Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

С.К. Рүстемов¹, Р.Е. Оразов². ¹Т.ғ.к., доцент. ²Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТжЭИ. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМ ЖӘНЕ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ

ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі мұсылман жұртшылығының өміріндегі жаңа өзгерістер буржуазиялық қатынастардың дамуымен байланысты екені белгілі, бұл жөнінде отандық және шетелдік әдебиеттерде айтылған. Жәдидтік қозғалыста халықтық сипат белең алғанымен ХХ ғасыр басында онда екі идеялық-саяси ағым бой көрсетті. Алғашқы ағым консерваторлық (дәстүршілдер), екінші ағым либерал-реформаторлар болды. Аталмыш мақалада ғылыми объективтілік принципі негізінде мұсылмандық либерализм қарастырылып, саяси тарихтың құрамдас бөліктерімен (үкіметтің діни және ұлттық саясаты, қоғамдық-саяси қозғалыс, партиялар, «Алаш» қозғалысы өкілдерінің либеральды бағыттағы мұсылмандық ұйымдардың қызметіне атсалысуы) өзара байланыста сараланады. Объективтілік ұстаным ресейлік мұсылмандардың қоғамдық-саяси қозғалысын ХХ ғасыр басындағы әлемдік діндер арасындағы текетірес, ұлы империялардың өзара келісе алмаушылығы секілді мәселелермен бірге қарастыруды қажет етеді. Мұндай жағдай әркелкі халықтардың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы деңгейіне, тұрмыс-тіршіліктерінің ерекшелігіне назар аудартады. Мәселеге осы қырынан қарау ресейлік мұсылмандарды жалпыресейлік әлеуметтің құрамдас бөлігі ғана емес, әлемдік исламдық қауымдастықтың толық қанды мүшесі екенін аңартуға өз септігін тигізеді. Зерттеуде алға қойылған мәселелер хронологиялық негізде баяндауды ғана емес, оның негізгі проблемаларын айшықтап көрсетуді де талап етеді. Соның негізінде зерттеуде мына мәселелерге ерекше назар аударылды: – мұсылмандық либерализмнің идеялық бастау көздері, қалыптасуының негізгі кезеңдері және мұсылмандық либерализмнің әлеуметтік базасы; –ұлттық негіздегі мұсылмандық қозғалыстың саяси ұйымдарының формасы; –ұлттық доктрина және мұсылмандық либерализмнің саяси платформасы; – ХХ ғасыр басындағы мұсылмандық либерализмге «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің ұстанымы.

С.М. Борбасов¹. ¹Д.полит.н., профессор. Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. Казахстан, г. Алматы.
МРНТИ 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ДУХОВНОЕ НАСЛЕДИЕ ЛИДЕРОВ ПАРТИИ «АЛАШ» В КОНТЕКСТЕ ФОРМИРОВАНИЯ ИДЕИ КАЗАХСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ

В статье раскрываются основные идеи, взгляды и предложения лидеров партии «Алаш» по формированию государственности на казахской земле. Показывается как под руководством А.Бокейханова, после установления советской власти, алашординцы смогли сохранить, вплоть до начала 30-х годов, полный контроль над образованием, прессой, издательским делом и культурой. На ряду с этим, рассмотривается как А. Бокейханов. в своих трудах, впервые в казахстанской историографии стремился показать эволюцию развития государственности на территории Казахстана дается анализ, как он доказывает судьбаносность вопросов о земле для казахов. Показывается как Бокейханов предвидел, что слом веками кормившего народ уклада хозяйствования обречет людей на голодную смерть. Анализируется идей А.Бокейханова, о том, что что безземельный народ представляет собой неорганизованную толпу без какой-либо экономической и материальной силы. Делается вывод, что А. Бокейханов посвящал свою жизнь реализации указанных идей. Благодаря этому он стал идеологом и лидером национально-освободительного движения казахского народа.

А.М. Сманова¹, Г.О. Чаргынова². ¹т.ғ.к., доцент. ²PhD доктор, аға оқытушы. ҚазҰҚПУ. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР: 03.09.55 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖЕТІШАҺАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ КҮЙРЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Түркістан аумағындағы Жетішаһар мемлекетінің күйреуіне қатысты кейбір мәселелер қарастырылған. Бастапқы кезде Шығыс Түркістан аумағында Жетішаһар мемлекетінің құрылуына жергілікті халық зор сеніммен қарады. Жетішаһар мемлекетін құруға қол жеткізген Жақыпбек Бадаулеттің ортаазиялық халық өкілі екені жергілікті халық арасында мақтаныш сезім қалыптастырғандай болды. Алайда Цин империясында орын алған әлеуметтік-саяси үдерістер салдарынан (тайпиндер, ұйғырлар, дүңгендер және т.б. көтерілістері) жағдай шиеленісіп кетті. Сонымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиленісуімен қатар, Цин империясының жергілікті шенеуніктерінің бетімен кетіп, заңсыз әрекеттерге баруы, бұхара халықтың арасында күйзелістің артуы Шыңжаңдағы көтерілістің негізгі себебі болды. Жетішаһар мемлекетінің күйреуі оның даму деңгейінің төмен дәрежеде болуына және Жақыпбек Бадаулеттің қазасынан кейін ел ішінде орын алған бейберекеттікке байланысты, бұл өз кезегінде Жетішаһар мемлекеті аумағында Цин империясы билігінің қайта орнауына алғышарт қалыптастырды.

Г.М. Абикова¹, М.Қ. Бегімова². ¹Докторант. әл-Фараби ат. ҚазҰУ. ²ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» ОҒК қызметкері, магистр.
ҒТАМР 13.31.09 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ СИРЕК КІТАПТАРЫ МЕН ҚОЛЖАЗБАЛАРЫ

Мақалада бұрынғы Ғылым академиясының, қазіргі «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының құрылуы тарихы баяндалады. Авторлар кітапхананың кітаптармен толықтырылуы, кітапхананың директорлары мен кітапхананы дамытудағы К.И. Сәтбаев, М.О. Әуезовтің тигізген үлесі жайында мәліметтер келтіріледі. Ғылым академиясы жанынан құрылған Кітапхана Кеңесінің атқарған жұмысына тоқталады. Сонымен қатар кітапхананың «Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімінде сақталған шығыс, шағатай, қазақ және басқа тілдердегі қолжазбалар, сирек кітаптардың жиналуы, сақталуы мен олардың маңызын ашады. Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев және т.б. тарихи тұлғалардың қолжазбалары мен кітаптарына, парсы, араб, қазақ, түрік, қытай және т.б. елдердің қолжазбаларына талдау жасалынады, деректік маңызы айқындалады. Тәуелсіздік жылдарында кітапхананың сирек қор бөлімінің негізгі жұмыс бағыты мен өткізілген іс-шаралар, бөлімнің шығарған еңбектері баяндалады. Сирек қорды қолжазбалар мен кітаптармен, ұлттық әдебиеттермен толықтыру мақсатында арнайы түрде ұйымдастырылған экспедициялар, ғылыми іссапарлардың мәнісі нақтыланады. ХХ-ХХI ғасырдағы кітапханалар арасындағы айырмашылықтардың мәнісі түсіндіріледі.

Е.Ш. Ақымбек¹, М.С. Шағырбаев². ¹PhD доктор, ЖҒҚ. ²Ғылыми қызметкер, Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АСПАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ОСТЕОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫ

Мақалада 2014 жылы ортағасырлық Аспара қаласының орталық бөлігінің шығыс жағында (шахристан) К.М. Байпақовтың жетекшілігімен ОҚКАЭ-сы (мүшелері: Е.Ш. Ақымбек, М.С. Шагирбаев) жүргізілген қазба жұмыстарынан ашылған құрылыс орындарынан табылған остеологиялық материалдар қарастырылады. Көлемі 13х10 м қазба 0,5-1 м тереңдетілгенде астыңғы мәдени қабаттың үстіне салынған ХІV–ХV ғғ. жататын бөлме орындарынан жануарлардың сүйектері әртүрлі деңгейден, құрылыстың барлық жерінен анықталады. Остеологиялық материалдардың жалпы саны – 453 дана, оның ішінде 341 данасы нақты жануар түрлеріне қарай ажыратылады. 112 дана сүйектер сүтқоректілер класына тиесілі болғанымен, жануар түрі анықталмады. Сүйек материалдардың ішінде ит пен есек сүйегінен басқасы «ас үй қалдығы» болып табылады. Мұны сүйектердің 82% бөлшектенгенінен көруге болады. Бүтін сүйектерге тек көлемі кішкене, «куб» тәріздес қаңқа элементтері тиесілі. Зерттеу барысында 10 жануар түрі анықталып, олардың қаңқа элементтері мен жас ерекшеліктері сипатталып, жыныстық диморфизміне талдау жасалады. Қала тұрғындарының шаруашылығы мен тағам рационында төрт түлік мал кеңінен қолданылған. Оның ішінде уақ мал саны басымдық танытады. Жабайы жануарлар саны материалдардың ішінде 1% ғана құрайды. Үй жануарларын пайдаланудың негізгі мақсаты ет өнімін алумен байланысты. Мұны жануарлардың жас ерекшеліктеріне орай жүргізілген зерттеулер растайды. Сүт өнімін алуда ірі қарамен қатар, ешкіні де көбірек пайдаланған тәрізді. Остеометриялық зерттеулер Аспара қаласының тұрғындарының шаруашылығында ірі тұқымды жылқылар пайдаланғанын көрсетіп отыр.
Previous 1 ... 14 15 16 ... 199 Next