Түйіндеме
Мақалада Еуразия кеңістігіндегі кеңінен таралған, соңғы қола және ерте темір дәуірі кезеңдерімен мерзімделетін бұғытастардың этникалық тәуелділігі мәселесі көтерілген. Сынтастар кезігетін аумақтағы тұрғындардың антропологиялық, тілдік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, ескерткіштерді қалдырған тайпалардың бастауын қарастырады. Авторлар посткеңестік ғалымдардың зерттеулеріне кеңінен тоқталған.
Кілт сөздер: бұғытас, сынтас, мәдениет, скиф, киммерийлер, скифтік-сібірлік өнер, абхаз-адыгей.
Түйіндеме
Мақалада Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Боран ауылдық округінің территориясында, Қара Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан Түйетас қорымынан, 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазба барысында табылған, IX-X ғғ. мерзімделетін жылқы әбзелдері қарастырылады. Авторлар осы әбзелдердің құрамындағы үзеңгіге кеңінен тоқталған. Бұдан басқа Корея, Жапония және Қазақстанмен көршілес орналасқан мемлекеттердің аумағынан табылған үзеңгілердің зерттелуіне байланысты мағлұматтар келтірген.
Кілт сөздер. жылқы, әбзелдер, Алтай, Күршім ауданы, түркі кезеңі, үзеңгі.
Т.ғ.д. профессор Б.К. Қалшабаева мен А.К. Бейсегулованың «Ресейдегі қазақтардың мәдени мұраларының сақталуымен өзгерісі» тақырыбындағы мақаласы Ресей Федерациясының Алтай республикасы Қошағаш ауданындағы қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің сақталуы мен өзгерісі мәселелеріне арналған.
Мақалада авторлар қазақтардың Қошағаш ауданындағы алғаш салынған қоныстары мен баспана үлгілерін, атауларындағы ерекшелігін көрсетеді. Сонымен қатар, дәстүрлі киімдері мен тағамдарындағы ұлттық болмыстың сақталуымен бірге жергілікті халықтың ықпалымен енген өзгерістер жөнінде де айтылады. Сондай ақ, орыс халқының ықпалымен ұннан жасалынған тағамдардың түрлері көбейгендігі көрсетіледі.
Авторлар мақалада отбасы және отбасылық тұрмыспен байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуы мен ерекшелігін де жан-жақты көрсетеді. Сондай ақ, аймақтық ерекшеліктер мәселен, Орынбор мен Алтай қазақтарының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер салыстырыла қарастырылады. Мақалада Алтай қазақтарының дәстүрлі мәдениетіне жергілікті алтай халқынан енген өзгерістер де қарастырылады.
Түйін сөздер: Ресей, мәдени мұра, Қошағаш ауданы, материалдық мәдениет, рухани мәдениет, Орынбор, Алтай.
Бұл мақалада қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі Каспий теңізінің статусы жайлы әлем мемлекеттерінің негізгі ұстанымдары көрсетілген. Әлемдік алпауыттардың қандай мақсатта қызығушылық танытуда, нені көздейді және алда не болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап табу. Жалпы Каспий мәселесіне талдау жасауға ұмтылу болды.
Қазіргі таңда ауызша тарих айту дәстүріне деген қызығушылық пен сұраныс күннен-күнге өсіп жатыр. Әсіресе жазбаша деректер мен ауызша деректерді салыстыра талдау, жүйелеу мен төл деректеріміздің маңызын, ерекшеліктерін ескеріп, ғылыми айналымға қосу мәселесі де күрделі. Қазақ халқы өзінің төл деректерінің негізінде тарихымыздың күрделі, тарихи бағасын ала-алмаған тұстарын ашуға көмектесіп, кейбір біржақты зерттелген оқиғалар мен құбылыстарға жаңаша қарауға үлес қоса алады. Кеңестік дәуірде тыйым салынған ауызша тарихнамамызды қайта жаңғыртуға мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының қосқан үлесі қомақты. 100 томдық «Бабалар сөзі» атты жинақ, ауызша деректерді зерттеуге бағытталған кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып, ғылыми мақалалар, монографиялар мен оқу құралдары да жарық көруде.
Түйін сөздер: Жырау, би, батыр, дәстүр, тұлға, қарым-қатынас, ауызша тарихнама.