Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.)

О. Мұхатова¹. ¹Т.ғ.д., профессор. Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері. Алматы қ., Қазақстан.

ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(22), 2020

Tags: үлес., тұжырым, жаңа көзқарас, ұлттық бағыт, тарихнама, талдау, тарих, азаттық күрес, посткеңестік кезең
Author:
Аңдатпа. Мақалада Ұлы Дала еліндегі азаттық қозғалыстардың посткеңестік кезеңде зерттелуі талданады. Тарихшылардың жаңа көзқарастары көрсетіледі. Ғалым-тарихшы М.Қ. Қозыбаев көрсеткен азаттық күресінде зерттелуге және қайта зерделенуге тиіс мәселелер анықталады. Ғалымның «Жауды шаптым ту байлап» атты еңбегіндегі тың тұжырымдарға баға беріледі. Азаттық үшін күрес тарихын зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелерін зерделеген С.Ф. Мәжитовтің еңбектері туралы айтылады. Ж. Қасымбаевтың Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс туралы еңбектерінің мазмұны ашылады. Тарихшы Е. Уәлиханов зерттеулерінің маңызы айқындалады. Қазақ даласындағы ұлттық бірегейлікті сақтауға және нығайтуға арналған күрестің өткенін арнайы зерттеген М. Қойгелдиевтің, Ж. Артықбаевтың, О. Қоңыратбаевтың, Х. Әбжановтың, С. Смағұлованың және т.б. тарихшылардың проблеманы зерттеуге қосқан үлестері анықталады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуге арналған диссертациялар, конференциялар жөнінде айтылады. Шетелдік зерттеушілердің қазақ халқының азаттық күресі туралы көзқарастары көрсетіледі.
Text:

Кіріспе. Кеңес Одағының ыдырап, социалистік жүйенің жойылуына байланысты қазақстандық ғылымында тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар түйіндеу міндеті тұрды. Алайда жаңа бағытта төл тарихымызды жазуға тарихшылардың теориялық және методологиялық дайындықтарының жеткіліксіздігі кедергі келтірді. Соның нәтижесінде жаңа тәуелсіз методологияны қалыптастыру ұзақ уақытқа созылды. Ұлы Дала еліндегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын жаңа ұстанымдар тұрғысынан зерттеудің қажеттілігі туса да, ол бірден қолға алына қоймады. Осыған дейін ғылымда орын алып келген тұжырымдар өзгеріп, оларға балама, тың көзқарастар шыға қоймады. Себебі ұзақ жылдар бойы тарихшылар ешбір баламасыз саналған маркстік-лениндік методологияға, таптық, партиялық бағыттарға төселіп қалған еді. Сондықтан да «дәстүрлі» методологияны бұзып-жарып, балама ұстанымдарды ұсыну мүмкін болмады. Дегенмен тарихшыларға ой салып, ғылыми арнаның ағысын объективті жолға бұруға ұмтылған бірлі-жарым ғалымдар табылды.

Әдістер. Ғылымда көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық пен саяси қақтығыстар туралы теориялар бар. Осыған орай халықтар арасындағы байланыстар қақтығыстар мен ынтымақтастық тұжырымдамалары негізінде қарастырылады. Көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық туралы ХІХ ғасырда Эмиль Дюркгейм арнайы тұжырымдама ұсынған. Ынтымақтастықты механикалық және органикалық деп екіге бөле отырып, оны ең жоғарғы моральдық принцип, әмбебап құндылық ретінде зерттеген. Ынтымақтастыққа қарама-қайшы қақтығыстар немесе жанжалдар туралы теорияны Ральф Дарендорф қалыптастырды. Ол қақтығыстың өзі үстемдік етуден туындайтындығын дәлелдеген. Мұндай тұжырымдамалар қазақ-орыс қарым-қатынастарын зерделеуге қазақ жүздерінің және патшалық Ресейдің ұстанымдары мен пиғылыдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар дүниежүзілік тарихнамадағы өркениеттілік және ұлттық бағыттар басшылыққа алынды.

Тарихнамалық деректер мен фактілерді талдау «тарих және қазіргі заман» парадигмасы бойынша жүргізілді. Сондай-ақ тарихнама ғылымының заңдылықтарына арқа сүйелді. Ғылымдағы тарихилық, объективтілік және әлеуметтік қағидалармен қатар тарихи-салыстырмалы, нақты және логикалық талдау, ретроспективті, өзектілік, перспективтілік әдістері пайдаланылды.

Ұлт-азаттық қозғалыстарға жаңа көзқарастың қалыптасуы. Отандық тарих ғылымында тыңнан жол салғандардың бірі академик М. Қозыбаев еді. 1991жылдан бастап М.Қ. Қозыбаевтың Қазақстан тарихының, тарихнаманың және деректанудың методологиялық мәселелерін көтерген зерттеулері жарық көре бастады. Ғалымның «Ақтаңдақтар ақиқаты»( Қозыбаев, 1992), «История и современность» (Козыбаев, 1993) «Жауды шаптым ту байлап» (Қозыбаев, 1994), екі томдық «Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски» (Козыбаев, 1993) еңбектері – Отан тарихын жаңа қырынан жазу мен зерттеуге бағытталған тың идеяларға толы зерттеулер еді. Ғалым азаттық күресінде зерттелуге және қайта зерделенуге тиіс мәселелерді көрсетіп берді. М. Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап» еңбегінде қазақ халқының бірегейлігі мен біртұтастығы үшін күрес тарихын жаңа тарихи таным тұрғысынан қарастырып, тарихшылардың келесі буынына үлгі бола білді. Ғалымның Ұлы Дала еліндегі азаттық күреске берген бағасы осыған дейінгі бірде-бір зерттеуде орын алмады. Жаңа тұжырымдар ғылым үшін маңызды болды. Олар мынадай: «Кене хан хандық биліктің кеселге ұшырамаған, дала демократиясына негізделген сипаты үшін күресті. Бұл бір. Екіншіден, хан Кене де Сырым батырға ұқсап патша мен халық арасында жүріп мал тапқан сатқын сұлтандарға, билерге, батырларға қарсы соғысты. Сөйтіп, Кене хан бастаған күрес те бүкіл халықтық сипат алды. Үшіншіден, Сырым бастаған, Кене хан бастаған күресті қолдаушы, оның негізгі қозғаушы күші қара шаруа еді» (Қозыбаев, 1994:105). Тарихшы-ғалымның соңғы екі тұжырымы кеңестік кезеңдегі осы мәселені терең зерттеген М. Вяткин, Е. Бекмаханов, Е. Дилмұхамедов пікірлерімен үндес. Дегенмен Сырым және Кенесары қозғалыстарының үндестігіне назар аударған ол екеуінің ерекшеліктерін «Сырым батыр бастаған қозғалыстың реформаторлық қасиеті жоғары. Ал Кене хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы көптеген өзгешелігі – елдің егемендігін, мемлекеттілігін негізгі күрес мотиві етіп, күн тәртібіне қойғандығында» (Қозыбаев, 1994: 105), - деп көрсетті. Осыған орай тарихшы-зерттеушілерге ой сала: «тарихшы қауым әр көтерілістің өзіндік жеке сипатын және жалғастықты, сабақтастықты, түбегейлі, жалпылама бірегейлік білдіретін қасиеттерін зерттеуі абзал» (Қозыбаев, 1994:105), - деп жазды. Ғылымда Ұлы Дала еліндегі ұлт-азаттық қозғалыстардың орын алу себептері анықталған-ды. Дегенмен М.Қ. Қозыбаев оларды нақтылай түсті. Автордың пайымдауынша ол себептер патшалық отарлаумен тығыз байланысты, өйткені «дәл тарихтың осы кезеңінде көшпелі ел өркениетінің тамырына балта шабылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі өркениет өзінің өрісінен айрылды, қанаты қайрылды. ... отаршылдық осымен қатар ұлттың біртұтастығының ғасырлар бойы қалыптасқан ата заңын (әдеп-заңы), ғұрыптарды, мемлекеттік басқару жүйесін бұзды. Ресейлік әкімшілік-саяси жүйе қазақ елінің дәстүрлік әлеуметтік байланысын үзді, көшпенді елдің әлеуметтік тұтас организмі дағдарысқа ұшырады» (Қозыбаев, 1994:108). «Ұлттық сана сезім өз дәрменсіздігін сезген, ұлттардың жойылып кету қаупі туғанда, ел тағдыры, жер тағдыры ойландырғанда, қазақ қоғамының болашағын түп қазық еткен халықтық қозғалысты хан Кене бүкіл бір өркениетті қорғаушы санатында» (Қозыбаев, 1994:108). қозғалысты бастады. Қазақ мемлекеттілігі туралы мәселені хан Кене нақты қойды. Ол Ресейден біржолата азат бола алмайтынын түсінді, сондықтан да қазақ елін Абылай хан тұсындағыдай империяның көлеңкесінде өз еркімен ішкі бостандығын, халықтың болмысын, хандық құрылысты сақтаған ел қылуды армандады (Қозыбаев, 1994:108-109). М. Қозыбаев хан Кене қозғалысының бірнеше ерекшеліктерін айқындады. Олардың бірі – «оның көсемінің заңды ел билеушісі болып танылуында» (Қозыбаев, 1994: 109). Ал келесі бір ерекшелігі – «ол қозғалыс туралы Европа жұртшылығының хабардар болуы, прогресшіл зиялы қауымның қазақ сахарасындағысол бір қиямет оқиғаларға рухани қатысуы, көңілін, ниетін бұруы» (Қозыбаев, 1994:109).

М.Қ. Қозыбаев Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс турасында өз ойын білдірді. Көтеріліс қазақ халқының азаттық күресінің жалғасы іспеттес болды. Алайда оның өзіндік себептері де бар-ды. Ол себептер бірден-бір Жәңгір ханның билігімен, ол жүргізген реформалармен тығыз байланысты. Ал Ж. Қасымбаев өзінің монографиясында (Касымбаев, 2001) Жәңгір ханды жаңашыл, реформатор, білімді, Еуропаға еліктеген билеуші ретінде сипаттады. Осы орайда М. Қозыбаев екеуінің көзқарастары тоғыса қоймады. Манаш Қабашұлының пікірінше «Жәңгір ханның жүргізген саясатының кейбір прогресстік маңызын атай отырып, реформаторлық істері хан үкіметін нығайтқандығын, оған европалық монархиялық сипат бергендігін, отаршылдықты күшейтуге «Хан билігінің тұсында таптық қысымға түскен, басым көпшілігі люпендік жағдайға түскен, азып-тозған халық» көтеріліске шықты. «Жәңгір хан европалық өнер мен білімді қандай шапшаңдықпен енгізсе, отаршылдықты – жаңа шыңға көтерер саяси реформаларды да өте асығыстықпен, күшпен, зорлықпен жүргізді» (Қозыбаев,1994:119). Сондықтан мұның бәрі «елде революциялық дағдарыстың онан әрі өрлеуіне, халық бұқарасының патша өкіметін қыспаққа алуын күшейтуге әкеліп соқты (Қозыбаев, 1994:119).

Ғалым 1916 жылы бүкіл Орталық Азия және Қазақстанды қамтыған көтеріліс туралы да жаңа көзқарас танытты. М. Қозыбаев: «1916 жылғы ұлттық қозғалысты ұзақ жылдар бойы зерттеушілер көтеріліс деп бағалап келді. Көтерілген халық қозғалысқа бірте-бірте дем берді, таудан аққан селдей ол бір-біріне жалғасып, жайыла берді, тайфундай сытырлатып, күтірлетіп, теңселтті. Басқаша айтқанда, ол бір жерде болған көтеріліс емес, сериялы көтерілістер, көтеріліс шеңберінен шығып, төңкеріс дәрежесіне көтерілді» (Қозыбаев, 1994:130). «Бұл жай бұрқ етіп көтеріліп, жалп етіп сөнген бір қасқағымдай көтеріліс емес. Ғасырлар шері қатпарланып, халықты қайыстырып, туған елді тастап, шекара асып, ауып кетуге дейін шешім алған халықтың шешуші қадамы – төңкеріс» (Қозыбаев, 1994:131), - деп жазды.

ХХ ғасырдың соңында СФ. Мәжитовтың ұлт-азаттық қозғалыстардың теориялық-методологиялық мәселелерін және тарихнамасын қарастырған еңбектері жарық көре бастады (Мажитов, 2002). Оның пікірінше соңғы уақыттарға дейін қазақстандық тарихнамада зерттеушілер ұлт-азаттық күрес тарихының мерзімдік шегін ХУІІІ ғасырдан бастап, ХІХ ғасырдың 70-жылдарымен аяқтайды. 1916 жылғы азаттық қозғалыс қамтылмайды. Автор азаттық қозғалыстар кезеңдемесіне 1916 жылғы қозғалысты және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін қоса отырып, оларды төрт: І саты - 1731-1847 жж.; ІІ саты – 1847 ж. – ХІХ ғ. соңы; ІІІ саты – ХХ ғ. басы-1940 жж.; ІУ саты – ХХ ғ. 1950-1990 жж. сатыға бөледі (Мажитов, 2007), яғни қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдауынан бастап, Қазақ елінің тәуелсіздік алу уақытымен аяқтайды. Отандық тарих ғылымында тұңғыш рет ұлт-азаттық күрестің теориялық мәселелерін анықтады. Қазақ халқының азаттық күресінің тарихнамасына тоқтала келе Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың зерттелуін жаңа қырынан талдайды.

Ж. Қасымбаев және азаттық қозғалыстарды зерделеу. Ұлт-азаттық қозғалыстарды, соның ішінде Саржан, Кенесары, Исатай-Махамбет көтерілістерінің тарихын белгілі ғалым, тарихшы Жанұзақ Қасымбаев зерттеді. Ғалым осы мәселеге бірнеше монографияларын және мақалаларын арнады. Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс туралы зерттеулері тың архив құжаттарын ғылыми айналымға енгізуімен ғана емес, жаңа тарихнамалық фактілерімен ерекшеленді. «Последний поход хана Кенесары и его гибель» (Касымбаев, 2002) еңбегінде жасалған тарихнамалық шолу аталған қозғалыс тарихының зерттелу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалысты ХІХ ғасырда зерттегендердің еңбектеріне тоқталып, олардың тұжырымдарын сынға алды. Мәселен, Л. Мейердің хан Кененің дархан даланың оңтүстігіне өтуін «дала қарақшысының мансапқорлық әрекеттерімен» байланыстырғанын, Кіші жүз көшпелілерінің  қозғалысқа қатысуын біржақты қарастыруын, автордың еңбегіндегі мәліметтердің өзге де замандастарының шығармаларында қайталанатындығын баса көрсетті. Л. Мейердің Кенесарының Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік Қырғыз еліндегі әрекеттеріне жасаған сипаттамасымен А.И. Добросмысловтың, Н.И. Красовскийдің, И.Ф. Бабковтың, Ш.Ш. Уәлихановтың Я. Полферовтың және т.б. берген бағаларының үндес екендігі туралы жазды. «А.И. Добросмыслов, Н.И. Красовский, Ш.Ш. Уәлиханов Кенесарыны «бүлікшіл», «ойрандаушы», «ойрандаушылардың қайсары» деп атағандарына назар аударды. Ж.Қасымбаев басқа зерттеулерде айтылмайтын Батыс Сібірдің губернаторы болған, Кенесары көтерілісі жөнінде материалдар жинаған И.Ф. Бабковтың еңбегі туралы жазды. Сондай-ақ бұл мәселенің қырғыз тарихшыларының еңбектерінен көрініс тапқандығына назар аударды. Қырғыз тарихшыларының арасында кеңестік кезеңде қазақ-қырғыз қақтығысын өткір сипаттаған Б. Джамгерчиновтың зерттеуін атап көрсетті. Ж. Қасымбаевтың атап көрсетуінше, Ормон хан туралы Б. Джамгерчиновтың зерттеуі 1945 жылы Е. Бекмахановтың монографиясынан екі жыл бұрын жарияланды. Кенесарының қырғыз жеріне келуінің басынан бастап шайқаста қаза болуына дейінгі әрекеттерін Б. Д. Джамгерчинов Ұлы жүз қазақтарын күшпен өзінің хандығына қосып алуға ұмтылу, қырғыз манаптарын бағындыру ретінде көрді. Ал келесі 1960-жылдардың бас кезінде жарық көрген монографиясында Кенесары күресінің соңғы сатысын «тонау соғысы» деп атады. Б. Джамгерчиновтың пікірінше «Абылай руының өкілі Кенесары сұлтан өзінің алдына Қазақстанда хандық билікті қайта қалпына келтіру мақсатын қойды» (Касымбаев, 2002:18) - деп жазды. Шындығында Кенесары сұлтан Ұлы Дала елінің тұтастығы мен отаршылдыққа қарсы күресті. Тарихшы Е. Уәлихановтың сөзімен айтқанда, «әкімдер қалыптасқан жағдайда Кенесарының тек Ресейден бөлініп кету ғана емес, өзінің тәуелсіз мемлекетін құрғысы келетінін және одан басқа жолдың жоқтығын әрқашан түсіне бермеді. Сондықтан да билікке ықпал етудің жалғыз тәсілі қарулы әрекет деп есептеді» (Валиханов, 2004:64).

Посткеңестік кезеңдегі қырғыз тарихшысы, профессор Т. Кенесариеваның монографиясында қазақ-қырғыз қарама-қайшылығының басты себептерінің бірі аймақтағы жалпы ахуалдың шиеленісуі патша өкіметінің отарлау саясатының салдары арқылы қарастырылды. Өкінішке орай, кеңестік ғылымда мұндай теориялар мен тұжырымдамалар белгісіз болып келді. Сондықтан да ұзақ уақыт бойы қырғыз тарихшыларының Кенесары қозғалысының аяқталу сатысын зерттеу позициясы Б. Джамгерчиновтың көзқарастары ықпалында болды. Тек 1990-жылдардың соңында ғана олар Кенесары қасіретінің мәресін біршама объективті түрде сипаттай бастады (Касымбаев, 2002:18). Алайда Ж. Қасымбаевқа дейін Кенесары сұлтанның қырғыз жеріне жорығының ақиқаты толығымен ашылмады, сондықтан да автор осы проблеманы арнайы зерттеді.

Қасымбаев аталған монографиясында Кенесары ханның Жетісуға көшіп келуінің және оның құрбан болуының шынайы картинасын қалпына келтіруге талпыныс жасалды. Басты назар аймақтағы күштердің орналасуына және Хан Кене және оның жақындарының Майтөбеде құрбан болу ахуалына аударылды. Кенесары сұлтанның Жетісу жеріне келуге мәжбір болғандығын тарихи деректер негізінде дәлелдеді. Е. Уәлиханов бұл мәселені тереңірек қарастырып, Кенесарының Ұлы жүз аумағына келуінің себептерін Орталық Азия хандықтары мен Ресей империясының осы аймақты басып алу қаупінің болуымен, Шу, Сарысу өзендерінің жоғарғы ағысы және Қызылқұм жерлерінде мемлекетін дамытқысы келуімен, патша үкіметінің алым-салықтарды көбейтуінің салдарынан Орта жүздің көптеген ауылдардың Кенесарыдан қол үзуімен, әскерінің материалдық базасын жақсартуды көздеуімен түсіндірді. Авторлар Ұлы жүз билеушілерінің Кенесарыға қатысты екіжақты саясат ұстанғандарын, ханды мойындамағандары туралы жазды.

Ғалым М. Қозыбаев Ж. Қасымбаев тәрізді Кенесары сұлтанның қырғыз жеріне келуі және қаза табуын арнайы зерттемесе де Майтөбедегі қасіреттің бір себебін «қалай болғанда да хан Кене жаңа ортаға тап болды, оның ойы мен қырын, сыры мен мұңын ол толық ұға алмады. Орат Азия көлемінде патша өкіметіне қарсы қозғалыс ашып, бірігудің жолын таба алмады», - деп көрсетті. Бұған қоса сол кездегі халықаралық ахуал да хан Кененің күресіне қақпан болды. М. Қозыбаевтың сөзімен айтқанда, «патша өкіметі жүздік психологияны жақсы игерді, қазақ-қырғыз қайшылықтарын пайдалана білді. туыс екі халық қақпанға түсіп, бір-бірінің  қанын төкті, өктемдікке үйренген хан Кене сол қайшылықтарды шешу жолы күш екен деп қате пайымдады. Басқаша айтқанда хан Кене қозғалысы соңғы сәтінде бейбіт халыққа қаталдық танытып, мәмлегерлік саясаттың бар мүмкіншілігін пайдалана алмады» (Қозыбаев, 1994:109].

Ж. Қасымбаев «Главный виновник всех беспокойств в казахской степи» (Касымбаев, 1997) деген мақаласында Батыс Сібір және Орынбор генерал-губернаторлары «даладағы барлық алаңдаушылықтың басты кінәлісі» атаған Саржан Қасымұлының «патша дивандарының (округтерінің) құрылуына түбегейлі қарсы шығып, патша реформаларына оппозицияға басшылық еткендігі» туралы жазылды. Ғалымның пікірінше, Габайдулла сұлтанның Сібірдің шеткері Березов қалашығына жер аударылуы бүкіл Орта жүздегі өрістеген қозғалысты тоқтата алмады. Себебі реформаларға қарсы наразылық түрінде басталған оппозиция сұлтан Ғабайдулла бастаған жаппай қозғалысқа ауысты. Ғабайдулла сұлтан империяның әкімшілік-саяси жаңалықтарына наразыларды топтастырып, орын алған аухалды хандық мемлекетті қайта жаңғырту үшін пайдаланбақшы болды. Сөйтіп үкіметке қарсы күштерді біріктіруге бел байлады. Бұл істе оған Абылай ұрпақтары қолдау көрсетті. Олардың мақсаты округтық приказдарды жою еді. Көкшетау округтық приказының аға сұлтаны Ғабайдулла қытай шенеуніктерімен жақындасты. Өлкеде сұлтанның беделі артты. Осы оқиғалардың бәрі Ж. Қасымбаевтың арнайы жарияланымында (Касымбаев, 2002) көрініс тапты.

Біруақытта Қарқаралы округына қарасты ауыл қазақтарының толқулары күшейді, ол жерде Қасым төре ұлдарының бірі Саржан сұлтанның қарамағындағы Қарпық болысының қазақтары көтеріліске үн қосты. Абылай ұрпақтарының мықты ықпалы болған Орталық Қазақстанда үкіметке қарсы толқулардың басталуы 1825 жылдың көктемі. Көтерілісшілердің жер аумағын өзгертіп отыруының себебі күреске патша үкіметі «Орынбор қырғыздары туралы» Уставты енгізуді жоспарлап отырған Кіші жүз ауылдарын көтеру, ондағы ойы Кіші орданың соңғы ханы Шерғазы бастаған үкіметке қарсы көңіл-күйді ояту еді. Алайда Е.Ж. Уәлиханов Саржанның ниетін Ж. Қасымбаевқа қарағанда анағұрлым кең түрде көрсетіп берді, яғни: первое, «это открытый вызов царским властям против политики, которую они проводили после принятия «Устава» 1822 года. Второе – это восстановление ханской власти в том виде и в том объеме, в котором она существовала во времена его деда Абылая. Третья – это желание самому стать ханом по наследству, легитимно, при этом опорой ему должны были служить те же социальные слои, которые утвердили Абылая ханом» (Валиханов, 2004:50) деген пайымдаулар жасады. Көтерілістің басты идеясы автордың пайымдауынша дербестік пен тәуелсіздікті дәстүрлі билік құрылымдары арқылы қайтару. Е. Уәлиханов бұл көтерілістің жеңілуінің себебін Саржан мен Ташкент құшбегі арасындағы саяси тартыс деп анықтады. Саржан сұлтанның күресі он жылдан астам уақытқа созылды. Тарихтан белгілі ол 1836 жылы Ташкент бегінің қолынан қаза тапты. Саржан күресінің Кенесары үшін сабақ болғандығын екі тарихшы да атап көрсетті. Саржан сұлтанның есімі халық жадында, халықтың ауызша шығармашылығында қалды (Касымбаев, 1997).

Отандық тарихнамада Жанұзақ Қасымбаевтың «Кенесары. История, личность, время» (Касымбаев, 2005) атты иллюстративті зерттеуі ерекшеленді. Еңбекте соңғы қазақ ханы, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі баяндалады.

Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс туралы зерттеулер. Хан Кененің өмірі мен мемлекеттік қызметі Е.Ж. Уәлихановтың зерттеуінде (Валиханов, 2004) көрініс тапты. Тарихшы қозғалыстың басынан аяғына дейін тарихи жазба деректер бойынша егжей-тегжейлі қарастырды. Хан Кененің ұйымдастырушылық, қолбасшылық, елбастаушылық қабілеттерімен қоса қаталдығын, талапшылдығын, әділеттілігін көрсетті. Кенесарының хан болуға ұмтылысын автор біршама өзше түсіндірді. Оның ойынша «Кенесары Касымов, приверженныйсамой высокой идее, конечно, не мог не обратить внимание на материальное снабжение своих войск, ему нужны были новые пастбища, новые земли, необходимо было отвоевать у царизма все те земли, которые уже были отданы под строительство приказов, укреплений, пикетов. Кенесары считал, что прежде всего необходимо стать объединенным правителем родовых структур Младшего и Среднего жузов» (Валиханов, 2004: 75). Кенесарының барлық қазақтарға хан болуға құқықтары болды. Кіші және Орта жүз оны хан ретінде мойындады да. Алайда мемлекет басшысы болу үшін ол заңды түрде мойындалуы тиіс. Оған қоса көрші елдермен қарым-қатынастар орнатуы керек. Е. Уәлиханов осы мәселеге мән берді. Кенесары Қасымұлының халықаралық байланыстарды жақсартуы қозғалыстың барысына ықпал етті. Хан Кененің елдестіру қызметінің арқасында Хиуамен арадағы қатынастар жақсарып, бұқар әмірі Қоқанды басып алды. Мұның өзі Кіші жүздің Шөмекей, Төртқара, Табын руларының Кенесарыға қосылуына алып келді. Автор айтылғандармен қоса Кенесары құрған хан кеңесі және оның ерекшеліктерін көрсетті. Өзге да посткеңестік тарихшылар сияқты Кенесары Қасымұлының қозғалысының соңғы кезеңін, қаза болуын Е. Уәлиханов аса бір байыппен жеткізді.

Е. Уәлиханов Ж. Қасымбаев тәрізді ханның қырғыздарды Ресей империясының отарлау саясатына бірлесе күресуге шақырғандығы туралы тұжырым жасады. Кенесарының үндеуін саяси диктат деп түсінген қырғыз билеушілерінің қанды қақтығысты таңдағандарын дәйектеді. Хан мен қырғыз манаптарының арасындағы  алауыздықтың күшеуі жағдайындағы орыс әскери құрылымдарының әрекетін сипаттады. Кенесары сұлтанның қателікке барғандығын да жасырып қалмады. Қырғыздардың опасыздығын ашып көрсетті. Хан Кененің қазасын тарихи жазба және ауызша деректер бойынша баяндады.

Ұлы Дала еліндегі азаттық қозғалыстар туралы тың тұжырымдар. Ж. Қасымбаевтың мерзімді басылым беттерінде Сырым, Саржан, Исатай көтерілістері туралы мақалалары 1990-жылдары жарық көрді. Солардың бірі Сырым Датұлы көтерілісінің даулы мәселелеріне арналды (Касымбаев, 2004). Ғалым отандық тарихнамада Сырым Датұлының соңынан ергендердің саны жөнінде ортақ пікірдің жоқ екендігіне назар аудара отырып, көрсетілген мәліметтерді талдап, тың архив құжаттарының негізінде олардың саны 7000 адам болғандығына (Касымбаев, 2004: 96) көз жеткізді. Автордың дәлелдеуінше, көтеріліс себептерінің бірі казактардың айуандықтары (Касымбаев, 2004: 97). Барон Игельстромның Сырымды хандық билікке қарсы тұруда қажет тұлға ретінде пайдаланғысы келгендігі турасындағы оқиғалардың желісін ашуы еңбектің құнды тұстарының бірі болып табылады. «Сырымның баронмен саяси жақындасуы қозғалыстың отаршылдыққа қарсы бағытын әлсіретті» (Касымбаев, 2004: 97), - деген тұжырымы отандық тарих ғылымындағы жаңа болып саналады, өйткені осыған дейін мұндай тарихнамалық факті жасалмаған еді. Кеңестік кезеңдегі еңбектерде Сырым патшалық билік өкілдерімен ешбір ымыраға келмейтін адам ретінде ғана көрсетілді. Қозғалыс өзінің даму барысында біресе күшейіп, біресе әлсіреп отырды. Ж. Қасымбаевтың пікірінше, казактардың озбырлығы, патша биліктегілерінің жаңа ханға ымыраластық қарым-қатынасы, ханның жаңа губернаторды жек көруі қозғалыстың әлеуметтік базасын кеңейтіп, оны күшейткен (Касымбаев, 2004:100). Ғалым ұзақ уақыт бойы тарихта орнығып келген Сырым Датұлының Хиуаға кетіп қалуымен қозғалыстың тоқтатылғандығы туралы тұжырымды жоққа шығарып, Сырымның күрестен өз бетімен бас тартқандығын анықтады. «Преследуемый карательными силами, потерявший поддержку значительной части своих сторонников, Сырым 30 августа 1797 г.в сопровождении 1000 сарбазов явился на заседание ханского совета, только что утвержденного тем же О.А. Игельстромом и объявил о прекращении дальнейшей борьбы» (Касымбаев, 2004:100), - деген баяндауы –ғалым тұжырымының дәлелі. Дегенмен Ж. Қасымбаев Сырымның ақырына дейін көшпелілердің мүддесін көздемегендігін «Сырым Датов, хотя и как выдающаяся личность ... все же не был до конца стойким, последовательным борцом за насущные интересы большей части номадов» (Касымбаев, 2004:101), - деп ашып жазды. Дегенмен бұл қозғалыстың отаршылдыққа қарсы бағытталғандығын және оған барлық әлеуметтік категориялардың қатысқандығын, тұңғыш рет әртүрлі топтардың саяси позицияларының ала-құлалығын ашық көрсеткендігін жоққа шығармады. Мұндай пайымдаулар келтірмесе де С.М. Мәшімбаев өзінің еңбегінде (Мәшімбаев, 2015) Сырым Датұлы қозғалысы туралы жалпылама түрде жазды. Автордың қозғалыс жөніндегі баяндауы осы мәселені зерттеген тарихшылармен үндес. Еңбектің ерекшелігі Сырымның шешендік тұлғасы, азаттық қозғалысын қолдаған тарихи тұлғалар ауызша деректер бойынша сипатталады.

Қазақстандық посткеңестік тарихнамада академик М. Қойгелдиевтің «Қазақ елі: ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы күрес (ХІХ ғ. -ХХІ ғ.басы)» (Қойгелдиев. 2014) еңбегі өзіндік тың тарихнамалық фактілерімен ерекшеленеді. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске саяси, әлеуметтік емес, рухани жағынан баға берді. «Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс бұл ретте қазақ қоғамының осы тарихи мезгілде өз ішінде биік рухани құндылықтарды қадір тұтып, қастарлей білгендігінің, ал осы құндылықтар жүйесінде ең биік тұрғаны да сол «қара қазан, сары бала қамы» екендігін, сондай-ақ бұл мәселеде де Исатай Тайманұлы қозғалысы қазақ жұртын әлемдік өркениет көшіндегі алдыңғы ұлттардың қатарына көтеріп тұрғандығын батыл да сенімді айта аламыз» (Қойгелдиев. 2014:188), -деген ғалым пікірінің астарында терең ой жатыр. Кезінде біржақты таптық күрес шеңберінде қарастырылған Исатай және Жәңгір хан қарым-қатынастарына жаңа ұлттық ұстаным тұрғысынан баға берді. Ғалым көтерілістің маңызын өзгелерге қарағанда анағұрлым кең түрде көре алды. «Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісі хан билігіне және оның артында тұрған отарлаушы әкімшіліктің әлеуметтік саясатының, әсіресе жер саясатының тұйыққа тіреліп, қоғамды терең дағдарысқа алып келгендігінің көрінісі еді» (Қойгелдиев. 2014:195), - деген тұжырымы осының дәлелі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ұлттың біртұтастығы жолында орын алған күрестің барлығының дерлік өз мақсатына жете алмай, қазақ халқының саяси дербестікке ұмтылысы сәтсіздікке ұшырап отырды. Тарихшы – ғалымның пікірінше, Исатай Тайманұлының Жәңгір хан және Ресей әкімшілігімен ақтық айқасқа шыққан кезі бұл қазақ даласындағы орыс отаршылдығына қарсы қарулы қарсылықтың соңғы кезеңіне тұс келді. Империялық билік қазақ жерін өзіне біржола қосып алу үшін қарсылық көрсеткен күштерді басып тастау мақсатында арсеналындағы барлық айла-әрекетін, сонымен бірге әскери күш қуатын іркілместен іске қосып отырды. Ресей экспансиясына қарсы күресте ірі саяси тұлғаға айналған Арынғазы сұлтанды алдап, Петербургке шақырып алды да, өмірден өткенше Калугада тұқын есебінде ұстады. Хандық билікке заман сұранысына лайық күш-қуат беруді көздеп хан тағына ұмтылыс жасаған Қаратай сұлтанды бұл мақсатына жеткізбей, өмірінің соңына дейін тежеп ұстады (Қойгелдиев. 2014:196). Тәуелсіздік жылдарында ғана айтылған тарихтан белгілі хан Кенені ұлы жүз қазақтары қолдамады. Көксу басқосуының шешімін А. Янушкевич атаған «Лепсі конгресі» бекітіп берді. Басқаша айтқанда Кенесары күресінің соңғы сатысында қазақ халқы біргейлік таныта алмады. М. Қойгелдиевтің пайымдауынша, «бұл Ресей дипломатиясының жеңісі ғана емес, сонымен бірге қазақ қоғамына тереңдеп еніп, оны бөліп-жарып, өзара қарсы қойып басқару ісіндегі әдісінің салтанат құруы да еді. Бұдан былай  кімде -кім қазақ арасында Ресей билігіне қарсылық көрсетсе, ол «жалпыхалықтық тыныштықты бұзушы», яғни қазақ халқының жауы болып саналуға тиіс болды. ... Қалыптасқан объективті жағдай азатшыл ұстанымдағы Кене хан мен оның қосынын қайшылықты да күрделі жағдайға әкеліп тіреді» (Қойгелдиев. 2014: 218).

Аталмыш кезең тарихнамасында 1916 жылғы ұлт-азаттақы қозғалыс тарихына арналған зерттеулер кеңінен орын алған. 1990-жылдардың орта кезінен бастап бұл тақырып тарихшылардың назарында болды. Осы кезде В.З. Галиевтің (Галиев. 1993), М. Қойгелдиевтің (Қойгелдиев. 1995), К. Нұрпейістің (Нұрпейісов, 1996) мақалалары жарияланды.

Мәселенің зерттелу деңгейіне шолу және талдау жасалған зерттеулер де дайындалды. Мәселен, С.Ф. Мәжитов көтерілістің мерзімдік шегін 1916 жылмен шектемей, 1917 жылдың алғашқы тоқсанын да қамтудың қажеттілігін дәйектеді (Мажитов. 2006:34). Себебі 1917 жылы Торғайда көтерілісшілер жаңа шабуылға шыққан.

Г.Т. Жақсымбетова зерттеудің деректік базасының кеңейгендігін атап көрсетті. Бұрын-соңды жарық көрмеген архив құжаттарының, ұлт зиялылары еңбектерінің тұңғыш рет жарияланып, қайта басылып, бірқатар диссертациялардың қорғалғандығына назар аударды (Жаксымбетова, 2006).

Кеңестік кезеңдегі тұжырымдарды толықтыруға ұмтылған Ж. Қасымбаев 1916 жылғы қозғалысқа Ресейдің ІУ-Мемлекеттік Дума депутаттарының көзқарасын арнайы қозғады (Касымбаев, 1996). Автор патша жарлығының жоғарғы заң шығарушы органмен, Мемлекеттік кеңеспен ақылдаспай шығарылғандығын, ағымдағы заңнаманың бұзылғандығын, ал ең бастысы бұл жарлықтың салдарының ауыр болатындығына алаңдаған Дума депутаттаарының пікірлерін көрсетті. Ал Ж. Артықбаев және Ж. Ибрагимов 1916 жылғы көтеріліс кезінде хандық биліктің жаңғыруына арнайы тоқталды (Артықбаев, Ибрагимов, 1999). Көтеріліс кезіндегі Әбдиғапар ханның қызметін М. Сүлейменов арнайы зерттеді (Сулейменов, 1995).

2006 жылдың маусым айында көтерілістің 90 жылдығына арналған «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи оқиғаға жаңа көзқарас» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияда тарихшы О. Қоңыратбаев та баяндама жасап, 1916 жылғы Меркі көтерілісінің кейбір мәселелерін көтерді (Қоңыратбаев, 2006). Автор көтеріліске қатысты бірқатар мәселелердің зерттелмегендігін атап көрсетті. Мәселен, көтерілісшілердің жалпы саны, жазалау шараларына қатысқан орыс мұжықтарының саны, басшыларының өмірбаяндары, ошақтары мен ірі шайқастары, рулық тартыстар мен жікшілдік және т.б.

2016 жылы көтерілістің 100 жылдығына арналған конференция өткізілді. Конференцияда біраз баяндамалар жасалып, мәселені жаңа қырынан қарастыруға ұмтылыс байқалды. Әсіресе көтерілістің басталуы және барысын зерттеудің қадамдарын көрсету, ұлт зиялыларының көзқарастарын анықтау біршама өзекті болды. Мәселен, Х. Әбжанов (Әбжанов, 2016) көтерілістің 1920-1930-жылдардағы тарихнамадан көрініс табуына тоқталды. Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, А. Байтұрсынұлының, М. Шоқайдың, Т. Рысқұловтың С. Асфендиаровтың, О. Жандосовтың пікірлері мен көзқарастарына шолу жасады. С. Смағұлова 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс барысын зерттеудегі қадамдарды талдады (Смағұлова, 2016). Автор тұңғыш рет Ж. Мыңбаевтың, Ә. Байдилдиннің, А. Кенжиннің, Т. Жүргеновтің мақалалары мен баяндамалары және олардың мазмұны туралы жазды. Көтерілістің 20 жылдығына орай барлық баспасөз беттерінде жаңа тұжырымдардың, мақалаларлың, құжаттық материалдардың жинақ түрінде жарияланғандығына назар аударды. Аталғандардан өзге конференцияда З. Төленова, Г. Ксенжик (Ксенжик, 2016) баяндама жасады. З. Төленова 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің аймақтық ерекшеліктерін Шу-Ыстықкөл ошағының мысалында көрсетті (Төленова, 2016).

Отандық тарих ғылымында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы бойынша Е.Н. Ермұқановтың (Ермұқанов. 1993), Б. Құрманбековтың (Құрманбеков. 1998), Ө.Ж. Бекмағанбетовтың (Бекмағанбетов, 2001), Ж.И. Ибрагимовтың (Ибрагимов, 1999), Ш.Б. Тлеубаевтың (Тлеубаев, 2000) кандидаттық диссертациялары қорғалды.

Шетелдік тарихшылар Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар жөнінде. Посткеңестік кезеңде шетелдік тарихнамада қазақ халқының азаттық күресінің өткені ары қарай өз жалғасын тапты. Отандық тарихнамада шетелдік тарихшылардың көзқарастары К.Л. Есмағамбетовтың (Есмағамбетов, 1994) зерттеуі арқылы белгілі болды. Ғалым американдық тарихшы М.Б. Олкоттың еңбегінен үзінділер келтіріп, жат елдік зерттеушілердің Ұлы Дала еліндегі азаттық күресіне қатысты пікірлерін көрсетті. Мұхиттың арғы жағындағы тарихшының пайымдаулары назар аударарлықтай. «Қазақтардың басты көтерілістерінің Сырым батыр және Кенесары Қасымов секілді қолбасшылары өздері өмір сүрген тұста ұлтына барынша беріле қызмет еткен нағыз халықтық тұлғалар болды, олардың есімдері мен істері арттарында қалған жергілікті күрескерлердің бойынан жалғасын тауып отырды (Есмағамбетов, 1994:103).

«Жекелеген халықтық тұлғалар, атап айтқанда Сырым батыр, хан әкімшілігіне қарсы тұрды, өйткені олардың іс-әрекетінен жемсаулық пен тәуелсіз билік жүргізу қабілетсіздігін көре білсе керек. Кейінірек Кенесары хан билігін іс жүзінде орыстардан тәуелсіз өз бетімен жүргізу жолдарын іздестірді. Кенесары дала өңірінің тек қазақтың еншісі екеніне және оны қазақтардың ата-баба дәстүрі бойынша өздері басқара алатындығына сенді (Есмағамбетов, 1994:103). Жат елдік тарихшы қозғалыстың себептеріне де тоқталды. Оның пікірінше, «Бой көрсете бастаған тұрақты азаматтық басшылық та қазақтардың ашу-ызасын келтірді, орда ішіндегі орыстардың ішкі пиғылдарының кейбір көріністері олардың қазақ тәуелсіздігіне қол сұғуы мүмкіндігі туралы пікірлердің дұрыстығын дәлелдей түсті» (Есмағамбетов, 1994: 104).

Тарихшы Сырым Датов бастаған қозғалыс тарихына назар аударды. Сырымның жасағы турасында өз пайымын жеткізді. «1782-1783 жылдың қысында Кіші жүздің батыс бөлігінде және ішкі жақта бастапқыда қазақ-казак арасында, кейін қазақтардың өз іштерінде кең етек алған шайқастар болды. Бұл – Сырым батыр көтерілісі еді. Оның басшылығында 6000 жауынгер болды, оның 2.700-і тікелей Сырымға бағынды. Орыстар Нұралыдан көтерілісті басуды талап етті, өйткені көтеріліс олардың билігіне қауіп төндірді, себебі Сырым орыстарды да, олардың қолшоқпары – Нұралыны да мойындамады...». Қозғалыстың мақсатын анықтады. Зерттеушінің пікірінше, «Сырымның ілкіден-ақ алға қойған мақсаты – орыстар қоныстанған ендіктердегі қайыршыланып бара жатқан аш-жалаңаш қазақтарға жер алып беру болатын. Әрине, ол өзі жемқор санаған Нұралыны орнынан тайдырудан үміттенді. Сырым ел басқарудың ешқандай демократиялық үлгісін ұсына алмады (Есмағамбетов, 1994:105).

«Көтерілістің кең қанат жаюы Орынбордың генерал-губернаторы барон Игельстромның Сырым батырдың көтерілісі тек Нұралыға ғана емес, сонымен бірге дала аймағындағы орыс билігінің тұрақтылығына да қауіп туғызып отырғанына көзін жеткізді. Игельстром қазақтардың сол кездегі көңіл-күйлеріне қарап, оларды Ресейдің жауы деп санауды талап етті» (Есмағамбетов, 1994:105). Шерғазы, Арынғазы көтерілістеріне қатысты автор көзқарасы болғанымен тың ұстаным байқалмайды.

Қорытынды. Осылайша ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту жолындағы қазақ халқының азаттық күресі посткеңестік кезеңдегі зерттелуі жаңа методологиялық бағытта, дәлірек айтқанда ұлттық мүдде тұрғысында қарастырылды. Шетелдік ғылымда Ральф Дарендорф қалыптастырған текетірестер немесе жанжалдар туралы теория бойынша қақтығыстың өзі үстемдік етуден туындайтындығы тарихшылардың еңбектерінде дәлелденді. Зерттеу нәтижесінде отандық тарих ғылымында тәуелсіздік үшін күрестің қарулы көтерілістер, наразылықтар түрінде болғандығы туралы тұжырымдардың орын алғандығы анықталды.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Әбжанов Х. 1916 жылғы көтеріліс ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы тарихнамада. //1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы, маңызы, халық әдебиеті мен өнеріндегі орны, құжаттық дерекнамасы. – Алматы: «Әдебиет», 2016. – 9-20 бб.

Артықбаев Ж., Ибрагимов Ж. 1916 жыл: хандық биліктің жаңғыруы. //Отан тарихы, 1999. – №4. – 91-99бб.

Бекмағанбетов Ө.Ж. Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және оның тарихи сабағы. /Т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Астана, 2001. – 29б.

Валиханов Э.Ж. Кенесары. – М: «Молодая гвардия», 2004. – 232[8]с.

Галиев В.З. Национально-освободительное движение казахского народа в свете новых исследований. //Мысль. – 1993. – №11. – С.77-81.

Есмағамбетов К. Қaзақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. – 240 б.

Ермұқанов Е.Н. 1916 жылғы көтеріліс тарихының мәселелері (1914-1917 жж. басы Семей, Ақмола облыстарының материалдары бойынша). Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. – Алматы, 1993. – 164б.

Жаксымбетова Г.Т. К историографии национально-освободительного движения 1916 года в Казахстане // Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи оқиғаға жаңа көзқарас. – Алматы, 2006. – С. 57-65.

Ибрагимов Ж.К. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: хандық биліктің жаңғыруы (Сарыарқа өңірі материалдары бойынша). Т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Қарағанды, 1999. – 30 б.

Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств в XVIII- первой четверти XIX вв. Т.4. Хан Жангир (1801-1845). –Алматы, 2001. – 352 с.

Касымбаев Ж. Последний поход хана Кенесары и его гибель. – А, ТОО «Ана тілі», 2002. – 200с.

Касымбаев Ж. Кенесары. История, личность, время. – Алматы:«Аруна», 2005. – 92с.

Касымбаев Ж. Главный виновник всех беспокойств в казахской степи// Столичное обозрение. 29 августа 1997 г.

Касымбаев Ж. Некоторые спорные проблемы восстания 1783-1797 годов в Младшем жузе (по новым архивным данным) //Орталық музей еңбектері: музей ісі, тарих, этнология, фольклортану, антропология, деректану, нумизматика. – Алматы: Ғылым, 2004. – С. 95-103.

Касымбаев Ж. Оппозиция царским реформам в Среднем жузе Касыма Абылайханова и султана Габайдуллы Уалиева (20-годы ХІХ века). //История Казахстана в школах и вузах. – 2002. - №5. – С.43-52.

Касымбаев Ж. Вопросы истории восстания 1916 года в Казахстане в представлениях депутатов ІУ-й Госдумы России//Қазақстан жоғары мектебі. – 1996. – №6. – С.38-45.

Ксенжик Г. Семиреченское восстание 1916 года в картографических источниках и документах//1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы, маңызы, халық әдебиеті мен өнеріндегі орны, құжаттық дерекнамасы. – Алматы: «Әдебиет», 2016.– 52-67бб.

Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, 1992. – 272 б.

Козыбаев М. История и современность. – Алматы, 1993. – 254 б.

Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.

Козыбаев М. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. – Алматы, 1993.

Қойгелдиев М.Қ. Қазақ Елі. Ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы күрес (ХІХ ғ.- ХХІ ғ. басы). – Алматы: «ҚаратауКБ», «Дәстүр», 2014. – 427 б.

Қойгелдиев М. 1916 жылғы көтеріліс және ұлт зиялылары //Қазақ тарихы. –1995. – №3. – 33-38 бб.

Қоңыратбаев О. 1916 жылғы Меркі көтерілісінің кейбір мәселелері// Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи оқиғаға жаңа көзқарас. – Алматы, 2006. – 112-117 бб.

Құрманбеков Б. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс тарихы мәселелері (Батыс Қазақстан мәліметері бойынша). /Т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1998. – 26 б.

Мажитов С.Ф. Некоторые вопросы национально-освободительного движения в Казахстане. – М.: Росархив, 2002. – 30с.

Мажитов С.Ф. Проблемы истории, теории и историографии народно-освободительного движения ХVІІІ - начала ХХ вв. в Казахстане. – А: «Мектеп», 2007. – 350 с.

Мәшімбаев С.М. Сырым Датұлы (1742-1802жж). – Алматы: «Қазақ университеті», 2015. – 122 б.

Нұрпейісов К. 1916 жыл және Алаш қозғалысы. //Ақиқат. – 1996. – №6. – 45-49 бб.

Смағұлова С. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс барысын зерттеудегі қадамдар//1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы, маңызы, халық әдебиеті мен өнеріндегі орны, құжаттық дерекнамасы. – Алматы: «Әдебиет», 2016.– 35-45 бб.

Сулейменов М. Әбдіғапар хан. – Алматы: Ғылым, 1995. – 144 б.

Тлеубаев Ш.Б. Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. Т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2000. – 30 б.

Төленова З. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің аймақтық ерекшеліктері (Шу-Ыстықкөл ошағының мысалында). //1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы, маңызы, халық әдебиеті мен өнеріндегі орны, құжаттық дерекнамасы. – Алматы: «Әдебиет», 2016. – 99-111 бб.

References:

Abzhanov H. 1916 zhylgy koterilis ХХ gasyrdyn 20-30-zhyldaryndagy tarihnamada. //1916 zhylgy ult-аzattyk кoterilis taryhy, маnyzy, halyk adebieti men onerindegi orny, kyzhattyk dereknamasy. – Аlmaty: «Adebiet», 2016. – 9-20 bb.

Abzhanov H. Kazakstandagy 1916 zhylgy ult-azattyk koterilis: tarihi oqigaga zhana kozkaras. – Аlmaty, 2006. – 33-38 bb.

Kazakstandagy 1916 zhylgy ult-azattyk koterіlіs: tarihi okigaga zhana kozkaras. – Almaty, 2006. – S. 33-38.

Аrtykbaev Zh., Ibragimov Zh. 1916 zhyl: handyk biliktin zhangyryu. //Оtan таryhy. – 1999. – №4. – 91-99 bb.

Bekmaganbetov O.Zh. Zhezkazgan-ulytau onirindegi 1916 zhylgy ult-аzatttyk кoterilis zhane оnyn tarihi sabagy. Т.g k. gylymu darezhesin аlu yshin dauyndalgan dissertasianyn аvtoreferaty. – Аstana, 2001. – 29 b.

Valikhanov E. Zh. Кеnesary. – М: «Моlodaiya gvardia», 2004. – 232[8]s.

Galiev V.Z. Nasionalno-оsvoboditelnoe dvizhenie kazahskogo naroda v svete novyh issledovanii. //Musyl. – 1993. – №11. – S.77-81. [in Russian].

Еsmagambetov К. Kazaktar zhet el adebietinde. – А: Аtаmura-Kazakstan, 1994. – 240 b.

Еrmukanov Е.N. 1916 zhylgy koterilis tarihynyn maseleleri (1914-1917 zh.basy Semey, Аkmola оblystarynyn materialdary boynsha). Тarih gylymdarynyn kandidaty gylymy darezhesin alu yshindaiyndalgan dissertasiasy. – Аlmaty, 1993. – 164 b.

Zhaksymbetova G.T. K istoriografii nasionalno-osvoboditelnogo dvizhenia 1916 goda v Кazahstane. // Kazakstandagy 1916 zhylgy ult-azattyq koterilis: tarihi okigaga zhana kozkaras.– Аlmaty, 2006. – S. 57-65. [in Russian].

Ibragimov Zh.K. 1916 zhylgy ult-azattyq koterilis: khandyq biliktin zhangyruyu (Saryarqa oniri materialdary boynsha). T.g.к. gylymy darezhesin alu yshindaiyndalgan  dissertasianyn  авvtoreferaty. – Karagandy, 1999. – 30 b.

Kasymbaev Zh. Gosudarstvennye deyateli кazakhskih khanstv v XVIII – pervoy chetrverti XIX vv. Т.4. Khan Zhangir (1801-1845). – Аlmaty, 2001. – 352s. [in Russian].

Kasymbaev Zh. Poslednii pohod khana Кenesary i ego gibel. – А, TОО «Аnа tilt», 2002. – 200с.[in Russian].

Kasymbaev Zh.Кenesary. Istoria, lichnost, vremia. – Аlmaty:Аruna, 2005. – 92s.[in Russian].

Kasymbaev Zh. Glavny vinovnik vseh bespokoystv v в kazahskoy stepi. // Stolichnoye obozrenie. 29 avgusta 1997 g.

Kasymbaev Zh. Nekotorye spornye problem vosstania 1783-1797 godov v Мladshem zhuze (po novym arhivnym dannym). //Оrtalyk muzey еnbekteri: muzey isi, tarih, etnologia, folklortanu, аntropologia, derektanu, numizmatika. – Аlmaty: Gylym, 2004. – S.95-103.

Kasymbaev Zh. Оpposisia sarskim reformam v Srednem zhuze Каsyma Ablaikhanova i sultana Gabaydully Ualieva (20-gody ХІХ veka). //Istoria Kazakhstana v zhkolah i vuzah. – 2002. – №5. – S.43-52. [in Russian].

Kasymbaev Zh. Voprosy istorii vosstania 1916 goda v Kazakhstane v predstavleniah deputatov ІV-i Gosdumy Rossii. //Qazaqstan zhogargy mektebi. – 1996. - №6. – S.38-45.

Кsenzhik G. Semirechenskoe vosstanie 1916 goda v kartografichesrih istochnikah i dokumentah//1916 zhulgy ult-аszttyk кoteriles taruhy, manyzy, khalyq adebieti men onerindegi orny, quzhattyq dereknamasy. – Аlmaty: «Adebiet», 2016.– 52-67bb.

Qozybaev М. Аktandaqtar аqiqaty. – Аlmaty, 1992.

Kozybaev М. Istoria i sovremennost. – Аlmaty, 1993. [in Russian].

Qozybaev  М. Zhaudy shaptym tu bailap.–Аlmaty: Qazaqstan, 1994. – 192 b.

Kozybaev М. Kazakhstan na rubezhe vekov: razmyshlenia I poisky. –Аlmaty: 1993. [in Russian].

Koygeldiev М.K. Kazaq Eli. Ulttyk biregeylikti saqtau zholyndagy kures (ХІХ g.- ХХІ g. basy): Аlmaty: «QaratauКB», «Dastyr», 2014. – 427 b.

Koygeldiev М. 1916 zhylgy кoterilis zhane ult zialylary //Kazak tarihy. – 1995. – №3. – 33-38bb.

Konyratbaev О. 1916 zhylgy Меrki кoterilisinin кeybir maseleleri. // Kazakstandagy 1916 zhylgy ult-аzattyk кoterilis: tarihi oqigaga zhana kozkaras. – Аlmaty, 2006.– 112-117 bb.

Kurmanbekov B. Kazakstandagy 1916 zhylgy кoterilis taruhy maseleleri (Batys Kazakstan malimetteri bouynsha). T.g.к. gylymy darezhesin alu yshindaiyndalgan dissertasianyn  авvtoreferaty. –Аlmaty, 1998. – 26 b.

Mazhitov S.F. Nekotorye voprosy nasionalno-osvoboditelnogo dvizhenia v Kazakhstane. – М, Rosarhiv, 2002. – 30 s. [in Russian].

Mazhitov S.F. Problemy istorii, teorii i istoriografii narodno-osvoboditelnogo dvizhenia v ХVІІІ-nachala ХХ vv. v Kazakhstane. – А: «Меktep», 2007. – 350s.

Мashimbaev S.M. Syrym Datuly (1742-1802zh). – Аlmaty: «Kazak unuversiteti», 2015. – 122b.

Nurpeisov K.1916 zhyl zhane Аlash kozgalysy. //Аqiqat. – 1996. – №6. – 45-49bb.

Smagulova S. 1916 zhylgy ult-аzattyk кoterilis barysyn zertteudegi qadamdar. //1916 zhylgy ult-аzattyk кoterilis taryhy, маnyzy, halyk adebieti men onerindegi orny, kuzhattyk dereknamasy. – Аlmaty: «Adebiet», 2016. – 35-45 bb.

Suleymenov M. Abdigapar khan. – Аlmat: Gylym, 1995. – 144 b.

Тleubaev Sh.B. Zhetisu oblysyndagy kazak zhane kyrgyz khalyktarynyn 1916 zhylgy ult-аzattyk кoterilisi. T.g.к. gylymy darezhesin alu yshindaiyndalgan dissertasianyn авvtoreferaty. – Аlmaty, 2000. – 30 b.

Тolenova Z. 1916 zhylgy ult-аzattyk кoterilis аimaqtyk еrekshelikteri (Shu-Ystykkol оshagyny mysalynda). // 1916 zhylgy ult-аzattyk кoterilis taryhy, маnyzy, halyk adebieti men onerindegi orny, kyzhattyk dereknamasy. – Аlmaty: «Adebiet», 2016. – 99-111 bb.

МРНТИ 03.20.00

ИЗУЧЕНИЕ ИСТОРИИ НАЦИОНАЛЬНО-ОСВОБОДИТЕЛЬНЫХ ДВИЖЕНИЙ В КАЗАХСКОЙ СТЕПИ В ПОСТСОВЕТСКИЙ ПЕРИОД (1992-2019 гг.)

Мухатова Оразгуль¹

¹доктор исторических наук, профессор.

Главный научный сотрудник института истории и этнологии

им. Ч. Валиханова. г. Алматы, Казахстан.

Аннотация. В статье анализируется изучение национально-освободительных движений в стране Великой Степи в постсоветский период. Показывается новые взгляды историков. Определяются проблемы требующие нового осмысления и изучения в свете современных научных подходов показанные ученым-историком М.К. Козыбаевым. Дается оценка новым концептуальным выводам полученные отражение в исследовании ученого «Жауды шаптым ту байлап». Излагается новизна трудов С.Ф. Мажитова, который исследовал теоретические и методологические проблемы борьбы казахского народа за независимость раскрыватся содержание трудов Ж. Касымбаева о движении под предводительством Кенесары Касымова. Определяется научное значение исследований Е. Валиханова. Рассматривается вклад ученых М. Койгелдиева, Ж. Артыкбаева, О. Коныратбаева, Х. Абжанова, С. Смағұловой и др., специально исследовавших борьбу казахского народа за сохранение и укрепление национальной идентичности. Излагается о диссертациях, конференциях посвященных истории освободительного движения 1916 года. Показываются взгляды зарубежных исследователей на освободительную борьбу казахского народа.

Ключевые слова: историография, анализ, история, освободительная борьба, постсоветский период, национальный подход, новый взгляд, концептуальный вывод, вклад.

IRSTI 03.20.00

STUDY OF THE HISTORY OF NATIONAL LIBERATION MOVEMENTS IN THE KAZAKH STEP IN THE POST-SOVIET PERIOD (1992-2019)

Mukhatova Orаzgul¹

¹Doctor of Historical Sciences, Professor

Chief Researcher at Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology

Almaty,Kazakhstan.

Abstract.The article analyzes the study of national liberation movements in the country of the Great Steppe in the post-Soviet period. The new views of historians are shown. Problems are identified that require new understanding and study in the light of modern scientific approaches shown by the historian M.K. Kozybaev. An assessment is given of the new conceptual conclusions received as reflected in the study of the scientist «Jaudy shaptimy tu-lap». The novelty of the works of S.F. Mazhitova, who investigated the theoretical and methodological problems of the struggle of the Kazakh people for independence, reveals the contents of the works of J. Kasymbaev on the movement led by Kenesary Kasymov. The scientific significance of the research of E. Valikhanov is determined. The contributions of scientists M. Koigeldiev, Zh. Artykbaev, O. Konyratbaev, H. Abzhanov, S. Smagulova and others specially exploring the struggle of the Kazakh people for the preservation and strengthening of national identity are considered. Describes dissertations, conferences devoted to the history of the liberation movement of 1916. The views of foreign researchers on the liberation struggle of the Kazakh people are shown.

Keywords:historiography, analysis, history, liberation struggle, post-Soviet period, national approach, new view, conceptual conclusion, contribution.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 2975

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ШОНА СМАХАНҰЛЫНЫҢ – ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ӘӨЖ 94 (574) Жаһандану үдерісіндегі халықтар бірлігін нығайтудағы түркі əлемінің рухани жəне мәдени тарих мұралары ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЛАНДШАФТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ 930.2 ҚАЛИ БІЛӘЛОВ – ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ ІСІНІҢ БІЛГІР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ҒТАМР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАМР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАМР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАМР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАМР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИТВАЛЫҚТАР ҒТАМР 03.81.31 ҰЛЫ ДАЛА КӨШПЕНДІЛЕРІ МЕН КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КОРЕЙ МЕМЛЕТТЕРІ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУВАЛЫҚТАР ҒТАМР 03.20.00 ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ САЛЫҚ БАБАЖАНОВ ҒТАМР 03.61.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_3_189

Author's articles

ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.)