Яндекс.Метрика
Home » Materials » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. 20-30 жж.)

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. 20-30 жж.)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(30), 2022

Author:
ISSN: 2710-3994 Volume 2 Number 30 (2022) 19-33 https://doi.org/10.51943/2710-3994.2022.2.75  ҒТАМР 05.31 А.С. Әділбаева¹ , Т.У. Жақыпова ²* ¹Alikhan Bokeikhan Universiti. Қазақстан, Семей;²Семей медициналық университеті. Қазақстан, Семей. *Автор-корреспондент E-mail: aigulmalika@mail.ru (Әділбаева), tdzhakipovaі@mail.ru (Жақыпова) Аңдатпа. Мақаладағы зерттеу жұмысы 1920-30 жылдары аралығындағы Шығыс Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістерді зерттеуге арналған. Зерттеу барысында этнодемографиялық өзгерістердің аспектілері, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы саяси жағдайлар және оның этнодемографияға әсері мен өзгерістері, депортацияланған этностардың саяси тұрмыс жағдайы, өлкедегі этномәдени дамудың барысы мен бағыттары және Қазақстан мәдениетіндегі этностардың орны саралана қарастырылады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдар саяси оқиғалар мен науқандарға толы. Азаматтық соғыс кезінде олардың жағдайына наразылықтарға қарамастан, салықты елемеу және әскердің есебінен армияда болатын барлық азық-түлікті тәркілеу қосылды. Мақалада демографиялық процестерді зерттеу ерекшеліктері, популяция құрылымы, орналасуы мен маңызы қарастырылады. 1930 жылдардағы саяси өзгерістер Шығыс Қазақстан облысы халқының әлеуметтік-демографиялық дамуына елеулі әсер етті. Жергілікті халық саны азайды, бірақ халық санының өсуі басқа ұлттардың есебінен болды. Кең көлемді мұрағаттық материалдарға сүйене отырып, 1930 жылы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аударған халықтардың тарихы зерттелген. Зерттеуде 30-шы жылдардағы ашаршылықтың аймақ тұрғындарының демографиялық жағдайына әсері мұрағат құжаттары мен мерзімді басылымдарды, ғылыми зерттеулерді қолдану арқылы. сондай-ақ, демография ғылыми-теориялық мәселелері қарастырылған. Түйін сөздер: Шығыс Қазақстан, саясат, ұйым, ұлт, шекара, халық, аймақ, этнос, жер аудару, көші-қон.
Text:

Кіріспе. Отандық тарихта теориялық-әдістемелік тұрғыда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Шығыс Қазақстанның этнодемографиялық процестеріне қазіргі кезеңде қызығушылық туындауда. Бұл тақырып отандық және шетелдік тарихшылар тарапынан кешенді түрде зерттелуде, бірақ біз жаңа әдістемелік тұрғыда, жаңаша көзқараспен зерттеуді қолга алдық. Осыған байланысты зерттеу жұмысының мынадай маңызы мен жаңалықтарын атап көрсетеміз:

- ХХ ғ. басындағы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві қолданылып және  қазіргі ғылыми зерттеулермен жан-жақты салыстырылып анализ жасалмақ, сонымен қатар 1920-1930 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері нақтыланады және әлеуметтік-этникалық құрамның өзгеру барысы анықталады;

-ұжымдастыру мен индустрияландыру науқандарының аймақтың этнодемографиялық дамуына жаңа әсері талданды, оның тарихи маңызы ашылды, сараланды және бағаланды;

-  Шығыс Қазақстан халқының демографиялық жағдайын мұрағаттық құжаттар мен мерзімді басылымдармен құжаттары мен ғылыми зерттеулерді салыстыра отырып ашаршылық кезіндегі демографиялық мәселелер  талданды;https://edu.e-history.kz/manageі қолға алынып, 1906-1914 жылдар аралығында 714 мың қоныстанушылар орналастырылған.

Кеңестік жүйенің алғашқы күнінен-ақ өзге ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру үдерісі үлкен қарқынмен жүргізілді. Бұл елдегі демографиялық өсімге тікелей әсер етті. Жалпы Қазақстанға өзге этностардың көшіп келуі саяси жағдайларға байланысты туындады. Индустрияландыру, ұжымдастыру, тәркілеу, колхоздастыру және тағы басқа ішкі саяси науқандар мен халықаралық сыртқы жағдайларға байланысты өзге этностарды орналастыру ұлттық құрамға өзгешеліктер әкелді.

Әсіресе, саяси науқандар, ірі өндіріс орындарын салу тұсында көптеп келгендігін, осының нәтижесінде 1921-1922, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезеңіндегі адам сандары толыққандығын келтірген болатын. Кеңестік кезеңдегі I және II бесжылдық  жоспарларды жүзеге асыру барысында Қазақстан жеріне шет аймақтардан мигранттардың келгені сөзсіз. Олардың басымы Қазақстан жерлерінде; соның ішінде Шығыс Қазақстанда  тұрақтап қалды. Қазақстанда кәсіпорындардың салынуы, жұмысшылардың қатарының көбеюі, қала түріндегі поселкелердің қатарын көбейтті. Халық санының жылдан жылға көбеюі поселкелердің ұсақ қалаларға айналуына алып келді. Негізінен өнеркәсіп орындарына Ресей жерінен  түрлі ұлт өкілдері жұмысқа тартылған.

Материалдар мен әдістер. Зерттеудің әдістемелік негізін анықтау кезінде әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді зерттеу үшін бірнеше әдістер қолданылды. Тарих ғылымындағы мәселені зерттеу мұрағаттық құжаттармен қатар, мерзімді басылым  материалдары, ғылыми зерттеулер материалдарын салысыру , саралау арқылы нақты фактілер мен дәлелдерді салыстыруға бағытталды. Сонымен қатар, зерттеуде талдау және жалпылау, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық білім, модельдеу және типизациялау сияқты жалпы ғылыми, философиялық, әлеуметтанулық, тарихи зерттеу әдістері қолданылды. Негізінде тақырыптың теориялық негіздері мен зерттеу әдістемесі қарастырылады. Баспасөз материалдары мен мұрағат құжаттары мен зерттеу материалдарын салыстырмалы зерттеу әдісі тарихи оқиғаларды немесе саяси жағдайларды көрсету кезінде кеңінен қолданылды.

Қазақстандағы этнодемография мәселесін ашуда кеңестік жүйе тұсындағы зерттеулерді қарастыру маңызды. Жалпы көші-қон мәселесі А.Н. Алексеенко (Алексеенко А.Н. Население Казахстана. 1920-1990 гг. Алматы: Гылым, 1993. 126 с.), М.Х. Асылбеков пен А.Б. Галиев (Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). Алма-Ата: Гылым, 1991. 192 с.), Ф.Н. Базанова (Базанова Ф.Н. Формирование национального состава населения Казахстана в годы гражданской войны и восстановления народного хозяйства // Вестник АН КазССР. 1979. №1.) және т.б. еңбектерінде Қазақстандағы этнодемографиялық процестерді анықтайтын кейбір статистикалық және архивтік көлемді материалдар енгізілген.

Қазақстандағы осы кезең аралығында этнодемографиялық процестер, халықтың жастық, жыныстық, ұлттық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер тұрғысы демографиялық мәселелерді қарастырған ғалымдар М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың еңбектерінде орын тапты. Авторлар көрсетілген жылдар аралығында шеттен республикаға өзге этностардың келу барысын, оның Қазақстан демографиясына тигізген әсері мен өзгерістерін, соның әсерінен этнодемографиялық даму үрдістерін талдауға алады. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқының сан-салалы өзгерістеріне әсер еткен саяси оқиғаларға, жағдайларға тоқталады.

Зерттеу нәтижелері. ХХ ғ. 20-30 ж.ж. Кеңестік саясат нетижесінде жургізілген саяси оқиғаларға, науқандарға толы. Азамат соғысы тұсында салықты салғыртпен алмастырып, осыдан туындаған қарсылықтарға қарамастан армияның есебіне  шаруаның қолындағы бар азығын тартып алу, олардың жағдайын әбден қиындатқан болатын. Халық арасында ірілі-ұсақты толқулар белең алып, үкіметтің саясатына қарсылық танытқандардың қатарында тек қазақ шаруалары ғана емес, өзге этнос өкілдері де болды. Олар салғыртты өнімдей беруге наразылық танытты. 1921 жылы салғыртқа қарсылық Қостанай, Семей және Ақмола өңірлерінде бой көтерді .

1920 ж. 26 тамызда В.И. Ленин мен М.И. Калининнің қол қойған «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет бойынша Семей облысына Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері кірді (Образование КазАССР, 1957: 251-252). Декретте көрсетілгендей, Омбы уезінің нақты Қазақ және Сібір бөлігіндегі шекарасын айқындау Қазақ революциялық және Сібір революциялық комитетінің келісімімен шешілетін болды және осы екі облыстарда түпкілікті басшылық орнағанша уақытша Сібір ревкомында қалатын болды. Бірақ Ақмола мен Семей облыстары 1921 жылдың бірінші жартысына дейін Сібір ревкомына қараған  еді. Аталған екі облыстарды Қазақ өлкесіне қайтару жайы бірнеше рет қарастырылды (Смағұлова, 2019: 52).

1920 жылы жүргізілген Бүкілресейлік санақ материалдарына сүйенсек, Қазақ АКСР-да 38 өзге ұлт өкілдері өмір сүрді. Солардың арасындағы сан жағынан неміс ұлт өкілдерінің басым болғандығы корінеді. Қазақстанға келген 62 760 неміс ұлты 8 аймаққа орналастырылған. Солардың арасында Ақмола облысына 22 348 адам (35,6%), Семей облысына 7 837 адам (12,5%), Қостанай облысына 16 471 адам (26,2%), Орынбор губерниясында 12 988 (20,7%), Ақтөбе облысына 2 233 (3,6%), Орал облысына 820 (1,3%), Торғайға 9,0 (0,0), Бөкей ордасына 54,0 (0,1%) орналасқан екен (Бургарт, Алексеенко, 2020: 17).

Кеңес өкіметі орнаған кезден бастап, яғни 1917 жылдан 1926 жылға дейінгі аралықта көші-қон процесінде саябырлау кезеңі басталды. Үкімет Қазақстанға өз бетінше келушілердің легін тоқтатты. Сөйтіп, кеңестік билік өз бетімен келуге тосқауыл қойды. Дегенмен бір уақыттарда түрлі себептермен Шығыс Түркістанға босып кеткен босқын қазақтардың өзі 1920 жылдары қазақ жеріне қайта орала бастаған. Шығыс Қазақстанның бір Зайсан уезінің өзіне 1,5 мың отбасы қайтып оралған (Базанова Ф.Н., 1979: 59).

1920 жылдың 28 тамызындағы Бүкілресейлік санақ санына сүйенсек, Семей губерниясында 1 125040 адам , оның 598 077-і еркек, 526 963-і әйел болған. Оның ішінде ауылды жерде 1 028521 адам мекендесе, қалалы жерде 96519 адам қалада тұрды (Труды ЦСУ, 1921: 15-17).

Кеңестер Одағы халық шаруашылығын қалпына келтіруде ең бірінші кезекте ауылшаруашылығын қалпына келтірудің маңыздылығын түсінді. Азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіп орындарын дамытуға, көтеруге болатындығын кезекті съездерінде нақты көтеріп, оның негізгі бағыттарын анықтаған болатын. «Әскери коммунизм» жылдарында қабылданған салғыртты енді салықпен алмастыру мәселесі 1921 жылдың 15 наурызында өткен РК(б)П-нің Х съезінде шешіліп, жаңа экономикалық саясатқа көшудің негіздері нақтыланған болатын.

Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында Қазақстанның жалпы жер көлемі 1 941 109 шаршы шақырымға дейін созылып, оның қарамағына 7 губерния мен 2 ірі уезд қарады. Республикада ауылшаруашылығы басым болып, халық негізінен мал мен егіншілікпен айналысты. 1923 ж. жасалған экономикалық шолу бойынша 1920 ж. республикада халықтың 20%-і егіншілікпен, 19%-і жартылай егіншілікпен, 61%-ы малшаруашылығымен айналысқан (Смағұлова, 2011: 432).

Азамат соғысынан кейінгі кезеңде салғыртты салықпен алмастыру процесі жүзеге асырылды. Себебі ел арасында шаруалардың наразылықтары туындап, үкімет тарапынан азық-түлікті күштеп алу, қарсылық танытқан кездерде әдіс-шаралар қолдану орын алды. Қазақ жеріне келіп қоныстанған өзге ұлттар арасында да үкіметтің бұл саясатына қарсы шыққандар табылды. Әсіресе, қазақ жеріне келіп, әбден орнығып, шаруашылықтарда еңбек еткен  орыс, украин, белорус шаруалары салғырттай өнімдерін беруге қарсылық көрсеткен. Бұларға ақгвардия қатарында болғандардың әсері тиген. Мәселен, Орынбор губерниясының Қостанай уезінде орыс шаруалары көтеріліп, кейін бұл толқу Қарауыл, Святогорск, Петропавловск поселкелерінде жалғасын тапқан. Көтерілісшілер қолдарына бар қару-жарақтарын алып, аша, айырлармен қаруланып бес болысты басып алған. Бұл көтерілісті А. Сапожников басқарған, бірақ шаруалардың 170-і қолға түсіп, жазаланған (ҚР ПА, 141: 2-4).

1921 жылы Семей губерниясынан 271 887 адамның Алтай губерниясына қосылып кеткендігін келтіреді. Жалпы 1917-1920 жж. оның көрсетуінше, Семей губерниясында 1917 ж. қала халқы 100 пайыз болса, ал 1920 ж. 134,4 пайызға өскен. Ауыл тұрғындары 1917 ж. 100 пайыз болып, ал 1920 ж. керісінше 76,2 пайызға төмендеген. Сөйтіп, Семей губерниясындағы халық саны - 20,1%-ке азайған (Алексеенко, 1993: 5-6).

Зерттеліп отырған Шығыс Қазақстан аумағында қала халқының өсуі байқалады. Негізінен Қазан төңкерісінен кейін Семей губерниясында Семей қаласынан басқа Өскемен, Павлодар, Зайсан, Қарқаралы сияқты уездік орталықтар мен уездік емес Көкпекті қаласы болған. 1920 жылы бәрін қосқанда 15792 адамы бар қала түріндегі Риддер, Зырян сияқты поселкелер бой көтерді (Алексеенко, 1993: 6).

Дегенмен 1921-1922 жылдардағы ашаршылық республикаға үлкен қайғы-қасірет әкелді. Қазақ Орталық статистикалық Басқармасы ҚКСР далалық өлкесіндегі ашаршылықтың болуының себебін 1918-1919 жылдардағы Азамат соғысынан кейінгі шаруашылықтың күйреуі, бандитшілдіктің шығуынан деп тұжырымдады (Смағұлова, 2019: 63).

Ғылыми айналымдағы зерттеулерге сүйене отырып, Қазақстан территориясында  болған 1920-1930 жж. ашаршылық жөнінде түрлі пікірлер бар. Мысалы, Н.И. Мардаровский аштықтың шығуына өлкеде болған қуаншылық әсер етті десе, ал сол кездерде Қазақстан Орталық Атқару комитетінің төрағасы болған, аштықты ауыздықтауда үндеу жариялап, өзі басшылық еткен С. Меңдешев 1918-1920 жылдары болған Азамат соғысы, қуаңшылық, жұт себепші болды деп тұжырымдаған (Мардаровский, 1922:10-11). Ғалымдар Г.Ф. Дахшлейгер мен К. Нұрпейіс те ашаршылық қасіретін ашып көрсетуге тырысты. Г.Ф. Дахшлейгер ашаршылықтан жүздеген мың адамдар ашыққандығын, әсіресе оған көшпелі аудандар іліккендігін, жем-шөптің жоқтығынан малдардың қырылғандығын айта келе, аштықпен күресуде өте ауыр жағдайда жүргізілгендігін келтіреді (Дахшлейгер, 2015: 152-153). Ал К. Нұрпейіс: «Аштық пен жалаңаштық, эпидемия, емдеу мекемелерінің жетіспеушілігі аурулардың өлім-жітімге ұшырауын көбейтті», - деп жазады.

Ауыр жағдай туындаған кезде Семей мен Ақмола губерниясынан әжептәуір астық жиналды. Алайда бұлардың бәрі партия және кеңес ұйымдарының қатаң бақылауында болып, ашыққан қазақ губернияларына емес, ашығып жатқан Ресейге көмек ретінде жіберілді. Батыс губерниялардағы аштыққа шыдамаған шаруа-қоныстанушылар өздерінің келген жерлері Украинаға, аштықтан аман деген өлкелерге, Түркістанға қарай босып кете бастады.

Өз еріктерімен көшіп-қонуды тоқтатпақ болған үкіметтің тыйымына ешкім де құлақ аспады. Ақмола мен Семей губерниялары аштық өңіріне енгізілмегендіктен тамақ іздегендердің басымы осы өлкеге қарай ағылды. Аштықты жылдардың алдында яғни 1920 ж. Семей губерниясында 101 331 қала тұрғыны болса, аштықтан кейін 121 851 адамға, пайызбен көрсетсек, 20,3%-ке өскен. Керісінше бұл жылдар аралығында ауыл тұрғындарында сәл азаю үдерісі жүрді. Мәселен, 1920 жылы ауыл халқы 946473 адам болса, ал 1923 жылы 937056-ға түсіп кеткен, яғни 1,0-ға азайды.

Қазақстанның ішкі өңірінен босып келуінің нәтижесінде, губерния халқы 1,1 пайызға көбейді. Нақты санмен көрсетсек, 1920 жылы 1 047804 болған губерния халқы, 1923 жылы 1058907-ге жетті.

1920-1924 жылдардағы Қазақстан халқының динамикасына тоқталсақ, ішкі миграцияның есебінен Семей губерниясының халқы 21 мың (3,7%) адамға көбейген. Бұл 1920 жылы губернияда 565972 адамның 1924 жылы 605802 адамға өскендігін білдіреді (Алексеенко, 1993: 10-11).

Бұл жерде біз, ашаршылық жылдары Семей губерниясы аштық нәубетіне ілікпеді деп айта алмаймыз. Зерттеулерге сүйенсек, ашаршылық жылдары Семей мен Ақмола губерниялары Батыс өңіріне қарағанда қатты аштық тырнағына іліккен жоқ. Сол кездерде Семей губерниясына Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері қараған болатын.

Семей мен Ақтөбе губерниялары да ашаршылықтың алғашқы күнінен бастап, басқа губерниялардан босып келгендерге көмек қолын созды. Төтенше комиссияның 1921 ж. 6 тамызындағы отырысында Семей мен Ақмолада аштарға көмек қолын созу, губерниядағы барлық ұйымдарды көмек жұмыстарына жұмылдыру, аштар үшін жылу жинау мен оны ашыққандарға үлестіру міндеттері жүктелді (Смағұлова, 2019: 213).

Ашыққандар осы екі губернияға қарай шұбырды. Босқындардың Семей губерниясына келуі 1921 жылдың шілдесінде басталды, 1922 жылдың 1 қаңтарына дейін губернияға 14198 босқын келген. Бұларды көбі санитарлық поездармен жетсе, көпшілігі жаяу-жалпы шұбырған. Күннің қатты суығынан, киімдердің жұқалығынан, азықтың жоқтығынан босқындардың көбі жолда қырылды. Ашыққандардың басымы көп жағдайларда қалалы мекендерге қарай шұбырды. Тамақтанатын асханалар, базарлар, дүкендердің жанында топ-топ болып, қайыр тілегендерден аяқ алып жүру мүмкін емес еді.

Архив деректеріне сүйенсек, Семей қаласы бұл босқындарды қабылдауға дайын емес еді. Дегенмен аш шұбырғандарға бір уақыт ыстық тамақ берілді. Бастапқы кездерде 500 босқын адам тамақтандырылса, уақыт өте келе оның қатары азая түсті, оның өзіндік себебі бар еді. Губерния тұрғындарынан жиналған азық-түлік Орынборға жіберілген болатын (ҚР ОМА, 320: 55).

Семей губерниясынан ет, астық және басқа тауарлар Повольже, Башқұртстанға жіберілген. Мәселен, 1922 ж. қаңтарында Семейден 225 вагон азық-түлік Саратов, Самара, Қазан, Мәскеу қалаларына жіберілген. Мәскеуге 170 вагон жөнелтілді (ҚР ОМА, 224: 101-103).

Бұл босқындардың арасында Украина, Ресейден келгендер көп болған. Оларды орналастыру мәселесі қолға алынды. Губерния шекарасы маңына босып келгендер сол араға орналастырыла бастады.

Немістер 1921-1922 жылдары аштыққа ұшырай қоймаған Ақмола мен Семей өңіріне қоныстандырылған. Аштықтың алдындағы және аштықтан кейінгі жылдардағы қала халқының санының босқындардың есебінен көбейіп, көпшілігі сол жерлерде тұрақтап қалған. Оны 1897, 1920, 1923,1926 жылдардағы халық санағынан бірден байқауға болады.

Кесте №1. Халық санақтары бойынша Шығыс Қазақстанның қала халқының саны.

Қалалар

1897 ж.

1920 ж.

1923 ж.

1926 ж.

Семей

26,2

44,6

54,4

57,0

Өскемен

8,7

17,2

19,1

14,0

Зайсан

4,4

4,3

5,1

8,2

Қарқаралы

4,5

3,9

4,3

5,5

Павлодар

7,7

14,3

19,1

18,0

Бұған Риддер, Зырян қалаларыдағы халықтардың саны енгізілмеген. Басқа өңірлерге қарағанда Шығыс Қазақстандағы қалалардың санының тез өскенін байқауға болады. Мәселен, 1920-1923 жылы халық санының өсуі 15%-ке жеткен (Асылбеков, Галиев, 1991: 57-59).

1923 жылғы санаққа сүйенсек, Қазақ АКСР-гі жалпы саны 3 801 521 ғана адам болган, олардың ішінде 446 323-і өзге ұлт өкілдері еді (Харламович,1924: 65-66).

1923 жылы Семей өңірінде 15 822 татарлар, 68 573 орыстар, 7849 немістер, 916 поляктар, 475 еврей, 779 венгр және 8714 басқа да аз ұлт өкілдері өмір сүрген (ҚР ПА, 139: 52).

1926 жылғы желтоқсандағы Бүкілодақтық санақ нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы халықтың жалпы саны 6. 229,9 адам болып, оның ішінде 3.627,6-сы жергілікті қазақтарды құраған (58,2%). Орыстардың саны 1.274,0-ге жетіп, 20,5%-ті құраса, ал өлкедегі украиндықтар 860,2-ге жетіп, халықтың 13,8 процентін, немістердің саны 58,700-ге жетіп, 0,9%-ы құраған. Сонымен қатар бұлардан да басқа аз ұлттар 408,5%-ға жетіп, 6,6% болған (Санақ мәліметі, 1928: 15-46).

1897 ж. мен 1926 ж. екі халық санағына сүйенсек, Қазақстанға өзге ұлт өкілдерінің келуінің өскенін байқауға болады. Қазақтар 234,8 мың адамға (107%), орыстар 820,7 мың адамға (281%), өзге ұлттар 993,1 мың адамаға (430%) көбейген екен. Бұдан республика халқының 2048,6 мың адамға көбейіп, 149%-ті құрағандығын көреміз, яғни өсім 1,5 есеге толыққан. Ал қазақтардың үлес салмағы 23,3-ке кемісе, ал орыстардыкі керісінше 9,6-ға, өзге ұлттар 13,7-ге артқан (Асылбеков, Галиев, 1991: 43). Бұлай болуының басты себебі, Ресейде болган Азамат соғысы және 1921-1922 ж.ж. ашаршылық әсерінен өзгеріске ұшырады.

1920-1927 жж. қазақ халқының өсу үдерісі 34,2%-ға, ал орыс және өзге ұлттар 14,3% -ға ғана өскен, 25,0%-ға ғана өскен (ШҚО ҚЗТҚО, 152: 210).

Семей губерниясына қарасты ұлттардың санын төмендегі кестеден көруге болады. Губерния бойынша қазақтар 58,1% болса, өзге ұлттар 41,9%-ы құрады. Алты уездердегі ұлттардың пайыздық мөлшерін төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте №2.

Уездер

Павлодар

Қарқаралы

Семей

Өскемен

Бұқтырма

Зайсан

Губ. бойынша

1926

қазақ

өзге

қазақ

өзге

қазақ

өзге

қазақ

өзге

қазақ

өзге

қазақ

өзге

қазақ

өзге

%%

57,9

42,1

98,4

1,6

51,6

48,4

29,3

70,7

45,2

54,8

81,2

18,8

58,1

41,9

Кестеден байқағанымыздай, уездердегі қазақтардың пайыздық мөлшері біркелкі емес. Өзге ұлттардың ұлттық құрамына тоқталсақ, орыстар Өскемен уезінде 35,6%-ын, Семей уезінде 26,4%-ы, ал Бұқтарма уезінде 21,8%-ы құраған. Павлодар уезіне украиндықтар 48,6% болып, уезд халқының 25%-ін құраған екен.

Павлодар уезінде 36,6% белорустар, 58,1% немістер мекендесе, ал Семей уезінде 25%-тей белоурстар, 38,8% татарлар және 32,2% немістер орныққан. Бұл мәліметтер Семей губерниясының 1925-1926 жылға арналған жылнамасынан алынды.

Семей губерниясына орыстардың келуі патша үкіметінің қоныстандыру саясатына жүргізіле бастаған кезде, яғни 1891 жылдан басталып, 1917 жылға дейін жалғасты. Алғашқы келгендер орыстар Өскемен уезіне, кейінгілері басқа уездерге шашыраңқы орналастырыла бастады. Алғашқы бес жылдың ішінде жыл сайын 2,5% өзге ұлттарды, 1,28% қазақтарды орналастыруға болатын еді. Есеп бойынша 1932 жылы өзге ұлттар 10-11%-ы, ал қазақтар 7-8%-ы құрайды деген болжам жасалды. Халықтардың өсуі сондай қарқынды болмаса да, губерниядағы ауылшаруашылығын көтеруде олардың маңызы зор болды.

1926 ж. есепке сүйенсек, губерния аудандарындағы қазақтар мен өзге ұлттардың ішінде орыстардың пайыздары бірдей болды. Ал 1927 ж. есепте, губернияда 708 984 қазақ, 519 346 орыс ұлт өкілдері барлығы келтіріледі (ШҚО ҚЗТҚО,152: 219).

1925-1926 жж. жалпы Қазақстанда 407-і болыстық болса, Семей губерниясында 39 қазақ, 30 орыс, 7 казак және 5 аралас, барлығы 81 болыстық болды (ҚР ПА, 141: 14).

1926 жылғы ҚССР-дің ұлттық құрамы бойынша Семей губерниясының 6 уезінде жергілікті қазақтар мен орыстардан украин, татар, неміс, мордва, белорус, еврей, поляк және басқа аз ұлт өкілдері мекендеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

Кесте №3.

Уездер

украин

татар

неміс

еврей

поляк

Семей

19427

9658

899

351

402

Павлодар

40812

1642

6738

34

102

Зайсан

626

1203

5

5

10

Қарқаралы

853

454

5

-

15

Бұқтырма

536

322

-

-

-

Өскемен

10931

1300

771

33

66

Бұл уездерде белорустан 544, мордвалардан 239 адам өмір сүрді (ҚРПА, 141: 1).

А.Н. Алексеенконың зерттеуіне сүйенсек, 1926 жылы Шығыс Қазақстанда өзге ұлттардан барлығы 1034 мың адам болса, оның 551 мыңы қазақ, 357 мыңы орыс, 85 мыңы украин, 13 мыңы неміс, 28 мыңы басқа аз ұлт өкілдерінен еді (Алексеенко, 1993: 22).

1926 жылғы халық санағының дерегінше, Семей облысындағы Семей, Бұқтырма, Зайсан, Қарқаралы, Павлодар, Өскемен уездеріне орналастырылған. Жалпы Семей губерниясында қазақтардан басқа өзге 190 этнос өкілдері мекендеген. Жергілікті қазақтардан басқа бұл ұлттардың арасында орыстар – 398 657, украиндар – 140 233, белорустар – 9644, поляктар – 759, чехтар мен словактар – 35, серб – 8, болгар – 1731, латыш – 440 , литвандар – 70, немістер – 11 859, ағылшындар – 3, шведтер – 3, молдовандар – 102, мордвалар – 4790, шуваштар – 538, татарлар – 18 765, бұхарлықтар –182, қырғыздар – 2517, сығандар – 361, корейліктер – 27, шеркестер – 21, қытайлықтар – 71 болды. Барлығын қосқанда өлкеде 1 309 857 адам шоғырланды. Сонымен қатар санақ мәліметінше, губернияда 329 шетелдік азаматтар тіркелді.

Осы ұлт өкілдерінің 63,628-і және шетелдіктердің 110-ы Семей қаласында тұрған. Ал қалған 1 189 478 ұлт өкілдері мен 86-ы шетелдік азаматтар ауылды жерлерді мекендеді (Всесоюзная перепись населения, 1928: 28-22).

1926 жылғы халық санағының мәліметінше неміс этносы Шығыс Қазақстанда 11859 адам болып, бұл 23,2 процентті, губерниядағы халықтың 0,90 пайызын құрады (Краснобаева, 2004: 17-21).

Негізінде Шығыс Қазақстан территориясында ХХ ғасырдың басынан бес неміс поселкесі болған. Олардың төртеуі Змеиногор уезінде (қазіргі Шемонаиха ауданы), ал біреуі Өскемен уезіндегі Екатериновка поселкесі еді. Осы Екатериновка поселкесіне ХХ ғасырдың басында Вайскербер, Фрай, Штанг, Николаус, Пфо және т.б. католик дініндегі неміс отбасылары қоныстанған. Неміс отбасылары бастапқы орналасқан жерінен ауа райының  қолайсыздығына байланысты көшуге мәжбүр болды.

Шығыс Қазақстанға орналасқан немістердің басымы лютерандар болды. Осы жердегі немістердің Кенигово (Кенюхово) колониясының атауы ағылшындардың кенішінде қызмет еткен неміс инженері Отто Кенигтің атымен байланысты. Ол Алтай округіннің Бас басқармасымен 1902 жылы 20 наурызда келісімшартқа отырып, Том губерниясының Змеиногор уезіне қарасты Александровск болысына жақын Сугат селосының маңынан ауылшаруашылығына пайдалануға жерді жалға алды. Бастапқыда жалға 6 жылға алынып, кейіннен ұзартылды. Жалданған жер Кенингтің атымен аталып, бұл жерлерге неміс үлттар өкілдері  қоныстанды.

Семей уезінде Пруггер отбасы Семей уезінің Матвеевка селосына келіп қоныстана бастады. Бұдан кейін де бірнеше неміс отбасылары көшіп келіп осы жерлерге тұрақтанды. Шемонаиха селосының солтүстік-батысында үш неміс селолары қалыптасты (Бургарт, 1999: 17-19).

ХХ ғ. 20 жылдары неміс колонияларында шаруашылық жүйесін ретке келтіру іс-шаралары жүргізілді. Ауылшаруашылық басқармасы поселкелердің жерге орналастыру жұмыстарын қолға алды. 1923-1925 жж. Семей уезі Шемонаиха болысының Кенигов селосында жерді пайдалану мен жерге орналастыруды реттеу ұйымдастырылды. 1923 жылы осы жерлерге топограф Глушков осы жердің геодезиялық контурын жасады (Бургарт, 1999: 25).

20-шы жылдардың соңында Шығыс Қазақстан территориясында қоныстанған бес неміс поселкелерінің 5 мыңдай десятин жері болды. Осы поселкелерде қанша неміс өкілдері тұрғандығын 1926 жылғы Бүкілодақтық санақ барысы арқылы білуге болады. Мәселен, Америка селосында – 109 адам, Дубрьда – 244 адам, Горкуновода – 196, Герасимовск селосында – 165 адам, Екатериновскде – 76 адам, Пороченск– 88 адам, Пруггерово – 75 адам, Зеленое селосында – 401 адам, Чудовск селосында – 213 адам, ал Сухая Балка селосында – 280 адам тұрған екен.

Жалпы, осы 1926 жылғы Бүкілодақтық санақ мәліметіне сүйенсек Шығыс Қазақстан облысында 1732 немістер мекендеген. Бұлардың басымы селолық жерлерде, тек 18-і ғана Өскемен қаласында тұрған екен. Өскемен уезінде – 984, Семей уезінде – 615, Зайсан уезінде – 86, Бұқтарма уезінде – 47 неміс ұлт өкілдері қоныстанған (Алексеенко, 1994: 7).

Өзге ұлт өкілдерінен Семей губерниялық партия ұйымында немістерден коммунистік партия қатарындағы 15 мүшесінің 3-уі әйелдер болды,  бұлардың 10-ы нақты мүшесі болса, олардың 2-уі әйел еді. 5 мүшелікке кандитаттардың 1-і әйел азаматы еді (ҚР ПА, 141: 179).

Партия қатарындағы немістер Семей губерниялық атқару комитетінің ұйымдастырған арнайы дайындығынан өтіп, партиялық жұмысқа тартылды. Жалпы Семей губерниясының 1927 ж. 1 қаңтарындағы есебіне сүйенсек, партия қатарындағы 5071-дің 3136-ы мүшесі, ал 1935-і партияға кандидат болды. Бұларды ұлт өкілдеріне бөліп көрсетсек, 1454-і қазақтар, 2624-і орыс, 551-і украин, 112-і татар, 19-ы неміс, 147-і белорусс, 28-і поляк, 23-і мордва, 17-і еврей, 27-і латыш болды (ҚР ПА, 141: 14-18).

1927 жылы КСРО одақтас республикаларды әкімшілік-аймақтық аудандарға қайта бөлу жұмыстарды пәрменді түрде жүргізіле бастады. Семей облысына сол кезде 23 аудан қарады (Справочник, 1959: 176). Бұл әкімшілік-аймақтық аудандарға қайта бөлу ұлт құрамының өзгерісіне де әсер етті. Ұлттық өзгеріске сонымен қатар үкіметтің қабылдап отырған түрлі қаулы-қарарлары, жарлық-бұйрықтарының да әсері болған еді.

Кеңес үкіметінің 30-шы жылдары болған түрлі науқандар, саяси оқиғалар демография саласына үлкен өзгерістер әкелді. Жаппай саяси депортациялаудың нәтижесінде Қазақстанға жер аударып әкелінген өзге этностардың қатары көбейді. Шығыс Қазақстанда да жергілікті ұлт өкілдерінің қатарына өзге этностар қосылды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының соңында Кеңес өкіметі бірнеше ірі саяси науқандарды жүзеге асыруға кірісті. Әкімшілік-территориялық бөлініс, мемлекеттік-құқықтық мәртебесі, экономикалық еркіндік дәрежесі, мәдени қамтамасыз ету және халықтардың тілдік идентификациясы жаңа кеңестік қоғамның негізгі қызметіне айналды. Елдің әкімшілік-аумақтық картасын қайта құру социализм құрылысына бағытталған ірі әлеуметтік-экономикалық құрылымдармен, оның ішінде индустрияландырумен және урбанизациямен, халықтың әлеуметтік құрамының түбегейлі өзгерістерімен, көші-қон көлемімен, жерге орналастырумен және т.б. байланысты болды. Соның ішіндегі міндеттердің бірі шаруашылық әлеуеті, халықтың этномәдени құрамы, табиғи, кадрлық, әлеуметтік ресурстары мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейлерін теңестіру еді.

Ішкі саяси іс-шаралардың жиынтығы әлемге жан-жақты алаңдатудың жалғыз дұрыс үлгісін білдіретін, сапалы жаңа этносаралық және конфессияаралық гомогенді әлеуметтік қоғамды қалыптастыруға бағытталған. Этникалықты аумақтық регламенттеу принципін жүзеге асыру халықтың мөлшері, саны мен тығыздығы, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері мен ұлттық-аумақтық құрылымдардың басқа да өлшемдерінің елеулі айырмашылықтарына алып келді.

Саяси науқандардың ішінде тәркілеу мен ұжымдастыру процестерін жүргізу арқылы бұрынғы тап өкілдерін біріншіден, биліктен аластату болса, екіншіден, қолдарындағы байлықтарын тартып алып, өздерін жер аудару арқылы жазалау болатын.

Ірі байларды тәркілеу мәселесі 1927 жылдың 15-23 қарашасы аралығында болған Қазақстан өлкелік партиялық 6-шы конференциясында талқыланып, «ірі байлардың малдары мен заттарының жартысын алу» турасында шешім қабылданған еді. Осы жылдың желтоқсанында ірі байларды тәркілеу жобасын жасауға қатысты арнайы комиссия құрылды. Қазақ өлкелік комитеті бюросында қаралып, нақтыланғаннан кейін БОАК-і пен БК(б)П ОК-нің шешімімен бекітілді.

1928 жылы 27 тамызда ОАК мен ХКК-нің «Бай шаруашылықтарды тәркілеу» турасында қаулысы жарық көрді. Тәркілеу ісі республиканың Адай округінен және бұрынғы Жетісу мен Сырдария губернияларының мақта өсіретін аудандарынан басқа аудандарының бәрінде жүргізілетін болды. Шаруашылықтары тәркіленуге тиіс ірі жартылай феодал-байларға көшпелі аудандарда 400-ден артық (ірі малға шаққанда) малы бар, жартылай көшпелі аудандар 300-ден артық, ал қалған аудандарда 150-ден аса малы бар адамдар жатқызылды. Сонымен қатар бұрынғы сұлтандар, болыстар  тағы сол сияқтылар мал-мүлкі тәркіленіп, көшірілуге тиіс болды (Қазақ ССР тарихы, 428 б.).

Кеңестер Одағының қолға алған саяси науқанының бірі – ұжымдастыру екендігі тарихтан мәлім. Орта Азия мемлекеттері, Қазақстан және Сібір халықтарының жартылай көшпелі өмірден отырықшылыққа көшіру барысы қарқынды түрде қолға алынып, күш көрсету арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан мен Орта Азия республикаларына бір кездерде Украина, Орталық–Қаратопырақ аудандарынан, Солтүстік Кавказ, Төменгі және Орталық Повольжеге келіп қоныстанған 2 млн. астам өзге ұлт шаруалары белсенді түрде ұжымдастыру барысына қарсылық танытып, бұрынғы жерлеріне көшіп кеткен (Аманжолова, 2014: 30).

Ауылшаруашылығын ұжымдастыру үдерісіне Мәскеу, Орехово-Зуево, Харьков, Донецкіден білікті мамандар мен жұмысшылар жіберілген. Жиырма бес мыңшылар Қазақстанға колхоз құруға, жеке меншік шаруаларға егіс пен орақта жәрдем көрсету жөнінде үлкен жұмыстар жүргізген (ҚазақССР тарихы.,1981:452б.). Бұлардың басымы келген жерлерінде тұрақтап қалды. Қазақстанға келгендердің 800-і колхоздарда жұмыс істеуге ниет білдірген. Бірақ бұлардың 200-і ғана үш айлық сынаққа төтеп бере алды, оның өз себебі бар еді. Бұлардың басымы құюшылар, сүргілеушілер, токарьлар және монтерлер, слесарлар, тоқушылар және құрылысшылар болып, бұрынғы жұмыстарынан жоғары жалақы алып келген еді. Ал бұл жерде барлығы 12-50 рубль ғана алып, бұл отбасыларын асырауға жетпеді. Колхоз, совхоз құруға келгендердің қарқыны бірден басылып, үкіметке қарсылық білдіре бастады. Жоғары орындарға наразылық хаттарын жолдап жатты (Гноевых, 1979: 72-73).

1928 жылдың қаңтарында Семей губерниясы жойылып, оның орнына Семей округі құрылды. Семей округіне Жарма, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Күршім, Марқакөл, Риддер, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Үлбі, Өскемен, Шыңғыстай, Шемонайха аудандары енді.

Семей облысына қоныстанатындарды есепке алу мәселесі көтерілді. Павлодар округіне 1929-30 жж. – 1000, 1930-31 жж. – 1200, 1931-32 жж.-1500, 1932-33 жж. – 2014 адамды, барлығы 5714 қоныстандырушыларды қабылдау жоспарланып қойылды. Бұған әр жылы арнайы қоныстандыру қоры мен орналастырылатын жерлері де айқындалды (ШҚО ҚЗТҚО, 153:1)

Арнайы қордың құзырында қоныстанушыларды жерге орналастыру мәселесі тұрды. Мәселен, Баянауыл ауданына келген қоныстанушылардан колхоз құру және қордан қажетті мөлшерде қаражат бөлу жоспарланды (ШҚО ҚЗТҚО, 153:2).

Павлодар, Баянауыл, Ертіс және Вознесенскіде келушілердің қоныстандыру пункттерін ашу көзделінді. Мұнда Павлодар мен Барнауылда жаңа аялдау пункттерін салуды, ал Вознесенскіде ғимаратты жалға алу, Ертіс ауданында бұрындары Қоныстандыру басқармасына тиесілі болған ғимаратқа орналастыру жоспарланды (ШҚО ҚЗТҚО, 153: 7).

1929 жылы КАКСР-ның Егіншілік халкомының келісімімен қоныстандыру Басқармасының осы жылдың тамыз айындағы, Семей округтік атқару комитетінің 7 қыркүйектегі қаулыларымен Округтік Егіншілік Басқармасының Қоныстандыру бөлімі 1925 жылдың 14 қыркүйегінен ерікті қоныстанушыларға қатысты есеп жүргізіле бастады.

Ең алғашқы жоспар бойынша ерікті қоныстанушылардың есебін 1929 жылдың 1 қазанына дейін жүргізілуге тиіс еді. Алайда округтегі аудандық атқару комитеттері мен ауыл кеңестерінің астық дайындау, астық жинау, кейбір аудандарда ағаш дайындау, сондай-ақ, ерікті қоныстанушылар арасында тап жауларын табу жұмыстары қолға алынғандықтан, есеп жүргізу барысы кештетілді. Тек 1930 жылдың қаңтарының ортасынан бастап 8 аудандағы ерікті қоныстанушылар туралы мәлімет алуға мүмкіншілік туды.

Семей окургінің 15 ауданына 1925 жылдың 14 желтоқсанына дейін 1929 жылдың 1 қаңтарына дейін 1926, ал 1929 жылы 3734 ерікті қоныстанушылардың отбасы келген екен. Пайызбен бөліп көрсетсек, 1925 жылы 18,9% ал 1929 жылы 64,9% болды.

Семей округіне 1929 жылы келген ерікті қоныстанушылардың арасында 47-і қызыл әскерлер, 316-ы кедейлер, 133-і орташалар, 101-бай құлақтар (кулак), ал 311-і анықталмаған еді (ШҚО ҚЗТҚО,74: 2-5).

1930 жылы 15 қаңтарда Семей өлкелік әкімшілік бөлімінде болған мәжілісте өңірге ерікті түрде қоныстанушылардың келуі мәселесі қаралды. Мәжіліс барысында ерікті түрде қоныстануға тыйым салынғанымен де Семей округіне 1929 жылы 1 қаңтарына дейін 11615 адамның келгендігі, бұл 42,3 пайызды құрағандығы айтылды. Қаңтар айының соңында пайыздық көрсеткіш 57,7-ке дейін көтерілген. Келгендердің 70 пайызы аграрлық аудандардан емес, Сібір мен Таяу Шығыстан болатын. Дегенмен өз еріктерімен қоныстанушылардың ұлттық және әлеуметтік тобы туралы білу мүмкін емес еді. Осы мәселеге орай мәжіліс барысында тек қызыләскерлер мен қызыл партизандардың отбасын, кедейлер мен орта тап өкілдерін ғана орналастыру жөнінде қаулы қабылданды (ШҚО ҚЗТҚО, 153: 3).

ХХ ғасырдың 20 жылдарында істі болып сотталғандардың еңбегі өздерінің жазасын өтеп жүрген түрмелерде ғана қолданылып келсе, ал бірінші бесжылдықтан кейін ірі халық шаруашылықтың міндетін шешуде түрме-лагерлік жүйе құрылғаннан кейін істі болғандарды күштеп жұмысқа жегу қолға алынды. 1929 жылы 27 маусымда БК(б)П ОК-і Саяси бюросының қылмыскер-сотталушының еңбегін қолдану туралы қаулысы жарық көрді (Депортированные в Казахстане народы, 1998: 94).

1930 ж. 17 қаңтарында БК(б) Қазақ өлкелік комитеті бюросы мүшелерінің жеке кеңесінің байлар мен құлақтарды тап жауы ретінде шешімі қабылданып, үш ай көлемінде бұрындары тәркіленіп, жер аударылған байлар мен жартылай феодалдарды қосқандағы контрреволюциялық құлақтардың ұйымы мен топтарын жойып, осы жылы жаппай ұжымдастыру жүргізіліп жатқан аудандардағы 70 пайыздай шаруашылықтардағы бай-құлақтарды, ал мақта өсіретін аудандарда екі ай ішінде басқа жаққа жер аударылатын болды. Шекара аймағындағы құлақтар мен байларды бірінші кезекте жер аудару көзделінді. Сонымен қатар байлар мен құлақтарға өз еріктерімен бір жерден екінші жерге қоныстануға тыйым салынды (ҚР ПА, 141: 1-3).

Осы қаулыдан кейін 1930 ж. 22 қаңтарында Семей БК(б)П округтік бюросының жабық мәжілісінде байлар мен құлақтарды тап жауы ретінде жою жөнінде шешім қабылданды. Әрбір ауданда құрамынында коммунистер мен комсомолдар бар отрядтар құрып, Өскемен, Зайсан және Аягөз аудандарында тұтқындалған 500 орын дайындау көзделінді (ҚР ПА, 141: 1).

Ұжымдастыру, тәркілеу, колхоздастыру науқандары барысында Шығыс Қазақстан өңіріндегі ұлт өкілдерінің құрамында елеулі өзгерістер енді. Оған себеп, жоспарлы түрде өзге ұлт өкілдерін әкеліп орналастыру еді.

Қорытынды. Ұжымдастыру, тәркілеу, колхоздарға кіру науқаны кезінде Шығыс Қазақстан облысының этникалық құрамына елеулі өзгерістер болды. Оған басқа ұлт өкілдерінің қоныстануы жоспарланған болатын. 1930 жылдардағы Кеңес үкіметінің түрлі жорықтары мен саяси оқиғалары демография саласында үлкен өзгерістердің туындауына әсер етті. Жаппай саяси депортация нәтижесінде Қазақстанға жер аударылған басқа этностардың саны артты. Шығыс Қазақстанда басқа этностар жергілікті этностардың қатарына қосылды. 20- жылдардағы саяси науқандардың Шығыс өңіріндегі этностардың даму процесіне әсері талданып, оның тарихи маңыздылығы анықталды. Шығыс Қазақстан халқының демографиялық ахуалына ашаршылықтың тигізген әсері нақтыланды және өңіріндегі этностардың хал-ахуалы сараланды. ХХ ғ. басында Шығыс Қазақстандағы көші-қон үдерістерісіне қатысты статистикалық мәліметтер зерделене қарастырылып, сталиндік идеология астарының негізгі мәні ашыла түсті.

Information about the authors:

A.S. Adilbaeva –Candidate of Historical Sciences. Alikhan Bokeikhan University, Kazakhstan, Semey;E-mail:aigulmalika@mail.ru, orcid.org/0000-0003-2730-2167;

T.U. Dzhakipova – PhD. Semey Medical University, Kazakhstan, Semey. E-mail:tdzhakipova@mail.ru, orcid.org/0000-0002-6346-0181.

ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ:

Алексеенко А.Н. Население Казахстана. 1920-1990 гг. – Алматы: Гылым, 1993. – 126 с.

Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). – Алма-Ата: Гылым, 1991. – 192 с.

Алексеенко Н.В. Народы Восточного Казахстана. – Усть-Каменогорск, 1994. – С.126

Аманжолова Д. Этничность в Сталинском СССР (1930-е гг.) // Материалы международной научно-практической конференции «Знать, чтобы не забыть: тоталитарная власть и народ в 20-50-х годов ХХ века». 30-31 мая 2014 года. – Усть-Каменогорск: «Медиа-Альянс», 2014. – 577 с.

Алексеенко А. Народы Восточно Казахстана. –Усть-Каменогорск, 1994. – 220-б.

А.Н. Алексеенко. –Усть-Каменогорск, Универсальное сервисное агентство, 2002. – 227 с.

Базанова Ф.Н. Формирование национального состава населения Казахстана в годы гражданской войны и восстановления народного хозяйства // Вестник АН КазССР. 1979. №1.

Бургарт Л. Из истории немецких поселений в Восточном Казахстане (нач. ХХ века - 1941 г.). – Усть-Каменогорск, 1999. – 72 с.

Всесоюзная перепись населения 1926 года. Казакская АССР. (Отдел I. Народность, родной язык, возрасть, грамотность). Отдельный оттиск табличной части Т. VIII. – Москва: Издание ЦСУ Союза ССР, 1928. – С.15

Гноевых В.П. Сила братского союза. –  Алма-Ата: Казахстан, 1979. – 105 с.

Дахшлейгер Г.Ф. Изранные труды. – Алматы: Изд-во «Елтаным», 2015. – 616 с.

Депортированные в Казахстане народы: время и судьбы. – Алматы: «Арыс» «Қазақстан», 1998. –  428 с.

История Сталинского Гулага. Конец 1920-х – первая половина 1950-х годов: Собрание документов в 7-ми томах / Т.5. Спецпереселенцы в СССР /Отв.ред. и сост. Т.В. Царевская-Дякина. М.: Российская политическая энциклопедия (РОССПЭН), 2004.

 Из истории депортаций. Казахстан 1930-1935 гг. Сборник документов. – Алматы: LEM, 2012. – 772 с.

Краснобаева Н.Л. Динамика численности и этнический состав населения Казахстана по данным I Всесоюзной переписи 1926 г. // Известия Алтайского государственного университета. 2004. №4.

Қазақстан Республикасы Орталық Мемелекеттік Архиві (ҚР ОМА). 320-қ., 1-т., 8-іс. 55-п

ҚР ОМА. 224-қ., 2-т., 161-іс. 101-103-пп.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (ҚР ПА). 139-қ., 1-т. 693-іс. 52-п.

ҚР ПА. 141-қ., 1-т. 876-іс. 14-п.

ҚР ПА. 141-қ., 1-т. 970-іс. 1-п.

ҚР ПА. 141-қ., 1-т. 694-іс. 179-п.

ҚР ПА. 141-қ., 1-т. 8804-іс. 7-12, 14-18-пп.

Қазақ ССР тарихы, 428-б.

Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1981. – 679 б. 448-449, 452-бб.

ҚР ПА. 141-қ., 1-т., 2969-іс. 1-3-пп.

ҚР ПА. 141-қ., 1-т. 23-іс. 2-4-пп.

Мардаровский Н.И. Голод в Киргизии и борьба с недородами. –  Оренбург, 1922.

Материалы международной научно-практической конференции «Знать, чтобы не забыть: тоталитарная власть и народ в 20-50-х годов ХХ века». 30-31 мая 2014 года. – Усть-Каменогорск: «Медиа-Альянс», 2014. – 577 с.

Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931-1933 гг. Сборник документов и материалов. /Вступ. статья и сост. К.С. Алдажуманов, М.К. Каиргалиев, В.П. Осипов, Ю.И. Романов. —Алматы: Фонд «ХХІ век», 1998. – 263 с.

Немецкое население Казахстана в конце ХIX-XX вв. (По материалам всеобщей переписей населения 1897-1999 гг.). Сборник/ Сост. Бургарт Л.А. Науч. Консульт. Образование КазАССР. Сборник документов и материалов. – Алматы, 1957. – 368 с.

Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – Москва, 1921. – Т.1. Вып.2. – С.15-17.

Смағұлова С. Ашаршылық қасіреті. 1-кітап. – Алматы: «Елтаным баспасы», 2019. – 272 с.

Смағұлова С. Қазақ мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы (ХХ ғ. 20-30 жж.). – Алматы: «Елтаным баспасы», 2011. – 432 б.

Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (август 1920 декабрь 1936 г.). – Алма-Ата, 1959. –176 с.

Харлампович К. Национальный состав КССР по переписи 1923 г. // Статистический вестник. 1924. №5. – С.65-66

Шығыс Қазастан облысы, қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы (ШҚО ҚЗТҚО) 3-П-қ., 1-т., 401-іс. 1-п.

ШҚО ҚЗТҚО 153-қ., 1-т. 512-іс. 1-п.

ШҚО ҚЗТҚО 153-қ., 1-т. 512-іс. 2-п.

ШҚО ҚЗТҚО 153-қ., 1-т. 512-іс. 7-п.

ШҚО ҚЗТҚО 74-қ., 1-т. 377-іс. 2-5-пп.

ШҚО ҚЗТҚО 153-қ., 1-т. 512-іс. 3-п.

ШҚО ҚЗТҚО 152-1-667-210-п.

ШҚО ҚЗТҚО 152-1-667-211, 212-213, 219-пп.

1926 ж. Бүкілодақтық халық санағы бойынша құрылған. – Т.8. – Москва, 1928. – 15-46 бб.

REFERENCES:

Alekseenko A.N. population of Kazakhstan. 1920-1990 – Almaty: Gylym, 1993. – 126 p. [in Russian].

Asylbekov M.Kh., Galiev A.B. Socio-demographic processes in Kazakhstan (1917-1980). – Alma-Ata: Gylym, 1991. – 192 p. [in Russian].

Alekseenko N.V. Peoples of East Kazakhstan. – Ust-Kamenogorsk, 1994. [in Russian].

Amanzholova D. Ethnicity in the Stalinist USSR (1930s) // Proceedings of the international scientific-practical conference "Know not to forget: totalitarian power and people in the 20-50s of the twentieth century." May 30-31, 2014. – Ust-Kamenogorsk: "Media Alliance", 2014. – 577 p. [in Russian].

Alekseenko A. Peoples of East Kazakhstan. – Ust-Kamenogorsk, 1994. – 220-b. [in Russian].

A.N. Alekseenko. Ust-Kamenogorsk, Universal Service Agency, 2002. – 227 p. [in Russian].

Bazanova F.N. Formation of the national composition of the population of Kazakhstan during the civil war and the restoration of the national economy // Bulletin of the Academy of Sciences of the KazSSR. 1979. No. 1. [in Russian].

Burgart L. From the history of German settlements in East Kazakhstan (beginning of the 20th century - 1941). – Ust-Kamenogorsk, 1999. – 72 p. [in Russian].

All-Union census of the population of 1926. Kazakh ASSR. (Section I. Nationality, mother tongue, growing up, literacy). A separate print of the tabular part of T. VIII. – Moscow: Edition of the Central Statistical Bureau of the USSR, 1928. 15 р.[in Russian].

Gnoevykh V.P. The power of brotherhood. – Alma-Ata: Kazakhstan, 1979. – 105 p. [in Russian].

Dakhschleiger G.F. Worn works. – Almaty: Publishing House "Yeltanym", 2015. – 616 p. [in Russian].

Peoples deported in Kazakhstan: time and fate. – Almaty: "Arys" "Kazakhstan", 1998. – 428 p. [in Russian].

History of Stalin's Gulag. The end of the 1920s - the first half of the 1950s: Collection of documents in 7 volumes / V.5. Special settlers in the USSR / Ed. and comp. T.V. Tsarevskaya-Dyakina. M.: Russian political encyclopedia (ROSSPEN), 2004. [in Russian].

From the history of deportations. Kazakhstan 1930-1935 Collection of documents. – Almaty: LEM, 2012. – 772 p. [in Russian].

Krasnobaeva N.L. The dynamics of the number and ethnic composition of the population of Kazakhstan according to the data of the 1st All-Union Census of 1926 // Bulletin of the Altai State University. 2004. No. 4. [in Russian].

Central State Archive of the Republic of Kazakhstan (CSA RK). F.320, in.1, c 8. P.55.

CSA RK , F.224, 2-vol., in.161, P. 101-103.

Archive of the President of the Republic of Kazakhstan (АР of the RK.). F.139, C. 693. P.52.

АР RK. F.141, C. 876. P.14.

АР RK. F.141, C. 970. P.1.

АР RK. F.141, C. 694. P.179.

АР RK. F.141, C 8804. 7-12, P.14-18.

History of the Kazakh SSR, p. 428 [in Kazakh].

History of the Kazakh SSR. From ancient times to the present day. Five volumes. Volume 4 – Almaty: Gylym Publishing House of the Kazakh SSR, 1981. – 679 p. [in Kazakh].

АР RK. F. 141, 1, c. 2969. P. 1-3.

АР RK. F.141, c. 23. P.2-4.

Mardarovsky NI Hunger in Kyrgyzstan and the struggle with the poor. – Orenburg, 1922.

Proceedings of the international scientific-practical conference "Know not to forget: totalitarian power and the people in the 20-50s of the twentieth century." May 30-31, 2014. – Ust-Kamenogorsk: Media Alliance, 2014. – 577 p. [in Russian].

Violent collectivization and starvation in Kazakhstan in 1931-1933. Collection of documents and materials. / Input. article and sost. K.S. Aldazhumanov, MK Kairgaliev, VP Osipov, Yu.I. Romanov. – Almaty: Foundation "XXI Century", 1998. – 263 p. [in Russian].

The German population of Kazakhstan at the end of the XIX-XX centuries. (According to the materials of the general census of the population 1897-1999). Collection / Sost. Burgart [in Russian].

L.A. Science. Consult. Education of the KazASR. Collection of documents and materials. – Almaty, 1957. – 368 p. [in Russian].

Preliminary results of the census of August 28, 1920 Labor of CSU. – Moscow: 1921. Vol.1. Issue.2. 15-17 р. [in Russian].

Smagulova S. The tragedy of famine. Book 1. – Almaty:Eltanym Publishing House, 2019. – 272 p. [in Kazakh].

Smagulova S. Kazakh periodicals: history of origin and documentary significance (20-30s of the XX century). – Almaty: Eltanym Publishing House, 2011. – 432 p. [in Kazakh].

Handbook on the administrative-territorial division of Kazakhstan (August 1920 to December 1936). – Alma-Ata, 1959. – 176 p. [in Russian].

Харлампович К. National composition of the USSR according to the census of 1923 // Statistical Bulletin. 1924. №5. 65-66 р.[in Russian].

East Kazakhstan region, Center for Documentation of Modern History (EKR KZTKO) 3-P, vol. 1, case 401.

EKR KZTKO , F.153, C. 512.P. 1.

EKR KZTKO, F.153, C. 512. P.2.

EKR KZTKO, F.153, C. 512. P.7.

EKR KZTKO,F. 74, C. 377. P.2-5.

EKR KZTKO, F.153, C. 512. P.3.

EKR KZTKO, F. 152, C.1. P.667-210.

EKR KZTKO, F. 152. C.1. P.667-211, 212-213, 219.

1926 Created according to the All-Union census: Vol.8. – Moscow: 1928. Pp. 15-46 [in Kazakh].


МРТНИ 05.31

НЕКОТОРЫЕ ПРОБЛЕМЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЧЕСКИХ ПРОЦЕССОВ В ВОСТОЧНОМ –КАЗАХСТАНЕ  В 20-30-е ГОДЫ ХХ ВЕКА

А.С. Адильбаева¹,Т.У.Джакипова²*

¹Медицинский университет Семей. Казахстан, Семей;

²Alikhan Bokeikhan University. Казахстан, Семей.

*Корреспондирующий автор

E-mail: aigulmalika@mail.ru (Адильбаева), tdzhakipova@mail.ru (Джакипова)

Аннотация. Данная статья посвящена изучению этнодемографических процессов в Восточном Казахстане в 20-30-е годы ХХ века. В работе анализируются аспекты роста и упадка этнодемографических изменений в исследованиях ХХ века, политическая ситуация в Казахстане через 20-30 лет и ее влияние и изменения в этнодемографии, состояние политической жизни депортированных этносов, ход и направления этнокультурного развития в регионе и роль этносов в культуре Казахстан.

20-30-е годы ХХ века полны политических событий и кампаний. Во время Гражданской войны ситуация усугублялась пренебрежением к налогам и конфискацией военными всего продовольствия, доступного для армии, несмотря на протесты. В статье рассматриваются особенности изучения демографических процессов, структуры населения, размещения и значения. Политические изменения 1930-х годов оказали значительное влияние на социально-демографическое развитие населения Восточно-Казахстанской области. Местное население уменьшилось, но рост населения произошел за счет других национальностей. В статье на основе обширных архивных материалов автор знакомит с историей народов, переселившихся в Семипалатинскую и Восточно-Казахстанскую области в 1930 году. Исследования демографического положения населения региона во время голода 1930-х годов были написаны с использованием архивных документов и периодических изданий, научных исследований. Также была проанализирована система понятий демографической науки, рассмотрены ее история и современное состояние, ее связь с социологией, социальной политикой.

Ключевые слова: Восточный Казахстан, политика, организация, нация, граница, население, регион, этнос, депортация, миграция.

IRSTI 05.31

MAIN DEPARTMENTS OF ETHNODEMOGRAPHIC PROCESSES IN EASTERN KAZAKHSTAN REGION FOR 1920-1930s

A.S. Adilbaeva¹, T.U. Dzhakipova²*

¹Alikhan Bokeikhan University, Kazakhstan, Semey;

²Semey Medical University, Kazakhstan, Semey.

*Corresponding-аuthor

E-mail: aigulmalika@mail.ru(Adilbaeva), tdzhakipova@mail.ru, (Dzhakipova)

Abstract.The article is dealing with the study of ethnodemographic processes in East Kazakhstan in the 1920-1930s. The paper analyzes aspects of the growth and decline of ethno-demographic changes in the studies of the twentieth century, the political situation in Kazakhstan in 1920-1930s and its influence and changes in ethno-demography, the state of the political life of the deported ethnic groups, the course and directions of ethno-cultural development in the region and the role of ethnic groups in the culture of Kazakhstan .

The 1920s and 1930s were full of political events and campaigns. During the Civil War, the situation was aggravated by the neglect of taxes and the confiscation by the military of all food available to the army, despite protests. The article discusses the features of the study of demographic processes, population structure, location and significance. The political changes of the 1930s had a significant impact on the socio-demographic development of the population of the East Kazakhstan region. The local population has decreased, but the population growth has occurred at the expense of other nationalities. In the article, based on extensive archival materials, the author introduces the history of the peoples who moved to the Semipalatinsk and East Kazakhstan regions in 1930. Studies of the demographic situation of the population of the region during the famine of the 1930s were written using archival documents and periodicals, scientific research. The system of concepts of demographic science was also analyzed, its history and current state, its connection with sociology and social policy were considered.

Key words: East Kazakhstan, politics, organization, nation, border, population, region, ethnic group, deportation, migration.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 639

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

Author's articles

Солтүстік Каспий аймағының түркілену процесі Бірінші дүние жүзілік соғыс тұтқындары Жетісуда Charisma and "Politics of Proximity" in the time of the Revolution and Civil War Роль военной контрразведки «Смерш» в годы Великой Отечественной войны и подвиг нашего земляка ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасы ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ МРНТИ 3.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_1_1 ОCНОВНЫЕ АCПЕКТЫ РОCCИЙCКО – КАЗАХCТАНCКОГО ВЗАИМОДЕЙCТВИЯ В ТАМОЖЕННОЙ CФЕРЕ «edu.e-history.kz электронды журналы 4(28), 2021 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал 3(27), 2021 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал 1(29), 2022 ЯЗЫКИ И КУЛЬТУРЫ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОСНОВНЫХ ЭТНОСОВ КАЗАХСТАНА ЧЕРЕЗ ПРИЗМУ КАЗАХСТАНСКОЙ МОДЕЛИ МЕЖЭТНИЧЕСКОГО СОГЛАСИЯ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. 20-30 жж.) О ДВУХ ЭТАПАХ ИСТОРИИ БУДДИЗМА В ЮГО-ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНЕ ДОМОНГОЛЬСКОГО ПЕРИОДА МОБИЛИЗАЦИЯ ЛЮДСКИХ И МАТЕРИАЛЬНЫХ РЕСУРСОВ КАЗАХСТАНА НА ОБОРОНУ СССР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПОЛЯКТАРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУ ТАРИХЫ ОТАНДЫҚ ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСА МАҢЫЗДЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУЫ МЕН БАҒАЛАУЫ (ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША) БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕЙІНГІ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘН ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН, АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ФЕНОМЕНІ THE REPRESSIVE POLICY OF THE SOVIET GOVERNMENT TOWARDS EUROPEAN EMIGRANTS АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ЖӘНЕ ЭТНОС ТАРИХЫНЫҢ ГЕНЕЗИСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕШІТТЕРГЕ ҚАРСЫ САЯСАТЫ (1918-1953 жж.) «ШЕЖІРЕ-И-ТАРАКИМЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АУЫЗША ТАРИХ ДӘСТҮРІ: ДЕРЕКТЕМЕЛІК ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТӘПСІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ