Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Н.А. ТАСИЛОВА, ЖАППАСОВ Ж.Е., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, т.ғ.к. Қазақстан, қ. Алматы.
ӘОЖ 930.2:94(574) ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ МЕН ОРЫС ЕЛІ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ РӨЛІ

Бұл мақалада ортағасырларда тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығының билеушісі әйгілі Шығай ханның баласы - Тәуекел ханның тұсындағы мемлекеттің ішкі саяси жағдайының өзгеруі мен көрші жатқан орыс елімен байланысы, сонымен қатар Мәуреннахрдағы Шайбанилер, Ирандағы Сефевилер әулеті арасындағы саяси-дипломатиялық, әскери, сауда-экономикалық байланыстарының тарихы ортағасырлық жазба деректер мен тарихнамалық еңбектердің негізінде зерделенген. Әсіресе, Мәскеу мемлекетімен болған алғашқы ресми дипломатиялық байланыстардың тарихы, маңызы көрсетіліп, ХVI ғасырдың екінші жартысындағы орыс мемлекетімен дипломатиялық ресми қатынастарды шебер орнатқан, қазақ мемлекеттілігінің пайдасына шеше білген Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты талданған.

Қ.Б. АЛПЫСБАЕВА, М.О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филол. ғылым. кандидаты, А. ОРАЛБЕК, М. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, пед. ғылым. магистрі, Алматы қ. Қазақстан.
821.512.122; 809:398 ЕР САЙЫН ЖЫРЫНЫҢ ЖИНАЛУ ТАРИХЫ

Ұлттық фольклорымыздың бай мазмұнды жанрларының бірі – батырлар жыры. Солардың ішінен «Ер Сайын» жырына тоқталар болсақ, ол – қазақ халқының ерте замандардан жеткен аса көркем батырлық жырларының бірі. Еңбегіміздің зерттеу нысанасы ретінде «Ер Сайын» жырының жиналу тарихы талданады. Жұмыстың әдістемесін текстологиялық, салыстырмалы-тарихи, құжаттанулық, деректемелі библиографиялық зерттеулер әдісі құрады. Нәтижесін жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға және әдебиеттанушы мамандарға пайдалануға болады. Кеңес Одағы кезінде жарық көрген жоғарыда аталған туындылардың көбі мысалда көрсетілгендей біраз кешіліктермен жарық көрді. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып, мүмкіндіктер туғаннан кейін қазақ халқының тарихын зерделеу жөнінде жаңа көзқарастар туып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы тотолитарлық жүйеге орай тек, саяси және таптық тұрғыда талдау жасалып, теріс бағаланып келген әдебиет тарихының көптеген мәселелері, соның ішінде халық мұрасының жан-жақты зерттеліп, әділ бағалануына қолайлы жағдайлар туғызды. Ал 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен үкімет Қаулысы нәтижесінде «Мәдени мұра» кешенді Мемлекеттік бағдарламасы аясында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Бабалар сөзі» сериясы ғылыми басылымының жүзтомдығын жарыққа шығарды. Қазақтың рухани мұрасы ешбір өзгеріссіз, бастапқы қалпында қалың жұртшылыққа қайтарылып, ғылыми айналымға енді.

Қ.Мұхитов, т.ғ.к., Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ униерситетінің доценті. Атырау қ. Қазақстан Республикасы.
908 (574) КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

Тәуелсіздігін алған жылдары Қазақстан үкіметі өзінің шикізатын экспортқа шығару үшін көптеген жұмыстар жасады. Солардың бірі Каспий Құбыр Консорциумын құру болып табылады. Шамамен он жылдай уақыт бойы ірілі-ұсақ келіссөзден кейін бұл Жоба іске қосылды. Жоба тек қана еліміздің мұнайын сыртқы нарыққа шығарып қоймай, сонымен қатар ішкі инфрақұрылымды да дамытуға ат салысып келеді. Каспий Құбыр Консорциумы халықаралық деңгейде құрылған тұңғыш бірлескен кәсіпорын болып табылады. Сол себепті бұл Жобаның тарихы еліміздің мұнайын сыртқы нарыққа шығару ісін зерттеуде маңызды роль атқарады деп сенеміз. Түйін сөздер: КҚК, Теңіз-Новороссийск, мұнай құбыры, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Оман Сұлтандығы т.б.

Т.Ә. ӘПЕНДИЕВ, жетекші ғылыми қызметкері, PhD. А.Н. ҚОҢҚАБАЕВА, кіші ғылыми қызметкер, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Алматы қ.
ҒТАМР 03.20.00. ӘОЖ 92959 (574) ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚТАР: ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Ресей империясының құрамында болған кезеңде жүргізілген саяси-әкімшілік реформалардың барысында қазақ жеріне өзге ұлт өкілдерін қоныстандыра бастағаны, бұл үдерістің кеңестік дәуірде күшейе түскендігі баршамызға мәлім. Соның нәтижесінде қазақ халқының құрамы өзгерістерге ұшырап, көпұлтты, яғни полиэтникалық сипатқа ие болған еді. Қазіргі кезде Қазақстан территориясында жергілікті қазақ халқынан басқа тұратын ұлт өкілдерінің тарихын, мәдениетін, өмір сүру салтын зерттеудің маңыздылығы зор. Мақалада қазақ жерін ертеден қоныстанған түркі тілдес халықтардың бірі қарақалпақ халқы жайлы баяндалады. Ғылыми мақаланың мақсаты – қарақалпақ халқының этникалық шығу тегі, тілі мен жазуы, қолөнері, киімі, діні мен наным-сенімдері, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, мерекелері, асханасы мен тағамдары, шаруашылығы, отбасылық дәстүрі туралы мәліметтерді талдау болып табылады.

Т. ӘМИНОВ, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы инстиутының аға ғылыми қызметкері, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, Нұр-Сұлтан қ.
ОӘЖ 394:944 А 62 ДӘУЛЕТКЕРЕЙ ШЫҒАЙҰЛЫ (1820–1877) – КҮЙШІ, ДАРЫНДЫ КОМПОЗИТОР, ҰЛТТЫҚ КҮЙ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ

РІМақала атақты күйші-композитор, XIX ғасырдағы дала демократиясының даңқты өкілі Дәулеткерей Шығайұлы өмірі мен шығармашылығының маңызын ашуға арналған. Ол өзінің шыққан тегі бойынша далалық ақсүйектер өкілдерінің сол дәуірдегі неғұрлым атақты тобына жатады. Дәулеткерей өзі сұлтан болған кезінде үлкен абыройға, халық құрметіне бөленеді. Алайда, ата тегі мен шықан ортасына қарамастан, Дәулеткерей халқымыздың сүйікті композиторына айналады. Оның лирикалық нәзік күйлері қазақ халқының баға жетпейтін асыл қазынасы болып табылады. Өмірінің соңғы жылдарында Дәулеткерей өзінің білімі мен тәжірибесін жас орындаушыларға беруге тырысады. Шәкірттері оны құрметтеп «Бапас» (әке) деп атайды. Дәулеткерейдің музыкалық мұрасы осы шәкіртерінің арқасында біздің заманымызға жетіп отыр.