Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

М.С. Ноғайбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, қауымд. профессор, т.ғ.к., А.К. Тоқсанбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, PhD докторант. Алматы қ., Қазақстан.
ӘОЖ 398 (574) КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДАҒЫ БИЛЕУШІ БЕЙНЕСІНІҢ АҢЫЗ-ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

Мақалада көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы, биліктің ішкі саяси құрылымы, халық пен билеуші арасындағы диалог, билеушілердің маңызды шешімдер қабылдаудағы ұстанған принциптері, көшпелі мемлекеттің экономикалық даму ерекшеліктері, көшпелі халықтың кеңістікті танып-түсінудегі дүниетанымы, тұрмыс-салттық ерекшеліктері мен билеушінің мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерінің көне аңыз-ертегілер мен мифтерде көрініс табу мәселесі қарастырылған. Көне сақ, ғұн және түркі дәуірінен келе жатқан аңыздардағы билеушілердің қабылдаған шешімдері сараланды. Аңыз-әңгілемер, мифтер мен ертегілерді зерттеудің маңыздылығы анықталды.

Г.П. Опабекова, Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты, кіші ғылыми қызметкер, Қазақстан, Алматы қ.
ӘОЖ 1(5)(091) "04/14":130.2 АХМЕД ЙҮГНЕКИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ

Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, шығармалары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ахмед Йүгнеки – өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Өзінің «Ақиқат сыйы» дастанымен даңқы жайылған ол ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына өте таныс. Жалпы «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат сөздерден құралғандығы баршамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол мұрасы бүгінгі қоғам үшін үлкен табыс деп атауымызға болады. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, қазақ, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Осы зерттеулер нәтижесінде қәзіргі таңда да, келешекте де Ахмед Йүгнеки мұраларымен танысып, кең дәрежеде пайдалана аламыз.

L. Djansugurova, N. Kahbatkyzy, Z. Samashev, B. Bekmanov, RSE Institute of General Genetics and Cytology, State Historical and Cultural Museum-Reserve "Berel", East Kazakhstan region, Katon-Karagaysky district, Zhambyl settlement
569.9:575.17 THE ANALYSIS OF PATERNAL AND MATERNAL LINES OF ANCIENT OBJECTS FROM ELEKE SAZY NECROPOLIS

A paleogenetic analysis of the human remains of 3 objects of Early Irone Age from the Eleke Sazy necropolis (Katon-Karagai district, East Kazakhstan) was carried out. It was shown that paternal line of the Elite Saka man (mound 4) was characterized by the R1a1a1-M417 haplotype of the Y-chromosome. The J1b1a1e mtDNA haplotype was defined for man and young woman from mound 4. The maternal line of older elite Saka woman (mound 8) was belong to A haplotype of mtDNA. Keywords: paleogenetics, Early Saka, Y-chromosome, mtDNA, haplogroup

С.Қ. ШІЛДЕБАЙ, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, тарих ғылымдарының кандидаты
ӘОЖ 368.08+94(574) ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Мақала түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, тарихшы және дипломат Тұрар Рысқұловқа арналған. Ол Кеңес империясының қоластындағы түркі халықтарының бірлігі мен азаттығы үшін күрескен түрікшіл тұлға. Түркістан халықтарының саяси құқықтары мен бостандығы, олардың еуропалықтармен теңдігі және Шығыстағы революция мәселелері туралы теориялық ой-пікірлер айтқан ірі теоретик, ойшыл. Коминтерннің Моңғолиядағы өкілі ретінде дипломатиялық әрі эмиссарлық қызмет атқарып, Моңғолияның тәуелсіз ел болып қалыптасуы жолында ересен еңбек сіңірген дипломат. Т. Рысқұлов өзінің бүкіл саналы ғұмырын туған халқының жарқын болашағы үшін күреске арнады. Бірақ, оның Қазақстандағы ресми қызметі бар-жоғы екі айға ғана созылды. 1926 жылдың сәуір-маусым айларында ол БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің Баспасөз бөлімін басқарды және «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болып жұмыс істеді. Мақалада архивтің тың құжаттары негізінде Т. Рысқұловтың Қазақстандағы қызметі талдауға алынады.

ЖАНЫМХАН ОШАН, жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., ҚР БҒМ Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты. Алматы қ.
ҒТАМР 02/08 ӘОЖ 94 (574) ТҮМЕН, МӨДЕ БАСТАҒАН ҒҰН ШАНЬЮЙЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДЕ КӨҢІЛ БӨЛЕТІН ТҮЙТКІЛДЕР

Ұлы дала саяси жүйесінің даму кезеңі Ғұн дәуірі деген тарихи кезеңге аяқ басқан тұстан бастап көшпенділердің саяси сахнадағы талас-тартыстары шаньюйлік билікке болған талас ретінде нақтылана бастады. Ғұндардың алып империясы құрылған күннен бастап шаньюй атағы дала төсіндегі мемлекеттік саяси жүйенің ең жоғары атақ-лауазымы ретінде хатқа түсе бастады. Сөйтіп бұл атақ ІІІ-ІV ғасырлар ауқымында «қаған» деген даңқты титулмен орын ауыстырғанға дейін сақталып тұрды. Көшпенділер билік жүйесінде «шаньюй» атауының «қаған» атауымен орын ауыстыруының өзі ұзақ тарихи кезеңді бастан өткерді. Қатысты деректерге негізделгенде бұл өтпелі кезең «Солтүстік ғұн» деп атаған империя құрдымға кетуіп, Сяньби тайпалары Орталық Моңғолияда өз билігін орнатқанға дейінгі аралыққа тура келеді.