Яндекс.Метрика
Басты бет » Жоба туралы » Сын-пікір беру

Сын-пікір беру

Жауапты редактор «edu.e-history.kz» журналы редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалардың қолжазбасының техникалық рәсімдеуге сәйкестігін анықтайды және антиплагиат тексерісінен сәтті өткен соң нәтиже көрсетілімі негізіндегі қорытындысымен бірге рецензенттерге жіберіледі. Мақалалар міндетті екі жақты рецензиялаудан өтеді (мақала авторлары туралы ақпараттар рецензенттерге белгісіз, сонымен қатар рецензенттердің аты-жөні мақала авторларына белгісіз).

Ғылыми бағыттарға жауапты редакция алқасының мүшесі авторлар туралы мәліметтерді көрсетпей, мақаланы журнал сайтының онлайн жүйесі арқылыекі тәуелсіз рецензент – ғалым-мамандарға тиісті тақырып бойынша немесе зерттеу тақырыбына жақын салалар бойынша жібереді. Бұл ретте редакциялық алқа мүшелері рецензенттер бола алмайды.Журналдың сайтында рецензенттер базасында тіркелген, сырттан тартылған мамандар рецензенттер болып табылады. Пікір беруші өзі жұмыс істейтін мекеме мөрімен сын-пікірін растауы тиіс.Әрбір жеке жағдайға байланысты рецензиялау мерзімін редакция анықтайды.

Сын-пікірдің сапасы мен мақала қолжазбасына пікір берудің уақытылы өткізілу жауапкершілігі жауапты редакторға жүктеледі.

Сын-пікір құпия түрде өткізіледі. Пікір беруші өзіне жіберілген қолжазбалар автордың зияткерлік меншігі екендігін және оны жария етуге болмайтындығын білуге міндетті. Сын-пікір беруші қолжазбада берілген материалдардың жалғандығы немесе бұрмалануы туралы хабарлаған жағдайда ғана жариялылық бұзылады. Әрбір сын-пікір беруші қолжазба материалдарында мәліметтерді түсіну мен интерпретациялауда туындайтын ашық мүдделер қайшылығын байқаса рецензиялаудан бас тартуға құқылы.

Егер сын-пікірде түзетулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар болса жауапты редактор сын-пікірдің мәтінін авторға жіберіп, онда айтылған ұсыныстарды мақаланың жаңа нұсқасында ескеруді немесе келіспеген жағдайда оны дәлелдеуді (жартылай немесе толық) талап етеді. Автордың түзетілген (қайта қарастырылған) мақаласы сын-пікір берушіге қайта жіберіледі.

Пікір берушінің жариялауға ұсынылмайды деген қорытындысы болған жағдайда мақала қайта қарастырылмайды. Оң пікірдің болуының өзі де мақаланы жариялауға толық негіз болмайды. Мақаланың жариялануы туралы нақты шешімді редакция қабылдайды.

Жариялауға жіберілмейді:

– талаптарға сай рәсімделмеген немесе автор қолжазбада техникалық түзетулер енгізуден бас тартқан жағдайда;

– сын-пікірде берілген нақты ескертпелерді басшылыққа алмайтын немесе дәлелді түрде теріске шығармайтын мақалалар.

Сын-пікірдің мазмұнына қатысты нұсқаулық

Магистранттар мен докторанттардан мақаланы жариялауға болады деген ғылыми жетекшінің сын-пікірі талап етіледі (ғылыми дәрежесі барлардан қажет емес).

Ғылыми кеңесші немесе жетекші пікірі орнына сол тақырып бойынша жетекші маманның немесе мақала жазылған мекеме Ғылыми кеңесінің пікірін ұсынуға болады. Барлық пікірлер мен сын-пікірлер жұмыс орындалған мекеме мөрімен расталып, сканерден өткізіліп, Word форматында түпнұсқамен бірге электронды түрде жіберіледі. Көлемі – 0,5 бетке дейін.

Сын-пікірде мақала материалдарына жоғары сапада талдау жасалып, келтірілген мәліметтер объективті бағаланып және ашық жариялауға деген ұсыныстар дәлелді болуы қажет. Сын-пікір беруші мақалаларды белгіленген талап бойынша бірқатар нысандер негізінде бағалайды, оның ішінде келесі мәселелерге ерекше назар аударылуы қажет: мақала мазмұнының журналдың бағыты мен ғылыми талаптарына сәйкестігі; мақаланың сипаты (іргелі, пәнаралық, қолданбалы, шолу, рефераттық); мақала атауын нақты тұжырымдау, тақырыптың өзектілігі мен мақаланың ғылыми-деңгейі; мәселені қоюдың және оны шешудің ғылыми жаңалығы; мақала мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі; тақырыпқа мамандар мен қалың оқырманның қызығушылығы; деректердің, қорытындылардың, ұсыныстардың тиімділігі; беделді дереккөздерге, ғылыми әдебиеттерге сүйену; эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін (соның ішінде автордың өзі орындаған) пайдалану; мақаланың тілі мен стилі, оның ғылымилығы; автор пайдаланған әдіс-тәсілдер мен зерттеу нәтижелері, ұсыныстардың қазіргі ғылыми жетістіктерге сәйкес келу-келмеуі; жалпы мақала көлемі және оның ұтымдылығы (мәтіні, иллюстрациялық материал, библиографиялық сілтеме); иллюстрациялық материалды орналастырудың қажеттілігі мен оның тақырып мазмұнына сай келуі; сын-пікір беріліп отырған қолжазбаның тарихнамадағы орны (басқа авторлар немесе мақала авторының бұрынғы жарық көрген еңбектерін қайталап беруі); автордың фактілік қателіктер мен жалғандыққа жол беруі, мақала материалдарыныңталапқа сай рәсімделуі, аннотация мен түйін сөздерді, әдебиеттер тізімін дайындау бойынша журналдың талаптарын есепке алу т.б.

Сын-пікір берушінің ескертулері мен ұсыныстары шынайы және дәделді болуы қажет әрі ол қолжазбаның ғылыми деңгейін көтеруге бағытталуы керек.

Сын-пікірдің қорытынды бөлімінде мақала туралы толық және нақты тұжырымдама жасалып, оны жариялау-жарияламау туралы анық пікір айтылуы қажет:

– мақала осы қалыпта жариялауға ұсынылады;

– мақала Сын-пікір беруші белгілеген ескертулерді түзеткеннен кейін жариялауға ұсынылады;

– мақалаға басқа маманның қосымша сын-пікір беруін қажет етеді;

– мақаланың журналда жариялануы ұсынылмайды.

Сын-пікірлердің түпнұсқасы «edu.e-history.kz» электронды журналының редакциясында бір жыл бойы сақталады.

Мақаланың редакцияға келіп түскен уақыты оны жариялау кезегін анықтау барысында ескеріледі.

Мақала қолжазбасын қараудың орташа мерзімі –1 ай.

«edu.e-history.kz» журналының сын-пікір беру тәртібі редакциялық алқа отырысында толықтырылып, қайта бекітілді (08.01.2021 ж. №1 хаттама).


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Азамат Утемуратов25.02.2016, 12:22

Макала оте адеми жазылыпты