Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша)

Қ.С. Әлімбаев¹. ¹Магистрант. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Алматы қ., Қазақстан.

ҒТАМР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(22), 2020

Tags: дін, шейх, суфизм, шариғат, ортағасырлық тарих, агиографиялық еңбектер, көшпелі қазақ қоғамы және ислам ықпалы, сұлтандар, хандар, мемлекет
Author:
Аңдатпа: Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамының ұжымдық діни бірегейлігіне қатысты мәселе көтеріліп екы парсы тілді ортағасырлық шығарма мазмұнындағы құнды мәліметтер талданады. Ол – Фазлаллаһ ибн Рузбихан Исфаханидің «Миһман-наме-и Бухара» («Бұхара мейманының жазбалары») еңбегі және Мұхаммед Әуездің «Зийа әл-қулуб» («Жүректер сәулесі») атты ортағасырлық агиографиялық шығармасы. Соңғы деректі ғылыми айналымға енгізген белгілі қазақстандық шығыстанушы В.П. Юдин болған. Қазақ қоғамының діни сауаты жайлы қайшылықты пікірлер тараған. Осы тұрғыдан Фазлаллах ибн Рузбиханның Қасым хан тұсында өмір сүрген қазақтар арасында айтарлықтай діннен ауытқушылық белгілерін таба алмағаны өте маңызды тарихи ақпарат. Осы танымал еңбекте мұқият қарағанда Қазақ еліне «ислам елі» деген сипаттама беріледі. Сол сияқты «Зийа әл-қулуб» агиографиялық еңбегінде Тәуекел хан бастаған қазақ ақсүйектерінің бұхаралық шейх Қожа Ысқаққа қол беріп, мүрид атанғандықтары жайлы мәліметтер берілген. Осы сынды тарихи мәліметтер мейлінше ескерілсе Қазақ хандығы дәуіріндегі діни-конфессиялық процестер мен шариғаттың кейінгі ортағасырлық көшпелі мемлекеттілікке әсері жайлы отандық тарихнамалық тұжырымдар одан әрі жетіліп толықтырылуы сөзсіз.
Text:

Кіріспе. Ортағасырлық қазақ қоғамының ұжымдық діни бірегейлігі мәселесі күрделі проблема екені белгілі (Нуртазина, 2018: 93). Кейінгі ортағасырлық қазақ қоғамының діни-конфессиялық өмірі жайлы тарихи мәліметтер жеткіліксіз. Бізге белгілі жылнамалар негізінен қазақтардың сыртқы саясаты мен халықаралық байланыстары, сол сияқты тұрмыс салты, шаруашылығы жайлы мағлұматтар береді (МИКХ, 1968: 26). Ал дін, діни саясат, мұсылмандық құндылықтардың қазақ қоғамындағы нақты рөлін анықтау үшін біз пәнаралық негізде әртекті дереккөздердің материалдарын талдауға мәжбүр боламыз. Мәселен, діни қиссалар, шежірелер, этнографиялық деректер, т.с.с.

Алайда, осы проблемаға қатысты таза тарихи дереккөздер жоқ емес. Мысалы, Фазлаллаһ ибн Рузбихан Исфаханидің «Миһман-наме-и Бухара»(«Бұхара мейманының жазбалары») еңбегі ең маңызды және құнды дерек екені сөзсіз (Ибн Рузбихан, 1976: 197). Себебі, бұл еңбектен ислам дінінің Қасым хан заманының өзінде-ақ көшпелі қазақ қоғамының мәдениеті мен күнделікті тұрмыс-салтының ажырамас бір бөлгі болғандығын аңғаруға болады деген түйін жасайды тарихшы Н.Д. Нұртазина (Нұртазина, 2016: 271).

Әдістері. Зерттеудің әдіснамалық принциптері ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістері, анализ және синтез, Дін және діни өмірдің тарихи-философиялық мәселелерін зерттеудің салыстырмалы, объективті, тарихи және философиялық әдістері болып табылады. Мұсылмандық діни институттарды, қазақтардың діни тәжірибесінің құрамдас бөлігі ретінде және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың санаты ретінде талдай отырып, автор әлеуметтік танымның жалпы ғылыми қағидаттарын басшылыққа алады.

Кейбір авторлардың нақты материалды мұқият талдау негізінде ислам дамуының жалпы заңдылықтары туралы әзірленген теориялық-әдіснамалық ережелерді жергілікті жағдайларға байланыстыру әрекеттері Қазақстандағы ислам дінінің ерекшеліктері туралы толық негізді тұжырымға алып келді. Қазақстан тарихындағы ислам мәселелері бойынша көптеген кітаптар, мақалалар, шолулар мен хабарламалар республикада аз уақыт аралығында жарияланды. Кейбір авторлар оқырманды Қазақстандағы діннің пайда болу, таралу және даму тарихымен таныстыру міндетін қойды. Бірақ негізінен елеулі ғылыми-тарихи талдау жасау әрекеттері орын алды (Джалилова 2006: 19).

Талқылау. Республиканың тәуелсіздігін жариялау отандық зерттеушілердің шығармашылық әлеуетін толығымен нығайтты. Зерттеулер саласында сәтті жұмыс істейтін бірқатар ғалымдар, этнографтар, тарихшылар, теологтар бар. 90-жылдардың ортасында қызу талқылауларға айналған мәселелер: исламның қоғамдағы рөлі мен болашағы, оның дамуындағы негізгі тенденциялар қандай? Осыған байланысты ортағасырлық Қазақстан тарихындағы исламның рөлі, исламның қазақ топырағында пайда болуы мен таралуы, қазақ хандарының исламға қатынасы, исламның қазақ мәдениетіндегі рөлі Ресей тарихында белгілі бір дәрежеде зерттеле бастады. Мысалы, А. Муминов, З. Жандарбек, Н. Нуртазина, М. Булутай А. Сұлтанғалиев, Р. Мұстафин және басқалар өз үлестерін қосты (Муминов, 1999: 124). Кәрібаевтың қазақ хандарының діни саясаты да қарастырылды (Кәрібаев, 2014: 223). Біздің зерттеу дерекқорымызға араб-парсы, түркі, орыс-батыс дереккөздері, сондай-ақ қазақ хандарының саясатын анықтайтын фольклор, қазақ асыл тұқымдары, этнографиялық материалдар кіреді (МИСЦА, 1988: 68).

М. Абусеитованың 1971 жылы жарық көрген «Қазақстан және Орталық Азия» атты еңбегінде XV–XVII ғасырлардағы аталған территория тарихын және де саяси әрі дипломатиялық жағынан маңызды зерттеулер жүргізді. Қазақ хандығы дәуіріндегі саясаттың бейнесінен ислам дінінің ықпалын байқауға болады. Мәселен Хақназар хан ноғай мырзаларымен болған күресте Мәскеуге өз елшілігін аттандырды. Ал ноғай мыразары болса наразылығын танытып Мәскеуге мағынасы мынадай хатты жолдады: «менімен дос бола тұра, олай жасағаның дұрыс емес. Дәулет Герей ханмен бір сенімде болсам да, онымен жақсы ара-қатынаста емеспін, ал Хақназар хан мен сен екеуің өзге діндесіңдер, достасуларың дұрыс емес» (Тасмагамбетов, 2005: 170).

Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты Б.Б. Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты еңбегінде қазақ хандығының құрылуының этникалық алғы шарттары тарауында, моңғолдардың қыпшақтану процесіндегі исламның рөлін қарастырады. Моңғолдық және түркілік этнокомпоненттердің қыпшақтану процесіндегі маңызды рөлдердің бірін ислам діні атқарғандығын, Алтын Орда хандарының исламға қолдау көрсетуін баяндайды. Ислам дінінің Алтын Орданың қоғамдық өмірінің барлық жағына тереңдеп енгеннен соң, әсіресі этникалық процестердің рухани факторына негіз болды, деген тұжырымдамалар жасайды.

Аширбек Муминовтің Орталық Азия тарихындағы ислам дінінің рөлі және ханафи құқықтық мектебінің маңыздылығы көрсетілген еңбегінде негізінен Орталық Азия ханафи теологтарының өмірлік әңгімелері, жергілікті мәдени-рухани дәстүрмен өзара байланысы және мемлекеті басқаруда діннің ықпалы. Орталық Азия халықтарының қоғамдық өміріндегі ислам діні шариғатының маңыздылығы туралы айтылып, баяндалады. Араб-исламтанушы А.К. Муминовтың монографиясы жоғарыда айтып өткеніміздей ханафи мазхабының Орталық Азия тарихындағы рөлі мен маңызы және VIII–XV ғасыр аралығын қамтиды. Онда исламның жергілікті мәдени дәстүрлермен өзара іс-қимылының көпғасырлық процестерінде ханафиттердің негізгі рөлі, оны әртүрлі этникалық құрамы бар өңірде бейімдеу, экономикадағы, мәдениеттегі, әдет-ғұрып пен сенімдегі ерекшеліктері көрсетілген. Сондай-ақ, ислам өркениетін дамыту үшін көптеген ұлы есімдер, көрнекті өндірістер берген Орталық Азияның дін ілімі мектебінің тарихы да назарға алынды. Монография тарихшыларға, шығыстанушыларға, дінтанушыларға және Орталық Азиядағы ислам өркениетінің тарихына қызығушылық танытатын көпшілік оқырмандарға арналған.

Натижелері. «Миһман-наме-и Бухара» біздің тақырыбымызға маңыздылығықөшпелі қазақтардың мұсылмандығына күмәнмен қараған шайбанилердің ықпалымен туған шығарма. Мұхаммед Шайбани-хан Орталық азияның саяси өмірінде ықпалы күшті болған Бұхара дінбасыларынан қазақ хандығына қарсы жорықты идеологиялық жағынан негіздеу мақсатында пәтуа сұраған-ды.

Этно-тарихи жағына келсек, XV–XVI ғғ. қазақтар мен Орта Азияға қоныс аударған өзбектер арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмады. Сонымен бұл этнонимдер шатастырылып, «өзбек-қазақ» тіркесі жиі пайдаланылды. Алайда билікке талас мақсатында Шыңғыс тұқымдарынан болған хандар және сұлтандар, жалпы династиялар арасында, яғни «үлкен саясат» ауқымында бәсекелестік пен әскери қақтығыстар жиіледі.

«Сенімсіздік» туралы пәтуә мәселесі жайындағы сыбыстар Қазақстанға жеткен секілді. Осыған орай, Бұхарада Көкілташ медресесін салу туралы қазақ аңызы пайда болды деседі (Досмұхамедұлы, 1998: 71). Өзінің діндарлығымен, үлкен білімімен ерекшеленетін Көге есімді қазақ Бұхараға қазақтардың нағыз мұсылман екенін дәлелдеуге келді. Ол жерде ол Көкілташ мешіт-медресесінің іргетасын қалаған. Бұхара билеушісі бүкіл халыққа жала жапқысы келген молда Шамсі-Мұхаммедті жазалауға мәжбүр болды. Көге кейіннен Меккеге қажылық жасады, сол жерде ол қайтыс болды. Х. Досмұхамедов аңызға түсінік бере отырып, оның XVI ғасырға жататын нақты тарихи оқиғаларды бейнелейтінін баян етеді.

Мұхаммед Шайбани қазақтарға қатысты әскери жорықты негіздеу үшін шариғат үкімін күтті. Ибн Рузбихан сол кезде діндарлығымен танылған ғалым еді, ол өз билеушісінің бұл талабына алдымен толыққанды діни талдау жасамастан бірден қолдау көрсете алмады. Ақыры ол тіпті қөшпелі қазақ даласында зерттеулер жүргізіп, қазақтарды «дінсіз» деп шешім қабылдауды түбегейлі жоққа шығарады.

Бұхаралық ғалым қазақтардың мұсылмандығы жайында мұқият зерттеу арқылы қазақтардың мұсылманшылығын «әлсіз мұсылмандар» деңгейіне бағалайтын ешқандай дәлел таппады. Бірақ кейбір фактілерге назар салатын болсақ, қазақтарды мұсылман қауымдастығының алдында, абыройына нұқсан келтіретін деректер табылған: «сенімді адамдардың жеткізуі бойынша», далада әлдебір пұттардың бейнелері сақталған. Көктемде алғашқы қымыз шыққанда көшпенділер оны шығысқа қарай шашып, әрі күнге сәлем береді-мыс.

Тағы бір мәселе. Бәрімізге белгілі, шариғат бойынша мұсылман мұсылманды тұтқынға алып, құлдыққа сатпайды. «Миһман-наме-и Бухара»шығармасында қазақтардың «дінсіздігіне» қатысты олардың тұтқынға түскен шет елдік мұсылмандарды құлдыққа сатады деген айып айтылады. Бірақ бұл да көптеген қауесеттердің бірі болуы мүмкін.

Ұсақ-түйек айыптар болмаса, Фазлаллах Ибн Рузбихан тұтас қазақ халқын «дінсіз» деп, пұттар мен басқада түрлі заттарға табынушы шаманистердің қатарына қосуды қолдай алмайды. Яғни одан әрі бұхаралық теолог XVI ғ. қазақ қоғамының діни сауаты мен дінді ұстану моделіне жап-жақсы сипаттама береді. Олар (қазақтар) басқа мұсылмандар секілді «Құран әрі намаз оқиды, балаларын медресеге жібереді, некеге тұрады және неке келісімінсіз мүлде үйленбейді» (Ибн Рузбихан, 1976: 63).

Бұдан ары қарай деректе «бұл адамдар (яғни қазақтар) «куәлік етеді» (дінді қабылдағанын білдіретін «Лә илләһа иллә Аллаһ Мұхаммад расул Аллаһ» сөз тіркесі туралы айтылып тұр - авт.), өздерін өзі мұсылмандар қатарына қосады; олардың арасында құрбан шалу, намазға шақыру (азан айту), Құран оқу кең тараған делінген.

Сол сияқты бұл тарихи дереккөзде Фазлаллах ибн Рузбихан қазақ даласына шетелдік діни миссионерлер, ишан-молдалар, дәруіштер үнемі келіп аралап тұратынын растайды. Мәуараннаһр, Хорезм, Еділ мен Кавказдан көптеген ғалымдар және дін уағыздаушылар келетінін атап өтеді. Сондай-ақ «олардың (қазақтардың) саудагерлері ислам елдеріне жиі барып тұрады, ал ол елдердің саудагерлері осында келіп тұрады» делінеді.

Фазлаллах ибн Рузбихан шафиғи мазһабының өкілі болғандығына қарамастан қазақтар арасында діннен ауытқушылықты байқамады. Осы ретте ортағасырлық ислам ғалымының Қазақ елі – «ислам елі», ал қазақ халқы «куәлікті (шаһада) шын жүрегімен айтқан», олардың «исламды қабылдағанына екі жүз жылдан асыпты» және «олар қазір хан, сұлтандарымен бірге барлығы – мұсылмандар» деген тұжырымдары біз үшін аса жоғары маңызға ие (Ибн Рузбихан, 1976: 105).

Ханафи фикһ мектебінің қағидалары бойынша адамға «кәпір» деген айып қою үшін ол Құдай мен қасиетті Құранды әрі ислам дінің негізгі құндылықтарын мүлде жоққа шығаруы тиісті. Ал, исламдағы намаз, ораза сынды парыз амалдарды орындамаған бірақ, иман келтірген болса «күнаһар мұсылман» деңгейінде болады. Ал енді, қазақтар арасында Қасым хан дәуірінде намаз оқылып, ораза ұсталғандығын әрі өз орталарынан діни сауатты ғалым-ишандар шыққанын ескерсек, қазақ қоғамын «дінсіз» деп, шешім шығару қате пікір екенін түсінеміз.

Бірақ Мұхаммед Шайбани тарапын төнген қысымнан Фазлаллах ибн Рузбихан пұттар жайлы естіген мағлұматтарын дұрысқа шығарып қазақ халқын «діннен шыққандар» қатарына қосуды ұйғарады. «Діннен шыққандар» (немесе «діннен безген») деп, діни қараңғылықтағы пұтқа табынушы кәпірлер мен мәжусилермен салыстырғанда алғашында мұсылман болып кейін белгілі бір себептермен діннен ажырағандарды атаған. Ислам шариғаты бойынша «діннен безгендердің» дәрежесі ауыр күнә деп бағаланған.

«Әрине, олардың (қазақтардың) арасында білім (ислами оқу-ағарту) таратылмаса бұл қағидалардың (исламның парыздары жайлы айтылып тұр - авт.) орындалуы мүмкін емес. Ал олар сонша білімді меңгергеннен кейін, біздің алдымызда мүсіннің алдында бас ию – нағыз пұтқа табынушылық екенінен өздері де бас тарта алмайды». Автордың пікірінше, қазақтармен күрес «басым бөлігі бұрын исламды қабылдаған елде қайтадан туған дінсіздікпен күрес» болып сипатталуы тиіс (Ибн Рузбихан 1976: 63). Бірақ, бұл пікірдің де негізсіз екенін түсіну қиын емес.

Белгілі қайшылықтарына қарамастан, Фазлаллаһ ибн Рузбихан Исфаханидің «Миһман-наме-и Бухара» шығармасындағы Қазақ хандығындағы діни ахуал мен діни процестерге қатысты мәліметтердің маңызы зор. Әсіресе, қазақтардың «исламды қабылдағанына екі жүз жылдан асыпты» деген, сол сияқты осы халық «қазір хан, сұлтандарымен бірге барлығы – мұсылмандар» деген тұжырымдар Қазақ хандығының діни-конфессиялық өткенін реконструкциялауға аса құнды ғылыми ақпарат болып табылады.

Тағы бір назар аударатын еңбек – Мұхаммед Әуездің (XVI ғ.) «Зийа әл-қулуб» («Жүректер сәулесі») атты ортағасырлық агиографиялық шығарма. Деректі ғылыми айналымға енгізген белгілі қазақстандық шығыстанушы В.П. Юдин болған. Оның мазмұнында қазақ хандары және жалпы көшпелі қазақтардың мәдениеті мен тұрмыс-салтындағы рухани құндылықтары жайлы мәліметтер бар. Дереккөзде көшпелі қазақтар мен қырғыз халқына рухани басшылық жасаған шейх Қожа Ысқақтың күнделікті өмірі жайлы баяндалады. «Ол өмірінің көп бөлігін ілімін уағыздауға және көшпелі халықтар арасында – қазақтар, қырғыздар мен қалмақтарға дінді уағыздауға арнады» (Юдин 1966: 73).

«Зийа әл-қулуб» еңбегінде Қожа Ысхақтың қазақ ақсүйектері мен халықтың рухани мәдениетіне ықпалы жайында қызықты мәліметтер бар. Нақтырақ айтсақ, агиографиялық шығарманың авторы Тәуекел хан бастаған бір топ қазақ сұлтандарының шейх Қожа Ысқаққа (Хазрат-и Ишан) қол беріп, мүрид атанғандығы жайында әңгіме келтірген. Яғни бүл факт Қазақ хандығынң конфессиялық саясатына таптырмайтын бірегей мәлімет көзі болып табылады. Себебі, кеңестік және тіпті посткеңестік тарихнамада әлі де Қазақ хандығы мен қазақ билеушілердің діни ұстанымдары мен шариғаттың мемлекетке қатысты туралы тарихи жағдай объективтік түрде ашылып көрсетілмейді әрі тарихи фактілер жеткіліксіз.

Көшпелі дүниетанымға негізделген сопылық әдебиеттің мұрасы молддалардың күнделікті уағыз-насихат сөздерінен әлдеқайда тартымды болды. Сопылар ислам философиясындағы адамгершілік, қанағат, әділеттілік пен мейірімділік сияқты терең ұғымдарды ақындар мен жыраулар поэзиясындағы кең түсінігін адамдар қолдады. Бұл адамдардың әр сөзі халықтың санасына терең сіңді. Тарихшы З. Жандарбек Ясауи ілімдері қазақ халқының ру-тайпалық жүйеге негізделген мемлекеттік жүйесіне негізделеді дейді. Түркі халықтарының рухани және мәдени табиғаты ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік жүйе де Ясауи сопылық ілімінің құрылымдық жүйесімен тікелей байланысты болды.

Тәуекел хан бастаған қазақ сұлтандарының ишанға «қол беру» оқиғасы Самарқанд қаласының маңындағы Кан-и Гил атты мекенде орын алған. Орыс тіліне В.П. Юдин жариялаған аудармасында былай делінген: «Хазарат-и Ишан в то время остановился на куруке Кан-и Гил. Таваккул-хан Казах, со ста двадцатью сыновьями и султанами, все с веревками на шее, плача и рыдая, подняли карету Хазрат-и ишана и стали тереть свои лица о дерево паланкина Хазрат-и ишана ...и таким (вот) образом (они) доставили Хазрат-и ишана в город Самарканд» (Юдин, 1966: 75). Яғни ханның соңында ерген оғлан, сұлтандар саны 120 болған. Соғыс майданында арыстандай айбатты ерлер әулиенің алдында көз жасын көл қылып тәубаға келгені, дін адамына зор құрмет көрсеткені бізді таңқалдырады. Хазірет Ишанды олар көтеріп аяғын жерге тигізбей Самарқандқа жеткізгені баяндалады.

Мұхаммед Әуез бұдан кейін әйгілі қазақ ханына әр кезде ықпал жүргізген ортаазиялық ишандар туралы сөз қозғайды. Автордың айтуы бойынша, аты аталмаған бір ишан «Тәуекелді мен тәрбиелеймін» деп мәлімдеп, оған өкілін жіберген екен, соның нәтижесінде Тәуекел енді оған мүрид болып кетеді. Мұхаммед Әуез Хазреті Ишанның жеке көмекшісі және өте діндар адам болғандықтан Тәуекелдің осы әрекетін яғни басқа мүршидке (ұстазға) кетуін құптамай, кейіннен оның басынан кешкен әскери сәтсіздіктерді және көп ұзамай әскери әрекеттер барысында опат болғанының себебін осы оқиғадан іздейді.

«Зийа әл-қулуб»еңбегінде Қожа Ысхақтың қазақ ақсүйектері мен бұқара өміріне ықпалы жайында басқа да құнды мәліметтер бар. Шейхтың көмекшісі Хафиз-и Араб мынадай оқиғаны баян етеді: «Бірде таудың етегінде біз Хазрат-и Ишанға қызмет етіп жатқан едік, кенеттен Хазрат-и Ишанға қазақтар (мен) қырғыздардың билеушілерінің бірі көп «нәзір» (қайыр садақа) әкеліп берді де: «Уа, хазірет, мына кедейлерге қайырыммен қарап, құдіреті шексіз Алла Тағаладан оларға судың көзін ашуын сұрап дұға жасасаңыз игі болар еді, мына бейшаралар құрғақшылықтың зардабын шегіп отыр, жағдайлары ауыр» - деді (Юдин, 1966: 75).

Қожа Ысхақ шәкірттерімен бірге (Аллаға) жалбарына бастады, шәкірттерінің көзжастары көл болып төгілді, осы кезде кенеттен жер астынан су шықты, сол себепті «билеуші мен оның нөкерлері Хазрат-и Ишанға бірден сенді»; бірнеше күн өткен соң қырғыздардың тура сол билеушісі Хазрат-и Ишанға қызметке өзімен бірге көп адам ертіп келді. Олардың барлығы Хазрат-и Ишанға сеніп, соңынан ерді».

Қазақ хандығы дәуірі тарихының рухани-идеологиялық «ақтаңдақтары» ислам мен шариғаттың рөліне де қатысты. Келешекте біз хан-сұлтандардың шариғатты қаншалықты ұстанды, дінге, исламиятқа көзқарастырын толық қалпына келтіріп, дәстүрлі мемлекеттілігіміздің типологиясын анықтауға қол жеткізуіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы ислам діні XV–XVI ғғ. өзінде халықтық сипат алған («менталитеттік») дінге айналған деген ғылыми тезисті негіздеу үшін (Нуртазина, 2009: 113). Ибн Рузбиханның«Миһман-наме-и Бухара» мен Мұхаммед Әуездің «Зийа әл-қулуб» шығармаларындағы дінге қатысты мағлұматтарының деректанулық маңызы зор.

Қазақ хандығының құрылуымен қазақтар ұлт ретінде өзіндік дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, менталитеті және діні бар ел санатында әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмір жолында дамып, еркін, тәуелсіз ел болды. XV ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап XIX ғасырдың ортасына дейінгі кезең Қазақ хандығы дәуірі ретінде әлемдік тарихта ерекше орын алады. Қазақ хандығы дәуіріндегі исламдық құндылықтардың қазақ мемлекеттілігі тарихындағы орны мен рөлін бір дәлелмен көрсетуге болмайды. Мемлекеттік саясатта хандар Ханафи шариғатын заңның негізі деп санады. Сондықтан Жеті Жарғы сияқты заңдарда бұған дейін Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, көшпенділердің әдет-ғұрыптары шариғат ережелерін бейнелеген. Шыңғыс ханның ұрпақтары исламизация және қыпшақтандыру процестерін бастан өткерді. Олар мұсылман есімдерін қабылдады және жеке мұсылмандық өмірлері бар адамдарға үлгі көрсетті.

XVI ғасырда қазақ мемлекетінің күш-қуатты болуына қол жеткізген Қасым ханның үлгілі мұсылман болғанын білетіндер аз. Бұл туралы айтар болсақ Мұхаммед Хайдар Дулатидің: «Қасым ханға келер болсақ, ол бүкіл Дешті-Қыпшақты жаулап алды» (Дулати, 2003: 605) деп жазғанына сүйенсек болады. Көшпелі менталитет Қасым ханның діндар мұсылман болуына кедергі бола алған жоқ. Хан сопылық философияға да оң көзқараспен қарады. Қасым хан Бұхарадан шыққан шейх Абу Бакр Саадтың шәкірті екені де белгілі (Абусеитова, 1998: 45). Діншілдік қазақ ханының идеологиясы мен қоғамдық қызметіне тікелей әсер етті. Қасым ханды ел арасында әскери адам деп үшін емес, ел басқаруда бейбітшілік пен әділ басшылықты ту еткендігі үшін еске алады. Хан елдің ұйымдастырылуына, тәртібі мен құқығына назар аударып, жергілікті түркі-ханафи дәстүріне сәйкес заңдар жинағын бекітті. Қарапайым адамдар бұл заңды «Қасым ханның жолы» деп атады. Қасым хан Моғол ханы Сұлтан Саидтың Шайбаниға қарсы бірлескен әскери жорық жасау туралы ұсынысын сыпайы түрде қабылдамады. Оның орнына ол Шайбани әулетінің ханы Убайдулланың қызына үйлену арқылы өзбек хандарымен татуласуды оң қадам деп санады. Тарихшы Мұхаметжан Тынышпаев: «Осындай әскери күшке қарамастан, Қасым хан әлемге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді» (Тынышпаев, 1993: 133) деп дұрыс айтса керек. Ислам руханияты ханның мінез-құлқына оң әсер етті деп санаймыз. Осы кезде қазақ халқының Шығыс мұсылман елдерімен рухани байланысы мықты болған. Қасым Ханның ұстазы Қожа Саадының XVI ғасырда Орталық Азияның саяси және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған маңызды әрі ірі тұлға болып саналды. XVI–XVIII ғасырларда қазақ халқы билеушілерінің Орта Азиядағы сопылармен қарым-қатынасы едәуір тұрақты болды. 1598-1599 жылдардағы әскери оқиғалардың нәтижесінде Түркістан, Ташкент және Ферғана бөліктерінің белгілі бір уақыт аралығында Қазақстанның құрамына енгені осыған дәлел. Жалпы, шиеленістер мен қақтығыстар кезінде дінбасылар бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты қолдауда бітімгершілік рөлін жоғарғы дәрежеде атқара білді. 1512 жылы Әмір Темірдің ұрпағы Бабыр әлі де Мауереннахрдан үміт үзбеді, парсылармен одақ құрып, өзбектерге (шайбани) шабуыл жасады. Орта Азиядағы саяси шиеленістің одан әрі өршуі кезінде сол кездегі әйгілі сопылық шейхтардың бірі Қожа Ислам қазақ мемлекетіне, әсіресе Қасым хан тұсынан пана іздеді. Дереккөздің хабарлауынша, Қасым хан әйгілі және құрметті діни ұстаздың келгенін білсе де, шейхпен өзі кездесіп, «оған ұзақ уақыт қонақжайлылық танытты» (Вяткин, 1927: 9). «Қасым хан кез келген ислам жардем беруге тырысты» (Нуртазина, 2009: 48). Ислам мен оның одақтастарының Қазақ хандығында ұзақ уақыт тұруы кең далада ислам негіздерін құруға және көшпелілермен мен ислам орталықтары арасындағы байланысты нығайтуға оң әсерін тигізгені сөзсіз. Кейінгі оқиғалар да назар аударуға тұрарлық болып табылатыны сөзсіз. Бабыр жеңілгеннен кейін шейх Мауреннахрдағы жағдай біртіндеп қалыпқа келген уақытта отанына оралуға шешім қабылдады. Бұл кезде Бабыр мен парсыларды жеңген Ұбайдулланың елшілері Қасым ханның сотына келді. Олар өз билеушісіне Қасым ханның қызы туралы айтқысы келеді. Некеге тұруға келіскен қазақ ханы қызын шейх Қожа Исламға тапсырды, ол оны Бұхараға жіберді және әкелік қамқорлығын келесі сөздермен білдірді: «Мен қызымды сіздің еліңізге жіберемін. Сіз біздің құрдастарымыздың ұрпағысыз. Сізден өтінемін, қызымның жағдайынан хабардар болыңыз».

Даңқты қазақ ханы Тәуекел (Толық аты-жөні – Таукел-Мұхаммед Бахадур хан) жан-жақты тұлға болды. Батыр, қолбасшы, саясаткер және өзінің ақындық дарыны мен діни білімімен танымал тұлға. Ағайынды Тәуекел мен Есім – мұсылмандық терең білім иесі болған Шығай ханның ұлдары болып табылады. Тәуекел хан парсы тілін жетік білетін және осы тілде өлең жаза алатын деңгейде болған. Ораз Мұхаммед әйгілі хан Тәуекелдің жиені екендігі белгілі, оны Сібірде орыстар ұстап, кейін Мәскеуде ұстаған. Ата-анасынан ерте айырылған Ораза Мұхаммедті ағасы Тауекел тәрбиелеп өсірді. Сонымен қатар ол діндар адам болып өсті. Араб, парсы және шағатай тілдерін жетік біледі. Хан Тәуекелдің ағасымен бірге жазған хаттары орысша аудармада сақталған. Хаттың түпнұсқасы қазақ тілінде араб графикасымен жазылған. XVII–XVIII ғасырларда, басқа қазақ хандары сияқты, Тәуекел хан ислам туы астында қалмақтарға қарсы соғысып жатты. Тәуекел ханның қол астында болған Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның көптеген қалаларында дінбасыларымен тығыз байланыс орнатып, мешіттер мен медреселер салған. Тарихи дереккөздерден белгілі, Тәуекел хан Бұхара ханы Абдулланың шартты түрде бағынышты болған және оған адал қызмет еткен. Абдулла хан Тәуекелге өзінің одақтастығы мен адал достығы үшін алғыс ретінде бай Самарқанд провинциясын ұсынды. Тәуекел хан сонымен қатар Шығыс Түркістанның мұсылман қалаларымен саяси және діни байланыста болды. Исламдық тұрғыдан алғанда, Тәуекел хан қарапайым діни тұлға ғана емес, дінді терең зерттеп, тассауф (сопылық) жолымен жүруге тырысқанын атап өткен жөн. Қазақ билеушісінің діндарлығы туралы ақпарат Мұхаммед Әуездің «Зия аль-Кулуб» атты өмірбаяндық еңбегінде сақталған. Онда Шейх Қожа Исхақтың ізбасарлары болған Тәуекел ханның 120 адамы (ұлдары, сұлтандардың туыстары) туралы айтылады (Юдин, 1966: 96). Бұл оқиға 1598 жылы Самарқанд маңында орын алған.

Қазақ ханы Есім (толық аты-жөні – Ешмұхаммед) Қашқар мен Орта Азияның билеушілерімен және дінбасыларымен тығыз байланыс орнатқан хан болған. XVII ғасырдан бастап, шығыстан, жоңғарлар мен қытайлардан бастап қауіптің артуы қазақ жері мен Шығыс Түркістан мұсылмандарының рухани бірігуіне әкелді. Аппаққожа, Ысхақ қожа және Қашғардың басқа шейхтері қазақтар мен қырғыздар арасында жоғары беделге ие болған. Ол кезде Шығыс Түркістан қалаларында Қожа Суфи тек рухани тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси рөл атқарды. Шығыс Түркістандағы билік үшін күресте атақты Қожа Исхақтың ұрпағы Даниал Қожа бастаған жергілікті қала халқы қазақ ханы Есімді таққа шақырды. Осылайша, Есім хан аз уақыт ішінде Шығыс Түркістанды басқарды. Таукел хан сияқты, Есім хан да ислам дініне құштар болған. Есім хан Қазақ хандығының астанасы Түркістанда мұсылманша діни білім беретін оқу орындарының көптеп ашылуына себепкер болды. 1627 жылы Хиуадан қуылған атақты ислам ғалымы және тарихшысы Әбілғазы Бахадур Түркістанға келді. Есім хан оның қызмет етуіне жағдай жасайды. Қасым мен Тәуке ханның заңдары сияқты, Есім ханның «Есім ханның ескі жолы» атты заң жинақтары ханафи мәзһәбінің әдіснамасына негізделініп жасалды. Басқа да белгілі қазақ хандары Исламды жоғарғы дәрежедегі жақтаушылары болды, оның ішінде Тәуке, Әбілмамбет, Абылай (Әбілмансұр), Әбілқайыр, Жолбарыс, Жәңгір және басқаларды атап отуге болады.

Сыртқы саясатта қазақ хандары мұсылман өлкесі болғандықтан Орта Азия мен Қашғармен белсенді халықаралық қатынастар орнатты. Бұқара мен Хиуа қазақ көшпелілерінің саяси және рухани өмірінде маңызды рөл атқарды. Қасым хан, Тәуекел хан, Тәуке хан, Әбілхайыр хан сияқты көрнекті саясаткерлер исламдық шариғатты, сопылық руханиятты белсенді түрде қолдады, сонымен қатар ішкі және сыртқы саясатында дінбасылармен кеңесіп отырды. Біз белгілі тарихи деректерді талдап, талдауға тырыстық.

«Жеті жарғы» терминінің этимологиясына келер болсақ, «жарғы» араб тілінен алынып, дыбыстауда өзгеріске ұшыраған «шарғы» яғни «шариғат» дегенді білдіретінін аңғаруға болады. Мұсылман заңдарының осы жинағын құрастыруға басшылық жасаған батыл әрі парасатты хан әз-Тәуке шариғат және дала әдет-ғұрыптары бойынша, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сарапшылығымен, мемлекеттің барлық мәселелерін шариғаттың көшпелі қоғамның тұрмыс-салтына негізделген формасымен шешті. Әрине, мемлекеттің сыртқы саясаты оның ішкі саясатының жалғасы болып табылады. Көшпелі қазақ жұртына жат дінді ұстанған жоңғарларымен болған қиян-кескі күресте Тәуке хан бастаған қазақ хандығының мұсылман қауымы исламды мемлекеттіліктің тірегі ретінде қабылдады. Айта кету керек, қазақ халқының сыртқы жаулардан тәуелсіздік алу үшін ұзақ күресі, олардың исламға деген адалдығын одан әрі күшейтіп, этникалық сәйкестілік тұрғысында діни компоненттің белсенділігін арттырды.

Қорытынды. Тарихтағы дағдарыс, індеттердің өсуі, қантөгістер, отаннан туыстардан айырылу – мұның бәрі діни сананы тереңдетеді және адамдарды өмірдің шын мәнін іздеуге, мәңгілік тыныштықты сезінуге психологиялық тұрғыдан итермелейді. «Жалпы алғанда, XVIII–XV ғасырлардағы қазақ халқынын қалыптасуының аяқталу кезеңінде ислам дінінің атқарған рөлі зор. Ислам діні рухани өмірде қандай маңызға ие болса, руханилық дамуда да сондай маңызға ие. Руханилықтың негізгі өзегі, тірегі, қозғаушы күші, діңгегі болып табылатындықтан, біз оны этникалық процестерде де ең басты орынды иеленеді деп есептейміз» (Кәрібаев, 2014: 224). Өз кезегінде Ислам әрқашан адамдарды этникалық тұрғыдан біріктіруге көмектесіп, жеңіске жетелеген және оларға күш берген.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Абусеитова М. Х. К проблеме источниковедения средневекового Казахстана // Отан тарихы. – Отечественная история, 1998. –№ 1. –С. 45

Вяткин В.Л. Шейхи Джубейри. Ходжа Ислам. В.В. Бартольд. –Ташкент,1927. –6 б.

Джалилов З.Г. Ислам и общество в современном Казахстане. – Алматы: Дайк- Пресс, 2006. – 199с.

Досмұхамедұлы Халел. Таңдамалы. – Алматы:Ана тілі, 1998. – 384 б.

Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. – Алматы: М.Х. Дулати қоғамдық қоры, 2003. – 616-б.

История Казахстана в русских источниках. Том I. Посольские материалы Русского государства (XV-XVII вв.). Составление, транскрипция скорописи, специальное редактирование текстов, вступительная статья, комментарии, составление словников указателей А. Исина. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 704 с.

Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылуының тарихы. Алматы, Сардар, 2014.-520 б.

Материалы по истории казахских ханств  XV– XVIII вв. (Извлечения из перс. и тюрк. сочинений) – Алма-Ата: Наука, 1969. – 651 с.

Материалы по истории казахских ханств  XV– XVIII вв. (Извлечения из перс. и тюрк. сочинений). – Алма-Ата: Наука, 1969. Материалы по истории Средней и Центральной Азии X–XIX вв. – Ташкент: Фан, 1988. Мүминов Ә. Жандарбек З. Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы. Насаб-нама. – Түркістан: «Мұра», 1992. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. II том. – Алматы: Жібек, 2007. Көпеев М.-Ж. Қазақ шежіресі. – Алматы: Жазушы, 1994. Құрбанали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих) / Аударған Б. Төтенаев, А. Жолдасов. – Алматы: Демеу, 1992.

Муминов А. Региональная форма бытования ислама в Туркистане // Шелковый путь и Казахстан: материалы научно-практической конференции. – Алматы: Жибек жолы, 1999. Жандарбек, З.З. «Насаб–нама» нұсқалары және түркі тарихы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. Жандарбек З. Йассавийа и этническая история населения Дашт-и Кипчака (по материалам казахских шеджере) // Подвижники ислама: культ святых в Средней Азии и на Кавказе. – Москва: Вост. лит., 2003. Нуртазина Н.Д. Особенности регионального ислама в эпоху Казахского Ханства // Мысль, 2015. – № 9. Бұлұтай М.Ж. Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? – Алматы: Білім, 2000. Султангалиева А.К. Ислам в Казахстане: история, этничность и общество. – Алматы: Казахстанский институт страт. исследований при Президенте РК, 1998. Мустафина Р.М. Бытовой ислам у казахов (XIX–XX вв.) (историко-этнографическое исследование). Дис. докт. ист. наук: 07.00.07 – Алматы, 2006.

Нуртазина Н. Ислам в Казахском ханстве (XV–XVIII вв.). – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 116 с.

Нуртазина Н.Д. Распространение ислама и формирование казахской мусульманской традиции. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 358 с.

 Нуртазина Н.Д. Ислам в Казахском ханстве. – Алматы: Фараби, 2009. – 48 с.

Нуртазина Н.Д. Религиозная идентификация казахского общества в XVI-XIX вв. // Европейский научно-богословский журнал (ISSN18410464-Romania-Scopus), 2018.–Т.1.– № 1. – С. 14. П 93-102.

Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы, 1993. – С. 133

Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман-наме-йи Бухара. – Москва: Наука, 1976. – 197 с.

Юдин В.П. Известия «Зийа ал кулуб» Мухаммада Аваза о казахах XVI в. // Вестник АН Каз ССР. – 1966. – № 5. – С. 71-76.

References:

Abuseitova M. Kh. On the problem of source studies of medieval Kazakhstan // Otan Tarihi. – Patriotic Istria, 1998. – No 1. – S. 45

Dosmuhameduly Halel. Tandamaly. –Almaty: Ana tіlі, 1998. – 384 b.

Dulati M.Kh. Tarih-i Rashidi. – Almaty: M.Kh.Dulati, 2003.– 616-b.

Fazlallah ibn Ruzbikhan Isfahani. Mihman-name-yi Bukhara. – Moscow: Nauka, 1976.– 197 p.

History of Kazakhstan in Russian sources. Volume I. Ambassadorial materials of the Russian state (XV-XVII centuries). Composition, transcription of scopes, special editing of texts, introductory article, comments, composition of proverbs of A.Isina. – Almaty: Dyke Press, 2005. – 704 p.

Karibayev B. B. History of formation of the Kazakh khanate. – Almaty: Sardar, 2014. – 520 p.

Materials on the history of Kazakh khanates of the XV–XVIII centuries. (Extracts from Persian and Turkic writings).– Alma-Ata: Nauka, 1969. – 651 p.

Materials on the history of the Kazakh khanates of the XV-XVIII centuries. (Extracts from Persian and Turkish essays).– Alma-Ata: Nauka, 1969. Materials on the history of Central and Central Asia in the X–XIX centuries. – Tashkent: Fan, 1988. Muminov A. Zhandarbek Z. Maulana Safi ad-din Orung Koylaky. Last name is a letter. – Turkestan: «Heritage», 1992. Kudaiberdiyevich Sh. Works. Volume II. – Almaty: Zhibek, 2007. Kopeev M.-Zh. Kazakh chronicle. – Almaty: Writer, 1994. Kurbanali Khalid. Tauarikh hamsa (Five stories) / Translated by B. Totenaev, A. Zholdasov. – Almaty: Demeu, 1992.

Muminov А. Regional form of Islam in Turkestan // Silk Road and Kazakhstan: Proceedings of the scientific-practical conference. – Almaty: Silk Road, 1999. Zhandarbek, Z.Z. Versions of «Nasab-nama» and Turkic history. – Almaty: Dyke Press, 2002. Zhandarbek Z. Yassavia and the ethnic history of the Dasht-i Kipchak population (based on the materials of the Kazakh shejjere) // Movements of Islam: the cult of saints in Central Asia and the Caucasus. – Moscow: East. lit., 2003. Nurtazina ND Features of regional Islam in the era of the Kazakh Khanate // Thought, 2015. – № 9. Bulutai M.Zh. Ancestor religion. Why did the Turks become Muslims.–Almaty: Education, 2000. Sultangalieva AK Islam in Kazakhstan: history, ethnicity and society. – Almaty: Kazakhstan Institute of Strategy. research under the President of the RK, 1998. Mustafina RM Household Islam in the Kazakhs (XIX – XX centuries) (historical and ethnographic research). Dis. Ph.D. stop. Science: 07.00.07 – Almaty, 2006.

Nurtazina N. Islam in the Kazakh Khanate (XV-XVIII centuries). – Almaty: Kazakh University, 2009. – 116 p.

Nurtazina N.D. Islam in the Kazakh Khanate. – Almaty: Farabi, 2009.– 48 p.

Nurtazina N.D. Religious identification of Kazakh society in 16-th – 19-th centuries // European Journal of Science and Theology (ISSN18410464-Romania-Scopus), 2018.– Vol. 14. – № 1.– P 93-102.

Nurtazina N.D. The spread of Islam and the formation of the Kazakh Muslim tradition.– Almaty: Kazakh University, 2016. – 358 p.

Tynyshpaev M. History of the Kazakh people. – Almaty, 1993.– S. 133

Vyatkin V.L. Sheikh Jubeyri. Khoja Islam. V.V. Bartold.– Tashkent, 1927. – 6b.

Yudin V.P. News «Ziya al-kulub» of Muhammad Avaz about Kazakhs of the XVI century. // Bulletin of the Academy of Sciences of Kaz SSR. – 1966. – No. 5. – S. 71-76.

Zhalilov ZG. Islam and society in modern Kazakhstan. – Almaty: Dyke Press, 2006 .– 199 p.

МРНТИ 03.20.09.25

РЕЛИГИОЗНЫЕ ВОЗЗРЕНИЯ ЭЛИТЫ И МАССЫ КОЧЕВНИКОВ К ЭПОХУ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА (по трудам Ибн Рузбихана и Мухаммада Аваза)

К.С. Алимбаев¹. ¹Магистрант. КазНУ им. аль-Фараби.г. Алматы, Казахстан.

АннотацияВ статье поднимается вопрос о коллективной религиозной идентичности традиционного казахского общества и анализируются ценные сведения их двух персоязычных средневековых источнико. Это – «Михман-наме-и Бухара» (Записки бухарского гостя) Фазлаллаха ибн Рузбихан Исфахани и агиографическое сочинение «Зийа ал-кулуб» (Сияние сердец) Мухаммада Аваза. Последний источник ввел в научный оборот казахстанский востоковед В.П. Юдин. Об уровне религиозной грамотности казахского общества имеются противоречивые взгляды. С этой точки зрения факт о том, что Фазлаллах ибн Рузбихан, изучая религию казахов эпохи Касым хана, не обнаружил существенных отклонений от ислама является очень важным. При внимательном чтении данного сочинения Казахское государство характеризуется автором как «страна ислама». Также в сочинении «Зийа ал-кулуб» приводятся сведения о том, как казахский хан Тауекель вместе с группой казахской аристократии становятся муридами бухарского суфийского шейха Ходжа Исхака. Автор статьи заключает, что в случае более внимательного отношения к подобным сведениям из исторических источников существующие в национальной историографии представления и концепции о религиозно-конфессиональных процессах эпохи Казахского ханства и степени влияния шариата на позднесредневековую кочевую государственность, несомненно будут углублены и корректированы.

Ключевые слова: средневековое история, агиографические произведения данные, казахское кочевое общество и влияние ислама, государство, ханы, султаны, шариат, суфизм, шейх, религия.

IRSTI 03.20.09.25

RELIGIOUS VIEWS OF THE ELITE AND THE MASS

OF NOMADS IN THE ERA OF THE KAZAKH KHANATE

(based on the works of Ibn Ruzbihan and Muhammad Avaz)

K. Alimbayev¹

¹Master’s Student of the al-Farabi Kazakh National University.

Almaty, Kazakhsta. 

Abstarct:The article devoted to the question of the collective religious identity of traditional Kazakh society and analyzes the valuable information of the two Persian-speaking medieval sources. This is «Mihman-name-i-Bukhara» (Notes by the guest of Bukhara) Fazlallah ibn Ruzbikhan Isfahani and the hagiographic work «Ziya al-kulub» (Radiance of hearts) of Muhammad Avaz. The last source was introduced into scientific circulation by the Kazakh orientalist V.P. Yudin. There are conflicting views on the level of religious literacy of the Kazakh society. From this point of view, the fact that Fazlallah ibn Ruzbihan, studying the religion of the Kazakhs of the Kasim Khan era, did not find significant deviations from Islam is very important. Careful reading of this work shows us that the Kazakh state is characterized by its author as the country of «Islam». Also in the sourse«Ziya al-kulub»gives information on how the Kazakh Khan Tawekel, together with a group of Kazakh aristocracy, become the murids of the Bukhara Shaikh Khoja Ishaq. The author of the article concludes that in the case of a more attentive attitude to such information from historical sources, the concepts about the religious and confessional processes of the era of the Kazakh Khanate and the degree of influence of Sharia on late medieval nomadic statehood existing in national historiography will undoubtedly be deepened and adjusted.

Keywords: medieval historical and hagiographic works, data, Kazakh nomadic society and Islam, state, khans, sultans, Sharia, Sufism, Shaikh, the influence of religion.

средневековое история, агиографические произведения данные, казахское кочевое общество и влияние ислама, государство, ханы, султаны, шариат, суфизм, шейх, религия.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 4513

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

А. ЯСАУИДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ 930:94(574)"14/17" Т.И. СҰЛТАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН УАҚЫТЫ ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы) ҒТАМР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАМР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАМР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАМР 17.71.01 X-XII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ РУХАНИ ЖӘНЕ ӘДЕБИ МҰРАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МАҢЫЗЫ

Author's articles

ҒТАМР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша)