Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Л.Н. НУРСУЛТАНОВА т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ
327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

Мақала Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастық сұрақтарын зерттеуге бағытталған. Қазақстанның тәуелсіздігін Еуропалық мемлекеттер, соның ішінде, Австрия да, 1991 жылы танығандығы белгілі. Осы жылдар кезінде экономика маңызды салаларының белгілі нормативтік-құқықтық базасы құрылды. Көлік, өзара инвестицияны қорғау, Акционерлік қоғам және бірлескен мекемелер құру аймағында бірнеше құжатқа қол қойылды. Австриялық компаниялар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, банк жүйесінде жұмыс істейді. Түйін сөздер: Қазақстан, Австрия, дипломатия, саясат, экономика.

А.М. Азмұханова1, Л.Н. Нұрсұлтанова2, М. Ботай3 1т.ғ.д профессор, 2т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, 3әлеуметтік ғылымдар магистрі
ӨЗБЕКСТАН – ОҢТҮСТІК КОРЕЯ: КЕЛІСІМДЕРДЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА.

Өзбекстан тәуелсіздігін Оңтүстік Корея 1991 жылдың желтоқсанында алғаш таныған уақыттан бастап екі ел арасындағы кең ауқымды екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық дами түсті. Сол жылы екіжақты сауда, инвестицияларды қорғау, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, визалық қолдау меморандумына қол қойылған болатын. 1992 жылғы Сауда келісіміне сай екі ел арасында неғұрлым тиімді қолайлы ахуал орнатылды. Соңғы жылдардағы (2015-2017 жж.) өзара тауар айналымы тұрақты түрде 2 млрд. АҚШ долл. асады. Түйін сөздер: Орталық Азия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, дипломатия, инвестициялар, транспорт, мәдениет.

М.Д. Шаймерденова, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының проф., т.ғ.к., mena_MS@mail.ru;А.А. Кульшанова, Т. Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры, т.ғ.к. E-mail: armankulshanova@mail.
94(574) (5-191.2) «20/30»:323.17/ «Қазақстан тарихы» оқу құралы қазақ және орыс мәдениеттерінің қиылысында: ерекшеліктері мен ұсыныстар

Мақалада инновациялық мүмкіндіктер, көпсалалы мәдениет тұрғысынан, пәнаралық байланыс және оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып дайындалған қазақстандық оқулықтардың үлгісіне арналған. Тарихи өткен мен, тарихи мұраны біріктіретін Қазақстан мен Ресейдің түркі-славяндық өзара ықпалы да қарастырылады. Түйін сөздер: инновация, мектеп оқулықтары, мәдени байланыстар, әлемдік-тарихи үдеріс, түркі-славяндық қарым-қатынас, мәдениетаралық байланыс.

М.Д. Шаймерденова, Т. Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры, т.ғ.к. E-mail: mena_MS@mail.ru, А.А. Кульшанова, Т. Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры, т.ғ.к. E-mail: armankulshanova@mail.
94(574): 373. 016 Қазақстан тарихы мектеп оқулықтарындағы ұлттың интеграциясы, патриотизмі мен бірлігі мәселелері

Мақалада Қазақстан тарихы оқулығын дайындау барысында оқушылар мен студенттердің жаңа дүниетанымын қалыпастыруда рухани құндылықтарды және оның бағыттарын ескеру жөніндегі і авторлардың көпжылдық тәжірибелері қарастырылады. Авторлар оқулықпен жұмыс істеудің көпқырлы үрдісі барысында ұлттық тарихтың барлық кезеңдерінің өзекті мәселелерін анықтай отырып, көптеген сауалдар тастай отырып, тарихшылар мен әріптестерін ашық әңгімеге шақырады. Сондай-ақ оқулық пен оқу құралындағы жаңалықтар қарастырылып, өткен ғасырдың оқулықтарымен салыстыру жасайды. Түйін сөздер: оқулық, дерек көздері, мұрағат, рухани құндылықтар, жастарды тәрбиелеу, тұжырымдама, Қазақстан тарихы, ұлттық идея.

Морякова М.Т., магистрант 2 курса Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова
УДК 94. (517) : 17. 035.3 О НЕКОТОРЫХ ВОПРОСАХ КАЗАХСКО-МОГУЛЬСКИХ ОТНОШЕНИЙ В НАУЧНОМ НАСЛЕДИИ В.П. ЮДИНА

Особое место в творчестве В.П. Юдина занимает могульская проблематика, точнее говоря вопросы истории Могулистана, Могулии, а также роль могульского этноса в истории Центральной Азии. В данной статье раскрываются основные аспекты, касающиеся вопросов казахско-могульских отношений в научном наследии В.П. Юдина. В большинстве своих трудов он отражает этническую связь могулов с казахами, киргизами, уйгурами и т.д. Ключевые слова: могулы, народы, Могулистан, казахи, источники, отношения, этнические связи.
Previous 1 ... 96 97 98 ... 199 Next