Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Р.С. ЖАРҚЫНБАЕВА¹, С.Н. БАЙЖАНОВА², ¹т.ғ.д., әл-Фараби ат. ҚазҰУ проф. ²әл-Фараби ат. ҚазҰУ магистранты
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Өзбекстан Республикасы өзінің геосаяси және экономикалық маңыздылығына, табиғи және адами ресурстарына байланысты халықаралық назарын өзіне аударады. 28 жылдық тәуелсіз Өзбекстанның халқы шетелдік және аймақтық зерттеушілердің басты назарына айналды. Мақала Өзбекстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуының ерекшеліктеріне арналған. Білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық жағы, негізгі өзгерістері қарастырылды. Қазіргі таңда Өзбекстан білім беру жүйесін модернизациялауға назар аударғаны көрсетілген. Постсоветтік кеңістікте Өзбекстан білім беру жүйесіне қаржы құюдан алдынғы орынды иеленеді, бірақ соған қарамастан халықты жоғары біліммен қамтамасыз етуде және гендерлік сәйкессіздікте кедергілер кездеседі. Кілт сөздер: Орталық Азия, аймақ, Өзбекстан, білім жүйесі, реформа, модернизация, серіктестік.

О.Д. БЕКЖАН, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, жетекші ғылыми қызметкер, Алматы қ.,
ӘОЖ 930.27(035.3) ҚАССАҚ ЭТНОНИМІ ЖАЗЫЛҒАН КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ

Еуропадан табылған көне түркі күлбізік жазуларының оқылуы жайындағы пайымдар сілтемеде көрсетілген С.Я. Байчоровтың кітабында баяндалған. Оны бірінші рет ашқан ғалым да жоғарыда келтірген – С.Я. Байчоров. Ол алғашқы еңбек болғандықтан әлі де қосымша зерттеуді қажет етеді. Украинадағы Маныч өзенінен табылған жазудағы таңбалар түгелге жуық орқұн-енесей жазуының таңбаларына сәйкес келеді. Онда түркілік ата-бабалар ақыл ойының озықтығы және қазақ ұлттық есімінің ежелгі түпкі нұсқаларының бірі болып табылатын және ең алғашқы рет ұшырасқан қассақ сөзі жазылған. Кілт сөздер: руна, орқұн-енесей жазуы, күрделі графема, маныч-І жазуы, күлбізік, жәдігер.

Б. СМАГУЛОВ, Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, научный сотрудник Отдела этнологии и антропологии, кандидат исторических наук
МРНТИ 03.29 УДК 929 С 50 ОБЩЕСТВЕННАЯ И ВОЕННО-ПОЛИТИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ТОНЬЮКУКА В ПЕРИОД ВТОРОГО ТЮРКСКОГО КАГАНАТА (VII – VIII ВВ.)

В статье дан анализ военно-политической деятельности Тоньюкука – выдающегося полководца, политического деятеля Второго Тюркского каганата (682–745) в указанный период времени. Деятельность этого военачальника рассматривается в связи с историей Танской империи (Китай), Кыргызского и Тюргешского каганатов, а также других государств. В частности, в работе рассматриваются военные операции против указанных государств, организованные при участии Тоньюкука, и роль этой личности в истории Второго Тюркского каганата. Кроме того, автор обращает внимание и на историографические аспекты нашего вопроса. В частности, уделяется внимание трудам отдельных исследователей, которые были посвящены данной темы или в которых рассматриваются отдельные ее аспекты. Автор обращается также к теоретическим вопросам роли личности в истории, который исследователи изучали с философской, исторической, социологической точек зрения. Ключевые слова: Тоньюкук, Второй тюркский каганат, история Казахстана, тюрки, памятники древнетюркской письменности.

Н.Т. ЖАНАҚОВА, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты.
930.2 ҚАЛИ БІЛӘЛОВ – ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ ІСІНІҢ БІЛГІР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кеңестік кезеңдегі оқу-ағарту саласында жоғары лауазымды қызметтер атқарған білгір басшы, химик-ғалым, ұлағатты ұстаз, педагог Қали Біләлов (1918-1977) Қазақстандағы білім ісін ұтымды ұйымдастырып, ел құрметіне бөленген, ұрпақтар алғысын алып, республика тарихында ұмытпастай із қалдырған алаш азаматы ретінде жұртшылық оның есімін жақсы біледі. Өзінің бүкіл саналы өмірін жас ұрпаққа білім беру ісіне арнаған қажырлы ұстаз, педагог Қали Біләлов әсіресе, еліміздің жоғары білім саласында көп еңбек сіңір¬ген белгілі мемлекет қайраткері ретінде кеңінен танылды. Білікті басшының зор ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде Қазақстан өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары жоғары білім бе¬ру жөнінде бұрынғы Кеңес Одағы одақтас республикалары арасында алдыңғы орын¬дардың біріне көтерілді. Ол Қазақ КСР-інің жоғары және арнаулы орта білім министрі болған жылдарда республикамыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу-материалдық жағдайын жақсарту, оларды педагогикалық ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету және оқытушылардың біліктіліктерін жетілдіру бағытында бірқатар оң шешімдер қабылданып, жүзеге асырылды, жаңа мамандықтарды оқытуға бағытталған бірнеше институттар ашылып, жергілікті ұлттық Түйін сөздер: тарих, оқу, жоғары білім, ғылым, академия, институт, педагог, студент, маман

С. С. ҚОРАБАЙ, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, бас ғылыми қызметкер. Алматы қ.
ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ

Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар [1, 158-166-бб.] тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден – көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді. Бұл проблемаларға байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың тарихының даму процесін кеңестік тарихпен ғана байланыстырған біржақты ұстанымдарына қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан батыл тойтарыс бере отырып, қазақ әдебиетінің көне заманнан бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік ерекшеліктерін есепке алу негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін халықтың жалпы тарихи даму процесін дәуірлеуден бөлек алып қарауға болмайды. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет кезеңі VІ ғасырдан басталып, ХХ ғасырға дейін созылған ұзақ мерзімді қамтыды. Қазақ әдебиеті тарихының өткен дәуірлері де осы қоғамдық құрылыстың негізгі даму кезеңдері – қалыптасуы мен нығаюы, дамып өркендеуі, дағдарысы мен тоқырауы, қайта дамып күшеюі, ең соңында, құлап ыдырауы сияқты тарихи жолдарына сәйкес келеді және де осы қоғамдық даму процесінің ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама жасайды. Түйін сөздер: тарих, ғасыр, қазақ, әдебиет, армян, мұра, қыпшақ, тіл, ескерткіш, шығарма, нұсқа, жәдігер, хикая.