Яндекс.Метрика
Home » Materials » 94(574).084.6 «ОТАНЫН САТҚАНДАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ АҚМОЛА ЛАГЕРІ» ТАМҰҒЫНДА

Құдайбергенова А.И. бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д., доцент; Омарова Г.Ә. ғылыми қызметкер, магистр; Мурзаходжаев Қ.М. ғылыми қызметкер, доктор

94(574).084.6 «ОТАНЫН САТҚАНДАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ АҚМОЛА ЛАГЕРІ» ТАМҰҒЫНДА

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 3(15), 2018

Tags: мүшелері, отбасы, сатқандардың, АЛЖИР, ГУЛАГ, КарЛАГ, қуғын-сүргін, қызыл, террор, тоталитаризм, еңбекпен, түзеу, лагері, балалар, жазықсыз, жазаланған, әйелдер, отанын, тағдыры
Author:
Мақалада Ақмола лагерінің мысалында КСРО-дағы, соның ішінде Қазақстандағы еңбекпен түзету лагерлерін құрудың заңнамалық, экономикалық және саяси қырлары талқыланады. Сондай-ақ, мұрағаттық құжаттар негізінде «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінде» болған әйелдердің өмірінің жаңа белгісіз тұстары анықталады. Авторлар әр түрлі мұрағаттық құжаттарды, тақырып бойынша жарияланған материалдарды М.Т. Юзипенконың жеке қорындағы естеліктерімен салыстыра отырып, жүйеледі және өңдеді. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді талдай отырып, авторлар тұтқындарды ұстау ерекшеліктеріне, олардың күнделікті қиын өміріне, еңбек ету нормаларына және т.б. тоқталады. Кілт сөздер. АЛЖИР, ГУЛАГ, КарЛАГ, қуғын-сүргін, қызыл террор, тоталитаризм еңбекпен түзеу лагері, жазықсыз жазаланған әйелдер, отанын сатқандардың отбасы мүшелері, балалар тағдыры
Text:

Кіріспе. Жаппай саяси қуғын-сүргін әлі күнге дейін толыққанды әрі жүйелі зерттелініп болған жоқ. Мәселен, сасяи қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарының қудалау саясаты жете зерттелмеген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: 2008 жылдың 31 мамырында ««Алжир» тоталитарлық және қуған сүргіндерге арналған мемариалды мұражайдың» ашылу салтанатында «Дүние жүзінің ешқандай елінде халық жауының әйелдеріне бұндай жаза қолданылмаған. Әйелдер мен балалар тек репрессияға ұшырағандардың туыстары болғаны үшін айдалаға апарылып аштық, ауру, азапқа, өлімге айдалған» - деп айтқан еді. 

Мұрағат қойнауларында саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты деректер жеткілікті. Алайда, толыққанды талдауға түспеген. Мұрағат деректері, жинақтар мен БАҚ беттерінде жарияланған естеліктерді жинақтау, талдау арқылы, АЛЖИР лагерінің мысалында кеңестік тоталитарлық қоғамның қылмысын әшкерелеуді мақсат тұттық. Себебі, АЛЖИР-дегі әйелдердің тұтқындалу себептерін, олардың үстерінен заңсыз қозғалған қылмыстық істерді ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы кеңестік тоталитарлық қоғамның адам құқығын аяққа басқан саясатын тереңдете ашу өзектілігін жойған жоқ.

Материалдар мен әдістер. Алматы (ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Президенттік архиві, ҚР кино-фото құжаттар мен дыбыс жазу архиві және т.б.), Астана (Астана қалалық мемлекеттік архиві, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің архиві) және РФ Москва (Ресей Федерациясы мемлекеттік архиві, Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы архиві, «Мемориал» қоғамы архиві және т.б.) қалаларында орналасқан архивтердегі жұмыс нәтижесінде жинақталған архивтік материалдар, естеліктер, құжаттар жинағы мен басқа да деректерді жарияланған материалдармен салыстыра талдау негізінде мақала даярланды.

Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде табиғат құбылыстары мен қоғамды танудың диалектикалық әдістері пайдаланылды. Зерттеу барысында жалпы ғылыми және арнайы-тарихи әдістер қолданылды. Жалпы ғылыми әдістер арасында анализ, синтез, логикалық әдістер қатыстырылды. Арнайы-тарихи әдістер санатында тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелі әдістерді айтып өтуге болады.

Талқылау. Тәуелсіздік алған соң мұрағаттағы дерек көздеріне зерттеушілердің қол жеткізуі сталиндік кезеңнің ақиқатын танып-білуге, яғни сапалы зерттеулердің жариялануына әкелді. Сондай-ақ АЛЖИР-ге арналған мақалалар мен саяси қуғын-сүргінді басынан кешірген аналардың естеліктері де мерзімдік басылымдарда жарияланды.

Қазақстандық ғалымдар да жазықсыз жазаланған аналар тағыдырын зерттеуге өзіндік үлес қоса бастады. Мәселен, Шаймуханов Д.А., Шаймуханова С.Д. лагерьлерді зерттеп қана қоймай, Ақмола лагеріне жеке бір тарау арнаған [Шаймуханов, Шаймуханова, 1997]. Алайда, Қазақстандық әйелдердің қуғындалу тарихы терең көрсетілмейді. С.Д. Шаймуханованың [Шаймуханова, 2000] еңбегінде ІІХК қызметкерлерінің көпшілігінің заңсыз іс-әрекетке барғандығы, ГУЛАГ-тың Кеңес мемлекетінің ішіндегі ірі империяға айналғандығы айтылады. Осы кітаптың бір тарауында «АЛЖИР» тарихы баяндалады. Сонымен қатар А. Әбдәкімовтың зерттеуінде [Абдакимов, 1997].

«АЛЖИР» тұтқындарының  қайғылы тағдыры жалпылама қарастырылғанымен, қазақ әйелдерінің қуғын сүргінге ұшырауы арнайы зерттелінбеген. А.Р. Кукушкинаның еңбегінде «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінің құрылуы мен қызметі (ХХ ғ. 30-40 жж.) талданады [Кукушкина, 2002: 184]. Мұнда ГУЛАГ жүйесінің құрылуы, АЛЖИР-дегі ауыр жағдай, әйелдердің ақталу процесі құнды дерек көздері негізінде жазылғанымен саяси баппен сотталған әйелдердің тағдыры терең зерттелмеген. Автор саяси бап бойынша сотталған әйелдер туралы мәлімет тек қана 1942 жылдың 1 сәуір айынан бастап жүргізілгендігін айтады. Сондай-ақ АЛЖИР-дегі тұтқын  әйелдердің әлеуметтік құрамы мен саны түрлі мәліметтерде түрліше көрсетілгендігін де ескертеді. Сондықтан АЛЖИР тақырыбында толыққанды зерттеу жүргізу қажеттілік деп есептедік.

Нәтижесі. Кеңес өкіметі жеңгеннен соң 1918-1919 жылдары «контрреволюционер мен олардың отбасыларының мүшелерін» тұтқындау, қуғындау және ату жазасына кесу шаралалары жүргізілген болатын. 1920-жылдары тоқтамаған бұл үдеріс 1930 жылдары ерекше қарқынмен жүрді. 1930 жылдар КСРО-да жаппай қуғын-сүргіннің халықтың қаймағын жалындай жалмап, әйел-ананы жазықсыз қудалап, сәбилерінен күштеп айырған зұлматты жылдардың куәсі болды.

1930 жылдың ортасынан КСРО аумағында әйелдерге арналған арнайы лагерлер ұйымдастырылды. Соның бірі «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» (АЛЖИР).

 «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері» кеңестік кеңістікті өзінің темір торлы қоршауымен қоршаған тұтастай лагерлік жазалау жүйесінің (ГУЛАГ) бір бөлігі ғана. Жазалау лагерьлері қуғын-сүргінге толы «Қызыл террор» жылдарында Қазақстанда да жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап, ондағы контингенттің саны, құрамы және түрлері өсті. АЛЖИР «отанын сатқандар» ретінде «әшкереленіп, жазаланып-қуғындалған әр түрлі этнос өкілдерінен шыққан қайраткерлердің анасы, әйелі, қызы болғандығы үшін ғана жазықсыз түрмеге түскендерді тоғытқан Кеңес Одағындағы 4 лагерьдің бірі болды: біріншісі Тотьмадағы (Ресей, Мордовия) «Темников» лагері (кейін бұл лагердегі тұтқын-әйелдер контингенті басқа лагерьлерге (соның ішінде АЛЖИРге де) қайта бөлініп жіберілді), екіншісі Горький (қазіргі Нижний Новгород) қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан «Тепляков» лагері, үшіншісі - «Алжир», төртіншісі – Фрунзеден (қазіргі Бішкек) 100 шақырым жердегі «Жангижер» лагерлері.

Сонымен, АЛЖИР еңбекпен түзету лагерлерінің бірі ғана.АЛЖИР мысалында лагерьлік жазалау жүйесінің құқықтық-заңнамалық негіздеріне тоқталсақ...

1917 ж. желтоқсан айында Кеңестік Ресейде жазалаушы орган – Бүкілресейлік Төтенше Кеңесі (ВЧК) құрылып, оның құзырына айыптау, жазалау, тұтқындау, шешім шығару секілді мәселелерде шексіз еркіндік берілді. 1918 ж. Халық Комиссарлар Кеңесі контрреволюциялық ұйымдарға, көтерілістерге, толқуларға қатысты адамдарға қарсы «қызыл террор» науқанын жүргізді. 1918 ж. 2 қыркүйегіндегі жарлыққа сәйкес контрреволюциялық элементтерді жоюға қарсы бағытталған қанды шара қабылданды. Ол бойынша кімде қару-жарақ, жарылғыш заттар табылса, көтеріліске қатысқан болса, бұрынғы жандарм қызметкерлерін, т.б. тез арада атып тастау бұйырылды. Ал жұмысшылар, солдаттар, шаруаларды атпай, түрмеге қамау керектігі айтылды [Яковлева, 2018]. Осыған орай Кеңес билігіне қарсы болғандарды қамауға ұстайтын лагерьлер жүйесі қажет болды.

1919 ж. сәуір айында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті (ВЦИК) еңбекпен түзету лагерлерін ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады, ал мамыр айында еңбекпен түзету лагерлерінің құрылымын Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің төрағасы М. Калинин бекітті. Бұл құжатта еңбекпен түзету лагерлерінің Губерниялық Атқару Комитеттерінің Басқару бөлімдерінде құрылу керектігі көрсетілді. Алғашқы кездері осы лагерлерді басқару ісі Губерниялық төтенше комиссияға жүктелді [О лагерях, 1971: 175].

Уездерде лагерлерді ашу үшін рұқсатты Ішкі Істері Халық Комиссариаты беретін болды. Бас бостандығынан айыру орындарының алдында екі міндет тұрды:

1. Өз шығынын өзіне өтету;

2. Сотталғандарды тәрбиелеп, қоғамға толыққанды адам етіп шығару.

Аталған міндеттер аясында барлық лагерь тұтқындары тез арада жұмысқа жегіліп, еңбек етуге мәжбүрленді. 1921 ж. Лениннің қолы қойылған түрмедегі тұтқындардың еңбегін пайдалану туралы қаулысы шығады. Ол қаулы бойынша Халық Комиссарлар Кеңесінің рұқсатымен адамның күші керек болып жатқан шаруашылықты, кәсіпорынды, ұйымдарды сотталғандар есебінен тегін жұмыс қолымен қамтамасыз ету жоспары бекітіледі. КСРО территориясындағы барлық лагерлерді бір орталықтан басқару мақсатында Орталық Басқарма құрылады (ОГПУ). Лагерлерді материалдық жасақтау мен құрылғылар алу үшін қаражаттарды Ішкі Істер Халық Комиссарияты бөліп, Губерниялық Атқару Комитеті арқылы сметалық тәртіппен берілетін болды. Лагерьлердегі дәрігерлік-санитарлық жағдайды қадағалау жергілікті денсаулық сақтау бөлімдеріне жүктелді [Яковлева, 2018].

Кеңес Одағы аумағында құрылғын барлық лагерлердің аталуын мақсатына қарай екі топқа бөлуге болады:

1. Ерекше мақсатқа арналған лагерьлер (1918 ж. бастап 1929 ж. дейін);

2. Еңбекпен түзету лагерлері (1929 ж. бастап).

Еңбекпен түзету лагерлерінің алғашқы тобы Ресейдің солтүстік аудандарында бой көтерді. Себебі, Ресейдің солтүстік аудандары қазба байлықтарға бай, мәселен Печора мен Воркута өзендерінің бойы тас көмірге, Ухта өлкесі мұнай қорларына бай, орман алқаптары өз алдына бар. Бірақ аталмыш жерлер адамның өмір сүруіне, еңбек етуіне өте қолайсыз әрі қауіпті еді. Кеңес билігі жазасын өтеп жатқандар арқылы бұл аймақтарды игеру мәселені шешуге тырысып, табиғаты қолайсыз аудандардың табиғи байлықтарын игеру үшін еңбекпен түзету лагерлерін сала бастады.

Соның бірі, әрі ең алғашқысы халық арасында «СЛОН» деген атпен тарап кеткен, бас бостандығынан айыру мекемесі ретінде КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімімен 1923 ж. 13-қазанда құрылған Соловец лагері ерекше мақсатты еңбекпен түзету лагері болып табылады [Постановление, 2018]. Бұл түрмедегілер, негізінен, егін егумен, морская капустаны дайындаумен, мал бағумен айналысқан. Бұл лагерь, өзінің географиялық орналасу ерекшелігіне орай, көбінесе мемлекет саясатына нұқсан келтіргендерді (меньшевиктерді, ақгвардияшыларды, шіркеу қызметкерлерін, эсерлерді, т.б.) қоғамнан алыс ұстауға оқшаулау орны міндетін атқарған [Лопатин, 2018].

Айта кету керек, ІІХК (НКВД) құжаттарында «мәжбүрлі еңбек ету лагері» мен «концентрациялы еңбек ету лагері» терминдері синонимдес мағынада қолданылған. Сонымен қатар, сол кезеңге қатысты архив құжаттарында «концентрациялы еңбек лагерлері» деген атау да кездеседі [РФМА, 37]. Демек, мәжбүрлі еңбек ету лагерлерінің түрлерге бөлінуі тек қағаз жүзінде десе болғандай [Джекобсон, Смирнов, 2018] .

Арнайы мемлекеттік мекеме болғандықтан лагерлер жұмысының нақты белгіленген тәртіптері, құрылымы, жүйесі, т.б. аспектілері көрсетілген 1924 ж. 10 қазанда КСРО-ң Еңбекпен түзету лагерлерінің Кодексі жарияланады. Кодекстің «Қамау орындарындағы жалпы ережесі, оның негіздері мен ұйымдастырылуы» атты бөлімінің 1-тарауындағы 49-бабында былай жазылған: «Еңбекпен түзету лагерлерінде адамдарды қинауға жол берілмейді, кісендеу, карцерге қамау, тамақ бермеу, туыстарымен кездестірмеу секілді физикалық тұрғыда қысым жасауға тыйым салынады». Алайда, шынай өмір бұл ережелердің қағаз бетінде ғана қалғандығын көрсетті [Исправительно-Трудовой, 2018].

Еңбекпен түзету лагерлер жүйесінің дамуы мемлекеттің экономикалық саясатының бағытымен тікелей байланысты болды. Мыңдаған тегін жұмыс қолын мемлекеттің экономикалық даму салалары бойынша пайдалану арқылы Кеңес билігі бірнеше мәселені бірден шешуді көздеді:

– Экономикалық тиімділікті арттыру;

– Қауіпті элементтерді қоғамнан оқшаулау;

– Кеңес мемлекетін тоталитарлық бақылауда ұстау.

Мәселен, 1925 ж. Сталиндік жүйе индустриализация бағытына көшкен болатын, яғни аграрлы экономикадан индустриялды экономикалық бағытқа өту жоспарланды. Алайда өнеркәсіп орындарын салу үлкен қаржыларды талап етті. Сонымен бірге, көп ұзамай елде ұжымдастыру науқаны басталған болатын (1929 ж.). Көптеген жаңа өнеркәсіптерді салу, ол үшін ақша табу, ұжымдастыру, соның салдарынан халықтың бас көтерулері, осының барлығы лагерлік жүйенің ұлғайып, кеңеюіне алып келді.

1929 ж. 13 мамырда Бүкілресейлік Коммунистік (б) партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросы «Қылмысы үшін тұтқындалғандардың еңбегін пайдалану» жөнінде қаулы қабылдайды. Ол қаулыда, жазасы 3 жылдан жоғары мерзімге сотталғандарды Ухта (Коми Республикасы), Индиго (Арктикаға жақын жерде) секілді ерікті жұмысшылар бармайтын, адам төзгісіз жағдайдағы аудандарда жұмысқа салуды бұйырған [Постановление, 2018].

1929 ж. 27 маусымында «Жазаланғандардың еңбегін пайдалану» атты қаулы жарияланады. Енді лагерьлерге «концентрациялық лагерьлер» деген атау қолданылмайтын болып, атаулары «еңбекпен түзету лагерьлері» деп өзгертіледі [doc/1009080, 2018].

1929 ж. 11 шілдеде лагерьлер жүйесін кеңейту және жаңа еңбекпен түзету лагерлерін ұйымдастыру бұйырылады. Нәтижесінде Сібірде, Солтүстікте, Қиыр Шығыста және Орта Азияда жаңа еңбекпен түзету лагерлері салынады. 1930-1932 жж. аралығында Нижегород, Кургур, Ухто-Печорский, Сибир, Сызрань, Қазақстан» және Қарағанды лагерлері пайда болады. Үш жылдан жоғары жаза алғандар бірден арнайы жасақталып жатқан лагерлерге тоғытылады. Бұл лагерлерді ұйымдастырудағы негізгі мақсат: табиғи байлыққа бай, ресурстары мол алыс шеткейдегі және адамдар қоныстанбаған жаңа жерлердің табиғи байлығын сотталғандардың көмегімен игеріп, пайдалану.

ГУЛАГ жүйесінің торына түскендерді тегін жұмыс күші ретінде пайдалану саясаты бірден қолдау тапты. Бүкілодақтық Халық шаруашылығы Кеңесі (ВСНХ) төрағасының орынбасары Г.Л. Пятаков: «Бұл аймақта тек тау-кен өндірісі ғана емес, ауыл шаруашылығын дамытудың да үлкен келешегі бар» деген еді. Тұтқындардың тегін еңбегін пайдаланудың қажеттілігін негіздеп берген Дзержинский болды. Ол: «республика қылмыскерлерге аяныш сезіммен қарай алмайды және оларға көп қаржы бөле алмайды. Сондықтан олар өз еңбегімен өздеріне қажетті шығынды жабуы керек, оларды жолсыз, елсіз мекендерге қоныстандыру керек» деген сөздері ГУЛАГ жүйесін құрудың негізгі ұстанымы болды. Бұл саясат Қазақстан жерінде де толықтай жүзеге асырылды [Садықов, 2011: 257-258].

Ал 1-3 жылға бас бостандығынан айрылғандарды арнайы ұйымдастырылған ауылшаруашылық немесе өнеркәсіптік колонияларда жұмысқа тарту көзделді [РФМА, 210- 212].

Бір жылдан кейін еңбекпен түзету лагерлерінің Ережесі бекітілді. Құрылған лагерьлерді толтыратын жазаланғандардың жаңа топтары пайда болды. Барлық сотталушылар 3 категорияға бөлінді:

1. бес жылға дейінгі мерзімге қамау жазасы кесілген жұмысшылар;

2. бес жылдан артық уақытқа қамау жазасы кесілгендер;

3. контрреволюциялық әрекеттері үшін қамау жазасы кесілгендер [http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009086, 2018].

Барлық еңбекпен түзету лагерьлері КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының (НКВД) қарауына (1934 ж.). беріліп, оның құрамындағы ГУЛАГ – яғни лагерлерді басқаратын Бас Басқармаға тікелей бағынатын болады.

Еңбекпен түзету лагерьлері 1934 ж. 1 желтоқсанда Ленинград қаласында БК(б)П ОК Саяси бюро мүшесі БК(б)П Ленинградтық обкомның бірінші хатшысы С.М. Кировтың қастандықпен өлтірілуіне байланысты басталған «Қызыл террордың» кезінде ерекше қарқынмен толықтырылды. Бұл оқиға КСРО-да жаппай қудалау мен реппрессияға түрткі болады. Сталин Ежов пен Косаревке (Халық комисарлары) қылмыскерлерді халықтың ішінен іздеп табуға бұйырады. Тергеу жұмыстары барысында 1935-1938 жж. ІІХК бүкіл елді қамтыған Кеңес өкіметі қарсы астыртын сөз байласқан топтар бар екендігін жариялайды. Содан бастап, 1937-1938 жж. үлкен қанды террор науқаны барысында жоспарлы түрде саны белгіленген деуге болатын «халық жауларын» әшкерелеу, жазалау бастау алады. Сталин БК(б)П ОК ақпан-наурыздағы пленумында сөз сөйлеп, елді контрреволюциялық қалдықтардан тазарту керектігін айтады. Нәтижесінде атақты №00447 қаулы қабылданып, антисоветтік элементтерді іздеу науқаны басталып кетеді. Репрессияға ұшырағандардың барлығы екі категорияға бөлінді: 1-категория бойынша сотталғандар ату жазасына кесілсе; 2-категорияға лагерлерге 8-10 жылға сотталғандар кірді [Лопатин, 2018].

1937 ж. 3 шілдеде Мәскеуден Батыс-Сібір ауданының ІІХКБ (УНКВД) басшысы Мироновқа және Қазақстаның Ішкі Істер халық комиссары Залинге құпия телеграмма жолданады. Ол хатта жақын арада атылып кеткендердің отбасы мүшелерінің сотталатындығы, олардың көбісі әйелдер екендігі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар болатындығы және олардың  саны 6-7 мыңдай екендігі хабарланады. Олар үшін әрқайсысы 3 мыңнан қабылдай алатын арнайы екі концлагер ұйымдастырып, күшейтілген қарауыл қойылып, сотталғандарды лагерь ішінде жұмысқа тарту керектігі баяндалады. Бұл үлкен операцияның бастамасы еді. Нарым (Батыс Сібір) мен Қарағандыда тез арада лагер тұрғызып, жабдықтау тапсырылады.

1937 ж. 15 тамызында КСРО ІІХК №00486 «Отанын сатқандардың әйелдері мен балаларын репрессиялау операциясы» атты жедел бұйрық шығарылады [Сборник, 1993: 10]. Бұл құжат бойынша әйелдерді тұтқындау тәртібі, топтарға бөлу, мұлкін тәркілеу, балаларды балалар үйіне орналастыру механизмдері, т.б. аспектілер толықтай дерлік қамтылған. Саяси сылтаумен қудаланғандардың барлығының дерлік әйелдері бірнеше ай ішінде ұсталып, 5-8 жылға еңбекпен түзету лагерлеріне тоғытылды. Айта кету керек, «отанын сатқандар отбасының мүшесі» атты термин кеңестік заңнамада алғаш рет 1934 ж. кездеседі. ОАК-ң қаулысы бойынша шекара асып кеткен әскери қызметкерлердің отбасылары 5-10 жылға лагерьлерге қамалып немесе Сібірге айдалған [Узницы, 2003: С. 7].

1937 ж. 3 желтоқсанда ІІХК тапсырмасы бойынша жоғарыда аталған үкім бойынша сотталғандарды қамайтын «26-нүкте» деп аталатын Карлагтың еңбекпен түзеу мекемесі ретінде Ақмола арнайы бөлімшесі құрылады. Алғашқы сотталған әйелдерді АЛЖИР лагері 1938 ж. қаңтар айының басында қабылдай бастайды. А.Р. Кукушкина зерттеушінің баяндауынша лагерь тез арада толып, тіпті, Карлаг басшылығы алғашында келіп жатқан этаптарды басқа лагерлерге жіберіп, ал күзге қарай тағы бір – арнайы Спасское бөлімін құрады. Отанын сатқан опасыздардың әйелдері Мәскеуден, Орынбор, Иркутск, Ростов, Калуга, Орск қалаларынан келе бастайды [Кукушкина, 2002: 73].

Алғашқы жылдары АЛЖИР лагері тек отанын сатқандардың отбасы мүшелерінің лагері емес, «өте қауіпті» қылмыскерлерді ұстайтын лагерь ретінде қаралды. Оған дәлел, бұл әйелдер лагерінің Карлаг-қа емес, тікелей Лагерлердің Бас Басқармасына бағынуы. Тек 1939 ж. мамыр айына қарай АЛЖИР «арнайы тәртіптен» жалпылагерьлік жүйеге ауыстырылды. Яғни сотталушы әйелдер сыртпен байланыс жасап, хат жазысып, туғандары жайлы ақпарат алуларына рұқсат етілді. Осы  кезден бастап лагерлер арасында сотталушыларды бір-бірімен араластырып, қажеттілікке қарай бір лагерьден екіншісіне ауыстыру жұмыстары басталды. «Отанын сатқан опасыздардың» әйелдері Карлагтың басқа да бөлімдеріне орналастырылды, дегенмен көп бөлігі Долинкаға түсті. Ұлы Отан соғысының қарсаңында Ақмола лагеріндегі сотталушылар контингенті араласып, Карлагтың басқа бөлімдерімен бірдей болды [Кукишкина, 2002: 90].

«АЛЖИР» Қарағанды лагерлер архипелагының 26-бөлімшесі ретінде КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының 1937 жылғы 15 тамыздағы № 00486 бұйрығы негізінде құрылды. Лагерь қазіргі Астана қаласының оңтүстік-батысында, Төңкеріс (Малиновка) елді мекенінде орын тепті.

Лагерь мен оның қызметі арқылы қыз бала мен ананы ерекше қадірлеген, өзгені өзіндей қадірлеген ұлттық санамызға шындық ретінде қабылдауға мәжбүр еткен, халықты шарасыз жағдайға түсірген сызат-нәубет кірді. Отбасының ұйытқысы, ата-баба тегін ұрпағына ұмыттырмау қызметін адал атқарған аналар 1937 жылдың зұлматына жем болды. Жазықсыздан жазықсыз «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» (АЛЖИР) деп аталатын лагерь-тамұққа тоғытылды. Онда партия, кеңес органдарындағы басшы қызметкерлердің, соғыс қайраткерлерінің көрнекті ғалымдар мен жазушылардың  әйелдері, туған-туыстары азап шекті. Олар қорлық пен азаптың алуан түрін көріп, кәнігі қылмыскерлерше номерленіп, ешқандай құқықтарға ие бола алмады. Төрт жасқа толған сәбилер Осакаров балалар үйіне жіберілді.

Ана мен баланы айырудың қасіретті шағын әйелдер өз естеліктерінде жиі жазады [Ұрпақтар, 2011].

АЛЖИР-ге Кеңестер Одағының 60 қаласынан «тұтқын» әйелдер әкелінген. Егерде ІІХК-ның 00468 бұйрығы бойынша 18 мың әйел (ОСОМ – отанын сатқандар отбасыларының мүшелері (ЧСИР) саяси қуғын-сүргінге ұшыраса, ал оның 4482-сі АЛЖИР-де азап шеккен.

Одан кейінгі жылдары АЛЖИР-дегі әйелдер саны өсіп отырды. Ресми түрде «Р-17» деп аталған 26-нүктеде 1937 жылы-ақ тұтқын әйелдер саны 6,5 мыңға жеткен деген пікір бар [Тасымбеков, 1993: 41]. 1938 жылы лагерьде 8 мың қамаудағы әйелдер мен 4500 «Отанын сатқандардың отбасы мүшесі» болған. 1500 адам басқа да лагерьлерде болды. 1939 жылдың 29 желтоқсанынан бастап АЛЖИР Карлаг құрамына енді. 1953 жылы 17-Ақмола лагері жабылды. Дегенмен, 1958 жылға дейін лагерьден әйелдер біртіндеп босап жатты, тіпті кейбір босаған әйелдер бостандықта орнын таппай, қайта оралып, лагерьде әртүрлі жұмыстар жасап отырды.

Қазіргі есеп бойынша бұл лагерьден барлығы шамамен 22 мыңдай әйелдер өткен. Соның ішінде алды 5 жылға, арты 8 жылға түрмеге кесілгендер, сонымен бірге, басқа лагерьлерден этаппен келіп 3 немесе одан көп ай мерзім ішінде лагерьге тоғытылғандар, өздері де, құжаттары да өздерімен бірге жоғалып кеткен, сол себепті тізімге енбей қалғандар да бар.

ІІХК-ның 1937 ж. 15 тамыздағы №00486 бұйрығы шыққаннан бастап, «оңшыл-троцкистшіл, шпиондық-диверсиялық ұйым мүшелері, Отанын сатқандар» деп атанған тұлғалардың әйелдері жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырай бастады. Тіпті, күйеуінен ажырасып кеткендер де «халық жауының» әйелі ретінде тұтқындалып, түрмеге қамалып, лагерьлерге айдалған. Кейіннен, ақталу процесі жүргеннен кейін, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған тұлғаларға берілетін жеңілдіктер, «халық жауының» әйелі болып қудаланған, бірақ кезінде заңды түрде некеге тұрмаған аналарға берілмей де қалған.

Айта кету керек, архив қойнауларынан табылған, лагерлерге тоғытылған әйелдерге қатысты ресми құжаттар әйелдерді тұтқындау себептерін қылмысы үшін дәлелді етіп, ал жүкті әйелдердің жағдайы, бала тууы мен бала күтіміне қатысты шараларды адамгершілік принциптерге лайықты етіп көрсетеді. Ресми құжаттарда жазаланған әйелдердің жұмыстан шығарылу себебі «өз еркімен босады» деп тіркелген. Нақты айтқанда ресми құжаттар лагерлердегі тамұқтық жағдайларды көрсетпейді.

Заңдар, нұсқаулар, бұйрықтар, тапсырмалар және т.б. құжаттар нақты қылмысы бар адамдарды жазалауға лайықты шараларды жүзеге асырғандай болып рәсімделген. Мысалы, Тарих және этнология институтының қызметкерлері: А.И. Құдайбергенованың, Г.Омарованың және Е.Ешімнің ізденісі арқасында бірқатар материалдар, с.і. Қарлаг архипелагының бөлімшелерінде бақылаушы (надзиратель) болып жұмыс атқарған М.Т. Юзипенконың ісі, естелік-жазбасы табылды. Астана қалалық архивінде лагерь тарихына байланысты №370 нөмірмен сақталған М.Т. Юзипенконың (1904-1994 жж.). жеке қорында оның өз әрекетін, АЛЖИРдегі қатал тәртіпті жұмсартып, ақтап жазған естелік-хаттары сақталған.

Естеліктегі Қарағанды лагерінің, соның ішінде Ақмола бөлімшесінің жұмысы және лагерьге тоғытылған әйелдер мен лагерь өмірі жайлы мәліметтер бақылаушының көзқарасы тұрғысында жазылған. Айта кету керек, АЛЖИР тарихына қатысты осы күнге дейінгі жарияланған еңбектерде бұл құжат мәліметтері пайдаланылмаған. Сондықтан бұл құжатты біз алғаш рет ғылыми айналымға тартып отырмыз десек болады [Юзипенко, 52 іс.]. Украинаның Черкасск облысы, Писаревка селосында туылып, әкесімен бірге 1903 ж. солтүстік Қазақстанға қоныстанған Юзипенко Михаил Терентьевич өзінің жазбасын 1921-1923 жж. Поволжьенің ашығып жатқан халқына, питерліктерге арнап Солтүстік Қазақстаннан астық жинаған азық-түлік отрядында болғанынан бастайды. (Бұл жылдардың Қазақстанды да ашаршылық жайлаған жылдар екенін ескерейік - автор). Орта Азиядағы, Бұхарадағы басмашылармен күреске кавалерист қатарында қатысқан ол өзінің жүріп өткен өмір жолын еске түсіреді. 1931 жылдан бастап Қарағанды қалалық атқару кеңесінде, партиялық қызметтерде болған Юзипенко 1934 жылдан бастап Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінде бақылаушы қызметін атқарып, 1939 жылдан Қарлагтың 26-нүктесінде, Ақмола бөлімшесінде (АЛЖИР-де) әкімшілік-шарушылық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады. 1941-1943 жылдары «АЛЖИР», яғни «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінің бастығының орынбасары болып қызмет атқарады [АҚМА, 1-16-пп.; 1-8-пп; 1-24-пп.]. Қорға автор естеліктерін 1989, 1991, 1992, 1994 жылдары өткізген. Қордың алғы сөзінде М.Т. Юзипенко «1934 жылдың ақпанынан 1948 жылдың наурызына дейін Қазақ КСР ІІХК - ІІМ жүйесінде қызмет еткен, оның ішінде, яғни «26 нүкте», «АЛЖИР» деп аталған Қарлагтың Ақмола лагерінің бастығының орынбасары болды» делінген.

Бұл құжат түрме қызметкерлерінің түрмедегі қатал тәртіпті қалыпты жағдай ретінде қабылдағанына куә деуге болады. Өз міндетін адал атқардым деп есептеген М. Юзипенко Қарлаг Ақмола бөлімшесінің қалыптасуы туралы жазбаларында «Отанын сатқандар» әйелдер лагерінде жағымды жағдайдың қалыптасқанын, әйелдер сегіз сағат жұмыс істеп, балаларымен бірге тұрып, барлық медициналық қызмет көрсету салаларының көмегін пайдаланғанын айтады. Құжат АЛЖИРге тоғытылған әйелдердің айналысқан шаруашылықтарынан хабардар етеді. Ол лагерьдегі әйелдердің 10 мың га егістік жерге бидай, арпа, тары, сұлы сияқты дәнді дақылдар еккенін, 210 мың га суармалы жерге картошка, капуста, қызылша, сәбіз, помидор, қияр және пияз көкөністерді өсіргенін айтады. Лагерьде, сонымен қатар, 500 бас сиыр және 500 бас жылқы өсіретін 2 ферма болған. Ауыл шаруашылық жұмысынан бөлек 2000 әйел қызмет ететін тігін фабрикасы мен тоқыма өндірісінде жұмыс істеді. Бұл жұмыстардың барлығын жазасын өтеп жатқан әйелдер атқарды, кейбірінің көп жылдық тәжірибесі бар аналар еді. Атап өтетін болсақ, бас агроном қызметін ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Е.А. Сенцова, аға зоотехник қызметін Н.С. Савельева, мал  дәрігері қызметін К.М. Дедкова, көкөніс өсіруші-агроном, суармалы егістің меңгерушісі А.И. Руденко атқарды. Ал тігін фабрикасын тәжірибесі мол маман М.Л. Анцис басқарды. Осы фабриканың құрылуына да, жұмыс жасауына да атсалысып, ұйымдастырушысы да өзі болды. Бұл фабрика соғыс жылдары майданда жүрген солдаттарды әскери киімдермен қамтамасыз етіп отырды. Негізінен фабрикаға шикізатты Ивановадан, Тейковадағы тігін фабрикасынан, Барнаул мен Ташкенттегі комбинаттардан алды. Фабрикада жұмыс істеп жүрген әйелдер: «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұранмен тоқтаусыз 3 ауысыммен жұмыс атқарған. Сөйтіп олар 1942 жылы 1 млн рубльге дейін табыс алып келді – деп жазады М.Т. Юзипенко [АҚМА, 3-4-пп.; 7-п.].

Ол «Свидетельствую как это было (К истории Карлага)» атты құжатта лагерді тіпті одан әрмен керемет етіп көрсетеді: «Қарлагты тұтқындар орны емес, курорт болды деп айта аламын ба? Басқа лагерлермен салыстырғанда – иә!» – деп жазған [АҚМА, 13-п.]. М.Т. Юзипенконың жазған естеліктерінен Қарлагтың тарихы туралы материалдарды ала алатынымызды жоққа шығармаймыз, әсіресе мекеме басшылары, шаруашылық жағдайы мен экономикалық әлеуетіне қатысты мәліметтер кездеседі.

Айта кету керек, Қайта құру жылдарынан соң мерзімді басылымда жарық көрген журналистердің Қарлаг, АЛЖИР туралы ащы шындықты айтып жазған мақалаларына байланысты М. Юзипенко көп айтысқан. Бірнешеуін көрсетелік. «Казахстанская правда» газетіне шыққан В. Диктің «Карлаг» атты мақаласына байланысты газет редакторы Ф. Игнатьевке, «Ленинская смена» газетіне шыққан В. Комаровтың лагерь тұтқындары З. Тіналина мен Шубрикованың айтуымен жазылған «Правда Алжира» мақаласына қатысты жазған арыздары бар. Барлық арыздарында ол өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеп бағады.

М. Юзипенконың ақталмақшы болып істеген қарекеттеріне сын - пікірді А. Тасымбеков өзінің «Жан дауысы: АЛЖИР архипелагы» кітабында білдіреді. Еңбекте «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінде болған тұтқындардың естеліктері мен мемуарлары ішінен аталған лагерь бастығы туралы мәліметтерді кездестіруге болады. М. Юзипенконың мұрағатқа өткізген құжаттарында шындыққа жанаспайтын тұстары кездеседі. Мысалы ол АЛЖИР тұтқынында болған З. Тінәлинаны Ақмолада лагерінде болған жоқ деп көрсетеді. Ал, Алматы қаласы Ішкі істер архивінен алынған анықтама-құжат З. Тналинаның АЛЖИР лагерінде болғанын растайды (Анықтама құжат мақала соңында 1-қосымша ретінде беріледі – авторлар)

Зерттеуші А. Тасымбеков сұқпат барысында З. Тінәлинадан қақтығыстың мән-жайын сұраған. З. Тінәлина төмендегідей жауап берген: «Ойлашы өзің, ол кезде әйелдер лагері бастығының орынбасары болып, бізге тұтқын ретінде қараса, ал ендігі ақталып отырған біздер, мыңдаған аналар оған неге кешірім жасауымыз керек. Уақыт өтті деп кешіріммен қарасақ, қиянатымызды ұмытқанымыз емес пе. Бұл бір де. Екінші, Юзипенко Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде орден-медальдармен наградталып, қолын жылы суға малып отырған қадірменді зейнеткер. Ал біз болсақ, Ұлы Отан соғысы жылдары лагерь тұтқыны болдық. Сонда өзіміз көрген қасіретті өзіміз жасырғанымыз шындықтың тұнба бастауын бітеп тастағанмен бірдей болғаны да. Жоқ, олай болмау керек. Сондықтан Юзипенконың қасірет жылдары істеген ісін қолдай алмаймын, мыңдаған аналардың атынан оның орден, медальмен орынсыз наградталғаны жөнінде жазғаным рас. Юзипенко да қалысқан жоқ. Қорғанып бақты. Мен оны осылай, баспасөз арқылы тұқыртып алдым». Ал Шубрикованың баласы К. Шубриков та «Әлгі Юзипенко дегеннің сөзіне сене бермеңдер. Зобалаң уақыттың сұрқылтайларының бірі сол. Ол «Алжирдің» лагерь бастығының орынбасары болғандықтан өзін-өзі ақтайын деп, бас бостандығынан айрылған аналар өмірін «жұмақпен» салыстырғысы келеді» - деп баяндайды [Тасымбеков, 1994].

1990 жылы Малиновка поселкісінде, сталиндік зобалаңда, АЛЖИР-де қайтыс болған аналарға арнап «Әділет» - «Мемориал» қозғалысының ұйғарымымен және көпшіліктің талап-тілегімен ескерткіш орнатылды. Бұған сондағы Ақмола құс фабрикасының басшылары қолдау көрсеткен. Бұрынғы Кеңестер Одағының әр жерінен тірі қалған аналар жиналды. Осы кездесуге қатысқан сол кездегі Малиновка селосындағы «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінің Экспозиция және көрме бөлімінің меңгерішісі Раиса  Жақсыбаеваның айтуынша, кездесуге тұтқында болған әйелдердің көпшілігі келген. Олар сол жүздесуге қатысқан М. Юзипенконы жек көретіндерін ашық білдірткен. Р. Жақсыбаева оның тұтқын әйелдерден хат алысып тұрғандығын да жоққа шығарады, көптеген құжаттарды М. Юзипенко қолдан жасады деген пікір білдіреді. Лагерьде басшылық қызмет атқарған және орынбасарларының түрмедегі аналарға жасаған қиянаты кейіннен олардың ұрпақтарының тағдырына әсер еткенін айта кеткен жөн.

Сонымен, лагерьдің басшылары, бақылаушылары болып қызмет атқарғандар естеліктерінде АЛЖИР-дегі әйелдер жағдайын жұмсартып көрсеткісі келгенімен, лагерь тамұғында қамалған әйелдердің естеліктері лагерьдегі шынайы өмірді, адам төзгісіз жағдайдын куәсі.

Лагерьде болғандардың бірі өз естеліктерінде «Қасымдағы бір қазақ әйел «менің күйеуімді тракторист деп тұтқындады. Бірақ ол бригадир болды ғой. Ол тракторист емес. Неге оны тракторист дей береді. Ал, мен не істедім. Не үшін түрмеге қамады?» - деп әрдайым таңғалып, бұндай жағдайға қалайша тап болғанын түсінбей жүрді. «Троцкист» болмақ түгіл, «троцкист» пен «тракторист» ұғымын шатастырып, ол сөзді де, оның мәнін де тіпті түсінбейтін әйелдер өте көп болатын» - деп еске алатын. Ал, «троцкист» ұғымының не екенін түсінбейтін әйелдер көп болатын.

Архив құжаттарының бірінде «қылмыстары дәлелденіп, әшкереленген, 1936 ж. 29 шілдеден 1937 ж. 10 сәуірі арасында партия қатарынан шығарылған«троцкист-зиновьевшілердің, алашордашылардың тізімі» жарияланған. Бұл тізімде қазіргі кезде белгілі болып, зерттеулер мен газет-журнал бетіне шығып, халықтың назарында жүрген, кезінде қуғындалған мемлекет қайраткерлері мен алашордашылар тіпті де көрсетілмеген. Мұнда аудан, ауыл, колхоз-совхоздарда қарапайым басшылық қызметтерде болған немесе қарапайым қызмет атқарған, бірақ қылмысты деп танылып, «әшкереленген», партия қатарынан шығарылып, жазаланған жер-жерлердегі бастауыш партия ұйымдары бойынша мүшелерінің тізімі (тарихи айналымға алғаш түсіп отырған тың есімдеравтор) берілген. Тізімде адамдардың аты-жөні, қызметі, не үшін қылмысты деп табылғандығы туралы анықтама бар. Құжат тізімдегілердің негізгі көпшілігі «троцкист-зиновьевшілер, біршамасы «алашордашылар» деп жазаланғанын көрсетеді. Міне, осы қарапайым адамдардың әйелдері «Менің күйеуім тракторист емес. Менің күйеуім - бригадир» деп лагерьдің қапасында қамалғандар болып табылады.

Төмендегі 2-қосымшада Қазақстанның бірқатар өңірлерінен «қылмыстары дәлелденіп», әшкереленген, ұсталған, сондықтан, партия қатарынан шығарылып, жазаға тартылған «отанын сатқандардың» бірқатарының тізімі берілді. Қосымшаға архив құжаттарында кездесетін адам есімдер түгел сыймайтыны белгілі. Бірақ, мысал ретінде берілген кішкене үзінді мәліметтерден бүкіл Қазақстанды «троцкист-зиновьевшілер» түріндегі, «халық жаулары» қаптап кеткендей күй кешесің. Бұл бір мысал. Ал, тақырыпты тереңдетіп қарасақ, АЛЖИР тамұғында болғандардың, жазықсыз жазаланғандардың есімдері анықтала түсері анық.

Лагерьде қарапайым үй шаруасындағы әйелдерден бастап, ақын, жазушы, ғалым, әнші, биші, дәрігер, мұғалім, режиссер, артист, партия, комсомол, кәсіподақ қызметкерлері, стенографист, тіпті мал дәрігерлеріне дейін 18-25 жастағы әртүрлі мамандық иелерінің қорлық көргені белгілі. Жастық өмірін солдырып, қайғы-қасіретке ұшыратып, өздерінің ғана емес, ұрпақтарының да өмірлеріне өшпестей таңба салған лагерьлік тамұқта алжирліктер түрменің түнекті өмірін сүрді.

Ақмоладағы әйелдер лагеріне Ұлы Отан соғысы жылдары да әйелдер әкелінді. Бір қадақ бидайды  аш-құрсақ отырған балаларына апарып, талғажу етпекші болған аналар да «халық жауына» айналды.

2003 жылы Москва қаласында жарияланған «Узницы АЛЖИРа» жинағында 1938-1940 жылдары АЛЖИР түрмесінде қамалған әйелдердің тізімі жарияланған. Ол жинақта 7259 әйел-тұтқындар туралы қысқаша мәлімет беріледі [Узницы, 2003]. Осы жинақта берілген тізімде осы мақалада аттары аталған, Е.А. Сенцова, Н.С. Савельева, К.М. Дедкова, А.И. Руденко туралы еш мәлімет берілмеген. Яғни олар және басқа да әйелдер туралы мәліметтер анықтауға мұқтаж.

1940-1953 жылдар аралығында қосылған «отанын сатқандар отбасының мүшелерінің» тізімі толық анықталған жоқ. Қазіргі кезде «АЛЖИР» мемориалды-музей кешені қызметкерлерінің, зерттеушілердің еңбектерінің арқасында 7,5 мыңдай әйелдің аты-жөні белгілі болды. Қалған есімдерді анықтау ұрпақтың алдыңда тұрған борыш-міндет болып табылады. Қорытынды.Кеңестік тоталитарлық қоғамның адам санасына салған зардаптары әлі күнге дейін жаңғыруда. Сталиндік жазалау саясаты кезінде қазақ халқының ерте заманнан бері сақталып келе жатқан әйелдердің қоғамдық дамудағы орны мен рөліне берілген бағасы мен соған сәйкес келетін қарым-қатынастары аяқ асты болды. Өткен тарихымыздағы ұмытылмас, халық жадында «әділетсіз жара» ретінде сақталуға тиісті, әйел мен баланың қоғамдық өмірдегі орны мен рөлін анықтауда тарихи сабақ бола алатын оқиғаны ұмытпау керек. 

1-қосымша

Департамент внутренних дел города Алматы.

 Информационно-аналитический центр

050012, г.Алматы, ул. Масанчи, 57 «А» [Архив АЛЖИРа]

Архивная справка

Архивное уголовное дело по обвинению Тналиной З. находится на хранении в Специальном государственном архиве ИАЦ ДВД г. Алматы.

В материалах дела имеются следующие сведения: Тналина Загфи  1911 года рождения,  национальность казашка, уроженка Карагандинской области, Вишевский. Образование – среднее. До ареста проживала в Алма-Атинской обл. г. Алма-Ата, работала секратерем. Арестована 09.04.1938 года, УГБ УНКВД КазССР. Осуждена ОС НКВД СССР от 10.06.1938 года по статьям: 58-2, 58-7, 58-8, 58-9, 58-10, 58-11 УК РСФСР к лишению свободы в ИТЛ сроком на 3 года. Реабилитирована 20.08.1956 года Главной военной прокуратурой СССР за отсутствием состава преступления.

Муж – Алибаев Абат Баженович, 1905 года рождения, национальность – казах, уроженец Алма-Атинской обл. г. Алма-Ата. Образование высшее гуманитарное. До ареста проживал в Алма-Атинской обл., г. Алма-Ата, работал  зам. заведующего. Арестован 27.04.1937 года НКВД по Алма-Атинской обл. Осужден Военной коллегией Верховного Суда КССР, от 27.02.1938 года по статьям: 58-10, 58-11 УК РСФСР к ВМН. Реабилитован: 07.09.1957 года Верховной коллегией Верховного Суда КССР, за отсутствием состава преступления.

Основание: архивное уголовное дело №4362 фонд №20.

Приложение: на 8 листах.

И.о. начальника ИАЦ

ДВД г.Алматы  С. Фазылханов

Гл. специалист ИАЦ

ДВД г. Алматы  А. Шаяхметова

Қосымша 2

1936 ж. 29 шілдеде партқұжаттарын тексерген және айырбастаған кезде, айырбастағаннан кейін және БКП /б/ ОК хаттарына байланысты әшкереленіп, партиядан шығарылған троцкист-зиновьевшілдер, Алашордашылар [РМӘСТА, 56: 50-62]

ТІЗІМІ

Партқұжаттарын айырбастағанға дейін әшкереленген троцкистшіл-зиновьевшіл партаппарат қызметкерлері

1

Рудерман Исаак Яковлевич

1918 ж. бері

Оңт. Қаз. облысы, Майлыкөл қой совхозының саяси бөлімінің басшысы

Троцкист-екіжүзді

2

Калинин А.А.

1925 ж. бері

Қостанай обл. Москалев етсовхозының партком хатшысы

К-р, троцкистшіл әрекеттері үшін

3

Покровский

1927 ж.

Шымкент қаласы БКП /б/ қалалық комитеті парткабинетінің меңгерушісі

Троцкистшілдердің көмекшісі

4

Герасимов В.В.

ОРПО Өлкекомының инструкторы

Троцкистшіл оппозицияға кіргенін жасырғаны үшін

5

Беков Сафа

№3 «УРC» совхозының  парторгі

Ұлтшыл-троцкистшіл

6

Сухочкий Леонид

Нұра ауданы, Жарасбай ет/сүт совхозының партком хатшысы және саяси бөлім басшысының көмекшісі

К-р насихат таратқаны үшін, троцкишіл-зиновьевшіл оппоззицияның құйыршығы

7

Поздняк В.В.

1926

Совсиньторг саяси бөлімінің басшысы

Троцкишіл

8

Исаков Сартай

1928

«Жалқұдық» колхозы саяси бөлімі басшысының бұқаралық партиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Троицкистшілдер мен ұлтшылдармен байланысы үшін

9

Замский Ефим Шпемович

1926

Ақтөбе қалакомшаруашылығының абаттандыру бойынша конторының меңгерушісі

К-р троцкистшіл-зиновьевшіл оппозицияға қатысушысы.

10

Романова Лидия Ивановна

1925

қ. наубайхананың меңгерушісі

К-р троцксишіл-зиновьевшіл оппозицияның қатысушысы

11

Меняев Сергей Александрович

1924

Бөрілі ауданы аудандық ішкі сауда бөлімінің меңгерушісі

К-р троцкистшіл-зиновьевшіл оппозицияға қатысушысы

12

Лотте София Андреевна

1918

Прибалхашқұрылыс  Құрылыс денсаулық бөлімінің меңгерушісі

Троцкистшіл, антипартиялық жұмыс жүргізген

13

Павлов Иосиф Моисеевич

1918

Прибалхашқұрылыс ІІ кірпіш зауытының директоры

Троцкийдің жақын досы

56

Короленко Петр Иваноич

1924 

Шымкент электростанциясының директоры

К-р троцкистшіл-зиновьевшіл оппозицияның белсенді қатысушысы

57

Манько Хаим Исаакович

1921 ж.

Түрксіб басқармасы қаржы бөлімінің басшысы

Белсенді троцкистшіл әрекеті үшін

58

Богушевский М.И.

Қаскелең ауданы Қазсауда меңгерушісі

Қарусызданбаған троцкист

Алашордашыл және контррреволюционер ұлтшылдар деп әшкереленген /партқұжаттарын айырбастағанға дейін партиядан шығарылған/ өлкекомдар мен обкомдардың номенклатуралық қызметкерлері

1

Тарликбаев Керей

IV – 25 ж.

Түлкібас МТС директоры

Алашордада офицер қызметін атқарғаны үшін

2

Сартов Қыышбек

1928 ж.

Дубровский орман шаруашылығы бөлімшесінің директоры

Алашорда қарулы отрядында қызмет еткені үшін

3

Мантазаров Сазанбай

1932 ж.

Андреев ауданы «Есалы» колхозының төрағасы

Алашорда белсендісі

4

Абдулин Кенжеғалий

1926 ж.

Созақ ауданының аудандық газетінің редакторы

Алашордашы

5

Касабулатов Есенғали

1920 ж.

Новороссийский ауданы Қызылқайың етсовхозының директоры

Алашордашы

6

Жанғазин Кәрим

1925 ж.

Сүтеттресінің директоры

Белсенді Алашордашы

Троцистшіл-зинвьевшіл деп айыпталған Өлкеком және Обкомның номенклатуралық қызметкерлері (партқұжаттарын ауыстырғаннан кейін)

1

Садчиков И.С.

1916 ж.

Қарағанды облысының облжоспар төрағасы

К-р троцкишілдік көрсеткені үшін қамалды

2

Горский А.П.

 ПБС Бас инженерінің орынбасары

ПБС-ғы к-р зиянкес ұйымдардың мүшесі

3

Муртазин Газиз

1926 ж.

НКЗ Хлопский басқармасының басшысы

Контрреволюционер-ұлтшыл

4

Шумский С.Ф.

1921 ж.

Орал қ. ВКСХШ ректоры

Троцкист екіжүзді

5

Нурумов А.Н.

1926 ж.

Қазалы ауданы зоотехникум директоры

Контрреволюционер-троцкист

6

Погодин П.П.

1919 ж.

Зам. Пред. Жуалы ауатком-ының төраға орынбасары

Контрреволюционер-троцкист

7

Иванов Б.М.

1920 ж.

Қазегінхалком қаржы жоспары бөлімінің басшысы

К-р, троцкистшіл зиянкес ұйымдардың зиянкес әрекеттері, оңшыл Нусиновпен байланысты болғаны үшін

8

Голик П.П.

Ақтөбехимкомбинат АХО басшысы

К-р, троцкистшіл насихат жүргізген

9

Гросс П.А.

1918 ж.

Зав. КарГРЭС-тің электротехникалық бөлімшесінің меңгерушісі

Троцкист зиянкес

Әдебиеттер:

Абдакимов А.А. Тоталитаризм: депортация народов и репрессия интеллигенции. – Караганда, 1997.  – 83с.

Архив «Музейно-мемориального комплекса жертв политических репрессий и тоталитаризма «АЛЖИР».

Астана қалалық мемлекеттік архиві, 370-қ., 1-т., 50-іс, 52-іс, 57-іс.

Астана қалалық мемлекеттік архиві, 370-қ., 1-т., 51-іс.

Астана қалалық мемлекеттік архиві, 370-қ., 1-т., 52-іс.

Джекобсон М., Смирнов М.Б. Система мест заключения в РСФСР и СССР. 1917-1930 / http://old.memo.ru/history/NKVD/GULAG/articles/Chapter2.htm. – қаралды 16.10.2018 .

Исправительно-Трудовой Кодекс РСФСР. http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009071; – просмотрено 06.10.2018.

Кукушкина А.Р. Акмолинский лагерь жен «изменников родины»: История и судьбы. – Караганда: Trade Елена и К., 2002.  – 184 с.

Личный архив А.Н. Яковлева / http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009055. – просмотрено 06.10.2018.

Личный архив А.Н. Яковлева / http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009063. – просмотрено 06.10.2018.

Лопатин П.К. Исправительно-трудовые лагеря в СССР http://www.memorial.krsk.ru/Work/Lect/Lopatin1.htm. – просмотрено 06.10.2018.

Мұсағалиева А.С. /http://edu.e-history.kz/ru/publications/view/565

О лагерях принудительных работ: Инструкция Президиума ВЦИК от 12 мая 1919 г. / Декреты Советской власти. – М., 1971. –  Т. 5. – 701 с.

Постановление Полютбюро ЦК ВКП(б) «Об использовании труда уголовных арестантов». http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009076;– просмотрено 06.10.2018.

http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009080. – просмотрено 06.10.2018.

Постановление СНК СССР об организации Соловецкого лагеря принудительных работ особого назначения. http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009067 – просмотрено 06.10.2018.

РМӘСТА, 17-қ., 71-т., 56-іс, 50-62 пп.

РФМА. 4042-қ., 8-т.,  12-іс, 37 п.

РФМА.  5446-қ.,1-т.,  48-іс, 210-212 пп.

Садықов Т. ХХ ғ. 30-50 жж. Кеңестік тоталитарлық саясат және оның Қазақстанға тигізген зардабы / «АЛАШ-АЛЖИР. Бірінші том. – Астана: Сарыарқа, 2011. – 384 б.

http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009086. – просмотрено 06.10.2018.

Сборник законодательных и нормативных актов о репрессиях и реабилитации жертв политических репрессий / Отв. и сост. Е.А. Зайцев. – Москва, 1993. – 224 с.

Узницы «АЛЖИРа». Список женщин – заключенных Акмолинского и других отделений Карлага.  – М.: Звенья, 2003. – 567 с.

Ұрпақтар ұмытпайды» = «Помнять потомки = «The descendants remember». – Семей, 2017. - 514 б.; ALJIR. Qorqinisti tustey… Kak strashnyi son… Estelikter. Vospominaniya / Бас редакторы: Болат Жүнісбеков, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры. Құрастыруға қатысқандар: Әбдрахманова Лауренсия, Жақсыбаева Рахима, Ергельдиева Жанар, Айағанова Эльмира, Төлепбергенова Гүлнұр. – Астана, 2014. – 364 б.; Эхо массовых политических репрессий. Судьбы людские. – Астана, 2005.; «АЛАШ-АЛЖИР / ALASH-ALZHIR» АЛЖИР. Бірінші том. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2011. – 384 б.;  «АЛАШ-АЛЖИР / ALASH-ALZHIR» АЛЖИР. Екінші том. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2011. – 384 б. т.б.; Жоқтау (Воспоминания детей репресированных казахстанцев). – Алматы, 1998. 100 с.

  Тасымбеков А. Жан дауысы. АЛЖИР архипелагы. – Алматы: Жазушы, 1993.  – 223 б.

Шаймуханов Д.А., Шаймуханова С.Д. Карлаг. – Караганда, 1997. – 175 с.

Шаймуханова С.Д. Политические репрессии в Казахстане 1930-40-е и начало 50-х гг.  – Караганда, 2000. – 160 с

Юзипенко М.Т. Записки о работе в Акмолинском отделений Карлага и о женшинах заключенных в лагере.  Астана қаласы мемлекеттік архиві, 370 қор, 1 тізбе, 52 іс.

References:

Abdakimov A.A. Totalitarizm: deportaciya narodov i repressiya intelligencii. – Karaganda, 1997.  – 83s.

Lichnyj arhiv A.N. YAkovleva / http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009055. – prosmotreno 06.10.2018.

O lageryah prinuditel'nyh rabot: Instrukciya Prezidiuma VCIK ot 12 maya 1919 g. / Dekrety Sovetskoj vlasti. – M., 1971. –  T. 5. – 701 s.

Lichnyj arhiv A.N. YAkovleva / http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009063. – prosmotreno 06.10.2018.

Postanovlenie SNK SSSR ob organizacii Soloveckogo lagerya prinuditel'nyh rabot osobogo naznacheniya. http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009067 – prosmotreno 06.10.2018.

Lopatin P.K. Ispravitel'no-trudovye lagerya v SSSR http://www.memorial.krsk.ru/Work/Lect/Lopatin1.htm. – prosmotreno 06.10.2018.

RFMA. F. 4042. Op. 8. D. 12. L. 37

Dzhekobson M., Smirnov M.B. Sistema mest zaklyucheniya v RSFSR i SSSR. 1917-1930 / http://old.memo.ru/history/NKVD/GULAG/articles/Chapter2.htm. – qaraldy 16.10.2018 .

Ispravitel'no-Trudovoj Kodeks RSFSR. http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009071; – prosmotreno 06.10.2018.

Postanovlenie Polyutbyuro CK VKP(b) «Ob ispol'zovanii truda ugolovnyh arestantov». http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009076;– prosmotreno 06.10.2018.

http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009080. – prosmotreno 06.10.2018.

Sadyqov T. ХХg. 30-50 zhzh. Kenestіk totalitarlyq sayasat zhane onyng Qazaqstanga tigіzgen zardaby / «ALASH-ALZHIR. Bіrіnshі tom. – Astana: Saryarqa, 2011. – 384 b.

GARF. F. 5446. Op. 1. D. 48. Ll. 210-212.

http://www.alexanderyakovlev.org/fond/issues-doc/1009086. – prosmotreno 06.10.2018.

Lopatin P.K. Ispravitel'no-trudovye lagerya v SSSR / http://www.memorial.krsk .ru/Work/Lect/Lopatin1.htm. – prosmotreno 06.10.2018.

Sbornik zakonodatel'nyh i normativnyh aktov o repressiyah i reabilitacii zhertv politicheskih repressij / Otv. i sost. E.A. Zajcev. – Moskva, 1993. – 224 s.

Uznicy «ALZHIRa». Spisok zhenshchin – zaklyuchennyh Akmolinskogo i drugih otdelenij Karlaga.  – M.: Zven'ya, 2003. – 567 s.

Kukushkina A.R. Akmolinskij lager' zhen «izmennikov rodiny»: Istoriya i sud'by. – Karaganda: Trade Elena i K., 2002.  – 184 s.

Urpaqtar umytpajdy» = «Pomnyat' potomki = «The descendants remember». – Semej, 2017. - 514 b.; ALJIR. Qorqinisti tustey… Kak strashnyi son… Estelikter. Vospominaniya / Bas redaktory: Bolat Zhunіsbekov, «ALZHIR» memorialdy-murazhaj keshenіnіng direktory. Qurastyruga qatysqandar: Abdrahmanova Laurensiya, Zhaqsybaeva Rahima, Ergel'dieva Zhanar, Ajaganova El'mira, Tulepbergenova Gulnur. – Astana, 2014. – 364 b.; Ekho massovyh politicheskih repressij. Sud'by lyudskie. – Astana, 2005.; «ALASH-ALZHIR / ALASH-ALZHIR» ALZHIR. Bіrіnshі tom. – Astana: «Saryarqa» BҮ, 2011. – 384 b.; «ALASH-ALZHIR / ALASH-ALZHIR» ALZHIR. Ekіnshі tom. – Astana: «Saryarqa» BҮ, 2011. – 384 b. t.b.; Zhoqtau (Vospominaniya detej represirovannyh kazahstancev). – Almaty, 1998. 100 s.

Tasymbekov A. Zhan dauysy. ALZHIR arhipelagy. – Almaty: Zhazushy, 1993.  – 223 b.

Yuzipenko M.T. Zapiski o rabote v Akmolinskom otdelenij Karlaga i o zhenshinah zaklyuchennyh v lagere.  Astana qalasy memlekettіk arhivі, 370 qor, 1 tіzbe, 52 іs.

Astana қalalyq memlekettіk arhivі, 370-q., 1-t., 50-іs, 52-іs, 57-іs.

AQMA, 370-q., 1-t., 52-іs,

AQMA, 370-q., 1-t., 51-іs,

Tasymbekov A. Zhan dauysy: ALZHIR arhipelagy. – Almaty, 1994. – 103 b.; Musagalieva A.S. /http://edu.e-history.kz/ru/publications/view/565

Shajmuhanov D.A., Shajmuhanova S.D. Karlag. – Karaganda, 1997. – 175 s.

Shajmuhanova S.D. Politicheskie repressii v Kazahstane 1930-40-e i nachalo 50-h gg.  – Karaganda, 2000. – 160 s.

Кудайбергенова А.И., Главный научный сотрудник, д.и.н., доцент

Омарова Г.А. ,научный сотрудник, магистр

Мурзаходжаев К.М., научный сотрудник, докторант

Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова

В АДУ «АКМОЛИНСКОГО ЛАГЕРЯ ЖЕН ИЗМЕННИКОВ РОДИНЫ»

Резюме

В статье рассматриваются законодательные, экономические и политические аспекты создания исправительно-трудовых лагерей в СССР, частности в Казахстане на примере Акмолинского лагеря. Также на основе архивных документов, раскрываются новые неизвестные страницы из жизни заключенных женщин «Акмолинского лагеря жен изменников Родины». Авторы впервые сопоставляя различные архивные материалы с воспоминаниями из личного фонда Юзипенко М.Т.и с опубликованными материалами по теме систематизировали и обработали архивные данные. Анализируя вышеупомянутые данные, авторы проливают свет на особенности содержания арестанток, их тяжелый быт, трудовую норму, и т.д.

Ключевые слова: АЛЖИР, Карлаг, ГУЛАГ, репрессия, красный террор, тоталитаризм, исправительно-трудовой лагерь, несправедливо осужденные женщины, члены семей изменников родины, трагические судьбы детей.

А. Kudaibergenova, Chief Researcher, Doctor of Historical Sciences,

 Associate Professor

Omarova G.A., Research Fellow, Master’s in History 

Murzakhodzhaev K.M., Research Fellow, PhD student

Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology,

Almaty, Kazakhstan

IN THE HELL OF THE AKMOLA CAMP FOR WIVES

OF THE TRAITORS OF THE HOMELAND

Summary

The article discusses the legislative, economic and political aspects of the establishment of labor camps in the USSR, in particular in Kazakhstan on the example of the Akmola camp. Also, on the basis of archival documents, new unknown pages are revealed from the life of imprisoned women in the “Akmola camp for wives of the traitors of the Homeland”. The authors for the first time comparing various archival materials with memoirs from the personal fund Yuzipenko M.T. and with published materials on the topic, systematized and processed the archived data. Analyzing the above-mentioned data, the authors shed light on the features of the maintenance of prisoners, their difficult everyday life, labor rate, etc.

Keywords:“ALZHIR”, “KARLAG”, “GULAG”, repression, “Red terror”, totalitarianism, corrupted and work camp, unfairly convicted women, members of families of traitors of the Homeland, tragic fates of children.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 4494

No reviews

Download files

2 АЛЖИР статья ККСОН.docx 0.08 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ӘОЖ 94 (574) «20/30» Қазақстандағы нарық механизмінің соңғы элементтеріне қарсы Сталиндік экстремистік саясат ӘОЖ 316.35:39 ОТБАСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДАҒЫ ТҮРЛІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 94(574).084.6 «ОТАНЫН САТҚАНДАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ АҚМОЛА ЛАГЕРІ» ТАМҰҒЫНДА ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы) ПОСТРЕВОЛЮЦИОННАЯ ИСЛАМИЗАЦИЯ ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОЙ ЖИЗНИ В ИРАНЕ ҒТАМР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МРНТИ 03.20:03.29 РАБОЧАЯ СИЛА ИНДУСТРИАЛИЗАЦИИ

Author's articles

94(574).084.6 «ОТАНЫН САТҚАНДАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ АҚМОЛА ЛАГЕРІ» ТАМҰҒЫНДА