Мақалада Қаратау жотасындағы Сауысқандық, Шалабай, Сатайбұлақ, Тектұрмас, Таңбалы тас, Боралдай, Қарамұрын, Қоспа (Арыстанды) т.б. жартас суреттерінде кездесетін ортағасырлық кезеңге байланысты бейнелері мен таңбалары қарастырылады. Олардың хронологиялық шеңберлері көрсетіледі. Ортағасырлық бейнелердің мерзімдеу кезеңдеріне байланысты стильдік, мәнерлік бағыттарының қалыптасуын сабақтастық тұрғысында қарастырылып, оған дейінгі ерте кезеңдердің қосқан үлесін ашып көрсетуге назар аударылған. Жартас суреттеріндегі қару-жарақ түрі, көлік түрі, ат әбзелдері және саятшылық құру сияқты кейінгі этнографиялық кезеңмен үйлесім табатын көріністер де берілген. Ортағасырлық жартас суреттерінің стилистикалық ерекшеліктері мен ішкі семантика мәселелері қарастырылған.
Сондай-ақ петроглифтер арасында кездесетін көне түркі кезеңінің таңбаларына мен олардың таралған аймақтарына талдау жасалып отыр. Сонымен қатар аталмыш таңбалардың кейбір жазба деректердегі тікелей баламалырын келтіре отырып этникалық топтарға қатыстылығы мен мерзімдері жайлы деректер берілген.
Кілт сөздер: Қаратау, Сырдария, петроглиф, таңба, оғыз, көне түріктер, стиль, мұрагер, бейнелеу үрдісі.