03.20 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫ, АЛТАЙ ӨҢІРІН ОРЫС ШАРУАЛАРЫМЕН ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (мақсаты, барысы, нәтижелері) ҒТАМР 03.20 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ- ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ, БЕЙБІТШІЛІК САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ҰҒЫНЫСТЫЛЫҚ (1991-2013 жж) (тарихи-саяси бағыты) ҒТАМР 03.20 ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ 94(574);930.25 КЕҢЕС НҰРПЕЙІСҰЛЫ НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша) ӘОЖ 930.2:94(574) ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУДАҒЫ РӨЛІ МЕН СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ҰСТАНЫМЫ 1920-1940 жылдардағы Түркістандағы кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы ҒТАМР 11.25.91 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-МАЖАР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ УДК 94(574).084.91:321.7 Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ НЕГІЗІН САЛУДАҒЫ РӨЛІ

Author's articles

327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ