Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы)

Сәрсембина Қ.Қ., т.ғ.к.

ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 4 (16) 2018

Tags: саяси, қуғын-сүргін, тоталитаризм, ұлттық, сана, отбасы, саясат, мемлекет, қуғын-сүргін, руханилық, шаралары
Author:
Мақалада сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз қудаланып, еңбекпен түзету лагерлері мен түрмелерде азап шеккен әйелдер тағдыры деректер негізінде зерделенген. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам бас бостандығынан айырылғандар еңбегін тегін пайдалануды мақсатты түрде жоспарлап, еңбекпен түзету лагерлер жүйесін кеңінен дамытты. 1930 жылдың ортасына дейін осы мәселе тұрғысында көптеген қаулылар жарық көреді. 1930 жылдың ортасына дейін айыпталған әйелдерге арналған арнайы лагерлер болмағанымен, 1937-жылғы 15-тамыздағы ІІХК-ның № 00486 шұғыл бұйрығынан соң “Отанын сатқандардың отбасы мүшелеріне” арналған арнайы лагерлер құрылды. АЛЖИР – де жазықсыз азап шеккен аналар тағдыры тоталитарлық жүйенің қылмысы екендігі дәйектеледі. Кілт сөздер: саяси қуғын-сүргін,тоталитаризм, ұлттық сана, отбасы, саясат, мемлекет, руханилық, қуғын-сүргін шаралары
Text:

Кіріспе. Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсында жаппай жүргізілген саяси қуғын-сүргін зобалаңы жыл өткен сайын жаңғыруда. Жергілікті жерлердегі зиялылар, олардың отбасы мүшелерінің саяси қуғын-сүргінге ұшырауы түпкілікті әрі тыңғылықты зерттеуді қажет етеді.

“Қол астына түрлі-түрлі халықты ноқталап отырған үлкен империялардың маңдайына ешқашан ұзақ өмір сүру жазылмаған” [1], ‒ деп француз ойшылы Г. Лебон айтқандай, көптеген ұлттар мен ұлыстарды бір партиялық жүйе негізінде ноқталауға ұмтылып, нәтижесінде түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерін қолдан көбейткен Кеңес мемлекетінің өмірі қысқа болды. Халықтың болмыс-бітіміне үйлеспейтін заңдардың мемлекет игілігі үшін ғана шығарылуы салдарынан қазақ даласына да, қазақ баласына да жат түрмелер, мәжбүрлеп еңбек еткізетін лагерлер санының артқаны белгілі. 1918 жылдан бастап құрылып, шамамен 35 жыл бойы түрліше аталған түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлері, еңбекпен түзету колониялары кеңес мемлекетінің ажыратылмас бөлігіне айналады. Олардың ішінен ГУЛАГ әлемнің барлық тіліне енеді. 1923 жылы 21 тамызда сотталған әйелдерді Ногинск әйелдер түрмесіне қамау керектігі анықталады [2, с. 8]. Алайда мұрағат құжаттарында лагерлік жүйенің алғашқы қалыптасу кезіндегі тұтқын әйелдер туралы мәліметтердің де кездеспейтіндігін де ескеру шарт. И. Сталиннің өзі 1929 жылы КСРО-да еңбекпен түзету лагерлер жүйесін кеңінен дамытуды жан-жақты жоспарлап, 1930 жылы 7 сәуірде арнайы қаулы қабылдады [3]. Осылайша бас бостандығынан айырылғандар еңбегін тегін пайдалану мақсатты түрде жоспарланып, 1930 жылдың ортасына дейін, осы мәселе тұрғысында көптеген қаулылар жарық көреді. Осы жоспарға әйелдер де ілікті [3, 11-п].

1920-30 жылдары КСРО территориясындағы Колыма, Магадан, Воркут, Сібір, Урал, Қазақстан және өзге де өңірлерде концентрациялық лагерлер ұйымдастырылды. 1930 жылы мамырда КСРО ХКК “Қазақ еңбекпен түзету лагерлерінің ұйымдастырылуы туралы” қаулысын қабылдап, Қазақстанның “аграрлық-мәдени және саяси-шарушылық жағдайын ескере” отырып, қазақ даласын “түрме мен лагерлер орталығына” айналдырды [3, 28 п]. 1930 жылдың ортасынан бастап тегін жұмыс күшін пайдалануға қатты көңіл бөлінді [2, с. 15]. Кеңестік ГУЛАГ-та (Заңнан тыс құлдық) қылмыскерлер құлдардың ролін атқарған [4, с. 300]. 1930 жылдың ортасына дейін айыпталған әйелдерге әдейі арналған лагерлер болмаған. Сол кезде бас бостандығынан айырылған апа-әжелерге “кәнігі қылмыскерше қарап” түрмелерге қамау әдеттегі құбылысқа айнала бастайды [5].

1937-жылғы 15-тамыздағы ІІХК-ның № 00486 шұғыл бұйрығынан соң “Отанын сатқандардың отбасы мүшелеріне” арналған арнайы лагерлерді құру қажеттілігі туындайды. Осындай лагерьлерді құру аймақтары болып Нарым өлкесі мен Қазақстандағы Торғай ауданы белгіленеді. Себебі, РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-бабымен сотталған әйелдерді өзгелерден бөлек қамау бұйырылған еді [6, с. 86].

1930 жылдың ортасынан кейін КСРО аумағында мынадай әйелдер лагері болған: Алжир, Горький қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Темияков лагері, Фрунзе қаласынан (қазіргі Бішкек қаласы) 100 шақырым жердегі Джангир лагері және Потьмадағы Темников лагері [7, с. 66]. № 00486 бұйрықта “Отанын сатқандардың отбасы мүшелері” атанып, сотталған әйелдердің барлығын Темников лагеріне жөнелту айтылған болатын. Алайда саяси қуғын-сүргіннің кең көлемде жүргізілуінің салдарынан “Отанын сатқандардың” әйелдеріне арналған лагерлер көптеп құрыла бастайды. Өкінішке орай мұрағат құжаттары осындай лагерлерде қанша тұтқын әйелдердің болғаны және олардың немен айналысқандығы туралы жөнді мәлімет бере алмайды. Қазіргі күні “Отанын сатқандардың отбасы мүшелері” атанып, сотталған әйелдер отырған Темников, Сібір, Қарағанды, Томск, Джанги-джир, Нижний Тагил, Сегежск, Колыма, Потьма секілді арнайы лагерлер белгілі болып отыр. Олардың ең ірілері Темников, Сібір, Қарағанды еңбекпен түзету лагерлері болды [8].

1937-1938 жылдары ОЛЖИР, яғни Отанын сатқандардың әйелдерінің айрықша лагерлері құрылып, 1940 жылдың жазына қарай көбейе түскен [2, с. 245].

Материалдар мен әдістер. Саяси қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз жазаланып, бас бостандығынан айырылып, еңбекпен түзету лагерлеріне қамалған әйелдердің естеліктері негізінде, сонымен қатар Алматы (ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, Астана қалалық мемлекеттік мұрағат қойнауларындағы деректер негізінде  мақала әзірленді.

Талқылау. 1930 жылы Қазақстандағы 23 тұтқындау орындарында да сотталған әйелдер болғанымен, бірақ олардың нақты саны ешқандай құжаттарда жазылмаған [9]. 1934 жылы С.М. Киров өлтірілгеннен кейін сотталғандарға қатаң қарау күшейіп, түрме, ЕТЛ, ЕТК жабық орынға айнала бастайды. 1935 жылғы 27-маусымдағы ІІХК-ның № 36354 бұйрығында барлық түрме, колония басшыларына баспасөзге сотталғандар туралы ақпараттың берілмеуі және баспасөзбен байланысты үзу мәселесін күн тәртібіне қою ескертіледі. Сонымен қатар қызмет бабына қатысты сауалдарға тек қана УНКВД тұтқындау орындарының жауап беретіндігі, ал осы бұйрықты бұзғандардың сотталатындығы айтылады [10, 213-п.]. 1936 жылы ЮХК сотталғандардың санын дұрыс есептемеу туралы мәселені тағы да көтереді [11]. Түрмедегілерге азық-түлікті көп шығындаған түрме басшылары да репрессияға ұшыраған [12, 117-п.]. “Контрреволюциялық қылмыс” жасағандар немесе РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58, 59, 72, 107, 116, 117, 136, 151, 152, 153, 154, 155, 167, 169 баптарымен және 1932 жылғы 7-22 тамыздағы заң бойынша айыпталған әйелдерге рақымшылық қолданылмаған [13].

1925-жылдар аралығындағы сотталғандар құрамы туралы мәліметтерді лагерь басшыларының жылдық есебі, қызмет бабында жазған хаттар, бұйрықтар және өзге де осы секілді қосымша дерек көздері бойынша ғана анықтай аламыз. Лагерь тұтқындарының жеке істері секілді маңызды тарихи құжаттарды зерттеу арқылы толық ақпаратқа қол жеткізуге болады. Өкінішке орай, сол жылдардағы лагерь тұтқындарының жеке іс қағаздары аймақтық, облыстық ІІБ қатаң бақылауында сондай-ақ осы іс қағаздарды азаматтық тұлғалардың қарауына қатаң тиым салынған[14]. Осы айтқанды 1930-1950 жылдардағы Қазақстан аумағындағы лагерлерді зерттеушілер де дәлелдей алады [15].

Түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде жазықсыз сотталып, жазаларын өтеген апа-әжелеріміздің тағдыры оңайлықпен зерттелініп, жазылатын нәрсе емес. Сол кезеңдегі қылмыстың өте көлемді, әрі жүйелі түрде, жан-жақты болуы қазіргі таңдағы зерттеудің өте ауқымдылығын әрі жан-жақтылығын талап етеді. Осы тұста түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлеріндегі әйелдер тағдыры сол кезеңде ешкімді де қызықтырмағандығын айта кету қажет. Мәселен, еңбекпен түзету мекемелерінде ер адамдар мен әйелдерді бір ғимаратқа қамау да кездескен. 1934 жылы Алматы, Әулиеата еңбекпен түзету мекемелерінде әйелдер камерасы ер адамдар қамалған мекемеде орналасып, олар бір есіктен кіріп шыққан. Сонымен қатар жуынатын орын мен дәретхана да ортақ болған [16]. Осындай өрескел жағдайлар сол жылдардағы түрмелерге тән негізгі ерекшелік болатын. Мұрағаттағы арнайы орындардың құжаттарында әйел адамдарға байланысты қабылданған қаулылардың тым аздығын да ескеру шарт.

Мұрағат құжаттарында сотталған әйелдердің өздерін мерзімінен бұрын босату немесе лагерьге жұмысқа жіберу туралы жазған арыздарының басым көпшілігіне тиісті орындар жауап беруден бас тартқан. Мәселен, 1928 жылы Е.П. Симашнева деген азаматша кулак отбасынан шыққандықтан, оның арызына жауап берілмеген. Ал 61-баппен сотталған М.М. Швецтің әлеуметтік тегіне қарап, өтінішін орындаған [17, 40-50-пп.]. Осылайша сотталғандарға таптық көзқараспен қарау ешқашан күшін жоймаған.

“АЛЖИР”- сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде “халық жаулары” атанып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, шарушылық, партия кеңес басшыларының, сонымен қатар қарапайым адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазаларын өтеген лагерь. Ол Қарағанды лагерінің 26-бөлімшесі ретінде қазіргі Астана қаласының Оңтүстік-батысында, Төңкеріс (Малиновка) елді мекеніне КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының 1937-жылғы 15-тамыздағы № 00486 бұйрығы негізінде құрылған. “АЛЖИР” Карлагтың бір бөлімі ғана. “Саяси сотталғандар” (РСФСР ҚК 58 бабының бөлімдері бойынша) жабық, яғни сыртпен хат-хабар ала алмайтын лагерлерге қамалды. Осындай лагерлер КСРО көлемінде 1930-жылдың ортасынан бастап қана белгілі болды [2, с.184]. РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 17-тармағы бойынша бас бостандығынан айырылған аналар қамалған Ақмола лагері тікелей Карлагқа бағынды. Ақмола лагері 30 мың га жерді алып жатқан. Онда 3 жылдан 8 жыл мерзіммен бас бостандығынан айырылған әйелдер жазаларын өтеді. Олар әр-ұлттың өкілдерінен еді.Саяси тұтқындар ең ауыр жұмыстарды атқарып, “қайта тәрбиеленді”. Түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде “тұтқындарға” жанашырлық білдіргендерге “халық жауы” атағы таңылып, алыс аймақтарға жер аудару жазасы қолданылған.

Әйелдер еңбекпен түзету лагерлерінде халық шарушылығын дамытуға көп “үлес қосты”. Қазақстан лагерлерінде де, ГУЛАГ-та қолданылған мәжбүрлеп еңбек еткізу әдістері кеңінен пайдаланылды. Дәлел келтірер болсақ:

- күндік тапсырманы (норма) орындамағандарға берілетін нан мөлшері қысқартылған

- Атқарылатын жұмыс дені сау және дімкәс, науқас әйелдерге де бірдей болды. Ал, егер де бір күндік жұмыс нормасы орындалмаса 18 сағат, тіпті одан да көп жұмыс жасатқызған. Сотталған аналар лагерде өздеріне жұмсалған шығынды еңбегімен өтеп қана қоймай, сонымен бірге мемлекетке табыс әкелуге де міндетті болды. Айыпталғандарға ана ретінде ғана емес, адам ретінде де қарамай, ауа-райы да ескерілмей, ауыр жұмыстарды жасатқызған [15, 20-п.]. РСФСР еңбекпен түзету кодексінде "Пища работающим заключенным увеличивается в соответствий с количеством затрачиваемой энергий"- деп жазылғанымен, іс жүзінде жағдай басқаша болды. Сондай-ақ, аталған кодексте тұтқындар еңбегінен түскен таза пайданың 12,5 проценті сотталғандардың тамағына, ал 40 проценті тұтқындау орындарындағы өндірісті кеңейтуге, ал 12,5 проценті түрме, лагерь қызметкерлерін сый-ақымен марапттауға бөлінетіндігі ескертіледі [18, с. 723]. Түрмелердегі әйелдер жағдайының адам төзгісіз болғандығы туралы мәліметті, біздер тек қана сотталған аналардың естеліктерінен ғана ала аламыз. Себебі, 1925-1938 жылдардағы ЕТЛ, ЕТК және түрме құжаттарында аталған мәселе төңірегінде әңгіме де қозғалмаған. Түрмелерде тұтқындар санының шектен тыс болуы және аурулардың көптігі туралы деректерді мұрағаттардан жиі көруге болады [19]. 1925-26 жылдардағы қуғын-сүргін саясатының деңгейін тұтқындар санынан көруге болады. Мысалы, Семей түрмесінде 1 адамның орнына 6,4 адам жатса, ал 200 адамға арналған тамақты 634 сотталғандар ішкен. Түрмелерді тексеретін комиссия Қазақстан жеріндегі түрмелердің нашар жағдайын үнемі көрсетіп отырған [20, 33-п.]. Мысалы, 1925-1926 жылдары алты губерния бойынша тексеру ісінің саны 164-ке жеткен. Сонымен қатар айыпкерлдердің арыз-шағымдары да текесеріліп тұрған. тексеру нәтижесінде түрмелерде басшылар тарапынан сотталғандарға қысым жасалған жағдайлар да кездескен [21]. 1926 жылы Қазақстанда 34 түрме үйлері, ал ондағы сотталғандар саны 4211, яғни 519 адам шамадан тыс болған. Өкінішке орай әйелдер бөлініп көрсетілмеген. Сол жылдары айыпталғандар еңбегін пайдалануға көңіл бөлінгенімен, “еңбек түрін” ұйымдастыруда қиыншылықтар көп кездескендігін мұрағат құжаттары дәлелдейді [20, 40-п.].

Нәтижелер. Мақалада саяси қуғын-сүргін жылдарында отбасы бірлігіне қарсы бағытталған саясаттың мәні мен мазмұны зерделенді. Жазықсыз сотталған аналардың еңбекпен түзету лагерлерлеріндегі ауыр жағдайы дерекер негізінде қарастырылды.

Тергеуде жатқан тұлғаларға еңбекпен түзету кодексінің 33-бабы бойынша аптасына бір мәрте туысқандарымен кездесуге және зат алуға рұқсат етілген [22]. Қазақстандағы тұтқындау орындарының ең үлкені 450 орындық Семей түрмесі, ал кішкентайы 100 орындық Ақтөбе түрмесі болған [23, 17-п.]. Ескеретін бір жайт, жылдан-жылға қуғын-сүргін шаралары күшейгенде түрмелерге адам сыймаған кездер жиі болған. Сондай-ақ, түрменің техникалық негізі жасалынбай, адамдарды тұтқынға алу ісі жүзеге асырылған. ЮХК 1926 жылы сотталғандардың тізімін айына бір мәрте алып отыру, аштық жариялағандарға ешқандай жеңілдік жасамау және прокурордың кездесуге келгендерді бақылап, қандай әлеуметтік топқа жататындығын анықтауын (еңбекші, бай, кедей, орташа, кулак) ескерткен [24, 88-п.]. Сонымен қатар, “байлар, саяси қылмыс жасағандар, құлақтар мен саудагерлерді түрмеде тайраңдатпай, оларға өздерінің түрмеде екендігін сездірту керектігі де бұйырылады [25]. Нәтижесінде 1928-1930 жылдардан бастап сотталғандар арасындағы саяси жағдайға қатты мән беріледі.

Сол жылдары тұтқындау орындарында жазықсыз жазаланған әйелдерді шынымен қылмыс жасаған (адам өлтірген, адам тонаған) әйелдермен бірге қамау үрдіс алған. Түрмелердегі қылмыскерлер әйелдер түрме тілімен “урки” деп аталған. Соколова Нина Иванова өз естелігінде, “…Құлағымнан балалардың, әйелдердің жылаған дауыстары кетпейді. Алайда, түрмелерде рецидивистер “Урки” де болды. Оларды түрме өмірі шошындырмады [26, с. 119]. Жазықсық қамалған әйелдер өздерін түрмеге қамап, балаларын тартып алғанда “өз халқына жасалған қандай заңсыздық” деп те жылап жүрген. Әйелдердің ешқайсысы өздерінің жесір қалғандығын білмеген. Әйелдердің көпшілігі балалары мен күйеулерін ойлап қана өмір сүрген [26, с. 122].

АЛЖИР-де азап шеккен анлардардың естеліктерін зерделегенде қайғы –қасіреттен жылай-жылай көздің жасы түгесіліп, балалары мен күйлерін бір көремін деген болмашы үмітпен өлместің күнін көрген әйелдердің ортақ тағдырын көреміз. Түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде кеңес өкіметіне қауіпті «жат элементтер» деп аталған әйелдердің, «халық жауының» әйелдерінің білдірген өтінішіне, қойған талабына тиісінше назар аударылмаған. Керісінше, жер-жебіріне жетіп, ар-намысын таптаған [27].

Қорытынды. Сонымен, жазықсыз сотталып, еңбекпен түзету лагерлері мен түрмелерде азап шеккен аналар тағдыры кеңес билігінің адам құқығын аяққа басқан заңсыздығын айғақтайды. Әйел-аналарды жазықсыз қудалау арқылы ғасырлар қойнауынан тамырын тартқан тектілік тәрбиенің тамырына балта шабылды.  

1937-жылдан 1954-жылға дейін “Р-17” деп аталатын (ресми түрде) 26-шы нүктеде тұтқын әйелдер саны қанша болды деген сұраққа нақтылы жауап беру қиын. Алғашқы жылы-ақ лагерьдегі әйелдер саны 6,5 мыңға жеткен– деген пікір де бар [28, 41б.]. Шаймуханов және Шаймуханованың “Карлаг” атты еңбегінде Карлагтағы тұтқын әйелдердің саны төмендегідей көрсетіледі [29, с.21].

  1933-2304

  1934-3011

  1936-3260

  1938-7511

  1939-17099

  Жоғарыда келтірілген сандарға қарағанда 1938-жылдан кейін лагерьдегі тұтқын әйелдердің күрт өскендігін байқаймыз. Сонымен бірге 1935  және 1937 жылдардың көрсетілмегенін де ескеру шарт. Зерттеушілер жоғарыдағы мәліметті Қарағанды облысының ІІБ-нің мұрағатынан алған. Ал, А.Р. Кукушкина Ақмола арнайы бөлімінде 1938-1946 жылдары 4.482 әйел болғандығын, олардың 2469-ы (55 процент), орыс ұлтының, ал 93-і (2 процент) қазақ ұлтының өкілдері екендігін жазады. Сонымен қатар зерттеуші 1931-1959 жылдар аралығындағы Карлагта жазасын өтеген тұтқындар туралы нақтылы мәліметтің жоқ екендігін, сондай-ақ саяси баппен сотталғандардың және лагердің түрлі бөлімдеріндегі тұтқын әйелдердің санын дәлме-дәл көрсетудің қиындығын да айтып қынжылады. Оның себебі Карлаг құжаттарының өңделмегендігімен байланысты түсіндіріледі [30, с.15]. Осыған орай тұтқындар саны да түрліше көрсетіледі.

Ал, А.Тасымбековтың айтуынша АЛЖИР-де 22 мың тұтқын әйел азап шеккен [28, 47-б.]. Лагердің адам айтықсыз жағдайына шыдамай өздерін мерт қылғандар мен лагерь ішіндегі заңсыздықтың салдарынан жендеттер қолынан қаза тапқан немесе ауырып өлген аналардың есімдері бүгінгі күнге толық жетті ме? Жауабы қиын сауал! Себебі, лагерлер мен түрмелердегі заңсыздықтар сол кезеңдегі құжаттарда көрсетілмейтін еді.

А. Тасымбековтың “Жан дауысы. Алжир архипелагы” атты еңбегінде жазықсыз сотталған аналардың лагердегі өмірінен көптеген мәліметтер жазылған. Айыпталған әйелдер мал бағып, фабрика салып және жер қазып, бау-бақша егіп, сиыр сауып, киім де тіккен. Олар барлық жұмыстарды атқарған [28, 210-б.]. “АЛЖИР”-дегі ауыр жағдай туралы Мария Даниленко: “Біздер 25, 35, 50 градус салқындық пен 50 градус ыстықта да жұмыс жасадық Бір жаз ішінде әйелдер 18 құрылыс обьектілерін салды…”- [31, с.82], деп өз естелігінде жазады. Лагерлер мен түрмелерде надзирательдердің ішетін тамақты жерге қойып,  оның ішіне түкіріп, «жрите контрики» деген кездері де өте жиі кездескен [2, с.86]Уәзипа Майжолова-Күленова естелігінде лагерде таңғы сағат төрттен кешкі сағат алтыға дейін үзіліссіз жұмыс жасайтындықтарын,  жұмыс басына түсте бір булочка мен шәй алып келетіндігі, орыс, грузин, армян, түркі секілді барлық ұлт өкілдері әйелдерінің бір кісіден туғандай бір–біріне жаны ашығандығы жазған еді.

 Ғасырдан ғасырға жалғасқан отбасы тәрбиесі мен жылылығын бұзу саясатын қызылдар билігі қасақана жүргізді. Осы мақсатқа орай кеңес мемлекеті отбасында «коммунистік санадағы» тәрбиенің берілуіне терең мән берді. Сөйтіп, кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіп халықты идеологиялық өңдеуде өзіне ыңғайлы жүйе құрып, өзіне жат келетін күштерді жоя білді. Әйелдерді қудалау ұлт бірлігіне, елдің тұтастығына қарсы бағытталған саясатты аңғартатын еді. Себебі, «халық жауы» атанғандардың отбасы мүшелері, тума-туысқандары, тіпті таныстары да қамауға алынды.

Қазақ тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ата-анаға баланы қарсы тәрбиелеу, әйеліне күйеуін «жау» ретінде көрсету, күйеуінің «қылмысын» айтпағаны үшін әйелін соттау шаралары өмірден орын алып, соның салдарынан тексіздікке жол ашылды.

Отбасындағы тәрбие мен құндылықтар - ұлттық рухтың кепілі. Жаппай қуғындау саясаты ұлттық рухты төмендетіп, адами дамуға жат қасиет-сапаралардың өмірден орын алуына жол ашты.  

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1. Лебон Г. Психологические законы // Саясат. ‒ 1999. ‒ № 9. ‒ С. 19-25.

2. Жак Росси. Справочник по ГУЛАГУ. ‒ М.: Просвет, 1991. ‒ Ч.1. ‒ 548 с.

3. Отчеты и отчетные доклады о работе ИТК за 1929-1930 гг. // Ақтөбе ОММ. ‒ 13-қ.; 2-т., 1-іс.- 6-п.

4. Кравченко А.И. Социология. ‒ Екатеринбург: Деловая книга, 1999. ‒ 368 с.

5. Циркуляры сводные ведомости и акты. 31.01.1929- 7.05.1931 г. ‒ Астана. ҚММ.- 65-қ.; 1-т., 5731-іс.- 85-п.

6. Сборник законодательных и нормативных актов о репрессиях и реабилитации жертв политических репрессии. ‒ М.: Республика, 1993. ‒ 223 с.

7. Шаймуханова С.Д. Политические репрессии в Казахстане 1930-40-е и начало 50-х гг. ‒ Караганда, 2000. ‒ 160 с.

8. Система исправительно-трудовых лагерей в СССР 1923-1960: Справочник. ‒ М., 1981. ‒ 479 с.

9. Отчеты о деятельности НКЮ за 1930 г. // ҚРОММ. ‒ 1380-қ.; 2-т., 309-іс. -3-п.

10. Циркуляры УНКВД за 1935-1936 гг. ‒ Астана ҚММ.- 65-қ.; 1-т., 5831-іс.- 92-п.

11. Приказы и директивные указания НКВД СССР и табеля срочных донесении за 1935-1936 гг. ‒ Астана ҚММ.- 65-қ.; 1-т., 5828-іс.- 41-п.

12. Совершенно секретная переписка Прокурора Казотделении ВС РСФСР // ҚРОММ. -1380-қ.; 1-т., 389-іс.- 31-36п.

13. Протоколы заседании главной Аттестационной комиссий ИТЛ за 1935-1936 гг. // Астана ҚММ. -65-қ.; 1-т., 5825-іс.- 117-п.

14. Ділманов С. Қарағанды лагеріндегі тұтқындар // Ақиқат. ‒ 2001. ‒ № 5. ‒ 77-81 бб.

15. Ділманов С. Қарағанды лагеріндегі тұтқындар // Ақиқат. ‒ 1999. ‒ №12. ‒ 41-47 бб.

16. Протоколы заседании наблюдательной комиссии и списки граждан лишенных свободы за 1934-1935 гг. ‒ Астана ҚММ.- 65-қ.; 1-т., 5801-іс.- 2-п.

17. Статические отчеты НКЮ за 1938 г. // ҚРОММ. ‒ 1680-қ.; 5-т., 2-іс.-3-п.

18. Собрание кодексов РСФСР редакции 1926 г. ‒ М.: Юр. изд. НКЮ РСФСР, 1928. ‒ 1183 с.

19. Отчеты и сведания о наличии и состоянии движения заключенных за 1932 г. ‒ Астана ҚММ.- 65-қ.; 1-т., 5781-іс; 5765-іс; ҚРОММ.-1380-қ.; 1-т., 264-іс.

20. Отчет отдела прокуратуры за 1923-1925 гг. // ҚРОММ. ‒ 1380-қ.; 1-т., 69-іс.- 40-п.

21. Статические отчеты Прокуратуры за 1925-1926 гг. // ҚРОММ.-1380-қ.; 1-т., 126-іс.- 3-п.

22. Материалы по надзору за местами заключения за 1927-1928 гг. // ҚРОММ. -1380-қ.; 1-т., 124-іс.- 2-п.

23. Материалы по надзору за местами заключения // ҚРОММ. ‒ 1380-қ.; 1-т., 198-іс.- 15-п.

24. Циркуляры НКЮ за 1925-1926 гг. // ҚРОММ. ‒ 1380-қ.; 1-т., 97-іс.- 3-п.

25. Приказы и директивные указания прокурора СССР по надзору ИТУ // ҚРОММ. ‒ 2014-қ.; 1-т., 14-іс.- 15-п.

26. Абрамов Д. Места заключения и репрессированные.-Алматы: Глобус, 2001. ‒ 142 с.

27. Жұмағалиев З. Сыр сандық // Орталық Қазақстан. ‒ 1998. ‒ 12 ақпан.

28. Тасымбеков А. Жан дауысы. АЛЖИР архипелагы.-Алматы: Жазушы, 1993.-223 б.

29.  Шаймуханов Д.А., Шаймуханова С.Д. Карлаг.-Караганда, 1997.-175 с.

30.  Кукушкина А.Р. История создания и функционирования Акмолинского лагеря жен “Изменников Родины” (30-40 годы ХХ века): Автореф. дис. … канд. истор. наук.-Караганда, 2001.-30с.

31.Страницы трагических судеб / Сост. Е.М. Грибанова, А.С. Зулкашева и др. - Сборник воспоминаний жертв политических репрессии в 1920-1950 гг. -Алматы: Жеті Жарғы, 2002. - 448 с.

References:

1.  Lebon G. Psihologicheskie zakony // Sayasat. ‒ 1999. ‒ № 9. ‒ S. 19-25.

2.  ZHak Rossi. Spravochnik po GULAGU. ‒ M.: Prosvet, 1991. ‒ CH.1. ‒ 548 s.

3.  Otchety i otchetnye doklady o rabote ITK za 1929-1930 gg. // Aқtөbe OMM. ‒ 13-қ.; 2-t., 1-іs.- 6-p.

4.  Kravchenko A.I. Sociologiya. ‒ Ekaterinburg: Delovaya kniga, 1999. ‒ 368 s.

5.  Tsirkulyary svodnyye vedomosti i akty. 31.01.1929- 7.05.1931 g. ‒ Astana. KˌMM.- 65-kˌ.; 1-t., 5731-ís.- 85-p.

6.  Sbornik zakonodatel'nykh i normativnykh aktov o repressiyakh i reabilitatsii zhertv politicheskikh repressii. ‒ M.: Respublika, 1993. ‒ 223 s.

7.  Shaymukhanova S.D. Politicheskiye repressii v Kazakhstane 1930-40-ye i nachalo 50-kh gg. ‒ Karaganda, 2000. ‒ 160 s.

8.  Sistema ispravitel'no-trudovykh lagerey v SSSR 1923-1960: Spravochnik. ‒ M., 1981. ‒ 479 s.

9.  Otchety o deyatel'nosti NKYU za 1930 g. // KˌROMM. ‒ 1380-kˌ.; 2-t., 309-ís. -3-p.

10.  Tsirkulyary UNKVD za 1935-1936 gg. ‒ Astana KˌMM.- 65-kˌ.; 1-t., 5831-ís.- 92-p.

11.  Prikazy i direktivnyye ukazaniya NKVD SSSR i tabelya srochnykh donesenii za 1935-1936 gg. ‒ Astana KˌMM.- 65-kˌ.; 1-t., 5828-ís.- 41-p.

12.  12. Sovershenno sekretnaya perepiska Prokurora Kazotdelenii VS RSFSR // KˌROMM. -1380-kˌ.; 1-t., 389-ís.- 31-36p.

13.  13. Protokoly zasedanii glavnoy Attestatsionnoy komissiy ITL za 1935-1936 gg. // Astana KˌMM. -65-kˌ.; 1-t., 5825-ís.- 117-p.

14.  S. Dіlmanov Karagandy lagerіndegі tұtқyndar Aқiқat //. - 2001. - № 5. - b 77-81.

15.  S. Dіlmanov Karagandy lagerіndegі tұtқyndar Aқiқat //. - 1999. - №12. - b 41-47.

16.  Protokoly zasedanii nablyudatel'noy komissii i spiski grazhdan lishennykh svobody za 1934-1935 gg. ‒ Astana KˌMM.- 65-kˌ.; 1-t., 5801-ís.- 2-p.

17.  Staticheskiye otchety NKYU za 1938 g. // KˌROMM. ‒ 1680-kˌ.; 5-t., 2-ís.-3-p.

18.  Sobraniye kodeksov RSFSR redaktsii 1926 g. ‒ M.: Yur. izd. NKYU RSFSR, 1928. ‒ 1183 s.

19.  Otchety i svedaniya o nalichii i sostoyanii dvizheniya zaklyuchennykh za 1932 g. ‒ Astana KˌMM.- 65-kˌ.; 1-t., 5781-ís; 5765-ís; KˌROMM.-1380-kˌ.; 1-t., 264-ís.

20.  Otchet otdela prokuratury za 1923-1925 gg. // KˌROMM. ‒ 1380-kˌ.; 1-t., 69-ís.- 40-p.

21.  Staticheskiye otchety Prokuratury za 1925-1926 gg. // KˌROMM.-1380-kˌ.; 1-t., 126-ís.- 3-p.

22.  Materialy po nadzoru za mestami zaklyucheniya za 1927-1928 gg. // KˌROMM. -1380-kˌ.; 1-t., 124-ís.- 2-p.

23.  Materïalı po nadzorw za mestamï zaklyuçenïya // QROMM. ‒ 1380-q.; 1-t., 198-is.- 15-p.

24.  Cïrkwlyarı NKYu za 1925-1926 gg. // QROMM. ‒ 1380-q.; 1-t., 97-is.- 3-p.

25.  Prikazy i direktivnyye ukazaniya prokurora SSSR po nadzoru ITU // KˌROMM. ‒ 2014-kˌ.; 1-t., 14-ís.- 15-p.

26.  Abramov D. Mesta zaklyucheniya i repressirovannyye.-Almaty: Globus, 2001. ‒ 142 s.

27.  Jumağalïev Z. Sır sandıq // Ortalıq Qazaqstan. ‒ 1998. ‒ 12 aqpan.

28.  Tasımbekov A. Jan dawısı. ALJÏR arxïpelagı.-Almatı: Jazwşı, 1993.-223 b.

29.  Shaymukhanov D.A., Shaymukhanova S.D. Karlag.-Karaganda, 1997.-175 s.

30.   Kukushkina A.R. Istoriya sozdaniya i funktsionirovaniya Akmolinskogo lagerya zhen “Izmennikov Rodiny” (30-40 gody KHKH veka): Avtoref. dis. … kand. istor. nauk.-Karaganda, 2001.-30s.

31.  Stranitsy tragicheskikh sudeb / Sost. Ye.M. Gribanova, A.S. Zulkasheva i dr. - Sbornik vospominaniy zhertv politicheskikh repressii v 1920-1950 gg. -Almaty: Zhetí Zharġy, 2002. - 448 s.

Сарсембина К.К.

кандидат исторических наук,

Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова

г. Алматы, Казахстан

Положение женщин в исправительно-трудовых лагерях и тюрьмах (в годы сталинских политических репрессий)

Аннотация: В статье изучаются последствия сталинских репрессий на основе исторических данных. Поддержание системы политических репрессий, массовых репрессий во время 1937-1938 годов, а также начиная с середины 1920-х годов политические меры и политические репрессии проводились на основе правовых норм, действовавших на основе естественного ограничения свободы человека что вдохновило духовное рабство. В статье также описываются преследования членов семей невинных жертв политических репрессий, пытки женщин в тюрьмах и трудовых лагерях.

  Судьба женщин, подвергшихся политическим репрессиям и невиновным наказаниям, изучалась на основе данных. АЛЖИР утверждает, что судьба невинных жертв является преступлением тоталитарной системы.

Ключевые лова: политическая репрессия, тоталитаризм, национальное сознание, семья, государство, духовность.

K.Sarsembina

Candidate of Historical Sciences,

Ch. Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology

Almaty, Kazakhstan

THE STATUS OF WOMEN

IN THE CORRECTIVE-LABOR CAMP AND PRISON

(DURING THE STALINIST POLITICAL REPRESSIONS)

Summary

The article considers labor camps and prisons in the years of Stalin's political repression (on the basis of the data on the fate of the innocent women suffering persecution).

In this paper the author examines the fate of women who suffered innocent victims of ALZHIR camp (Akmola camp of wives of traitors to the motherland). The article describes the fate of womenwho found innocent in prison during the years of Stalin's political repressions. In the prison camp there had been the wives, siblings, mothers of public figures. Among other things the "mothers of convicts"did hard work. The Soviet policy has aggravated people from their society, imprisoned themand instilled fear and anxiety.

Keywords: repression, totalitarianism, national consciousness, state, society, labor camp.state. political repression.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 4528

No reviews

Download files

Ма__ала С__рсембина ____ралай 15 __араша, 2018.docx 0.04 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ӘОЖ 94 (574) «20/30» Қазақстандағы нарық механизмінің соңғы элементтеріне қарсы Сталиндік экстремистік саясат ӘОЖ 316.35:39 ОТБАСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДАҒЫ ТҮРЛІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ ХАҚНАЗАР ХАННЫҢ БИЛІГІ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ 94(574).084.6 «ОТАНЫН САТҚАНДАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ АҚМОЛА ЛАГЕРІ» ТАМҰҒЫНДА ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы) ӘОЖ 930.2:94(574) ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУДАҒЫ РӨЛІ МЕН СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ҰСТАНЫМЫ ӘОЖ 930.2:94(574) ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ МЕН ОРЫС ЕЛІ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ РӨЛІ ПОСТРЕВОЛЮЦИОННАЯ ИСЛАМИЗАЦИЯ ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОЙ ЖИЗНИ В ИРАНЕ ҒТАМР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАМР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАМР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Author's articles

ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы)