Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 3(27), 2021

Қ.Қ. Сәрсембина¹ID, М.М. Қозыбаева²ID, Х.Б. Маслов¹*ID
¹Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан 
²Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы 
*Автор-корреспондент 
Е-mail: kuralai_sk@mail.ru (Сәрсембина), koz.mahabbat_85@mail.ru (Қозыбаева), halel_86@mail.ru (Маслов) 
Аңдатпа. Мақалада 1930-1950 жылдары Ақмола облысы бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер тағдыры деректер негізінде зерделенген. Ер адамдар жаппай жазықсыз жазаға тартылғанда олармен бірге әйелдердің де саяси қуғын-сүргін зобалаңына ұшырағандығы дәйектеледі. Жазықсыз азап шеккен әйелдер тағдыры кеңестік тоталитарлық жүйенің қылмысы екендігі, саяси қуғын-сүргін қызылдар билігінің орнығуымен қатар жүргендігі қарастырылады. Саяси қуғын-сүргін жалпылама бағыт алғанда, сол бір зобалаңға әйелдер де, жасөспірімдер де ілікті. Түрмедегі әйелдердің қылмыстық іс-қағаздары дұрыс толтырылмаған. 1931 жылы тұтқындардың іс қағаздарын жүйелі толтыру туралы айтылғанымен, нәтижесіз қалған. Мақалада Ақмола облысы бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің ұлты, қызметі, білімі, оларға қолданылған жаза түрі және т.б. мәліметтер талданды.
Түйін сөздер: саяси қуғын-сүргін, тоталитаризм, ұлттық сана, отбасы, саясат, мемлекет, руханилық, қуғын-сүргін шаралары, депортация.
А.Т. Абдулина¹*ID
¹Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова, Казахстан, Алматы 
*Корреспондирующий автор 
E-mail: abd_aksunkar@mail.ru (Абдулина)
Аннотация. Данная статья представляет результаты этносоциологического исследования казахской диаспоры в Тарбагатайском аймаке Китая в 2013 г. Анализ социокультурной инфраструктуры показал, что китайское руководство уделяет внимание развитию системы учреждений культуры, в особенности в городах. Однако в сельской местности обеспеченность музеями, библиотеками, Домами народного творчества недостаточная. В образовательной сфере есть потребность в расширении системы бесплатного дошкольного образования для всех категорий жителей, в внедрении казахского языка в высшее образование для мотивации казахских детей к обучению на родном языке в средних школах. Исследование этнокультурных изменений в основных компонентах материальной культуры казахской диаспоры в Китае показало более медленные темпы урбанизации и медленное размывание этнодифференцирующих признаков по сравнению с казахами в Республике Казахстан. 
Ключевые слова: диаспора, казахи, материальная культура, социокультурная инфраструктура, традиции.
А.М. Әбікей¹*ID, А.Ж. Утегалиева²ID, Ж.С. Саурыкова³ID

¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы

²Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан, Алматы

³Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

E-mail: abikey.arm@mail.ru (Әбікей), almazhan@gmail.com (Утегалиева), zhanarsaurykova@mail.ru (Саурыкова)

Аңдатпа. Мақалада кең архивтік дереккөздермен, сонымен қатар қазақ және шетел авторларының соңғы жылдары жарияланған еңбектері негізінде, XX ғасырдың 20-шы жылдарының соңындағы Қазақстандағы байлар қауымын тәркілеу науқаны қарастырылады. Бұл кезең Қазақстан тарихында дәстүрлі қазақ ауылының ғасырлар бойы қалыптасқан құрылымы, қауымдық заңдылықтары мен өзіне ғана тән экономикалық қатынастары дағдарысқа ұшырауымен және ХХ ғасырдың 31-33-ші жылдардағы зұлмат ашаршылықтың тікелей алғышарттарының бірі болғандығымен белгілі. Мақалада дәстүрлі қазақ ауылындағы байлар қауымының рөлі қарастырылып, олардың әлеуметтік және экономикалық қатынастарына көңіл бөлінеді. Өз шаруаларын аяусыз қанайтын ресейлік немесе еуропалық бай тап өкілдері мен қазақтың байлар қауымына салыстырмалы анализ жасалады. Науқан барысында жіберілген өрескел заңсыздықтарға, озбырлыққа толы тәркілеу саясатының әділетсіз табиғатына мән беріледі.
Түйін сөздер: Сталин, кәмпеске, бай-феодалдар, орташалар, тәркілеу, Голощекин.
К.Н. Балтабаева¹*ID

¹Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы

*Корреспондирующий автор

Е-mail: Kulgazira_777@mail.ru (Балтабаева)
Аннотация. В статье рассматривается о лицах казахской национальности, подвергшихся политическим репрессиям в 20–50-е годы ХХ века. В частности, автор статьи остановился на месте и роли в казахской истории Пидахмета Бобкина (1863-1937 гг.) – известного гражданина и предпринимателя, занимавшегося с конца XIХ века торговлей в Восточном Казахстане, бизнес которого развивался на Иртыше и Поволжье, одного из богатейших купцов, поднявшегося своими силами. Автор, опираясь на некоторые исследования, воспоминания внучки Бекмухамедовой Халимы Адамовны и архивные документы, пытался раскрыть жизнь и общественную деятельность Пидахмета Бобкина и причины политических репрессий. П.Бобкин прославился в Восточном Казахстане не только своим богатством, но и меценатской, просветительской деятельностью в стране. Автор ставит своей целью дать историческую достоверную оценку личности на основе новых архивных документов.
Ключевые слова: политические репрессии, беженцы, Пидахмет Бобкин, биография, мемуары, купец, казахская интеллигенция, Восточный Казахстан.
Ж.Ж. Жеңіс¹*ID

¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

Е-mail: zhozhengis@gmail.com (Жеңіс)

Аңдатпа. Мақалада Шыңғысхан құрған империяның алғашқы кезеңдеріндегі мемлекеттік-идеологиялық саяси бағыттың барысы қарастырылады. Дәстүрлі дүниетанымның идеологиялық жүйедегі алған орыны, идеологиялық күрес мәселелері қарастырылады. Түркілердің ортағасырлық мемлекеттерінде әртүрлі себептермен кейбір діни жүйелердің мемлекеттік идеология ұстыны дәстүрлі діни жүйені қыспаққа алуы баяндалады. Автор, бұл үдеріс барысында дәстүрлі дүниетанымның өзгергенін және ислам сияқты жаңа діндер жүйесінде белгілі бір элементтер өмір сүруді жалғастырғанын дәлелдейді. Шыңғысханның өзi жаулап алған жерлердегi бүкiл көне рулық-тайпалық жүйелердi бұзып, ыдыратып, халықтарды араластырып, жаңа рулық-тайпалық құрылымдық жүйелердi түзгені дәйектеледі. Жаңа жерлердi бағындырған түркi-моңғолдар Шыңғысхан Ясасы бойынша iс жүргiзіп, мұсылмандар iстерi шариғатпен іске асқандығы көрсетіледі. Мақала авторы, ұлдарына бөлiнiп берiлген аймақтарды қамтыған Шыңғыс хан империясының тағдыры өздерiнiң орналасқан аймақтарының ұлттық-мәдени және дiни ерекшелiктерiне орай қалыптасқандығын баяндайды. Мысал ретінде, қытай мәдениетiнiң әсерiмен будда iлiмiне мойын ұсынған моңғол көшпендiлерiнiң де көшпендiлерге тән дүниетанымы трансформацияға ұшыратқандығын көрсетеді.
Түйін сөздер: Шыңғысхан империясы, көшпенділер дүниетанымы, идеологиялық жүйе, ислам, мемлекеттілік, саяси күрес.
Ә.Қ. Шашаев¹ID, Н.Н. Құрманалина¹ID, А.Н. Қоңқабаева¹*ID

¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

E-mail: shashaevauezhan@mail.ru (Шашаев), nurgulca@mail.ru (Құрманалина), konkabayeva.arailym@mail.ru (Қоңқабаева)

Аңдатпа. Мақалада шығыстанушы, библиограф және этнограф-тарихшы Н.Сәбитовтың қоғамдық-ғылыми мұрасы мен өмірінің бастапқы кезеңі оның жеке архив қорында сақталған құжаттық деректері негізіндегі мәліметтер берілген. Н.Сәбитовтың өмір жолы кеңестік кезеңдегі ашаршылық, ұжымдастыру, индустрияландыру, мәдени революция мен қуғын-сүргін жылдарына тұспа-тұс келген еді. Орыс тілін жетік білгендігінің арқасында, қоғамдағы өзгерістерді жіті бағалағандығы мен сол кездегі жүріп жатқан қалыптасу кезеңінің қайнаған ортасындағы белсенді қызметі тарихи деректер бойынша талданады. Сонымен қатар, мақалада Н.Сәбитовтың өзінің алдындағы ғалымдар секілді энциклопедиялық білімі бар, араб-парсы, түркі және ағылшын тілдерін яғни кемінде жеті елдің тілін жете меңгерген, ірі қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілуі туралы, сондай-ақ соңынан қалдырған үлкен мұрасы жайлы баяндалады.
Түйін сөздер: Н. Сәбитов, шығыстану, дінтану, мәдениеттану, этнография, библиография, тарих, экспедициялар.
О.Х. Мұхатова¹*ID

¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

Е-mail: Orazgul7@rambler.ru (Мұхатова)

АңдатпаМақалада белгілі ғалым түркітанушы, теолог, жазушы, аудармашы, этнограф Халифа Алтайдың өмірі мен қызметі баяндалады. Алматы қаласы мемлекеттік архивінде сақтаулы жеке 284-қор құжаттары бойынша Халифа Ғақыпұлының дүниеге келуі, өскен ортасы, ата-анасы, білім алуы талданады. Кеңес өкіметінің озбыр саясатынан жан сақтау мақсатында Қытайға бет түзеген қазақтар, соның ішінде Халифаның отбасы туралы айтылады. Халифаның Үндістанға көшкен қазақтардың қасіреті туралы жазғандары көрсетіледі. Х. Алтайдың анасымен Үндістан, Пәкістан жерлерінде 12 жыл тұруы, одан әрі Түркияға қоныс аударуы архив құжаттары негізінде сипатталады. Түркиядағы кәсібі, ата жұрттан ауғаннан кейінгі басынан өткендерін, көріп-білгендерін қағазға түсіріп, кітап жазуы, діни кітаптарды қазақ тіліне аударуы баян етіледі. Жеті тілді жетік меңгерген, үш рет Меккеге барған, ірі діни орталықтармен байланысын күшейткен абыздың ірі қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілуі, ислам діні білгірлерінің бірі атануы, Құран кәрімді тұңғыш рет қазақ тіліне аударуы тарихи деректер бойынша көрсетіледі. Х. Алтайдың туған жеріне оралуы, Елбасының қабылдауында болуы, Қазақстан Республикасының азаматы атануы, отбасы, елдегі тұрмыс-тіршілігі сипатталады. Ғалымның жариялаған еңбектері, естеліктері талданады.
Түйін сөздер: жеке архив қоры,Халифа Алтай,өмірбаян, қоныс аудару, Үндістан, Пәкістан, Түркия, туған ел, Құран-кәрім, естелік, рухани өмір.
Ә.Қ. Бәкір¹ID, С.Т. Тайман¹*ID, С.Т. Жарбулова¹ID
¹Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда 
 *Автор-корреспондент 
E-mail: abdizhalel_bakir1939@mail.ru (Бәкір), st-1968@mail.ru (Тайман), zharbul@mail.ru (Жарбулова) 
Аңдатпа. Мақалада Мұстафа Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасуындағы Алаш ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның тәлімгерлік рөлі қарастырылған. Алаштың болашақ екі алыбының өмірі мен саяси қызметінде ұқсас жайлар да аз емес. Мұстафа Шоқай Торғай датқаның немересі, Шоқай би-болыстың перзенті, Әлихан Бөкейхан Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Екеуі де сол кездегі молда оқуына қанағаттанбай, үш кластық мектептерде оқып, кейін бірі Ташкенттегі гимназияны тауысса, екіншісі Қарқаралы уезіндегі техникалық училищені бітіреді. Екі қайраткер де саналы бар өмірін, ақыл-парасатын, қажыр-қайратын ұлт тәуелсіздігі жолында күреске арнады. Екеуі де саяси күресте қатар жүріп, бірін-бірі қастерледі, олардың есімдері, қалдырған мұралары бүгінде тарихта өлшеусіз орны бар құндылықтар болып есептеледі.
Түйін сөздер: Бөкейхан, Шоқай, Ташкент, Петербург, Түркістан, Алаш, азаттық қозғалыс, автономия, эмиграция. 
С.-Х. А. Жүсіп¹ID, Х.Б. Маслов¹*ID
1 Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева. Казахстан, Нур-Султан 
*Корреспондирующий автор 
E-mail: prahacz2002@gmail.com (Жусип), halel_86@mail.ru (Маслов)
 Аннотация. В официальных исторических исследованиях вплоть до периода независимости Казахстана указ царя Российской империи «О реквизиции инородцев на тыловые работы» от 25 июня 1916 года рассматривался однобоко, лишь как причина восстания казахского народа против российского колониализма, само восстание получило спорную, но вполне соответствующую марксистко-ленинской идеологии и пропаганде трактовку как «национально-освободительное». І-я мировая война, её влияние на события в Казахских степях, участие казахов в этой войне так и не стали предметом исследований. Между тем, материалы из отечественных и ряда зарубежных архивов свидетельствуют об участии сотни тысяч казахов в І-й мировой войне. После свержения царизма в феврале 1917 года, Временное правительство России в апреле прекратило мобилизацию казахов на тыловые работы и приступило к их эвакуации на родину. Последний казах был эвакуирован в августе 1917 года.
Ключевые слова: первая мировая война, указ от 25 июня, казахи-инородцы, реквизиция, адская работа, окоп, блиндажи, неведомые болезни, недоедание, голод, февральская революция, автономия Алаш, Алаш Орда, войско «Алаш».
С.А. Асанова¹*ID

¹Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова, Казахстан, Алматы

*Корреспондирующий автор

E-mail:saltasanova@gmail.com (Асанова)

Аннотация. В статье автор ставит своей целью определение круга проблем, представляющих интерес для изучения истории голода 1920-х годов в Казахстане. Среди них автор выделяет такие проблемы, как роль и значение международной помощи в деле борьбы с голодом на территории Казахстана. В статье освещаются основные направления работы иностранных организаций. Специальное внимание уделено формированию системы социального распределения и нарушение принципа социальной справедливость в реальной практике внутренней политики советской власти. Автором выдвигается положение о наличии противоречия между провозглашенными лозунгами советской власти и реальной социальной политикой большевиков. В контексте цели данной статьи акцентируется внимание на необходимости теоретического осмысления последствий голода для этнокультурного кода казахского народа.
Ключевые слова: советская власть, большевики, система распределения, общество, политика, социальная справедливость, политические лозунги. социализм, коммунисты, дефицит продуктов, голод.