Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

НАУРЫЗБАЕВА Э.К., т.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, ИСЕНОВ О.И., т.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
ҒТАМР 03.20 «БАЙҒҰСТАР» - XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОП

Мақала XIX ғасырдағы Ресей патша үкіметіне қараған қазақ қоғамындағы әлеуметтік топ ¬«байғұстар» хақында.. Дәстүрлі қазақ қоғамының тарихына арналған арнайы монографиялық зерттеулер мен мұрағаттық құжаттарды талдау арқылы, сол уақыттардағы патша үкіметінің жарлықтары негізінде «байғұстардың» қоғамдағы орны мен әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары талдауға алынған. Сонымен қатар байғұстардың үш тобы туралы деректер берілген. Тарихи деректер бойынша байғұстардың көбінің шаруашылықтарында жылқы болмаған, шамалыларының бір немесе екі сиыры болған байғұстардың арасында ең қайыршылары (мүлде малсыздары) және кедей шаруаларға жақын ауқаттылары болғаны туралы салыстырмалы мәліметтер талдауға алынған. ХІХ ғасырдың басында Орынборға «байғұс» қазақтардың ағылып келуіне байланысты Орынбор әскери губернаторының шешімімен 1817 жылдың 23 сәуірінде қайыр-садақа жинау мен жұмысқа жалданудың тәртібі орнатылады. Бұл жұмысты атқару Орынбор Шекара комиссиясына жүктелді. Мақала авторлары байғұстар ¬ XIX ғасырда патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатының нәтижесінде дәстүрлі шаруашылығын жүргізетін жерден, малдан айырылып әбден кедейленіп, күйзеліске ұшыраған әлеуметтің бір бөлігі пайда болды деп көрсетеді. Олар шеп маңындағы станица казактарына табыс іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар тобы. XIX ғасырдың бірінші жартысында олар едәуір топқа айналған. Байғұстар – қайыршыланған нағыз пауперлер «байғұстар» ештеңесі жоқ, жұмыс күшін сатып, күн көруге мәжүбір болған жұмысшы пролетариаттар қатарының негізін құрады деген ой түйіндейді. Кілтті сөздер: Қазақ қоғамы, жарлық, ереже, салық, алым, байғұс

А.Ш. МАХАЕВА, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, проф., т.ғ.д.
ӘОЖ 930.001.83 АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ ЗЕМСТВОЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Земстволық мекемелер жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері ретінде Ресей империясында 1864 жылдан 1919 жылға дейін қызмет жасады. Земстволар губерниялық және уездік деңгейде сайланбалы орган ретінде құрылды. Бұл мекемелер кеңестік билік орнағанннан кейін 1919 жылдан бастап жойылды. Отандық тарих ғылымында Алаш қозғалысындағы земстволық өзін-өзі басқару мекемелерінің орны мен рөлі арнайы зерттеле қоймаған. Сонданда бұл мәселені зерттеу ғылыми сұранысқа ие деп есептеуге болады.

А.Ү. АБДЫҚАЛЫҚОВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, PhD докторант
ӘОЖ 930.001.83 «ҮЛФӘТ» ГАЗЕТІ – БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗІ

Мақала «Үлфәт» газетін бірінші орыс революциясы тұсындағы түркі халықтарының қоғамдық-саяси өмірін зерттеудегі деректік маңызын көрсетуге арналған. «Үлфәт» газеті 1905 – 1907 жылдары Санкт-Петербург қаласында жарық көріп тұрған. Оның редакторы қызметін көрнекті татар қайраткері Абдурашид Ибрагимов атқарған. Бұл басылымда негізінен сол тарихи кезеңдегі Ресей империясындағы түркі тілдес халықтардың әлеуметтік-саяси мәселелрі көтерілген.

Г.А. Омарова, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан
ӘОЖ 314.1 (574-25) ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АХУАЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Мақалада Ұлы отан соғыс жылдарындағы Алматы қаласы халқының өсіп өнуі, 1939-1959 жж. болған екі санақ аралығындағы халықтардың динамикалық және ұлттық құрамындағы өзгерістерді, майданға жақын аудандардан өнеркәсіптердің Қазақстан территориясына және Алматы қаласына көшіріліп әкелінуі және Алматы қаласына орналастырылған кәсіпорындардың тізімдері қарастырылады.

А.С. Баянбай, , Абай атындағы ҚазҰПУ 2 курс магистранты, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Е-mail: akjol.as@mail.ru ӘОЖ: 94(574) '18' (092)
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ СҰЛТАНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ

Ғылыми мақалада Бөкей Ордасындағы қазақ сұлтандарының күнделікті өмірі қарастырылады. Бұрынғы Бөкей Ордасына қатысты зерттеулерден бұл мақаланың басты ерекшелігі, сұлтандардың отбасы, олардың Хан Ордасында тұрақты үйлер салуы және оның ішкі құрылысы, күнделікті өмірде олардың киген киімдері, ер, әйел адамдардың әшекейлі заттары, қару-жарақ түрлері, мешіт салдыруы, қажылыққа баруы, бәйгеге қызығушылық танытқан сұлтандарға қатысты мәліметтердің архив деректерімен дәйектелуі мен күнделікті тарих теориясына негізделуінде.
Previous 1 ... 97 98 99 ... 199 Next