Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Н.С. Лапин, кандидат исторических наук, и.о. руководителя отдела Евразийства и политических исследований Института истории государства КН МОН РК (г. Астана, Казахстан)
930 (574): 93/94 (093) ПРАВОВЫЕ АКТЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАК ИСТОЧНИК ПО ИЗУЧЕНИЮ ПРОЦЕССА ФОРМИРОВАНИЯ ИСТОРИЧЕСКОГО СОЗНАНИЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

В статье систематизированы и проанализированы Указы Президента и Постановления Правительства и другие правовые документы Республики Казахстан, которые оказали влияние на процесс формирования исторического сознания казахстанцев в годы независимости. Обосновано выделение данных правовых актов как важного источника по исследованию проблемы формирования общественного сознания граждан, определена роль государства и Президента Казахстана как высшего должностного лица страны в этом процессе. Определено значение проанализированных правовых актов как важного источника по научному исследованию аспектов формирования исторического сознания казахстанцев.

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.
ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ

Мақалада ғалым, белгілі қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың артына көп салалы ғылыми мұрасы мен еңбегі қарастырылған. Ол тау кен ісінің негізін қалаушы, әрі Қазақстандағы кең орындарын тауып, зерттеуші ірі ғалым болып табылады. Қ.И.Сәтбаевтың танымдық диапазоны жаратылыстану ғылымымен ғана шектелмеді, ғалым артынан ғылымның қай саласы болмасын мол мұра қалдырған. Академиктің геологиядан кейінгі рухани мұрасы ұлттық мәдениет, әдебиет, қазақ этнография және өнермен тығыз байланысты,көпшілікке белгілі педагогика мен әдебиет саласындағы еңбектері бар.

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ

Түйіндеме: Мақалада Нәзір Төреқұловтың қызмет еткен, тағдыр кешкен жылдарында жинаған іс-тәжірибесінің арқасында жауапты қызметтер атқарғандығына талдау жасалған.Ол Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Түркістан Атқару Комитетінің төрағасы, Шығыс халықтары институты директорының орынбасары және КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын әліппесіне көшіру жөніндегі Орталық Комитеттің төрағасы сияқты басшылық қызметтерді атқару барысына қысқаша түсінік берілген. Аталмыш жұмыстарды атқару барысында Нәзір Төреқұловтың қайраткерлік тұлғасын қалыптасып, мемлекет ісін терең меңгеруге жол ашты. Нәзір Төреқұлов шебер дипломат ретінде өз мемлекетінің беделін лайықты дәрежеде ұстап тұру, оның саяси, сауда-экономикалық, басқа да мақсаттарын табанды түрде қорғау және аса қажетті ақпараттарды дер кезінде ой елегінен өткізе білу сияқты салаларды терең меңгеріп, осыларды өз қызметінде орындап отырған саясаткер, қазақтан шыққан тұңғыш елші.

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Мақалада Қазақстан мен Ресейдің мәдениет, ғылым мен білім саласындағы жемісті ынтымақтастығы мен оның жүзеге асу барысы қамтылған.Мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы жасалған келісімде, екі елдің халықтарына бір-бірінің мәдени өміріне кеңінен қатысып, тығыз араласу мақсатында орай өткізілген іс шаралар нәтижелері баяндалады. Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланыстары арқасында екі ел арасындағы көп жоспарлы ынтымақтастық кеңейтіліп, халықтарымыздың игілігі мен гүлденуі үшін жаңа жүз жылдықта іске асырылатын мәдени саладағы жұмыстарға талдау жасалған.

НУРТАЗАЕВА А.Б. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің-аға оқытушысы
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы республикамыздағы жоғарғы оқу орындары басшыларының алдында тұрған негізгі өзекті мәселелердің бірі білім беру жүйесін заманға сай дамыту және тәрбие жұмысына көңіл бөлу еді. Әрбір оқу орнының сапалық жетілуі ондағы ішкі оқу үрдісінің әр қашан тәрбие жұмыстарымен ұштастырып жетілдіріп отырудың арқасында болды. Тарихшы студенттердің сандық және сапалық жетілуі оқу мен тәрбие жұмыстарын байланыстыра жетілдіріп отырудың негізінде болды.