Аңдатпа: Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен. Яғни, соңғы уақыттарда біздің елде зерттелген ерте темір кезеңінің мәдениетін айқындайтын түрлі ескерткіштерден құнды көне жәдігерлердің табылуы археологиялық қазба жұмыстарының материалдары бойынша жіктемесі мен түсініктемесін, ескерткіштердің мәдени анықтамасы мен хронологиясы, оның түрлілігі сынды әлі де түйінді мәселелерді шешуге итермелейді. Сондықтан бұл мақалада біз екі бөлікке бөліп, оны тәуелсіздікке дейін және кеін зерттеген зерттеушілердің археологиялық құжат есебін қолдандық. Төмендегі мәліметтерге сәйкес мақала бастапқы да, Шығыс Қазақстан өңірінің географиялық климатын және топографиясын сипаттап өтеді. Сондай-ақ, тәуелсіз еліміздегі археологиялық қазба жұмыстарының зерттеулері аясындағы қарқынды даму гуманитарлық зерттеулерге жаратылыстану ғылымы мен техникалық ғылымның соны жетістіктерін енгізе отырып қарастыру қажеттілігін көрсетеді. Көп ұзамай осы зерттеулердің мультидисциплинарлы методикалық әдісі де жүзеге асуда.
Аңдатпа. Қазіргі таңда елімізде қолға алынып отырған рухани жаңғыру аясында, сол руханиаттың негізі болып табылатын дін мәселесін қайта қарау, діннің дұрыс түсінігін жалған діншілдіктен ажыратып, діндегі радикализм, экстремизм, ланкестік сияқты келеңсіз құбылыстардың тарихи, объективті себептері мен салдарларын анықтаудың маңызы зор. Ислам дінінің әлемдік дамудағы, соның ішінде, модернизациялық үдерістер тарихындағы орны мен рөлін анықтау да аса өзекті болып табылады. Мақалада исламның бастау көздерін, алғаш қалыптасқан уақытынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихының белесті кезеңдерін талдау негізінде, оның дін ретіндегі басты ерекшеліктері, рухани әлеуеті зерделенеді.
Мақала жазудағы басты мақсатымыз – мұсылман халықтарының тарихи дамуындағы ислам дінінің орны мен рөліне талдау жасай отырып, бұл діннің қазіргі таңдағы жаһандану, интеграция және модернизация жағдайындағы орнын анықтау болып табылады.
Аннотация. Иранские революции 1905 и 1953 годов были подавлены с помощью иностранных государств, чьи интересы выигрывали от подавления демократии в этом регионе. Но «антишахская» революция 1979 года не стала полной победой демократических ценностей из-за действий собственного духовенства. Аятолла Хомейни, использовал свой моральный авторитет для захвата власти переходного правительства. Другие аятоллы попытались протестовать против этого, справедливо предостерегая, что в таком случае одна форма тирании будет заменена другой (Aslan, Reza. «No god, but God.» – NY: Random House Publishing Group, 2006). Так оно и произошло на самом деле - авторитарное правление шаха после революции 1979 года было заменено на авторитарное правление Аятоллы Хомейни. К тому же умелое использование ключевых концептов и символов шиизма, “вливания” теологических воззрений в политику, манипулирования общественным сознанием и религиозными постулатами детерминировало фактическую неограниченность этой власти. Исламская революция в Иране во многом остановила политическое и экономическое развитие страны, сильнейшим образом отразилась на общественной жизни, что привело к большому количеству спорных и неоднозначных событий в последние годы.
Мақалада Ақмола облысына соғысқа дейінгі және соғыс жылдары күштеп қоныс аударылған халықтардың тарихы қарастырылған. Қоныс аударылған халықтар мен ұлт өкілдерінің құрамы талданған, олардың республикада халық шаруашылығындағы жұмыспен қамтылуы, қоныс аударушыларға қатысты жергілікті органдардың әлеуметтік саясаты және олардың жергілікті халықпен өзара қарым-қатынасы талданады.
Мақалада 1917 жылы Ресейдің ұлттық аймақтарының қоғамдық-саяси өміріне елеулі өзгеріс әкелген Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлауы науқанының барысы Шығыс Қазақстан мысалында жан-жақты қарастырылған. Құрылтай жиналысына сайлау науқаны тұсында Қазақстанның шығыс өңірі қоғамының саяси мәні бар әлеуметтік мақсат-міндеттер мен ұлттық сипаттағы мүдделерді Алаш қозғалысы қайраткерлерінің белсенді қызметі арқылы жүзеге асыру әрекеттері талданған. Бұл зерттеулік мақала әртүрлі санаттағы деректер кешені арқылы дәйектеліп, тарихи тұрғыдағы ұстанымдар негізінде жазылған.
Түйін сөздер: Ақпан төңкерісі, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы, Уақытша Үкімет, Алаш қозғалысы, Шығыс Қазақстан, қазақ қоғамы, сайлау