Яндекс.Метрика
Home » Materials » Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасы

Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасы

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1 (09)

Author:
Аңдатпа XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу өткен ғасырдың бай мұрасымен тығыз байланысты. Олардың ішінде бүгінгі күнге дейін ғылыми маңыздылығын жоғалтпаған парсы жазба деректері ерекше орын алады. Шынайы тарихымызды жазу үшін ең алдымен деректермізді дұрыс меңгеруіміз керек. ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Бұл шығармалар әмір Темір және оның ұрпақтарының тарихнамашыларымен жазып қалдырылған. Бұл деректер бұған дейін де зерттеушілермен кеңінен қолданылып келді. Алайда арнайы деректанулық талдаулар жасалған жоқ. Сондықтан да Темір әулеті шығармаларын ортағасырлық Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттеудің маңызы зор.
Text:

УДК 930:929(574)

Абд ар-Раззак Самаркандидің

«Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасы– ортағасырлық Қазақстан

тарихының дерек көзі

Ибрагимова М.Н. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, іbragimova.meruert@mail.ru

Тастемирова Г.А.әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, gulshar@mail.ru 

Аңдатпа

XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу өткен ғасырдың бай мұрасымен тығыз байланысты. Олардың ішінде бүгінгі күнге дейін ғылыми маңыздылығын жоғалтпаған парсы жазба деректері ерекше орын алады. Шынайы тарихымызды жазу үшін ең алдымен деректермізді дұрыс меңгеруіміз керек. ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Бұл шығармалар әмір Темір және оның ұрпақтарының тарихнамашыларымен жазып қалдырылған. Бұл деректер бұған дейін де зерттеушілермен кеңінен қолданылып келді. Алайда арнайы деректанулық талдаулар жасалған жоқ. Сондықтан да Темір әулеті шығармаларын ортағасырлық Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттеудің маңызы зор.

Мақалада темірлік деректердің бірі – Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасыныңҚазақстан тарихын зерттеудегі маңыздылығы жайлы қарастырылған. Автор түрлі деректерді салыстыра зерттей отырып, осы мәселеге қатысты белгілі зерттеушілердің пікірлерін талдайды. Әмір Темір және оның ұрпақтарының тарихшылары пайдаланған деректер көбіне ортақ болып келгендіктен оқиғаны баяндауда бірін-бірі қайталайды. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстыру арқылы олардың қайсысы шындыққа жақын екендігі дәлелденеді.

Түйін сөздер: дерек, пікір, әулет, хан.

Резюме

Ибрагимова М.Н. КазНУ им. аль-Фараби, факультет довузовского образования, іbragimova.meruert@mail.ru

Тастемирова Г.А.КазНУ им. аль-Фараби, факультет довузовского образования,

gulshar.t@mail.ru

Сочинение Абд ар-Раззак Самарканди «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайн»

Изучение истории Казахстана XIV- XV вв. тесно связано с наследием ученых прошлого века. Из них особое место занимают персидские исторические источники, которые до настоящего времени не потеряли свое научное значение.

Чтобы писать достоверную историю надо правильно изучить источники. Данные истории Средней Азии и Казахстана ХІV-ХV вв. хорошо указано в нарративных исторических трудах средневековых авторов, которые основном састоят из тимуридских произведений. Эти произведения написано историками амира Тимура и его наследников. Эти источники до этого времени обширно использовались исследователями. Однако специально не анализировано. Поэтому исследование тимуридских произведении как источник средневекового Казахстана занимает важную роль.

В статье рассматривается значимость одного из данных тимуридского периода произведения «Му'изз ал-ансаб» в исследовании истории Казахстана. Сопоставляя различные исторические источники, автор статьи анализирует точки зрения известных исследователей по данной проблеме. Так как историки поколений Амира Темура и его самого использовали одни и те же источники, их описания события совпадают. Исходя из этого, в статье приводятся доказательства того, какие из данных более достоверны.

Ключевые слова:источник, точка зрения, династия, хан.

Summary

Ibragimova M.N.al-Farabi Kazakh National University,the Faculty of Pre –University education, іbragimova.meruert@mail.ru

Tastemirova G.A. – al-Farabi Kazakh National University, the Faculty of Pre –University education,

gulshar.t@mail.ru

The composition Abd ar-Razzak Samarkandi "Matla 'expert-sa' Dine ва Majma 'is scarlet-bakhrayn"

Studying the history of Kazakhstan in the 14 th and 15 th centuries goes hand in hand with creative use of the extensive historical material accumulated over the years. And especially valuable parts of this legacy are manuscript sources of that period written in the Persian language.

The significance of «Mu izz al-ansab» (which is one of Timur's period's data) in research of Kazakhstan's history is considered in the article.

Comparing various historical sources, the author of article analyzesthe points of view of famous researchers on this problem. Because of Amir Timur’s and the historians of his ancestors used the same data and information their reporting is similiar. Therefore, in the given article by comparing them which of them is close to the truth is proved.

Keywords:source, points of view, dynasties, khan.

Темір және оның ұрпақтарының тарихына арналған нарративті шығармалар ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады. ХІІІ-ХVІ ғғ. Дешті Қыпшақ және Түркістан жеріндегі негізгі оқиғалар тізбектелген бұл шығармалар біржақтылығына қарамастан дерек ретінде алатын орны жоғары. Өйткені тек Темір әулеті шығармалары ғана сол кезең оқиғаларынан басқа ортағасырлық мұсылман деректеріне қарағанда толықтай көрініс береді. Темірлік деректерде ортағасырлардағы қазақ халқы мен қазақтарға қатысты мәліметтер көптеп кездеседі.

ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Бұл шығармалар әмір Темір және оның ұрпақтарының тарихнамашыларымен жазып қалдырылған. Бұл деректер бұған дейін де зерттеушілермен кеңінен қолданылып келді. Алайда тарихшылар өздеріне керекті тұстарын ғана өз зерттеулері үшін үзіп-үзіп алып отырды, ал ол деректерге деректанулық талдаулар жасалған жоқ. Темірлік деректердің бірі – Камал ад-Дин  ' Абд ар-Раззак ибн Джалал ад-Дин Исхак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайн» шығармасы Қазақстан тарихы үшін маңызды деректердің бірі болып табылады. Шығарманың авторы 816/1413 ж. Гератта туылып, 887/1482 ж. сол жерде қайтыс болады. «Абд ар-Раззак Самаркандидің өзі Гератта медресе тәрбиесін алған, Темірліктер сарайында қазылық пен имамдық қызметінде болған атасы мен өз дәуірінің әйгілі зиялылары болған ағаларының көмегімен ол тафсир, хадис, фиқх білімдерін және де тарих пен тіл-әдебиет пәндерін терең меңгерген» [1, 84]. Абд ар-Раззак Самарканди 845/1441 ж. Үндістанға (848/1444 ж. оралған), 850/1446 ж. Гилянға елші болып барады[2, 582]. Бұған оның «Үндістанға сапар дастаны және ол жердің ғажайыптары» атты естеліктері дәлел бола алады [3]. Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайн» шығармасында Иран мен Орта Азияның Хулагу және Темір ұрпақтарының 1304 жылдан1471 жылға дейінгі тарихы баяндалған. «Өз еңбегін жазу кезінде Абд ар-Раззак Самаркандиге бір топ ғалымдар көмек берген, олардың арасында Низам ад-Дин Абдул Васий (Низам ад-Дин Шамиден басқа) де бар еді. Қолжазбаны 1470 ж. жазып бітірсе де, бұдан кейін де оған өзгертулер енгізген» [4, 18-19].

Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайн» шығармасы тілінің астарлығы мен мазмұндалуының біржақтылығына қарамастан, оның кейбір жағдайда объективті және ХV ғ. Мауараннахр мен Хорасан тарихын зерттеуде құнды тарихи дерек болып табылады [5, 18]. Негізінен оның шығармасы басқа да Темір ұрпақтары шығармалары секілді «Темірді мадақтау сипатына ие» [6, 19]. Б.А.Ахмедов шығарманы тек «терең меңгеру арқылы ғана керекті мәліметтерді алуға» болатындығын айтып өтеді.

«Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайн» шығармасы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, Әбу Са′ид елханның туылғаннан 704/1304-05 ж., Темірдің қайтыс болғанға дейінгі және  804/1404-05 ж. Самарқандта оның немересі Мырза Халил таққа отырғанға дейінгі оқиғаларға; екіншісі – сол жылы Темірдің төртінші ұлы Шахрухтың таққа отыруынан және 875/1470-71 ж. Сұлтан-Хұсейіннің екінші рет таққа отыруына дейінгі оқиғаларға арналған [7, 150]. Бірінші бөліміндегі 1405-1427 жж. оқиғаларды Абд ар-Раззак Самаркандидің өзінен алдын жазылған тарихи шығармалардан, негізінен «Зубдат ат-таварих-и Байсункарийден» пайдаланып жазған. Бұдан кейінгі 833 (1429-1430) – 875 (1470) жалдардағы өзі замандас болып, тарихи шығармалар жазбас бұрын мемлекет қызметінде жүргендегі басынан өткен оқиғалар баяндалады [8, 7].

Әмір Темір және оның ұрпақтарының өмір сүрген уақыттары мен олардың сыртқы саясаттары жайлы сарай тарихшылары ғана нақты жазып қалдырған. Шығармаларда олардың көрші елдер мен халықтар жөніндегі саясаты ғана көрсетілмеген, сонымен қатар олардың ішкі саяси, шаруашылық, этникалық-мәдени өмірі жөніндегі материал да көп.

ӘмірТемір қайтыс болғаннан кейін Темірдің жаулап алған жерлерін оның ұрпақтары ұзақ сақтап қала алмады. Олардың жоғарғы билік үшін таластан қолдары босамады. Осы кезде олар біршама жерлерінен айрылып қалған болатын. 1409-1447 жылдар аралығанда Гератта билік жүргізген темірдің төртінші ұлы Шаһрух темірліктердің жоғарғы басшысы болып саналды. Самарқандтың билеушісі етіп тағайындалған Шаһрухтың үлкен ұлы Ұлықбек кейіннен тәуелсіз мемлекетке айналды.

Темір ұрпақтары да Темір саясатын жалғастыра отырып, өзара талас-тартыс салдарынан айырылып қалған жерлерін қайта қайтарып алу мақсатында жорықтар ұйымдастырды.

20-жылдары Ұлықбек Моғолстан мен Жетісу жерлерінде, Солтүстік Тянь-Шаньда өз иелігін кеңейтуге әрекеттер жасады. Мұның ең басты әдісі - өзара алауыздықтар мен қырқысуларға араласу, өзіне бас сауғалап келген адамдарына қолдау жасау болып табылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей моғол хандары Уәйіс хан мен Шер-Мұхаммед арасындағы таққа таласушылық кезінде екіншісі Ұлықбектен көмек сұраған болатын. Шер-Мұхаммедтің өтініші бойынша 1421 жылы маусымда Моғолстанға жорыққа аттанады, алайда әзірше Моғолстандағы өзара қырқыстарға бас тіккісі келмей, Қарабұлаққа дейін жетті де, кері қайтты. Темір ұрпағының Моғолстанға нағыз жорығы 1425 жылы орын алды. Шер-Мұхаммед Ұлықбектің көмегімен Моғолстан тағын иемденгеннен кейін оған бағынудан бас тартады. Сол себептен де Ұлықбек әскерлерін жарақтап 1425 жылы 16 ақпанда Моғолстанға аттанады. Жорық алдында Темір әулетінің әскерлері Сайрам, Отырар, Сауран, Янги-Тараз қалаларымен қоса Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарын басып алды. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Ұлықбек әскерлері Ашпара арқылы өтіп, Ибрахим, Азйуран, Ұлжайту елдерін талан-таражға салады. Самарқанди шығармасында: «Победоносные воины, пустившись следом, убили Ибрахима и его двух сыновей. Это событие произошло в местности Аксу 14 раби‛ ІІ (5 марта). Победоносные войска захватили многочисленную добычу и полон»,- [9, 166]деп керейлердің басшысы Ибрахимді қалай талқандағанын сипаттайды. Одан әрі Мырза Ұлықбектің Ақсу тұрағынан Қараман ұлысына бет алғандығы, Шу өзені арқылы өтіпАбар Қайту тауына көтеріліп, Сурх-Аб өзеніне келетіндігі баяндалған. Олар Халқұн-Бәбіштен өтіп, Қайту-Құталға көтеріледі де сол жерде күзет мұнарасын салып, Ару-Жары аңғарына түседі. Шарын өзені арқылы өтіп, Гурийан-Түркеш пен Кук-Бинада ордасын тігеді. Сол аймақта Ұлықбек пен моғол билеушісі Шер-Мұхаммед арасында соғыс орын алады. Бұл соғыстың нәтижесі моғол әскерлерінің жеңілісімен аяқталады. Ол жайлы Самарқанди былай деп көрсетеді: «Знамя Улугбек Гургана вознеслось [с помощью] божественной силы и всевышней поддержки. Солнце победы и успеха засияло в месте восхода благоволения. В тот день до ночи победоносное воинство занималось только тем, что громило, брало в плен и убивало»[9, 166]. Одан әрі Ұлықбек Жұлдыз жазығына аттанады. Ол жерде де көптеген олжаға қарқ болады. Ұлықбектің 1425 жылғы Моғолстанға жасаған жорығы жайлы В.В. Бартольд былай дейді: «...но и поход Улугбека не имел никаких прочных результатов, не привел ни к умиратворению степи, ни к восстановлению оседлости и городской жизни» [10, 161].

Жоғарыда атап өткеніміздей Барақ ханның Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанақ қаласын қайтару бағытындағы талаптары 1427 жылы Ұлықбектің Ақ Ордаға қарсы жорығына себеп болды. 

Шаһрух пен Ұлықбектің өлімінен соң 1457 жылы Әбу Сейіт уақытша болса да Мауеренахр мен Хорасанды біріктірді. 1469-1506 жылдары темірліктердің мемлекетін Сұлтан-Хұсейн биледі. Оның ұлдары Бади-аз-Заман мен Мұзаффар-Хұсейн тұсында  (1483-1530) Темір мемлекеті Шайбан ханның өзбектерімен жаулап алынды. Ал Ферғананың билеушісі темірлік Бабырдың (1483-1530)  1526 жылы Үндістанда Ұлы Моғолдардың әулетін қалағандығы және оның 1858 жылға дейін өмір сүргендігі бізге мәлім. «Темір ұрпақтары дала көшпелілерінің арасынан шыққан соңғы ірі мұсылман әулеті болды. ‘Осман, Сефеви және Моғол империясы секілді әскерлері жақсы дайындалған және оқ атқыш қаруларды қолданған құдыретті мемлекеттердің өрлеуі Еуразия далаларынан төнетін жаңа ірі көлемдегі жаулап алуларға қарсы сенімді кепілдік болып шықты» [11, 234].

Темір қайтыс болғаннан соң оның бірде-бір мирасқоры ол секілді жорықтар ұйымдастырмақ түгілі Әмір Темір жаулап алған жерлерді сақтап қала алмайды. Ішкі талас-тартыстардың салдарынан Темір мемлекеті күйреуге ұшырап, соңында құлайды.

«...Деректанудың негізгі методологиялық принциптері деректермен жұмыс істеудің әр түрлі кезеңдерінде нақты көрініс табады» [12, 29]. Алғашқы кезең деректерді іздеу, табу жағына келетін болсақ қазіргі кезде темірлік деректердің орысша, өзбекше, ескі өзбек тіліндегі аудармалары жарық көрген. Және бұл деректер ғылымда да айналымға енген бұрыннан мәлім деректер. Дегенмен соңғы уақытта темірлік шығармалар болып табылатын жаңа деректер де зерттеушілермен айналымға енгізілді.

Келесі кезең деректанулық талдау жағына келетін болсақ бұл темірлік деректерді зерттеуде аса қажет мәселелердің бірі. Профессор Қ.Атабаев деректердің пайда болуын сынауда кездесетін проблемаларды жеке-жеке атап өтеді [12, 29].

Темірлік деректердің сақталу формаларына келетін болсақ қолжазбалар болып табылады.

Темірлік шығармалардың пайда болу уақытына тоқталатын болсақ, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы құнды мәліметті сол шығарманың өзінен, оның мазмұнынан табуға болады. Және темірлік деректер көбінесе Темір не оның ұрпақтарының тарихына арналғандықтан тарихшының қай тұлғаның кезінде өмір сүргендігіне қарай да анықтауға болады. Қосымша деректерден де темірлік шығармалардың қай уақытта жазылғандығы туралы мәлімет ала аламыз.

Жоғарыда аталған тексттің оқу және уақытын анықтау үшін пайдаланылған тәсілдердің көбі оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады.

Темірлік деректер авторының не құрастырушысының атын анықтау (атрибуция) мәселесіне келетін болсақ, темірлік тарихшылардың өз шығармаларынан да, қосымша деректердің көмегімен де табуға болады. Соған қарамастан кейбір темірлік шығармалардың әлі күнге дейін авторлары белгісіз.

Темірлік деректерді зерттеуде мәтінді талдау жасау және әр түрлі деректерді қарама-қарсы салыстыру тәсілдері пайдаланылған.

Профессор Қ.Атабаев оқиғаны жақыннан суреттеген жылнамашылардың еңбектерінде оқиғаның бейнелеу дәрежесінің жоғары болатындығы рас дейді [12, 39]. Дегенмен, шынайылық проблемасына келетін болсақ темірлік деректердің бір ерекшелігі онда жасампаздық пен өз әмірлерін асыра мақтаушылық байқалады.

Типі бойынша қазақтар мен Қазақстан тарихына арналған барлық темірлік шығармалар нарративті жазба деректерге жатады.

Түрі бойынша баяндаушы, темірлік деректер тарихи хроникалар, анналдар, естелік жазбалар, өмірбаяндар, күнделіктер болып табылады.

Материалдың мазмұнына қарап, оларды жалпы және әулет тарихы топтарына бөлуге болады.

Темір және оның ұрпақтарына арналған нарративті шығармалар ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады. ХІІІ-ХVІ ғғ. Дешті Қыпшақ және Түркістан жеріндегі негізгі оқиғалар тізбектелген бұл шығармалар біржақтылығына қарамастан дерек ретінде алатын орны жоғары. Өйткені тек Әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармалары ғана сол кезең оқиғаларынан басқа ортағасырлық мұсылман деректеріне қарағанда толықтай көрініс береді. Жоғарыда аталған Темір және оның ұрпақтарына арналған парсы деректері кейіннен қазақ халқының құрамына енген Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Жетісу территориясында өмір сүрген халықтар жайлы көптеп мәлімет береді. Сонымен қатар Дешті Қыпшақтағы билеуші хандар арасындағы алауыздықты, халықтардың бытыраңқылығын жақсы суреттейді. Енді ХІІІ ғ. басына дейін қыпшақ дәуірінде Қазақстан аумағындағы этникалық процесс халықтық деңгейге жақындап, ортақ этникалық кеңістік қалыптасып болған еді. Алайда, монғол шапқыншылығы халықты бытыратып жібереді. Кейіннен тарихи арена сахнасына көтерілген Әмір Темір жорықтары да Қазақстан территориясындағы өмір сүріп жатқан халықтарға ауыр соққы береді. Темір жорықтары оның тарихшыларымен жақсы бейнеленеді. Кей жерлерде ақиқатты жасырып қалса да, Темірдің жаулап алған жерлеріндегі халықтарға озбырлығын бүкпей көрсетеді. Темір және оның ұрпақтарының шығармаларында ортағасырлардағы қазақ халқы мен қазақтарға қатысты мәліметтер көптеп кездеседі. Алайда оларды алып пайдаланбас бұрын деректерді сыннан өткізген дұрыс болар еді.

Темірлік шығармаларда Қазақ хандығының құрылуының алғы шарты болған мемлекеттердің саяси тарихы, және Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі оқиғалар бейнеленеді.

Жалпы алғанда, Темір мен оның ұрпақтарына арналған шығармалардың ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеудегі басқа ортағасырлық шығыс мұсылман деректердің арасындағы алатын орны жоғары деуге болады.

Әдебиеттер:

  1. Темурийлар бунёдкорлиги давр манбаларида. /Тахрир хайъати: М.М. Хайруллаев, А. Уринбоев, О. Буриев; Тузувчилар: А. Уринбоев, О. Буриев./- Т., 1997, 168 б.
  2. Бартольд В.В. Работы по источниковедению. / Бартольд В.В. Сочинения. Т. YIII. М., 1973. 723 с.
  3. Уринбоев А. Абдураззақ Самаркандининг Хиндистон сафарнамаси. Т., 1960. Б. 133.
  4. Темур ва Улуғбек даври тарихи. Т., 1996, 264 б.
  5. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. М., 1965, 195 с.
  6. Темур ва Улуғбек даври тарихи. Т., 1996, 264 б.
  7. Материалы по истории киргизов и Киргизии. Под ред. В.А. Ромодина, М., 1973. Вып. 1, 280 с.
  8. Абдураззоқ Самарқандий. Матлаи саъдайн ва маджмаи бахрайн. Форс - тожик тилидан таржима, кириш суз ва изохли луғатлар тарих фанлари кандидати А. Уринбоевники. Т., 1969. 464 б.
  9. Материалы по истории киргизов и Киргизии. Под ред. В.А. Ромодина, М., 1973. Вып. 1, 280 с.
  10. Бартольд В.В.Очерк истории Семиречья. / Бартольд В.В. Сочинения. Т. II. Ч. 1. М., 1963. 1020 с.
  11. Босворт К.Э. Мұсылман уәлеттері. (Хронология мен генеалогия бойынша анықтамалық) Қазақ тіліне аударған Ерлан Әбден – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 424 б.
  12. Атабаев Қ., Қадыртаева М. Деректанудың теориялық мәселелері; оқу құралы. А., 1999.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 4578

No reviews

Download files

Ибрагимова М.Н..docx 0.03 MB Ибрагимова М.Н..docx 0.03 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

Author's articles

Солтүстік Каспий аймағының түркілену процесі Бірінші дүние жүзілік соғыс тұтқындары Жетісуда Charisma and "Politics of Proximity" in the time of the Revolution and Civil War Роль военной контрразведки «Смерш» в годы Великой Отечественной войны и подвиг нашего земляка ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасы ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ МРНТИ 3.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_1_1 ОCНОВНЫЕ АCПЕКТЫ РОCCИЙCКО – КАЗАХCТАНCКОГО ВЗАИМОДЕЙCТВИЯ В ТАМОЖЕННОЙ CФЕРЕ «edu.e-history.kz электронды журналы 4(28), 2021 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал 3(27), 2021 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал 1(29), 2022 ЯЗЫКИ И КУЛЬТУРЫ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОСНОВНЫХ ЭТНОСОВ КАЗАХСТАНА ЧЕРЕЗ ПРИЗМУ КАЗАХСТАНСКОЙ МОДЕЛИ МЕЖЭТНИЧЕСКОГО СОГЛАСИЯ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. 20-30 жж.) О ДВУХ ЭТАПАХ ИСТОРИИ БУДДИЗМА В ЮГО-ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНЕ ДОМОНГОЛЬСКОГО ПЕРИОДА МОБИЛИЗАЦИЯ ЛЮДСКИХ И МАТЕРИАЛЬНЫХ РЕСУРСОВ КАЗАХСТАНА НА ОБОРОНУ СССР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПОЛЯКТАРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУ ТАРИХЫ ОТАНДЫҚ ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСА МАҢЫЗДЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУЫ МЕН БАҒАЛАУЫ (ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША) БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕЙІНГІ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘН ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН, АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ФЕНОМЕНІ THE REPRESSIVE POLICY OF THE SOVIET GOVERNMENT TOWARDS EUROPEAN EMIGRANTS АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ЖӘНЕ ЭТНОС ТАРИХЫНЫҢ ГЕНЕЗИСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕШІТТЕРГЕ ҚАРСЫ САЯСАТЫ (1918-1953 жж.) «ШЕЖІРЕ-И-ТАРАКИМЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АУЫЗША ТАРИХ ДӘСТҮРІ: ДЕРЕКТЕМЕЛІК ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТӘПСІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ