Яндекс.Метрика
Home » Materials » БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕЙІНГІ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘН ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕЙІНГІ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘН ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(30), 2022

Author:
ISSN: 2710-3994 
Volume 2 Number 30 (2022) 96-106 
 ҒТАМР 03.41.91 
 Қ.А. Жамбулатов* 
 Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты. Қазақстан, Алматы. 
 *Автор-корреспондент 
E-mail: kairo_88@inbox.ru (Жамбулатов) 
 Аңдатпа. Мақалада қазіргі Батыс Қазақстан аумағында б.д. ІІ ғ. екінші жартысы – IV ғ. аралығында өмір сүрген көшпелі халыққа тән жерлеу салтын сипаттайтын статистикалық мәліметтер келтірілген. Іріктемеге барлығы екі жүзден астам нысан есепке алынды. Жайық өзенінің бойы мен Мұғалжар маңында орналасқан кейінгі сармат мәдениеті ескерткіштерінің өңірлік ерекшеліктерінің бар екендігі байқалады. Бұл ерекшеліктердің қатарына қорым ішінде «П» және «батпантас» («гантель») тәрізді бірегей нысандардың кездесуі, жерлеу ғұрпының бірнеше түрлерінің таралуы жатады. Дегенмен, аталған екі өңірдегі кейінгі сармат ескерткіштерінде де қос өңірге ортақ қасиеттер сақталған. Олардың қатарына: қабір шұңқырының пішіні, жерленген адамның басын солтүстік секторге қарату, бас сүйек деформациясы және т.б. жатады. Атап айтқанда, Батыс Қазақстанның барлық аумағында таралған жерлеу салты, атап айтқанда, қабір шұңқырларының пішіні, жерлеу мүлкі және т.б. ерекшеліктері ортақ, әрі біртұтастыққа ие. Бұл нысандар нақты бір жерлеу салты, діни-ғұрыптық жерлеу немесе тек діни мақсатта қолданылған. 
 Түйін сөздер: Батыс Қазақстан, кейінгі сармат кезеңі, қорым, «батпантас», жерлеу салты.
Text:

Кіріспе. Біздің дәуіріміздің ІІ ғасырының екінші жартысынан бастап сармат мәдениетінің аясында елеулі өзгерістер орын ала бастайды. Соның ішінде, өлім-жітімді жөнелту, марқұмды соңғы сапарға аттандыру сынды діни сипаттағы рәсім-жоралғылар өзгеріске ұшырайды. Мамандардың пікірінше, бұл өзгерістердің жүзеге асуына Оңтүстік Орал маңына басқа жақтан көшпелі тайпалардың қоныс аударып келуі себеп болған. Бұл тайпалар өз кезегінде кейінгі сармат мәдениетінің қалыптасуына негіз болады. Олар бұдан кейін батысқа қарай қозғала отырып, Солтүстік Қара теңіз маңына дейін жетеді. Оңтүстік Орал маңына кейінгі сармат тайпалары келмес бұрын бұл жердегі жерлеу салты көршілес далалы-орманды Орал мен Еділ-Дон өңірлерінде қалыптасқан салт-жоралғыларға қарағанда «таза» күйінде сақталған еді (Мошкова, 2009: 163–165; Малашев, Мошкова, 2010: 37–56). Сондықтан Оңтүстік Орал маңындағы кейінгі сармат мәдениетіне тән жерлеу салт-жоралғыларын жан-жақты зерттеу арқылы осы далада орын алған күрделі тарихи оқиғаларды түсінуге болады.

Материалдар мен әдістер. Жалпы алғанда, Батыс Қазақстанның екі облысынан кейінгі сармат мәдениетіне жататын 204 нысан зерттелінген. Оның ішіндегі 172 нысан оба үйінділері ретінде тұрғызылған. Үйіндісі жоқ 2 жерлеу орны бар. Сегіз қабір бұл кезеңге дейінгі ерте дәуірде тұрғызылған оба үйінділерінің ішінде жасалған. Бұлардан бөлек, «гантель» (8 нысан) және «П» тәрізді құрылыстар (5 нысан), сақина сынды құрылыс (5 нысан) пен қабірі жоқ оба үйінділері (4 нысан) кездеседі. Барлық нысаннан жалпы 190 қабір орны анықталған. Оның ішінде 8 қабір «гантель» және «П» тәрізді құрылыс орындарынан табылды. Бұл аталған құрылыстардың барлығы кейінгі сармат мәдениеті ескерткіштеріне ерекше сипат береді.

Бірқатар шартты белгілер бойынша Батыс Қазақстан аумағында орналасқан кейінгі сармат кешендері аталған аймақтың физикалық-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі өңірге бөлінеді. Біріншісі, Жайық өзенінің алабы болса, екіншісі Мұғалжар өңірі (Кейінгі сармат мәдениетінің өңірлік ерекшеліктерін жете түсіну үшін Мұғалжар ұғымының астында Жайық-Жем үстіртінің батысы мен Мұғалжар тауларының шығыс сілемдері аралығындағы даланы есепке алу қажет).

Мұндай белгілер кейінгі сармат мәдениеті кешендерінің планиграфиясында айқын байқалады. Мәселен, Жайық өзенінің алқабында кейінгі сарматтар өздерінің қорымдарын биік жағалауларда жасаған (Мамай, Қисық-Қамыс-I, Ноғай-Чижень-I, Гниловский, Барбастау-II және т.б.). Олар өздерінің кішігірім обаларын бұларға дейінгі дәуірлерде тұрғызылған үлкен обалардың маңдарына шоғырландырып, жалпы өзен бағытына сәйкес тізбектей орналастырған. Мұнда кейінгі сарматтар көптеген обаларадан құралатын қорымдар жасамады. Сонымен қатар, мұнда Мұғалжар өңіріне тән «гантель», «П» тәрізді және басқа да құрылыс орындары кездеспейді. Бұндай жерлеу орындары Жайық өзенімен шектеліп, одан әрі батысқа қарай таралмаған (Скрипкин, 1984: 149; Кривошеев, 2005: 321; Мошкова, 2007: 108).

Мұғалжар өңірінде жоғарыда көрсетілген жерлеу орындары көптеп кездеседі. Сондай-ақ олар кейінгі сармат мәдениетінің әрбір кешенінде орналасқан (Боталов, Бисембаев, 2002: 108–116; Дуйсенгали және т.б., 2018: 237).

Мұғалжарда кейінгі сармат мәдениетінің қорымдары Жем, Ойыл, Ор, Ырғыз, Қалдығайты және т.б. өзендердің алқаптарында орналасқан. Өңірдің жер бедерінің әр-түрлі болып келуі де ескерткіштердің таралуына әсер етті. Мәселен, Целинный-I, Ульке-II, Басшилі, Атпа қорымдары төбелердің, үстірттердің биік жерлерінде орналасқан. Ал Ақбұлақ-II-III, Тасқопа-III сынды ескерткіштер биік және еңіс терассалардан анықталды. Олар ендік бағытта бір немесе бірнеше қатарға тізбектеле орналасқан (Дуйсенгали және т.б., 2018: 237–241; Боталов, Гуцалов, 2000: 266).

Кейінгі сарматтар марқұмды дөңгелек формадағы үйіндінің астына жерлеген. Оба көп жағдайда топырақтан тұрғызылған. Оба құрылысына тастарды қолдану әдісі сирек кездеседі. Тастардың қолданылуы 9 жағдайда және тек қана Мұғалжар өңірінде байқалады.

Сыртқы немесе қорғаннан тыс құрылыс элементтеріне қазылған ор мен котловандар жатады. Олар оба үйіндісіне топырақ әзірлеу жұмыстарының нәтижесінде пайда болған. Мұғалжар өңірінде мұндай обалардың жалпы саны – 13. Орлар әдетте дөңгелек формада жасалған. Қазіргі жер бетінде оларды үстіңдегі өсімдіктің қалың өсуінен байқауға болады. Қазылған орлардың үзілетін жерлері байқалмайды, яғни, олар тұтас келеді. Сондай-ақ ор мен үйіндінің арасында болатын кеңістік қалдырылмайды. Ордың ішкі қабырғасы бірден үйіндіге ұласып кетеді. Орлардың тереңдігі 0,15 пен 0,3 м, ені 1-2 м аралығында.

Көп жағдайларда оба үйінділерінің диаметрі үлкен емес, 6-10 м аралығында. Оба диаметрінің орташа коэффициенті 10,7 м, биіктіктікі 0,3 м. Тек қана сегіз обаның диаметрлері 20-34 м (4,7%).

Жерлеу орындарының көпшілігі (169 нысан) жеке үйінді астында жасалған. Жеті обада екі қабір кездесті: орталық және шеткі. Бір қабірде екі ересек адамның қатар жерленуі анықталған болатын. Бұдан бөлек басқа екі қабірде ересек адамның қасына сәбиді қоса жерлеген. Бірінші жағдайда сәбидің денесі ересек адамның шынтағы тұсында қойылып, басы ересек адамның бағытымен бірге солтүстікке қаратылған. Екінші қабірде сәбидің денесі ересек адамның аяқ жағына қойылған.

Бірнеше обалардың үйінділерінен (55 оба) марқұмның құрметіне берілген тризна белгілері байқалады. Нақты айтқанда бұл нысандардан үй жануарларының сүйектері, қыш ыдыстың сынықтары, от пен күлдің қалдықтары анықталды.

Оба үйіндісінің ішкі құрылымы қарапайым және күрделі түрде жасалып, олар қабір шұңқырының үстінен немесе жанынан тұрғызылған. Дегенмен мұндай элементтер жиі кездеспейді, тек пішіні жағынан ерекшеленетін обаларда ғана қолданылады. Тақсай I қорымындағы 3 және 4 оба үйінділерінің астынан ерекше құрылым элементтері анықталып, толық құжатқа түсірілген (Архив ИА, 3124). Нақтырақ айтқанда, үлкен үйіндінің орталық бөлігінде, қабір шұңқырының үстінен күрделі құрылым жасалған. Сол дәуірдегі жер бетінің деңгейіне сары түсті құмайт топырағы төселіп, ол арнайы алаң-платформа ретінде дайындалған. Жасалған алаңның биіктігі 0,3 м, қабырғалары 6×6 м. Өкінішке орай, мұнда сақталған ағаш фрагменттерінің не үшін қолданылғандығын анықтау мүмкін емес.

Қызылжар V қорымының 24 және 26-обаларында (Бисембаев, Гуцалов, 2009: 372–384) және де Лебедевка VI қорымының 19 обасында (Архив ИА, 1759). қызықты құрылыс орындары анықталған. Атап айтқанда, топырақ үйіндісінің астында квадрат пішінді құрылыс жасалып, оның орталық бөлігінде қабір орналасқан. Барлық нысандардағы құрылыстар шикі кірпіш сынды «блоктардан» салынып, төртбұрышты пішінге ие болған. Бұл құрылыс қабырғаларының ені 1–1,5 м, биікітігі 0,2 м дейінгі аралықта.

Қабір шұңқырларының жабыны жөніндегі ақпарат 17 обаның материалдары негізінде анықталды. Көп жағдайда қабір жабыны ағаштан немесе құрақтан жасалған. Бір нысанда ғана тас пайдаланылған. Мәселен, Родники I қорымының 2-обасында қабірдің үстін жапқан тас плиталардың қалдықтары сақталған (Архив ИА, 2084). Жандама қуыстары да ағаштың немесе құрақтың көмегімен жабылған болуы керек.

Қабір шұңқырларының көбісі оба үйіндісінің орталық бөлігінде орналасқан (154 ед.). Кей жағдайларда обаның басқа секторларынан да кездеседі. Мәселен 19 қабір оңтүстік-батыс сектордан, үш қабір солтүстік-батыс, ал біреуі оңтүстік-шығыс сектордан анықталды. Оба үйіндісінің орталық өсінен ауытқу коэффициенті Жайық өзенінің алқабынан тіркелді.

Талқылау. Кейінгі сармат мәдениетінің жерлеу салтын зерттеу деректік базаның толығуы арқасында ғана мүмкін болды. Мәселен, бастапқыда бұл ескерткіштерде Рыков П.С. соғысқа дейінгі уақытта барлау, тексеру мақсатындағы қазба жұмыстарын жүргізген. Кейін, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кейінгі сармат мәдениетіне тиесілі ескерткіштерді толық масштабта және мақсатты түрде зерттеу жұмыстары басталды. Мұндай зерттеулердің жандануына жекелеген аймақтар мен әр-түрлі өңірлердегі археологиялық зерттеу орталықтарының ашылуы да бір жағынан түрткі болды (Орал, Ақтөбе) (Китов, Мамедов, 2014: 27–37). Г.И. Багриков жетекшілік еткен зерттеу тобы (Багриков, Сенигова, 1968: 71–88) Лебедевка атты элитарлық обалар кешенінен таңғаларлық олжалар мен табылымдар анықтаған соң осы Есен-Амантау үстіртінде кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл ғылыми ізденістерге әр-түрлі уақыттарда М.Г. Мошкова, Б.Ф. Железчиков, В.А. Кригер қатысқан (Архив ИА, 1131, 1602, 1679, 1759, 1838). Лебедевка обалар кешенінен кейінгі сармат уақытына жататын 50-ден аса жерлеу және діни-ғұрыптық құрылыс орындары анықталды. Шамамен осыншама жерлеу орындарын С.Ю. Гуцалов та Целинный-I, Атпа I-III, V, Восточно-Курайлинский және т.б. ескерткіштерін зерттеу барысында тапқан болатын. (Архив ИА, 2084, 2218, 2135). Ал Г.А. Кушаев Мамай, Қисық-Қамыс, Ноғай-Чижень және т.б. ескерткіштерінде құтқару мақсатындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген (Кушаев, 1993: 171; Железчиков, 1998: 136). Сонымен қатар, Ақтөбе облысында (Басшийлі, Үлгілі, Сарытау) А.А. Бисембаевтың (Архив ИА 2578, 2614], Батыс Қазақстан облысында (Тақсай, Ақадыр) Я.А. Лұқпанованың жетекшілігімен (Лукпанова, 2020: 1021–1033) кейінгі сармат мәдениетіне қатысты бірқатар жерлеу орындары зерттелді. Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің зерттеу тобы Ойыл ауданындағы кейінгі сармат ескерткіштерін кешенді, әрі жоспарлы түрде зерттеу үстінде (Жамбулатов, 2017: 146 – 150).

Батыс Қазақстан мен оған іргелес жатқан өңірлерде жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде кейінгі сарматтардың жерлеу салты айқындалып, алынған мәліметтер М.Г. Мошкова (Мошкова, 1982: 80–87; 1989: 191–193; 2009: 176), С.А. Трибунский (Трибунский, 2003), С.Г. Боталов, С.Ю. Гуцалов (Боталов, Гуцалов, 2000: 122–128) және В.Ю. Малашев (Малашев, 2013) сынды ғалымдардың жарияланымдарынан көрініс тапқан.

Зерттеу нәтижелері. Батыс Қазақстанның аумағында орналасқан кейінгі сармат мәдениетінің жерлеу орындары, қабір түрлері бірнеше типтерге бөлінеді. Бұрын зерттелген нысандар негізінде қабірлердің сегіз түрі бөлініп көрсетілді (Скрипкин, 1984: 149; Мошкова, 1989; 2009: 176). Олардың екеуі – төртбұрышты, батыс қабырғасында жандама жасалған тар қабірлер.

Төртбұрышты тар қабірлер. Мұндай пішіндегі қабірлер басқаларға қарағанда жиі кездеседі. Сонымен қатар, төртбұрышты тар қабір түрі Жайық өзені алабында да, Мұғалжар өңірінде де тең мөлшерде таралған. Мұндай қабірлердің саны 71 (37,3%). Әдетте олардың бұрыштары тегіс келеді. Қабір шұңқырының ені 40-70 см аралығында. Қабырғалары тегіс, кей жағдайларда төменгі бөліктері тарылады немесе кеңейеді. Шұңқырдың түбі де тегіс. Бес қабірдің қабырғаларында ғана кішігірім жандама секілді ойықшалар анықталды.

Батыс қабырғасында жандамасы бар қабірлер. Жоғарыда көрсетілген қабір түрі секілді екі өңірде де тең мөлшерде таралған. Барлығы 64 шұңқыр анықталды. Шұңқырдың кіре-берісі тар қылып жасалуы мүмкін. Қабырғалары мен түбі тегіс. Жандаманың түбі кіре-беріс шұңқырының түбінен әрдайым биіктігі 10–30 см болатын басқышпен бөлінеді. Сирек жағдайларда ғана кіре-беріс шұңқырының қабырғасының бойында басқыш жасалған. Сонымен қатар, осы кіре-беріс шұңқырында жануарлардың сүйектері анықталады. Олар марқұмның құрметіне жасалған астан қалған болуы мүмкін.

Төртбұрышты, ені орташа өлшемді қабірлер. Мұндай түрдегі қабірлер жоғарыда көрсетілген екі типтермен салыстырғанда сирек кездеседі. Барлығы 32 қабір анықталған (16,8%). Мұндай қабірлер Жайық өзенінің алабында жиі кездеседі. Қабір қабырғаларының ені 0,7 до 1 м құрайды, әрі тегіс келеді. Сирек жағдайларда жандамалар жасалған.

Шығыс қабырғасында жандама жасалған қабірлер. Мұндай қабірлер тек қана Мұғалжар өңірінде кездеседі. Барлығы сегіз қабір анықталған (4,2%). Кіре-беріс шұңқырдың ені орташа, бұрыштары түзулеу, қабырғалары тегіс. Қосымша құрылымдық ерекшеліктер анықталмады. Жандама шығыс қабырғаның бойында жасалып, кіре-беріс шұңқырдан басқышпен бөлінген.

Төртбұрышты кең қабір. Шұңқыр тік бұрышты пішінде жасалады. Көлденең қабырғаларының ені 1-1,5 м. аралығында. Қабырғалары – түзу, түбі – тегіс. Барлығы сегіз қабір белгілі. Жайық өзенінің алқабынан 2 қабір (8,1%), Мұғалжар өңірінен 5 қабір (3,6%) анықталған.

Шаршы формасындағы қабірлер. Барлығы төрт қабір анықталған. Оның біреуі Деркөл өзенінің бойында, ал үшеуі Орал маңының дала бөлігінде орналасқан. Қабырғалары – түзу, түбі – тегіс. П.И. Багриков қазып алған екі элитарлы қабірдің бұрыштарында ойықшалар жасалып, ол жерлерге қазандар мен басқа да керек-жарақтар қойылған (Багриков, Сенигова, 1968: 71 – 88).

Сағасы бар және сопақша келетін қабірлер. Әрқайсысы екі данадан кездеседі (1%). Қабірдің қабырғалары сәл қиғаштау, түбіне қарай тарылады (сағалары қабірдің түбіне жақын жерден жасалады). Сағалар кемер ретінде қызмет етіп, онда ағаштан жасалған жабын орнатылатын болған. Мұндай жағдай Покровка 10 қорымының обаларынан кездесті (Малашев, Яблонский, 2008: 44). Сопақ пішіндегі қабірлер тек Лебедевка қорымынан анықталды. Қабірлердің қабырғалары түзу немесе түбіне қарай кеңейеді.

Қабірлердің түбі әр-түрлі материалдармен төселген. Мәселен, шыбықтардан немесе қамыстардан жасалған төсеніштер 10 қабірден кездеседі (6,7%). Қабір жабындылары да органикалық материалдардан жасалатын болған. Мұндай жабындылар екі қабірден кездеседі (1,3%). Целинный-І қорымындағы 5 обада жасыл түсті реңкі жабын анықталды. Осы қорымдағы 24 обаның түбіне құм төселген.

Тақтайдан жасалған жабын төрт қабірден анықталды. Он сегіз жерлеу орнынан табыт кездесті. Он екі табыт төртбұрышты қабірден анықталса, ал қалған алтауы шұңқырдың батыс қабырғасындағы жандамадан табылды. Тар шұңқырда тоғыз, орташаларында үш жерлеу орны кездесті. Табытқа салынған марқұмдардың бас сүйектері деформацияға ұшыраған. 18 қабірден 11 деформацияға ұшыраған бас сүйек анықталды (61,1%).

Табыттар ағаш тақтайлардан жасалған. Бүйір және бойлық қабырғаларын бекітудің екі әдісі анықталды. Бірінші әдіс бойынша бойлық тақтайлар бүйір тақтайларында дайындалған ойықтарға бекітіледі. Екінші әдіс бойынша бүйірдегі және бойлық тақтайлар металлдан жасалған қапсырмалар арқылы қосылады. Бір жағдайда ғана табытқа имитация жасалған. Жандамасы бар қабірлерде ағаштар жай ғана марқұмның үстіне қойылған.

Ағаштың ортасын ойып жасалынған табыттар екі обадан кездесті. Екі жағдайда да бас сүйектер жасанды деформацияға ұшыраған. Қабірдің түрі: жандама және тар төртбұрышты шұңқыр. Ағаш жақтаулар үш қабірде жасалған. Жерленген адамдардың бас сүйектері деформацияға ұшыраған. Қаратөбе қорымының 4 обасында зембіл анықталды (Сейткалиев, 2014: 141–148). Осыған ұқсас жерлеу ғұрпы Жайық өзенінің алқабындағы Кузнецово қорымының 4-обасында кездеседі (Архив ИА, 2234). Бұл екі қабірдің пішіні бірдей – шаршы тәрізді.

Жерленген адамдар әдетте қабірдің орталық өсі бойымен жатқызылған. Мұндай жағдай кейінгі сармат мәдениетінің жерлеу орындарында көп кездеседі. Тек қана жиырмадан астам қабірде басқаша жағдай орын алған. Нақтырақ айтқанда, мұндай қабірлерде марқұмды шұңқырдың қабырғаларына жақындатып жатқызған. Бірақ нақты бір заңдылықтар байқалмайды. Басқа екі жағдайда жерленген адамдар шаршы тәрізді қабірге қиғашынан қойылған (қабірге салынған заттар кейінгі сармат кезеңіне тиесілі). Бұл жағдайларда бұған дейін үстемдік еткен жерлеу ғұрпының сарқыншақтары сақталған болуы мүмкін.

175 қабірдегі марқұмдардың бас жағы қай бағытқа қаратылғандығын анықтау мүмкін болды. Көп жағдайда жерленгендер солтүстік секторға қаратылып қойылған. Мұндай бағдармен жасалған 166 жерлеу орны анықталды (94,8%). Бұлардың ішінен 96 қабір тура солтүстікке, 58-і солтүстік-батысқа, 12-сі солтүстік-шығысқа қаратылған. Марқұмның басын оңтүстік, шығыс және батысқа қаратып қою әрекеті өте сирек кездеседі.

Марқұмды арқаға жатқызып жерлейді. Кей жағдайларда жерленген адамның қолы аяқтарының үстіне қойылады. Сонымен қатар, бір қолын денеден алшақтатып қою жағдайлары да кездеседі. Марқұмның аяқтары бір-біріне жақын немесе алшақ орналасады. Кейде аяқтарды ромб түрінде немесе бір аяғын тізе тұсынан бүгу арқылы орналастырады (салт аттының қалпы).

Кейінгі сармат мәдениетінің жерлеу орындарынан бас сүйегі тірі кезінде деформацияға ұшыраған адамдардың қабірлері көптеп анықталды. Мұндай құбылыс марқұмдардың арасынан 65% кездеседі (Мошкова, 2009: 93).

Кейінгі сарматтардың қабірлеріне жерлеу бұйымдары қойылған. Көп жағдайда марқұмның бас немесе аяқ жағына қойылған қыш ыдыстар анықталды. Олар жапсыру әдісімен немесе көзе шарығында жасалған қыш бұйымдар түрінде кездеседі. Сонымен қатар салт аттылар мен жауынгерлерге қажетті бұйымдар көп таралған. Олардың қатарына қылыштар, қанжарлар, ауыздықтар, айылбастар және т.б. жатады. Сондай-ақ айналар, әшекей бұйымдары, фибулалар, моншақтар мен алқалар, қоңыраулар кездеседі.

Қорытынды. Батыс Қазақстанның барлық аумағында таралған жерлеу салты, атап айтқанда, қабір шұңқырларының пішіні, жерлеу мүлкі және т.б. ерекшеліктері ортақ, әрі біртұтастыққа ие. «Батпантас» («гантель») және «П» тәрізді жерлеу орындарының өңірлік ерекшеліктері байқалады. Бұл нысандар нақты бір жерлеу салты, діни-ғұрыптық жерлеу немесе тек діни мақсатта қолданылған. Олардың семантикалық мән-мағынасын анықтау – арнайы зерттеу-жұмыстарын қажет етеді.

Зерттеу ҚР БҒМ Ғылым комитетімен қаржыландырған (БНҚ № OR11465466)

Information about the authors:

Kairat Zhambulatov –A.Kh. Margulan Archeology Institute. Kazakhstan, Almaty. E-mail: kairo_88@inbox.ru,  https://orcid.org/0000-0002-8877-091X.

ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ:

БагриковГ.И., СениговаТ.Н. Открытие гробниц в Западном Казахстане // Известия АН КазССР. – 1968. №2. – С.71-88.

Бисембаев А.А. Отчет о раскопках могильника Басшийли. Актобе, 2002. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 2002. Ф. 11, д. 2578, оп. 2, 65 л.

Бисембаев А.А., Гуцалов С.Ю. Лебедевский археологический микрорайон: итоги и перспективы изучения // Нижневолжский археологический вестник. – 2009. Вып. 10. – С. 372-384.

Бисембаев А.А., Гуцалов С.Ю., Ткачев В.В. Отчет об археологических раскопках курганов у аула Ульгули. 2004 г. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 2004. Ф. 11, д. 2614, оп. 2, 93 л.

Боталов С.Г., Бисембаев А.А. Новые материалы по культуре гуннов Западного Казахстана // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – 2002. Вып. 1. – С. 108-116.

Боталов С.Г., Гуцалов С.Ю. Гунно-сарматы Урало-Казахстанских степей. – Челябинск: изд-во «Рифей», 2000. – 267 с.

Гуцалов С.Ю. Отчет об археологических разведках и раскопках в Актюбинской области летом 1988 г. // Архив Института археологии им. А.Х.Маргулана, 1988. Ф.11.Д. 2218.Оп. 2.Л. 63.

Гуцалов С.Ю., Макаревич Г.В. Отчет об археологических разведках и раскопках в Актюбинской области летом и осенью 1986 года // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 1986. Ф. 11, д. 2125, оп. 2, 138 л.

Гуцалов С.Ю., Родионов В.В. Отчет об археологических разведках и раскопках в Актюбинской области летом 1985 года // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 1985. Ф. 11, д. 2084, оп. 2, 198 л.

Дуйсенгали М.Н., Мамедов А.М., Баиров Н.М. Предварительные итоги исследования погребально-поминальных комплексов поздней древности бассейна реки Уил // Маргулановские чтения–2018: м-лы междунар. науч.-практ. конф. «Духовная модернизация и археологические исследования» (г. Актобе, 19–20 апреля 2018 г.) / ред. А.А. Бисембаев. – Алматы–Актобе: Институт археологии им. А.Х. Маргулана; Актюбинский областной историко-краеведческий музей, 2018. – С 237-241.

Жамбулатов К.А. История изучения памятников позднесарматского времени Западного Казахстана // IХ Оразбаевские чтения: м-лы республ. науч.-практ. конф. «Современные методы и подходы в изучении историко-культурного наследия Казахстана и сопредельных стран», приуроченной к 95-летию А.М. Оразбаева (г. Алматы, 28–29 апреля 2017 г.) / отв. ред. Г.К. Омаров. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. Ч. 1. – С. 146-150.

Железчиков Б.Ф., Кригер В.А. Отчет. Археологические работы в Уральской области в 1977 г. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 1977. Ф. 11, д. 1602, оп. 2, 203 л.

Железчиков Б.Ф., Кригер В.А. Отчет. Археологические работы в Уральской области в 1979г. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 1979. Ф. 11.Д. 1759.Оп. 2.Л. 110.

Железчиков Б.Ф. Археологические памятники Уральской области. – Волгоград: Изд-во Волгоградского государственного университета, 1998. – 136 с.

Китов Е.П., Мамедов А.М. Кочевое население Западного Казахстана в раннем железном веке. – Астана: изд. группа Филиала Института археологии им. А.Х. Маргулана в г. Астана, 2014. – 352 с.

Кривошеев М.В. Позднесарматская культура южной части междуречья Волги и Дона. Проблемы хронологии и периодизации: дис. … канд. ист. наук. – Волгоград, 2005. – 321 с.

Кушаев Г.А. Этюды древней истории степного Приуралья. – Уральск: Диалог, 1993. – 171 с.

Лукпанова Я.А. Отчет о проведении археологических раскопок на курганном комплексе Таксай І в Теректинском районе в 2012 г. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 2012. Ф. 11.Д. 3124а.Оп. 2.Л.86.

Лукпанова Я.А. Об изучении памятников раннего железного века Степного Приуралья (2002–2020 гг.) // Мир Большого Алтая. – 2020. Т. 6. –№ 3. – С. 1021-1033.

Малашев В.Ю. Позднесарматская культура Южного Приуралья во II–III вв. н.э.: дис. … канд. ист. наук. – М., 2013. – 301 с.

Малашев В.Ю., Мошкова М.Г. Происхождение позднесарматской культуры (к постановке проблемы) // Становление и развитие позднесарматской культуры (по археологическим и естественнонаучным данным): м-лы семинара центра изучения истории и культуры сарматов / отв. ред. А.С. Скрипкин. – Волгоград: изд-во Волгоградского государственного университета, 2010. Вып. III. – С. 37-56.

Малашев В.Ю., Яблонский Л.Т. Степное население Южного Приуралья в позднесарматское время: по материалам могильника Покровка 10. – М.: Институт археологии РАН; Восточная лит-ра, 2008. – 365 с.

Малов Н.М. Отчет об археологических исследованиях на р. Деркул за 1988 год. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 1989. Ф. 11.Д. 2234.Оп. 2.Л.100.

Мошкова М.Г. Позднесарматские погребения Лебедевского могильника в Западном Казахстане // Краткие сообщения Института археологии. – 1982. Вып. 170. – С. 80-87.

Мошкова М.Г. Позднесарматская культура // Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время / отв. ред. А.И. Мелюкова. – М.: Наука, 1989. – С. 191-202.

Мошкова М.Г. Археологические памятники южноуральских степей второй половины II–IV вв.: позднесарматская или гунно-сарматская культура (погребальный обряд) // Российская археология. – 2007. № 3. – С. 103-111.

Мошкова М.Г. Анализ сарматских погребальных памятников II–IV вв. н.э. // Статистическая обработка погребальных памятников Азиатской Сарматии. Вып. IV. Позднесарматская культура. – М.: Восточная литература, 2009. – 176 с.: карты.

Мошкова М.Г., Железчиков Б.Ф., Кригер В.А. Отчет. Археологические работы в Уральской области в 1978 году // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 1978. Ф. 11.Д. 1679.Оп. 2.Л. 138.

Мошкова М.Г., Железчиков Б.Ф., Кригер В.А. Отчет археологические работы на территории Уральской области в 1980 г. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 1980. Ф. 11.Д. 1838.Оп. 2.Л. 161.

Мошкова М.Г., Кушаев Г.А. Отчет о работе Западно-Казахстанской экспедиции в 1969 г. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана, 1969. Ф. 11. Д. 1131. Оп. 2. Л. 44.

Сейткалиев М.К. Неординарный погребальный комплекс из могильника Каратобе в Западном Казахстане // Stratum plus. – 2014. Вып. 4. – С. 141-148.

Скрипкин А.С. Нижнее Поволжье в первые века нашей эры. – Саратов: изд-во Саратовского университета, 1984. – 149 с.

Трибунский С.А. Позднесарматская культура урало-казахстанских степей: дис. … канд. ист. наук. – Ижевск, 2003. – 506 с.

REFERENCES:

Bagrikov G.I., Senigova T.N. Otkrytie grobnic v Zapadnom Kazahstane [Opening of tombs in Western Kazakhstan] // (News of the Academy of science of the Kazakh Soviet Socialist Republic, 1968. – N 2. – P. 71-88. [in Russian].

Bisembaev A.A. Otchet o raskopkah mogil'nika Basshijli [Report on the excavations of the Basshiyli burial ground] // Archive of the A.Kh. Margulan Archeology Institute, 2002. – Fund 11, file 2578, inventory 2, 65 p. [in Russian].

Bisembaev A.A., Gucalov S.Yu. Lebedevskij arheologicheskij mikrorajon: itogi i perspektivy izucheniya [Lebedev Archaeological Microdistrict: Results and Prospects of Study]// Nizhnevolzhsky Archaeological Bulletin, 2009. – N10. –P.372-384. [in Russian].

Bisembaev A.A., Gucalov S.Yu., Tkachev V.V. Otchet ob arheologicheskih raskopkah kurganov u aula Ul'guli [Report on the archaeological excavations of mounds near the village of Ulguli] // Archive of the A.Kh. Margulan Archeology Institute, 2004. – Fund 11, file 2614, inventory 2, 93 p. [in Russian].

Botalov S.G., Bisembaev A.A. Novye materialy po kul'ture gunnov Zapadnogo Kazahstana [New materials on the culture of the Huns of Western Kazakhstan] // Issues of history and archeology of Western Kazakhstan, 2002. – N 1. – P.108-116. [in Russian].

Botalov S.G., Gucalov S.Yu. Gunno-sarmaty Uralo-Kazahstanskih stepej [Hunno-Sarmatians of the Ural-Kazakhstan steppes]. – 2000. – Chelyabinsk: Rifey publishing house. – 267 p. [in Russian].

Gucalov S.Yu. Otchet ob arheologicheskih razvedkah i raskopkah v Aktyubinskoj oblasti letom 1988 g. [Report on archaeological exploration and excavations in the Aktobe region in the summer of 1988] // Archive of the A.Kh.Margulan Archeology Institute, 1998. – Fund 11, file 2218, inventory 2, 63 p. [in Russian].

Gucalov S.Yu., Makarevich G.V. Otchet ob arheologicheskih razvedkah i raskopkah v Aktyubinskoj oblasti letom i osen'yu 1986 goda [Report on archaeological exploration and excavations in the Aktobe region in the summer and autumn of 1986] // Archive of the A. Kh. Margulan Archeology Institute, 1986. – Fund 11, file 2125, inventory 2, 138 p. [in Russian].

Gucalov S.Yu., Rodionov V.V. Otchet ob arheologicheskih razvedkah i raskopkah v Aktyubinskoj oblasti letom 1985 goda [Report on archaeological exploration and excavations in the Aktobe region in the summer of 1985] // Archive of the A.Kh.Margulan Archeology Institute, 1985. – Fund 11, file 2084, inventory 2, 198 p. [in Russian].

Dujsengali M.N., Mamedov A.M., Bairov N.M. Predvaritel'nye itogi issledovaniya pogrebal'no-pominal'nyh kompleksov pozdnej drevnosti bassejna reki Uil [Preliminary results of the study of funerary and memorial complexes of late antiquity in the Wil River basin]// Margulan Readings–2018: Materials of the Intern. scientific-practical conference "Spiritual modernization and archaeological research" (Aktobe, April 19-20, 2018) / ed. A.A. Bisembaev. – Almaty-Aktobe: A.Kh. Margulan Archeology Institute; Aktobe regional museum of local history, 2018. – P. 237-241. [in Russian].

Zhambulatov K.A. Istoriya izucheniya pamyatnikov pozdnesarmatskogo vremeni Zapadnogo Kazahstana [The history of the study of monuments of the late Sarmatian time of Western Kazakhstan] // IX Orazbaev readings: materials of the republican scientific and practical conference "Modern methods and approaches in the study of the historical and cultural heritage of Kazakhstan and neighboring countries", dedicated to the 95th anniversary of A.M. Orazbayeva (Almaty, April 28–29, 2017) / ed. G.K. Omarov, 2017 – Almaty: Kazakh University. – P. 146-150. [in Russian].

Zhelezchikov B.F., Kriger V.A. Otchet. Arheologicheskie raboty v Ural'skoj oblasti v 1977 g. [Report. Archaeological work in the Ural region in 1977] // Archive of the A.Kh.Margulan Archeology Institute, 1998. – Fund 11, file 1602, inventory 2, 203 p. [in Russian].

Zhelezchikov B.F., Kriger V.A. Otchet. Arheologicheskie raboty v Ural'skoj oblasti v 1979 g. [Report. Archaeological work in the Ural region in 1979] // Archive of the A.Kh.Margulan Archeology Institute, 1998. – Fund 11, file 1759, inventory 2, 110 p. [in Russian].

Zhelezchikov B.F. Arheologicheskie pamyatniki Ural'skoj oblasti [Archaeological monuments of the Ural region]. – 1998. – Volgograd: Volgograd State University Publishing House. – 136 p. [in Russian].

Kitov E.P., Mamedov A.M. Kochevoe naselenie Zapadnogo Kazahstana v rannem zheleznom veke [Nomadic population of Western Kazakhstan in the early Iron Age]. – 2014. – Astana: ed. group of the Branch of the A.Kh. Margulan Archeology Institute. – 352 p. [in Russian].

Krivosheev M.V. Pozdnesarmatskaya kul'tura yuzhnoj chasti mezhdurech'ya Volgi i Dona [Late Sarmatian culture of the southern part of the interfluve of the Volga and Don. Problems of chronology and periodization]: dis. … cand. ist. sciences. – 2005. – Volgograd. – 321 p. [in Russian].

Kushaev G.A. Etyudy drevnej istorii stepnogo Priural'ya [Sketches of the ancient history of the steppe Urals]. – 1993. – Uralsk: Dialogue. – 171 p. [in Russian].

Lukpanova YA.A. Otchet o provedenii arheologicheskih raskopok na kurgannom komplekse Taksaj І v Terektinskom rajone v 2012 g [Report on the archaeological excavations at the Taksay I barrow complex in the Terektinsky district in 2012] // Archive of the A.Kh.Margulan Archeology Institute, 2012. – Fund 11, file 3124, inventory 2, 86 p. [in Russian].

Lukpanova YA.A. Ob izuchenii pamyatnikov rannego zheleznogo veka Stepnogo Priural'ya (2002–2020 gg.)[On the study of sites of the Early Iron Age in the Steppe Urals (2002–2020)] // World of Greater Altai, 2020. – V 6, N 3. – P. 1021-1033. [in Russian].

Malashev V.YU. Pozdnesarmatskaya kul'tura YUzhnogo Priural'ya vo II–III vv. n.e. [Late Sarmatian culture of the Southern Urals in the II–III centuries. AD]: dis. … cand. ist. sciences. – 2013. – 301 p. [in Russian].

Malashev V.Yu., Moshkova M.G. Proiskhozhdenie pozdnesarmatskoj kul'tury (k postanovke problemy) [The origin of the late Sarmatian culture (to the formulation of the problem)] // Formation and development of the late Sarmatian culture (according to archaeological and natural science data): materials of the seminar of the center for the study of the history and culture of the Sarmatians / ed. ed. A.S. Skripkin, 2010. – Volgograd: publishing house of the Volgograd State University. – P. 37-56. [in Russian].

Malashev V.Yu., Yablonskij L.T. Stepnoe naselenie Yuzhnogo Priural'ya v pozdnesarmatskoe vremya: po materialam mogil'nika Pokrovka 10 [Steppe population of the Southern Urals in the late Sarmatian time: based on the materials of the Pokrovka 10 burial ground]. – 2008. – Moscow: Institute of Archeology of the Russian Academy of Sciences; Eastern literature. – 356 p. [in Russian].

Malov N.M. Otchet ob arheologicheskih issledovaniyah na r. Derkul za 1988 god [Report on archaeological research on the river Derkul for 1988] // Archive of the A.Kh.Margulan Archeology Institute, 1989. – Fund 11, file 2234, inventory 2, 100 p. [in Russian].

Moshkova M.G. Pozdnesarmatskie pogrebeniya Lebedevskogo mogil'nika v Zapadnom Kazahstane [Late Sarmatian burials of the Lebedev burial ground in Western Kazakhstan] // Brief reports of the Institute of Archeology, 1982. – N 170. –P. 80-87. [in Russian].

Moshkova M.G. Pozdnesarmatskaya kul'tura [Late Sarmatian culture]// Steppes of the European part of the USSR in the Scythian-Sarmatian time / ed. ed. A.I. Melyukov, 1989. – M.: Nauka. – P. 191-202. [in Russian].

Moshkova M.G. Arheologicheskie pamyatniki yuzhnoural'skih stepej vtoroj poloviny II–IV vv.: pozdnesarmatskaya ili gunno-sarmatskaya kul'tura (pogrebal'nyj obryad) [Archaeological Sites of the South Ural Steppes of the Second Half of the 2nd–4th Centuries: Late Sarmatian or Hun-Sarmatian Culture (Funeral Rite)] // Russian Archeology, 2007. – N 3. – P. 103-111. [in Russian].

Moshkova M.G. Analiz sarmatskih pogrebal'nyh pamyatnikov II–IV vv. n.e. [Analysis of Sarmatian funerary monuments of the 2nd–4th centuries AD] // Statistical processing of funerary monuments of Asian Sarmatia, 2009. – N IV. Late Sarmatian culture. –M.: Oriental literature. – 176 p., maps. [in Russian].

Moshkova M.G., Zhelezchikov B.F., Kriger V.A. Otchet. Arheologicheskie raboty v Ural'skoj oblasti v 1978 godu [Report. Archaeological work in the Ural region in 1978] // Archive of the A.Kh.Margulan Archeology Institute, 1978. – Fund 11, file 1967, inventory 2, 138 p. [in Russian].

Moshkova M.G., Zhelezchikov B.F., Kriger V.A. Otchet. Arheologicheskie raboty v Ural'skoj oblasti v 1980 godu [Report. Archaeological work in the Ural region in 1980] // Archive of the A. Kh. Marghulan Archeology Institute, 1980. – Fund 11, file 1838, inventory 2, 161 p. [in Russian].

Moshkova M.G., Kushaev G.A. Otchet o rabote Zapadno-Kazahstanskoj ekspedicii v 1969 g. [Report on the work of the West Kazakhstan expedition in 1969] // Archive of the A.Kh. Margulan Archeology Institute, 1969. – Fund 11, file 1131, inventory 2, 44 p. [in Russian].

Sejtkaliev M.K. Neordinarnyj pogrebal'nyj kompleks iz mogil'nika Karatobe v Zapadnom Kazahstane [Extraordinary burial complex from the Karatobe burial ground in Western Kazakhstan] // Stratum plus, 2014. – N 4. –P. 141-148. [in Russian].

Skripkin A.S. Nizhnee Povolzh'e v pervye veka nashej ery [Lower Volga region in the first centuries of our era]. – 1984. – Saratov: publishing house of Saratov University. –149 p. [in Russian].

Tribunskij S.A. Pozdnesarmatskaya kul'tura uralo-kazahstanskih stepej [Late Sarmatian culture of the Ural-Kazakhstan steppes]: dis. … cand. ist. Sciences, 2003. – Izhevsk. – 506 p. [in Russian].

МРНТИ03.41.91

ПОГРЕБАЛЬНЫЙ ОБРЯД ПОЗДНЕСАРМАТСКОЙ КУЛЬТУРЫ ЗАПАДНОГО КАЗАХСТАНА

К.А. Жамбулатов*

Институт археологии им. А.Х. Маргулана. Казахстан, Алматы.

*Корреспондирующий автор

E-mail: kairo_88@inbox.ru(Жамбулатов)

Аннотация. В данной работе приведены статистические данные по погребальному обряду населения позднесарматской культуры, проживавшего на территории современного Западного Казахстана во второй половине II–IVв. н.э. Всего в выборке было учтено свыше 200объектов. По внешним признакам, в том числе расположению в могильных комплексах своеобразных и в тоже время уникальных «П»-образных и «гантелевидных» сооружений, а также по некоторым элементам погребального обряда выделяются региональные особенности для позднесарматских памятников бассейна р.Жайык и Мугалжар. При этом позднесарматские памятники обоих локальных регионов сохраняют свои единые диагностирующие признаки: форма могильной ямы, ориентировка погребенного в северный сектор, деформация свода черепа и устойчивый набор погребального инвентаря. Несомненно, что все выделенные объекты несут в себе определенную погребальную, культово-погребальную или только культовую нагрузку.

Ключевые слова: Западный Казахстан, позднесарматское время, погребальный обряд.

IRSTI03.41.91

FUNERAL RITE OF THE LATE SARMATIAN CULTURE

OF WESTERN KAZAKHSTAN

Kairat Zhambulatov*

A.Kh. Margulan Archeology Institute. Kazakhstan, Almaty.

*Corresponding author

E-mail: kairo_88@inbox.ru(Zhambulatov)

Abstract. The article presents statistical materials on the funeral rite of the nomadic population living on the territory of modern Western Kazakhstan in the second half of the 2nd–4th centuries AD, which are united into a singleLateSarmatian culture. In total, more than two hundred objects were taken into account in the sample. According to external features, regional features are distinguished for theLateSarmatian monuments of the Jaiyk and Mugaljar river basins. In particular, according to the location in the burial complexes of peculiar and at the same time unique “П”-shaped and “dumbbell-shaped” structures and some elements of the funeral rite. At the same time, the Late Sarmatian monuments of both local regions retain their common diagnostic signs, manifested in the form of a grave pit, the orientation of the backbone to the northern sector, the deformation of the cranial vault and a stable set of funeral equipment. These objects were used as a specific burial rite, religious-ritual burial, or only for religious purposes.

Keywords:LateSarmatian time, Western Kazakhstan, funeral rite.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 788

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

Author's articles

Солтүстік Каспий аймағының түркілену процесі Бірінші дүние жүзілік соғыс тұтқындары Жетісуда Charisma and "Politics of Proximity" in the time of the Revolution and Civil War Роль военной контрразведки «Смерш» в годы Великой Отечественной войны и подвиг нашего земляка ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасы ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ МРНТИ 3.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_1_1 ОCНОВНЫЕ АCПЕКТЫ РОCCИЙCКО – КАЗАХCТАНCКОГО ВЗАИМОДЕЙCТВИЯ В ТАМОЖЕННОЙ CФЕРЕ «edu.e-history.kz электронды журналы 4(28), 2021 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал 3(27), 2021 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал 1(29), 2022 ЯЗЫКИ И КУЛЬТУРЫ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОСНОВНЫХ ЭТНОСОВ КАЗАХСТАНА ЧЕРЕЗ ПРИЗМУ КАЗАХСТАНСКОЙ МОДЕЛИ МЕЖЭТНИЧЕСКОГО СОГЛАСИЯ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. 20-30 жж.) О ДВУХ ЭТАПАХ ИСТОРИИ БУДДИЗМА В ЮГО-ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНЕ ДОМОНГОЛЬСКОГО ПЕРИОДА МОБИЛИЗАЦИЯ ЛЮДСКИХ И МАТЕРИАЛЬНЫХ РЕСУРСОВ КАЗАХСТАНА НА ОБОРОНУ СССР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПОЛЯКТАРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУ ТАРИХЫ ОТАНДЫҚ ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСА МАҢЫЗДЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУЫ МЕН БАҒАЛАУЫ (ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША) БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕЙІНГІ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘН ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН, АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ФЕНОМЕНІ THE REPRESSIVE POLICY OF THE SOVIET GOVERNMENT TOWARDS EUROPEAN EMIGRANTS АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ЖӘНЕ ЭТНОС ТАРИХЫНЫҢ ГЕНЕЗИСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕШІТТЕРГЕ ҚАРСЫ САЯСАТЫ (1918-1953 жж.) «ШЕЖІРЕ-И-ТАРАКИМЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АУЫЗША ТАРИХ ДӘСТҮРІ: ДЕРЕКТЕМЕЛІК ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТӘПСІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ