Бұл мақалада автор Қазақтандағы балалар үйлері мен жетім балалардың ахуалын статистикалық мәліметтер негізінде қарастырған. Әсіресе соңғы 4 жыл ішіндегі сандық мәліметтерді зерттеп, талдап, ғылыми айналымға енгізген. Мақалаға өзек болған мәселенің өзектілігін ашу барысында автор көрші мемлекеттермен салыстыра отырып, пайыздық көрсеткішін шығарған. Автордың мәлімдеуінше, соңғы жылдары Қазақстандағы жетім балалар санының төмендеу динамикасы байқалуда, оған патронаттық отбасы институты мен асырап алушыларды ынталандыру шаралары себеп болуда.
Кілт сөздер: жетім балалар, балалар үйі, патронаттық отбасы, жәрдемақы, тәрбиеленуші.
Мақала ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр басында қазақ балалары білім алған бірқатар классикалық гимназиялар мен прогимназиялардың тарихына арналады. Автор онда Қазақстан жеріндегі Верный, Семей, Қостанай, сондай-ақ іргелес жатқан Ташкент, Орынбор, Тройцк, Омбы секілді қалалардағы гимназияларда әр жылдары оқыған қазақ балаларының аты-жөні мен олардың әлеуметтік және сандық құрамын, оларға өтілген оқу пәндерін, тұрған шәкірттер үйі мен пансионаттарын, сабақ берген оқытушылар құрамын және сол гимназиялардан білім алып еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарған қазақтың белгілі тұлғаларын тың мұрағат деректері арқылы хронологиялық ретпен жүйелі түрде тарқатып өтеді.
Мақалада ХХ ғасырдағы ұлтымыздың ұлы перзенті, дара тұлға, аса көрнекті мемлекеттік қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесі қарастырылады.
Кілт сөздер: Қазақстан, Дінмұхамед Қонаев, тұлға, ғылым, ғалым, қайраткер, Қазақ КСР Ғылым академиясы
Халық құрметпен Мақаш әкім деп атаған Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов – белгілі қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында Атырау мен Ақ Жайықтың бойында елу жылдай ел басқарған белгілі тұлға. Бөкей ордасындағы Жәңгір мектебінен кейін Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқып, кіші унтер-офицер атағын алған, есаул шенінде зейнеткерлікке шыққан. Оның өмір жолы мен халыққа сіңірген еңбегі хақында төмендегі зерттеу мақала сыр шертеді.
Мақалада ғұлама ғалым Ә.Х. Марғұланның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылыми шығармашылығы және қазақ ғылымына қосқан үлесі туралы баяндалады.
Кілт сөздер: Ә.Х. Марғұлан; Ұлы Отан соғысы; Қазақстан ғылымы; елдегі ауыр жағдай; рухани жүдеушілік; қазақ ауыз әдебиеті проблемалары; археология секторы; қазақтың ерлік жырлары; ғылыми жетістіктер