Аңдатпа. Мақала ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Кеңес үкіметінің өнер саласына жүргізген қуғын-сүргін науқанына арналған. Архив құжаттар мен газет материалдарына сүйене, Д. Әділов, М. Әуезов, Т. Жүргенов, Ж. Шанин және тағы басқа қайраткерлердің қазақ өнерін қалыптастырып, дамытуына қосқан үлесін, қызметтерін саралай отырып, олардың жалған айыптармен тұтқындалып, «ұлтшыл-фашист», «халық жауы» ретінде айыпталу барысы айқындалады. Қазақ академиялық театры, облыстық театрлардағы Шара Жандарбекова, Құрманбек Жандарбеков, О. Беков сияқты өнер азаматтарының ұлтшыл бай тап өкілдерінің тұқымы ретінде баспасөз бетінде әшкереленгендігі нақтыланады. Сонымен қатар халық жауы мен алашордашыл-ұлтшыл атанған драматургтардың қойылымдарының сахнадан алынып тасталынуының мәнісі талдана беріледі. Қуғын-сүргін нәубетінің мәдениет, өнер саласына тигізген зияндылығы мен қуғындалғандардың тағдыры зерделенеді.
Аңдатпа. Мақала Солтүстік-Шығыс Каспий маңы және оған іргелес аудандардағы сармат мәдениетінің проблемаларына арналған. Солтүстік-шығыс Каспий маңының іргелес аудандары ретінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының территориялары, Оңтүстік Орал маңы, Еділ бойы, Үстірт аумақтары қамтылған. Тақырыпқа қатысты ғылыми әдебиеттердегі маңызды проблемалар, гипотезалар қарастырылады және талдау жасалады. Сармат мәдениетінің дискуссиялық проблемалары көрсетілген.
ХХ ғ. бірінші ширегінде М.И. Ростовцевтің еңбектерінен бастау алған сармат мәдениетінің проблемалары күні бүгінге дейін қызу зерттелуде. Бұлар сармат мәдениетінің пайда болуы, кезеңделуі, этникалық тиістілігі және т.б. мәселелер. Зерттеушілер сармат мәдениеті ұзақ тарихи даму жолынан өткендігін дәлелдеді. Оның қалыптасуы мен дамуы б.з.д І мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастау алып б.з. І мыңжылдығының І жартысына дейін созылады.
Аңдатпа. Мақалада патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қарастырылады. Нақтырақ айтқанда патша үкіметінің сол тұста ең көп орыс шаруаларының қоныстанған Семей облысы мысалында жергілікті қазақтар мен орыс шаруалары арасындағы байланыстар ашылады. Ол байланыстар көбінесе қазақ халқының мүддесіне қарама-қайшы жүргізілген болатын. Мақалада сол кезеңдегі қазақ халқының шұрайлы жерлерінен айрылуы мен дәстүрлі шаруашылық түрлеріне келтірілген зардаптары нақты зерттеулер мен деректер негізінде көрсетіледі. Әрине орыс шаруаларының Семей облысы жеріне қоныстану барысы мен шаруашылықтарын жүргізу үшін қазақтармен қандай байланыстар орнатып, жаңа шаруашылық түрлеріндегі қазақтардың алар орны нақтыланады. Семей облысы қазақтары мен орыс шаруалары және жалпы патша үкіметінің отарлық саясаттарының өзге де бағыттары сипатталып, талданады. Атап айтқанда рухани саладағы отарлау саясаты ашылады. Қазақтарды шоқындыру саясаты мен орыстандыру саясатының бағыттары мен әдіс-тәсілдеріне баға беріледі. Сонымен қатар жергілікті қазақтар мен орыс шаруаларының ортақ мүдделері тоғысатын қарым-қатынастарының бағыттары сипатталады.
Аннотация. Начало эпохи палеометалла в степных регионах Казахстана знаменуется переменами во многих сферах жизни древних людей, связанными переходом к скотоводческому хозяйству. Поэтому период ботайской культуры, является крайне важным и интереснейшим временем в истории развития древнего населения Северного Казахстана. Здесь с 1980 года изучается изучается поселение Ботай и археологические объекты входящие в круг ботайской культуры. Прошло 40 лет. Поэтому необходимо выделить основные итоги полевых работ. В статье представлены некоторые результаты изучения за прошедшие десятилетия, обобщен и рассмотрен основной массив источников. Предложено решение некоторых проблем, уточняется роль ботайской культуры в энеолите региона, прослеживается дальнейшая судьба. За этот период существование ботайской культуры раскрывает переломный момент в жизни древних общностей Казахстана, которая затрагивает все сферы деятельности – социальную, культурную, хозяйственно-бытовую и духовную в древности. Рассматривается исторический процесс появления одомашнивания лошади на территории Казахстана.
Abstract. The article provides a brief overview of the historiography of issues related to the transformation of traditional society in the framework of Soviet modernization of Central Asia.
The paper considers the views of prominent researchers, as well as the most common points of view on this topic. Issues of traditionalism in the Soviet period are considered in the context of the implementation of the Program article by N.A. Nazarbayev «Course towards the future: modernization of Kazakhstan’s identity», where the socio-cultural sphere is given priority. At that it was during the Soviet period that this sphere of public life underwent an unprecedented reform and transformation. The work also analyzes the authors' studies on the policy of the Soviet government in relation to the sociocultural sphere of the Soviet Muslim East. In particular, some attention has been paid to studies on the transformation of traditional nomadic society and the nomadic sedentarization. Of particular interest are studies on the coincidence of religious and national identity. In this regard, some issues of the national-territorial demarcation of Soviet Central Asia, the education of the indigenous population, the change in the role of women in traditional Central Asian society, as well as the phenomenon of the preservation and strengthening of traditionalism in Central Asia during the Soviet period are also highlighted.