Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Ибрагимова М.Н., Тасилова Н.А., Тойшубекова Ж.К.
Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер

Аңдатпа. Мақалада ортағасырларда Қазақстан территориясында мекен еткен қоңырат тайпаларының тарихы жайлы мәселе қарастырылады. Зерттеулер негізінде олардың мекен еткен территориясы анықталады. Қоңыраттардың Темір тарихында да белгілі орын алғандығы нақтылауға баса аударылады. Темірлік деректер негізінде қоңыраттардың ірі, жеке ел ретінде өмір сүрген ру-тайпа екендігі және олардың тайпа әмірлері сол ру-тайпа аттарымен аталатындығы жайлы зерттеледі. Әмір Темір және оның ұрпақтарының тарихшылары пайдаланған деректер көбіне ортақ болып келгендіктен оқиғаны баяндауда бірін-бірі қайталайды. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстыру арқылы олардың қайсысы шындыққа жақын екендігі дәлелденеді.

Төлеуғожин А.
Әлемдік державалардың Каспий мәселесі бойынша ұстанымдары

Бұл мақалада қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі Каспий теңізінің статусы жайлы әлем мемлекеттерінің негізгі ұстанымдары көрсетілген. Әлемдік алпауыттардың қандай мақсатта қызығушылық танытуда, нені көздейді және алда не болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап табу. Жалпы Каспий мәселесіне талдау жасауға ұмтылу болды.

ТАСИЛОВА Н.А., БАЙДАВЛЕТОВА М.Д.
АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ЕРЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТТЕРІ

Қазіргі таңда ауызша тарих айту дәстүріне деген қызығушылық пен сұраныс күннен-күнге өсіп жатыр. Әсіресе жазбаша деректер мен ауызша деректерді салыстыра талдау, жүйелеу мен төл деректеріміздің маңызын, ерекшеліктерін ескеріп, ғылыми айналымға қосу мәселесі де күрделі. Қазақ халқы өзінің төл деректерінің негізінде тарихымыздың күрделі, тарихи бағасын ала-алмаған тұстарын ашуға көмектесіп, кейбір біржақты зерттелген оқиғалар мен құбылыстарға жаңаша қарауға үлес қоса алады. Кеңестік дәуірде тыйым салынған ауызша тарихнамамызды қайта жаңғыртуға мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының қосқан үлесі қомақты. 100 томдық «Бабалар сөзі» атты жинақ, ауызша деректерді зерттеуге бағытталған кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып, ғылыми мақалалар, монографиялар мен оқу құралдары да жарық көруде. Түйін сөздер: Жырау, би, батыр, дәстүр, тұлға, қарым-қатынас, ауызша тарихнама.

Гумарова А.А.
РОЛЬ ЭТНОПЕДАГОГИКИ В ПРЕПОДАВАНИИИ ПРЕДМЕТА ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА

ЭТНОПЕДАГОГИКА - особое направление в исследовании социализации и образования. Она сформировалась во 2-й половине 20 века как междисциплинарная отрасль знаний на стыке этнологических и психолого-педагогических наук. В этнопедагогике традиционная культура, быт, семейно-родственные отношения рассматриваются в их влиянии на становление личности и интерпретируются в категориях педагогики. Этнопедагогика объясняет народную педагогику и предлагает пути ее использования в современных условиях, собирает и исследует опыт этнических групп, основанный на многовековом, естественно развивающемся соединении народных традиций. Предметная область этнопедагогики не остается неизменной: задачи формируются и уточняются в зависимости от изменений социального заказа, связанного с движением общественного самосознания. В казахском народе испокон веков вырабатывался свой, самобытный нравственный уклад, своя духовная культура. Они проявлялись и в отношении к природе, и в поэзии, и в устном народном творчестве, и в удивительных народных ремеслах, и в красоте одежды, и в законах гостеприимства, и в добрых обычаях хорошего тона и правилах приличия.

Шашаев Ә.К.
Далалық ауызша тарихнамадағы Өтеміс қажының «Шыңғыснамасы»

Бұл мақалада,ықпалды отбасыдан шыққан, Ильбарыс ханның қызметінде болған(918/1512 – 931/1558 жж.) Маулан Мұхаммед Достың ұлы Өтеміс қажының, «Шыңғыс нама» кітабы негізінде Дәшті Қыпшақ көшпенділері тарихи білімінің далалық ауызша тарихнама түріндегі көрінісін қарастыру көзделген. Кітаптың мәтіні Еш сұлтанның тапсырмасымен, ХVI ғасырдың бірінші жартысында құрастырылған. Далалық ауызша тарихнама көшпенділердің жалпы білімінен өзіндік бір салаға монғолдық кезеңнен кейін ғана бөлініп шыққан еді. Өтеміс қажының «Шыңғыс намасы» Жошы ұлысы тұрғындарының тарихи білімі, естеліктері негізінде құрастырылған «жеке бөлімшелерден» тұратын тарихи әңгімелердің жинағы болып табылады. «Шыңғыс нама» Шыңғыс әулеті мен Дәшті Қыпшақ тайпаларының – Шыңғыс хан туралы, оның ұрпақтары, еуразия даласындағы тайпалар мен рулар туралы мәліметтер береді, яғни, еңбекте көшпенділердің ауызша тарихи білімі нақты көрініс тапқан. В.П. Юдиннің атап өткені бойынша бұл шығармада далалық ауызша тарих дәстүрі ХVI ғасырда қалай болса, яғни, Шыңғыс дәуірінен үш ғасыр өтсе де дәл сол қалпында тіркелген. Мақалада әр кезеңдерде көрініс тапқан тарихи мәліметтерден үзінді беріліп, сол туралы кейінгі зерттеушілердің де пікірі берілген.