Яндекс.Метрика
Басты бет » Редакция » ЖАРИЯЛАНЫМДАР ЭТИКАСЫ

ЖАРИЯЛАНЫМДАР ЭТИКАСЫ

Ел: Қазақстан

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасындағы «edu.e-history.kz» – электронды ғылыми журналының редакциялық жарияланым этикасы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV Заңы талаптарына сәйкес және ғылыми мерзімді баспа қауымдастығы қолдайтын жалпы қабылданған этикалық қағидаларды ұстанады. Сондай-ақ, ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі комитеті (COPE) әзірлеген ғылыми жарияланымдар этикасының халықаралық стандартын ұстанады. Сонымен қатар беделді халықаралық журналдардың (Scopus (Elsevier) және т.б.) тәжірибесін мойындайды.

Ғылыми жарияланымның сапасын арттыру мақсатында редакциялық алқа және ғылыми жарияланымдар үшін жауапты тұлғалар халықаралық қоғамдастықтың этикалық құндылықтары мен стандарттарын сақтауға, сондай-ақ дәйексіз ақпараттың ұсынылуынан, бұрмалаудан, плагиаттан және т.б. сақтануы қарастырылған. Осы орайда, ғылыми мақаланы жазу барысында автор этика мен интеллектуалды адалдық пен әділеттіліктің негізгі қағидаларын қатаң сақтауы тиіс. Егер редакцияға журналда жарияланған мақалаларға қатысты құқық бұзушылықтар немесе этикалық нормалардың бұзылуы туралы белгілі болса, онда ол ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі комитеті (COPE https://publicationethics.org/core-practices)(немесе оның баламасы) ұсынымын басшылыққа алуға міндеттенеді.

Редакция сонымен қатар ғылыми жетістіктерді әлеуметтік ортада тануға қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Жариялау үдерісі барысында әрбір автор, ғылыми редактор, рецензент, «edu.e-history.kz» электронды ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшелері жарияланым этикасының қағидаттарын, нормалары мен стандарттарын сөзсіз ұстануға міндетті. Этикалық қағидаларды сақтау ғылыми журналдың сапасын қамтамасыз ету және сақтау үшін де, жариялау үдерісіне қатысушылар арасында сенімді қалыптастыру және құрметпен қарау үшін де маңызды.