Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Ж.С. Смаханова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің докторанты E-mail: z.deil@mail.ru
С. АСФЕНДИАРОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІ

Ұлан-байтақ Еуразия даласында болған және бола беретін күрделі тарихи үрдістерді дұрыс түсіну үшін халықтардың ежелгіден бүгінгі күнге дейінгі тарихи-мәдени байланыстарын жете зерттеу маңызды. Мұның өзі жаңа алуан түрлі деректерді ғылыми айналымға енгізуді талап етеді. Мақалада сондай деректерді айналымға енгізген халықтың жоғын жоқтап, болашағына бағдар іздеген алаш зиялысы Санжар Асфендиаровтың өнегелі өмірі мен ұрпақ санасын сәулелендіру жолында қалдырған еңбектері туралы сөз болады. Қазақ халқының тарихын айғақтайтын қытай деректерінің Асфендиаров еңбектерінде көрініс табуы да айтылады. Аталған мақалада С. Асфендиаровқа қатысты зерттеудің кейбір мәселелерін О. Қоңыратбаев, Қ.Құсайынұлы, Н. Мұқаметханұлы және т.б. отандық зерттеушілердің еңбектерін негізге алған. Тегтер: дерек, қытай деректері, Қазақстан тарихы, С. Асфендиаров, тарих, тарихи еңбек.

ЖЕТПІСБАЙ Н.Ы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің докторанты
ӘОЖ 94 (574). 02/.08 ЖОЛАМАН ТІЛЕНШІҰЛЫ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІС АЛДЫНДАҒЫ КІШІ ЖҮЗДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЖАҒДАЙ

Мақалада 1822 ж. басталған Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары мен түпкі себептері баяндалады. ХІХ ғ. алғашқы онжылдықтарында Батыс Қазақстанда қалыптасқан жағдайлар мен олардың пайда болу салдарлары сипатталады. Сол заманның сырт көрінісі, әлеуметтік-саяси дағдарыстар қысқаша аталып өтіледі. ХІХ ғ. алғашқы ширегі Отан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылды. Осы кезеңде үкімет тарапынан әбден әлсіретілген хандық билік таратылды, қазақ даласы отарлаудың жаңа сатысына өткізілді. Түйін сөздер: ұлт-азаттық көтеріліс, Жоламан Тіленшіұлы, Арынғазы сұлтан, әлеуметтік-саяси дағдарыс, Батыс Қазақстан.

Л.Н. НУРСУЛТАНОВА т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ
327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

Мақала Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастық сұрақтарын зерттеуге бағытталған. Қазақстанның тәуелсіздігін Еуропалық мемлекеттер, соның ішінде, Австрия да, 1991 жылы танығандығы белгілі. Осы жылдар кезінде экономика маңызды салаларының белгілі нормативтік-құқықтық базасы құрылды. Көлік, өзара инвестицияны қорғау, Акционерлік қоғам және бірлескен мекемелер құру аймағында бірнеше құжатқа қол қойылды. Австриялық компаниялар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, банк жүйесінде жұмыс істейді. Түйін сөздер: Қазақстан, Австрия, дипломатия, саясат, экономика.

А.М. Азмұханова1, Л.Н. Нұрсұлтанова2, М. Ботай3 1т.ғ.д профессор, 2т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, 3әлеуметтік ғылымдар магистрі
ӨЗБЕКСТАН – ОҢТҮСТІК КОРЕЯ: КЕЛІСІМДЕРДЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА.

Өзбекстан тәуелсіздігін Оңтүстік Корея 1991 жылдың желтоқсанында алғаш таныған уақыттан бастап екі ел арасындағы кең ауқымды екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық дами түсті. Сол жылы екіжақты сауда, инвестицияларды қорғау, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, визалық қолдау меморандумына қол қойылған болатын. 1992 жылғы Сауда келісіміне сай екі ел арасында неғұрлым тиімді қолайлы ахуал орнатылды. Соңғы жылдардағы (2015-2017 жж.) өзара тауар айналымы тұрақты түрде 2 млрд. АҚШ долл. асады. Түйін сөздер: Орталық Азия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, дипломатия, инвестициялар, транспорт, мәдениет.

М.Д. Шаймерденова, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының проф., т.ғ.к., mena_MS@mail.ru;А.А. Кульшанова, Т. Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры, т.ғ.к. E-mail: armankulshanova@mail.
94(574) (5-191.2) «20/30»:323.17/ «Қазақстан тарихы» оқу құралы қазақ және орыс мәдениеттерінің қиылысында: ерекшеліктері мен ұсыныстар

Мақалада инновациялық мүмкіндіктер, көпсалалы мәдениет тұрғысынан, пәнаралық байланыс және оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып дайындалған қазақстандық оқулықтардың үлгісіне арналған. Тарихи өткен мен, тарихи мұраны біріктіретін Қазақстан мен Ресейдің түркі-славяндық өзара ықпалы да қарастырылады. Түйін сөздер: инновация, мектеп оқулықтары, мәдени байланыстар, әлемдік-тарихи үдеріс, түркі-славяндық қарым-қатынас, мәдениетаралық байланыс.