Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Б.К.Қалшабаева, А.Қ.Бейсегулова
Ресейдегі қазақтардың мәдени мұраларының сақталуы мен өзгерісі

Т.ғ.д. профессор Б.К. Қалшабаева мен А.К. Бейсегулованың «Ресейдегі қазақтардың мәдени мұраларының сақталуымен өзгерісі» тақырыбындағы мақаласы Ресей Федерациясының Алтай республикасы Қошағаш ауданындағы қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің сақталуы мен өзгерісі мәселелеріне арналған. Мақалада авторлар қазақтардың Қошағаш ауданындағы алғаш салынған қоныстары мен баспана үлгілерін, атауларындағы ерекшелігін көрсетеді. Сонымен қатар, дәстүрлі киімдері мен тағамдарындағы ұлттық болмыстың сақталуымен бірге жергілікті халықтың ықпалымен енген өзгерістер жөнінде де айтылады. Сондай ақ, орыс халқының ықпалымен ұннан жасалынған тағамдардың түрлері көбейгендігі көрсетіледі. Авторлар мақалада отбасы және отбасылық тұрмыспен байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуы мен ерекшелігін де жан-жақты көрсетеді. Сондай ақ, аймақтық ерекшеліктер мәселен, Орынбор мен Алтай қазақтарының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер салыстырыла қарастырылады. Мақалада Алтай қазақтарының дәстүрлі мәдениетіне жергілікті алтай халқынан енген өзгерістер де қарастырылады. Түйін сөздер: Ресей, мәдени мұра, Қошағаш ауданы, материалдық мәдениет, рухани мәдениет, Орынбор, Алтай.

Төлеуғожин А.
Әлемдік державалардың Каспий мәселесі бойынша ұстанымдары

Бұл мақалада қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі Каспий теңізінің статусы жайлы әлем мемлекеттерінің негізгі ұстанымдары көрсетілген. Әлемдік алпауыттардың қандай мақсатта қызығушылық танытуда, нені көздейді және алда не болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап табу. Жалпы Каспий мәселесіне талдау жасауға ұмтылу болды.

ТАСИЛОВА Н.А., БАЙДАВЛЕТОВА М.Д.
АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ЕРЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТТЕРІ

Қазіргі таңда ауызша тарих айту дәстүріне деген қызығушылық пен сұраныс күннен-күнге өсіп жатыр. Әсіресе жазбаша деректер мен ауызша деректерді салыстыра талдау, жүйелеу мен төл деректеріміздің маңызын, ерекшеліктерін ескеріп, ғылыми айналымға қосу мәселесі де күрделі. Қазақ халқы өзінің төл деректерінің негізінде тарихымыздың күрделі, тарихи бағасын ала-алмаған тұстарын ашуға көмектесіп, кейбір біржақты зерттелген оқиғалар мен құбылыстарға жаңаша қарауға үлес қоса алады. Кеңестік дәуірде тыйым салынған ауызша тарихнамамызды қайта жаңғыртуға мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының қосқан үлесі қомақты. 100 томдық «Бабалар сөзі» атты жинақ, ауызша деректерді зерттеуге бағытталған кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып, ғылыми мақалалар, монографиялар мен оқу құралдары да жарық көруде. Түйін сөздер: Жырау, би, батыр, дәстүр, тұлға, қарым-қатынас, ауызша тарихнама.

ТАСИЛОВА НАЗИЯ АЙТБАЙҚЫЗЫ,БАЙДАВЛЕТОВА МАДИНА ДОСБЕРГЕНҚЫЗЫ

Шашаева Г., Жаппасов Ж.Е., Тасилова Н.А
CULTURE VALUES IN ARCHEOLOGY MUSEUM AND THEIR INFLUENCE ON EDUCATION OF YOUNGER GENERATIONS

Abstract: Currently, much attention is being paid to the spiritual and cultural heritage of nations. In recent years, cultural policy in Kazakhstan seeks to promote the material and spiritual heritage, both within the country and at an international level. Efforts are made to preserve these values in museums and specialized institutions, as well as their cultural transmission in educational programs at colleges and universities. This paper presents some of these politics and shows the vital relation between the work in cultural heritage preservation developed in museums and at educational processes. It also inquires into how these relations can be made more productive by means of Information and Communication Technologies. Key words: archeology, cultural values, education, historical heritage, ICTs, museums.