Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

С.Д. Саркулова PhD доктор Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Алматы, Қазақстан sarkulova_84@mail.ru , Е.Т. Берлібаев т..ғ.к.
ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары

ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ кітаптарының идеялық ой-пікірлерінің жас ұрпақтарды тәрбиелеуде, ұлттық мәдениетімізді қалыптастырудағы маңызы зор. Өйткені бұл мұраларда мәселен, жер, тіл, дін, оқу-ағартуға қатысты айтылған пікір-ойлар бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Сондықтан, ұлттық мүдде тұрғысынан түрлі мәселелерді көтере білген қазақ кітаптарының идеялық маңыздылығын аша отырып, тағылымдық мүмкіндіктерін негіздеп насихаттау аса қажет сияқты. Мақалада Ресей империясында 1900-1917 жылдар аралығында қазақ тілінде жарық көрген кітаптардың идеялық мазмұны және соған сәйкес оның қоғамдық маңызы талдауға алынады. Қазақ кітаптарында көтерілген тарих және дін мәселелері, сондай-ақ патшалық кезең тұсындағы қазақ кітаптарына қатысты жүргізілген іс-шаралар мен оның авторларының кеңестік жүйе жағдайындағы тағдыры зерттеледі.

МЕЙРМАНОВА Г.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к.
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕРГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМЕТ ЖИНАУДАҒЫ ПРИНЦИПТЕР МЕН ҰСТАНЫМДАР .

Мақалада негізгі этнографиялық зерттеулердің принциптерімен бірге қолөнерге қатысты мәліметтерді жинау ерекшелігі деректік негізде қарастырылады. Автор этнографиялық жазбалар мен қатар мәлімдемелері сияқты далалық деректеріне сүйене отырып, өлкедегі қолөнер түрлері мен сақталуының негізгі факторларын жахандану жағдайынан деген тұжырым жасайды. Экспедицияның тақырыбы мен тапсырмасына байланысты тұрақжайларды, қолөнершілерді зерттеуде жинақталған материалдардың көрнекілігін қамтамасыз ететін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Басты тәсілдер: іріктеу және жаппай зерттеу тәсілі. Сонымен қатар, этнографиялық зерттеулер тарихына толық тоқталған. Мақалада далалық жағдайда адаптациялану мәселесі де қарастырылады. Түйін сөздер: ҚР МОМ, қолөнер, мәлімет берушілер, «қар үйіндісі» әдісі.

Мейрманова Г.А. – т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Археология, этнология және музеология кафедрасының доцент м.а.
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Мақалада негізгі этнографиялық зерттеулердің принциптерімен бірге қолөнерге қатысты мәліметтерді жинау ерекшелігі деректік негізде қарастырылады. Автор этнографиялық жазбалар мен қатар мәлімдемелері сияқты далалық деректеріне сүйене отырып, өлкедегі қолөнер түрлері мен сақталуының негізгі факторларын жахандану жағдайынан деген тұжырым жасайды. Экспедицияның тақырыбы мен тапсырмасына байланысты тұрақжайларды, қолөнершілерді зерттеуде жинақталған материалдардың көрнекілігін қамтамасыз ететін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Басты тәсілдер: іріктеу және жаппай зерттеу тәсілі. Сонымен қатар, этнографиялық зерттеулер тарихына толық тоқталған. Мақалада далалық жағдайда адаптациялану мәселесі де қарастырылады. Түйін сөздер: ҚР МОМ, қолөнер, мәлімет берушілер, «қар үйіндісі» әдісі.

А.К. Озанов1, 1Музей археологии РГП «Ғылым ордасы», младший научный сотрудник, г. Алматы, Казахстан
ДОСУГ И ИССЛЕДОВАНИЕ ДОСУГОВЫХ ПРАКТИК СТУДЕНТОВ

В статье рассматривается проблема досуга молодежи, его виды. В частности, автор выполнил обзор основных зарубежных исследований, посвященных данному вопросу. Уделено внимание специфике студенческого досуга, его сущности как социальной подсистемы. Выполнено ранжирование видов досуга по популярности среди студентов.

Дінмұхамед Мұратұлы Абдраханов «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейінің кіші ғылыми қызметкері
ЛАТЫНДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ

Берілген ғылыми-танымдық мақалада қазақ жазуы мен КСРО-да тұратын түркі тілдес және 1920-1950 жж. дейін өзіндік жазу жүйесі болмаған аз ұлттардың жазу мәдениеті тарихына шолу жасалады. Латындастыру үдерісі ХХ ғасырдың 1910-1950 жж. жаһандық сипатқа ие болып, КСРО аумағында тілтанушы, әдебиетші ғалымдардың әрі қоғам мен саясат қайраткерлерінің тарапынан ерекше сын мен талқылауға түсті. Аталмыш мақалада сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік оқиғаларды, қоғамдық пікірді ескере отырып, зиялылардың атқарған қызметтері мен жұмысының нәтижелеріне баға беріледі. Материалдар «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейінде ұйымдастырылған «Латындастыру мәселесінің тарихы» атты көрмесіне негіз болды.