Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Доцент кафедры международных отношений и мировой экономики КазНУ имени аль-Фараби, к.и.н. Лаура Танирбергеновна Исова, Доцент кафедры м
Насильственно-трансформированной быть и и историческая судьба польских переселенцев в Казахстане ( годы второй мировой войны)

В данной статье рассматривается политический процесс советской власти депортация народов, осуществленных в 1930-1950-е гг. сталинским режимом. В истории советского Казахстана, поляки считается одним из первых депортированных народов в нашу республику. Согласно с краткой преамбулы многих постановлений от Совета Народных Комиссаров Союза ССР и Центрального Комитета ВКП, депортация поляков была в запланированных целях. В годы второй мировой войны волна депортаций поляков продолжает свою историческую лепту. Начиная 10 февраля 1940 года до июня 1941 года, были депортированы польские государственные служащие аппарата местного управления, «кулаки», беженцы из Центральной и Западной Польши. Расправ органов НКВД над ними продолжалась и в Казахстане. Их судили особые совещания тройки НКВД. Так, с началом второй мировой войны, началась новая история поляков Казахстана. Они прибывали в Казахстан в стрессовом состоянии без средств существований, с клеймом «врага народа».

Рахимов М.,И,, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 1 курс докторанты
«КИЕЛІ» СӨЗІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ

Андатпа: Мақалада Қазақстанның киелі географиясын зерттеу бойынша саяси-қоғамдық және ғылыми қолданыстағы «киелі», «қасиетті» терминдерінің этимологиясы қарастырылады. Сонымен қатар тарихи санада «киелі жер» түсінігінің ғылыми - теориялық негіздері талданады. Кілтті сөздер: киелі, қасиетті, рухани жаңғыру, киелі жерлер.

С.Д. Саркулова PhD доктор Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Алматы, Қазақстан sarkulova_84@mail.ru , Е.Т. Берлібаев т..ғ.к.
ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары

ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ кітаптарының идеялық ой-пікірлерінің жас ұрпақтарды тәрбиелеуде, ұлттық мәдениетімізді қалыптастырудағы маңызы зор. Өйткені бұл мұраларда мәселен, жер, тіл, дін, оқу-ағартуға қатысты айтылған пікір-ойлар бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Сондықтан, ұлттық мүдде тұрғысынан түрлі мәселелерді көтере білген қазақ кітаптарының идеялық маңыздылығын аша отырып, тағылымдық мүмкіндіктерін негіздеп насихаттау аса қажет сияқты. Мақалада Ресей империясында 1900-1917 жылдар аралығында қазақ тілінде жарық көрген кітаптардың идеялық мазмұны және соған сәйкес оның қоғамдық маңызы талдауға алынады. Қазақ кітаптарында көтерілген тарих және дін мәселелері, сондай-ақ патшалық кезең тұсындағы қазақ кітаптарына қатысты жүргізілген іс-шаралар мен оның авторларының кеңестік жүйе жағдайындағы тағдыры зерттеледі.

МЕЙРМАНОВА Г.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к.
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕРГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМЕТ ЖИНАУДАҒЫ ПРИНЦИПТЕР МЕН ҰСТАНЫМДАР .

Мақалада негізгі этнографиялық зерттеулердің принциптерімен бірге қолөнерге қатысты мәліметтерді жинау ерекшелігі деректік негізде қарастырылады. Автор этнографиялық жазбалар мен қатар мәлімдемелері сияқты далалық деректеріне сүйене отырып, өлкедегі қолөнер түрлері мен сақталуының негізгі факторларын жахандану жағдайынан деген тұжырым жасайды. Экспедицияның тақырыбы мен тапсырмасына байланысты тұрақжайларды, қолөнершілерді зерттеуде жинақталған материалдардың көрнекілігін қамтамасыз ететін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Басты тәсілдер: іріктеу және жаппай зерттеу тәсілі. Сонымен қатар, этнографиялық зерттеулер тарихына толық тоқталған. Мақалада далалық жағдайда адаптациялану мәселесі де қарастырылады. Түйін сөздер: ҚР МОМ, қолөнер, мәлімет берушілер, «қар үйіндісі» әдісі.

Мейрманова Г.А. – т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Археология, этнология және музеология кафедрасының доцент м.а.
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ