Яндекс.Метрика
Басты бет » Жоба туралы » Мақалаларға қойылатын талаптар

Мақалаларға қойылатын талаптар

Құрметті авторлар!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасындағы «edu.e-history.kz» – электронды ғылыми журналының редакциясы автордың бұрын еш жерде жарияланбаған ғылыми қолжазбасын және ілеспе құжаттарды электронды нұсқада қабылдайды.

Редакцияға автор қолжазбасын ғылыми мақаланы рәсімдеу ережесінің қатаң сақталуы негізінде ұсынады.

«edu.e-history.kz» халықаралық электронды ғылыми басылымында ғылыми мақаланы жариялау журнал сайтының интерфейсі арқылы жүктеліп, автор мақаласының қолжазбасы ТЕК онлайн режимінде жіберілуі арқылы жүзеге асырылады. Аталған үдеріс алдымен журнал редакциясына https://edu.e-history.kzсайтындағы «Кіру» бөліміне өтіп, келесі электрондық пошта және құпиясөзді теру жолымен ену бойынша жүзеге асады: электрондық пошта - edu.e.history@gmail.com, пароль -history2021

Автордың талаптарға сәйкес рәсімделген мақаласының қолжазбасы электрондық форматта (doc, docx, rtf форматтарында) «Мақаланы жіберу» бөліміне орналастыру негізінде жүктеліп, жолданады (қараңыз: Материалдарды енгізуге арналған нұсқаулық).

Сайтқа тіркелмеген мақалалар қаралмайды.Мақала қолжазбасы жеке электронды пошта және журнал поштасы арқылы қабылданбайды.

Қолжазбаның түпнұсқалығы «StrikePlagiarism» жүйесінде алдын ала тексеруден өтеді және қанағаттанарлық нәтиже болған жағдайда рецензиялауға жіберіледі.

Оң пікір берілгеннен кейін редакция авторға мақаланың жариялануына қабылданғандығы туралы, сондай-ақ рецензенттер мен редакторлардың ескертулерін де хабарлайды. Соған сәйкес автор мақаланы түзетуі және толықтыруы қажет. Мақала жариялауға ұсынылмаған жағдайда редакция авторға дәлелді бас тартуды жібереді.

Авторлар келтірілген тарихи деректердің, дәйексөздердің, статистикалық және әлеуметтік деректердің, жеке атаулардың, географиялық атаулардың және басқа да мәліметтердің іріктелуі мен нақтылығына жауап береді.

1. Ғылыми мақаланың қолжазбасын рәсімдеу ережесі:

1.1 Мақала көлемі А4 форматта, негізгі мәтіннің шрифтісі – Times New Roman. 1 аралық, азат жол – 1 см, негізгі мәтін 14 шрифтпен, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі, кестелер мәтіні 12 шрифтпен жазылған, 5000 сөзден кем емес және 7000 сөзден аспайтын қолжазбалар қабылданады.

1.2 Сол жағы 3 см, оң жағы – 1 см., төменгі және жоғары жағы – 2 см.

1.3 Негізгі мәтін Word редакторында теріледі.

1.4 Стиль біркелкі болу үшін мәтінде шрифтік бөлу қолданылмайды (курсив, сызу, т.б.).

1.5 Кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. кезекпен нөмірленген және тақырып берілген негізде иллюстрация астына, ортасына (14 кегль, қалыпты) ұсынылады (Мысалы, 1-кесте – Кесте тақырыбы). Мәтінде бір ғана сурет болса, нөмірленбейді. Кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. мақала көлемінің 20%-нан артпауы қажет (аса қажеттілік туындаса 30% дейін).

Негізгі мәтінде әдебиет мен деректерге сілтеме жақшаның ішінде қойылады (Қозыбаев, 1992: 77). Библиографиялық тізім 12 кегльмен мақаланың соңында алфавиттік тәртіппен, нөмірленбей беріледі. Мәтіндегі библиографиялық сілтеме жақшаның ішінде еңбек авторының тегі, баспадан шыққан жылы және пайдаланылған беті көрсетіліп беріледі (Қозыбаев 1992: 77). Егер мақалалар немесе мұрағаттық материалдар жинағына сілтеме берілсе, автордың тегінің орнына жинақтың жауапты редакторының (немесе құрастырушының) тегін көрсетуге болады. Егер сілтеме берілетін еңбек екі авторлық бірлестікте болса, жақша ішінде екі автордың да тегі жазылады (Такенов, Байгалиев, 1993: 17). Ал, үш немесе одан артық авторлар тіркелсе, онда тек бірінші автордың тегі «және т.б.» (Омарбеков және т.б., 2011: 87) деп көрсетіледі. Архив деректері мәтінде толық ашылмайды, тек іс нөмірі мен пайдаланылған парақ көрсетіледі. (ҚР ПА, 2243: 35). Бір автордың бір жылы шыққан екі кітабына сілтеме берілетін жағдайда, жыл соңына «а», «б» деп белгіленеді: (Қойгелдиев, 2020а: 15), (Қойгелдиев, 2020б: 22).

2. Мақала құрылымы:

2.1 Мақалаға ҒТАМР (МРНТИ) шифры қойылады.

Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы (ҒТАМР) – ғылыми-техникалық ақпараттың Мемлекетаралық рубрикаторынан алынған мәліметтер, оның шеңберінде зерттеу жүргізілген ғылыми білімнің саласын көрсетеді. Сол жақтың жоғарғы бұрышында орналасады.

2.2 Келесі жолда мақаланың атауы бас әріптермен, қою қалың қара қаріппен жазылады.

2.3 Жаңа жол ортасында авторлардың аты-жөні (толық), кіші әріптермен, шрифті қалың қаріппен. Егер бірнеше автор болса, негізгі авторды көрсете отырып, мәліметтері көрсетіледі (негізгі автордың аты-жөні бірінші тұрады). Жол үсті таңбалармен (1), (2) аффиляция белгіленеді (жұмыс орны, қала, мемлекет). Ал автор-корреспондент жұлдызша (*) белгісімен қойылады.

2.4 Азат жолдан кейін автордың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі, ұйымның атауы, елі, қала, электронды пошта. Барлық авторлардың электронды поштасы жазылады, ал байланыс авторының поштасының алдына жұлдызша (*) белгісі қойылады. Автор туралы ақпарат сонымен қатар автордың ORCID iD профиліне сілтемені қамтиды.

2.5 Азат жолдан кейін мақаланың аңдатпасы (100-200 сөз) және түйін сөздер (10 сөзге дейін).

Аңдатпа – мақаланың мазмұнын, қойылған мәселені және зерттеудің мақсатын ашады, маңызды фактілерді, автордың негізгі дәлелдері мен ұстанымын, сондай-ақ зерттеудің нәтижелерін көрсетеді. Аңдатпаның ұсынылатын көлемі 100-200 сөз.

Түйін сөздер – бұл мақалада ең маңызды болып табылатын және зерттеу тақырыбы мен саласын мүмкіндігінше дәл сипаттайтын сөздер. Олар мақаланың мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар, мәселелер, географиялық терминдер және басқа аспектілерді қамтиды. Кілт сөздер ретінде жалғыз сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болады. Ұсынылған түйін сөздер саны 5-10.

Жоғарыда көрсетілген 2.2-2.5 талаптары мақала құрылымында үш тілде кезекпен орналастырылады.ҒТАМР, мақала атауы, авторлар туралы мәліметтер, түйіндеме, түйін сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

Мысалы:

ҒТАМР 03.20.00

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Мұхатова Оразгүл Хасенқызы¹*, Қаипбаева Айнагүл Толғанбайқызы²

¹Тарих ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. Қазақстан, Алматы қ. E-mail: orazgulmukhatova502@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-8613-7248

²Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, жетекші ғылыми қызметкер Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. Қазақстан, Алматы қ. E-mail: aina__78@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-3387-624X

*Автор-корреспондент

Аңдатпа. Мәтін, мәтін, мәтін……

Түйін сөздер: мәтін, мәтін……

ЕСКЕРТУ! Үш тілде мәлімет дәл осы үлгіде беріледі. ЖОО мамандарына қатысты ақпаратта кафедра жазылмайды.

3. МАҚАЛА МӘТІНІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

3.1 Кіріспе (зерттеу мәселесінің өзектілігі);

3.2 Материалдар мен әдістер (материалдар мен әдістер нақты жазылады);

3.3 Талқылау (осы тақырыппен кімдер айналысқаны туралы тарихнама сипатталады);

3.4 Зерттеу нәтижелері (мақаланың негізгі бөлімі);

3.5 Қорытынды;

3.6 Егер мақала қандай да бір ғылыми қордың не жобаның қаржыландыруынан болса, ақпарат және/немесе алғыс негізінде көрсетуіңізге болады.

3.7 Әдебиеттер мен деректер тізімі (түпнұсқа тілінде). Әдебиеттер немесе дереккөздер алфавиттік тәртіппен жазылу керек.

3.8 References (транслитерацияда егер сілтеме ағылшын тілінде болмаса, жақша ішінде ағылшын тіліндегі мағынасы беріледі). Егер орыс тілінен аударылса, сілтеме соңында (In Russian) деп көрсетіледі.

«References» – ағылшын тіліндегі библиографиялық ақпарат, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің транслитерациясы. Бұл бөлімде латын тілінде жазылмаған, барлық әдебиеттер латын алфавитінің көмегімен транслитерация жасалған пайдаланылған жұмыстардың тізімі беріледі. Содан кейін қисық жақша ішінде сілтеме берілген еңбектің аты ағылшын тілінде аударылып жазылады, ал соңында тік жақша ішінде деректің түрнұсқада жазылған тілі көрсетіледі [Іn Kazakh / In Russian]. Кітаптан дәйексөз келтірілген жағдайда баспаның атауы (егер бұл мекеменің атауы болса) және басылған орны ағылшын тіліне аударылады, ал қалған барлық жағдайларда – транслитерацияланады.

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі бойынша мақаланың құрылымы аяқталады және «Әдебиеттер мен деректер тізімі» деген атаумен беріледі. Әдебиеттер нөмірленбей, алфавиттік ретпен беріледі. Қазақ, орыс т.б. тілдердегі әдебиеттер роман тілді латын қарпіне ауыстырылып, тік жақша [...] ішіне әдебиеттің ағылшын тіліндегі аудармасы беріледі.Басылымның шыққан жері толық жазылады.М., Л., А., А-А., СПб. деп қысқартылмайды.

ГОСТ 7.1-2003 сәйкес орыс және қазақ тілдеріндегі библиография стилі «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері» (БҒССҚК мақұлдаған талап) бойынша рәсімделеді.

Интернет желісі ресурстары бойынша сайтқа сілтеме берген жағдайда сайт, тақырып аты, қаралған күні көрсетіледі.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Алдажұманов Қ. Атты әскер дивизиясының тағдыры // Егемен Қазақстан. – 2018. – 24 сентября (№ 180). – С. 9.

Баринов И.И. Германская стратегия в Центральной Азии в годы Первой мировой войны // Цивилизационно-культурные аспекты взаимоотношений России и народов Центральной Азии в начале ХХ столетия (1916 год: уроки общей трагедии): сб. докл. Междунар. науч.-практ. конф. – Москва, 2016. – С. 114–118.

Брайнин С., Шафиро Ш. Восстание казахов Семиречья в 1916 г. – Алма-Ата: Казкрайиздат, 1936. – 104 с.

Голиков А.Н. Роль кавалерийских частей Красной Армии в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.: на материалах II гвардейского кавалерийского корпуса. Дисс… к.и.н. – Москва, 2009. – 216 с.

Грозный 1916-й год: сб. документов и материалов. – Алматы: «Казахстан»,1998. – 422 с.

Сәдуақасова П.Қ. Жанайдар Садуақасов: өмірі мен қызметі. – Қарағанды, 2008. – 300 б.

Котюкова Т.В. Восстание 1916 года в Туркестане: документальные свидетельства общей трагедии. – [Электронный ресурс] – URL: http://berlek-nkp.com/analitics/5587-vosstanie-1916-goda-v-turkestane-dokumentalnye-svidetelstva-obschey-tragedii-sbornik-dokumentov-i-materialov.html(дата обращения: 22.10.2017 г.)

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. – 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2000. – 768 б.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (ҚР ОМА). 264-қ., 1-т., 13-іс.

ҚР ОМА. 264-қ., 1-т., 13-іс.

Максимов К.Н. 110-я отдельная калмыцкая кавалерийская дивизия в военной истории Калмыкии // Вестник Калмыцкого института гуманитарных исследований РАН. – 2011. – №1. – С. 48-55.

Транслитерация үлгісі:

References (латынша транслитерация)

Суляк С.Г. Этнодемографические процессы в Бессарабии в XIX – начале XX в. // Русин. Международныйисторическийжурнал. –2012. –№ 1 (27). –С. 6-26.

Sulyak S.G.Etnodemograficheskie protsessy v Bessarabii v XIX – nachale XX v. [Ethno-Demographic processes in Bessarabia in the XIX - beginning of the XX ages].Rusin. International historical magazine. – 2012. – N 1 (27). – P. 6-26 [in Russian].

Материалдардың көлемі:

Мақаланың көлемі:түйіндеме, әдебиеттер тізімі, ескертулерді қоса есептегенде 5000-7000 сөз аралығында.

Пікірдің (рецензия) көлемі: 1500-1600 сөз. Рецензияланатын кітаптың шығу деректері толық келтірілуі тиіс (баспаны қоса алғанда, беттер саны, сондай-ақ жинақтарға қатысты жауапты редакторлардың немесе құрастырушылардың аты-жөндері).

Талаптарға сай безендірілмеген мақалалар қолжазбасы жариялауға жіберілмейді.

Жауапты редактор: КаипбаеваА.Т. – 87014041878

Редактор: Кубеев Р.Ж. – 8777 228 82 73

Редакцияның мекен-жайы: 050010, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко көш., 28,

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағыТарих және этнология институты

тел.: +7 (727) 261-67-19

факс: +7 (727) 261-67-19

+7 (727) 272-47-59

Журнал поштасы:edu.history@bk.ru

Журнал сайты:www.edu.e-history.kz

Төлем «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы төмендегі есепке төленеді:

Банк реквизиттері:

РГКП «Институт истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова» КН МОН РК

БИН 990340002982

КБЕ 16

ИИК KZ 318560000000081 691 АО «БанкЦентрКредит»

БИК KCJBKZKX

Юр. адрес г. Алматы ул. Шевченко 28

Тел. 261-67-19Факс 272-69-72

Мақаланың құны банктың комиссиясынсыз 10 000 (он мың) теңге.

ЕСКЕРТУ!

Мақала жарнасы қолма қол төлем негізінде қабылданбайды.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз