Яндекс.Метрика
Home » Materials » 391.745/749 ТАҢБА – ШЕЖІРЕЛЕР МҰРАСЫ

М.Қ. Егізбаева, т.ғ.к., доцент м.а. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР, Алматы қ.

391.745/749 ТАҢБА – ШЕЖІРЕЛЕР МҰРАСЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 3(15), 2018

Tags: таңба, белгі, ұлт, халық, этногенез, ру.
Author:
Мақалада қазақ халқындағы «таңба» сөзінің этимологиясы мен этногенезіндегі орны туралы баяндалады. Қай халықтың болмасын өткен тарихы мен бүгінгі тарихында төл белгілердің атқаратын рөлі зор болып табылған. Қазақ халқының шығу тарихында да сол таңбаларды зерттеу арқылы бұл халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, рухани дүние-танымы т.б. көріп білуімізге болады. Таңба, мөрлер бүгінгі елтаңбаларымыздың тарихи бастауында тұрған мәдени-этникалық мұралар. Сонымен қатар, ерте ортағасырлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерден құрылған қағандық түрік мемлекеттерінде де қолданысының қызметі, оның қолдану аясы мен мағынасы ерекше мәртебеге дейін көтерілгені қарастырылады. Түйін сөздер: этногенез, халық, ұлт, белгі, таңба, ру.
Text:

Таңба сөзінің мағыналық аясы кең, мазмұны терең деп жазады ғалым-зерттеушілер.

«Таңба» дегеніміз – түсіне білген тарихшы ғалымдарға бойына мол сырды бүгіп жатырған тарихи дерек деуге болады. Таңбаның мән-мағынасына байланысты және оның қызметі туралы бұл тақырыпты зерттеуші ғалымдардың да пікірлері әрқилы болып келеді. Ежелгі көшпелілер пайдаланған таңбаларға көне түріктер төмендегідей анықтама берген, «таңба» – ол екі мағынаны білдіреді.

Бірінші – «ру, тайпалардың  белгісі, таңбасы», екіншісі – «қағанның алтын мөр белгісі». Ежелгі көшпелі ру-тайпалардың қолданған таңбаларының мағынасы туралы біржақты пікір жоқ, көне түрік кезеңіне жататын белгілердің мәніне байланысты әртүрлі анықтамалар келтіруге болады.  Бірінші – түрік елінің ең жоғарғы билеушілері  – қаған, йабғу,  шад, тегіндердің елсы. Екінші – чұр, атрхан, бек т.б. билік тұлғалардың таңбалары. Үшінші – ру, тайпа одақтардың эмблемалары (бір таңба және оның бірнеше түрлері). Төртінші – жеке тұлғалық  және аталық отбасылардың  таңбалары  (жеке тұлғалық және малға салатын  ен белгілер) және т.б. [1, 77-б.]. Сонымен қатар, таңбалар әрбір жеке тайпаларды танып, түстеп беретін  белгісі – коды, таңба арқылы тайпалардың шығу тегін, олардың динамикалық бірігуі, бөліну қозғалысын анықтау анықтау ол өз алдына  тағы бір сала [2, 99-б.].  

Қазақ таңбаларының үлгілері қола дәуіріндегі Беғазы-Дандыбай мәдениеті қазбаларынан табылған. Мысалы, әйгілі этнограф-тарихшы Ә. Марғұлан осы кезеңнің мәдени ескерткіштері арасынан бағаналы руының таңбасына ұқсас белгі көргенін жазады. Бір ғажабы, таңба ұғымы көптеген  түркі халықтарының  ортақ екені байқалады.

Белгілі  түріктанушы ғылым В. Радлов бұл ұғымының мағынасын «белгі», «ру таңбасы», «мөр» деген сөздермен ашады. Өте еретедегі тасқа қашалып жазылған жазба деректегі  нұсқаларындағы мәні де осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді. А.Дж. Эмре мен А.Н. Кононов сияқты ғалымдар  «таңба» сөзінің  түбірі «там» – күйдіру, өртеу, жағу деген естістік деп  есептейді. Бұл қисынға келетін  тәрізді.  Қырғыз тілінде де «там»  тұтану,  от алу деген ойларды береді. Ол қазақ тілінде де «тұтан», «жан» деген сөздердің синонимі.

Ал мөр  ретінде билік белгісі сипатында көрінетіні белгілі. Ел тұтқасын  ұстаған,  оның мемлекеттік  істерін  жүргізіп  отырған бедел иесінің  биліктік  нышаны деп қарасақ та, ой төркіні тереңде жатқанын  аңғару қиын емес.  Таңба, мөрлерге бүгінгі елтаңбаларымыздың  тарихи бастауында  тұрған мәдени-этникалық мұралар тұрғында қарайтынымыз содан. Таңбалық нышандар, әдетте, тайпаның, рудың  бүтін ел  құрамындағы  халықтардың қасиет  тұтқан наным-сенімдерімен, арман-аңсарларымен астасып  жатқан киелі белгілерден тұрады [3].

А. Мектептегі: «Таңба» сөзінің мағыналық аясы кең, мазмұны терең. Таңба – ақпарат сақтау мен таратудың коды. Осы шифрдың кілтін таппаған бөгде жұртқа қазақтың ішкі сырын ұғу мен рухани-этникалық құрылымын игеу жұмбақ күйінде қалған деп жазады. Көшпелі төрүктердің  табиғаты  атқаратын әмбебап қызметі сан қырлы.  Таңба ұғымының бастапқы мағынасы «ойлап табу, тану» дегенді білдіріп, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани астары қат-қабат қызмет атқарған. Келе-келе түрлі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайдың ыңғайына қарай ілкі «құпиясы» ұмытылып, қосалқы ру-тайпа таңбасына, сиволдық белгіге ауысқан. Бертін келе таңба мал-мүліктің тиесілі қожайын-иесін аңғартатын мағына үстеген. Таңбадан қазақ тіліндегі «теңге», «тамғашы, таңбашы» ұғымдары пайда болды. Көшпелі төріктердің мәдени ықпалы кезінде көрші елдерге кең тараған «теңге, танга, деньги», «тамғашы-таможня» сөздері славян тілінің акустикалық-артикулляциялық ерекшелігіне сәйкес бейімделіп, сөздік  қорына әбден орнықты [4, 2-б.].

Ерте ортағасырлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерден құрылған қағандық түрік мемлекеттерінде де  қолданысының қызметі, оның қолдану аясы мен мағынасы ерекше мәртебеге дейін көтерілді. Таңбалар әсіресе, әкімшілік басқару жүйесінде, сыртқы саяси және басқа да мемлекет істерінде қолданыста болғандықтан, бірегей қызмет атқарды.

Тамға – белгілердің  ру тайпаларды танып білуде зор роль атқаратыны баршаға мәлім. Қазақ Совет энциклопедиясында тамға жөнінде мынандай деректер беріледі: таңба, тамға ерекше белгі, мөр. Таңба түркі тайпаларында ежелгі заманнан-ақ қолданылған. Күлтегін тас жазуында түркі хандарының таңбасы басылса, орхондағы, оданда ертеректегі ескерткіштерде де таңбалар бейнеленген.

Рашид ад-Дин жазбасыда Өгізханның баласы Күнхан тұсында руларға бөлініп берілген белгі деп тұжырым жасалады. Таңба көбінесе жылқыға, түйеге басылған, сонымен қатар, ру басылары герб және мөр ретінде қолданған. Хальфиннің 1822 жылы қазанда таңба татар тілінде басылған Шыңғысхан мен  Ақсақ Темір өмірі деген жылнамасында: «Шыңғысхан әрбір бекке арнайы таңба, құс, ағаш ұран үлестірген. Ол Қоңырат би оғл Сенкелеге: әй-Сенкеле, сенің ағашың – алма ағаш, құсың – сұңқар, ұраның – Қоңырат, таңбаң – ай болсын! Сол сияқты, үйсін Майқы биге де «Таңбаң сырың болсын», - депті. Бірақ этнограф ғалымдардың тұжырымдауынша таңба біреулердің үлестіруінен емес, әр рудың шыққан тегіне, туыстық жақындық жағдайына қарай берілген. Мәселен, рулық қатысы көп заманнан бері жойылып біткен шығыс-фин тайпаларында бұрынғы семьядан отауланып, қонысын бөлектеген жаңа семья сол бұрынғы семьяның таңбасына қосымша сызық, белгі соғып пайдаланған [5] .

Қазақ  руларының таңбасы да осы жорамалға сай келеді. Рашид ад-Диннің, Н. Аристовтың таңбалары ұқсас, сәйкес рулардың түбі бір деген пікірі де осыдан туған. Мысалы, Ұлы жүздің Дулат тайпасының таңбасы – О, шежіре бойынша онымен  туған Албан тайпасының таңбасына бір сызық О, Суанға екі сызық О, ал Дулаттан тараған Ботпай, Шымыр, Жаныс, Сиқым таңбалары да осындай [6, 548-549 бб.].

Байырғы белгілер жүйесінде ерекше категорияға ие болған таңбаның қолданыс аясы мен функционалдық қызметіне ден қойған зерттеушілер таңбаның түп төркіні түркі – монғол тілдерінен бастау алатындығын айтады.

Таңбаның негізгі түрлері:

а) малға басылатын меншікті білдіретін таңба;

ә) мемлекеттік немесе жеке мөр таңба.

Қазақ арасында таңбалау дәстүрі Тәуке хан заманында (шамамен XVII ғасырдың 50-жылдарының басы -1715 ж., кейбір зерттеулер бойынша, 1717-1718 жж.) жолға қойылған үрдіс болды. Алғашқылардың бірі болып бұл мәселеге назар аударған А.И. Левшиннің пайымдауынша, Тәуке ханның (шамамен XVII ғ.-дың 50-жылдарының басы – 1715 ж., кейбір зерттеулер бойынша, 1717-1718 жж.) билігі тұсында барлық мал-мүлікті белгілеу үшін қолданылған (қ. Жеті Жарғы). Малдарды міндетті түрде  Есім хан (1598-1628 жж.) мен Тәуке хан (шамамен XVII ғ.-дың 50-жылдарының басы - 1715 ж., кейбір зерттеулер бойынша, 1717-1718 жж.) реформаларының тұсында іс-тәжірибеге еніп, бірізділікке түскен болуы керек. Ол туралы қазақтың дәстүрлі әдеттік құқығының кодификацияланған қағидаларының жинағы – «Жеті Жарғының» бізге жеткен нұсқаларының арнайы баптарында айтылады. Мысалы, «Жеті Жарғының» Г.Гавердовский және А.И. Левшин жариялаған, сондай-ақ атақты Саққұлақ биден жеткен нұсқаларында әрбір рудың өзінің таңбалары мал-мүліктің кімге тиесілі екендігін ажырату үшін (А.И. Левшинде, 34-бап) немесе ру-тайпа арасындағы дау-дамайды азайту мақсатында (Г. Гавердовскийде, 15-бап) малдарына өздерінің таңбасын міндетті түрде басу қажет екендігі міндеттелген. Саққұлақ бидің нұсқасында: «әр рудың ұраны, таңбасы болсын. Таңбалары малының сол санына басылсын», - деген бап (113-бап) кездеседі. Бұл жайтты малдың көшпелі ортада меншік қатынасының негізгі объектісі болғандығымен түсіндіруге болады [7, 343-б.].

Байырғы түрік халқының билеушілері құрған еуразиялық ауқымдағы құдыретті империясының мәдени жетістіктерінің айқын айғағы –  жазулы үнсіз мәдени куәгерлері еліміздің шығысынан бастап Алтай, Тарбағатай, Ұлытау және Алатау, Мерке қатарлы киелі де қасиетті тауларда, Ертіс, Сырдария, Талас, Жем сынды өзендердің бойында кездеседі. Алуан түрлі  мен белгілер безендірілген ескерткіштерде иелік меншікті білдіретін әйгілі  «қаған» сынан  бастап қарапайым белгілердің  Қазақстанмен шекаралас қазіргі Моңғолия жерінің Арханғай, Бұлғын, Төв, Баян-Өлгий және тағы басқа аймақтарында  кең таралған [8, 1-б.].

Таңба – малға, көбіне жылқының санына  күйдіріліп  басылатын айырым белгісі ретінде  де қолданылғаны жөнінде жоғарыда келтірілді. 

Байырғы түрік халқының таңбаларына толыққанды талдау жасау үшін, осыған дейін танылған барлық деректерді топтастыру және оларды жүйелеу арқылы жаңа ізденістер жасау қажет. Бұл бастама ғылымда өзге де мүмкіндіктерді барынша пайдалану арқылы ұзақ уақытты қажет ететін зерттеу екендігі түсінікті. Байырғы түріктердің және қазіргі түрік тілді халықтардың ен-таңбаларының бір ерекшелігі – олардың нақты заттық – бейнелік атауы қатарында (аспан денесі атаулары – күн, ай, жұлдыз және т.б., мал шараушылық атаулары – мүйіз, тұяқ, табан, жүген, ер-тұрман және т.б., жарақтық зат атаулары – қару, үй бұйымы, әшекейлерде – садақ (жақ), оқ (жебе), балта, тарақ, айна, сырға және т.б.) бар. Таңбалаудың семантикалық кеңістігі зор әрі, мағынасы да күрделі [9].

Белгілі бір қазақ руы басқа тайпалардан өзіндік белгілері арқылы ажыратылған. Сондай белгілер аса құнды мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа берілген. Әр рудың тамғасы мен «ұраны» (елді жауға қарсы дайындалсын деген белгі) болған.

Әдетте таңбаларды қоршағаған ортамен байланысына қарай: белгілер, бейнелер, символдар деп үшке бөледі.

Умбертто Эко «Знакь» атты  зерттеу кітабында да  айтып, оны алты топқа бөледі.  «знакь»  signum – латын тілінен аударғанда белгі, нұсқа, мөр деген мағына т.б.  береді де, мынандай мағыналар үстейді.

1 (белгі бір заттың екінші бір затқа әсер етуі арқылы адам санасы қабылдаған белгі, нышан);

2) жеке тұлғаны анықтауда көрсететін нақты белгілер;

3) көңіл күй білдіретін дене қимылдары;

4) акустикалық жол арқылы шығып, белгілі бір мағынаға ие тілдік;

5) дыбысқа қосымша мағына үстейтін  кез-келген визуальды элемент (алфавит, типографиялық белгі нота, морза әліппесі),

6) мағынаға ие жай ғана графикалық белгілер (сандар, химиялық, физикалық формулалар, теңіз флоты, әскери бөлімдер т.б.) [10, 59-б.].

Өздерінің  күрделі этникалық  тарихи даму жолдарында  нақты деректерді тым аз қалдырған қазақ рулары мен тайпалары өзіндік таңбаларымен  ерекшеленеді. Рулық немесе тайпалық таңбалар  мөрлерде  де кездеседі. Сондықтан таңбалардың тарихын  зерттеудің де маңызы зор. Мұны  жекелеген  зерттеушілер, атап айтар  болса, А. Левшин, Ш. Уәлиханов  Л. Мейер, А. Харузин, Н. Аристов, Н. Гродеков  М. Тынышпаев  С. Аманжолов және т.б. жақсы түсінеді. Алайда олар өмір сүрген кезеңдегі  саяси әлеуметтік ақуал  және  тарихи білімнің жеткіліксіз деңгейі, бұл мәселеде іргелі де  салмақты  қоырытындылар  жасауға  мүмкіндіктер бере қойған жоқ. Сондықтан да рулық таңбалық тайпалардың шығуы туралы әр түрлі көзқарастар орын алды [3].

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Меңілбаев Ғ. Еуразия құрлығындағы ежелгі көшпелілердің таңбалары //  Абай атын. ҚазҰПУ Хабаршысы. - Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. - 2010. - №4 (27).

2.  Меңілбаев Ғ. Ежелгі түркі және  қазақ руларының таңбалар тарихының сабақтастығы // Абай атын. ҚазҰПУ Хабаршысы. - Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. - 2005. - №2 (41).

3.  Қартаева Т., Қатран Д. Музейлік электрондық сөздік. – Алматы, Қазақ университеті, 2016.  - 300 б. 

4.  Мектеп-тегі А. Ру Таңбалары – ұлы мәдениет таңбасы //  Мәдениет.  - 2009. - № 4.

5.  Мыңжасар Т. Шежірем сыр шертсе. – Тараз, 2015.

6.  Қазақ Совет Энциклопедиясы. – Алматы, 1977. –  549 б.

7.  Қазақтың этнографиялық  категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: DPS. - 2011. - 253 б.

8.  Аманжолов А. К генезису тюркских рун // Вопросы языкознания. - 1978. –  №2.

9.  Меңілбаев Ғ. Қазақтың «бай» ұғымы мен ру-тайпаларының тарихы // e-history.kz, 2014. 

10.   Нұрмагамбетова Г.Б. Таңба және ұлттық таным болмысы // ҚазҰУ Хабаршысы. - Филология сериясы. – 2006. - № 5.

Paidalangan adebiyetter

1. Menilbaev G. Eurazıya qurligindagi ezhelgi köshpelilerdin tanbalary // Abay atin. KazUPU Xabarshysi, Tarih zhane sayasi-aleumettik gilimdar seriyasi. - 2010. - №4 (27). 
2. Menilbaev G. Ezhelgi turki  zhane kazakh rularynyn tanbalar tarihinyn sabahktastygy // Abay atin. KazUPU Xabarshysi, Tarihzhane sayasi-aleumettik gilimdar seriyasi. - 2005. - №2 (41). 
3. Kartaeva T. Katran D. Muzeylik elektrondik sozdik. – Almaty, Kazakh universiteti, 2016. - 300 b.

4. Mektep-tegi A. Rutanbaları – uly madeniet tanbasi // Madeniet. - 2009. - № 4.
5. Minzhasar T. Shezhirem syr shertse. – Taraz, 2015.
6. Kazakh Sovet Ensiklopediyasi, – Almaty, 1977. –  549 b.
7. Kazahktyn etnografïyalyhk kategoriyalar, ugymdar men ataularynyn dasturli zhuyesi. Ensiklopediya. – Almaty: DPS. - 2011. B. 253.
8. Amanzholov A. K genesis turkskihk run // Voprosi iyazikoznaniya. - 1978. – №2.
9. Menilbaev G. Kazahktyn «bai» ugymy men ru-taipalarinyn tarihy // e-history.kz, 2014. 
10. Nurmagambetova G.B. Tanba zhane ulttykh tanım bolmysy // KazUU Xabarshysy. - Filologiya seriyasi. – 2006. - № 5.

М.К. Егизбаева, к.и.н., и.о. доцента КазНУ им. аль-Фараби, ҚР, г. Алматы

ТАМГА – родословная  наследие

Аннотация

В статье рассматриваются этимология и роль знаков в этногенезе казахского народа. У каждого народа, как в прошлом и так и настоящем существовала знаковая система, игравшая значительную роль в материальной и духовной культуре народа. Дается истографический обзор этногенеза знаковой системы казахского народа, история развития тамги и родовых знаков. Символы и марки – это культурное и этническое наследие нашего исторического наследия. В нем также рассматривается особый статус деятельности ранних тюркских племен и этнополитических тюркских народов в тюркских государствах, его масштабы и значение.

Ключевые слова: этногенез, народ, нация, знак, тамга, род.

M.K. Egуzbaevа
Associate Professor of KazNU al-Farabi, RK, Almaty

Abstract

TAMGA - PEDIGREE OF HERITAGE

The article deals with the etymology and role of signs in the ethnogenesis of the Kazakh people. Each nation, as in the past and so and the present, had a symbolic system that played a significant role in the material and spiritual culture of the people. We give a historical review of the ethnogenesis of the sign system of the Kazakh people, the history of the development of tamgas and patrimonial signs. Symbols and stamps are the cultural and ethnic heritage of our historical heritage. It also considers the special status of the activities of the early Turkic tribes and ethnopolitical Turkic peoples in the Turkic states, its scope and significance.

Key words: ethnogenesis, people, nation, sign, tamga, genus.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 4995

No reviews

Download files

Егизбаева Макала прав вар.docx 0.04 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) Өзбек және қарақалпақ халықтарының этномәдениеті УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 94(470)+94(574) Ш. Маржани және қазақ тарихы 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары 94(574):314 Риддер қаласының тарихы және әлеуметтік даму жағдайы ӘОЖ 391.745/749 Түркі және славян халықтарының әдет-ғұрыптарындағы ұқсастықтар (қазақ және орыс халықтарының негізінде) ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.) 391.745/749 ТАҢБА – ШЕЖІРЕЛЕР МҰРАСЫ ӘОЖ 39(574) ТАҢБАЛЫ ЖАР ЕСТКЕРТКІШІНІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ АЛАШ ТАРИХЫ - ТҰЛҒАЛАР ТАҒДЫРЫНДА: Жетісулық Алаш қайраткері Ыбырайым Жайнақовтың тарихи келбеті 929.624.8+398.347 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАМР 03.20.00. ӘОЖ 92959 (574) ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚТАР: ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Author's articles

391.745/749 ТАҢБА – ШЕЖІРЕЛЕР МҰРАСЫ