Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

ОМАРБАЕВ Ы.Қ.
КСРО АУМАҒЫНДА ПАСПОРТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕНГІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ (1918-1945 ЖЖ.): АЛҒЫШАРТТАРЫ, ЖҮРУ БАРЫСЫ

Аннотация Мақалада КСРО аталатын бұрынғы отанымызда 1918-1959 жылдар аралығында жүргізілген паспорттық жүйенің кезеңдеріне талдау жасалынады. Паспорттық жүйенің туындауына алғышарт болған саяси-әлеуметтік ахуалдарға жан-жақты авторлық баға беріліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіндегі қызмет ету міндеттеріне ой жүгіртіледі. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы уақытындағы әскери-төтенше ахуалдарға орай, паспорттық жүйе аппаратының ұйымдасушылық міндеттеріне жіті тоқталынады. 1950-шы жылдардағы қылмыстық жағдайлардың алдын-алу мен социалистік идеологияны насихаттауды нығайту барысындағы паспорттық жүйенің құрал ретіндегі маңызына пайымдар түзілінеді. Түйін сөздер: паспорт, жүйе, декрет, ведомство, орган, азамат

ҚАБИДЕНОВ М.
ҚР МЕН ҚХР АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

Аннотация Мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынастың мәселелері мен болашағы қарастырылады. Мемлекеттердің қолдау шараларының тетіктерін атқару мен жүзеге асыру қызметінің бағыттары анықталған. Елдердің түрлі аймақтарының бизнесін мемлекеттік оңтайландыру тәжірибелері талданылған. Түйін сөздер: экономика, бизнес, тетік, даму, аймақ

Mirzahan Egamberdiyev, Arman Alimbekov
LEGAL REGULATION OF REPATRIATION IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN: SOME THEORETICAL AND PRACTICAL PROBLEMS

This article explores the peculiarities of legal regulation of immigration to the Republic of Kazakhstan. As one of the few countries that have put a policy of repatriation cornerstone of immigration policy, Kazakhstan pays great attention to regulatory and legal support for the return of immigrants to their historic homeland. The authors concludes that there are significant contradictions between the legal order of government action and the actual results achieved during the implementation of the repatriation program. To address the issues facing the state in the field of migration policy in general, and of immigration policy in particular, it is necessary to form a harmonious whole of the political, economic, social and psychological structure, the unity of all the elements in accordance with the multi-faceted national legal culture and legal validity.

Омаров Ғ.Қ., Куркеев Е.М.
БҰҒЫТАСТАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ CИПАТЫ*

Түйіндеме Мақалада Еуразия кеңістігіндегі кеңінен таралған, соңғы қола және ерте темір дәуірі кезеңдерімен мерзімделетін бұғытастардың этникалық тәуелділігі мәселесі көтерілген. Сынтастар кезігетін аумақтағы тұрғындардың антропологиялық, тілдік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, ескерткіштерді қалдырған тайпалардың бастауын қарастырады. Авторлар посткеңестік ғалымдардың зерттеулеріне кеңінен тоқталған. Кілт сөздер: бұғытас, сынтас, мәдениет, скиф, киммерийлер, скифтік-сібірлік өнер, абхаз-адыгей.

Омаров Ғ.Қ., Сапатаев С.А.
ОҢТҮСТІК-БАТЫС АЛТАЙДАН ТАБЫЛҒАН ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АТ ҮЗЕҢГІСІ ХАҚЫНДА

Түйіндеме Мақалада Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Боран ауылдық округінің территориясында, Қара Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан Түйетас қорымынан, 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазба барысында табылған, IX-X ғғ. мерзімделетін жылқы әбзелдері қарастырылады. Авторлар осы әбзелдердің құрамындағы үзеңгіге кеңінен тоқталған. Бұдан басқа Корея, Жапония және Қазақстанмен көршілес орналасқан мемлекеттердің аумағынан табылған үзеңгілердің зерттелуіне байланысты мағлұматтар келтірген. Кілт сөздер. жылқы, әбзелдер, Алтай, Күршім ауданы, түркі кезеңі, үзеңгі.