Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 4(20), 2019

Данная статья посвящена изучению процесса формирования офицерства в Степи посредством подготовки их в Оренбургском кадетском корпусе (1825-1868). В статье рассматривается история открытия Оренбургского кадетского корпуса и включения казахских детей в образовательный процесс. Ключевые словa: учебные заведения XIX века, социальная история, офицеры, чиновники Российская империи, степная элита, политика царизма.
Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуы өңірде бірқатар әкімшілік және территориялық өзгерістерді алып келді. Соның ішінде Түркістан облысындағы моно және шағын қалаларды дамыту стратегиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына негізделіп отыр. Бұл облыс экономикасын моно қалалар арқылы дамытудың бағыты болып табылады. Мақалада Түркістан облысындағы моно және шағын қалалардың әлеуметтік және экономикалық жағдайы көрініс табады. Сонымен қатар, моно қалалардың экономикалық белсенділігі мен дамуының статистикалық көрсеткіштері берілген. Түйін сөздер: моно қала, экономика, әлеуметтік жағдай, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, өнеркәсіп, туризм.
Автор бұл мақаласында Қазақ хандығының негізін салушы тарихи тұлғалардың бірі- Жәнібек ханның қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне тоқталады. Ортағасырлық жазба дерек мәліметтерінің, халық ауыз әдебиетінің, сондай-ақ тарихнамалық зерттеу материалдарына сүйене отыра, Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына тоқталып, оның Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен таралатындығын дәлелдеп көрсетеді. Туысы Керей мен бірге Қазақ хандығын құрудағы жетекшілік рөлі ашылады. Сондай-ақ Жәнібек ханның Керейден соң хандықтың құрылуы барысын соңына дейін жеткізгенін нақты жазба дерек мәліметтері негізінде дәлелдеп көрсетеді. Сондай-ақ автор Жәнібек ханға қатысты кейбір тарихнамалық тұжырымдарды сынңа алып, өзіндік ойларын алға ұсынады. Түйін сөздер: Жәнібек хан, Керей хан, Әбілқайыр хан, Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Мауереннахр.
Данная статья анализирует отражения системы поощрений Российской империи в устном народном творчестве казахского народа. В частности, были рассмотрены позиции акынов-импровизаторов, письменных поэтов и писателей по отношению к наградным системам царской власти. Определены степени восприятия чинов, наград местным населением, литераторами и воссозданы образы награжденных казахов-чиновников. Также в конце статьи авторы определяют тренсформации в культуре, истории и психологии казахского народа как следствие системы поощрений Российской империи. Түйін сөздер: казахское чиновничество, Российская империя, чин, чекмень, система поощрений, литература, награды, царская власть
Автор бұл мақаласында Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі және алғашқы қазақ ханы – Керей ханның қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөлін қарастырады. Керей ханның өміріне қатысты жазба дерек мәліметтері мен халық ауыз әдебиетінің материалдарын бір-бірімен салыстыру, толықтыру сондай-ақ тарихнамалық материалдар арқылы, автор Керей хан тақырыбына қатысты бірнеше мәселелерге жауап береді. Олардың қатарына – Керей сөзінің мәні, қазақ хандарының шығу тегі мәселесі, Керей ханның ата-бабалары, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағының этносаяси мәселелері, хандықтың құрылу процесі барысындағы Керей ханның жетекшілік рөлі мәселелері жатады. Керей ханның алғашқы хан болғандығы жазба дерек мәліметтері негізінде дәлелденеді. Түйін сөздер: Керей хан, Жәнібек хан, Әбілқайыр хан, Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Мауереннахр.
Мақалада Қаратау жотасындағы Сауысқандық, Шалабай, Сатайбұлақ, Тектұрмас, Таңбалы тас, Боралдай, Қарамұрын, Қоспа (Арыстанды) т.б. жартас суреттерінде кездесетін ортағасырлық кезеңге байланысты бейнелері мен таңбалары қарастырылады. Олардың хронологиялық шеңберлері көрсетіледі. Ортағасырлық бейнелердің мерзімдеу кезеңдеріне байланысты стильдік, мәнерлік бағыттарының қалыптасуын сабақтастық тұрғысында қарастырылып, оған дейінгі ерте кезеңдердің қосқан үлесін ашып көрсетуге назар аударылған. Жартас суреттеріндегі қару-жарақ түрі, көлік түрі, ат әбзелдері және саятшылық құру сияқты кейінгі этнографиялық кезеңмен үйлесім табатын көріністер де берілген. Ортағасырлық жартас суреттерінің стилистикалық ерекшеліктері мен ішкі семантика мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ петроглифтер арасында кездесетін көне түркі кезеңінің таңбаларына мен олардың таралған аймақтарына талдау жасалып отыр. Сонымен қатар аталмыш таңбалардың кейбір жазба деректердегі тікелей баламалырын келтіре отырып этникалық топтарға қатыстылығы мен мерзімдері жайлы деректер берілген. Кілт сөздер: Қаратау, Сырдария, петроглиф, таңба, оғыз, көне түріктер, стиль, мұрагер, бейнелеу үрдісі.
Өмірінің соңында «Шежіре-и-түрк» (Түрік шежіресі) және «Шежире-и-таракиме» (Түрікмен шежіресі) атты өшпес тарихи шығармаларын қалдырған Абу-л-ғази Баһадүр ханның өмірі мен атқарған қоғамдық қызметін зерттеу жалғасын таба түсуі керек. Мақалада ХVІІ ғасырдағы Хиуа ханы, әйгілі тарихшы-шежіреші, Абу-л-ғазидің жүріп өткен жолы қалай болды, қандай қызметтер атқарды деген сұрақтарға жауап алуға талпыныс жасалады. Жастайынан қайнаған саяси оқиғалардың куәсі болып өскен Абу-л-ғазидің билікке араласуын, шапқыншылықтарға қастысуын, Хиуа ханы атануына тоқталып өту осы мақаланың мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі). Ол кемеңгер саясаткер, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы және білімді адам ретінде бар әрекетін алдына қойған мақсатын орындауға арнады деген қорытынды жасалады. Кілт сөздер: Абу-л-ғази, түрікмендер, шабуылдар, Хиуа, Қоқан, Бұқара, Үргеніш, Маңғышлақ, наймандар, ұйғырлар, қалмақтар, хан.
Ғылыми жұмыста авторлар Шығыс Қазақстан облысы Қалба-Нарым өңірлерінде қола дәуірінде өмір сүрген тұрғындардың, археологиялық қазба негізінде дүниетанымы, әдет-ғұрпы жайлы ақпарат береді. Белгіленген аймақ қола дәуіріне тән көптеген ескерткіштердің шоғырланған жері деп айтуға болады. Авторлар археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, алынған мәліметтер арқылы осы өлкедегі ежелгі тайпалардың материалдық және рухани мәдениеті жайлы сипаттайды. Аймақта жасалған қазба жұмыcтардың қорытындыларына авторлар салыстыру, анализдеу арқылы тақырыптың мәнін, мағынасын ашып көрсетеді. Ғылыми жұмыста авторлар қола дәуірі тұрғындарының дүниетанымында, жерлеу орындарын зерттеу негізінде: от, жоса, астаяқтың маңыздылығы, өміріндегі алатын рөлдері жайлы мәліметтер келтірген. Атап айтқанда Талапты-ІІ, Мыңшұңқыр-ІІІ, Құйған обалары, Зевакино селосы, Кіші қойтас, Нұрмамбет қорымдарындағы ескерткіштерге жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары орын алды. Түйін сөздер: Қола дәуірі, Қалба-Нарым, жерлеу орны, дүниетаным.
Мақаланың мақсаты дәстүрлі мәдениеттегі жылқының рөлін қарастыру. Жылқы культі шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы осы жануармен айрықша байланысты болған түркі-моңғол халықтарында жарқын көрініс табады. Авторлар аталған халықтардың дүниетанымында жылқымен байланысты таным-түсінік маңызды орынға ие екендігін алдыға тартады, жәнеде оның бейнесі көпқырлы символика толыққандығы аталады. Дәстүрлі дүниетанымда жылқы киелі жануар мәртебесін иеленді және түрлі ғұрпытарды жүзеге асыруда айтарлықтай орын алды. Әдет-ғұрыптардың және олардың атауларының түрлілігіне қарамастан жылқымен байланысты дүниетанымдық көзқарастардың орта тамыры болды, жәнеде олар аталған жануарды қолға үйреткен тайпаларда ықылым замандарда-ақ қалыптасқан. Түркі-моңғол халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі жылқы бейнесі арқылы халықтың материалдық және рухани мәдениетінің бір бөлшегі болып табылатын жылқышылықтың ерекшеліктері мен терең мазмұнын анықтауға болады. Кілт сөздер:жылқы, тұл, сетер, хойлго, сэтэртей, дүниетаным.
Ғылыми жұмыста авторлар 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының басшысы Д.К. Ахметовтың бастамасымен Тарбағатай ауданы Елеке сазы-2 қорымында Шілікті-Тарбағатай археологиялық экспедициясының жүргізген зерттеу жұмыстарының есептік мақаласын ұсынып отыр. Мақалада аталған экспедиция мүшелерімен есептік маусымда атқарылған жұмыстар көрсетіліп, жекелеген ескерткіштердің сипаттамасы жасалған. Қазба жұмыстары барысында анықталған құрылыстар мен табылған бұйымдар суреттеліп, салыстырмалы анализ қорытындылары көрсетілген. Аталған аймақта археологиялық ескерткіштердің хронологиялық шеңбері өте ауқымды болғандықтан, ғылыми топтың зерттеу жұмыстарында сақ-скиф, ерте түрік және де XYII-XX ғасырдағы қазақтарға да тән артефактілер мен темір бұйымдар кездесіп жатты. Түйін сөздер: Елеке сазы, қорған, ерте темір дәуірі, ат әбзелдері