Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Б.Ж. КАБДУШЕВ, «Қазақстан тарихы және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доцент, Алматы энергетика және байланыс университеті. Алматы қ.
930.2 НҰРМАҚОВ - ТҮРКСІБКЕ ҚОЛДАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мақалада Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болған Нығмет Нұрмақовтың 1926-1929 жылдары Түркістан-Сібір темір жолының салынуына қатысты басшылық қызметі қарастырылады. Ол Қазақ үкіметінің Түрксібке қолдау көрсету комитетінің төрағасы ретінде құрылыстың бар ұйымдық жұмысын абыроймен атқарып шықты. Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын жолдың ашылуы Қазақстаның астанасы Алматының өсіп гүлденуіне, оңтүстік облыстардың экономикалық-мәдени дамуына, қосқан маңызы шексіз болды.

С.Қ. ШІЛДЕБАЙ, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, тарих ғылымдарының кандидаты
ӘОЖ: 368.08+94(574) ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ОСПАН БАТЫР

Мақалада Кеңес Одағының Шыңжаңға қатысты саясаты және Шығыс Түркістан Республикасының құрылу тарихы мен Алтай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы болған Оспан батырдың тарихи тұлғасына қатысты ғылыми талдау жасалады. ХХ ғ. 20-30-жж. Қытайдың Шыңжаң аумағы толықтай Кеңес Одағының тікелей ықпалында болды. Кеңес Одағы басшылығының ХХ ғ. 30-жылдарында Шыңжаңға қатысты қабылдаған шешімдеріне қарап, Шыңжаңның толықтай КСРО дотациясына көшкенін көруге болады. Осындай жағдайда, жергілікті қытайлық билік өкілдерінің өзі Шыңжаңның КСРО-ға қосылуы туралы мәселені бірнеше рет көтереді. Кеңес Одағының арнайы жобасы ретінде 1944 ж. 12 қарашада жарияланған Шығыс Түркістан республикасы алғашқы күннен бастап КСРО-ның тікелей қамқорлығына алынды. Бірақ, КСРО фашистік Германияны талқандаған соң, Тегеран-Ялта-Потсдам конференцияларында мойнына алған міндеттемелеріне сәйкес Жапонияға қарсы соғыс ашуы тиіс болды. КСРО басшылығы тез арада Қытаймен қарым-қатынасын ретке келтіре бастады. 1945 ж. тамызда жасалған кеңес-қытай келісімінен кейін Шығыс Түркістан тағдыры толықтай шешілген болатын. Осындай жағдайда, Алтай қазақтарының басшысы Оспан батыр КСРО-ға да, Қытайға да бағынудан бас тартып, өмірінің соңына дейін азаттық үшін арпалысты.

Т.Т. Далаева, к.и.н., доцент КазНПУ им. Абая. г. Алматы, Казахстан.
УДК 94(574) «1822-1868» От пожалования к производству: механизм получения военного чина казахами в Российской империи (перв. пол. XIX в.)

В Российской империи награды для должностных лиц являлись знаком отличия и отражали их социальный статус в обществе. В статье представлена характеристика распространения наградной системы Российской империи для поощрения казахов в первой половине XIX века во внешних округах Западно-Сибирского генерал-губернаторства. Основное внимание уделено изучению практик получения военного чина казахами, вступившими в службу в административные структуры местного управления после введения Устава 1822 г. Источниковой базой послужили документы о награждении должностных лиц из числа казахов, вступивших на службу Российской империи в первой половине XIX века из Центрального государственного архива Республики Казахстан. Ключевые слова: казахские должностные лица, местное управление, военный чин, гражданский чин, внешний округ, Западно-Сибирское генерал-губернаторство, Российская империя, служба, 1822-1868 гг.

Т.А. Еришева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, PhD докторант. Нұр-Cұлтан қ., Қазақстан.
ӘОЖ 94(574) АТАТҮРІК БИЛІГІ КЕЗІНДЕГІ ТҮРКИЯДАҒЫ ЖӘНЕ ПОСТКЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАДЫ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУЛАР САБАҚТАСТЫҒЫ

Мақалада Ататүрік билігі кезіндегі Түркиядағы және посткеңестік Қазақстандағы тарихи жады мен ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған реформалар қарастырылған. Негізінен Ататүріктің тарих және тіл салалары бойынша жүргізген реформаларының тарихи жады мен сананы қалыптастырудағы маңызы көрсетілген. Ататүріктің халық алдындағы беделінің жоғары болуына байланысты бұл реформалар сәтті жүзеге асты. Соның нәтижесінде елде жаңғыру мен жаңару процесі жан-жақты өтті. Түрік халқының ұлы реформаторы жаңа мемлекетті «Бір ел, бір халық, бір көсем» деген принциппен құрды. Қазақстанда Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен тарихи сананы қалыптастыру бағытында бірқатар реформалар жүргізілді. Түркия мен Қазақстанда іске асырылған реформалардан сабақтастық айқын байқалады.

Д.Ж. ЖАЙЛЫБАЕВ, Еуразия ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Алматы қ., Қазақстан
ӘОЖ 316.344.55:39(574) ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ ҮРДІСТЕРІ

Мақалада Қазақстанның оңтүстік облыстарынан солтүстік өңірге қоныс аудару үрдістері қарастырылған. Сонымен қатар, Солтүстік облыстардағы демографиялық ахуалдың төмендігі мен еңбек күшінің жеткіліксіздігі көрініс табады. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан қолға алынып отырған арнайы жобалардың Солтүстікке қоныс аудару үрдісіне жалғасып отырғандығы беріліп отыр. Солтүстікке қоныс аудару жобасы еліміздегі ішкі миграциялық үрдістердің стратегиялық маңызы жоғары бағыты болып есептеледі. Түйін сөздер: миграция, солтүстік, Түркістан облысы, еңбек күші, жұмыссыздық, стратегия, демография, жастар