Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

С.Т. Тайман1, М. Сүгірбай2. 1 Т.ғ.к., доцент, 2 Магистрант. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. Қазақстан, Қызылорда.
ҒТАМР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР

Аңдатпа. Мақалада Сәттіғұл ақынның «Досан батыр» жырындағы 1870 жылғы Маңғыстау қазақтары ұлт-азаттық көтерілісінің жалпы сипаттамасы деректік негізде қарастырылып, ішкі себептері мен негізгі мәселелері ашып көрсетіледі. Нақты деректерге құрылып, негізінде тарихи эпос үлгісінде сомдалған жырдағы қарапайым халықтың өкілі саналатын Досан батыр тұлғасы әсерлі шыққан. Досан батыр – Маңғыстау өлкесіндегі әділдік пен азаттық жолында аянбай тер төккен дала батырларының бірі екені жырда толықтай зерделенген. Орын алған оқиғаның ішіне кіре отырып, деректі тұрғыда түсінікті әрі нақты баяндалған, ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы оның тәуелсіздік жолындағы күресінде атқарған қызметінің жалпы бітімін жинақтай алған. Тарихи жыр-дастандарды негізгі дерек көзі ретінде қарастырғандықтан Сәттіғұл Жанғабыловтың «Досан батыр» жырындағы деректер негізінде материалдар жинақталып, сәйкестіктер мен тың мәліметтер зерттелді. Ел арасындағы дау-дамайды шешудегі терең ой толғаулары мен үлкен тебіреністері көрініс берген. Тарихта Досан батыр бастаған ұлт азаттық көтеріліс шын мәнісінде тек Маңғыстау өлкесін емес, бүкіл қазақ қауымының басынан өткерген ең ірі де, ең ақырғы айқасы болатыны анықталған. Сонымен қатар, ғасырдан-ғасырға куә болып бізге жеткен тарихи деректерді негізге ала отырып, жалпы бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеуде Маңғыстау тарихындағы елеулі оқиғалар сипатталған.

Ильясова К.М., Байманов А.А. 1 Т.ғ.к., доцент, 2 Магистрант. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
ҒТАМР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

Мақала қазақтан шыққан алғашқы қос скрипкашының бірі Әлім Алматтың (Ғалымжан Әбсәламов) музыкант ретінде қалыптасуы мен білім алу жолындағы белестерін көрсетуге арналған. Оқиғалар желісі Алматыдағы Қазақ музыкалық училищесіндегі оқу үдерістеріне сәйкес 1933-1939 жылдар аралығын қамтиды. Скрипкашы Әлім Алмат туралы алғашқы мәліметтер, бізге тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жетті. Алайда, бүгінге дейін оның жеке өмірі мен қызметіне қатысты ресми құжаттар жеткіліксіз, өмірбаяны да айтылған тарих (oral history) ізімен жазылған. Ол туралы жарияланған көлемді мақалалар, очерктер мен кітаптардың барлығы дерлік естеліктер мен сұхбаттарға негізделген. Ал оның студенттік өмірі туралы аздаған мәліметтер, музыкалық училищеде бірге оқыған тағы бір талантты қазақ скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың естеліктерінде ғана кездеседі. Олар екеуі де 1930-40 жылдары Алматыға уақытша жіберілген бір топ скрипкашы-педагогтардан білім алған, ресейлік скрипкашылар Иосиф Лесман мен Евгений Антопольскийдің мектебінен өткен. Олардың бірі орыс скрипкашылар мектебінің негізін қалаушы Леопольд Ауэрдің шәкірті болса, екіншісі француздық скрипкашы Жак Тибоның шәкірті. Вундеркинд-скрипкашы Е. Антопольский Париж консерваториясын бітірген. Алматы музыкалық училищесі Қазақстандағы екінші деңгейлі кәсіби оқу орны болған. Ресейлік скрипкашылардың елімізге келуі, өнер адамдарына тиімді болды, Қазақстанда скрипкалық педагогиканың негізі қаланды.

Б.Б. Карибаев¹, Н.Д. Нуртазина². ¹Зав. кафедрой истории Казахстана КазНУ им. аль-Фараби, д.и.н. проф., ² д.и.н. проф. КазНУ им. аль-Фараби
МРНТИ 03.20.25 ИСТОРИЧЕСКАЯ ФИГУРА КАЗАХСКОГО ХАНА АЗ-ДЖАНИБЕКА (на основе восточных нарративов и генеалогических мифов казахов)

Аннотация. Ввиду особой значимости для национальной историографии личности одного из двух основателей Казахского ханства – хана Джанибека (Абу Саида) в статье предпринята попытка сравнительного анализа и корреляции исторических сведений, содержащихся в восточных, персо и тюркоязычных нарративных сочинениях, казахских легендах и генеалогических рассказах, с тем чтобы реконстуировать образ великого хана в коллективной памяти народа. Используя методы сравнения, систематизации и генерализации, авторы стремились обозначить ключевые моменты родословной и биографии хана, подытожить научные оценки и взгляды с учетом имеющихся разногласий и дискуссий. В ряде вопросов, в том числе причин откочевки Керея и Джанибека от правителя «кочевых узбеков» Абулхайра обосновывается важность интеграциии в поле исследования народных легенд, сохранившихся в «шежире» казахов. В вопросе о происхождении великого хана авторы склоняются к версии о принадлежности Джанибек хана к орда-эдженской ветви джучидской династии. Раскрываются причины и обстоятельства роста популярности хана, который получил в казахской традиции почетный эпитет и звался как «Аз-Джанибек». Ключевые слова: казахские ханы, письменные источники, генеалогии кочевников, историческая память, сведения и факты, легенды и мифы, авторитет правителя, основатель ханства, предки и династии, политика, наследие.

Надырбеков Нурсултан Кытаевич. Магистрант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ

Аңдатпа: Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен. Яғни, соңғы уақыттарда біздің елде зерттелген ерте темір кезеңінің мәдениетін айқындайтын түрлі ескерткіштерден құнды көне жәдігерлердің табылуы археологиялық қазба жұмыстарының материалдары бойынша жіктемесі мен түсініктемесін, ескерткіштердің мәдени анықтамасы мен хронологиясы, оның түрлілігі сынды әлі де түйінді мәселелерді шешуге итермелейді. Сондықтан бұл мақалада біз екі бөлікке бөліп, оны тәуелсіздікке дейін және кеін зерттеген зерттеушілердің археологиялық құжат есебін қолдандық. Төмендегі мәліметтерге сәйкес мақала бастапқы да, Шығыс Қазақстан өңірінің географиялық климатын және топографиясын сипаттап өтеді. Сондай-ақ, тәуелсіз еліміздегі археологиялық қазба жұмыстарының зерттеулері аясындағы қарқынды даму гуманитарлық зерттеулерге жаратылыстану ғылымы мен техникалық ғылымның соны жетістіктерін енгізе отырып қарастыру қажеттілігін көрсетеді. Көп ұзамай осы зерттеулердің мультидисциплинарлы методикалық әдісі де жүзеге асуда.

Қартабаева Е.Т. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ

Аңдатпа. Қазіргі таңда елімізде қолға алынып отырған рухани жаңғыру аясында, сол руханиаттың негізі болып табылатын дін мәселесін қайта қарау, діннің дұрыс түсінігін жалған діншілдіктен ажыратып, діндегі радикализм, экстремизм, ланкестік сияқты келеңсіз құбылыстардың тарихи, объективті себептері мен салдарларын анықтаудың маңызы зор. Ислам дінінің әлемдік дамудағы, соның ішінде, модернизациялық үдерістер тарихындағы орны мен рөлін анықтау да аса өзекті болып табылады. Мақалада исламның бастау көздерін, алғаш қалыптасқан уақытынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихының белесті кезеңдерін талдау негізінде, оның дін ретіндегі басты ерекшеліктері, рухани әлеуеті зерделенеді. Мақала жазудағы басты мақсатымыз – мұсылман халықтарының тарихи дамуындағы ислам дінінің орны мен рөліне талдау жасай отырып, бұл діннің қазіргі таңдағы жаһандану, интеграция және модернизация жағдайындағы орнын анықтау болып табылады.
Previous 1 ... 47 48 49 ... 199 Next