Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА БЕЙІМДЕЛУІ (ХІХ ғ. – ХХ ғ. басы)

М.Қ. Кәрімов¹, М.С. Ибраемова², А.Ф. Даутова³, Б. Құдайбергенұлы⁴. ¹Т.ғ.к., профессор, ²т.ғ.к., доцент, ³т.ғ.к.,⁴т.ғ.к.

ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА БЕЙІМДЕЛУІ (ХІХ ғ. – ХХ ғ. басы)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(26), 2021

Tags: дәстүрлі шаруашылық, қазақтар, Ресей империясы, қазақ шаруашылығы, бейімделу, нарықтық қатынастар, нарық, сауда-экономикалық қызмет, экономика, Шығыс Қазақстан
Author:
Дәстүрлі қазақ шаруашылығы зерттеудің нысаны ретінде өзіндік көзқарастардың жалпыланған ережелердің, ұғымдардың, заңдардың және ұстанымдардың жиынтығынан тұрады. Осылардың барлығы өз тараптарынан дәстүрлі шаруашылықтың мағынасын, заңдылықтарын, құрылымын және дамуын көрсетеді. Дәстүрлі қоғам жүйесінде шаруашылық оның өмірінің экономикалық негізі болып табылады. ХІХ ғасырдың ортасына қарай Шығыс Қазақстан жерінде аймақтағы сауда-экономикалық қызметтің дамуына және қалыптаса бастаған нарық қатынастарына қазақтарды да тартуға қолайлы жағдайлар қалыптасты. Осының нәтижесінде қазақ қоғамында шаруашылықтың жаңа түрін, жаңа мәдениетті және тұрмысты алып жүруші қабат қалыптасты. Мақалада дәстүрлі қазақ шаруашылығының кейбір ерекшеліктері және оның Шығыс Қазақстан мысалында нарық жағдайына бейімделуі қарастырылған. Аймақтағы көшпелі тұрғындардың шаруашылығының дамуы кешенді сипатта берілген. Бұл қазақ-орыс экономикалық байланыстарының дамуындағы аталмыш аймақтың ролін және орнын ашуға мүмкіндік береді.
Text:

Кіріспе. Дәстүрлі қазақ шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Сондықтан алдымен көшпелі мал шаруашылығының ерекшеліктеріне, оның табиғи ортамен байланысына тоқталып өткен дұрыс. Мемлекеттің де, қоғамның да тіршілік негізі оның экономикасына, яғни шаруашылығына байланысты екені белгілі. Халықтардың өмір сүретін табиғи ортасы қашанда шаруашылық формасының басты шарты болып келеді. Сондықтан көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан, ол белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды.

Көшпелі өмір салты белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда табиғат ресурстарының сол өлкеде өмір сүруші этносқа ұсынатын шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты қалыптасады. Далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктерлерінің табиғи болмысы, аридтік көшпелі шаруашылықтың дамуына түрткі болады. Қазақ жері өзінің аса биік емес тауларымен, ұсақ шоқылы далаларымен көшпелі мал шаруашылығына қолайлы осындай аймақтар қатарына жатады.

Қазақтың мал өсіру дәстүрі экстенсивті шаруашылық түріне жатқаны белгілі. Ол көбіне ауа райының маусымдық өзгерістеріне, табиғат жағдайларына тәуелді болды. Мал азығын қысқа жеткілікті дайындай алмаған қазақтың көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы араға ондаған жылдар салып, қайталап отыратын жұттан қатты зардап шегетін, мұндай кездерде мал саны күрт азаятын. Дегенмен, қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан мал бағу тәжірибесінің нәтижесінде жұттан, әр түрлі малға келетін індеттерден сақтану жолдарын жақсы білді. Мал тұқымын үздіксіз асылдандырып отыру қазақтың мал шаруашылығының ғасырлар бойғы тәжірибесіне негізделді.

Қазақтың мал шаруашылығы жыл мезгіліне тәуелді болды. XIX ғасырдағы мал шаруашылығында көшудің төрт түрі қалыптасты. Біріші түрі - меридиан бойымен көшу. Бұл жазда солтүстікке карай, ал қыста оңтүстікке карай көшу. Көшпеліліктің бұл түрі, әсіресе, арқа қазақтарының кейбір руларына тән. Олар жаз айларында салқын аймақтарды (солтүстікті) жайлап, кысқа карай жылы оңтүстікке қарай көшіп, сонда қыстады. Көшіпеліліктің бұл түрінде малшы қауымның жылдық көшу қашықтығы 1000 шақырымға дейін баратын.

Көшпеліліктің екінші түрі – тік көшу. Бұл – жазда биік таулы жайлауға көшіп, қыс ойға түсу, немесе таудың етек жағындағы аса биік емес қара тауларды қыстау. Әдетте, көшудің бұл түрі аса қашық емес, әрі кетсе сол 50-100 шақырым. XIX ғасырдың соңында көшпелі шаруашылықтардың отырықшылыққа ойысуына байланысты солтүстік-батыс, солтүстік аудандарда 10-50 шакырым мөлшерінде ендікпен (шығыс-батыс) көшетін көшпелілік пайда болды. Бұл көшпеліліктің үшінші түрі. Шөлді аймақтарда, әсіресе Қызылқұм, Үстірт және т.б. суы тапшы жерлерде мал тіршілігі су көздерімен (құдық, көл) байланысты болды. Сондықтан бұл жерлерде су көзін айнала көшіп, өріс ауыстырыгып отырды. Бұл көшудің төртінші түрі еді. Мұндай жағдайдағы көшу қашықтығы 10-50 шақырымнан аспады.

Шаруашылықтың бірінші түрі Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақ далаларында, шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп-қонып жүруге негізделді. Бұл жерлерде егіншілік дами қоймады, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана тарады. Негізінен қой, түйе мен жылқы өсірілді, ірі қара аз болды. Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да, ендік бағыт бойынша да шалғай қашықтықтарга киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ болып көшіп-қонып жүрді. Жылдың суық мезгілін көшпелілер жел мен күшті борасыннан ықтасын құм жоталарының ығына орналасқан қыстау-тұрақтарда не үлкенді-кішілі дала өзендерінің жағаларында өткізді. Бұл тұрақтарда олар ұзақ тұрақтамады, көшпелілер тағы да көшіп, келесі қыстауга қолайлы жайылымдар тандап, жаңа жайылымдык жерлерді игере берді. Шаруашылықтың қосалқы салаларынан аң аулау ерекше дамыды.

Екінші, жартылай көшпелі шаруашылық түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды, мұнда мал өсірушілер жыл сайын қыстауға оралып отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі Тянь-Шань және Алтай таулары сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары сияқты дала, орман және биік тау араласып отыратын шөбі шүйгін өңірлерде кең таралды. Маусымдық жайылымдар бір-бірінен онша қашық болған жоқ, сондықтан шаруашылықтың бірінші түріне қарағанда көшіп-қонатын жерлердің арасы біршама жақын болды. Бәрінен де көшіп-қонудың тік әдіс деп аталатын түрі кең тарады: өзен бойларындагы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымдарға, одан әрі биік таулардағы шөбі шүйгін жайлауларға көшетін болды. Осыған байланысты Жетісуда, Шығыс Қазақстанда және табиғи-климаттық жағдайлары осыларға ұқсас басқа аймақтарда жерді қауымдық-рулық және тайпа аралық шекаралар көлемінде пайдаланудың жайлымдық жерлер мен су көздерін әр маусым үшін бөліп отырумен сипатталатын көшпелі-жайылымдық жүйесі өте ертеде, б. з. б. I мыңжылдыктың басында-ақ қалыптасты. Қыстаудан алыс емес қолайлы жерлерге егін салу дамыды, әдетте тары, арпа, бидай өсірілді.

Қой және жылқы шаруашылығы ірі қара өсірумен толықтырылды. Пішен дайындалып, малдың неғұрлым бағалы тұқымдарын қыста қолда ұстау мүмкіндігі туды. Қыстауларда ұзақ уақыт болу ағаштан, тастан, қамыстан жылы тұрақты тұрғын үй салуды керек етті.

Мал шаруашылығының үшінші түрі – отырықшы мал шаруашылығы бәрінен де гөрі Оңтүстік Қазақстан аудандарында, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жотасы баурайларында, табиғи су қоймалары мен кең-байтақ шабындық алқаптары бар жерлерде кеңінен тарады.

Алайда, малдың басым көпшілігін жыл бойы жайып бағу болып табылатын шаруашылықтың жайылымдық-экстенсивті бағыты мал шаруашылығы экономикасының барлық нұсқаларының ортақ сипаты болды. Ертедегі мал өсірушілердің малды шалғай жайылымдарға айдау мен тебінге қысы суық климат жағдайларында азығын қардың астынан аршып жеуге бейімделген мал тұқымдарын өсіріп шығаруға ерекше назар аударуы тегін емес. Көшпелі малшы және жауынгер сақтың тұрмысында жылқы үлкен рөл атқарды. Сақ заманындағы жылқының екі тұқымы болды. Тез семіретін және қысқы тебінге әбден төзімді, жатаған тебін жылқысы ең көп тараған түрі болды. Олар жабы тұқымдас далалық қазақ жылқысына ұқсас еді. Шығыстағы қазылған сақ обаларынан табылған жылқылар осындай тұқымдарға жататын.

Қазақтар қой, жылқы, сиыр, ешкі, түйе өсірді. Түліктердің ішінде қазақтың тұрмысында қой малы маңызды орын алды. Қойдың еті мен сүті жүні мен терісі киім, үй тұрмысы заттарына пайдаланылды. Қазақтар кылшық жүнді, қүйрықты қой өсірді. Аймақтық табиғат ерекшеліктеріне қарай қойдың бұл түрінің жергілікті тұқымдары да болды. Мысалы, шығыста еділбай, зайсан тұқымды қойлары өсірілді.

Әрине, қазақ халқының мал шаруашылығында жылқы малының алатын орны ерекше. Қазақ жылқысының тұрқы қысқа, аласа, кеудесі ауқымды, жүні ұзын, тарпаң тұқымдас жылқы болды. Ол мініске шыдамды, тебіндеп жайылуға қалыптасқан, аса күй талғамайтын кең даланың төл жануары еді. Олардың Тарбағатай өлкесінде осы жердің қатал табиғатына бейімделген жал-құйрығы қаба жабы мен найман жылқысы және т.б тұқымдары таралды. Мүйізді ірі қара малын, негізінен, кедейлер мен орта шаруалар ұстады. Қар астынан тебіндеп, өз азығын қыста тауып жей алмайтын зеңгі баба тұқымы көшпелі өмірге аса қолайлы түлік саналмайтын. Сондықтан, сиыр малын өсіру кейінгі кездері, яғни ел отырықшылыққа бет алған және нарық қатынастары дендей ене бастаған XIX ғасырдың соңына қарай дами түсті. Зайсан уезіндегі жылқы мен сиыр санының теңесуі (кесте 1 қараңыз) «Бетегелі белге бітем, найза ұстаған жауға бітем» дейтін жылқының заманы өтіп, «Қалың қорық нуға бітем, қоры үзілген қуға бітем» дейтін сиырдың заманы келгенін меңзейтіндей.

Қазақ өсірген енді бір түлік – түйе. Бұл елдің қазағы екі өркешті айыр түйені көбірек өсірді. Оның жүні қалың, суыққа төзімді келеді. Ал бір өркешті нар күшті, шыдамды болғанымен суыққа төзімсіздеу, сондықтан қысы қатты болатын бұл жақта таралмаған. Түйе малының кең байтақ далада қандай маңызды түлік болғанын Ипполит Завалишиннің мына бір жазғандары айқындай түседі: «Кейбір бай қырғыздар (қазақтар) керуенге лауға беру үшін 500-ге дейін түйе ұстайды. Даладан қанша керуен өтетінін дәл есептеу қиын. Өйткені, ресми деректер линия арқылы өтетіндерін ғана есепке ала алады. Ресми дерек бойынша, жылына 150-200 керуен тіркеледі. Бұл тек Сибирь линиясы бойынша, ал, Орынбор линиясынан 400 керуен өтеді. Әр керуенде 100 түйеден болса (әдетте одан көбірек болады), қазақ даласын керуен жолдарымен ғана 40 000 түйе ерсілі-қарсылы кезіп жүреді» (Завалишин, 1867:56).

Материалдар мен әдістер. Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде жүйелік ұстанымы, сол сияқты тарихилық және шыншылдық принциптері алынды. Бұл елдің басқа да аймақтармен тығыз байланыстағы өңір ретінде Шығыс Қазақстандағы қазақ қоғамның ХІХ ғ. – ХХ ғасырдың басындағы шаруашылық дамуын қарастыруға мүмкіндік берді. Жұмыста сонымен бірге жалпы ғылыми әдістер: сараптау, синтез, салыстыру, жинақтау; арнайы-тарихи: проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихи, дәуірлерге бөлудің және өзектілендірудің әдістері қолданылды. Дерек көздерімен жұмыс істегенде пайдаланылған негізгі әдіс, оларды салыстыру тұрғысындағы сыни сараптама болды.

РФ Омбы облысының мемлекеттік архивінің және Алтай өлкесі мемлекеттік архивінің қорларында біз зерттеген кезеңге қатысты біршама материалдар бар. Осы аталған материалдардың негізінде авторлар зерттеу тақырыбына қатысты қажетті мәліметтерді жинай алды, тарихи құжаттармен куәліктерге нақты сараптама жасалынды, өткен оқиғаларға қатысты ретроспективалық (бүгінгіден болашаққа) көзқарас берілді.

Талқылау. ХІХ ғасырдағы Ресей империясы әлеуметтік-экономикалық, мәдени және конфессиялық ерекшеліктері бар аса ірі, көпұлтты мемлекет еді. Бұл жағдай Ресей билігіне өзінің әртүрлі территорияларын және оларды мекендейтін халықтарды империя құрамына интеграциялауда дифференциалды қадамдар жасауға итермеледі. ХІХ ғасырда, империяның орталығынан алыста орналасу жағдайы қазақ жүздеріне байланысты қатынасқа тікелей жауап беретін жергелікті деңгейдегі әкімшілікке салмақ берді. Сондықтан да күнделікті қолданбалық әкімшілік тәжірибесі әртүрлі болуы мүмкін еді.

ХІХ ғасырда Сібір аймағына және сол кезде оның құрамына кірген Шығыс Қазақстанға да қатысты бір топ тарихи-этнографиялық еңбектер жарық көрді. Бұларда шаруашылық өмірдің кейбір жақтары қарастырылды. Нақты айтқанда бұлар – ғалым-ағартушы Ш. Ш. Уәлихановтың, белгілі орыс зерттеушілері Н.А. Аристовтың, С.Б. Броневскийдің, А.К. Гейнстің, И. Завалишиннің, А.И. Левшиннің, Г.Е. Катанаевтың, Г.Н. Потаниннің, В.В. Радловтың, Н.Н. Ядринцевтің және көптеген басқа да авторлардың еңбектері.

Орта жүз қазақтарының көшпенді шаруашылығының ерекшеліктеріне өз еңбектерінде М. Шорманов, А. Алекторов, А. Добросмыслов, Ә. Диваев және т.б. көңіл аударған.

Дәстүрлі қазақ шаруашылығын зерттеуде қазақ зиялыларының өкілдері Ш.Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, Т. Рысқұлов аса маңызды рөл атқарды. Олардың еңбектерінде Ресей үкіметінің әкімшілік және экономикалық саясатының отарлық сипаты, реформалардың нәтижесінде болған қазақтардың экономикасындағы өзгерістер және қазақ қауымының өміріндегі мал шаруашылығының орны мен рөлі атап көрсетілді.

Зерттеліп отырған кезеңдерде қазақ қоғамының шаруашылық өмірінің түрлі жақтарына талдау жасауға арналған зерттеулердің ішінде аймақтық өнеркәсіптік тұрғыдан игеру тарихы бойынша: Г. Чулановтың, Е.Б. Бекмухаметовтың, Н.В. Алексеенконың, М.Х. Асылбековтың, С.К. Игибаевтың, Т.А. Абдразаковтың, Т.С. Садыковтың, нарық және жәрмеңкелік сауда бойынша – И.Д. Ковальченконың, Л.В. Миловтың, П.А. Хромовтың, Т.К. Литвинованың, Ц.Л. Фридманның, З.Е. Кабульдиновтың, А.Т. Бексеитованың, М.А. Жанысбековтың және т.б. еңбектерін атап ету қажет.

Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қазақ қоғамының кәсіпкерлік және оған бейімделу тарихы қазіргі қазақстандық тарих ғылымында ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында – ХХІ ғасырдың басында Д.Ж. Жакупбекова, Л.Н. Нурсултанова, Г.М. Ахметова, С.Н. Мамытова, К.Ж. Абилов, Б.Т. Тулеуова сияқты кейбір отандық тарихшы ғалымдардың еңбектерінде қарастырыла бастады.

Нәтижелері. XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап тоталитарлық жүйе идеологтары көшпелілікке қарсы шыға бастады. «Адам табиғатты өзгертуші құдіретті күш» деген қағиданы басшылыққа алған коммунистік идеологияның өкілдері көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген халықтарды жаппай отырықшылыққа айналдыру қажеттігін дәлелдеп бақты. Ал осы қате көзқарастан қазақ халқы 30-жылдары қатты күйзеліске ұшырап, жаппай қырылып, көпшілігі елден ауып кетуге мәжбүр болғандығы белгілі.

Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың басында қатты күйзеліске ұшырады. Жоңғар шапқыншылығының зардабынан қазақтың көп тайпалары жерінен ауды, малынан айырылды. Дегенмен, XVIII ғасырдың екінші жартысында Сарыарқада мекендеген қазақтың мал шаруашылығы қайтадан қарқынды дами бастады. Мұны Ш. Уәлихановтың: «Сібір қазақтары сыртқы приказдар құрылғанға дейін байырақ болған, бұл титтей де күман келтірмейтін факт. Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында Орынбор және Сібір шептеріне айдап әкелінген малдар саны мен 20-30 жылдардағы ресми есептеулерге көз салудың өзі жеткілікті. Осы соңғы дәуірде 10 мың үйір жылқысы болған қазақтар аз болмаған» дегенінен-ақ байқауға болады (Уәлиханов, 2010:106).

1868 жылғы патша өкіметінің әкімшілік реформасынан кейін қазақтардың отырықшылыққа қарай ауысуы күшейді, мал шаруашылығы жайылым тарылуынан біршама күйзеліске ұшырап, егіншіліктің үлес салмағы артты. «Ертеде барлық қазақтардың ойлайтыны мен дәлелінің түп негізі мал болды, – деп жазды Ш. Уәлиханов. – Біз өз өмірімізді мал шаруашылығының талаптарына бейімдеп құрып келдік. Біздің бабаларымызда тұрақты қыстау, дәл сол сияқты жазғы жайылым үшін бөлінген жер де болған жоқ. Бір жерде шөп шықпай қалған кезде, біздің әкелеріміз ешқандай қашықтықтан тайынбай, басқа, неғұрлым қолайлы жерлерге кетіп қалатын. Орта Орданың қазақтары бір жазда Семей түбінен Тройцкіге қарай барып, кері қайтып отырған. Осындай тұрмыс салты жағдайында қатты қыстың қазіргі сияқты қатерлі сипатта болмағаны түсінікті» (Валиханов, 1985:106-107).

Ш.Уәлихановтың сөзінен отаршылықтың алғашқы кезеңінің өзінде-ақ  кең өрісті қажет ететін дәстүрлі мал шаруашылығының тоқырауға ұшырай бастағанын байқаймыз. Енді бұрынғыдай қалаған жағына көшуден қалған жұрт шараушылығын патша үкіметінің кесіп берген әкімшілік жері шеңберінде жүргізуге бейімдеді. Өзен-су бойлары мен шабындығы бар шұрайлы жерлер казактар мен орыс мұжықтарына беріліп, қуаң дала қазақтардың еншісінде қалды. Дәстүрлі мал шаруашылығының XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі жағдайы мен мал басы жайлы жазба деректерді 1896 жылғы Ф.А.Щербина басшылығымен қазақ ауылдарына шыққан экспедиция жинақтаған мәліметтерден алуға болады. Ф.А. Щербинаның экспедициясының негізгі мақсаты Ресейдің ішкі губернияларынан аударылатын қарашекпендерді қоныстандыруға жарамды, «артық» жерлер табу болатын.

Осындай жағдайдың өзінде көшпелі мал шаруашылығының қыры-сырына жетік қазақтардың өз иелігіндегі азғантай ғана жайылымды аса тиімділікпен пайдаланғандығы таң қалдырмай қоймайды. Олар қыста Тарбағатайдың «қаратау» деп аталатын солтүстік сілемдеріндегі қар жұқа түсетін, күнгейі жылымық, аласалау жоталарының сай-салаларында қыстады. Қыстаудағы таудың теріскей беткейін қар бекігенге дейін жайылымға пайдаланып, күнгейін қыстың ең ауыр кездеріне соны сақтады. Қысқы жайылымды ерте жеп қоймас үшін, күзекте жердің оты қашқанша неғұрлым ұзақ отыруға тырысатын. Қалба мен Тарбағатайдың биігіндегі жайлауға шыққанда ғана малдың еркін жайылуына мүмкіндік туатын. Әрине, мұндай отаршылық тудырған таршылық жағдайда (Ш.Уәлиханов пен А.И.Левшин келтірген деректердегі) он мың жылқы айдаған байлар туралы сөз қозғаудың өзі артық. Уезд бойынша жан басына бір жылқыдан ғана айналатыны қазақ тұрмысының ауырлап кеткенінің нақты көрінісі еді. Бүкіл Зайсан уезінің он жеті болысында жылқысы мыңнан асатын екі-ақ ауыл: Шорға болысындағы Қайран Итке ауылында 1882 жылқы және Боғас болысының байы Әдеп Оралда 1005 жылқы болғаны көрсетілген.

Кесте 1

Зайсан уезіндегі болыстар бойынша 1911 жылғы мал саны

Болыстар

Шаруашылық ауылдары саны

Жан саны

Жылқы

Сиыр

Қой-ешкі

Түйе

1

Базар

93

4886

11036

7423

67262

1075

2

Баспан-Базар

103

2686

3380

1840

28126

847

3

Боғас

225

5762

8365

4689

63246

1230

4

Қарғыба

261

5484

6424

4246

52725

1001

5

Құмкөл

107

3803

4953

4531

31609

289

6

Лаба

208

4913

7990

4494

48021

981

7

Маңырақ

112

5665

10270

7826

77845

1553

8

Нарын

235

7723

12461

8296

68787

1785

9

Өкпеті

270

6962

8746

6397

57304

440

10

Теріс-айырық

87

4415

18828

7254

141232

1574

11

Шорға

66

6872

12884

8233

61687

1591

12

Шілікті

102

6557

12523

8093

99626

1132

13

Хабар Асу

124

5790

7756

5346

55004

738

Жиыны

1993

71508

76233

78668

910540

14236

(Кесте қазіргі Тарбағатай ауданы территориясына сәйкестендірілді).

Кең жайылымды қажет ететін қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы барған сайын қысымшылық көріп, бұрынғы бет-бейнесінен айырыла бастаған еді. Ертеректе жайлауға шыққанда еркіндік көретін қазақ малы жерді келімсектерге берген соң, мұнда да жайылым жетіспеушілігінен қағажау көрді. «Болыс шекарасы жүргізілгенге дейін өте алысқа, Семипалат уезіндегі Қызылсу мен Шарға дейін көшетін, ол кезде қазіргі жайлау жолдағы уақытша қонатын жұрт болатын... Жазғы жайлаудың ауқымды бөлігі уездің солтүстік-батыс жағында орналасқан. Кейіннен бұл жерлерге орыстар қоныстандырылғандықтан жайлау көлемі едәуір азайды. Сол себепті уездің оңтүстік және батыс жағындағы шаруашылықтар жазғы жайылымның жетіспеушілігінен уездің сыртына көшуге мәжбүр болды. Соның ішінде Жетісу уезінің жеріне жайлауға шығып жүрді», – деп қорытынды жасайды аталған экспедиция. «Жазғы жайлаудың ауқымды бөлігі уездің солтүстік-батыс жағында орналасқан. Кейіннен бұл жерлерге орыстар қоныстандырылғандықтан жайлау көлемі едәуір азайды. Сол себепті уездің оңтүстік және батыс жағындағы шаруашылықтар жазғы жайылымның жетіспеушілігінен уездің сыртына көшуге мәжбүр болды. Соның ішінде Жетісу уезінің жеріне жайлауға шығып жүрді» (Материалы, 1913:366-372).

Алайда, отаршыл үкімет оған қарсы шара қолдануды ойға да алмайды. Керісінше, қазақ шаруаларының жер пайдалану нормаларын қысқартып тағы да «артылған» жер көлемін анықтау үшін К.Пален, В.Кузнецов, П.Румянцев және басқалардың басқаруымен бірнеше экспедиция жасақталды. Бұлар да «артық» жерді табудай-ақ тауып, оны крестьяндарға беру қажеттігін, бұдан қазақтардың шаруашылығына зиян келмейтінін дәлелдеп бақты (Әсіп, 1994:128).

Ата-бабасынан мал өсіру мирас болып келе жатқан қазаққа дәстүрлі шаруашылығының құлдырауы ауыр тиді. Отаршылардың қысым-құрығы соншалықты буындырмай тұрған 1868 жылғы, қазақ «Жаңа низам» атандырған реформадан бұрынғы кезеңнің келбетін: «Қазір үкімет барлық астық дүкендерін жабуға мәжбүр болып отыр, оның себебі де қарапайым: «Қырғыздар астықты сұрамайды да, сатып та алмайды». Бұл Тобыл губерниясындағы жағдайға мүлде қарама-қайшы. Ондағы вогулдар, самоедтер мен остяктар үкімет астығын қазыналық қор дүкендерінен алып қана қоймайды, нан беруге ассигнация беруді көз жасын көлдете отырып, жалына сұрайды. Ал, қырғызға (қазаққа) оның текке берсең керегі жоқ» (Завалишин, 1867:55), - деп, асыра айтса да, Завалишин көргенін  жазған болатын. Енді, XX ғасыр басындағы елге шыққан экспедиция: «Сонымен, XIX ғасырдың соңына қарай Зайсан уезі қазақтарының шаруашылықтарында егіншіліктің үлесі артып, халық отырықшылыққа бейімделе бастады», – деп, қуанған түрде қорытынды жасайды (Материалы, 1913:162).

Ол кездегі қалың қазақ «арық аттадың, аштан өлесің» деген ескі  қағиданы тұтынып, егіншілікті құптамайтынын, оның амалсыздың ісі екенін ашық білдіретін. Сол себепті XVIII  ғасырда орыстан қазақтың нанды тегін, не сатып алғаны болмаса, егіншілік дәстүрлерін қабылдаған жоқ (Артықбаев, 1995:34). И.Завалишин да: «Бірақ, оларда егін шаруашылығын жақтырмаушылық туа біткен қасиет деуге болады. «Егінші» деген ат оларда аса жағымсыз мағынада айтылады, ол ең сорлы, ең бейшара дегенмен бірдей. ...Тек сіңірі шыққан кедейлік қана қырғызды (қазақты) жер өңдеуге мәжбүрлейді» (Завалишин, 1867:54) – деп, қазақ мақалын бекіте түседі.

Қалай болғанда да қазақтарға күн көріс қамы үшін егіншілікпен айналысуға тура келгені анық. Негізгі шаруашылығы мал өсіру болғанымен қазақтар ерте заманнан-ақ мүмкіндігінше қосымша сала ретінде егіншілікпен де айналысқаны белгілі. «Жер осыдан 100 жыл бұрын игеріле бастаған; мұнда бұрын қалмақтардың егіні болған сияқты, бірақ қазіргі тоғандар осы кездегі халықтың күшімен салынған» (Материалы, 1913:162), – деген дерекке қарағанда Тарбағатай қазақтары осы жаққа қоныстана салысымен-ақ егіншілікті де қолға алған сияқты. «Бұрын мұнда қалмақтардың егіні болған сияқты» деген экспедицияның дүдәмал болжамы да шындықтан аулақ болмаса керек. Себебі, қалмақтардың бұл жерлерде түбегейлі тұрақтап қалу үшін көшпелі мал шаруашылығымен қоса егін егуге де тырысқанын мына бір деректерден байқауға болады. «Ойрат билеушілері Жоңғарияда егін шаруашылығын игеру үшін шығыстүркістан халқының бір бөлігін көшіріп әкелді. Іле, Тарбағатай және тағы басқа жерлерде егістік алқаптары пайда болды. XVIII ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Жоңғарияда болған орыс елшісі И. Унковский мұнда егін шаруашылығының дамығандығы туралы айтып келген» (Чимитдоржиев, 1979:18-19).

Табиғаты қатал, жері қуаң, ылғал тапшы жерлерге орналасқан негізінен мал өсіретін қазақтар егіншіліктің суармалы түрін қолданды және оны жап-жақсы игере білді.

Суармалы егіншіліктің екі түрі болған. Бірі – көктемгі таситын өзендердің ағысындағы жайылмалар құрғаған соң, соның орнына егін егу түрі. Мұны егіншіліктің қайырлы түрі деп атайды. Кейде мұндай жайылмаларды өзен бойларындағы ойпаңдарға қолдан жылға шығарып та жасап алатын. Тарбағатайдан ағатын өзен-бұлақтардың бойында осындай егіншілік түрін аздап қолданғандар болды. Дегенмен, жергілікті халық тәуекелі аздау, қайтарымы сенімділеу суармалы егіншіліктің екінші түрі – қолдан суару жүйесін пайдаланатын. Егіншіліктің бұл түрі үлкенді-кішілі тау өзендерінен, тау бұлақтарынан тоған, арық тартып егістік жерлерді суаруға негізделген тәсіл болатын.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтардың дихандық кәсібін көзімен көрген И.Завалишин: «Басқа ортаазиялықтар сияқты қырғыздардың (қазақтар) егістіктеріне жақын жердегі шағын өзендер мен көлдерден «арық» деп аталатын каналдар арқылы су шығару (ирригация) шеберлігі орыс агрономдары үйренетіндей» (Завалишин, 1867:54), – деп егіншілікті меңгеруін жоғары бағалайды. «Мәселен, егін салған Тана ауылының суару әдісіне басқа, басқа егінмен көзін ашқан орыс шаруаларының өзі таң қалған. Бидай тұқымының Тана мырза ғана егетін тұқымын орыстар «колбанка» атап кетеді. Сол бидай тау баурайына өсетін аптапқа төзімді, суыққа да шыдамды тұқым екен» (120,21), – деген дерекке қарағанда суару жүйесін қазақтар жақсы меңгергені байқалады.

Қазақтар тау өзендері бойынан тоғандар тартып суармалы жерге астық дақылдарынан тарының бірнеше түрін, бидайдың «ақбидай», «қожабидай» сияқты түрлерін, сұлы және арпа өсірді. Олардың егістерін суару жүйесін де, күтіп-баптау жұмыстарын ұйымдастыруын да қарапайым болды деуге келмейді. Оларды пайдаланудың бір тәртіпке келтірілуі егіншіліктің қалыптасқан өзіндік дәстүрі болғандығын көрсетеді. 1896 жылғы экспедиция теріскей Тарбағатай қазақтарының типтік егін суару жүйесінің сипатын былайша баяндайды: «Ажығұл тоғаны Базар өзенінен 5 верст қашықтыққа тартылған; бұл тоғаннан «бұқара» (қоғамдық) арық деп аталатын алты бас тармақ тартылған; енді бұқара арықтан «қол арық» аталатын ұсақ тармақтар тарайды; ең соңында қол арықтан «құлақ арық» деген тармақтар шығады. Осы Ажығұл тоғаны мен оның тармақтарында Боғас болысының Ажығұлдан тарайтын қазақтары егін салады» (Материалы, 1913:366-372).

Осындай өзіндік егін суару жүйелеріне Ақжар маңында Қараша тоғаны, Құрман қажы, Қоңыр қажы тоғандары, XVІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың басында Базар өзенінен тартылған Жәмбике тоғаны, Төре тоғаны, Қарғыбадан тартылған Көкбұқа, Тұяқ және т.б. толып жатқан тоғандарыды жатқызуға болады. Бұл тоғандардың көпшілігі ХХ ғасырдың 50-шы жылдарының ортасына дейін пайдаланылды.

Патша үкіметі қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, жайылым азайғандықтан, бұрынғы көшпелі қауым мүшелері малынан айырылып, біртіндеп отырықшылық пен егіншілікке өтуге мәжбүр болды. Қазақ ауылында тауарлы-ақшалы қатынастардың күшеюінен егіншілікпен тек кедей шаруалар ғана емес, кейбір малды байлар да айналысты. Қазақтардың су шығаруды жақсы меңгеріп, егіншілік кәсіпті жап-жақсы білгендеріне қарамастан, астық түсімі нашар болатын. Оның басты себебі, қазақтарға тиесілі жердің құнарсыздығы мен еңбек құралдарының жоқтығы еді. Орыс мұжықтарына үкімет тарапынан жеңілдіктермен берілетін құрал-саймандар қазақ қолына тимейтін.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақтардың жер өңдейтін негізгі кұралы соқа. Соқа қарағаштан, жидеден, аршадан жасалды. Қоныс аударушылардан қазақтар жер жыртатын жаңа құрал түрлері сабан, темір соқаны пайдалануды үйренді. Сабанның қазақ соқасынан айырмашылығы оның алында қос дөңгелегі болады. Сабан да соқа сияқты, тек жерді айырып жыртады, аудармайды. Жыртылған жерді мала ағашпен тегістеген. Кей жерлерде бұл құралды мала, тырма деп те атаған. Бұл екі немесе бірнеше сырғауылды төртбұрыштап шегелеп, сырғауылдың астына ағаштан не темірден тіс орнатқан қарапайым кұрал. Егін шаруашылығында кетпен, күрек, орақ, шалғы, аша (айыр), тырма, ағаш күрек, шаңтас (тас) кеңінен пайдаланылды. Егін піскенен соң орақпен орып, орылған егінді баулап, бірнеше жерге шөмелелеп жинайды. Баудағы егін біраз кепкен соң оны қырманға тасып, содан соң атпен, өгізбен, түйемен бастыратын. Кейіннен егінді қазақтар көбінесе шаңтаспен бастыратын болды. Шаңтасты қазақ шеберлері сұр, қызыл түсті кесек гранит тастан 8 немесе 6 қырлы етіп қашап жасайтын.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақтардың көшпелі мал шаруашылығына капиталистік даму жолына түскен Россия тарапынан болған күшті экономикалық факторлар әсерін тигізбей қоймады. Шаруашылықтың өндіріске, саудаға, товар өндіруге бағытталған жаңа формалары – отырықшы мал шаруашылығы, отырықшы егін шаруашылығы пайда болды. Капиталистік қатынастардың дамуы ендігі жерде тек қана мал санын өсіріп, бай болудан мал және мал өнімдерін товар ретінде өндірудің тиімді болатындығын көрсетті. Ақша-товар қатынастарының артықшылықтарын көрсетіп берді.

Қалай болғанда да, таза көшпелі мал шаруашылығы ендігі жерде заман талабын қанағаттандыра алмайтын шаруашылық түріне айнала бастады. Көшпелі мал шаруашылығы үшін шындығында шектеусіз кең көлемде жайылымдық қажет еді. ХІХ ғасырда, әсіресе осы ғасырдың ортасынан бастап жайылымдық жерлер шектелді. Бұл малды көп мөлшерде өсіруге мүмкіндік бермейтін болды.

Сонымен бірге, көшпелі мал шаруашылығы табиғат жағдайларына, ауа райына аса тәуелді болды. Қысқы мезгілге арнап қор (жем-шөп) жинамайтын көшпелілердің малы табиғаты шұғыл континенталды қазақ даласында 10-15 жылда қайталап тұратын «жұтқа» жиі ұшырайтын. Әсіресе, 1826-27, 1829-30, 1844-45, 1848-49, 1853-54, 1873-74, 1875-76, 1879-80, 1885-86, 1888-89, 1891-92, 1897-98, 1902-03,1908-09, 1910-11, 1911-12, 1916-17 жылдардағы жұттар мал шаруашылығына орасан зор нұқсан келтірді (Нейштад,1957:26).

Құрғақшылық жылдары жайылымдардың тым жұтаңданып кетуі де малды ауылдарды жаңа қоныстар іздеуге мәжбүрлейтін. Мысалы, ХІХ ғасырдың соңында Семей облысының Коростыл даласында көшіп жүрген қазақтар Құлынды даласының бос жатқан жайылымдарын пайдалануға патшадан арнайы рұқсат алған. Патша өкіметі Құлынды даласына қазақтардың қыпшақ руының азғантай бөлігінің ғана көшіп баруына, онда да жайылымдықты уақытша пайдалануына рұқсат еткен. Көшіп барған қазақтарға қойылған шарттар да қазақтар үшін аса тиімді деуге келмейді. Онда мынадай шарттар көрсетілген: «Правила о дозволении киргизам кочевок на землях Алтайского горного округа. 1881 г.

2.Оставление киргиз в Кулундинской степи имеют временный характер.

4.За право пользования Кулундинской степи киргизы облагаются в пользу заводов трех рублевым сбором с кибитки. Независимо от такого же сбора в пользу государства (всего 6 рублей).

9.Существующий порядок внутреннего управления киргизов, остающихся для кочевья в Кулундинской степи их административного и судебного подчинения определяемый положением об управлении степными областями остается в своей силе.

10.Спор решить Губернатор Западной Сибири» (Государственный архив Алтайского края (РФ, г. Барнаул) (ГААК, 516).

Жоғарыдағы құжаттан көрініп отырғандай, бұрынғы кезде еркін көшіп, жайылымдық іздеп кеңістікті шарлай беретін көшпелі мал шаруашылығының уақыты өткендігін аңғартады. Құлынды даласының жайылымдығын уақытша пайдалану патшаның алдында шешілетін күрделі мәселеге айналған заманда қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының ары қарай дамуы қиын еді.

Жайылымдықтардың шектеулі болуы мал санын өсіре беруге мүмкіндік бермейтін болды. Ендігі жерде мал және мал өнімдерін саудаға шығарудың тиімділігі айқын аңғарылды. Сондықтан қазақтардың арасындағы заман талабын аңғара білген іскер байлар малды саудаға шығару үшін товар есебінде өсіруді қолға алды.

Қазақ даласында жәрмеңкелердің пайда болуы көшпелілердің өз өнімдерін сатуына қолайлы жағдай туғызды. Қазақтар негізінен мал, тері, жүн, қыл сияқты шикізаттарды және өз қолдарымен жасаған бұйымдарын (киіз, былғары, қаптар мен арқандар) саудаға шығарды. Бұл өнімдерді қазақтар қалаларда ақшаға, ал шалғайдағы ауылдарда тұрмысқа қажетті заттарға айырбастады. Сол себепті сауданың ақшалы және айырбас түрі дамыды.

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтадың тұрмысқа қажетті заттарын ертерек уақытта негізінен ортаазиялық қалалардан шыққан саудагерлер жеткізіп беретін. Қазақ даласы Россия, Орта Азия, Кіші Бұхара атанған Шығыс Түркістанның қалалы аймақтарының ортасында жатқанымен солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын сауда жолына айнала алмады. Керуен жолдары, керісінше неғұрлым қазақ даласын айналып өтуге тырысты. Орта Азиядан, Қашғардан шыққан керуендер Жәркент пен Құлжадан өтіп, Жоңғар Алатауының шығыс жағымен келіп Тарбағатай тауын Хабарасу арқылы асатын. Бұдан әрі Зайсан көлін жағалап Қарғыба, Базар, Шегелек өзендерінен өтіп, Қалмақтолағай, Көкпеті, Қалбаның үстімен, Шар өзенін құлдилап Ертіске шығатын. Ертіске Үбінің құятын жерінен оң жағалауға өтіп, Россия қалаларына, бірі – Том жаққа, екіншісі – Ертістің оң жағасын жағалап, сол жағалауға өтіп Тобылға, одан әрі Ірбіт жәрмеңкесіне қарай жол тартатын. «с Хамартабана караван спускался в равнину озера Зайсан и шел через реки Карабуга, Базар иЧегуляк к камню Калмыктологой, здесь пересекал хребет Калма(по-нынешнему Калба), спускался вниз по течению Царгурбанаи выходил на Иртыш против устья р. Убы, здесь переправлялсяна правый берег этой реки, половина каравана шла через Касмалув город Томск, а другая продолжала путь вдоль правого берегаИртыша до Такмыцкой слободы, отсюда по левому берегу доТобольска, а отсюда на Ирбитскую ярмарку (Потанин, 1867:101-102).

Керуен жолының төте, әрі асу-белдері аз жазық жолдан қашқақтап қазақ даласын кеңінен айналып өтуінің басты себебі қауіпсіздіктен туындаған болатын. Г.Потаниннің: «Эти торговые сношения встречали тогда большие препятствия;в степи караваны должны были избегать встречи с киргизами, которые были так смелы в своих набегах, что нападали на бухарскиекараваны даже тогда, когда они скрывались в надолбы русскихредутов; так, например, в октябре 1752 года киргизы преследовалибухарский караван до Пресного редута, а в феврале киргизынапали на тот же караван при крепости Становой и отбили15 верблюдов, 42 лошади и взяли в плен 7 бухарцев. Караванэтот шел,кажется, прямо степью в Троицк; этот путь в то времябыл рискованный, и едва ли много караванов решались избиратьего».

«Уклонение караванов от прямого пути, вероятно, было обусловленообитанием в Арало-Балхашской низменности неспокойныхорд, занимавшихся грабежом; с усмирением этих орд и с проникновением цивилизации в глубь этих степей дороги каравановсокращаются – они начинают безопасно пересекать степи поперек;современный караванный путь из Семиречинского края через Уйгенташ, мимо могилы Кузу-курпеч или на Петропавловск корочепути прошлого столетия на 460 верст, если бы и нынешний путьпродолжить до Ирбити», дегені шындықтан онша аулақ болмаса керек (Потанин, 1867:101-102).

Сауда керуендері бір орталыққа бағынған мемлекет құрып отырған Жоңғарияның территориясы арқылы жүруден де, осы мемлекетке барып сауда жасаудан да тартынбайды. Ал, бытыраңқылық жағдайындағы қазақтардың жерімен жүруге тәуекел етпейді, жол қаншалықты алыс, әрі жер бедері ауыр (таулы, асу) болғанына қарамастан ең алдымен қауіпсіздікке баса көңіл аударады. Мұның өзі «ақша тыныштықты сүйеді» деген экономиканың басты қағидасына сай келеді.

Жоңғария мен Россия арасындағы негізгі сауда жолы осы Тарбағатайдағы Хабарасу арқылы өтетін:«Можно догадываться, что Хамартабан (Хабарасу.-Авт.) не только в прошлом столетии, но и несколько веков ранее служил путем сообщения Центральной Азии с северными и западными странами» (Потанин, 1867:101-102).

Қазақтардың керуендерге шабуыл жасауы, осындай қарақшылықты кейбір кездері сұлтандардың өздері ұйымдастырғаны, қайсыбір топтардың керуен тонауды кәсіп қылғандығы өтірік емес. Бұл оқиғалар негізінен Жоңғар мемлекеті тарих сахнасына кетіп, одан босаған жерлерге қазақтар көптеп келіп қоныстана бастаған кездерінде орын алды. Қазақтардың ішкі жағдайына іс жүзінде Россияның ықпалы болмады.

Уақыт өте келе қазақтардың саудагерлер халыққа аса қажет адамдар екендігіне көзі жетті. Сауда керуендеріне, аралап сататын ұсақ саудагерлерге деген халықтың көзқарасы мүлде өзгерді. Жергілікті халық саудагерлердің ел ішіне келуіне мүдделі болды, оларға барынша қолайлы жағдайлар жасауға тырысты. Мысалы, жергілікті бір қазақ байы Хабарасуға әдейілеп бекет үйін салған. «В сумерках мы были на вершине прохода Хабар и миновали небольшойкараван-сарай, построенный одним торгующим киргизомдля проезжающих зимой купцов. Здание это было необитаемо,построено из сланца и могло вместить не более 20 человек. Этоздание, свидетельствующее о расположении киргизов покровительствоватьторговле, оказывает немаловажную ей услугу, потому чтово время зимы на Хабаре бывают сильные вьюги. Хабар теперьутратил большую часть своего значения, но в предшествующиевека этот проход служил воротами обширных международных сношений» (Потанин, 1867:101-102).

Қазақ қоғамының өз ішіндегі еңбек бөлінісі өндірістік деңгейде ерекшеленбеді. Жүн иіру, тері илеу, одан бұйымдар жасау товарлық сипат алмады. Далалық өңірдегі қазақтар тек қана көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан киім-кешек пен тұрмысқа қажетті тұтыну товарларының барлығы дерлік сырттан әкелінді. Бұл товарлар негізінен Оңтүстіктегі мемлекеттерден, Россиядан, Қытайдан әкелінетін. Европа елдерінің заманға сай товарлары мен бұйымдары қазақ даласынан тұтынушысын табатын. «Как раз об этом писала газета «Русская жизнь» в 1893 г.: «За многие сотни верст от железной дороги кошемной юрте кочевника находим швейную машинку «Зингер», тульский самовар и фарфоровую посуду Кузнецова» (Щербик, 2003:127). Сол себепті, Россияға қосылғанға дейінгі Қазақстан аумағындағы сауданың барлығын да сыртқы саудаға жатқызуға болар еді. Россия құрамына енгеннен кейін орыс товарлары отандық болып саналды да, ендігі сыртқы сауда шығыстағы қазақтар үшін батыс Қытай болып қалды.

Жоғарыда 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» қабылданғанға дейін қазақтар «бодан» ел болғанымен Россия ол жерлерді шет ел ретінде қарастырып келді. Кеден бекеттері Сібір шеңбері бойындағы қалаларда ораналасты және осы шеңбер (линия) шекара іспетті болатын. Басқа шет елдік (бұхарлық, ташкенттік, қашғарлық) саудагерлермен қатар қазақтар да олар үшін шет елдіктер мәртебесінде (статусында) болып келді. Қазақтармен арада жасалатын сауданы олар сыртқы саудаға жатқызды. Патша үкіметі қазақ жерін игерген сайын кеден басқармалары қалаларда болғанымен, алымдар кейде шекаралық заставаларда алынатын болды.

Архивтегі «Орта азияның тәуелсіз халықтарымен (ташкенттік, бұхарлық, қырғыз (қазақ) саудагерлерімен) жасалынған сауда жетістіктері туралы ведомость» аталатын құжатта 1833, 1834 жылдары шет елден әкелінген және шет елге шығарылған товарлардың жалпы сомасы көрсетілген (Кесте 2) (Исторический архив Омской области). (ИАОО, 192:83).

Кесте 2

Сыртқы сауда туралы ведомость

Кеден аты

Жылдары

1833

1833

1834

1834

Руб.

Т.

Руб.

Т.

Шет елден әкелінді:

Петропавл кедені мен оның  қарамағындағы заставалар арқылы

2842716

9

3132172

92

Семей кедені мен оның  қарамағындағы заставалар арқылы

827021

8

1164553

77/2

Бұқтырма кедені

5259

70

21035

15

Жиыны

3674966

87

4317761

85

Шет елге шығарылды:

Петропавл кедені мен оның  қарамағындағы заставалар арқылы

2106534

84

2463877

4

Семей кедені мен оның  қарамағындағы заставалар арқылы

595330

77

472795

50

Бұқтырма кедені арқылы

7683

25

15243

4

Жиыны

2709548

87

3251215

59

Барлығы

6384545

74

7569677

44

Россия үшін ендігі жерде батыс Қытай тың сауда әріптесі болды деуге болады. 1845 жылы профессор В.В.Григорьев «Россияның батыс Қытаймен саудасы» туралы жазбасында: «Торговля России с западными владениями Китая заслуживает особенного внимания сколько по своей новости, сколько и по постоянной деятельности занимающегося купечества» деп көрсетеді (Торговые, 2004:126).

Қытайдың сауда орталықтары мен өндірісі мол шоғырланған, экономикасы біршама дамыған шығыс және солтүстік аймақтарымен Россияның сауда байланысы Сібір линиясы арқылы бұл кезде біршама қалыптасып қалған болатын. Ішкі Қытайда жасалынған сапасы жақсы товарлар батыс Қытайдан гөрі Сібір арқылы Россияға оңай жеткізілетін. Батыс Қытайдың дамудан кенже қалуы оның ішкі Қытаймен байланысына да кері әсер етті. Қытайдың батыс өлкесінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қарқынды даму жолында болса, саудагерлер мен кәсіпкерлер бұл өлкеге жиі қатынасып, жолды дұрыстап, ішкі Қытаймен тығыз байланыста болған болар еді. Бұған қоса ішкі Қытайды елдің батыс аймағымен байланыстыратын су жолының болмауы, құрлықтағы жол қатынасының ауырлығы сауда қатынастарын тиімісіз ететін. Сол себепті, батыс Қытайда товарлардың барлық түрінің тапшылығы орын алды. Орыстар өздерінде өтпей жатқан сапасы төмен товарларды шығыс Түркістанға жақсы бағамен өткізіп жіберетін. «Она благоприятствует значительному вывозу наших товаров, нередко самого дурного качества, которая не имея никакой цены в России, с выгодою промениваются в провинции или в китайском Туркестане» (Торговые, 2004:126).

Тұрмысқа қажетті бұйымдар тапшылығына байланысты Қытай үкіметі шет жерлік саудагерлердің өз жерлерінде сауда жасауына көз жұма қарады, орынды-орынсыз тексерулермен мазаларын алмайтын. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ жері арқылы сауда керуендерінің өтуі аса қауіпті болды. Қазақ хандығы жойылып, одан кейінгі уақытта орталықтандырылған биліктің болмауы сауда қатынастарына кері әсерін тигізді. Мол пайда табуға қызыққан саудагерлер қауіпті болса да қазақ жері арқылы Кіші Бұхараға керуен жөнелтіп жататын. Бірақ, бұндай тәуекелмен аттандырылған керуендердің көпшілігі қарақшылардың шабуылына ұшырап, қожайындарына шығын әкелетін.

Сондықтан саудагерлер (орыс немесе ташкенттік болса да) қазақ даласындағы белгілі сұлтандардың атынан сауда жүргізуге мәжбүр болды. Сұлтандардың өздері де шет елге де, линияға да жабдықтап сауда керуендерін шығаруға құқылы болды. 1822 жылғы Семей облыстық басқармасының «сауда және ресейлік, шет елдік, сібірлік көпестердің ерекше құқықтары туралы» талаптарында: «Султаны могут отправлять караваны как за границу, так и на линию, но отправление на линию производится через таможни и заставы...»

Сұлтандар керуеннің қауіпсіздігі үшін кепілдеме қағаз беріп, сол үшін саудагерлерден арнайы сыйақы алатын. «Товары доставляются от имени одного из киргизских султанов, которому за письменный вид на таковой караван, состоящий из 400 до 600 верблюдов делают подарок ценою до 1000 рублей. Китайское правительство покровительствует привозу российских товаров, и как бы не замечают торговли, производимой в Кульдже российскими подданными» (Торговые, 2004:126).

Қазақ сұлтандары өз жерінен өтетін керуендер қандай да бір алым-салықтың түрін  төлеуге міндетті деп есептейтін. Оған арнайы ставка қойған-қоймағаны белгісіз. Жоғарыдағы айтылған 400-600 түйеден тұратын керуенге 1000 рубль төлем нақтылы еш жерде ресми бекітілмеген, өзара келісім арқылы төленген. Бұндай төлемді сыйлық түріндегі салық немесе қауіпсіздігі үшін төленетін қызмет ақысы деуге болады.

Сұлтандардың мұндай салықтарды алуы жалпы негізсіз де емес еді. Өйткені, 1822 жыл 22 шілдедегі Семей облыстық басқармасының «сауда және ресейлік, шет елдік, сібірлік көпестердің ерекше құқықтары туралы талаптары» («Наказ по управлению Семипалатинской областью о торговле и особых правах купцов, российских и иностранных подданных, сибирских торговцев») деп аталатын құжатта: «Азиатским иноземцам, которые по одиночке входить будут к киргизам для мелочного торга, позволять сие могут султаны, каждый для вверенной ему волости... Султанам предоставляется в таком случае право брать за сие позволение с азиатских иноземцем пошлины, какие признают за удобные, по соглашению и в пользу целых обществ..» (ИАОО, 4344:27-39) деп жазылғанына қарағанда, сұлтандарға біршама құқықтар берілген.

Сондықтан сұлтандардың әрекетін заңнан тыс деп қарауға да болмайды. Бұл жерде саудагер мен сұлтандардың арасындағы түсініспеушілік салықтың арнайы тарифі қабылданбауынан туындайтынын байқауға болады. Заңдағы «пошлины, какие признают за удобные, по соглашению» деген тіркестер тым солқылдақ; саудагер бергенін көп көреді, сұлтандар алғанын аз көреді. Оның үстіне осы заңда «Движение караванов должно быть в киргизской степи без всяких пошлин... Продажа и мена товаров при караванах также должна быть в киргизской степи без пошлины. ... Во всех внешних и внутренних округах Семипалатинской области обращается монета российской чеканки и кредитные билеты с такой же свободой, как и во внутренних губерниях...» (ИАОО, 4344:27-39) деп те жазылған. Бұл керуен шығарған көпестерге артықшылық беретін сияқты көрінеді.

Осындай заңдағы қарама-қайшылықтардан барып келіспеушілік, жоғарғы орындарға шағымдану туады. Бұрынғы замандағыдай билігі жоқ, Россияға бағынышты сұлтандарға қырға шыққан көпестер салық төлеуге құлықсыз болды. Себебі бұлар патша үкіметіне гильдиялық жарнаны, кедендік салықты төлегеніміз де аз емес деп есептейтін.

Патша шенеуніктерін қазақ даласына келіп сауда жасап, қайтадан елдеріне қайтып кететін азиялық саудагерлердің жайы, олардан салық жинау мәселесі де алаңдатты. Олар округтар ашылып қазақтар Россия билігіне қарағаннан кейін бұл жерлерге (яғни, Россия жеріне) келген саудагерлер мемлекетке  салық төлеуге міндетті деп есептеді. Қырға келіп сауда жасаған көпестер орыс кеден бекеттеріне соқпайтындықтан, жергілікті кеден қызметінің олардан салықты тікелей алуға мүмкіндігі болмады.

Омбы облыстық кеңесі 1833 жылы 26 мамырда осы мәселеге көңіл бөледі. «Господин Омской области Начальник при обозрении в прошлом 1832 году внешних округов как то: Кокчетавского, Акмолинского, Каркаралинского заметил: что бухарцы, ташкентцы и кокандцы входя по одиночке, о то части их целыми караванами к киргизам, производят там  торг и променяв киргизам разные азиатские изделия на скот, возвращаются с оными в свои места, таковая торговля по Уставу о киргизах §192 хотя и дозволяется Азиатским иноземцам, но не иначе, как с пошлиною, каковую признают взимать с них султаны по согласию и в пользу общества. Однако он упомянутой пошлины с иноземцев с их султанами не сообщается» (ИАОО, 1241:2).

Мемлекеттік тұрғыдан алғанда Россия басқару орындарының бұл мәселеге назар аударуы заңды еді. Россия қарамағындағы елге иесіз жерге келгендей емін-еркін келіп-кету империя атына сын болған болар еді. Сондықтан салық алу жұмысын ел ішінде отырған жергілікті басқарушылар – аға сұлтандарға, болыс басқарушы сұлтандарға қарай сырғытты. Аға сұлтандар мен болыс сұлтандарының керуендерге салық салуы елдің иесіз еместігін айғақтап тұрады, сонымен бірге империяның мүддесіне сай келетін ішкі қажеттілікке жұмсауға мүмкіндік береді деп есептеді. Мұндай ішкі қажеттіліктерге кедейлерге жәрдем жасау, үй тұрғызу, егін шаруашылығын дамыту сияқты отырықшылыққа көшуге бағытталған шаралар жататын. Патша үкіметі азиялық саудагерлермен ежелден таныстығы, туыстығы бар аға сұлтандар мен рубасыларына сенбейтіндігі де осы жерде байқалады. Сол үшін болыстардағы писарьлар арқылы барлығын есепке алып отыруды қамтамасыз етуге қол жеткізуді мақсат етеді.

Қорытынды. ХХ ғасырдың басында Ресей құрамындағы Қазақстан өнеркәсібі нашар дамыған аграрлы өлке ретінде кірді. Шығыс Қазақстанда пайдалы қазбалардың мол болуына қарамастан өңір шикізат өндіруші деңгейінен аспады. Қалалар мен уез орталықтары болған елді мекендер тұтынуға дайын товарларды өндіретін ірі орталықтарға айнала алмады. Аймақ экономикасындағы қаржы айналымы мол кен орындары мен қалалардағы завод-фабрикалардағы, сауда үйлеріндегі қазақ капиталының үлесі мүлде мардымсыз болды. Қазақтар бұрынғысынша табиғи жайылымдықтарға негізделген көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында саудамен айналысқан заман ағымын бағамдаған кәсіпкер қазақтардың бір легі пайда болғанымен, ғасырдың аяғына қарай олардың саны көбеймеді, сапалық қуаты да артпады. Бұған көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтардың ақша-товар айналымына, пайдаға негізделген жаңа кәсіптерді игеруге енжарлығы, икемсіздігі себеп болса, екінші жағынан патша үкіметінің бұратана халықтың мал өнімдерін өндіретін шикізат көзі ретінде қала беруіне мүдделі болғандығында жатыр. Үкімет тарапынан, жергілікті орыс билігі тарапынан қазақтардың кәсіп игеруіне кедергілер де көп болды. Ресейдің ішкі губернияларынан жеткілікті қаржымен, кәсіп жүргізудегі (кен өндіру, завод-фабрика салу және т.с.с.) мол тәжірибемен келген орыс алпауыттарына қазақ байлары бәсекелес бола алмады.

Дегенмен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дәстүрлі мал шаруашылығымен сауданы, кәсіптің пайда табуға негізделген басқа да түрлерін меңгерген жаңа сипаттағы капиталист қазақтар пайда болып, өңір экономикасында өз орындарын ала бастады. Бұлардың қатары мол болмағанымен оқыған қазақтармен байланыстарын нығайтып, заман талабына жаңа қарқынмен жауап бере бастаған болатын.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Артықбаев Ж.Этнос және қоғам. – Қарағанды, 1995. – 267 б.

Әсіп С. Қазақ қасіреті, – Алматы, 1994. - 304 б.

Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Том 4. О кочевках киргизах. – Алматы, 1985. – С. 106-107.

Государственный архив Алтайского края (РФ, г. Барнаул).(ГААК). Ф.3. Оп.1. Д.516. Л. 2. Документы об отводе земли киргизам в Кулундинской степи и об отводе им кочевок на землях Алтайского горного округа

Завалишин И. Описание Западной Сибири. Сибирско-Киргизская степь.Том 3. – Москва, 1867. – С. 56.

Исторический архив Омской области (РФ, г. Омск). (ИАОО). Ф.3. Оп.1. Д.192. Л.83

Исторический архив Омской области (РФ, г. Омск). (ИАОО). Ф.3. Оп.3. Д.4344. Лл.2, 27-29 об., 31-34 об., 37-39. Копия

Исторический архив Омской области (РФ, г. Омск). (ИАОО). Ф.3. Оп.1. Д.1241. Л.2 об.

Материалы по обследованию хозяйства иземлепользования киргиз. Сем. Обл. Том 3, Зайсанский уезд. Повторное обследование 1911 г. – С-Петербург, 1913 г. – 610 с. – С. 366-372

Нейштад С.А. Социалистическое преобразование экономики Казахской ССР в 1917-1937 годах. (От докапиталистических отношений к социализму, минуя капитализм). – Алма-Ата, 1957. – 379 с. – С. 26.

Потанин Г. Поездка по Восточному Тарбагатаю летом 1864 г. // Записки Русского географического общества. – С-Петербург, 1867. – С. 101-102.

Торговые связи Семипалатинского Прииртышья ( ХҮІІІ- начало ХХ вв.) –Семей, 2004. – 350 с. – С. 126.

Уәлиханов Ш.Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. 4 т. – Алматы, 2010. – 496 б. – Б. 106.

Чимитдоржиев Ш.Б. Взаимоотношение Монголии и Средней Азии в XII-XVIII в. – Москва, 1979. – 86 с. – С.18-19.

Щербик Г. Усть-Каменогорские предания. – Усть-Каменогорск: «Медиа-Альянс». – 2003. – 264 с. – С. 127.

References:

Artykbaev, 1995 – Artykbaev Zh.Etnos zhane kogam. [Ethnos and society]. - Karagandy, 1995.- 267 p. [in Russian].

Asip, 1994 – Asip S. Kazak kasireti. [Kazakh tragedy]. - Almaty, 1994. - 304 p. [in Russian].

Valihanov, 1985 – Valihanov Ch.Ch. Sobranie sochinenij. Tom 4. O kochevkah kirgizah. [Collected works. Volume 4. About the Kyrgyz nomads]. – Almaty, 1985. P. 106-107. [in Russian].

State Archive of the Altai Territory (Russian Federation, Barnaul). Gosudarstvennyj arhiv Altajskogo kraya (RF, g. Barnaul). (GAAK). F.3. Op.1. D.516. L. 2. Documents on the allotment of land to the Kyrgyz in the Kulunda steppe and on the allotment of nomads to them on the lands of the Altai Mountain District. [in Russian].

Zavalishin, 1867 – Zavalishin I. Opisanie Zapadnoj Sibiri. Sibirsko-Kirgizskaya step'. [Description of Western Siberia. The Siberian-Kyrgyz steppe]. Tom 3. – Moskva, 1867. – P. 56. [in Russian].

Historical Archive of the Omsk region (Russian Federation, Omsk).Istoricheskij arhiv Omskoj oblasti (RF, g. Omsk). (IAOO). F.3. Op.1. D.192. L.83. [in Russian].

Historical Archive of the Omsk region. Istoricheskij arhiv Omskoj oblasti (RF, g. Omsk). (IAOO). F.3. Op.3. D.4344. Ll.2, 27-29 ob., 31-34 ob., 37-39. Kopiya. [in Russian].

Historical Archive of the Omsk region. Istoricheskij arhiv Omskoj oblasti (RF, g. Omsk). (IAOO). F.3. Op.1. D.1241. L.2 ob. [in Russian].

Materialy po obsledovaniyu hozyajstva i zemlepol'zovaniya kirgiz. Sem. Obl. Tom 3, Zajsanskij uezd. Povtornoe obsledovanie 1911 g. [Materials on the survey of the economy and land use of the Kirghiz]. S-Peterburg 1913 g. - 610 s. – P. 366-372. [in Russian].

Nejshtad, 1957 – Nejshtad S.A. Socialisticheskoe preobrazovanie ekonomiki Kazahskoj SSR v 1917-1937 godah. (Ot dokapitalisticheskih otnoshenij k socializmu, minuya kapitalizm). [The socialist transformation of the economy of the Kazakh SSR in 1917-1937]. From pre-capitalist relations to socialism, bypassing capitalism.-Alma-Ata, 1957. – 379 p. - P. 26. [in Russian].

Potanin, 1867 – Potanin G. Poezdka po Vostochnomu Tarbagatayu letom 1864 g. [A trip to the Eastern Tarbagatai in the summer of 1864]. Notes of the Russian Geographical Society. –S-Peterburg, 1867. –P. 101-102. [in Russian].

Torgovye svyazi Semipalatinskogo Priirtysh'ya.( XVІІІ- nachalo XX vv.). [Trade relations of the Semipalatinsk Irtysh region (XVIII-early XX centuries)]. – Semej, 2004. - 350 p. – P. 126. [in Russian].

Ualihanov, 2010 – Ualihanov Sh.Sh. Kop tomdyқ shygarmalar zhinagy. 4 t. [Ualikhanov Sh. Sh. A multi-volume collection of works]. – Almaty, 2010. - 496 p. – P. 106. [in Russian].

Chimitdorzhiev, 1979 – Chimitdorzhiev Sh.B. Vzaimootnoshenie Mongolii i Srednej Azii v XII-XVIII v. [Relations between Mongolia and Central Asia in the XII-XVIII centuries]. – Moskva, 1979. - 86 p. – P.18-19. [in Russian].

Shcherbik, 2003. Shcherbik G. Ust'-Kamenogorskie predaniya. [Ust-Kamenogorsk legends]. – Ust'-Kamenogorsk: «Media-Al'yans». – 2003. – 264 p. – P. 127. [in Russian].

МРНТИ 03.20.00

ОСОБЕННОСТИ ТРАДИЦИОННОГО КАЗАХСКОГО ХОЗЯЙСТВА И ЕЕ АДАПТАЦИЯ К РЫНОЧНЫМ ОТНОШЕНИЯМ

(ХІХ В. – НАЧАЛО ХХ В.)

М.Қ. Каримов¹, М.С. Ибраемова², А.Ф. Даутова³, Б. Құдайбергенұлы

¹К.и.н., профессор, ²к.и.н., доцент, ³к.и.н.

Университет им. Шакарима города Семей.

⁴К.и.н. Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова.

Казахстан, г. Алматы

Аннотация. Традиционное хозяйство казахов как предмет исследования имеет свою совокупность представлений, взглядов, обобщенных положений, понятий, законов и принципов, которая создает целостное представление о его сущности, закономерности, структуре и развитии. В системе традиционного общества хозяйство составляет экономическую составляющую его жизни.

На территории Восточного Казахстана к середине XIX в. возникают благоприятные условия для развития торгово-экономической деятельности в регионе и вовлечения казахов в формирующиеся рыночные отношения. В результате этого в казахском обществе формировался слой носителей нового типа хозяйства, новой культуры и быта. В статье рассмотрены некоторые особенности традиционного казахского хозяйства и его адаптация к рыночным условиям (на примере Восточного Казахстана). Представлен комплексный характер развития хозяйства кочевого населения данного региона, что позволяет раскрыть роль и место региона в укреплении русско-казахских экономических связей.

Ключевые  слова: традиционное хозяйство, казахи, Российская империя, казахское хозяйство, адаптация, рынок, рыночные отношения, экономика, торгово-экономическая деятельность, Восточный Казахстан

IRSTI 03.20.00

SOME FEATURES OF THE TRADITIONAL KAZAKH ECONOMY AND ITS ADAPTATION TO MARKET RELATIONS

(XIX -EARLY XX CENTURIES)

M. Karimov¹, M. Ibrayemova², A. Dautova³,B. Kudaibergenuly

¹Candidate of Historical Sciences, professor, ²Candidate of Historical Sciences,

³Candidate of Historical Sciences.

Shakarim University of Semey. Kazakhstan, Semey.

⁴Candidate of Historical Sciences. Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology. Kazakhstan, Almaty.

Abstract.The traditional economy of the Kazakhs as a subject of research has its own set of ideas, views, generalized provisions, concepts, laws and principles, which creates a holistic view of its essence, regularity, structure and development. In the system of traditional society, the economy is an economic component of its life.

By the middle of the XIX century, favorable conditions for the development of trade and economic activity in the region and the involvement of Kazakhs in the emerging market relations appeared on the territory of East Kazakhstan. As a result, a layer of carriers of a new type of economy, a new culture and way of life was formed in the Kazakh society. The article considers some features of the traditional Kazakh economy and its adaptation to market conditions, using the example of East Kazakhstan. The complex nature of the development of the economy of the nomadic population of this region is presented, which allows us to reveal the role and place of the region in strengthening Russian-Kazakh economic relations.

Key words:traditional economy,kazakhs, Russian empire, kazakh economy, adaptation, market, market relations, economy, trade and economic activities, East Kazakhstan.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 2355

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ УДК 327 (574:44)Казахстан-Франция: к вопросу о стратегическом партнерстве в ХХІ веке ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.) 902/904 Ф. Х. АРСЛАНОВА ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЕРТЕСАҚ МӘДЕНИ КЕШЕНІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ 94(5):069 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КЕЛБЕТІНІҢ АЙНАСЫ. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі». 5 томдық энц. (Ғыл. ред. және жоба жетекшісі Н. Әлімбай. – Алматы: «Әлем Даму Интеграция» ЖШС, 2018). СЫН-ПІКІР ОӘЖ 930.2 СЕМЕЙ ІШКІ ОКРУГЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРІ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ (1946-1955) ҒТАМР 03.01.17 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ҚАЗАҚСТАН-ЛАТВИЯ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНЗИТ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА БЕЙІМДЕЛУІ (ХІХ ғ. – ХХ ғ. басы)

Author's articles

ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА БЕЙІМДЕЛУІ (ХІХ ғ. – ХХ ғ. басы)