Яндекс.Метрика
Home » Materials » ДЭН СЯОПИННІҢ САЯСИ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

ТЫНЫБAEВA ACEЛЬ әл-Фaрaби атындағы ҚазҰУ 2 курс магистранты Aлмaты, Қaзaқcтaн

ДЭН СЯОПИННІҢ САЯСИ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(14), 2018

Tags: экономика., модернизация, реформа, ҚХР, мемлекет, саяси қызмет
Author:
Мақалада Қытай елінің ұлы реформаторы Дэн Сяопиннің саяси қызметінің қалыптасу жолындағы кедергілер мен оңтайлы тұстарына талдау жасалған. Сондай-ақ, 1978 жылдан бастау алған Дэн Сяопин жүргізген реформалардың негізі мен қағидалары қарастырылған. Социалистік модернизацияға өту жайлы шешім ҚКП ОК 11-ші отырысының ІІІ пленумында қабылданған болатын. Реформа экономиканың ең осал саласы – ауылшаруашылығынан басталды. Содан қала секторына тарады. Мемлекеттік негізі – социализм, бірақ социализм Қытайда ұлттық ерекшелікке негізделіп құрылды.
Text:

Дэн Сяопиннің Қытайдың жоғарғы билігінде отырған кезеңі Қытай Халық Республикасының тарихи дамуының ерекше белесі болып табылады. Бұл дәуірдің аса маңызды ерекшеліктерінің ішінде «сананы босату», мемлекеттің экономикалық күшін арттыру және ұлттық өндірістің тиімділігін арттыру, ашықтық саясаты сынды ерекшеліктерін атап өтсе болады.

Дэн Сяопин өзінің ізбасарларына үлкен мұра қалдырды – бұл өркендеп келе жатқан мемлекет. Ол өзінің жеке тәжірибесі мен ережелерін, «сананы босату», «шындықты фактілерден іздеу», ұлттық ерекшеліктерді ескеру деген сияқты өз қызметінің ең маңызды принциптерін мирас етті.  Оларды пайдалана отырып, бұл мұраны сақтап қана қоймай, сонымен қатар көбейтіп, реформалардың жаңа кезеңіне, постиндустриалды дәуірге Қытайдың кіруіне байланысты шешілмей қалған және туындайтын жаңа мәселелерді шешуге болады.  Оның қызметі мен мұрасының тарихи маңызы – бұл реформалар саясатын жүргізу барысындағы кез-келген ықтимал қақтығыстар орын алса да Дэн Cяoпин бастаған Қытайды трансформациялау процестері мен мемлекетті жаңғыртудың басты бағыттарының өзгермейтіндігі. Сондықтан да, оның кетуі басқа көшбасшылар кеткен кездегі сияқты елдің саясатындағы түбегейлі өзгерістерге әкелген жоқ. Дэн өзінің бастаған реформалар курсының жалғасу негіздерін – экономикалық, саясаттық және идеологиялық жағдайларын алдын ала дайындап кетті.  Сондықтан  Дэн Сяопиннің дәуірі оның өліміне қарамастан тоқтамайды. Реформалар бүгінгі таңда да жалғасуда, ал Дэн Сяопиннің бастаған «қытайлық ерекшелігі бар социализм» әлемдік экономикадағы ең мықты елдердің бірінің дамуының платформасы болды. Дэн Сяопин басшылығымен жүргізілген реформалар тәжірибесі бүкіл әлемде үлкен қызығушылық тудырады.

Дэн Cяoпин Гуанань ауданы, Сычуань провинциясында ауқатты кісінің үйінде дүниеге келген. Дэн қарапайым білім алып, конфуциандықты зерттеді, бірақ өзінің  қатарластарына қарағанда, ол мектеп кезінде-ақ болашақта өз тағдырында үлкен рөл атқарған  француз тілінің негіздерін меңгеріп алды. Он алты жасында Дэн Сяопин оқу және жұмыс жасау мақсатымен басқа қытайлық студенттермен бірге Францияға аттанды.  Бұл 20-шы жылдардың басындағы 4 мамыр қозғалысының әсерімен 2 қытайлық жасөспірімнің туған жердің әлеуметтік жандану және ұлттық азаттық істеріне  қызмет ету үшін  заманауи білім алуға талпынған кез болатын [1].

Оларда  қаражат жеткіліксіз болғандықтан, жұмыс пен оқуды қатар алып жүретін жас жігіттер мен қыздар өзара көмек топтарын ұйымдастырды. Дэн Сяопин де дәл сондай жағдайда Францияға барып, әр түрлі жерде жұмыс істеді: машина жасау зауытында, паровозда от жағушы болып, бір кездері тіпті даяшы болып та жұмыс жасаған.

Алайда  ол оқудан гөрі саясатпен көбірек айналысатын болды. Социалистік жастар одағына кірген ол барлық бос уақытын Франциядағы жетекшісі Чжoу Эньлaй болған коммунистік ұяшықтың бұйрықтарын орындауға жұмсайтын.  Болашақта Дэнның Чжoу Эньлaймен достығы оның өмірінде маңызды рөл атқарды. Қамауға алынбау үшін Дэн Cяoпин Кеңестік Ресейге кетіп 2 жыл революция ғылымының негіздерін меңгеріп, шығыс жұмыскерлеріне арналған  Коммунистік Университетте білім алды. 2 жылдан соң Дэн Cяoпин Қытайға оралып, Коммунистік партияның белсенді қайраткеріне айналды. 30-40 жылдарда Дэн Сяопин Қытай Коммунистік партиясының билік органдарында партиялық кадрларды идеологиялық тәрбиелеу және насихаттау арқылы маңызды орынды иеленеді. Дәл осы уақытта ол партиялық орталықтың шешімдерін бұлжытпай орындап, нақты мәселелердің шешімдерін таба білу және істің сәтті аяқталуын қамтамасыз етуінің арқасында тәжірибелі саяси жетекші ретінде қалыптасты. Оның жетекшілік таланты жапондарға қарсы (1937-1945 жж. ) және ұлт-азаттық (1946-4949 жж. ) соғыс кезеңінде ерекше көзге түсті. Соңғы кезеңді Дэн Сяопин өмірінің ең бақытты кездері деп санаған: «Біз, әлсіздер, мықтыларды соққанда, кішкентайлар үлкендерді жеңіп жатты» – деп жазады ол кейін өз күнделігінде осы соғыс жайлы [2].

Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан кейін, Оңтүстік-Батыс әкімшілік комитетінің төрағысының орынбасары болған Дэн Сяопин жер реформасын жүргізіп, Cычуaнь және Юньнaньды гоминьдан әскерінің қалдықтарынан тазартумен, аумақтарда саясат негіздерін әзірлеумен айналысты. 1952 жылы Дэн Сяопин жұмыс бабымен Бейжің қаласына ауысып, ол жерде Мемлекеттік әкімшілік кеңесі  (кейінірек – ҚХР Мемлекеттік кеңесінің) төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ал 1953-1954 жж.  сол жұмысы мен қатар  қаржы министрі жұмысын жасайды. 1954 жылдан бастап оның Партия орталық комитетінің жетекші органдарында жұмысы басталады: ол Орталық комитеттің хатшысы және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.

VIII cъeздe Қытай коммунистік партиясының ҚХР басшылығының жоғары мүшесі– Орталық Комитетінің Саяси бюросының Тұрақты комитетіне және Орталық Комитетінің Хатшылығының Бас хатшысы болып сайланады. Қытайдың жетекші көшбасшыларының басым көпшілігі сияқты Дэн Сяопин де, өзінің айтуынша,  «үлкен қадам» курсына жауапкершілігін сезінді.  Алайда тез арада ол  саясатының осал тұстарын түсініп, барлық күш қуатымен  жіберген қателіктерін түзеуге кірісті.

60 жылдардың басында оның жеке қатысуымен қала және елдімекендерде дағдарысқа қарсы шаралардың мазмұнын анықтаған құжаттар дайындалды; оның мақұлдауымен ауыл шаруашылығында аулалық мердігерліктің әр түрлі формалары жүргізілді, сол формалардан 70 ж.  соңында 80 ж.  басында қытай елдімекендерінде экономикалық реформа басталған.  

Осы кезде Дэн экономикалық мәселелерді тәжірибелік-прагматикалық тұрғыдан шешу керек екендігін айтып, пікірін мынадай нақыл сөзбен жеткізген: «Мысықтың түсі ақ па, қара ма, бәрібір, ең бастысы, тышқан аулауы керек».

 «Үлкен секіріс» және «Үш жыл аянбай еңбек етсең, мың жыл бақытқа бөленесің!» ұрандары ақталмай, 1962 жылы өндіріс 1960 жылмен салыстырғанда екі есе азайып, астық жинау төмендей бастады [3]. Ескі Қытайды сипаттайтын аштық ҚХР-дағы кеңінен тараған құбылыс болды.  Бұл эксперимент қазіргі уақытта қатаң сынға ұшырады.  Бірақ ол кезде ештеңенің оңай болмағанын және Мao Цзэдун ұсынған курсқа қарсы тұру, халық шаруашылығында басқа ұрандармен қарама-қарсы насихат жүргізу  мүмкін болмағаны барлығына мәлім.  

Дәл сол кезде Дэн Сяопин халық басшысының саясаты жөнінде ой тоқтатып, қысқа мерзім ішінде мемлекеттің қарқынды жетіліп келе жатқан мәселелерін шешу керек екендігін түсінді.  Алайда «мәдени төңкеріс» көшбасшы ойын жүзеге асыруға мүмкіндік бермей, Дэн Сяопин және де көптеген саяси қайраткерлер тұтқынға алынды.  Бұл адамдарға әділетсіз кінә тағылды.  Дэн Сяопинге бірнеше саяси айыптаулар тізімі тағылып хунбэйвиндердің жаппай басылымдарында жарияланған.  Мынадай айыптар тағылған: Партияның бас хатшысы ретінде тиісті өкілеттіліксіз жүргізілген акциялар; Мао Төрағасы лауазымына зиянын тигізген Мао Цзедунның жеке басына табынушылықты айыптауы;  1961 жылы конференцияда Мао Цзедунның идеяларын жоққа шығарып, ауыл шаруашылығында «Мысықтың түсі ақ па, қара ма, бәрібір, ең бастысы, тышқан аулауы керек» ұранын жариялауы; 1963 жылы ғылыми дәрежелер мен атақтар жүйесін енгізуі (ақырында өте қайсар адам болғандықтан Дэн оны қайта енгізді); 1961 жылы 60 пункттен тұратын жоғары білім жарғысын енгізіп, партияның жетекші күшін әлсіретуі; білім беру саласында ақыл-ой және физикалық еңбекті үйлестіруге негізделген Мао саясатын қолдамағаны; мәдениет саласына байланысты Мао сынымен келіспеуі;  Пекин университетінде «революциялық студенттер» сөздерін басуы;  «мәдени революция» барысында жаппай қозғалысты жұмысшылар топтарының көмегімен басуы.

1969 жылы 1-24 сәуір аралығында өткен ҚПК IX cъeзі кезінде де Дэн осындай жағдайда болған.  Съезд дайындығы 1967 жылдың қараша айында басталып, ондағы құжаттарда Лю, Дэн және т. б.  делегат ретінде келуге рұқсат етілмегені жайлы жазылған. Шиеленіскен жағдайлар және саяси апаттар кесірінен съезд екі жылдан кейін ғана ұйымдастырылды.  7 жыл бойы қуғында болып, 1973 жылы 70 жасының қарсаңында Чжоудың қолдауымен ҚХР жетекші эшелонына қайта оралған Дэн Мемлекеттік Кеңес бойынша Чжoу Эньлaйдың орынбасарының орнын иеленді, көп ұзамай Қытай халық-азаттық әскерінің басшысы болып тағайындылды.  Қуғында жүрген кезінде Дэнның өмірі «күресу митингтері», үйде қамауда болу,  Цзянcи провинциясына ауыр жұмысқа жіберілу сынды оқиғалармен сипатталады. 1974 жылдың соңында Чжоудың ауруы асқына бастаған сәттен бастап Дэн Мемлекеттік Кеңес Премьерінің барлық жұмысын атқарды. Осы қысқа мерзім ішінде (1976 ж.  барлық жұмыс орындарынан қайтадан түсуіне дейін) Дэн «мәдени төңкеріс» нәтижесінде пайда болған Қытайдың барлық өмір салаларындағы дағдарыс тереңдігін анық көрді.

Мао нұсқамаларына және бірінің артынан бірі еріп келе жатқан саяси кампанияларға қарамастан ол  Чжoу Эньлaйдың қолдауымен өндіріс, ғылым және білім берудегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар әзірлеп ішінара жүзеге асырды, мемлекет бағдарламалық құжаттарына «төрт саланы жаңғырту» ұранын енгізуіне қол жеткізді.  Алайда бұл жоспарларды жүзеге асыра алмады, себебі бұл кезде елде «ақ және қара  мысықтар жайлы буржуазиялық теорияның авторының» көзін құртуға шақырған бірқатар митингтер өткізілді.  Сипаты бойынша кампания «мәдени төңкерісті» еске салады.  Дэн Сяопинге қайтадан казармалық коммунизмнің жақтастарынан қашып тығылуға тура келді.  Мao Цзэдунның өлімі және оның төрт ізбасарларының тұтқындалуынан кейін  Дэн Сяопин қайтадан еш күрессіз билікке қайта оралды.  Ол бірден реформаларды дайындап, оларды жүзеге асырумен айналысты. Бірақ оның билігі шексіз болмады. Мемлекеттік аппараттың көптеген аса маңызды орындары «мәдени революцияның» арқасында жоғарылаған кадрлардың қолында еді.  Марқұм Маоның аруағы әлі де «елдің арасында жүрді», және ҚКП-ның жетекшілері оның барлық бұйрықтарын орындауды талап етті.

Қытайды рeвизиoнизм және кaпитaлизм жолдарына түсуінен құтқарған «мәдени рeвoлюцияның» қытайлардың өміріне әкелген барлық жаңаны сақтап қалуға жоғарыдан шақыру келді. Қытайлық жетекшілер Мао Цзедун идеяларына сенімдерін сақтайтындарын, сол идеялар ғасырлар бойы қытай халқының өмірін бағыттап отыратын компас қызметін атқаратыны жайлы айтты.  Дэн Cяoпин өзінің ойластырған реформаларын жүзеге асыруды осындай саяси-идеялық жағдайда кірісті.  Оған Мао Цзэдун идеяларынан арылып, аппарат тазарту жұмыстарын жүргізіп, елдегі жағдайды тұрақтандыруға кемінде бес жыл уақыт қажет болды. Барлық міндеттер толығымен орындалды деп айту қиын. Мао Цзедунның саяси нұсқамаларынан бас тарта отырып,  оны әшкерелеп, беделін жоюға және солшылдар көзқарастарын сынауын өрістетуге тырысқанымен, Дэн Сяопин Мао Цзедун идеяларынан толығымен бас тартуды орынсыз деп санады.

Дегенмен, қытайлық коммунистердің басты міндеті – өз ойларын еркін түрде айта білу деп санаған Дэн Сяопин, негізгі Мао догмаларына қарсы шабуыл жасап, көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлерге Қытай мемлекетінің дамуына қатысты әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік тудырды.  Ол Қытай Коммунистік Партиясының жетекшілігінде социализм туралы анық түсінік болмағанын және оны құрудың жолдары мен әдістері жайлы толық түсінік болмағаны туралы ашық жария етті.  Мао Цзедунмен тікелей пікірталасқа түспей, Дэн Сяопин қытай қоғамына өзінің социализм концепциясын ұсынды. Бұл концепциядағы идеялар оның билікке келмей тұрып дұрыс және нағыз социалистік саналған идеяларға ұқсамайтын.  Ең алдымен, ол «кедейлік – бұл социализм, ал байлық капитализмге жетелейді» деген идеядан түбегейлі бас тартты.

Оған қарсы «Байыңдар!» деген ұран ұсынды.  Бұл билеуші рөлі туралы дәстүрлі идеяларға толығымен сәйкес келді.  Қытайдың экономикалық мектебінің көрнекті өкілі Гуань Цзу: «Дана билеуші үшін ең бастысы — алдымен халықты байытып, содан кейін оны басқару» деген екен. Дэн Сяопин социализмге қатысты теңгермелі көзқарастарға да қарсы тұрды. Бір адамдар, аудандар, провинциялар басқаларына қарағанда тезірек байып,  барша адамдар мен жерлердің өркендетуге талпынып, әлеуметтік поляризацияға жол бермей, қоғамның  өте бай және тым кедейлерге бөлінуіне кедергі жасауға тырысу керек екендігін үнемі айтып отырды. Бұл жерде де, Дэн Сяопин кедейліктен емес теңсіздіктен қорқатынын ашып айтты. 1980 жылдардағы реформалардың басталуымен Дэнның көшбасшы ретінде таланты, ақыл-ойы мен тұлғалық ерекшеліктері толығымен көрінді. Дэн Сяопинның билеуші ретіндегі ерекшеліктері 80 жылдардың ортасында-ақ қалыптасқан, оның себебі: қысқы мерзім ішінде елдімекендердегі реформалар нәтижесінде елдің өмір сүру деңгейі жоғарылап, саяси кампаниялар мен солшылдар догматизмінен құтылды. Дэн Сяопиннің абыройы бүкіл халық алдында Мао абыройынан ғана емес, сонымен қатар Қытайда үлкен құрметке ие Чжоу Эньлайдан да аса түсті.  Әрине Дэн ол жағынан хабардар болды.  Бірақ ол жаңа жеке адамға яғни өзіне табынушылық қалыптастыруға барлық күш-жігерімен қарсы тұрды.

Оның жоғары трибуналардан жұрт алдында сөз сөйлеу жеке стилінде, шетел өкілдерімен сөйлесу мәнерінде ешбір жасанды демонстрациялық әсер болмайтын. Онымен кездескендерді, оның әңгіме тақырыбындағы білім тереңдігі, реакциясының өткірлігі, сөйлеу мәнерінің қарапайымдылығы мен кез келген жағдайда, кез келген адаммен өзін бір қалыпты ұстай алатыны таң қалдыратын. Ол әлеуметтік әділеттік үшін күресіп, жемқорлық пен коррупционерлерге қарсы шаралар қолданды, популизм мен популистік қылықтар оған жат болды және ол нарықтық социализм кірістер бойынша теңдіктің патшалығы бола алмайтынын айқын түсінді. Оның көшбасшы ретіндегі ел басқару орындарына дарынды, маңызды мәселелерді шеше алатын, реформалар саясатының жоспарлары мен мақсаттарын жүзеге асыра алатын адамдар таба білу сияқты ерекше маңызды қасиеті бар. Дэн үшін фаворитизм деген жат болды және ол бұл «аурудың» барлық авторитарлық режимдеріне кедергі қоя білді. Оны елдің, партияның, армияның көшбасшыларының аға буынымен байланыстырған тағдырларының ортақтығы және жеке қарым қатынастар. Олармен толығымен келіспесе де олардың пікірлерін ескеру керек деп санаған. Осы қасиеті оның шешім қабылдау стиліне «оң консерватизм» элементін беретін, аса шұғыл жағдайлардан сақтандыратын, оның курсына реформаға дейінгі көзқарастарды қолдайтын халықтың қолдауын беретін. Ол үшін жетекшілердің ең басты қасиеті олардың реформаларға деген көзқарасы болды, және де реформалар тағдыры шешілетін сәттерде ол: «Кім де кім реформаларға қарсы болса, сол адам кетуге тиіс» – дейтін [4].

Бүкіл өмірін социалистік Қытай үшін күреске арнаған Дэн Сяопин тек өз елінің ғана емес, бүкіл әлемнің социалистік болашағына деген сенімін жоғалтқан емес. Бұл сенімге Мао Цзедун және оның жақтастарының феодалдық-фашистік тәртіп орнатқан «мәдени рeвoлюция» кезі де, Кеңес Одағындағы коммунизмнің жеңілуі де нұқсан келтірмеді. Осы оқиғалардың барлығын ескере отырып Дэн Сяопин жаңа қоғам құруда қателеспеу, жаңылыспау, мүлт жібермеу мүмкін еместігін және сол қателіктерден дұрыс сабақ алу қажет деген тұжырымға келеді. Сонымен қатар, оның ойынша, социализм құру барысында мемлекеттің нақты тарихи және ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін әдістер табу қажет. Қытайдығы социализм жайлы көп ойланған Дэн Сяопин, Қытай комунистік партиясының жетекшілері жаңа қоғам құруға кірісерде социализм деген не екенін және оны қалай құру керектігін білмеген деген тұжырым жасады  [5].

Қытай ерекшелігі туралы қате түсінікпен тереңдетілген социалистік идеяның мәнін түсінбегендік солшылдар саясатының қалыптасуына себеп болды. Солшылдардың коммунизмге тез кіру саясаты «халық коммуналарын», «үлкен секіріс» саясатының, одан кейін «мәдени революция» саясатының құрылуына әкелді. Солшылдардың нұсқамаларының кесірінен Қытай бекерге жиырма жыл жоғалтып, ғылыми-техникалық революцияның жемісін пайдалана алмай әлі күнге дейін артта қалып отыр.  Mao Цзедунның қателіктері –социализм идеяларын теріске шығарды. Дэн Сяопин «таза және шынайы социализм үшін күрес» деген ұранмен өткен «мәдени революцияны» әшкерелеп, миллиондаған қытайлықтарға бұл идеяларды жоққа шығарды.

Мао Цзедун өліп, «төрттік банда» құлдырағаннан кейін Дэн Сяопин билікке келген кезде, қытай қоғамында өз ойларын еркін айтуға мүмкіншілік пайда болғанда, біреулер Қытай дамуын капитализм жолына бұру керектігін ұсынса, басқалар Тайвань тәжірибесін мысалға келтіріп, Cунь Ятceннің 3 ұлттық ұстанымын (ұлтшылдық, халық билігі  және халық ізгілігі) алуға кеңес беріп, қауқарсыздығын көрсеткен мaркcизм-лeнинизм ілімінен толығымен бас тартуды ұсынды. Оларға «мәдени рeвoлюция» еш әсер етпеген және Мао Цзедун идеяларына деген сенімдерін жалғастырған партия бюрократтарының тобы қарсы тұрды.  Бұндай күрделі саяси-идеялық жағдайда Дэн Сяопин өзін батыл және де абай, икемді саясаткер ретінде ұстады. Мао Цзедун кесірінен екі мәрте жоғары орнынан айырылған, оған наразы және ыза болуға барлық негізі бар Дэн Сяопин оның 18 банкротқа ұшыраған нұсқамаларынан бас тартуды жөн көрді. Өмірде Мао Цзедунның жеке пікірлері мен нұсқауларын  қолдануды теріс санап, бір жағынан ол Мао идеяларын нақты бір жағдайда пайда болған жеке нақыл сөздер ретінде емес, тұтас жүйе ретінде қарастырған жөн деп мәлімдеме жасап, екінші жағынан ақиқаттың ең басты критерийі ретінде тәжірибені қойып, Мао идеяларын беделінен айырды. Осылайша, Дэн тек Мао Цзедун идеяларын ғана емес сонымен қатар марксизм-ленинизм идеяларын да тәжірибелік тұрғыдан қайта қарастыруға және де Қытайдағы социализм құру тәжірибесін сыни тұрғыдан қайта қарауға жол ашты. Осылайша Дэн Сяопин социалистік идеяның құтқарушысы болып, ескірген және заманауи дәуірдің талаптарына да, Қытайдың ұлттық ерекшеліктеріне де сай келмейтін ережелерден радикалды түрде бас тартпаса социалистік идеяны сақтап қалу және жаңарту мүмкін еместігін жақсы түсінген. Дэн Cяoпинның социализм және оны құрудың жолдары жайлы түсінігі бірден қалыптасқан жоқ.

Елді жаңғыртуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларға кірісе отырып, олардың тәжірибелік даму барысында ол қандай нұсқамалар оң нәтиже беретіндігін анықтады. Практикалық тәжірибенің жалпылануы социализмге деген көзқарастың негізін құрады.  Батыл реформатор болған Дэн Сяопин, ХІХ және ХХ ғасырлардағы басқа да көптеген ойшылдар сияқты, Қытайды мықты өркендеген мемлекетке айналдыруға тырысты. Дэн Сяопиннің ойынша марксизмнің мәні әлемге реалистік көзқараспен қарауда, сондықтан да ол үшін білім көзі үнемі өзгеріп тұратын өмір болып табылады. Оның ойынша саясаткердің міндеті болып жатқан өзгерістерді мұқият есепке алу және сол өзгерістерге жауап беретін желіні дамыту. Дэн Cяoпинның өмірлік философиясы Мao Цзэдунның күресу философиясы сияқты емес. Дэнның тәжірибе философиясының қытай экономикасын өзгертуінің барлық қадамдары практикадан және өндіріс ұйымдастырудың формалары мен әдістерін сақтаудан туындаған.  Оның идеологияға жетелейтін критерийлері – сәйкестік, тиімділік, пайдалылық.

Социализм, марксизм, Мао Цзедун идеялары принциптерін қатаң ұстануды талап етіп, Маркс, Ленин, Мао Цзедуннан бас тартуды қылмыс санаса да, Дэн үшін тәжірибелік табыс, өндірістің өсуі, адамдар өмірінің жақсаруы доктринадан қымбатырақ болды.  Дэн Сяопин социализм негізін салушыларына деген құрметін үнемі ерекше білдіруі оған олардың ілімдеріндегі экономикалық даму талаптарына сай келмейтін ережелерін жоққа шығаруға кедергі жасамайтын. Дэн Сяопинның толық теориялық бағдарламасы жоқ практик, прагматик, оппортунист ретінде танылуы кездейсоқ жағдай емес. Біреулер оны марксизмнің негізгі ұстанымдарына сатқындық жасаған, діннен безген, Мао Цзедун өсиеттерін бұзушы деп атаса, басқалары  реформалар жүргізуде дәйексіздігі және социализм ұстанымдарына адалдығы үшін кінәлады.  Ол өзін реформатордың және консерватордың ерекшеліктерін байланыстыратын реалист деп атайды. Тәжірибе көрсеткендей, жеңісті бекітіп оны халық игіліне пайдалану үшін революционерлер реформаторлар мен ревизионисттерге жол беру керек. Мао Цзедун елді революциялар, көтерілістер, үздіксіз кампаниялармен сілкіндірді. Дэн Сяопин болса өзгеше жетекші болды. Ол биліктен кетуге мәжбүр болған жылдарда, революциялардың жаулап алғандарын тек қана реформалармен бекітуге болатынын жақсы түсінді. Дэн Сяопин теориясы шың ретінде емес, марксизмнің дамуындағы жаңа қадам ретінде, социализм теориясындағы серпіліс ретінде саналады. Мао Цзедун идеялары марксизм-ленинизм ақиқаты мен қытай революциясы практикасының үйлесуі ретінде, ал Дэн Сяопин теориясы сол ақиқаттың Қытайда социализм құру практикасымен үйлесуі сияқты қаралады.  Осылайша, Дэн Сяопин социалистік құрылыс концепциясының негізін салушысы, теоретигі, оның «ұлы жобалаушысы», «ұлы конструкторы» және «ұлы сәулетшісі» болып табылады.  Осылайша Дэн Сяопиннің жойғыш-революционер Мао Цзедуннан жасаушы-реформатор ретінде айырмашылығы көрінеді.

Реформатор ретінде Дэн Сяопин Қытайды капиталистік даму жолына кетіп барады деген айыптаулардан қорықпай, экономикалық жүйенің қайта құрылымдауына және шаруашылық басқарудың жоспарланған әдістерінен нарықтық әдістеріне көшуге қол жеткізді. Консерватор ретінде ол елдің жаңғырту мен жаңару процестері социалистік сипатын сақтап қалуын, коммунистік партия өзінің көшбасшылық позицияларын нығайтуын, пролетариат диктатурасының әлсіремеуін қалады. Ол реформалар басталуынан бастап, кейде оң буржуазиялық либерализмге қарсы шабуылдар күшейтіп ал кейде ортодоксалдық маоизмге қайтып оралуды талап еткен солшылдарға соққы төндіріп, оң және «сол» бағыттарға қарсы үздіксіз күресіп келеді. Оның Қытайдың социалистік жаңғырту әдістері мен формаларына деген көзқарастары осы екі жаққа күресте қалыптасып, бүгінде сол көзқарастар Қытайда «Дэн Сяопиннің қытайлық ерекшелігі бар социализм құру теориясы»  деп аталады. Дэн Сяопиннің социализмді дамытудағы теориялық үлесі 1848 жылы Маркс пен Энгельстің социализмді утопиядан ғылымға айналдырған кезіндегі ой-пікірлердің серпілісімен теңестіріледі.

Дэн Сяопиннің социализм алдындағы жетістігі – дәстүрлі үлгідегі социализмді заманауи, яғни қытайлық ерекшелігі бар социализмге ауыстырғаны болып саналады. Оның теориясы социалистік ғылымдар тарихындағы екінші айтарлықтай секіріс болды. Қытайлық иделогтардың ойынша бұл серпілістің мәні ең алдымен, социалистік экономикаға жоспарланған деген дәстүрлі көзқарастан бас тартып, нарықтық механизмнің социализм ұстанымдарына қайшы келмейтін құбылыс ретінде мойындалуы. Дэн Cяoпин шаруалар мемлекетінде социализм құрудағы сұрақтарға, Маркс пен Ленин шығармаларында да, Мао Цзедун еңбектерінде де жоқ дұрыс жауаптарды таба білді.  Қытай коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 1978 жылдың басындағы ІІІ Пленумы социализмнің дамуына ғана емес, сонымен қатар халықтың қалыпты өмір сүруіне кедергі болған, ескірген идеяларды босатуға жол берді. Мао Цзедунның барлығын қамтыған күрес философиясын тәжірибе философиясы, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеялары, даму және әлеуметтік прогрес идеялары ығыстыра бастады.  Сыртқы әлемнен тұйықтану мен тасалану саясатының орнына  басқа елдермен қарым-қатынас кеңейту және ашықтық саясаты келді. Ескі тәртіптерді қолдаушылармен күрделі күрес барысында және радикалды реформаторлар мен батысшылдар шабуылдарының кесірінен ескі ойлардың жаңа идеялармен алмастырылуы бірден жүзеге асырыла қойған жоқ.

Мао Цзедунның «кедейлік деген кемістік емес, қайта жарылқау» деген идеясын жоққа шығара отырып, Дэн Сяопин кедейліктің ауыр жүктеме болып табылатынын айтып, Маркстың айтқан коммунизм ұстанымдарын жүзеге асыру үшін, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін материалды байлықтың мол болуы керек, ал ол үшін өндірістік күштің өсу қажеттігін айтады. Солшылдар көзқарастарының әсерін жою үшін оған бірнеше жыл қажет болды.

Дэн Сяопин социализмнің артықшылықтары туралы Маркс пен Лениннің көрсеткен принциптері мен ережелері бойынша емес, біріншіден, өндірістік күштердің тұрақты өсуін, екіншіден, мемлекет күшінің нығаюына септігін тигізуді, үшіншіден, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қаншалықты қамтамасыз ете алатыны бойынша бағалағанды жөн санады.

Дэн Сяопиннің 1983 ж.  ғылыми-технологиялық саясат бойынша Бэйцзин форумының шетел қатысушы мамандарымен әңгімесінен: «Біз қытайша  жаңғыртуді жүзеге асырып жатырмыз, біз құрып жатқан социализм қытай ерекшелігіне ие. Біз шынайы жағдайға негізделе отырып, өзіміздің шартымыз бойынша ең алдымен өз күшімізге бағытталамыз. Енді біз дұрыс жолдамыз, халық осыған разы және біз өзімізге сенімдіміз.  Біздің саясатымыз өзгермейді. Өзгерген жағдайда да тек жақсы жаққа өзгереді. Сыртқы әлеммен қатынастарды кеңейту саясаты одан да серпінді болады. Біздің жолымыз тарылмайды, одан әрі кеңейе түседі. Тар жолдың ащысын біз толығымен көрдік. Кері қайтатын болсақ, неге тірелеміз? Тек қана артта қалу және кедейлікке. «Жалпы қазаннан тамақтанудан» бас тарту саясаты өзгермейді.  Өндірістің де, ауыл шаруашылығының да өз ерекшеліктері бар болғандықтан, белгілі бір тәжірибені қабылдауға болмайды. Дегенмен, олар үшін негізгі ұстаным жауапкершілік жүйесінің ұстанымы болып қалады» [4]. Дэн Сяопиннің «жалпы ауқаттылық – болашаққа деген мақсат» екендігі туралы және қазіргі уақытта «кейбір адамдар басқаларға қарағанда байи түсе алады» деген ережесі де социализм туралы дәстүрлі идеялардың бұзылу себептерінің қатарында. «Байыңыздар!» деген ұраны осыған қатысты.  

Дэн Сяопиннің айтуынша 1983 ж. мемлекеттік экономикалық комитетінің және ауылшаруашылық ведомстволардың жауапты жұмысшыларымен сөйлесу кезіңнде айтуы бойынша: «Елдімекендерде де, қалаларда да адамдарға басқалардан бұрын баюына рұқсат беру керек. Адал еңбектің арқасында бай болу заңды. Адамдар мен аудандардың басқаларға дейін байып кетуіне жол беру – жақсы құрал болып табылады.  Бұл жаңа құралды барлығы қолдайды. Ол бұрынғылардан жақсырақ. Мен ауылдарға ірі мердігерлердің келуін мақұлдаймын. Бір сөзбен айтқанда, біздің бүкіл жұмысымыздың дұрыстығын растайтын критерий ретінде, қытайлық ерекшелігі бар социализм құруға, оның мемлекеттің дамуы мен көркеюіне, халықтың бақытты және байлықта өмір сүруіне септігін тигізуі болып саналады» [6].

Дэн Сяопин оның қағидалары буржуазиялық қағидалардан ерекше екендігін түсіндірген. «Социализм кезінде байлық халыққа тиесілі, ол кезде байлыққа деген ұмтылыс жалпы халықтың ауқаттануына ұмтылыс деп есептелінетін» дейді ол 1986 ж. америкалық тілшімен әңгімелесу барысында [7].  Социализм принциптері, біріншіден, өндірісті дамытуға, екіншіден, жалпы баюға негізделген.  Жалпы халықтың тезірек байып кетуі үшін, біз кей адамдар мен аудандарға өмір сүру деңгейлерін басқалардан ертерек жақсартуға мүмкіндік береміз. Сондықтан да біздің саясатымыз қоғамның поляризациясына жол бермеуге бағытталған, біз байлардың одан әрі байи түсуіне, ал кедейлердің төмендеуіне қарсымыз. Шындығын айтқанда, жаңа буржуазияның пайда болуына жол бермейміз». Дэн Сяопиннің әлеуметтік экономиканың көпқұрылымдылығы жайлы ережесі марксизм саласындағы инновациялық серпіліс болып табылады. Мао Цзедун меншік түрлерінің біркелкілігін қолдап, оларды бүкілхалықтық яғни мемлекеттік-бюрократиялық саналуы, оның ойынша, коммунизмге тез арада ауысуына септігін тигізеді [8]. Дэн Сяопин бұл идеядан бас тартып, бүкілхалықтық меншік ретінде экономикадағы жетекші рөлін мойындады.  Экономиканы қалпына келтіріп әрі қарай дамыту үшін нарықтық механизмдерді енгізу қажеттігі бірден жете түсінілген жоқ. Реформалар енгізілер бұрын ұзақ пікірталастар нәтижесінде социалистік шаруашылықтың тауар шаруашылығы болуы тиіс деген шешім қабылданған.  Содан кейін жоспар мен нарықтың үйлесімділігі жайлы концепциясы пайда болды.  Бұл жерде жетекші рөл – жоспарға беріліп, ал нарық екінші орында тұр. Мұндай корреляция ұлттық экономиканың социалистік сипатын сақтау үшін қажетті деп саналды.

Қытай – ірі мемлекет және әлем экономикасы мен бүкіл әлемдегі халықаралық қатынастардың  дамуы осы үлкен мемлекетте орын алып жатқан процестерге байланысты. Дэн Сяопиннің арқасында қытайлықтар қоршаған әлемді және өздерін объективті түрде қабылдай бастады. Қытайдың интеллектуалды элитасының ойынша, ХIХ ғасыр Қытайдың қорланған кезеңі және ХХ ғасыр жаңғыру кезеңі болса, ал XXI ғасыр Қытай халқының шарықтайтын уақыты болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Бeргeр Я.М. КНР. Дecятилeтия пoиcкoв и cвeршeний // AAC. – 2009. – №10. – С. 7-13

2. Бoни Л.Д.  Китaйcкaя дeрeвня нa пути к рынку. В 2-х ч. – М. , 1995. – Ч. 1. – 210 с.

3. Бoни Л.Д. Рынoк в китaйcкoй дeрeвнe (1988-1995). – М. , 1998.

4. Бoни Л.Д., Вoлкoвa Л.A.  Мoдeрнизaция aгрaрнoгo ceктoрa // Китaй нa пути мoдeрнизaции и рeфoрм 1949–1999. – М., 1999.

5. Бoрoх O.Н. Coврeмeннaя китaйcкaя экoнoмичecкaя мыcль. – М.: Восточная литература, 1998.– 295 с

6. Вaртaньян Э.Г. Дэн Cяoпин и экoнoмичecкaя мoдeрнизaция Китaя (изиcтoрии экoнoмичecкoгo рaзвития КНР)// Экoнoмикa уcтoйчивoгo рaзвития. Рeгиoнaльный нaучный журнaл. – 2012. – №10.

7. Винoгрaдoв A.В. Китaй, китaйcкaя цивилизaция и мир. Иcтoрия,coврeмeннocть, пeрcпeктивы. – М., 2003. – № 3. – С. 16-18.

8.  Гaншин Г.A. Экoнoмичecкиe рeфoрмы в Китae: эвoлюция и рeaльныeплoды  – М. : Изд-во вост. лит., 1997. – 204с. 

ТЫНЫБAEВAACEЛЬ

КазНУ им. аль-Фaрaби, магистрант 2 курса

Aлмaты, Кaзaхcтaн

ПОЛИТИЧЕСКО-ГОСУДАРСТВЕННАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

ДЭН СЯОПИНА

РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются основные принципы и сущность реформ, начатые Дэн Сяопином в 1978 г. Решениесоциалистической модернизациибыло принято на третьем пленуме 11-го созыва ЦК КПК в декабре 1978 г. Реформа началась с самого слабого звена экономики сельского хозяйства. Затем она распространилась на городской сектор. Государственная основа социализм, но социализм в Китае строился с учетом национальной специфики.

Ключевые слова: государство, политическая деятельность, КНР, реформа, модернизация, экономика.

TYNYBAYEVA ASSEL

Al-Farabi KazNU, 2-nd year Master’s Student

Almaty, Kazakhstan

STATE AND POLITICALACTIVITIES

OF DENG XIAOPING

Summary

The article deals with the main principles and the essence of reforms, initiated by Deng Xiaoping in 1978. The decision of socialistic modernization was made on the third Plenum of the Central Committee of Chinese Communist Party of the 11-th convocation in December of 1978. The reform was started from the weakest sector of economy (agriculture). Then it was focused on the urban sector. The base of the state is socialism, but socialism in China  has its national characteristics.

Keywords: state, political activity, PRC, reform, modernization, economy.


No comments

To leave comment you must enter or register