Яндекс.Метрика
Home » Materials » Бірінші дүние жүзілік соғыс тұтқындары Жетісуда

Бірінші дүние жүзілік соғыс тұтқындары Жетісуда

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1

Бірінші дүние жүзілік соғыс тұтқындары Жетісуда
Author:
Мақалада 1915 жылы Жетісу жерінде әскери тұтқында болған неміс және австро-венгрия әскерлерінің жол жӛндеу жұмыстарына тартылуы мұрағат құжаттары негізінде жазылып, олардың құжаттарда сақталған фото суреттері алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.
Text:
Мақалада 1915 жылы Жетісу жерінде әскери тұтқында болған неміс және австро-венгрия әскерлерінің жол жӛндеу жұмыстарына тартылуы мұрағат құжаттары негізінде жазылып, олардың құжаттарда сақталған фото суреттері алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Түйін сөздер: Соғыс тұтқындары, Соғыс, Әскер, Неміс, Австро-Венгр, Түркістан ӛлкесі, Жетісу. Биыл адамзат тарихындағы алапат соғыстардың бірі бірінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына ғасыр толып отыр. ХХ ғасыр басындағы осы соғыс ӛрті де Қазақстанды айалып ӛткен жоқ. Соғыс ауртпалығы ел экономикасына да ӛз ауртпалығын әкелді. Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа тартылуы, Қазақстан халқының жағдайына ауыр соққы болып тиді, салықтардың мӛлшері арттырылды. Қазақ халқына «ӛз еріктерімен қаржы жинау», мемлекеттік заемдарды күштеп жаздыру және соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар мен баж салығын тӛлеу міндеттелді. Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түліктік ӛнімдерін мемлекет керегіне еріксіз алу жалғасып жатты, соғыс жүктерін (негізінен астықты) теміржол станцаларына жеткізу үшін олардың кӛлік күштерін ӛздерінің ықтиярынсыз жұмылдырды. Соғыс уақытында Түркістан ӛлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді. Тек Жетісудан ғана 1914 жылы 34 млн. сомның малдары мен мал шаруашылығы ӛнімдері тасып шығарылды. Әскерге алынғандардың жанұясына кӛмек кӛpceтy желеуімен еңбек ету міндеті енгізілді, яғни қазақтар жұмыс күші ретінде қоныс аударған деревнялардың жерлерін жыртып, тұқымын сеуіп және ӛнімін жинап беруге тиісті болды. Соғыс жылдарында егістік кӛлемі, мал саны қысқарып кетті, ұлттық-отарлық езгі күшейе түсті. Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар тастап, ұлтаралық араздықты әдейі ушықтырды, қоныс аударғандардың басшы топтарын қаруландырып отырды [1, с. 628]. 1914 жылы 19 шілде де (1 тамызда) басталған бірінші дүниежүзілік соғыс тӛрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 38 мемлекет қатысып, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тауып, 20 миллион адамы мүгедек болып қалды. Бірінші дүние жүзілік соғыста орыстар қолына неміс, австро-венгер және түрік әскерлерінен тұтқынға түскен 2,3 млн. солдаттар мен офицерлері болды. Оның 2,1 млн. Австро-Венгрияның әскери қызметкерлері еді. Ресей әскерінің Бас штабының орналастырып бӛлуіне орай немістер мен венгр тұтқындары румындар мен славян тұтқындарға қарағанда сенімді болып, олар Сібірге, Қиыр Шығыс пен Түркістан ӛлкелеріне жіберілді. Тұтқындар аталған ӛлкелерде жол, темір жол жӛндеу жұмыстары мен қатар басқа да ауыр жұмыстарға жегілген болатын. Соғыс жүргізудің ережелерін және тұтқындардың құқықтарын белгілеген халықаралық келісімдер ХІХ ғасырдың екінші жартысында-ақ жасала бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде соғысушы елдердің барлығының (соның ішінде патшалық Ресейдің де) тұтқындарға қатысты саясаты 1907 жылғы Гаага келісіміне негізделді [2, с. 55]. Соғыс тұтқындарының алғашқы тобы Батыс Сібірге, Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарына 1914 жылдың тамызында келді, олардың арасында Австрия-Венгрия азаматтары кӛп болды. 1915 жылы кӛктемдегі мәліметтерге қарағанда Түркістан әскери округінде 139374 тӛменгі әскери шендегі және 1882 офицер орналастырылған [2, с. 651]. Соғыстың бастапқы кезеңінде яғни 1915 жылдың кӛктеміне дейін соғыс тұтқындарын қабылдау және орналастыру үшін арнаулы лагерьлер құрылмаған болатын. Сондықтан да алғашқы соғыс айларында әскери тұтқындарды қабылдайтын арнайы мекеме тіпті оларды уақытша болса да орналастыратын казарманың болмауы жағдайды біршама күрделендірді. Әскери тұтқындарды шығыс аудандарға, соның ішінде майданнан шалғай орналасқан қазақ ӛлкесіне қоныстандыруы, орыс әскерінің Бас штабының және үкіметтің майданға жақын аймақтағы елден соғыста болып жатқан шындықты жасыруға тырысуымен де түсіндіріледі. Екінші жағынан: патша үкіметі әскери тұтқындардың жергілікті ӛлке тұрғындарымен жақындасуынан да қорқып, қазақтардан, жергілікті орыс тұрғындарынан оларды алшақ ұстауға тырысты. Әскери тұтқындардың басым кӛпшілігінің 97,8%-інің қатардағы әлеуметтік топтан шығуы отаршылдық жергілікті әкімшілікті қатты састырды [3, 436-п.]. Полицейлік бақылау күштері әскери тұтқындарды мейлінше халықтан жекелеп ұстауға тырысса да, әр түрлі ұлттардан тұрған жергілікті халық тұтқындар арқылы майдандағы жаңалықтарды білуге тырысты. Біртіндеп саяси жағдайдың революциялық бағытта дамуымен әскери тұтқындар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қарым-қатынас та сенімді мазмұн ала бастады. Осындай бағыттың тереңдеуіне әсер еткен әскери тұтқындардың шаруашылық салаларына тартыла бастауы болды. Түркістан ӛлкесіне жіберілген соғыс тұтқындарының алғашқы партиясы, шамамен 100-дей немістер мен австриялықтар Ташкент уезіндегі қоныс аудару мекемесінде ауыр емес топографтық жұмыстарға тартылды. Соғыс тұтқындарының бір бӛлігі 1915 жылы Жетісу облысындағы жол жұмыстарына тартылды. Жетісу қоныс аудару басқармасының есебінде соғыс тұтқындары Пішпек уезіндегі Георгиев-Архангельск бағытындағы жол жұмыстары мен Верный уезіндегі Павлов-Қордай мен Татьяновка-Сергеевка бағытындағы жол жұмыстарына жегіледі. Қоныс аудару басқармасы ӛз есебінде: 15 шілде де соғыс сұтқындарын жол жұмыстарына пайдалану туралы рұқсат қағазын алдым. Соғыс тұтқындарын 22 шілдеде Пішпек уезіндегі жол жұмыстарына пайдалану туралы бұйрық шығарылды. Соғыс тұтқындары 27 шілдеде Пішпекке келді, оларды Пішпектен 50 шақырым жердегі жұмыс орына жеткізу белгіленді. Бірақ та оларға қажетті құрал-саймандарды Пішпектен таппағандықтан құралдарды Верныйдан алуға тура келді. Ӛйткені ат арбалар мен құралдар Верныйда 10-15 пайызға арзанға түсті деп жазады [3, 436-п.]. Сонымен қатар жұмысқа арналған құрал саймандар жатын орындар жылжымалы асхана, нан пісіретін пештер, қазандар болмағандықтан қиындықтар туғызды. Пішпек уезінің әскери бастығы әскери казармаларды босатып, соғыс тұтқындарын екі партиямен қабылдады. Бірінші партия 27 шілдеде 100 соғыс тұтқынын қабылдаса, екінші партия 1 тамызда 300 соғыс тұтқынын қабылдады. Соғыс тұтқындары алдымен медициналық тексеруден ӛткізіліп, олардың киім-кешектерінің тозғандығы анықталады. Жергілікті бригада бастығының 22-ші нұсқауы бойынша соғыс тұтқындарына мундир, шинель, бас киім, етік, жейде, іш киім, шылғау, бет орамалдары мен сүлгілері болуы қажет еді. Бірақта жергілікті биліктің соғыс тұтқындарына мұндай киім беру мүмкіндігі болмады. Осы жылдары Түркістан ӛлкесінің генерал- губернаторының бекіткен инструкциясында жұмыс беруші әрбір соғыс тұтқына жұмыс істеген әр күніне 15 тиыннан ақша тӛлеуі тиіс еді. Осы ақшаға соғыс тұтқындарына қажетті киім-кешекті алу міндеттелінді. Осы инструкцияға сәйкес соғыс тұтқындарын күзететін аға айдауылға 30 тиыннан ақша бӛлінсін делінген. Осы сумадан: бас айдаушыға 25 тиын, қалғандарына 20 тиыннан, қалған 10 тиын уездік әскери бастыққа апта сайын бӛлініп отырады. Әкімшілік соғыс тұтқындарының жұмысын қадағалау үшін жұмыс беруші әр күні партиядағы 50 адамнан 10 тиыннан, ал 100 адамнан 7 тиыннан, 100 адамнан жоғары соғыс тұтқындарынан 5 тиыннан бӛлініп отырды. Жол жӛндеу жұмыстарына 500 адамның орнына 400 соғыс тұтқыны қабылданды. Қалған 100 адамның науқастығы мен киімінің жоқтығына байланысты жұмысқа қабылданбады [3, 437-п.]. Пішпектен 50 шақырым жерде орналасқан жұмыс орнына соғыс тұтқындары екі партиямен аттанды. Бірінші партия 29 шілдеде 100 адам 5 қарауылмен аттанды. Оларға жүктелген міндет асхана, нан пісіретін пештер, ұстахана, ат қора, жылжымалы емхана салу тапсырылды. Екінші партия 1 тамызда 300 адамнан тұрып, оларды 16 қарауылмен аттандырылды.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 6786

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

Author's articles

Солтүстік Каспий аймағының түркілену процесі Бірінші дүние жүзілік соғыс тұтқындары Жетісуда Charisma and "Politics of Proximity" in the time of the Revolution and Civil War Роль военной контрразведки «Смерш» в годы Великой Отечественной войны и подвиг нашего земляка ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасы ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ МРНТИ 3.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_1_1 ОCНОВНЫЕ АCПЕКТЫ РОCCИЙCКО – КАЗАХCТАНCКОГО ВЗАИМОДЕЙCТВИЯ В ТАМОЖЕННОЙ CФЕРЕ «edu.e-history.kz электронды журналы 4(28), 2021 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал 3(27), 2021 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал 1(29), 2022 ЯЗЫКИ И КУЛЬТУРЫ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОСНОВНЫХ ЭТНОСОВ КАЗАХСТАНА ЧЕРЕЗ ПРИЗМУ КАЗАХСТАНСКОЙ МОДЕЛИ МЕЖЭТНИЧЕСКОГО СОГЛАСИЯ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. 20-30 жж.) О ДВУХ ЭТАПАХ ИСТОРИИ БУДДИЗМА В ЮГО-ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНЕ ДОМОНГОЛЬСКОГО ПЕРИОДА МОБИЛИЗАЦИЯ ЛЮДСКИХ И МАТЕРИАЛЬНЫХ РЕСУРСОВ КАЗАХСТАНА НА ОБОРОНУ СССР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПОЛЯКТАРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУ ТАРИХЫ ОТАНДЫҚ ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСА МАҢЫЗДЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУЫ МЕН БАҒАЛАУЫ (ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША) БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕЙІНГІ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘН ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН, АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ФЕНОМЕНІ THE REPRESSIVE POLICY OF THE SOVIET GOVERNMENT TOWARDS EUROPEAN EMIGRANTS АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ЖӘНЕ ЭТНОС ТАРИХЫНЫҢ ГЕНЕЗИСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕШІТТЕРГЕ ҚАРСЫ САЯСАТЫ (1918-1953 жж.) «ШЕЖІРЕ-И-ТАРАКИМЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АУЫЗША ТАРИХ ДӘСТҮРІ: ДЕРЕКТЕМЕЛІК ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТӘПСІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ