Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

ТӨЛЕНОВА З.М.
Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

Мақалада ХХ ғасырдағы ұлтымыздың ұлы перзенті, дара тұлға, аса көрнекті мемлекеттік қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесі қарастырылады. Кілт сөздер: Қазақстан, Дінмұхамед Қонаев, тұлға, ғылым, ғалым, қайраткер, Қазақ КСР Ғылым академиясы

ҚОЙШЫБАЕВ Б.
Халық сүйген Мақаш Әкім Қайраткер Мұхамбетжан (Мақаш) Бекмұхамбетовтің туғанына 185 жыл толуына орай

Халық құрметпен Мақаш әкім деп атаған Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов – белгілі қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында Атырау мен Ақ Жайықтың бойында елу жылдай ел басқарған белгілі тұлға. Бөкей ордасындағы Жәңгір мектебінен кейін Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқып, кіші унтер-офицер атағын алған, есаул шенінде зейнеткерлікке шыққан. Оның өмір жолы мен халыққа сіңірген еңбегі хақында төмендегі зерттеу мақала сыр шертеді.

ХАМИТОВА М. А.
Қазақстан ғалымдары Ұлы Отан соғысы жылдарында. ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН

Мақалада ғұлама ғалым Ә.Х. Марғұланның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылыми шығармашылығы және қазақ ғылымына қосқан үлесі туралы баяндалады. Кілт сөздер: Ә.Х. Марғұлан; Ұлы Отан соғысы; Қазақстан ғылымы; елдегі ауыр жағдай; рухани жүдеушілік; қазақ ауыз әдебиеті проблемалары; археология секторы; қазақтың ерлік жырлары; ғылыми жетістіктер

САТЕНОВА М.Р.
ИЗМЕНЕНИЕ РОЛИ КАЗАХСКОЙ РОДОВОЙ ЗНАТИ В ПРОЦЕССЕ ВНЕДРЕНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ИНСТИТУТОВ РОССИЙСКОЙ ИМПЕРИИ В СЕМИРЕЧ

Аннотация В статье рассматривается процесс трансформации функциональных полномочий казахской родовой знати в период проведения административно-политических и социально-правовых преобразований Российской империи на территории Семиреченского региона. Особое внимание уделяется изменению роли султанов и биев в процессе вхождения их в структуры местной административной власти, зарождению категории казахских служащих, не зависящих от сословно-генеалогических признаков. На примере исторических фактов, касающихся жизнедеятельности старших султанов Семиречья Суюка Аблайханова, Али Адилева, Тезека Аблайханова и их потомков, показаны этапы вовлечения степной аристократии в российскую государственно-административную систему. В частности, показана последовательное изменение сословной политики царского самодержавия по отношению к султанам. Освещаются отдельные аспекты взаимодействия представителей российской семиреченской власти и казахских старшин в управлении краем. Ключевые слова: Семиречье, Алатауский округ, Старший жуз, султаны, старшины, служащие, администрация.

Әбжанов Х.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ МЕН ТАРИХИ ДӘУІРІ

Аннотация. Мақалада автор тарихи жазба деректер негізінде Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуының бастаулары мен тарихи кезеңдерін көрсете отырып, қазақ мемлекеттілігі мен мемлекеттік биліктің қалыптасу мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ автор азаттық пен тәуелсіздікті мемлекет пен оның азаматтарының басты құндылықтары деп санайды. Осыған байланысты «Мәңгілік ел» түркілік идеясы тек толыққанды қалыптасқан мемлекетте ғана өмірге келіп, жүзеге асырылатындығын дәйектейді. Мемлекеттің нығаюы қашанда Абылай сынды даланың ірі тарихи тұлғаларының есімімен тығыз байланысты. Кілт сөздер: Қазақ хандығы, мемлекеттілік, Абылай хан, «Мәңгілік ел», түркілік идеясы