Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

Ильясова К.М., Байманов А.А. 1 Т.ғ.к., доцент, 2 Магистрант. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

ҒТАМР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1(21), 2020

Tags: әскерге шақыру, қуғын-сүргін, Иосиф Лесман, Сағыр Камалов, тарих, мәдениет, музыкант, (Ғалымжан Әбсәламов), скрипкашы, Әлім Алмат, Ташкент, Темірбек Жүргенов, Алматы музыкалық училищесі
Author:
Мақала қазақтан шыққан алғашқы қос скрипкашының бірі Әлім Алматтың (Ғалымжан Әбсәламов) музыкант ретінде қалыптасуы мен білім алу жолындағы белестерін көрсетуге арналған. Оқиғалар желісі Алматыдағы Қазақ музыкалық училищесіндегі оқу үдерістеріне сәйкес 1933-1939 жылдар аралығын қамтиды. Скрипкашы Әлім Алмат туралы алғашқы мәліметтер, бізге тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жетті. Алайда, бүгінге дейін оның жеке өмірі мен қызметіне қатысты ресми құжаттар жеткіліксіз, өмірбаяны да айтылған тарих (oral history) ізімен жазылған. Ол туралы жарияланған көлемді мақалалар, очерктер мен кітаптардың барлығы дерлік естеліктер мен сұхбаттарға негізделген. Ал оның студенттік өмірі туралы аздаған мәліметтер, музыкалық училищеде бірге оқыған тағы бір талантты қазақ скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың естеліктерінде ғана кездеседі. Олар екеуі де 1930-40 жылдары Алматыға уақытша жіберілген бір топ скрипкашы-педагогтардан білім алған, ресейлік скрипкашылар Иосиф Лесман мен Евгений Антопольскийдің мектебінен өткен. Олардың бірі орыс скрипкашылар мектебінің негізін қалаушы Леопольд Ауэрдің шәкірті болса, екіншісі француздық скрипкашы Жак Тибоның шәкірті. Вундеркинд-скрипкашы Е. Антопольский Париж консерваториясын бітірген. Алматы музыкалық училищесі Қазақстандағы екінші деңгейлі кәсіби оқу орны болған. Ресейлік скрипкашылардың елімізге келуі, өнер адамдарына тиімді болды, Қазақстанда скрипкалық педагогиканың негізі қаланды.
Text:

Кіріспе. Тағдырдың тәлкегімен өткен ғасырдың 50-жылдары Франциядан Түркияға қоныс аударған скрипкашы Ғалымжан Әбсәламов (07.04.1917 (Ырғыз) – 02.02.2018 (Стамбул) құжат рәсімдеу кезінде аты-жөнін түрікшеге ыңғайлап, Әлім Алмат деп өзгерткен. Есімін шежіремен, яғни Әлім руымен де байланыстырады, ал тегін үшінші атасы Алматтан алады. Оның естеліктеріне сүйенсек, ата-анасы совет үкіметі кезінде баласының нақты туған жылын жасырып, үш жылға үлкейтіп көрсеткен. Көпке дейін бұқаралық ақпарат құралдарында солай жазылды. Өйткені Әлім Алматтың өмірбаяны да ресми құжаттарға негізделмеген.

Десек те, стамбулдық скрипкашының өмірі мен өнер жолына қатысты қызықты мағлұматтардың басым бөлігін, туған өлкесі Ырғыздан (қазіргі Ақтөбе, бұрынғы Торғай облысына қарасты) тараған Алмат әулетінің ұрпақтары береді. Солардың бірі Роман Рахиевтің айтуынша, үлкен атасы Алмат немерелеріне есім бергенде, оның алдына «Әбді» сөзін қосып отырған, арабшадан аударғанда «мәңгілік, шексіз» мағынасын білдіреді. Әкесінен ерте айрылған Ғалымжан, 3 жасынан бастап атасы Төремұраттың тәрбиесінде болады. Әбсәлам Төремұратов та ел басқару ісіне араласып, болыс атанған. Азамат соғысы жылдарында кеңестік-партиялық биліктің өкілдері Ұзақбай Құлымбетов пен Әліби Жангелдиннің құпия бір кездесуін Ырғыз маңындағы өз үйінде өткізген. Бұл оқиға туралы Ұ. Құлымбетов: «советтерді ұйымдастыру жұмыстары кезінде, Әбсәлам Алматовтың ауылындағы алашордашылардың қолына түсіп қала жаздағанын, сонда Әбсәламның өзін жасырып, қашып кетуіне көмектесіп жібергенін» жазған (Құлымбетов, 2016: 48).

Ғалымжан Әбсәламовтың нағашы жағы да осал болмаған, отбасы едәуір ауқатты тұратын Жүргеновтер әулетімен жақын араласқан. Өкінішке орай, кәмпескелеу жылдарында қудаланған Қара Жүргеновтің мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылады. Дәл осы кезеңде Қараның баласы, Темірбек Жүргеновтің қоғамдық-ағартушылық қызметі шыңына жеткен еді. Ол Ташкент қаласындағы Қазақ педагогикалық институтының директоры болады. Ел басына қиын-қыстау күн төнгенде, алыстағы ағайындар балаларын ел асырып, оқуға жібереді. Осылайша, Ғалымжан мен оның туған ағасы Файзолла Ташкентке оқуға келеді. Бұл Ғалымжанның өнер жолындағы алғашқы қадамы болатын

Материалдар мен әдістер. Егер мәселеге тарихи хронологиялық тұрғысынан келсек, Әлім Алмат туралы алғашқы мәліметтер Мария Шоқайдың 1958 жылғы «Менің Мұстафам» атты естелігінде кездеседі. Соның «Екінші рет тұтқындалуым» деп аталатын бөлімінде «скрипкашы Әлім Алматтың Германияға келгенін, оның өте жақсы скрипкашы екенін, оған консерватория бітіргені туралы дипломның керектігі, оның Мәскеу (Алматы болу керек – К.И) филормониясының студенті болғанын, соғыстың кесірінен оқуын аяқтай алмағанын айта келіп, өзінің Әлімді Париждегі Рахманинов атындағы орыс консерваториясына жаздырғанын, бірақ оның профессор Андреевті педагог ретінде ұнатпағанын, мәшһүр бір француз профессорынан жеке сабақ ала бастағанын, экстерн ретінде емтиханға кіріп, емтиханды жақсы тапсырып дипломын алған соң Түркияға кеткенін, сонда үйленіп, ресми қызметке тұрғанын, сол жақта жеке дәрістер беріп, музыкант педагог ретінде үлкен табыстарға жетіп жүргенін» жазады (Шоқай; 1999: 509-510). Осы ретте қосарымыз, Әлім Алмат өз анасындай көрген Мария Шоқайды «anne» деп атап кеткен, онымен бірге Париж маңындағы Ножан-сюр-Марн қаласында екі жылдай тұрған. Сондықтан болар, Мұстафа Шоқайды көрмесе де, көргендей күйде болған, оның аманатын арқалаған жан болатын.

Келесі мәліметтер Әлім Алматпен Алматыдағы музыкалық училищеде қатар оқыған, соғыстан кейінгі жылдары советтік Қазақстанның тұңғыш скрипкашысы атанған Әйткеш Толғанбаевтың естелігінде айтылады. Көп жылдар бойы жаппай саяси қуғын-сүргіннің ауыр азабын тартқан Әйткеш Толғанбаев, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына 3 беттік ресми хат жазады, әділдікке қол жеткізеді (ҚР ОМА. 2235-қ., 1-т., 14-іс, 1-3 пп.). Алайда, ол бір жылдан кейін дүниеден озады, сол жылы естелік-кітабы жарық көреді (Толганбаев, 1993:112).

Әйткеш Толғанбаев Алматыдағы музыкалық училищенің алғашқы директоры, жазушы, драматург, «Ер Тарғын» операсының либреттосын жазған Сағыр Камаловтың басшылығы кезінде оқыған. Бір күні ұстазы, әрі скрипкашылар бөлімінің меңгерушісі Иосиф Антонович Лесман, оған музыкалық сауаттылығын көтеру үшін жоғары курс студенті Ғалым Әбсәламовты бекітіп береді. Сол кезде өткізген оның әрбір сабағы жаңалықтарға толы болған. Сөйтіп, ол Ғалымжаннан опера, симфония, оратория, балет сияқты жаңа музыкалық жанрлар туралы біліп, музыка әлеміндегі – тембр, гармония, регистр, динамиканы үйренген (Толганбаев, 1993:10). Осылайша, өзімен бірге «барын бөліскен И. Лесман, Л. Хамиди, А. Жұбанов, М. Әуезов, И. Коган, Ф. Мансуров, А. Дзыгар, М. Костылев және басқа да ұстаздарымен бірге жоғары курс студенті Ғ. Әбсәламовтың есімі қатар аталады. Қарап отырсақ, төменгі курс пен жоғары курста оқыған қос музыканттың жас айырмасы 7 жас екен, Әлім Алмат 1917 жылғы, Айткеш Толғанбаев 1924 жылғы.

Өте маңызды мәліметтер 1996 жылы скрипкашы Әлім Алмат пен оның әйелі Еділ ханымның Стамбулдағы үйінде кездесіп, Мария Шоқайдың аманатын арқалаған мұстафатанушы Бахыт Садықованың мәліметтеріне сүйенсек, Әлім Алмат «1947 жылы Париждегі Мария Яковлевна Шоқайға хат жазып, Франция консулдығы арқылы Париж консерваториясына ауысады. Францияға виза алған 1948 жылдан бастап 2 жыл Париж консерваториясының скрипка бөлімінде оқыған, 1950 жылы бітіріп шығады. Мария Яковлевна Әлім Алматты жылы жүзбен қарсы алып, жас жігіттің музыкаға деген бейімін байқап, оның скрипкада ойнайтындығын ерекше бағалаған» (Садықова, 1996). Автор осы кездесуден кейін Әлім Алматтың Стамбулдағы өмірінен бірқатар мағлұмат беретін, Мария Шоқайдың Әлім Алматқа жазған 18 хатын жариялайды (Садықова, 2001: 126-137). Бірақ, кері байланыста болған Әлім Алматтың Мария Шоқайға жазған хаттары жарияланған жоқ, беймәлім.

Бір қызығы, Гүлнар Дулатованың соңғы естеліктерінде де скрипкашы Әлім Алматтың есімі аталады. Ол туралы алғаш рет 1960 жылдары қимас досы Ғайникамал (Кәмаш) Бекбаева айтқан. Ол өзінің Ғалымжан Әбсәламұлымен Алматының өнер училищесінде бірге оқығанын, оның талантты музыкант болғанын алға тартып, «әттенген-айы, соғысқа алынып оралмады, естуімше, немістердің қолына тұтқынға түсіпті», - деп қынжылған екен. Сол кезде Әлім Алматтың кинооператор ағасы Файзолла Әбсәламовтың бейнесі көз алдына келіп, онымен бір рет жүздесіп қалғанын жазады  (Дулатова, 2012: 173-174).

Әлім Алмат туралы кеңестік кезеңде танылған қос әнші Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер де естелік қалдырған. Соғыстан кейін атақты әнші Мүсілім Абдуллин радиодан сөйлеген бір сөзінде Ғалымжанды еске алып, оның соғыс кезінде тұтқынға түсіп, сол жердегі тұтқындардан құрылған оркестрге алынғанын, содан өнерімен аман қалғанын, кейіннен Түркияға көшіп, сол жақта Әлім Алмат тегімен жүргенін» атап өткен (Ахметова, 2016: 429).

1996 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта Әлім Алматтың жеке өміріне қатысты әртүрлі деңгейдегі сұхбаттар бұқаралық ақпарат құралдарында көп жарияланды. Солардың ішінде Қ.Бегмановтың «Стамбулда тұратын шежіре қарт Әлім Алматпен әңгіме» (Бегманов, 2011) және Б.Мырзабайдың «Тірі қалғаным Темірбек ағайдың арқасы» (Жүргенов, 2014: 411-414) атты мақалаларды ерекше атауға болады.

Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес компаративтік, тарихи талдау негізінде жинақтау, жүйелеу, бірізділік, сараптаумен қатар логикалық ой қорыту, тарихи салыстырмалық және хронологиялық-проблемалық, абстрактілік, нақтылық сияқты ғылыми танымның әдістері мен тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар скрипкашы Әлім Алматтың өмірі мен өнер жолына қатысты материалдар мен құжаттар жүйеленіп, тарихи-құрылымдық тұжырымдамалық талдау әдісі пайдаланылды. Зерттеу барысында негізгі теориялық және фактологиялық мәселелер объективтілік тұрғысынан қарастырылып, тарихилық және өркениеттік қағидалар басшылыққа алынды.

Талқылау. Скрипкашы Әлім Алматтың өмірі мен өнеріне қатысты әртүрлі жанрдағы материалдарды тарихи тұрғыдан қарастырып, жүйелеу, сараптау, аударма жұмыстары тарихшы К. Ильясованың зерттеулеріне арқау болды. Автор ресми құжаттардың болмауына қарамастан, қолда бар материалдарды қайта зерделеп, Әлім Алматтың өмірбаянын толықтырды (Ілиясова, 2016:151-153).

Сонымен қатар «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында Стамбулда зерттеу жұмыстарымен айналысып, Әлім Алмат туралы жаңа материалдар жинақтайды. Алғаш рет бұл материалдар «Ұлы Отан соғысының» 70 жылдығына орайластырылып, журналист Ж.Самраттың «Өнерімен өлімнен тірі қалған» атты мақаласында жарияланды (Самрат, 2015). Зерттеуде тарихтың толқынымен шетел асқан «Әлім Алматтың кейінірек әлем жұртшылығына музыкант ретінде танылғаны» (Аяған, 2014) көрсетіледі.

Жарты ғасырлық саналы өмірін Стамбулда өткізген талантты музыкант, скрипкашы Әлім Алматтың өмір жолына арналған «Айтылған тарих немесе Стамбул жазбалары» атты кітап жарық көреді (Ілиясова, 2016:175). «Әлім Алматтың күнделікті өмір тарихы», «Мария Шоқайдың Әлім Алматқа жазған хаттары», «Айтылған тарих немесе Стамбул жазбалары» деп аталатын үш тараудан тұратын бұл кітапта Әлім Алматтың әскери борышын өтеу мерзімі аяқтала салысымен, бірден майданға аттанып кеткенін, көп ұзамай соғыс тұтқынына айналуы, ауыр азапты күндерді бастан кешіріп, Түркістан легионы арқылы 1943 жылы Берлин консерваториясына оқуға жіберілуі, бұл қаланы да бомбалау басталған кезде Вена консерваториясын паналауға мәжбүр болғаны, ал соғыстан кейін Мария Шоқаймен байланысып, Париж консерваториясына оқуға түсуі, оны бітірген соң Түркияға қоныс аударғаны, сөйтіп Стамбул симфониялық оркестрінде скрипкашы, музыкант болғанын айқындайтын оқиғалар қамтылған. Бұл кітаптың басты жаңалығы Tarik Minkari-нің «Yoldas Alim`in defteri» атты кітапшасындағы (Мinkari, 1999: 31) мәліметтер бойынша, оның екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі жол картасының (Польша, Германия, Австрия, Франция) анықталуы болды. Екіншісі, түркі әлеміне танымал Мұстафа Шоқаймен қатар эмиграцияда болып, бейбіт заманда шетелдерде дәріс оқыған профессор Заки Валидимен байланысын көрсететін бір факт, яғни Әлім Алматтың Вена Ғылым Академиясы мұрағатындағы таспа негізінде «Zeki Velidi kuyu» (316 s. Resim №17) атты шығармасын жазғаны болды. (Prоf. Zeki Velidi Togan, 1969: 631). Үшіншісі, мұстафатанушы Бахыт Садықова жариялаған Мария Шоқайдың Әлім Алматқа жазған хаттары қазақшаға аударылды (Ілиясова, 2016:74-90). Жоба ретіндегі бұл кітаптың тұсаукесері Әлім Алматтың ұрпақтары көп шоғырланған Ақтөбе қаласында өткізілді. Араға екі жыл салып, бұл кітап ақтөбеліктердің бастамасымен баспадан қайта шықты (Ілиясова, 2018: 204).

Нәтижелері. Қазақстанның батыс аймағындағы Ырғыз өңірінен шыққан Ғалымжан Әбсәламовтың музыкалық білім алуы Ташкенттен басталады. Осындағы Қазақ педагогикалық институтын басқарған нағашы ағасы Темірбек Жүргенов, оны музыка училишесінің скрипка бөліміне түсіріп, 2 семестр оқытады, ал ағасы Файзолланы Мәскеудегі кинооператорлар дайындайтын оқуғажібереді (Мырзабай, 2014: 411-414).

Алайда 1933 жылы республиканың сол кездегі басшысы Л. Мирзоянның шақыруымен Темірбек Жүргеновтің ҚазАКСР Халық ағарту комиссары қызметіне ауысуына байланысты, Ғалымжан Әбсәламов оқуын Алматыдағы музыкалық-театр техникумындағы скрипкашылар бөлімінде жалғастырады (Мырзабай, 2014: 261).

Осы жылы Ғалымжан мен Файзолла оқу демалысына шығып, Алматыдағы ағасы Т.Жүргеновке жолығады. Ол сонда Файзоллаға «Огонек» журналын көрсетіп, «Ғ.Әбсәламов – Өзбекстанның ең үздік оқыған, талантты музыкант баласы» деп жазылғанын зор мақтанышпен айтады (Мырзабай, 2014: 411-414). Өкінішке орай Ұлттық кітапхана қорындағы «Огонек» журналының 1920-1937 жылғы тігінділерінен бұл дерек табылмады, басылым сандары да толық болмай шықты.

Қазақстандағы алғашқы кәсіби музыкалық оқу орнының тарихына қысшаша шолу жасасақ, училище Қазақ Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1931 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен құрылған. «Қаулыға сәйкес осы жылдың күзінен бастап Алматыда музыкалық-драма училищесі ашылады және оған жұмысшылардың, кедейлердің, шаруалар мен колхозшылардың балалары қабылданады». Келесі 1932 жылы 23 сәуірде «Әдеби-көркемдік ұйымдарды қайта құру туралы» Жарлық шығып, осы жылдың қыркүйегінде Алматыда музыкалық-театр техникумы (қазіргі П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі) ашылады. Бұл Қазақстандағы музыкалық білімнің дамуындағы маңызды кезең болды. Арнаулы оқу орнының бірінші директоры Сағыр Камалов, ал директордың орынбасары қызметін Ахмет Жұбанов атқарды.

Алғашқы студенттер қатарында Ғазиз Дугашев, Шабал Бейсекова, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Қапан Мусин, Галина Чумбалова және т.б. болды, кейіннен олар Қазақстанның музыка өнерін өркендетуге қызмет етті (Чайковский, 2020).

Осылардың ішінде Ғазиз Дугашев, Қапан Мусин, барлығы 18 студентпен бірге, Ғалымжан Әбсәламов та скрипка мектебінің негізін қалаушы профессорлар И.А. Лесман, Е.П. Антапольскийдің сыныбында білім алады (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 7-іс, 12-п.).

Қазақ музыкалық училищесінің скрипкашылар сыныбындағы әрбір оқушының тұлғалық және музыкалық талантын дамытуға ат салысқан энтузиаст-педагог М.А. Кравец сабақ береді. Алматыға 1934 жылы келген И.Л. Рыктың сыныбында Ғ. Дугашев, А. Нұрбаев, Н. Лапченков оқиды, біраз  уақыт композитор Қ.Қожамияров та оқыған. Одан кейін Алматыға 1935 жылы келген скрипкашы Иосиф Лесман, атақты скрипкашы Леопольд Ауэрдің дәстүрін жеткізуші, Қазақстандағы скрипкалық білім беру саласына қомақты үлес қосқан ерекше тұлға болды (Жумабекова, 2013: 121-122). Кейін ұстазы Л. Ауэрдың «Скрипка ойнаудағы менің мектебім» («Моя школа игры на скрипке») атты еңбегіне түсініктемелер жазып, «Ауэр туралы естеліктерім мен ойларым» («Мои воспоминания и мысли о Л.С. Ауэре») атты қолжазбасын қалдырған (Суханова, 2019: 116). Міне, қазақтан шыққан тұңғыш қос скрипкашы Ғалымжан Әбсәламов пен Әйткеш Толғанбаевтың музыкант ретінде биіктерді бағындыруы, өнердің шыңына шығуы, өміршеңдігі, ең алдымен советтік кәсіби скрипкашы-педагогтардың мектебінен өтуі болды.

Олар 1936 жылғы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің онкүндігіне арналған дайындық жұмыстарына да қатысқан. Тіпті Ғ.Әбсәламов сол онкүндікке барған топтың құрамында болған. Ол өз естеліктерінде «таңертеңгі сағат 9.00-дан басталатын дамылсыз репетицияларға Темірбек Жүргеновтің жиі қатысатынын, театрдың Мәскеуге «Қыз Жібек» операсымен барғанын, Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Құрманбек-Шара Жандарбековтердің есінде қалғанын, үлкен театрдағы ложада отырған И.Сталин мен оның сол жағында 3-4 адамнан кейін Темірбек ағаның отырғанын, концерттердің зор аншлагпен өткенін, соңынан И. Сталин, Л. Мирзояндардың қатысуымен зияфет (банкет) берілгенін, Күләштің ән салғанын» ерекше сезіммен жеткізеді (Жүргенов, 2014: 411-414).

Мәскеудегі онкүндіктің алғашқы күндері скрипкашылардың Алматыдағы музыкалық училищесінің талантты оқушыларының бірі – жас скрипкашы Бибіғайша Тілеутабылова да өнер көрсеткен (Правда, 1936). 

Ғалымжан Әбсәламов студенттік өмірі туралы Қасымхан Бегмановқа берген тағы бір сұхбатында, қазақтың тұңғыш театр режиссері Жұмат Шаниннің баласы Рауытбек Шанинмен бірге оқығанын, тіпті жатақхана бөлмесінде екі жыл бірге тұрғанын айтады. «Рауытбек скрипкада ойнаған. Мәскеуден бітіріп келген. Өкпе ауруымен ауырған, бәрі оны Реми деп атап кеткен. Әке-шешесі бірдей ұсталғаннан кейін ол жатақханаға көшеді. Ғалымжан Әбсәламов сол кезде жатақхана кәсіподағының төрағасы болған, жеке бөлмеде тұрған. Рауытбекті жанына алады. Онымен екі жыл бірге тұрады. Бірақ, соңғы жылдары ауруы қозып, әбден титықтатады. Амал жоқ, ауруханаға апарады, ол сонда қайтыс болады. Үйленіп те үлгермеген»  (Бегманов, 2011).

Студент кезінде Ғалымжан Әбсәламовтың өзі де «халық жауының» туысы ретінде қудаланып, оқудан шығарылған. Соған қарамастан, жеке басын қатерге тіге отырып, «халық жауының» баласына қамқорлық жасайды, бөлмесінен бір орын береді. Мұның бәрін оның бойындағы батылдығы мен жұдырықтай жүрегінің кеңдігімен түсіндіруге болады.

Ғ. Әбсәламовтың естеліктерінде: «1937 жылдың жазында «халық жауларын» жаппай ұстау басталды. 1938 жылы жазғытұрым «19 халық жауының» атылғаны туралы газеттерге жазылды. Ұ. Құлымбетов, I. Қабылов, Т. Жаманмұрынов, Ж. Сәдуақасов, Т. Жүргеновтердің фамилиясы есімде қалыпты. Театрдың директоры да айыпталды. Ұзамай мынадай оқиға болды. Мен оқитын музыка училищесіне партия ұйымының секретары (атын ұмыттым) келіп, комсомол жиналысын ашып, «араларыңда халық жауы бар, өзі шығып сөйлесін», - деді. Жиналысқа қатысушыларда үн жоқ. «Сөйлемесе, мен сөйлетем, Ғалымжан Әбсәламов, тұр орныңнан. Сен «халық жауы» Т. Жүргеновтің туысқанысың, ол саған талай қамқорлық жасаған», - деді. Бұрын дос болып жүргендердің бірталайы мені кінәлап сөйледі. А. Жұбановпен бірге гастрольге шығып Ырғызда қалып қойған Абыл ағай да (немере туыс ағасы) ұсталып, атылды. «Мен оқуға түскенде 14-15 жасар баламын, саясаттан хабарым жоқ, жастай әкемнен жетім қалғанмын», - деп ақталғаныма қарамай, мені комсомолдан, оқудан шығарып жіберді. 3 ай оқу да жоқ, жұмыс та жоқ, сандалыпжүрдім. Ешкім хабарласқан жоқ, не іздеген де адам болмады» - дейді (Бегманов, 2011).

Ғалымжан Әбсәламов негізсіз жаламен оқудан шығарылғанын айтып училищеге қайта хабарласқанымен, «Әзір ешқандай шешім қабылданған жоқ. Біздің қолымыздан ешнәрсе келмейді. Бір хабар болып қалар, күт», - деген сырғытпа жауап естиді. Әділетсіздікке шыдамай бірде жазушы Ғабит Мүсіреповтің үйіне барады. Оны ептеп танығандықтан, болған жағдайдың барлығын айтады. Ол училищеге телефон шалып, Ғ. Әбсәламовтың оқудан неге шығарғанын сұрайды. «Ол комсомолдан шықты. Билетін өз қолынан тастап кетті. Сол үшін оқудан шығарылды» - деген жауап алады. Кейін сол жауап берген адамдарды да 2-3 күннен кейін ұстап алып кеткен» (Бегманов, 2011).

Бұл уақытта Ғабит Мүсірепов Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы өнер істері Басқарма бастығы қызметін атқарған. Оның есімі Т. Жүргеновтің Ташкенттен Алматыға ауысуына түрткі болған тұлғалардың бірі ретінде аталып қалады. Архив құжаттарында Ғабит Мүсіреповтің қолы қойылған, 1938 жылғы 15-мамырдағы № 193 бұйрығы сақталған. Онда жаңа музыкалық білім беру ұйымдарын құру және қолданыстағы оқу орындарын қайта құрылымдау комиссиясын құру жөнінде айтылған. Ғ. Мүсіреповтің қолымен Комиссия төрағалығына Найденов және оның құрамына Еркимбеков, Жасақбаев, Страшкова, Волков, Круглыхин және Лазарева бекітілген (ҚР ОМА. 130-қ., 1 –т., 1-іс, 37-п.).

Осы құрылған комиссияның жұмысы нәтижесінде 1938 жылдың 2-шілдесінде музыкалық-театр техникумы екіге бөлініп, қайта жасақталады. Оның бірі театр бағытындағы мамандар даярлайтын оқу орны болса, екіншісі музыкалық училище болды. Соңғысына 1940 жылы П. Чайковскийдің 100 жылдық мерейтойына байланысты композитордың есімі беріледі.

Училищенің құрылуы мен қалыптасуы тарихында КСРО-ның орталық қалаларынан келген жоғары білікті мамандардың орны ерекше аталады. Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, Үлкен театр дирижері П. Чугунов, Свердлов консерваториясының профессоры П. Преображенский, Минск консерваториясының профессоры Г. Петров, Ленинград композиторы Евгений Брусиловский, Мәскеу консерваториясының түлегі Дмитрий Мацуцин, скрипкашылар: Л.С. Ауэрдың скрипкашылар мектебінен шыққан Петербург консерваториясының түлегі Иосиф Лесман, Париж консерваториясының түлегі Евгений Антопольский сынды көптеген білікті музыканттар қызмет атқарған (Чайковский, 2020).

1933-1935 жылдары Алматы музыкалық-театр техникумында Ахмет Жұбанов та дәріс оқыған және оқу ісінің меңгерушісі міндетін қатар атқарған. Ол тұңғыш рет казақ тілінде «Музыкалық сөздік» құрастырады, музыкалық кабинет һәм казақ халық аспаптарын жетілдіру жөніндегі тәжірибелік шеберхана ұйымдастырады. 1934 жылы домбырашылар ансамблін кұрады. Онда Науша Бөкейханов, Ғанбар Медетов, Лұқпан Мұхитов, Абыл Маханов сынды домбырашылар өнер көрсетеді. Осы негізінде қазіргі Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрі пайда болады.

1935 жылы А. Жұбанов Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі қызметіне ауысып, дирижерлікті да қатар атқарады (Рсалдин, 1966: 27-42).

Училищеде 1935 жылдан 1937 жылға дейінгі аралықта ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз) сыныбы болған. 1937 жылы бұл сынып «ұлттық аспаптарды оқытудың музыкалық жүйеге негізделмеуіне және білікті оқытушылардың жеткіліксіздігіне байланысты» деген сылтаумен жабылып қалады.

Қазақ мемлекеттік филармониясында А.Жұбановтың жетекшілік етуімен алғаш рет 1939 жылы ұлттық аспаптарда ойнау ноталық жүйеге түсіріледі, музыкалық туындыларды ұлттық аспаптар ансамблімен жоғары деңгейде орындау жолға қойылады. Осыған орай ұлттық аспаптарды шебер меңгерген кәсіби мамандарға деген қажеттіліктің туындағаны анық.

Бұл сұранысқа сәйкес кәсіби мамандарды даярлайтын бірден бір оқу орны – Алматыдағы Қазақ мемлекеттік музыкалық училищесі болды. 1939-1940 оқу жылына арналған оқу жоспарына сәйкес ұлттық аспаптар сыныбы іске кірісуі керек еді. Алайда оқу ғимаратындағы бөлмелердің аздығына байланысты оқу үдерісі кейінге қалдырылады. Архив құжаттары бойынша «музыкалық училищенің оқу ғимаратында барлығы 7 бөлме болған. Олар жеткіліксіз болғандықтан, училище басшылығы осындай қажетті іс-шарадан уақытша бас тартуға мәжбүр болады. Қолданыстағы үш бөлім (оркестр, фортепиано, вокал) бөлменің жетіспеушілігінен таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін үш ауысымда жұмыс істейді. Егер училище қосымша ғимаратпен қамтамасыз етілген жағдайда, дирекцияның педагогикалық-әдістемелік бөлімі бірінші кезекте ұлттық аспаптар сыныбын ұйымдастыруға кіріседі. Ұлттық аспаптар сыныбына жетекшілік ету үшін директорат А. Жұбановты (ұлттық аспаптар бойынша маман) шақыруды ұсынған» (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 19-іс, 3-п.).

Бұл мәліметтер А. Жұбановтың ұлттық аспаптарды өзгелерге мойындата отырып, қазақтың рухын жаңғырту арқылы ұлттық сананы сақтап қалу жолындағы қызметін айқындайды.

Қазақ халқының музыка саласын дамытуға, еліміздің әр өңірінен жиналған талантты жастарды тәрбиелеуге, жалпы қазақ мәдениетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан музыкалық училищенің алғашқы ұстаздарын айналып өту мүмкін емес. Архив құжаттарында музыкалық училище қабырғасында 1937 жылы сабақ берген ұстаздардың тізімі сақталған. Олар: З.Б. Иванова – фортепиано, О.О. Узинг – виолончель, М.С. Плотников – тромбон, сольфеджио, үрмелі оркестр, И.В. Круглыхин – труба, музыка теориясы, өндірістік практикадан өткізу, Д.Д. Мацуцин – гармония, музыка талдауы, сольфеджио, С.В. Смирнов – флейта, үрмелі аспаптар ансамблі, М.И. Окунь – фортепиано, бөлім әдіскері, Г.Н. Петров – фортепиано, хор және арнайы дайындық, Е.П. Антопольский – скрипка, квартет және ансамбль, Сквирский – скрипка, кам. ансамбль, Михайлов – скрипка, Лебедев – контрабас, Федоренко – фотепиано, Чумбалова – фотепиано міндеті және концертмейст, Смитрович – коцертмейст, Васильев – кларнет, Чернышев – гобой, Дашевский – фагот, Хомченко – ұрмалы аспап, Рыжкова – мінд. фотепиано, Мизонов – жеке ән айту мен вокалдық ансамбль, Гуцаловская – жеке ән айту, Коробой – сахна мәдениеті, Прянишников – музыка тарихы, Ахметов – математика, география, Кардакова – орыс тілі, Акчалов – қазақ тілі мен әдебиеті, Гильдебрандт – шет тілі мен әдебиеті, Валиханов – физика, Панчук – жаратылыстану, химия, Сулеев – тарих, Полежаев – әскери іс, Сторожев – дене шынықтыру, Дятлов – әскери ансамбль, Зирих – ғылыми әдіскер. Олрадың барлығы дерлік КСРО-ның түкпір-түкпірінен келген өзге ұлттың өкілдері болса да, советтік Қазақстан мәдениетін дамытуға өз қолтаңбасымен келген өнер тарландары еді. Қазақ мемлекеттік музыкалық училищесінің 1938-1940 жылдардағы директоры Шалавин, ал оқу ісі жөніндегі меңгерушісі И.В. Круглыхин болды (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 5-іс, 13-п.).

1932-1940 жылдар аралығында музыкалық училищенің оқытушылары елде қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды еңсере білді, адал қызмет етті. Шығармашылықпен айналысатын өнер адамдарының да ой еркіндігі қатаң шектелген кезең болатын. Соған қарамастан, училище басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, оқу үдерісіне қатысты ғимараттың тарлығы, музыкалық аспаптардың жеткіліксіздігі, ескі аспаптармен жұмыстың тым өнімсіздігі сияқты мәселелерге қатты алаңдаушылық білдіріп, оларды оңтайлы шешу үшін орталыққа ұсыныстар жеткізіп отырған.

Оқу үдерісімен қатар училищедегі студенттердің мәселесі де күрделі жағдайда болды. Училище басшылығы оларды шешу жұмыстарына студенттердің өздерін тартады, солардың ішінде Ғалымжан Әбсәламов та болған. Ол оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсетіп, алғырлығымен, еңбекқорлығымен, тиянақтылығымен көзге түседі. Сөйтіп училище жатақханасында кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланады. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, олардың тәртібі, айлық шәкіртақысын төлеу, сыйақылар тағайындау сияқты әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді талқылап, шешу үшін училище басшылығы, студенттердің кәсіподақ төрағасы ретінде Ғ. Әбсәламовты міндетті түрде комиссия құрамына кіргізеді (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 16-іс, 9-п.).

Архив құжаттары бойынша Ғ. Әбсәламовтың сабақ үлгерімі де жоғары болған. Мысалы, 1939-40 оқу жылындағы 139 студент емтихан комиссиясының қорытындысына сәйкес келесі курсқа көшіріледі. Оның ішінде дайындық курсынан – 19 адам; I курсқа ауыстырылғандар – 25 адам; II курсқа ауыстырылғандар – 51 адам; III курсқа ауыстырылғандар – 16 адам; IV курсқа ауыстырылғандар – 14 адам; V курсқа ауыстырылғандар – 6 адам және курсты анықтау үшін күзге дейін қалдырылған студенттер саны – 8 адам құрайды.

Ғалымжан Әбсәламов (құжаттарда Абсолямов) V курсқа көшірілген 6 адамның тізімінде бар, әскер қатарына шақырылуына байланысты соңғы оқу жылын жедел оқыту түрінде аяқтаған.

Осы 139 студенттің 11 студенті 4,6-5 балл аралығында баға жинап, үздік студенттер қатарына кірген. Олар: О. Федоров, Полумискова, Круглыхина, Чумбалова, Гаврилин, Мохова, Вайхенстрюк, Орлова, Мальцева, В. Богуславонский, Р. Богуславонский. Барлығы славян ұлт өкілдерінен болған. Қазақ студенттерінің көрсетілген үздіктер тізіміне енгізілмей қалуының негізгі себептеріне, тілдік кедергілер мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендігін атауға болады. Соған қарамастан, музыкалық училищенің V курс студенті Ғалымжан Әбсәламов 4,6-4 балл аралығында нәтиже көрсеткен екпінді студенттердің көшін бастап тұрған. Тізім бойынша Ғалымжанмен бірге бірнеше қазақ студенттерінің аты-жөні кездеседі. Тізім бойынша 4,6-4 балл алған екпінді студенттер қатарында Абсолямов, Емельянов, Глущенко, Бутина, Ерзакович, Тулепеков, Гулякова, Нурбаев, Хан, Светанев, Лапченко, Исламов, Доскужаев, Жиембаева, Беккулов, Ахметова, Ишимов, Мусурманкулов, Кириенко, Дружевенская, Волков, Короткий, Пиркин, Гурьянова, Гориков, Шинтасова, Караталова, Лалин, Юсупов, Капров, Хайрулдин, Қасымбеков, Ильясов, Исмаилов, Ластаева, Иванова, Лангер, Горелобок, Молчанов, Судакова, Досымжанов, Жаубасаров, Мусин, Иманбаева, Абишев. Барлығы 45 адам болған.

Жалпы 3 баллдан төмен студенттер қатарында Амаров – 2,9; Чемакин – 2,8; Қульбаев – 2,9; Якименко – 2,7. Ал екі және одан да төмен «қанағаттанарлықсыз» баға алған студенттер саны – 26-ға жеткен.

Сонымен қатар сабақтан себепсіз қалған, түрлі дәлелдермен, мысалы денсаулығына байланысты сабақтан қалған студенттер туралы мәліметтер де берілген. Олардың ішінде педагогикалық кеңеске шақырылған студенттер, тіпті оқудан шығарылған студенттер тізімі көрсетіледі. Бірақ, бұл тізімде Ғалымжан Әбсәламовтың аты-жөні жазылмаған (ҚР ОМА. 130-қ., 21-т., 17-іс, 4-п.).

Ғ. Әбсәламовтың училищеден аластатылса да, оқуын жалғастыруға Қазақ КСР ХКК жанындағы өнер істері Басқармасын  басқарған Ғабит Мүсіреповтің тікелей ықпалы болуы мүмкін. Себебі жоғарыда айтылғандай, Әлім Алматтың бір естелігінде, 1937-38 оқу жылында басталған қудалау, тергеу істері кезінде оның оқудан қол үзіп қалғаны, кейін әділдік іздеп Ғабит Мүсіреповке барған кезде, оқу мәселенің бақылауға алынғаны айтылады.

Іс-қағаздада училищенің жарты жылдық есеп беру хаттамасы да сақталған. Мысалы, 1939-1940 оқу жылының бірінші жарты жылдығында өткізілген академиялық кештер – 2; есеп беру – 1; концерттер – 3; үрмелі оркестрдің өнер көрсетуі – 8, барлығы – 14 іс-шара, бұған қосымша 3 педагогикалық кеңес және академиялық концерттерден кейінгі 2 талқылау ұйымдастырылған  (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 17-іс, 2-п.).

Міне, осындай қыруар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарының басы-қасында оқытушылармен бір шепте талантты студент Ғалымжан Әбсәламов та болған. Соғыс қарсаңындағы қиын жағдайға қарамастан, жарты жыл ішінде оннан астам іс-шараны ұйымдастыру, академиялық кештер мен есеп беру концерттерін өткізу, әрине сол кезде үлкен дайындықты, үздіксіз ізденіс, шығармашылық жұмыстарды талап еткені сөзсіз.

Ғалымжан Әбсәламов профессор Иосиф Лесманның, содан кейін Е.П. Антапольскийдің скрипкашылар мектебінен өткен. Оқу барысында бірнеше концерттерде, шағын пьеса қойылымында өнер көрсетеді. Архив құжаттарында 1939-1940 оқу жылының жоспарында Е.П.Антапольский сыныбындағы 18 студенттің тізімі берілген. Олар: Дугашев, Әбсәламов (Абсолямов), Глущенко, Плахин, Лобанов, Сугатов, Коппаев, Имамбаев, Курбаев, Мусин, Шумейко, Васильев, Богуславский Р., Богуславский В., Лапченко, Абишев, Шанин, Циркин болды (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 18-іс, 12-п.).

Ғ. Әбсәламовтың соңғы оқу жылындағы бір құжатта, 1939 жылы 13 қазанда шыққан № 185 бұйрық бойынша Жұмысшы-шаруа Қызыл әскер (РККА) қатарына шақырылған 13 студенттің тізімі берілген, онда Ғ.Әбсәламовтың аты-жөні көрсетілмейді (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 16-іс, 31-п.).

Зерттеу барысында Ғалымжан Әбсәламовтың Алматы музыкалық училищесін мерзімінен бұрын бітіре салысымен, шұғыл түрде әскери борышын өтеуге кеткені жөнінде күмәнді мәселелер байқалды. Саяси қуғын-сүргін саясатының салдарынан талантты студенттің болашағы бұлыңғыр тұманға айналады. Олай дейтініміз, Ғ. Әбсәламовтың Ташкенттен Алматыға келген 1933 жылы басталған оқуы 1939 жылға дейін созылып кетеді. Сондықтан, училищедегі тергеу-сот істерінің зардаптарынан құтылудың бірден-бір жолы шұғыл әскерге кету болған сияқты. Басқа да жанама зерттеулер бойынша Ғ. Әбсәламов «1939 жылы әскер қатарына Алматы әскери комиссариатынан шақыртылады, музыкалық взводтың скрипкашысы болады. Ал әскерде 84-ші атқыштар полкінің 6-шы атқыштар дивизиясына түсіп, соғыс басталған жылы Брест-Литовскіде тұтқындалады [Ахметова, 2016: 429 б.]. Ал училищенің іс-қағаздары бойынша, ол әскерге 1940 жылы кеткен, яғни бір жыл бұрын әскерге шақыртылып, келесі жылы кетуі де мүмкін. Әзірге бұл мәселенің басы ашық, зерттеуді қажет етеді, архив құжаттары жеткіліксіз.

Ал 1940 жылдың 31 қаңтарында өткен педагогикалық кеңесте оқу жылының 2-жарты жылдығына  арналған жұмыс жоспары бекітіледі. Сонымен қатар П.И. Чайковскийдің 100 жылдық мерейтойын атап өту және Қызыл әскер қатарына шақырылған студенттерді жіберу туралы мәселе қаралады. Кеңесте ұстаздар қауымы училищенің ахуалы, музыкалық аспаптардың жетіспеушілігі, жаңа сыныптар ашу, қазақтарға арнайы дайындық курсын ашу, оқу үдерісі, студенттердің тәртібі, студенттерді оқудан шығару мәселесі, концерт ұйымдастыру, симфониялық оркестр ұйымдастыру, П.И. Чайковскийдің мерейтойын өткізу және т.б. көптеген мәселерді талқылайды. Осы педагогикалық кеңеске қатысушылар 5 курс студенттері – Әбсәламов (Абсолямов), Абишев, Шопенов, Трапезников, Байтуаров пен Тулепековті Қызыл әскер қатарына шақырылуына байланысты училищені мерзімінен бұрын аяқтау туралы ұсынысты қолдап, аттестат беру туралы қаулы шығарады (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 17-іс, 5-п.). Осы 6 студенттің қатарында болып, училищені экстерн түрінде аяқтағаны жөнінде Әлім Алматтың естеліктерінде де бар. Бірақ, сол аттестаттың қолына тиген-тимегені  күмәнді, беймәлім күйінде қалып отыр.

Архив құжаттарына сүйенсек, П.И. Чайковский атындағы Қазақ мемлекеттік музыка училищесінің 1940 жылғы 7-маусымдағы емтихан комиссиясының хаттамасына және 13-маусымдағы педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес 13 студент училищені бітірген. Олар: Цехмейстрюк, Дугашев, Глущенко, Мохов, Рубцов, Имамбаев, Абишов, Әбсәламов (Абсолямов), Шопенов, Тулепеков, Байтуаров, Трапезников, Ибрагимов болған. (ҚР ОМА. 130-қ., 1-т., 17-іс, 4 п.).

Тағы бір ой келеді, училище басшылығының шешімімен Ғ. Әбсәламов  1939-1940 оқу жылындағы бітірушілер тізімінде болған, соған қарағанда ресми құжаттары оқу жылының аяғында рәсімделуі де мүмкін. Өйткені, Ғ. Әбсәламов саяси науқан кезінде қудаланып, оқу мерзімін бір жылға үзіп алғаны болмаса, өте белсенді, үлгерімі жоғары екпінді студент болған, тіпті төменгі курс студенттеріне сабақ беруге бекітілген. Осы ретте қосарымыз, егер 5 жылдық оқу мерзімін ескерсек, Ә. Әбсәламовтың оқуы алты жылға созылғаны анық. Сол себепті, училищенің оқу бағдарламасын толық меңгерген Ғ. Әбсәламовқа ерекше жағдай жасалуы да мүмкін.

Тағы бір айғақ, егер совет үкіметінің заңына сәйкес әскери борышты өтеу мерзімі 2 жылға созылса, Ғалымжан Әбсәламовтың әскер қатарына 1939 жылы, яғни оқу жылының бас жағында, күз айларында шақыртылғанын да жоққа шығара алмаймыз. Өйткені, Әлім Алматтың естеліктерінде әскери борышын өтеу мерзімі аяқталған жылы соғыс басталып, бірден майданға аттанғаны, көп ұзамай Польша шекарасында тұтқынға түскені көп айтылады. Жоғарыда көрсетілген, тарихшы Л. Ахметованың дерегі де осыған саяды. Қалай десек те, Алматы музыкалық училищесін мерзімінен бұрын бітірген Әлім Алмат, 1939-40 оқу жылының түлегі болғаны айқын, бірақ дипломы жөнінде мәліметтер кездеспейді. Оған Әлім Алматтың өз естеліктері де, Мария Шоқайдың да естеліктері айғақ.

Қорытынды. Скрипкашы Әлім Алматтың музыкант ретінде қалыптасуы Ташкенттегі музыка мектебінен басталып, Алматыдағы Қазақ музыкалық училищесінде жалғасады. Ол Ташкентте екі семестр, яғни бір жыл (1932-1933 жж.) және Алматыда үзіліспен алты жыл (1933-1939 жж.) оқиды. Осы жылдар аралығында Алматы музыкалық училищесін С. Камалов, М. Шалавин басқарады. 1939-1940 оқу жылында училищеге П. Чайковскийдің есімі беріледі. 1995 жылдан атауы өзгертілген П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің қазіргі директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев.

1932 жылы ашылған Алматы музыкалық училищесінде орталықтағы Мәскеу, Петербург сияқты қалалардан уақытша жіберілген скрипкашы-педагогтардың мектебінен өткен Ғалымжан Әбсәламов, екпінді студенттер қатарында болған, училищенің қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытқан, студенттік жатақханада кәсіподақ ұйымын басқарған, саяси қуғын-сүргін кезінде театр режиссері Жұмат Шаниннің баласы Рауытбек Шанинге қамқорлық жасаған, студенттердің әлеуметтік жағынан қорғалуына өзіндік үлес қосқан. Училище қабырғасында скрипка бөлімінің меңгерушісі профессор И. Лесманның бекітуімен төменгі курс студенті Әйткеш Толғанбаевқа қосымша дәрістер беріп. әлемдік музыканың теориясы мен практикасынан сабақтар өткізген.

Талантты студент Ғалымжан Әбсәламовтың оқуы Алматыдағы музыкалық училищенің құрылуы мен қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді. Сол жылдары училищеде Қазақ мәдениеті мен өнерін дамытуға ат салысқан Т. Жүргенов, Ғ. Мүсірепов, С. Камалов, А. Жұбанов, М.А. Кравец, И.Л. Рык, И. Лесман, Е. Антапольский және т.б. көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлерімен етене араласып, олардың өмірлік және шеберлік мектептерінен қатар өткен. Осылардың ішінде Халық Ағарту комиссары, 1936 жылы Қазақ мәдениеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігін ұйымдастырған көрнекті қайраткер Темірбек Жүргенов пен Алматы музыкалық училищесінің алғашқы директоры, «Ер Тарғын» операсының либреттосын жазған драматург Сағыр Камалов саяси қуғын-сүргінге ұшырап, екеуі де 1938 жылы атылды.

1937-1938 жылдары қазақ мәдениеті мен өнерін дамытуға қомақты үлес қосқан зиялы қауым өкілдерінің барлығы дерлік советтік саясаттың құрбаны болды. Солармен бірге қазақ ағарту саласының да құрдымға кеткен кезінде, оқуын бітірер-бітірместен әскерге аттанып, кейін «соғыс тұтқыны», «босқын» атанған қазақ скрипкашыларының бірі Әлім Алматтың өмір жолы бұралаң, шым-шытырық оқиғаларға толы. Саяси қуғын-сүргін жылдарына тұспа-тұс келген студенттік өмірінде, ол талантымен, алғырлығымен, қабілеттілігімен, еңбеккорлығымен, адамгершілігімен, төзімділігімен, батылдығымен көзге түсті. Кейінгі оқиғалар көрсеткендей, атадан тараған бойындағы асыл қасиеттері мен музыкалық талантын, күнделікті өмірінде қару ретінде пайдалана білді, қорғансыздың күйін кешсе де, талай өлімнен аман қалған, ұрпағын жалғастырған.

Қазақ мәдениеті мен өнері тарихында скрипкашы Әлім Алмат сияқты ғасырды бағындырған талантты музыкант болмаған десек, артық айтқандық емес.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

1. Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ. Приказы и указания Главного управления учебными заведениями Комитета по делам искусств при Совнаркоме Союза ССР. 130-қ., 1-т., 1-іс.

2. Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ. Приказы по училище. 130-қ., 1-т., 5-іс.

3. Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ. Приказы по училищу», 130-қ., 1-т., 16-іс.

4. Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ. Протоколы заседаний педагогических советов училище.  130-қ.,1-т.,17-іс.

5. Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ. «Статистический отчет о работе училища на начало 1939/1940 учебного года. 130-қ., 21-т.,17-іс.

6. Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ. План работы училище на 1939/40 учебный год. 130-қ.,1-т.,18-іс.

7. Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ. Текстовой отчет о работе училища за 1939/1940 учебный год. 130-қ.,1-т.,19-іс.

8. Ахметова Лайла. 1941. Брестская крепость. Казахстан. Книга І. – Астана, 623 с.

9. Аяған Б. Тәлкекке түскен тағдырлар /Егемен Қазақстан. – 26 маусым, 2014 жыл.

10. Бегманов.Қ.СтамбулдатұратыншежіреқартӘлімАлматпенәңгіме / «Қазақ» жалпыұлттық газет. – № 39 (553), 30 қыркүйек, 2011 жыл.

11. Дулатова Г.М., Алаштың сөнбес жұлдыздары: Естелік-эссе – Алматы: Мектеп, 2012. – 392 б.

12. Жүргенов Темірбек: Зерттеулер, мақалалар, естеліктер мен арнау, жыр –толғаулар. – Астана: «Сарыарқа баспасы», 2014. – 580 б.

13. Жумабекова Д.Ж. Этапы становления скрипичного образования в Казахстане// Доклады Национальной Академии наук Республики Казахстан. – №3. – 2013. – С.120-127.

14. Закончились спектакли Казахского музыкального театра в Москве / Правда. – № 140 (6746). – 23 мая 1936 года.

15. Zeki Velidi Togan. Hatirarlar. – Istanbul, 1969. – 643 s.

16. Ілиясова К.М. Айтылған тарих немесе Стамбул жазбалары. Астана: «Типография Стимул», 2016. – 175 бет + 20 бет жапсырма.

17. Ілиясова К.М. Әлім Алмат: өмірі мен өнері (зерттеулер, аудармалар, естеліктер, сұхбаттар) /2-басылым. – Ақтөбе, 2018. – 204 бет. – 56 бет.

18. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжнің ресми сайты. Колледж тарихы. (Электрон. ресурс). – URL: //https://music-college.kz/about/history/ (Есепке алынған күні: 20.02.2020)

19. Құлымбетов Ұзақбай: естеліктер, зерттеулер, мақалалар және ғұмырнамалық хикаят. Құраст.: Қарабалина О – Қазыбаева, Б. Мырзабай. – Ақтөбе: «NOBEL» баспаханасы, 2016. – 450 б.

20. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві. Толганбаев Айткеш Толганбаевич. 2235-қ., 1-т., 14-іс.

21. Садықова Б. «Әлім Алмат: Табыс етем өлгендер аманатын...» /Қазақ елі. Еларалық апталық. № 48 (72). – 29 қараша, 1996 жыл.

22. Самрат Ж. Өнерімен өлімнен тірі қалған /Егемен Қазақстан. 27 мамыр, 2015 жыл.

23. Суханова Т.Б. Путь к методическим открытиям XX столетия (скрипичная школа Л. Ауэра в свете комментариев И. Лесмана) Вестник КемГУКИ.– № 47. –2019. – 115-121 сс.

24. Рсалдин Ж. Ахмет Жұбанов. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 1966-110 б.

25. Тarik Мinkari. Yoldas Alim´in defteri. Baski:Cem Ofset A.S.Istanbul.-Subat,1999.–31 s.

26. Толганбаев А. Исповедь судьбы жестокой /Лит.запись И.М. Савина, С.А. Толганбаевой. – Алматы: Казахстан,1993.–112 с.

27. Чокай М. Я пишу Вам из Ножана. – Алматы: Қайнар, 2001. – 208 с.

28. Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар. – Т.2. – 1999. – 520 б.

References:

1. Almaty qalasy mádenıet basqarmasynyń «Almaty qalasynyń memlekettik arhıvi» KMM. [Almaty: Central State Archive of Almaty of the Department of culture of Almaty. KSU.] Orders and instructions of the Main Department of educational institutions of the Committee for the Arts under the Sovnarkom of the USSR.R.130, c.1. [in Kazakh]

2. Almaty qalasy mádenıet basqarmasynyń «Almaty qalasynyń memlekettik arhıvi» KMM. [Almaty: Central State Archive of Almaty of the Department of culture of Almaty. KSU.] Orders of the specialized school. R.130, c.1, с. 5. [in Kazakh]

3. Almaty qalasy mádenıet basqarmasynyń «Almaty qalasynyń memlekettik arhıvi» KMM. [Almaty: Central State Archive of Almaty of the Department of culture of Almaty. KSU.] Orders of the specialized school. R.130, c.1, с. 16 [in Kazakh]

4. Almaty qalasy mádenıet basqarmasynyń «Almaty qalasynyń memlekettik arhıvi» KMM. [Almaty: Central State Archive of Almaty of the Department of culture of Almaty. KSU.] Protocols of meetings of pedagogical councils of the specialized school. R.130, c.1, с. 17 [in Kazakh]

5. Almaty qalasy mádenıet basqarmasynyń «Almaty qalasynyń memlekettik arhıvi» KMM. [Almaty: Central State Archive of Almaty of the Department of culture of Almaty. KSU.]«Statistical report on the work of the specialized school at the beginning of the 1939/1940 academic year». R.130, c.21, с. 17 [in Kazakh]

6. Almaty qalasy mádenıet basqarmasynyń «Almaty qalasynyń memlekettik arhıvi» KMM. [Almaty: Central State Archive of Almaty of the Department of culture of Almaty. KSU.]«The specialized school's work plan for the 1939/40 academic year». R.130, c.1, с. 18 [in Kazakh]

7. Almaty qalasy mádenıet basqarmasynyń «Almaty qalasynyń memlekettik arhıvi» KMM. [Almaty: Central State Archive of Almaty of the Department of culture of Almaty. KSU.]«Text report on the work of the school for the 1939/40 academic year». R.130, c.1, с. 19 [in Kazakh]

8. Ahmetova Laıla.1941. Brestskaıa krepos.[Laila Akhmetova. 1941. Brest fortress.] Kazakhstan. Book I. – Astana, 623 p.[in Russian]

9. Ayaǵan B. Tálkekke túsken taǵdyrlar [B. Ayagan.Tragic destiny] /Egemen Kazakhstan. – June 26, 2014. [in Kazakh]

10. Begmanov. Q. Stambýlda turatyn shejire qart Álim Almatpen áńgime [K. Begmanov.A story with an elderly Alim Almat, who lives in Istanbul]«Kazakh» nationwidenewspaper. No. 39 (553), September 30, 2011. [in Kazakh]

11. Dýlatova G.M., Alashtyń sónbes juldyzdary: Estelik-esse [G.M. Dulatova, Unfading stars of Alash: Memory-essay]–Almaty: Mektep, 2012. – 392 p. [in Kazakh]

12. Júrgenov Temirbek: Zertteýler, maqalalar, estelikter men arnaý, jyr –tolǵaýlar. [Temirbek Zhurgenov: Research, articles, memoirs, dedication, poems] Astana: Saryarka Publishing House, 2014. – 580 P. [in Kazakh]

13. Jumabekova D.J. Qazaqstandaǵy skrıpkalyq bilimniń qalyptasý kezeńderi.[Stages of formation of violin education in Kazakhstan] // Reports of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. №3. 2013. – P. 120-127. [in Kazakh]

14. Zakonchilis' spektakli Kazahskogo muzykal'nogo teatra v Moskve [The performances of the Kazakh musical theatre in Moscow have finished]/ / Pravda.№ 140 (6746). May 23, 1936. [in Russian]

15. Zakı Ýalıdı Toǵan. Hatirarlar. (Olar esińizde bolsyn.) [Remember them] Istanbul, 1969. - 643 p.

16. Ilyassova K.M. Aıtylǵan tarıh nemese Stambýl jazbalary.[The history that was told or Istanbul notes] Astana: «The Printing Press Stimulus» 2016. –175 pages + 20 leaflets.[in Kazakh]

17. Ilyassova K.M. Álim Almat: ómiri men óneri (zertteýler, aýdarmalar, estelikter, suhbattar) [Alim Almat: life and oeuvre (research, translations, memoirs, interviews)] / 2nd ed. – Aktobe, 2018. – 204 p. [in Kazakh]

18. P. Chaıkovskıı atyndaǵy Almaty mýzykalyq kolejniń resmı saıty. Kolej tarıhy.Official website of P. Tchaikovsky Almaty music College. History of the College.](Electron. resource) [URL://https://music-college.kz/about/history(accessed date: 20.02.2020) [in Kazakh]

19. Qulymbetov Uzaqbaı: estelikter, zertteýler, maqalalar jáne ǵumyrnamalyq hıkaıat. Qurast.: Qarabalına O – Qazybaeva, B.Myrzabaı.[ Uzakbay Kulymbetov: memoirs, research, articles and a song of a lifetime. Comp.: About Karabalina-Kazybayeva,B. Myrzabai.]Aktobe: «NOBEL» publishing house, 2016. – 450 P. [in Kazakh]

20. Qazaqstan Respýblıkasy Ortalyq memlekettik arhıvi. Tolganbaev Aıtkesh Tolganbaevıch.[Central state archive of the Republic of Kazakhstan.Aytkesh Tolganbaev Tolganbaev] . R.2235, c.1, с. 14 [in Kazakh]

21. Sadyqova B. «Álim Almat: Tabys etem ólgender amanatyn... »[B. Sadykova «Alim Almat: I will leave the hostages of the dead ... »]Kazakh people. International Weekly. № 48 (72). – November 29, 1996. [in Kazakh]

22. Samrat J. Ónerimen ólimnen tiri qalǵan [J. Sarmat.«A survivor from the death with his art»] /Kazakhstani Truth. May 27, 2015. [in Kazakh]

23. Sýhanova T. B. XX ǵasyrdyń ádistemelik jańalyqtaryna jol (l.Lesman túsindirmeleriniń aıasynda l. Aýer skrıpkalyq mektebi) [T. B. Sukhanova Path to methodical discoveries of the XX century (L. Auer's violin school in I. Lesman's comments)] Bulletin of KemGUKI. №47. – 2019. – 115-121 pp. [in Kazakh]

24. Rsaldın J. Ahmet Jubanov. [G. Rsaldin. Akhmet Zhubanov. – Almaty: publishing house «Gylym»]. – 1966. –110 p. [in Kazakh]

25. Тarık Mınkarı. Ǵalym ıoldas kitaby. [Тarik Мinkari.Comrade Alim's book.]Press: Cem Ofset A.S.Istanbul. – February, 1999.-31 P.

26. Tolganbaev A. Ispoved' sud'by zhestokoj [A. Tolganbaev Confessions of a cruel fate] / Lit.record I. M. Savina, S. A. Turganbaeva. – Almaty: Kazakhstan, 1993.–112 p.[in Russian]

27. Chokaj M. Ya pishu Vam iz Nozhana. [M. Chokai.I am writing to you from Nogent]. – Almaty: Kainar, 2001. – 208 p.[in Russian]

28. Shoqaı M. Tańdamaly. [M. Shokhay The Chosen.]. – Almaty: Kainar. – Vol. 2. – 1999. – 520 p.[in Kazakh]

МРНТИ03.20.29

СКРИПАЧ АЛИМ АЛМАТ (ГАЛИМЖАН АБСАЛЯМОВ)

И ЕГО СТАНОВЛЕНИЕ КАК МУЗЫКАНТА

Ильясова К.М.1, Байманов А.А.2

1Кандидат исторически наук, доцент. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева. Казахстан, г. Нур-Султан.

Е-mail: кulpash_66@mail.ru

2Магистрант. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева. Казахстан, г. Нур-Султан. Е-mail: aibar87@mail.ru

Аннотация. Статья посвящена становлению одного из двух первых скрипачей казахского народа Алима Алмата (Галимжана Абсалямова) в качестве музыканта, в силу обстоятельств, прошедшего через многие трудности и до конца своей жизни жившего в Турции. Период рассматриваемых событий охватывает 1933-1939 годы, в соответствии с хронологическими рамками учебы музыканта в Казахском музыкальном училище. Подчеркивается, что первые данные об Алиме Алмате появились после обретения независимости Казахстана. Однако, до настоящего времени мало официальных документов характеризующих его личную жизнь и творческую деятельность. Даже его биография, составленная исследователями, опирается в основном на данные устной истории (oral history). Большинство опубликованных статей, очерков, книг о его жизни, основаны на воспоминаниях и интервью очевидцев событий. Так, некоторые данные о студенческой жизни Г. Абсалямова, содержатся в воспоминаниях талантливого казахского скрипача Айткеша Толганбаева, с которым они вместе учились в Алматинском музыкальном училище. Оба студента получили музыкальное образование у сильнейших педагогов, направленных в 1930-40 годах в столицу Казахстана, прошли школу российских профессиональных скрипачей Иосифа Лесмана и Евгения Антопольского. Первый из них был учеником выдающегося основателя русской школы скрипачей Леопольда Ауэра, второй являлся учеником французского скрипача Жака Тибо, вундеркинд-скрипач Е.Антопольский окончил Парижскую консерваторию. Казахское музыкальное училище, созданное в Алматы, считалось профессиональным учебным заведением второй ступени. Приезд росссийских педагогов-скрипачей способствовал активному росту молодых музыкантов, благодаря им создавалась скрипичная педагогика в Казахстане.

В статье предпринята попытка раскрыть неизученные стороны  студенческой жизни Алима Алмата. Большую роль в достижении поставленной цели сыграли документы и материалы, сохранившиеся в фондах Государственного архива г. Алматы при Управлении культуры г.Алматы (ф.130. «Музыкальное училище им.Чайковского. Управления по делам искусств при Совнарком Казахской ССР»).

Показано, что получив начальное музыкальное образование в Ташкенте при поддержке известного общественного и политического деятеля «Железного наркома» Темирбека Жургенова, близкого брата по линии матери, Алим Алмат продолжил учебу в Алматинском музыкальном училище. Его студенческая жизнь приходится на сложный период в истории страны, это годы первых советских пятилеток, усиления репрессивного режима тоталитариной системы. В этот сложный период Темирбек Жургенов возглавлял Народный комиссариат просвещения КазССР, а Габит Мусрепов был руководителем Управления по делам искусства при Наркомпросе КазССР. Их имена часто упоминаются в воспоминаниях Алима Алмата. Задержание, как «врага народа» Темирбека Жургенова, близкого родственника Алима Алмата, в дальнейшем отрицательно повлияет на его учебу. В период усиления массовых политических репрессий, несмотря на хорошую успеваемость,для завершения последнего курса он переходит на учебу экстерном. В архивных документах данную форму обучения Алима Алмата связывают с срочным призывом в армию. В статье отдельные проблемы студенческой жизни Алима Алмата рассматриваются посредством метода устной истории (интервью).

Ключевые слова: история, култура, музыкант, скрипач, Алим Алмат (Галымжан Абсалямов), Ташкент, Темирбек Жургенов, Алматинское музыкальное училище, Сагир Камалов, Иосиф Лесман, репрессия, экстренное обучение, призыв в армию.

IRSTI 03.20.29

VIOLINIST ALIM ALMAT (GALIMZHAN ABSALYAMOV) AND HIS PATH OF BECOMING AS A MUSICIAN

Ilyassova K.M.1, Baimanov A.A.2

1Candidate of Historical Sciences, Associate Professor. L.N. Gumilyov Eurasian National University. Kazakhstan, Nur-Sultan. Е-mail: кulpash_66@mail.ru

2Master’s Student. L.N. Gumilyov Eurasian National University. Kazakhstan, Nur-Sultan. Е-mail: aibar87@mail.ru

Abstract. The article is devoted to the formation of one of the two first violinists of the Kazakh people, Alim Almat (Galimzhan Absalyamov), as a musician. Due to circumstances, he went through many difficulties and lived in Turkey for the rest of his life. The course of the events under consideration covers the years 1933-1939, following the chronological framework of the musician's studies at the Kazakh music school. It is emphasized that the first data about Alim Almaty appeared after the independence of Kazakhstan. However, to date, few official documents are describing his personal life and creative activities. Even his biography, compiled by researchers, is based mainly on oral history data. Most of the published articles, essays, and books about his life are based on the recollections and interviews of eyewitnesses. Thus, some information about the student life of G. Absalyamov is contained in the memoirs of the talented Kazakh violinist Aitkesh Tolganbayev, with whom they studied together at the Almaty music school. Both students received musical education from the best teachers who were sent to the capital of Kazakhstan in 1930-40. They graduated from the school of Russian professional violinists Joseph Lesman and Eugene Antopolsky. The first of them was a pupil of the outstanding founder of the Russian school of violinists, Leopold Auer, the second was a pupil of the French violinist Jacques Thibault, the Prodigy violinist E. Antopolsky graduated from the Paris Conservatory. The Kazakh music school, established in Almaty, was considered a second-level professional educational institution. The arrival of Russian violin teachers contributed to the active growth of young musicians, thanks to them, violin pedagogy was created in Kazakhstan.

The article attempts to reveal the unexplored aspects of Alim Almat's student life. Documents and materials preserved in the funds of the State Archive of Almaty under the Department of culture of Almaty (f.130) played a major role in achieving this goal. «Music school named after him.Tchaikovsky's. Department of arts Affairs under the Council of people's Commissars of the Kazakh SSR»).

It is shown that having received primary musical education in Tashkent with the support of a well-known political figure the iron CommissarTemirbek Zhurgenov, a close brother on his mother's side, Alim Almat continued his studies at the Almaty music school. His student life falls on a difficult period in the history of the country, these are the years of the first Soviet five-year plans, the strengthening of the repressive regime of the totalitarian system. During this difficult period, Temirbek Zhurgenov headed the people's Commissariat of education of the Kazakh SSR, and Gabit Musrepov was the head of the Department for art under the people's Commissariat of the Kazakh SSR. Their names are often mentioned in the memoirs of Alim Almat. The detention of Temirbek Zhurgenov, a close relative of Alim Almat, as an «enemy of the people», would negatively affect his studies in the future. During the period of increasing mass political repression, despite his good academic performance, to complete the last year, he goes to study as an external student. In archival documents, this form of training of Alim Almat is associated with urgent conscription into the army. In the article, certain problems of student life of Alim Almat are considered using the method of oral history (interview).

Keywords: history, culture, musician, violinist, Alim Almat (Galymzhan Absalyamov), Tashkent, Temirbek Zhurgenov, Almaty music school, Sagir Kamalov, Joseph Lesman, repression, emergency training, conscription.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 3884

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ШОНА СМАХАНҰЛЫНЫҢ – ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ӘӨЖ 94 (574) Жаһандану үдерісіндегі халықтар бірлігін нығайтудағы түркі əлемінің рухани жəне мәдени тарих мұралары ҚР МЕН ҚХР АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ 94(574).084.6 «ОТАНЫН САТҚАНДАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ АҚМОЛА ЛАГЕРІ» ТАМҰҒЫНДА ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы) ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ 930.2 ҚАЛИ БІЛӘЛОВ – ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ ІСІНІҢ БІЛГІР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ҒТАМР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАМР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАМР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАМР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИТВАЛЫҚТАР ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУВАЛЫҚТАР ҒТАМР 03.20.00 ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ САЛЫҚ БАБАЖАНОВ

Author's articles

ҒТАМР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ