Аңдатпа. Халықтық педагогика және этнография ұлттың жалпы рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар өскелең ұрпақ пен жеке адамды тәрбиелеу ісіндегі халықтың даналығымен тығыз байланысты. Онда сан ғасырлық педагогикалық мәдениет көрініс тауып жатады. Қазақ халқының педагогикалық ой-пікірлеріне жасалған талдаулар алғашқы әлеуметтік дәстүрлі педагогиканың іргетастары күнделікті өмірден алынғандығын, онымен астасып жатқандығын тікелей көрсетіп берді. Құқықтық мәдениет те тұлғаны тәрбиелеудегі халықтық өзектің шығуы еңбектік өндірістік қызметпен және тұрмыстық тәжірибемен байланысты екендігін нақты негіздеп беріп отыр. Халықтық педагогика арқылы жеткіншек ұрпақ дәстүрлі қоғамдағы мемлекеттік қондырғыларды, өз халқының мінез-сипатын, ділін, адамгершілік идеалдарын ұғынады. Осыған орай, әсіресе этнопедагогикада дәстүрлі құқықтық тәлім-тәрбие маңызды орын алып отырды. Мұның себебі әрбір азаматты әрдайым құқықтық тұрғыдан қорғауға жағдайлар туындататын еді. Қазақ қоғамындағы әдет құқығы, шариғат нормалары қамтылған құқықтық плюрализм өз кезегінде аса құпталмайтын барлық құқыққа қарсы іс-әрекеттерден қорған бола білді. Заңдылық пен құқықтық тәртіп қоғамдағы кез келген адамды қорғады, осыған байланысты қазақ отбасылары баланы ертеден-ақ өз құқығын білуге және өзгенің құқығын сыйлауға үйретті.
Аңдатпа. Мақала отандық ғалым, түркітанушы Тұрсынхан Зәкенұлының (Қайыркен) жетекшілігімен іргелі ғылыми-зерттеу жобасы ретінде баспадан шыққан қытайлық тарихшы Су Бэйхайдың 4 томдық «Қазақтың жалпы тарихы» атты қолжазбасын аудару, зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелерін көрсетуге арналған. Жоба ретінде 2018-2020 жж. баспадан шығару көзделген бұл қолжазбаның, алғашқы жарияланған үш томында Қазақ халқының арғы шығу тегі, этникалық құрамы, ұлт болып қалыптасуы мен дамуы және Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасу тарихына қатысты мәселелер қамтылған. Зерттеу жобасының төртінші томында Шығыс Түркістандағы Синьцзян қазақтарының жаңа және қазіргі замандағы тарихы қарастырылады. Құнды түпнұсқалық деректер мен архивтік құжаттарға негізделген бұл қолжазбадағы мәліметтер мен материалдар, Су Бэйхайдың алдыңғы еңбектері сияқты, қазақтардың мәдениетінің тарихын ғана зерттеумен шектелмейді. Оның бастауы ертедегі ғұндар, сақтар мен үйсіндерден басталады. Сонымен қатар түркі дәуіріндегі қағанаттар арасындағы, Қытайдың бергі тарихындағы Цин империясы мен Қазақ хандығы арасындағы түйінді саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер, соның ішінде екі ел арасындағы жер-су, шекара, сауда-саттық байланыстары, Цин империясының Қазақ хандығы, Орта Азия хандықтарымен және Ресей империясымен мемлекетаралық қарым-қатынастары, сол кездегі дипломатия, елшілік мәселесіндегі қазақ ру басыларының менталитеті көрсетіледі. Сондай-ақ қазақтың Абылай, Кенесары сияқты хандарымыздың тұлғалық сипаттамасы және олардың көршілес елдермен арадағы сыртқы саяси ұстанымдары туралы мәселелер қамтылады. Зерттеуші Тұрсынхан Зәкенұлының (Қайыркен) ғылыми жобасы бойынша қытайлық тарихшы Су Бэйхайдың қолжазбасындағы осы және де өзге де мәселелер мақала мазмұнына арқау болды.
Аңдатпа. Мақалада Сәттіғұл ақынның «Досан батыр» жырындағы 1870 жылғы Маңғыстау қазақтары ұлт-азаттық көтерілісінің жалпы сипаттамасы деректік негізде қарастырылып, ішкі себептері мен негізгі мәселелері ашып көрсетіледі.
Нақты деректерге құрылып, негізінде тарихи эпос үлгісінде сомдалған жырдағы қарапайым халықтың өкілі саналатын Досан батыр тұлғасы әсерлі шыққан. Досан батыр – Маңғыстау өлкесіндегі әділдік пен азаттық жолында аянбай тер төккен дала батырларының бірі екені жырда толықтай зерделенген. Орын алған оқиғаның ішіне кіре отырып, деректі тұрғыда түсінікті әрі нақты баяндалған, ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы оның тәуелсіздік жолындағы күресінде атқарған қызметінің жалпы бітімін жинақтай алған. Тарихи жыр-дастандарды негізгі дерек көзі ретінде қарастырғандықтан Сәттіғұл Жанғабыловтың «Досан батыр» жырындағы деректер негізінде материалдар жинақталып, сәйкестіктер мен тың мәліметтер зерттелді. Ел арасындағы дау-дамайды шешудегі терең ой толғаулары мен үлкен тебіреністері көрініс берген. Тарихта Досан батыр бастаған ұлт азаттық көтеріліс шын мәнісінде тек Маңғыстау өлкесін емес, бүкіл қазақ қауымының басынан өткерген ең ірі де, ең ақырғы айқасы болатыны анықталған. Сонымен қатар, ғасырдан-ғасырға куә болып бізге жеткен тарихи деректерді негізге ала отырып, жалпы бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеуде Маңғыстау тарихындағы елеулі оқиғалар сипатталған.
Мақала қазақтан шыққан алғашқы қос скрипкашының бірі Әлім Алматтың (Ғалымжан Әбсәламов) музыкант ретінде қалыптасуы мен білім алу жолындағы белестерін көрсетуге арналған. Оқиғалар желісі Алматыдағы Қазақ музыкалық училищесіндегі оқу үдерістеріне сәйкес 1933-1939 жылдар аралығын қамтиды. Скрипкашы Әлім Алмат туралы алғашқы мәліметтер, бізге тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жетті. Алайда, бүгінге дейін оның жеке өмірі мен қызметіне қатысты ресми құжаттар жеткіліксіз, өмірбаяны да айтылған тарих (oral history) ізімен жазылған. Ол туралы жарияланған көлемді мақалалар, очерктер мен кітаптардың барлығы дерлік естеліктер мен сұхбаттарға негізделген. Ал оның студенттік өмірі туралы аздаған мәліметтер, музыкалық училищеде бірге оқыған тағы бір талантты қазақ скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың естеліктерінде ғана кездеседі. Олар екеуі де 1930-40 жылдары Алматыға уақытша жіберілген бір топ скрипкашы-педагогтардан білім алған, ресейлік скрипкашылар Иосиф Лесман мен Евгений Антопольскийдің мектебінен өткен. Олардың бірі орыс скрипкашылар мектебінің негізін қалаушы Леопольд Ауэрдің шәкірті болса, екіншісі француздық скрипкашы Жак Тибоның шәкірті. Вундеркинд-скрипкашы Е. Антопольский Париж консерваториясын бітірген. Алматы музыкалық училищесі Қазақстандағы екінші деңгейлі кәсіби оқу орны болған. Ресейлік скрипкашылардың елімізге келуі, өнер адамдарына тиімді болды, Қазақстанда скрипкалық педагогиканың негізі қаланды.
Аннотация. Ввиду особой значимости для национальной историографии личности одного из двух основателей Казахского ханства – хана Джанибека (Абу Саида) в статье предпринята попытка сравнительного анализа и корреляции исторических сведений, содержащихся в восточных, персо и тюркоязычных нарративных сочинениях, казахских легендах и генеалогических рассказах, с тем чтобы реконстуировать образ великого хана в коллективной памяти народа. Используя методы сравнения, систематизации и генерализации, авторы стремились обозначить ключевые моменты родословной и биографии хана, подытожить научные оценки и взгляды с учетом имеющихся разногласий и дискуссий. В ряде вопросов, в том числе причин откочевки Керея и Джанибека от правителя «кочевых узбеков» Абулхайра обосновывается важность интеграциии в поле исследования народных легенд, сохранившихся в «шежире» казахов. В вопросе о происхождении великого хана авторы склоняются к версии о принадлежности Джанибек хана к орда-эдженской ветви джучидской династии. Раскрываются причины и обстоятельства роста популярности хана, который получил в казахской традиции почетный эпитет и звался как «Аз-Джанибек».
Ключевые слова: казахские ханы, письменные источники, генеалогии кочевников, историческая память, сведения и факты, легенды и мифы, авторитет правителя, основатель ханства, предки и династии, политика, наследие.