В статье рассматриваются особенности и проблемы государственно-конфессиональных отношений в период начала XX века – конца 1930 годов. Данные отношения обладали противоречивыми признаками и были нестабильны. Это связано как с особенностями государственно-конфессиональных отношений в разных по политическим системам обществах, духовно-религиозными ценностям, характеру эпохи, так и с разнородным по социальному, этническому и религиозному признаку обществом в указанный период.
В статье отмечается, что проблемы государственно-конфессиональных отношений были обусловлены, прежде всего, вмешательством государства во внутренние дела религиозных объединений и конфессий, преследованием властью религиозных деятелей и верующих в период советской власти, как инакомыслящих и ее врагов.
Также отмечается, что противоречия в системе государственно-конфессиональных отношений заключались в нестабильности отношений между государством и религиозными объединениями и конфессиями, в политике «двойственности, двуличия» власти по отношению к религиям и религиозным конфессиям, религиозным деятелям и верующим.
На основе критического анализа исторической литературы по данной проблеме сделан вывод о противоречивом характере государственно-конфессиональных отношений и несовместимости существования государства, основанного на административно-бюрократической системе управления, и религии, конфессий.
Работа выполнена в рамках научного проекта «Государственно-конфессиональные отношения в Казахстане (начало XX в. - конец 1930-х гг.)» по грантовому финансированию Министерства образования и науки Республики Казахстан. ИРН АРО8855487
Дәстүрлі қазақ шаруашылығы зерттеудің нысаны ретінде өзіндік көзқарастардың жалпыланған ережелердің, ұғымдардың, заңдардың және ұстанымдардың жиынтығынан тұрады. Осылардың барлығы өз тараптарынан дәстүрлі шаруашылықтың мағынасын, заңдылықтарын, құрылымын және дамуын көрсетеді. Дәстүрлі қоғам жүйесінде шаруашылық оның өмірінің экономикалық негізі болып табылады.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай Шығыс Қазақстан жерінде аймақтағы сауда-экономикалық қызметтің дамуына және қалыптаса бастаған нарық қатынастарына қазақтарды да тартуға қолайлы жағдайлар қалыптасты. Осының нәтижесінде қазақ қоғамында шаруашылықтың жаңа түрін, жаңа мәдениетті және тұрмысты алып жүруші қабат қалыптасты. Мақалада дәстүрлі қазақ шаруашылығының кейбір ерекшеліктері және оның Шығыс Қазақстан мысалында нарық жағдайына бейімделуі қарастырылған. Аймақтағы көшпелі тұрғындардың шаруашылығының дамуы кешенді сипатта берілген. Бұл қазақ-орыс экономикалық байланыстарының дамуындағы аталмыш аймақтың ролін және орнын ашуға мүмкіндік береді.
ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі мұсылман жұртшылығының өміріндегі жаңа өзгерістер буржуазиялық қатынастардың дамуымен байланысты екені белгілі, бұл жөнінде отандық және шетелдік әдебиеттерде айтылған.
Жәдидтік қозғалыста халықтық сипат белең алғанымен ХХ ғасыр басында онда екі идеялық-саяси ағым бой көрсетті. Алғашқы ағым консерваторлық (дәстүршілдер), екінші ағым либерал-реформаторлар болды.
Аталмыш мақалада ғылыми объективтілік принципі негізінде мұсылмандық либерализм қарастырылып, саяси тарихтың құрамдас бөліктерімен (үкіметтің діни және ұлттық саясаты, қоғамдық-саяси қозғалыс, партиялар, «Алаш» қозғалысы өкілдерінің либеральды бағыттағы мұсылмандық ұйымдардың қызметіне атсалысуы) өзара байланыста сараланады. Объективтілік ұстаным ресейлік мұсылмандардың қоғамдық-саяси қозғалысын ХХ ғасыр басындағы әлемдік діндер арасындағы текетірес, ұлы империялардың өзара келісе алмаушылығы секілді мәселелермен бірге қарастыруды қажет етеді. Мұндай жағдай әркелкі халықтардың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы деңгейіне, тұрмыс-тіршіліктерінің ерекшелігіне назар аудартады. Мәселеге осы қырынан қарау ресейлік мұсылмандарды жалпыресейлік әлеуметтің құрамдас бөлігі ғана емес, әлемдік исламдық қауымдастықтың толық қанды мүшесі екенін аңартуға өз септігін тигізеді.
Зерттеуде алға қойылған мәселелер хронологиялық негізде баяндауды ғана емес, оның негізгі проблемаларын айшықтап көрсетуді де талап етеді. Соның негізінде зерттеуде мына мәселелерге ерекше назар аударылды:
– мұсылмандық либерализмнің идеялық бастау көздері, қалыптасуының негізгі кезеңдері және мұсылмандық либерализмнің әлеуметтік базасы;
–ұлттық негіздегі мұсылмандық қозғалыстың саяси ұйымдарының формасы;
–ұлттық доктрина және мұсылмандық либерализмнің саяси платформасы;
– ХХ ғасыр басындағы мұсылмандық либерализмге «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің ұстанымы.
В статье раскрываются основные идеи, взгляды и предложения лидеров партии «Алаш» по формированию государственности на казахской земле. Показывается как под руководством А.Бокейханова, после установления советской власти, алашординцы смогли сохранить, вплоть до начала 30-х годов, полный контроль над образованием, прессой, издательским делом и культурой. На ряду с этим, рассмотривается как А. Бокейханов. в своих трудах, впервые в казахстанской историографии стремился показать эволюцию развития государственности на территории Казахстана дается анализ, как он доказывает судьбаносность вопросов о земле для казахов. Показывается как Бокейханов предвидел, что слом веками кормившего народ уклада хозяйствования обречет людей на голодную смерть. Анализируется идей А.Бокейханова, о том, что что безземельный народ представляет собой неорганизованную толпу без какой-либо экономической и материальной силы. Делается вывод, что А. Бокейханов посвящал свою жизнь реализации указанных идей. Благодаря этому он стал идеологом и лидером национально-освободительного движения казахского народа.
Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Түркістан аумағындағы Жетішаһар мемлекетінің күйреуіне қатысты кейбір мәселелер қарастырылған. Бастапқы кезде Шығыс Түркістан аумағында Жетішаһар мемлекетінің құрылуына жергілікті халық зор сеніммен қарады. Жетішаһар мемлекетін құруға қол жеткізген Жақыпбек Бадаулеттің ортаазиялық халық өкілі екені жергілікті халық арасында мақтаныш сезім қалыптастырғандай болды. Алайда Цин империясында орын алған әлеуметтік-саяси үдерістер салдарынан (тайпиндер, ұйғырлар, дүңгендер және т.б. көтерілістері) жағдай шиеленісіп кетті. Сонымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиленісуімен қатар, Цин империясының жергілікті шенеуніктерінің бетімен кетіп, заңсыз әрекеттерге баруы, бұхара халықтың арасында күйзелістің артуы Шыңжаңдағы көтерілістің негізгі себебі болды. Жетішаһар мемлекетінің күйреуі оның даму деңгейінің төмен дәрежеде болуына және Жақыпбек Бадаулеттің қазасынан кейін ел ішінде орын алған бейберекеттікке байланысты, бұл өз кезегінде Жетішаһар мемлекеті аумағында Цин империясы билігінің қайта орнауына алғышарт қалыптастырды.