Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ 94(574):930 ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫНАН (1953-1991 жж.)

Н.Н. ҚҰРМАНАЛИНА, PhD, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан

ӘОЖ 94(574):930 ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫНАН (1953-1991 жж.)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(14), 2018

Tags: зерттеушінің қорытындысы., кеңестік тарихнама, Ресей империясы, басқыншылық соғыс, қазақ халқы, Жоңғар мемлекеті
Author:
Мақалада қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының ХХ ғ. екінші жартысынан бастап тәуелсіздікке дейінгі тарихнамасы қарастырылады. Жалпы қазақ-жоңғар күресінің тарихнамасын шартты түрде үш кезеңге бөліп саралауға болады: төңкеріске дейінгі кезең, кеңестік дәуір, қазіргі заман. Кеңестік дәуірдегі тарих ғылымының өзіндік даму ерекшеліктері болды. Тіпті ол кезеңдегі қазақ-жоңғар қатынасының зерттелу тарихнамасын да жылымыққа дейінгі және кейінгі деп бөліп қарастыруға болады. Зерттеу жұмысы жылымықтан кейінгі кезеңнен бастап 1991 ж. дейінгі аралықтағы елдегі тарих ғылымының даму барысын сипаттауға, ондағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің зерттелуіндегі мәселелерді қарастыруға арналған.
Text:

Кіріспе

Жылымық жылдары туралы белгілі тарихшы Т. Омарбеков келесідегідей көрсеткен: «белгілі жазушы И. Эренбургтың аузынан шығып, жұрттың көкейінен орын алған осынау көркем теңеудің сол жылдардағы саяси жағдайға дәлме-дәл сипаттама беретіні де рас» (Омарбеков, 2003: 414). Ғалымның бұл пікіріне толықтай қосыламыз. Ол өзінің ойын толықтыра түсіп, СССР Жоғары Советінің тамыз сессиясы да жаңа әлеуметтік бетбұрыстың болатынын және партия Сталиннің жеке басына табынуды немесе сол жылдары кеткен қателіктерді лениндік принциппен аяусыз сынау жолын таңдағандығын көрсеткен. Бұл кезде елде уақытша болса да демократиялық жағдайлар қалыптаса бастаған, жеке басқа табынушылық доғарылған. Аталған оқиғадан соң, тарихшы Т.Ә. Төлебаевтың көрсетуінше, тарих ғылымының біршама жаңа бағыт алуына және еркінірек дамуына жол ашылған. Ол Сталиндік кезеңдегі догматизммен, «БКП(б) тарихы. Қысқаша курстағы» қасаң біржақтылықпен күрес басталғанын және тарихи журналдардың саны көбейіп, КСРО тарихы бойынша арнайы журнал шыға бастағанын келтірген. Сонымен бірге тарих ғылымының салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағыттап отыратын ғылыми кеңестер жүйесі құрылып, бұрын қол жетпейтін мұрағат қорларын қарауға рұқсат етіліп, олар ғылыми айналымдарға түсу мүмкіндігіне ие болғаны көрсетілген (Төлебаев Т.Ә., 2014: 188). Тарихшы орын алған жағдайларды жақсы сипаттап кеткен. Тарих ғылымының даму ахуалындағы аталған өзгерістерге зерттеу жүргізу барысында көз жеткізуге болады.

Зерттеулерге шолу

Кеңестік дәуірдің аталған кезеңінде қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне қатысты зерттеулер молая түсті. Оған Н.Г. Аполлова, В.Я. Басин, Б.П. Гуревич, И.В. Ерофеева И.Я. Златкин, В.С. Кузнецов, М. Кутлуков, В.А. Моисеев, Д. Сапаралиев, Р.Б. Сүлейменов, К.Ш. Хафизова, А.Х. Ходжаев, Ш.Б. Чимитдоржиев, У.Э. Эрдниев сынды тарихшылар және басқа да зерттеушілер өз үлестерін қосты.

Ғалымдардың еңбектерінде Жоңғария бұған дейін хошоут, дербен, ойрат, қалмақ және т.с.с. тайпалардың жалпы атауымен белгіленіп келген еді. Енді ел есіндегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғаларына себепші болған нақты мемлекетке, яғни И.Я. Златкиннің Жоңғар хандығының тарихына арналған арнайы зерттеу монографиясының жарыққа шығуы зерттеу тақырыбымыздың тарихнамасындағы елеулі оқиға болды.

Тарихнамалық зерттеуіміздің хронологиялық шеңберіне тоқталатын болсақ, онда ХХ ғ. 50-жж. бастап 1991 жылға дейінгі уақыт аралығы қамтылды.

Негізгі бөлім

Қазақ елі өз хандығын құра бастаған кезеңнен бастап-ақ сыртқы саясатындағы бір бағытта ойрат тайпаларынан қорғанып бағуға мәжбүр болған. В.А. Моисеевтің ойынша, моғолстандық ханның Жетісу өлкесінде Қазақ хандығының құрыла бастағанына қарсылық көрсетпегендегі себептердің бірі қазақтарды ойраттарға қарсы күш ретінде қолдануға деген ниетінде жатқан. Ол: «одной из причин, побудившей могулистанского хана Есен-Буку не препятствовать казахам обосновываться в Семиречие, была надежда использовать их силы в борьбе против ойратов, поэтому вполне естественно предположить, что с первых дней своего возникновения Казахскому ханству пришлось отстаивать право на существование в борьбе с ойратами», - деп жазады (Моисеев В.А., 1991: 13). 1609-1616 жж. ойраттардың басқыншылық соғысы салдарынан қазақтардың кей бөлігінің оларға бағынышты болғаны туралы М.Б. Джамгерчинов жазды: «начавшиеся в 1609 г. и закончившиеся до 1616 г. успешные войны калмакских князей приводят к подчинению им части казахских феодалов и к укреплению позиций калмакских князей в занимаемых ими районах южной Сибири» (Джамгерчинов М.Б., 1985: 138). Аталған кездері қазақ пен ойрат кезектесе жеңіске жетіп отырған.

И.Я. Златкин Моңғолия тарихына арнаған очеркінде Жоңғар хандығының құрылуына қатысты Сібір жылнамашысы Черепановқа сілтеме жасай отырып, нақты мағлұмат береді: «...Зенгорское владение, ибо Кара-Кулы тайши сын Батур тайша благоразумием и хробростью своей, как рассеянные калмыцкие республики с их тайшами вместе совокупил, и часть Бухарии (т.е. Восточного Туркестана – И.З.) завоевал, и с того времени как в 1635 г. он, Батур тайша, стал именоваться контайша» (Златкин И.Я., 1957:32). Дерекке сүйенген зерттеуші 1635 ж. Қарақұла тайшының ұлы Батыр шашыраған ойрат тайпаларының басын біріктіріп, өзі қоңтайшы атала бастаған тұстан бастап Жоңғария иелігі жеке дара көтеріле бастағанын келтіреді. Бұл тұжырымды қолдаған Е. Кычанов та Жоңғар хандығының құрылуының аяқталу кезін 1635 ж. сәйкестендіріп: «1635 год считается окончательным годом формирования Джунгарского ханства», - деп көрсетті (Кычанов Е.И., 1980: 17). А.И. Чернышев: «в 30-х годах ХVII в. как внутриполитические, так и внешнеполитические условия благоприятствовали образованию Джунгарского ханства», - дейді(Чернышев А.И., 1990:49).Осы уақытта Жоңғар хандығының құрылуына ішкі және сыртқы саяси жағдайлар да ыңғайлы болғандығы айғақталған. Осылайша, И.Я. Златкиннің осы тұжырымы өз заманының авторларының қолдауына ие болып, тұрақталған тұжырымға айналды.

Н.Г. Аполлованың пікірінше, XVII ғ. орта тұсынан бастап ойрат тайпалық одағының ыдырауы нәтижесінде одан Жоңғария бөлініп шығып, жеке мемлекет ретінде рәсімделеді. Оның үстіне осы кезден-ақ жоңғар шонжарлары қазақ жерлеріне соңынан кейде ірі әскери қақтығыстарға дейін ұласып отырған үздіксіз шапқыншылықтарын жасаған (Аполлова Н.Г., 1960: 89-90). Ш.Б. Чимитдоржиевтің осы мәселеге қатысты ойы Н.Г. Аполловамен бір жерден шыққан (Чимитдоржиев Ш.Б., 1979: 35). Жоғарыдағы екі тарихшы да Жоңғар хандығының мемлекет болып құрыла салысымен-ақ қазақтарға қарсы шапқыншылық саясат ұстанғандығын ерекшелеп жазды.

Егер ХVI ғ. соңына қарай қазақтардың мемлекеті айтарлықтай бірлікте болып, ойраттармен қатынаста мықтылығын көрсете алса, Жоңғар хандығы құрылғаннан кейін жағдай өзгере бастаған. Билеуші Қарақұланың қоластына бірлескен жоңғарлар күшіне еніп, қазақтың бірлігі, керісінше шашырай бастаған. Осыны сипаттаған И.Я. Златкин еңбегінде ойраттар мен қазақ қауымының өзара қатынасы айтарлықтай өзгергенін жазды. Егер ХVI ғ.-ХVII ғ. бас кезінде салыстырмалы түрде бірлігі жарасқан қазақ мемлекетіне соғыста жеңілістерге ұшырап отырған әлсіз ойрат княздіктері қарсы тұрса, одан кейінгі уақыттарда күштің арасалмағы ауысып, ойрат билеушілері өз күшіне ене бастайды. Бұл жағдайды И.Я. Златкин төмендегідей түсіндіреді: «это объясняется постепенным объединением ойратских владений под властью Хара-Хулы, ослаблением ханской власти преемников Тевеккеля и распадом Казахстана на ряд самостоятельных владений» (Златкин И.Я., 1964: 166). Сол секілді ХVII ғ. 20-жж. ойраттардың шапқыншылығына қазақ, халкас және ноғай жауынгерлері бірлесе соққы бергендігі келесі еңбекте де көрсетілген (История Казахской ССР, Т. 2. 1979: 287). Зерттеушілердің басым бөлігі И.Я. Златкин сияқты Жоңғар хандығы құрылғанға дейінгі кезеңде ойраттар мен қазақтар арасындағы соғыстарда қазақтар жағы басым болғанын жазған. Оған қазақтардың өзара бірлігінің басым болуы әрі шапқыншылыққа өзге тамырлас елмен бірігіп тойтарыс бергендігі себеп болған. Бірақ Жоңғария мемлекет болып құрылғаннан кейін жағдай өзгеріп, басымдықтың жоңғарларға ауғанын зерттеушілер түйіндейді.

Г.В. Вернадскийдің есебіне сай ойраттар ХVII ғ. бірлесіп жүз мың атты әскер шығара алған (Вернадский Г.В., 1966: 22), оның бұл пікірін Е.И. Кычанов та қолдаған (Кычанов Е.И., 1980: 22). И. Чередовтың сөзін келтірген В.А. Моисеев те қоңтайшы жауынгерлерінің саны жүз мыңға жеткенін растаған. Онда: «контайши военного люда собирается… со ста тысяч и больше, в том числе с пятьдесят тысяч латников и пансырников», - деп жазылған(Моисеев В.А., 1980:70). Қазақ әскерінің саны да олардан кем болмағаны анық. Жалпы, бұл кезеңдерде көшпелілердің әскери жүйесі аса мықты болғанын ғалымдар мойындаған: «кочевая военная система была одной из самых совершенных военных систем средневековья» (Бартольд В.В., 1964: 68). Ал оған көшпелі қауым өз ішінде өткізіп отырған түрлі жарыстардың – күрес, садақ ату, аң аулау т.б. жас жауынгер үшін жақсы тәжірибе ретінде пайдасы мол болғандығын ерекшелеген зерттеушілер бар. Оларда: «различного рода состязания – борьба, стрельба из лука, облавные охоты на диких зверей – являлись хорошим тренажем для молодых воинов», - деп көрсетілген (Моисеев В.А., 1990: 71). Көшпенді халық отырықшы өмір салтын кешкен елдерден қара күшінің басымдығымен ерекше көзге түсетіндігі туралы деректерде көп кездеседі.

Н.Г. Аполлованың ойынша, Қазақстан үшін жоңғарлармен көршілес орналасу қауіпті болған, себебі оның шекарасына жапсарлас орналасқан Цин империясы Жоңғария мен Қазақстан есебінен өз иеліктерін кеңейтуді көздеген екен (Аполлова Н.Г., 1960: 90). Жоңғария мемлекетінің өзін зерттеушілер агрессиялы мемлекет ретінде сипаттайтыны бар. Н.Г. Аполлова Жоңғар хандығын әскери-феодалдық мемлекет ретінде сипаттағанымен, В.А. Моисеев сияқты тарихшылар оның бұл қорытындысын құптамайды. Бірақ бүгінгі таңда да зерттеушілердің кейбірі Жоңғар хандығын әскери мемлекетке жатқызады.

А.И. Чернышевтің пікірінше, «Моңғол-ойрат заңдарының» негізгі мазмұны моңғол шонжарлары арасындағы алауыздықты жойып, олардың күшін сыртқы жау – мәнжүр мемлекетімен күресуді насихаттауға бағытталған: «основное содержание которых, по нашему мнению, направлено на ликвидацию конфликтов между монгольскими князьями, на объединении их сил против внешнего врага, т.е. маньчжурского государства» (Чернышев А.И., 1990: 50). Әр елде ынтымақ пен ауызбірліктің болуы маңызды фактор, сол себепті бұндай мәселенің тиісті құжаттарда көрсетілуі орынды. Көпшілікке кең танылған 1640 ж. бұл заңдар жинағында сыртқы жаумен күрес мәселесіне ерекше орын берілгендігін ғалымдар көрсетті. Мысалға, оған сәйкес бұл кодексте сыртқы қауіпке қарсы шаралардың сипаты ауыр болған. Өлім жазасы жаудың шапқыншылыққа даярланып жатқандығын біле тұра көпшілікке хабарламағандарға; дабыл соғылған уақытта жорыққа қатысу үшін жасақтың жиналатын орнына келмегендерге; сонымен қатар соғыс кезінде қауіпті жағдайға душар болған шонжарға көмек көрсетпегендерге тағайындалатын болған (Златкин И.Я., 1957: 33). Өзге де зерттеушілер олардың әскерінде қатаң тәртіп қадағаланып, оны бұзғандар қатты жазаға ұшырап отырғандығын көрсетеді: «в войске соблюдалась строгая дисциплина, ее нарушители жестоко наказывались» (Моисеев В.А., 1990: 231). Жоңғар мемлекетінің әскери ұйымдасуы жағынан мықты болуына ондағы әскери тәртіптің қатаң сақталуы да өз септігін тигізуі әбден мүмкін. Бұл заңдағы тағы бір мәліметті У.Э. Эрдниев келтірген: «по «Ики Цааджин бичиг» брак между родственниками по отцовской линии категорически запрещался»(Эрдниев У.Э., 1970:26). Оған сәйкес қазақтардағы жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүріндегідей жоңғарларда да әке жағынан туыс адамдар арасында неке қиюға тыйым салынғанын білуге болады.

Қоңтайшының Есім ханға бейбітшілік келіссөздер жүргізу үшін жіберген елшілері қазақ ауылдарын тонап шапқан. Сол себептен хан ашуға мініп қарсы жақты шауып қайтқан (История Казахской ССР, Т. 2. 1979: 287). Осындай себептер де қазақ-ойрат арасында шапқыншылықтардың туындап отыруына өз әсерін тигізген болуы керек.

Келесі зерттеушілер де Тәуке хан тұсында ел бірлікте болғанын жазады. Онымен қоса, Тәуке ханның қоластында қарақалпақтардың қазақтармен бірге ғұмыр кешкені айтылған (Шалекенов У.Х., 1966: 20). Салдарынан ХVII ғ. 90-жж. жоңғар билеушілерінің қыспағы әлсіз болды. Өйткені Қазақ хандығы нығайған және қырғыздар мен қазақтар бірлескен, оларға тағы қарақалпақтардың бір бөлігі қосылғандықтан, жоңғарлардың күшіне қарсы тұра алған (История Казахской ССР, Т. 2. 1979: 290). Жоңғария басқыншылығына тек қазақтар емес, кей кездері қырғыздар, өзбектер, сонымен қатар қарақалпақтар да бірлесе отырып, қарсы шайқасқан кездер болғандығы туралы зерттеушілердің еңбектерінде бар.

В.Я. Басиннің қорытындыларына сәйкес Галдан Бошоктудың жоңғар тағын иеленудегі себептің бірі – оның қазақ билеушілері арасынан қолдауға ие болғандығында жатыр (Басин В.Я., 1971: 102). Алайда Галдан Бошоктудың хан тағына отырғанына қазақтардың сеп тигізгендігі жайлы өзге зерттеушілер жазбайды әрі В.Я. Басин де нақты деректі көрсетпегендіктен, бұл ой күмән туғызады. Сонымен қатар Галдан Бошокту соғысуды ұнатқан және оны жақсы меңгерген, Далайлама қолдауына сүйенген, елді қоластына біріктіре алған: «он умел и любил воевать. Извне он пользовался поддержкой Далай-ламы, внутри страны сумел сплотить всех старых поданных своего отца и старших братьев» (Кычанов Е.И., 1980:38). Бұл қоңтайшының беделді билеуші болғандығы туралы деректер көптеген еңбектерде көрсетіледі.

Ресейдің Жоңғар елінде болған елшісі И. Унковскийдің Цеван Рабтанның таққа отырысымен Қазақ ордасына қарсы отыз мыңдық әскер ұстағандығын және бірнеше рет қазақтармен соғысқанын көрсеткен пікірін көптеген зерттеушілер қолдайды. Елші: «с самого начала своего владения, он контайша (т.е. джунгарский хан Цеван-Рабтан (1697-1727) – Э.М.), войска сожержит против Казачьей орды около тридцати тысяч и много оных казаковповоевал», - деп көрсеткен (Масанов Э.А., 1966:40).Қазақтар жоңғарлар үшін осал жау болмаған, сол себепті қарсы жақ бар мүмкіндіктерін пайдаланып отыруға тырысқан. Алайда дәл осы қоңтайшы билеген тұста жоңғарлардың ең қатты басқыншылық жорығы орын алып, қазақтарға қиын күндер туғаны белгілі.

Келесі бір еңбекте, яғни 1957 ж. шыққан «Қазақ ССР тарихының» алғашқы томында жоңғар билеушілерінің Қазақстанға жасаған шапқыншылықтары салдарын тек ХІІІ ғ. басындағы моңғол жорықтарымен ғана салыстыруға келетіндігі ерекшеленген: «по своим разрушительным последствиям набеги джунгарских феодалов на Казахстан можно сравнить только с монгольским нашествием начала ХIII в.» (История Казахской ССР, Т. 1. 1957: 232). Бұндағы берілген баға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына» сай айтылған болса керек. Өйткені сол кездегі жоңғарлардың шапқыншылығы туралы көптеген деректер сақталған әрі кейбір мәліметтерде теңеулер қолдану арқылы асырмалатып айтылған тұстарының да болғаны зерттеулерден белгілі.

Орынбор экспедициясының басшысы қазақтардың жағдайын орынды сипаттаған. Ол: «қазақтар басқыншыларды жеңе алатын еді, егер өзара бірлікте болғанында», - деп көрсеткен. Сонымен қатар ол қазақтарда бірлік болмағандықтан, бір хан соғысса, екіншісі тастап кетіп, соның салдарынан олардың өз иеліктерінен айрылып жататындығын сөз еткен: «ежели б еще согласились. А у них один хан войной пойдет. А другой оставляет, и так свое владение у калмыков теряют» (История Казахской ССР, Т. 1. 1957: 232). Сол сияқты М.С. Мұқановтың пікірінше, қазақ халқының бірлесіп, үлкен әскери күш құрған кезінде жоңғарлар агрессиясына қарсы тұруға мүмкіндіктері болатын еді. Ол: «и в этих условиях только объединение казахов в единое ополчение могло противостоять агрессии джунгар», - деп көрсеткен (Муканов М.С., 1991: 10). Бұған дейін де атап өтілгендей, қазақтардың бірлігі жарасқан кездері жоңғар шапқыншылығына қарсы қасқайып қарсылық көрсетіп, елін, жерін қорғап отырған. Ал қазақ елінің ішінде алауыздық жайлаған уақыттарда олар жоңғарлардың басқыншылығына төтеп бере алмай, жеңіліске ұшыраған жағдайлар көп орын алған.

Г.Е. Марков қоғамдағы батырлардың алатын орнына, олардың сипаты мен қызметіне баға бере отырып, ХVІІІ ғ. бойы жауынгер қолбасшыларының ықпалының бірте-бірте күшейе түскенін ерекшелеген (Марков Г.Е., 1976: 151). Мысалға, Т. Сұлтанов қазақ ханы Тәукенің жеке мөріне қарағанда оның батыр деген атағы болғанын тұжырымдаған (Султанов Т.И., 1982: 102). Сонымен қатар ол ханның құқықтары мен қызметін саралай отырып, оның негізгілеріне – ханның бас қолбасшы ретінде соғыс жариялау, бейбіт келісімге келу құқығы және шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, мемлекеттің сыртқы саясатындағы бағытты анықтауда құқығы болғандығын көрсеткен. Билер қолбасшы тәрізді соғыс жорықтары барысында өз руын, елін бастап шыққан (Султанов Т.И., 1982: 99). Батырлардың саяси рөлінің күшеюі осы мысалдардан да көрінеді. Заман талабына сай хан да, би де батырлықты серік еткен. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі кезіндегі елдегі әлеуметтік құрылыстың жіктелуін, яғни хан, аға хан, би, батыр, төлеңгіт сияқты категориялардың анықтамасы мен функцияларын нақтылай түсу тақырыпты кешенді түрде зерттеуге өз ықпалын тигізеді.

1950-жж. кейін жазылған «Қазақ КСР тарихы» көп томдық еңбектерінің бұрынырақ бірнеше рет басылғандарына қарағандағы басты айырмашылық қазақ елінің жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес мәселесінің сипатталуына аз назар аударылуында жатыр. Алайда 1957 ж. жарық көрген «Қазақ КСР тарихының» 1-томында бұған дейін шығарылған осындай форматтағы еңбектерде көрініс таппаған алмаған сұрақтар да қамтылған. Мысалға, Аягөздегі шайқас туралы мағлұмат. 1718 ж. Аягөздегі шайқаста қазақтар біраз жетістіктерге жеткенімен де, жеңіс жоңғарлар жағында болған. Орыс елшісі Брянцев сол соғыстың куәсі болған Құтлымби сөзіне сүйеніп, қазақтардың жеңіліске ұшырауына әскербасы Әбілхайыр мен Қайып сұлтандардың келісімсіз іс-әрекеті және жоңғарлардың тылдан төтенше соққы жасауы себеп болғандығымен түсіндірген (История Казахской ССР, Т. 1. 1957: 234). Қазақтардың жеңіліске ұшырағаны келесі деректе де айтылған: « ...на р.Аягуз казахское ополчение потерпело жестокое поражение» (История Казахской ССР, Т. 3. 1979: 17). Қазіргі таңда Аягөз өзені бойындағы шайқастың барысы жоғарыдағыдай сипатталғанымен, хронологиясы 1717 ж. деп көрсетіліп жүргендігін айту керек. А. Сабырханов деректерге сүйеніп, 1717 ж. қазақтардың Жоңғариямен шайқасуы Ангус (Арыс) өзенінің бойында болғандығын көрсеткен (Сабырханов А., 1970: 34). Алайда бұл жерде кейінгі зерттеулерге сай, Ангус деп Арыс өзені емес, Аягөз өзені айтылып жүр. А. Сабырханов бұл оқиғаны баяндай келе Қазақ хандығы жағынан бұл ұрысқа 30 мыңдай қол қатысқанын, ал жоңғар әскерлерінің саны туралы деректер толық емес екендігін жеткізген. Сонымен қатар автордың ұрыстың үш күнге созылып, қазақтардың шегінуімен аяқталғандығы туралы деректері қазірде беріліп жүрген мәліметтерге сай (Сабырханов А., 1970: 34). Кейбір деректер бойынша Қайып хан қасында қалған екі адаммен әзер қашып құтылғанымен, олардың өз ұлыстарына аман жеткендігі айтылады (Қазақстан тарихы, Т. 3. 2010: 128). А. Сабырханов Әбілқайыр хандығына 1717 жылы көктем айларында Жоңғарлардың шабуыл жасағанын, олардың Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақ ауылдарын қырып-жойғаны туралы мәліметтердің кездесетінін жеткізеді (Сабырханов А., 1970: 34). Сол сияқты 1957 ж. жарық көрген «Қазақ КСР тарихының» 1-томында 1718 ж. Арыс өзені бойында да қазақ күштерінің басқа бөлігі жоңғарлардан соққы жегендігі жазылған (История Казахской ССР, Т. 1. 1957: 234]. Бұл жерде ескере кететін жайт, тағы да оқиға хронологиясына қатысты. А. Сабырхановтың көрсеткен нұсқасы емес, соңғы көрсетілген жылдың, яғни 1718 ж. дұрыс екендігі кейінгі бес томдық басылымда жазылған (Қазақстан тарихы, Т. 3. 2010: 128). Жалпы, Аягөз өзені бойындағы және Арыс өзені бойындағы жоңғарлардың қазақтарға жасаған шапқыншылық соғыстарының сипаты жоғарыда талданған еңбектерде дұрыс көрсетілген. Тек оның нақты жылдарына қатысты өзгешеліктер орын алған.

1723 ж. Цеван Рабтан шапқыншылығының ауыр зардабы тек қазақ еліне ғана емес, басқа да Азия елдеріне өз ықпалын тигізген. Ол бойынша бір деректе ығыстырылған қазақтардың Заравшан даласына ағылғандығы айтылған. Самарқанд, Бұқара маңындағы егіс аудандары күйреп, Мауереннахрда аштық орнаған, тіпті адам етін жеген кездер болған (Чехович О.Д., 1956: 88). О.Б. Чеховичтің бұл ойын өз еңбегінде келтірген Б.Г. Гафуров былай жазған: «до крайнего разорения была доведена долина Заравшана беспрерывными семилетними (1723-1730 гг.) набегами казахов. Наступил страшный голод, оставшееся в живых население разбегалось на окраины, Бухара и Самарканд опустели» (Гафуров Б.Г., 1972: 572). Қазақ елі үшін осынау ауыр жылдары жоңғар тарапынан шапқыншылыққа тап болса, екінші жағынан осы көрсетілген авторлардың сөздері бойынша қазақтар Самарқанд, Бұқара қалаларын шапқан. Алайда қазақтарды бұл жерде шапқыншылар емес, босқындар ретінде көрсеткен орынды және босып шұбырған қазақтардың басқа елді шабуға мұршасы да болмағаны түсінікті сияқты. Бұл оқиғаға қатысты мәселелерді зерттей түсудің қажеттігін айғақтайды.

И.Я. Златкин: «ойраты обрушились на Средний жуз, заставив его бежать под стены Оренбурга. Россия выступила в защиту казахов, так как не была заинтересована в чрезмерном усилении Ойратского ханства», - деп бірнеше тұжырым жасады. Ол Галдан Церен мәнжүрлермен соғысып жатқан кезде, яғни 30-жж. қазақ билеушілерінің ойрат ұлыстарын бірнеше рет шапқандығын және соған жауап ретінде оның 40-жж. Цебден басшылығымен үлкен әскер жібергендігін жазған. Соққы тиген Орта жүз қазақтары Орынборға дейін ығысқанда Ойрат хандығының тым күшейгендігін қаламаған орыстардың қазақтарға көмектескендігін келтіреді (Тулепбаев Б.А., 1981: 84).

Ал Б.Я. Басин болса И. Неплюев пен жоңғар елшілері келіссөздері кезінде соңғылары Жоңғарияның Қазақстанға басып кіруін кек алу шарасынан болғандығымен түсіндіруге тырысқандығын келтірген. Яғни жоңғарлар И.Я. Златкин көрсеткендей, қазақтар жоңғарлардың қытаймен соғысын пайдаланып, жоңғар ұлыстарына көп шабуылдар жасаған, жоңғарлар сондықтан кек алуды көздеген. Бірақ В.Я. Басиннің тұжырымына сәйкес жоңғарлар, бір жағынан, өздерінің агрессиялық іс-әрекеттері үшін бар кінәні қазақтарға жапса, екінші жағынан – қазақтарды қырған қылмыстарын жазалау шаралары ретінде түсіндіруін айыптаған. Автор жоңғарлардың Кіші және Орта жүзден алым және аманат алуды көздегенін, ал Ұлы жүзден онсыз да Галдан Церенде үнемі аманаттар барын көрсеткен (Басин В.Я., 1969: 112). Бұл жерде жоңғарлардың түрлі себепті сылтау жасап, қазақ елін басып алу ниеті байқалады.

1743 ж. К. Миллердің елшілігінің атқарған істерінің нәтижесі кеңестік кезеңдегі еңбектердің барлығында дерлік оң бағаланған. Оларда бірауыздан Абылай ханның тұтқыннан босатылуына осы елшіліктің тікелей қатысы болғандығы баяндалған. Мысалға, Н.Г. Аполлова мұрағат құжаттарына сілтеме бере отырып: «посольство Миллера, отправленное к джунгарскому хун-тайджи Галдан-Церену в 1743 г., договорилось о мире между джунгарами и казахами как подданными России и вернуло из джунгарского плена султана Аблая», - деп көрсетеді (Аполлова Н.Г., 1960: 92). Бұнда елшілік келіссөздері салдарынан Ресей қоластындағы қазақтар мен жоңғарлар арасында бейбіт қатынастар жөнінідегі мәселе шешіліп, Абылай сұлтан жоңғар тұтқынынан босағандығы расталған. Келесі еңбекте де Абылай сұлтанның ресейлік елші К. Миллердің белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде тұтқыннан 1743 ж. 5 қыркүйекте босағандығы туралы ой жазылған: «...султан Аблай, в результате активного содействия российского посла К. Миллера возвратившийся из джунгарского плена 5 сентября 1743 г.» (История Казахской ССР, Т. 3. 1979: 72). Т.Ж. Шойынбаев та Миллердің елшілігінің нәтижесі сәтті болғандығын қолдаған (Шоинбаев Т.Ж., 1973: 46), сол сияқты Р.Б. Сүлейменов те (Сулейменов Р.Б., 1983: 24). Ш. Чимитдоржиев осы Миллер елшілігінің сәтті болып, Абылайды тұтқыннан босатуға мүмкіндік туғанына таңданыспен қараған, себебі Абылай Галдан Цереннің баласы Шарышты өлтірген, автордың пікірінше (Чимитдоржиев Ш.Б., 1978: 152). Абылай сұлтанның Шарышты жекпе-жекте мерт қылғаны жөнінде, сөз жоқ, ауыз әдебиетінің мәліметтерінде көптеп айтылады, тіпті көп томдық «Қазақ ССР тарихы» еңбектерінде де ол туралы шынайы факт ретінде жазылған. Сондықтан ол мәліметтің шынайылығына көз жеткізу үшін ауыз әдебиетіне қоса басқа деректер бойынша да зерттеу жұмысын тереңдетіп жүргізген орынды деп есептелінеді.

В.Я. Басин еңбегіндегі мәліметтерге сай, Әбілмәмбет өзінің кіші ұлын Жоңғария билеушісіне соғысты тоқтатып, Абылайды босатсын деген мақсатта аманатқа жіберген. Орта жүзден қайтқан Т. Балтасевтің көрсетуінше, Абылай сұлтанды босатпас бұрын жоңғар билеушісі өзіндегі Әбілмәмбеттің ұлын Барақтың баласымен ауыстыруды талап еткен, онымен қоса Галдан Церен өзінің бір қызын Абылайға ұзатқан. Соңғы ой халық ауыз әдебиетіндегі аңыздарға да сай келеді, өйткені онда Абылайға қоңтайшының қызын бергендігі туралы айтылған (Басин В.Я., 1969: 119-121). Жоғарыдағы Т. Балтасевтің мәліметін берген Ш. Чимитдоржиев болса, қоңтайшының Абылайға қызын ғана бермей, Ташкент маңындағы көш жерлерін де беруге уәде еткен. Ал Абылай болса, аманаттарды ауыстырумен қатар башқұрт көтерілісінің басшысы Қарасақалды Галдан Церенге ұстап әкелуге міндеттелген (Чимитдоржиев Ш.Б., 1978: 152). Абылаймен қоңтайшы қандай келіссөз жасағанымен де, оның ең алдымен қазақ алдында өз позициясын нығайтуды көздеп баққаны нақты болу керек. Ал келесі деректе автор Абылайдың өз ойын жеткізуге тырысқан. Ол бойынша Абылай Неплюевке айтқан сөзінде тұтқыннан босанғаны үшін патшайымға және Миллерге өз разылығын білдірген: «...свобода-де ему оттоль учинена высочайшим е.и.в. призрением и милосердием чрез посылку туда майора Миллера…» (Басин В.Я., 1969: 121). Осы автор өзінің келесі еңбегінде қазақ даласында 1742 ж. болған А. Кусебаев бастаған башқұрттар тобының мәліметін келтірген. Олар Кіші жүз қазақтарына Жоңғар елінен үш өкіл келіп, өздеріне аманатқа он адам сұрағанын және сол үшін Абылайды қайтаруды уәде еткендігі туралы жеткізген: «к казахам младшего жуза прибыли три представителя Джунгарии и просили «к себе в аманаты знатных людей десять человек..., за что обещали возвратить из плена Султана Аблая» (Басин В.Я., 1971: 167). И.В. Ерофееваның ойынша, сәтті елшіліктің нәтижелері қазақ билеушілері арасында орыстарға қарай икемделуді күшейте түскен. Ол былай деп көрсеткен: «практические результаты дипломатической миссии привели к усилению прорусской ориентации казахских владетелей»(Ерофеева И.В., 1990:67). Қаралып отырған кезеңнің тарихнамасында да Абылай сұлтанның жоңғарлардан тұтқыннан босауындағы орыс елшісінің қызметі оң жағынан сипатталғанымен, сұлтанның тұтқынға түсуіне және одан босап шығуына себеп болған барлық жағдайларға байланысты проблемалар толық шешімін таппаған деуімізге болады.

Қазақтағы жайылымдық-көшпелі қауым туралы зерттеу жүргізген В. Шахматов XVIII ғ. үздіксіз соғыстар мен өзара тартыстар, қақтығыстар мен барымталар көшпелілерге жыл сайын тұрақты жайылымдарды қолдануға мүмкіндік тудыра қоймағандығына назар аударған (Шахматов В.Ф., 1964: 32). Автордың бұл ойын келесі зерттеуші де қостаған. Ол жоңғарлардың Жетісуды, ортаазиялық иеліктердегі қалаларды басып алған соң қазақтардың солтүстік-батыс аймақтарға жылжығанын жазған. Осының нәтижесінде қазақтардың көбісінің экономикалық жағынан ортаазия нарығымен байланыстырып тұрған әдеттегі жүйесі істен шығып, қалыптасқан жүзжылдық көшу циклі бұзылғандығын да автор сөз еткен (Басин В.Я., 1969: 68). Расымен де көшпелі өмір салтында жайылымдық жерлер ел тіршілігі үшін жоғары маңызға ие болған. Бұл жоңғарлардың қазақтарға жасаған шабуылды жорықтарының тигізген теріс ықпалдарының бірі болды.

1741 ж. Галдан Церен Орта жүз сұлтандарынан көшу аймақтарын таңдау барысында көрсеткен бұйрығына бағынуды талап еткендігі деректе ерекшеленген (Шахматов В.Ф., 1964: 34]. Жоңғарлардың қазақ шонжарларына қойған талаптарын А. Сабырханов толықтырады, ол бойынша қазақтар: 1) Жоңғарияға тәуелді болуға көну және бұған кепілдік ретінде аманаттар беруге; 2) қайда көшіп-қону жөнінде қоңтайшылардың нұсқауын орындауға тиісті болған (Сабырханов А., 1970: 50-51). Бұндағы бірінші талап Абылайды тұтқыннан босатуға байланысты қойылғандығын жоғарыда көрсетілген еді.

Қарақалпақтар тарихына еңбегін арнаған авторлар XVII-ХVIII ғғ. тоғысында қарақалпақтар қазақ ханы Тәукенің қоластына кіргендігін және ХVII ғ. жоңғарлардың батысқа жылжуы Тәуке бастаған қазақтардың әскери қимылдарының нәтижесінде тоқтатылғандығын жазған (Камалов С.К., Уббиниязов Ж.У., Кощанов А.К., 1988: 22, 25). У.Х. Шәлекенов көрсеткендей, қазақтар мен қарақалпақтар сырттан келген басқыншылармен бірлесіп күрескен. Мысалға, 1710 ж. халық жасағы жоңғар шабуылына тойтарыс беріп, оларды шығысқа лақтырып тастаған (Шалекенов У.Х., 1966: 20). А. Сабырханов та автор ойын қолдаған. Ол 1711-1712 жылдары қазақ жасақтары Жоңғарияға басып кіріп, шекара қоныстарын талқандап, қолға түскендерін тұтқынға алып қайтқандығын жазған (Сабырханов А., 1970: 30). Алайда ХVIII ғ. 20-жж. жоңғарлардың Сырдың орта ағысы жағын басып алуының нәтижесінде қарақалпақтардың екіге бөлініп, «жоғарғы» қарақалпақтар жоңғарларға бағынса, «төменгі» қарақалпақтар 1743 ж. кейбірі 1762 ж. дейін Кіші жүз қазақтарына тәуелді болған (Нурмухамедов М.К., Жданко Т.А., Камалов С.К., 1971: 23-24). Бұл жерде де жоңғар шапқыншылығының тек қазақтарға ғана емес, қарақалпақтардың да даму тарихына әсері зор болғандығын қорытындылауға болады.

Жоңғар шапқыншылығы расымен де қазақ қоғамының ғана емес, сонымен қатар оған көрші орналасқан қарақалпақ, өзбек және т.б. халықтардың да экономикалық және саяси өміріне теріс ықпалын тигізгеніменен, дәл қазақ үшін ол ұлттық сипаттағы қауіп болғандығын орынды ерекшелеген В.Я. Басин (Басин В.Я., 1971: 128). Сол сияқты Ч.Б. Чимитдоржиев өзбектердің ойраттармен тікелей қатынасқа ерекше жағдайларда ғана түсіп отырғандығын жақсы көрсеткен. Ол ойрат жауынгерлері қырғыз бен қазақтарды жеңген кездерде ғана, олардың территорияларын басып алған жағдайда ғана өзбек тайпаларының мекендеген жеріне жетіп, өз билігін мойындатуға тырысатын болғандығын жазды (Чимитдоржиев Ш.Б., 1979: 21). Жоңғар шапқыншылығы қаншалықты тегеурінді болғандығын өзге де зерттеу еңбектерінде көрсетіліп жүр. Әсіресе, оның Орта Азияға жасаған шапқыншылығының бастапқы екпіні қазақтарға тиіп отырды.

М.Б.Джамгерчинов: «…за период 1600-1650 гг. со стороны Калмакского ханства в Киргизстан состоялся один военный поход (весной 1643 г.) 50-тысячного войска во главе с Батур-хонтайшой, в результате которого власть калмакского хана установилась на небольшой территории Киргизии на непродолжительное время», - деген қорытындыға келген(Джамгерчинов М.Б., 1985:146). Автор қалмақтардың қырғыздарға жорығы болған деп қана сипаттаған. Алайда казірде ол шайқаста жоңғарлар да тек өздері емес, өзге ойраттармен бірлесіп қимылдағаны, нақ сол сияқты оларға қарсы қырғыздар ғана емес, қазақтар да бірлесіп шайқасқаны белгілі. Әрі жоңғардың бұл шапқыншылығы негізінен Жәңгір бастаған қазақтарға бағытталғандығы бізде қалыптасқан тұжырым болып қалған. Бұл кездегі, әсіресе, «Орбұлақ шайқасы» деген атпен белгілі болған қазақ пен жоңғар арасындағы шайқаста қырғыздардың да атсалысқаны туралы пікірлер де қолдауға ие екендігі белгілі.

Ш.Б. Чимитдоржиев: «Сырдарьинские города являлись яблоком раздора для казахских и узбекских феодалов, причиной очень многих сражений между ними. Следует сказать, что в эту борьбу активно включалось третье заинтересованное лицо – Джунгарское ханство», - деп көрсетеді (Чимитдоржиев Ш.Б., 1979: 23). Автор осы аймақтағы елдер арасындағы талас-тартыс себептерінің бірі Сыр бойындағы қалалар екендігіне дұрыс назар салған. Бұл мәселені М. Вяткин, В. Бортольд сияқты ғалымдар да көтерген болатын.

В.С. Батраковтың ойынша, ХVІІІ ғ. 20-жж. қазақтардың көпшілігі жоңғар шапқыншылығынан қорғану мақсатында Ресеймен іргелес жерлерге көшіп келген. 1723 ж. оқиғалардан соң Кіші жүз бен Орта жүздің хандары орыстың бодандығын қабылдауға бет бұрған (Батраков В.С., 1966: 13). Негізінен Кіші жүз қазақтарының Ресей қоластына енуіне байланысты нақты қадамдар жасалған жыл ретінде 1730 ж. танылғаны белгілі.

Б.П. Гуревич «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарынан кейін қазақтардың тек 1730 ж. ғана Аңырақай шайқасында жоңғарларға қарсы азаттық күресін бастағанын жазған (Гуревич Б.П., 1983: 60). Зерттеуші Аңырақайдан бұрын қазақтың рухын көтерудегі маңызы зор болған Бұлантыдағы шайқасты назарынан тыс қалдырыпты. Тарихшының ойынша, Жоңғар хандығының күштілігіне оның Цин империясымен жүргізген көптеген соғыстары дәлел бола алады: «свидетельством мощи Джунгарского ханства как государства являлись его войны с Цинской империей в 1715-1726 и в 1729-1737 гг.»(Гуревич Б.П., 1983: 276). Себебі Цин империясымен күресе отырып, Орталық Азия бағытында да жаулаушылық саясат ұстану Жоңғария елі үшін оңайға тимеген. Жоңғарияның өз заманында мықты мемлекет болғандығы дау туғызбайды. В.С. Кузнецов та: «с самого начала история Джунгарского ханства была пронизена борьбой за самосохранение и независимое существование перед лицом агрессивных поползновений минского, а затем цинского Китая», - деп көрсеткен (Кузнецов В.С., 1983: 5). Жоңғар хандығы жеке мемлекет болып құрылған кезден бастап-ақ оның тарихы өзін-өзі сақтау үшін, тәуелсіз тіршілік ету үшін агрессиялық Қытаймен күрестерге толы болғандығын ерекшелеген. Және бұл жағдай да Жоңғарияның мықты мемлекетке айналып, шыңдала түсуіне белгілі бір дәрежеде сеп болуы ықтимал.

В.С. Кузнецов көрсеткендей, ХVIII ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығы Орталық Азиядағы өте мықты мемлекет болды. Ал Галдан Цереннің билігі тұсында Ойраттардың державасы өзінің гүлденуінің шегі кезеңін бастан кешірген: «правление хунтайджи Галдан-Церина (1727-1745) – период наивысшего рассвета Ойратской державы» (Кузнецов В.С., 1983: 17). Сол секілді М. Кутлуков: «в годы правления Галдана Бушукту (1671-1697) и особенно его приемника Цэван-Рабтана (1697-1727) джунгары достигли наивысшего расцвета», - дейді(Кутлуков М., 1987: 146). Ал А.И. Чернышевтің пікірінше, Галдан Церенмен қоса Цеван Рабтанның билігі кезі де Жоңғар мемлекетінің гүлденген шағымен сай келеді. Ол: «время их (Цеван Рабтан, Галдан Церен – Н.Қ.) правления можно с полным основанием назвать периодом расцвета Джунгарского ханства», - деп көрсеткен (Чернышев А.И., 1990: 51). Төл тарихымызға қатысты айтсақ, Цеван Рабтан билігі тұсында жоңғарлар қазақтарға өте ауыр шапқыншылықтар жасап, үлкен жеңістерге жеткен болатын.

Кеңестік кезеңнің тарих ғылымында Қазақстанның Ресейге қосылуы оң бағаланып келді. А.П. Савицкий Орта Азияның Ресейдің қоластына енуі туралы мақаласында оның айтарлықтай бөлігінің қарсылықсыз, өз еркімен Ресей бодандығын қабылдағанын жазған, олардың қатарында автор қазақ жерлерін, қырғыздарды, қарақалпақтарды және басқаларын атап көрсеткен (Савицкий А.П., 1964: 114). Б.А. Төлепбаев өзінің зерттеу мақаласында Жоңғария мен Цин империясының қаупіне нүкте қою үшін жалғыз жол – Ресей құрамына кіру болғанын Әбілхайыр мен оның жақтастары бұрынырақ түсінгендігін және осы әрекеттің салдарынан қазақ халқы физикалық жағынан жойылып кету, яғни қытай басқыншыларының әрекеттерінен жойылған Жоңғарияның кебін киюден аман қалғандығын көрсеткен (Тулепбаев Б.А., 1981: 7, 9). Б.П. Гуревич жоғарыдағы автор сөзін қолдап, қазақтардың Ресейге қосылғандықтан, қазақ халқының өмір сүруінің өзіне қауіп тудырған жоңғар шапқыншылығынан құтыла алғандығын тұжырымдайды (Гуревич Б.П., 1983: 77). Т.Ж. Шойынбаев Жоңғардың сыртқы қаупінен қазақ халқына құрып кету қатері болғанын жазды (Шоинбаев Т.Ж., 1973: 26). В.Я. Басиннің көрсетуінше, XVIII ғ. бірінші ширегінің соңына қарай қазақ билеушілерінің өзара талас-тартыстарының әсерінен Жоңғар қыспағына қарсы күш көрсете алмайтындықтары айқын болды (Басин В.Я., 1969: 144). Осы Жоңғариямен күрес Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуын тездеткенін А. Сабырханов қорытындылайды (Сабырханов А., 1970: 24). Келесі авторлар қазақ халқына қажет бейбітшілікті тек орыс мемлекеті ғана беруі мүмкін болғанын ерекшелеген: «казахскому народу нужен был мир, в его могло принести только русское государство» (История Казахской ССР, Т. 3. 1979: 71). Зерттеушілердің пайымдауларынша, Жоңғариядан келген қауіпті қазақтар тек экономикалық және мәдени дамуда жоғарырақ деңгейде тұрған мемлекетпен экономикалық байланыстарын нығайту жолымен ғана шеше алатын еді (Басин В.Я., 1969: 73). Әйткенмен жоғарыда көрсетілгендей тұжырымдардың кеңестік зерттеушілердің еңбектерінің барлығында бірдей көрсетілуін, яғни қазақтардың Ресей боданына айналуы оң шешімді іс болғандығы туралы қорытындылар сол заманның идеологиялық талаптарынан туындағаны сөзсіз түсінікті.

Н.Г. Аполлованың Қазақстан тарихының Ресейге қосылу алдындағы кезеңіне қатысты «ең аз зұлымдық» формуласын түсіндіруін келтірсек. Оның ойынша, аталған формула Қазақтанның бұл кездегі сыртқы жағдайы тым күрделі әрі қиын болғандықтан, қазақ халқы алдында толықтай Ресейге бағыну, болмаса Жоңғария теперішінде болуды таңдау тұрғандығымен түсіндіре жазған (Аполлова Н.Г., 1960: 10-11). Бұл зерттеушінің пайымдауынша, қазақ елінің Жоңғарияға емес, Ресейге қосылуының залалы азырақ болған.

«Губернатор писал, что казахи живут в «вечной ссоре» с ойратами, «казачья орда всегда готова жить с нами в мире и воевать против Джунгарии», - дей келе Ш.Б. Чимитдоржиев Сібірдегі биліктің қазақ сұлтандарымен бірлесіп, жоңғарларға қарсы тұруға талпынған әрекеттері нәтижесіз қалғанын көрсетеді. Автор оған Цеван Рабтанның Қазақстан мен Орта Азияда жүргізген белсенді әрекеттері кедергі болғанын алға тартады (Чимитдоржиев Ш.Б., 1978: 141). Сол сияқты Т. Шойынбаевтың ойынша, Ресей Жоңғар хандығының күшеюіне мүдделі болмағандықтан, онымен қарсы күресте қазақтарға көмек көрсете алған: «Россия, будучи не заинтересованной в усилении Джунгарского ханства, могла помочь казахам в борьбе против него (джунгаров – Н.Қ.)» (Шоинбаев Т.Ж., 1973: 20). Жоғарыдағы екі еңбекте де орыстардың бүйрегі жоңғарларға емес, қазақтарға бұрып тұрғаны жазылған. Дегенмен Ресей қазақ-жоңғар күресі мәселесінде толықтай қазақ жағында болып, үнемі қазақтарды қолдап отырғандығы туралы пікірлерге бірқатар зерттеушілер сынмен қараған. Осыған байланысты қазақтар империя боданына айнала бастағаннан кейін ғана орыс билігі жоңғарларға қарсы әрекеттерге талпынғандығы түсіндіріледі. Бұл жерде И.Я. Златкиннің пікірін келтірсек орынды болар. Ол қазақ-жоңғар қатынасы бойынша Ресей елінің ұстанған саясатына баға бере отырып, орыстардың ойратпен қазақ арасында жаңа шапқыншылықтардың алдын алу шараларын жасағанымен де, олардың күштерінің өзара бірігіп кетуіне қарсы тұруға ұмтылғанын, себебі Ресей билігі бұдан өз мүддесіне деген қауіпті байқағандығын жеткізген (Златкин И.Я, 1957: 91). Зерттеушінің Ресей саясатына берген бағасы орынды. Қазақ мемлекеті дербес болып тұрған шақта орыстардың қазақтарға жоңғарға қарсы күресте кірісіп тұрып көмектеспеуінің бір себебі Қазақ хандығының күшеюін қолдамауында болғандығы көрсетіледі еңбектерде. Сонымен бірге Ресейдің негізгі көздегені Жоңғарияның да, Қазақ хандығының да бір-бірінен асып түсіп, мықты мемлекетке айналуына шектеу қою болғандығын қазіргі зерттеушілер жазып жүр.

П.П. Иванов Орта Азия тарихына арнаған еңбегінде: «когда чжунгарское государство было совершенно уничтожено китайскими войсками, казахи получили возможность возвратиться на свои места, однако прежней независимостью они уже не пользовались», - деп орынды атап өтеді (Иванов П.П., 1958: 54). Жоңғар хандығы жойылғаннан соң ғана қазақтар толықтай өздерінің бұрынғы жайылым жерлеріне оралған, алайда қазақ жүздері бірте-бірте дербестігінен айрылып, орыстардың отарына айнала бастаған болатын.

Қорытынды

Кеңестік кезеңнің біз қарастырған жылдарында ерекше жағдайда ғұмыр кешкен Жоңғария мемлекетінің тарихы көптеген зертеушілердің қызығушылығын тудырған тақырыптардың бірінен саналады. Әсіресе, Жоңғар хандығының тарихына қатысты И.Я. Златкиннің монографиясының шығуы тарих ғылымындағы жоңғартану саласын алға жетелесе, нақты қарастырылып отырған тақырыпқа орай В.А. Моисеевтің өзінің докторлық диссертациясының негізінде жазған «Джунгарское ханство и казахи (XVII-XVIII вв.)» зерттеу еңбегінің маңызы жоғары болды.

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне қатысты мәселелерді тілге тиек еткен ғылыми еңбектердің саны молая түсті. Тікелей қазақ-жоңғар қатынастарының түйінді проблемаларын көтерген арнайы зерттеу мақалалары, монографиялық еңбектер жазылды. Аталған еңбектерде көп мұрағат құжаттары ғылыми айналымға енгізілді әрі ғылыми жұмыстарда оларды сыни тұрғыда талдауға көңіл бөлінді. Зерттеу тақырыбына қатысты бұрын беймәлім болып келген фактілер қосылды. Зерттеліп отырған проблема кең түрде ашыла түсті, қазақ пен жоңғар арасында орын алған шайқастарға қатысты, сол замандағы тарихи тұлғаларға байланысты зерттеушілердің жаңа ой-қорытындылары қолданылған деректер аясына сай молайғанымен, идеологиялық бағыт проблеманы кең ауқымда бағалауға мүмкіндік туғызбады.

Кеңестік кезеңде жылымық болғанымен, қоғам дамуында түбегейлі өзгерістер орын алмады. Ол жайында тарихшы Т. Омарбековтың төмендегідей қорытындылаған ойымен келісуге болады. Ол бойынша: жылымық жылдарында сталинизм принциптерін біржолата қиратып жіберуге сара жол ашылмады. Еліміз субъективизм мен волюнтаризм тұтқынында тоқырауға қарай сырғып келе жатты. Елуінші жылдардың және алпысыншы жылдардың орталарында орын алған жылымық жылу – саяси және экономикалық өзгерістер жасауға талпыну аяқталмай қалды (Омарбеков Т., 2003: 423). ХХ ғ. екінші жартысында басталған кеңестік тұстағы бетбұрысты кезең алғашқы екпінін, қоғамдық-саяси өмірге әкелген еркіндігін, ерекшелігін ұзақ ұстап тұра алмады. Жалпы, кеңестік дәуір тұтас бір кезең ретінде тарихымызда ерекшеленетіні даусыз. Кеңестік тұста өзекті емес болып саналған тақырыптар қатарында Қазақ хандығының тарихы болды деуге болады. Ол уақытта қазақ халқының даму тарихына оның Ресейдің қоластына енудегі прогрессивтік сипатын ашу ең өзекті мәселелердің бірінен саналды. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихы да өз нәтижесінде Ресейдің боданына айналуы тұрғысынан қарастырылды.

Әдебиеттер:

Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в ХVIІІ – начале ХІХ в. – М.: Изд-во АН СССР, 1960. – 456 с.

Бартольд В.В. Калмыки // Сочинения.– М.: Наука, 1964. – Т. 2, ч. 1. – С. 96-101.

Басин В.Я. Казахстан в системе внешней политики России в первой половине ХVIІІ веке // Казахстан в XV-XVIII веках: вопросы социально-политической истории. – Алматы: Наука, 1969. – С. 50-145.

Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв. (Казахстан в системе внешне политики Российской империи). – Алма-Ата: Наука, 1971. – 273 с.

Батраков В.С. К вопросу о торговых связях казахов со Средней Азией и Россией в XVIII веке // Материалы по истории Средней Азии. – Ташкент: Наука, 1966. – С. 11-24.

Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. – М.: Изд-во АН СССР, 1957. – 342 с.

Вернадский Г.В. Историческая основа русско-калмыцких отношений // Kalmyk-Oirat symposium. – Philadelphia: Society for the Promotion of Kalmyk Culture, 1966. – С. 11-50.

Гафуров Б.Г. Таджики (древнейшая, древняя и средневековая история). – М.: Наука, 1972. – 657 с.

Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII– первой половине ХIХ в. – М.: Наука, 1983. – Изд. второе.– 309 с.

  Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII– первой половине ХIХ в. – М.: Наука, 1983. – Изд. второе.– 309 с.

Джамгерчинов М.Б. Из истории взаимоотношении Киргизстана с калмаками в первой половине ХVII в. // Из истории дореволюционного Киргизстана. – Фрунзе: Илим, 1985. – С. 136-147.

Ерофеева И.В. Русско-джунгарские отношения в 40-х гг. ХVIII в. и Казахстан (посольство К. Миллера) // Из истории международных отношений в Центральной Азии: средние века и новое время. – Алма-Ата: Гылым, 1990. – С. 43-67.

Златкин И.Я. История Джунгарского ханства 1635-1758. – М.: Наука, 1964. – 482 с.

Иванов П.П. Очерки по истории Средней Азии (XVІ– середина XIX в.). – М.: Изд-во вост. литературы, 1958. – 248 с.

История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней) // В пяти томах. – Алма-Ата: Наука, 1979. – Т. 2. – 424 с.

История Казахской ССР // В двух томах. – Алма-Ата: Изд.-во АН Каз ССР, 1957. – Т. 1. – 609 с.

История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней // В пяти томах. – Алма-Ата: Наука, 1979. – Т. 3. – 543 с.

Камалов С.К., Уббиниязов Ж.У., Кощанов А.К. Из истории взаимоотношений каракалпаков с другими народами Средней Азии и Казахстана в XVII – начале ХХ вв. – Ташкент: Фан, 1988. – 108 с.

Кузнецов В.С. Амурсана. – Новосибирск: Наука, 1980. – 176 с.

Кузнецов В.С. Цинская империя на рубежах Центральной Азии (вторая половина XVIII – первая половина ХIХ в.). – Новосибирск: Наука, 1983. – 124 с.

Кутлуков М. Цинское завоевание Джунгарии и Восточного Туркестана в 1755-1759 гг. и освещение его в трудах местных кашгарских историков // Из истории Средней Азии и Восточного Туркестана ХV-ХIХ вв.: сборник: – Ташкент: Фан, 1987. – С. 59-82.

Кычанов Е.И. Повествование об ойратском Галдане Бошокту-хане. – Новосибирск: Наука, 1980. – 190 с.

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) // Бес томдық. – Алматы: Атамұра, 2010. – Т. 3. – 768 б.

Марков Г.Е. Кочевники Азии (структура хозяйства и общественной организации). – М.: Изд-во Моск. ун-та, 1976. – 320 с.

Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 322 с.

Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи (XVII-XVIII вв.). – Алма-Ата: Гылым, 1991. – 238 с.

Моисеев В.А. О военном деле и войнах Джунгарского ханства // Из истории международных отношений в Центральной Азии (средние века и новое время). – Алма-Ата: Гылым, 1990. – С. 67-82.

Муканов М.С. Этническая территория казахов в XVIII – начале ХХ веков. – Алма-Ата: Казахстан, 1991. – 64 с.

Нурмухамедов М.К., Жданко Т.А., Камалов С.К. Каракалпаки (краткий очерк истории с древнейших времен до наших дней). – Ташкент: Фан, 1971. – 120 с.

Омарбеков Т. Жылымық // Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – Б. 414-423.

Сабырханов А. Қазақстан мен Россияның XVIII ғасырлардағы қарым-қатынастары. – Алматы: Ғылым, 1970. – 137 б.

Савицкий А.П. Из истории присоединения Средней Азии к России // Материалы по истории Средней Азии и Узбекистана: научные труды. – Ташкент: Наука, 1964. – Вып. 238. – С. 114-133.

Сулейменов Р.Б. Внешнеполитические связи Казахстана ХVI-ХVIII вв. в советской историографии // Казахстан, Средняя и Центральная Азия в ХVI–ХVIII вв. – Алма-Ата: Наука, 1983. – С. 8-34.

СултановТ.И. Кочевые племена Приаралья в ХV-ХVІІ вв. (вопросы этнической и социальной истории). – М.: Наука, 1982. – 133 с.

Төлебаев Т.Ә. Қазақстандағы капитализм: өткені мен бүгіні (тарихнамалық аспект). – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 250 б.

Тулепбаев Б.А. Добровольное присоединение Казахстана к России и его историческое значение // Вопросы истории. – 1981. – № 9. – С. 3-17.

Чернышев А.И. Общественное и государственное развитие ойратов в ХVIII в. – М.: Наука, 1990. – 138 с.

Чехович О.Д. О некоторых вопросах истории Средней Азии ХVIII-ХІХ веков // Вопросы истории. – 1956. – № 3. – С. 84-95.

Чимитдоржиев Ш.Б. Взаимоотношения Монголии и России в ХVII-ХVIII вв. – М.: Наука, 1978. – 216 с.

Чимитдоржиев Ш.Б. Взаимоотношения Монголии и Средней Азии в XVII-ХVIII вв. – М.: Наука, 1979. – 88 с.

Шалекенов У.Х. Казахи низовьев Амударьи: к истории взаимоотношений народов Каракалпакии в ХVIII-ХХ вв. – Ташкент: Фан, 1966. – 334 с.

Шахматов В.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община (вопросы образования, эволюции и разложения). – Алма-Ата: Изд-во АН Каз ССР, 1964. – 205 с.

Шоинбаев Т.Ж. Прогрессивное значение приосединения Казахстана к России. – Алма-Ата: Казахстан, 1973. – 248 с.

Эрдниев У.Э. Калмыки (конец ХIХ – начало ХХ вв.) историко-этнографические очерки. – Элиста: Калмыцкое книжное изд-во, 1970. – 307 с.

References:

Apollova N.G. Ekonomıcheskıe ı polıtıcheskıe svıazı Kazahstana s Rossıeı v ХVIII – nachale ХIХ v. – M.: Izd-vo AN SSSR, 1960. – 456 s.

BartoldV.V. Kalmykı // Sochınenııa.– M.: Naýka, 1964. – T. 2, ch. 1. – S. 96-101.

Basın V.Ia. Kazahstan v sısteme vneshneı polıtıkı Rossıı v pervoı polovıne HVIII veke // Kazahstan v XV-XVIII vekah: voprosy sotsıalno-polıtıcheskoı ıstorıı. – Almaty: Naýka, 1969. – S. 50-145.

Basın V.Ia. Rossııa ı kazahskıe hanstva v XVI-XVIII vv. (Kazahstan v sısteme vneshne polıtıkı Rossııskoı ımperıı). – Alma-Ata: Naýka, 1971. – 273 s.

Batrakov V.S. K voprosý o torgovyh svıazıah kazahov so Sredneı Azıeı ı Rossıeı v XVIII veke // Materıaly po ıstorıı Sredneı Azıı. – Tashkent: Naýka, 1966. – S. 11-24.

Bekmahanov E. Prısoedınenıe Kazahstana k Rossıı. – M.: Izd-vo AN SSSR, 1957. – 342 s.

Vernadskıı G.V. Istorıcheskaıa osnova rýssko-kalmytskıh otnoshenıı // Kalmyk-Oirat symposium. – Philadelphia: Society for the Promotion of Kalmyk Culture, 1966. – S. 11-50.

Gafýrov B.G. Tadjıkı (drevneıshaıa, drevnıaıa ı srednevekovaıa ıstorııa). – M.: Naýka, 1972. – 657 s.

Gýrevıch B.P. Mejdýnarodnye otnoshenııa v Tsentralnoı Azıı v XVII – pervoı polovıne ХIХ v. – M.: Naýka, 1983. – Izd. vtoroe. – 309 s.

  Gýrevıch B.P. Mejdýnarodnye otnoshenııa v Tsentralnoı Azıı v XVII – pervoı polovıne HIH v. – M.: Naýka, 1983. – Izd. vtoroe. – 309 s.

Djamgerchınov M.B. Iz ıstorıı vzaımootnoshenıı Kırgızstana s kalmakamı v pervoı polovıne HVII v. // Iz ıstorıı dorevolıýtsıonnogo Kırgızstana. – Frýnze: Ilım, 1985. – S. 136-147.

Erofeeva I.V. Rýssko-djýngarskıe otnoshenııa v 40-h gg. ХVIII v. ı Kazahstan (posolstvo K. Mıllera) // Iz ıstorıı mejdýnarodnyh otnoshenıı v Tsentralnoı Azıı: srednıe veka ı novoe vremıa. – Alma-Ata: Gylym, 1990. – S. 43-67.

Zlatkın I.Ia. Istorııa Djýngarskogo hanstva 1635-1758. – M.: Naýka, 1964. – 482 s.

Ivanov P.P. Ocherkı po ıstorıı Sredneı Azıı (XVI – seredına XIX v.). – M.: Izd-vo vost. lıteratýry, 1958. – 248 s.

Istorııa Kazahskoı SSR (s drevneıshıh vremen do nashıh dneı) // V pıatı tomah. – Alma-Ata: Naýka, 1979. – T. 2. – 424 s.

Istorııa Kazahskoı SSR // V dvýh tomah. – Alma-Ata: Izd.-vo AN Kaz SSR, 1957. – T. 1. – 609 s.

Istorııa Kazahskoı SSR s drevneıshıh vremen do nashıh dneı // V pıatı tomah. – Alma-Ata: Naýka, 1979. – T. 3. – 543 s.

Kamalov S.K., Ýbbınııazov J.Ý., Koanov A.K. Iz ıstorıı vzaımootnoshenıı karakalpakov s drýgımı narodamı Sredneı Azıı ı Kazahstana v XVII – nachale HH vv. – Tashkent: Fan, 1988. – 108 s.

Kýznetsov V.S. Amýrsana. – Novosıbırsk: Naýka, 1980. – 176 s.

Kýznetsov V.S. Tsınskaıa ımperııa na rýbejah Tsentralnoı Azıı (vtoraıa polovına XVIII – pervaıa polovına ХIХ v.). – Novosıbırsk: Naýka, 1983. – 124 s.

Kýtlýkov M. Tsınskoe zavoevanıe Djýngarıı ı Vostochnogo Týrkestana v 1755-1759 gg. ı osveenıe ego v trýdah mestnyh kashgarskıh ıstorıkov // Iz ıstorıı Sredneı Azıı ı Vostochnogo Týrkestana ХV-ХIХ vv.: sbornık: – Tashkent: Fan, 1987. – S. 59-82.

Kychanov E.I. Povestvovanıe ob oıratskom Galdane Boshoktý-hane. – Novosıbırsk: Naýka, 1980. – 190 s.

Qazaqstan tarıhy (kóne zamannan búgіnge deıіn) // Bes tomdyq. – Almaty: Atamura, 2010. – T. 3. – 768 b.

Markov G.E. Kochevnıkı Azıı (strýktýra hozıaıstva ı obestvennoı organızatsıı). – M.: Izd-vo Mosk. ýn-ta, 1976. – 320 s.

Masanov E.A. Ocherk ıstorıı etnografıcheskogo ızýchenııa kazahskogo naroda v SSSR. – Alma-Ata: Naýka, 1966. – 322 s.

Moıseev V.A. Djýngarskoe hanstvo ı kazahı (XVII-XVIII vv.). – Alma-Ata: Gylym, 1991. – 238 s.

Moıseev V.A. O voennom dele ı voınah Djýngarskogo hanstva // Iz ıstorıı mejdýnarodnyh otnoshenıı v Tsentralnoı Azıı (srednıe veka ı novoe vremıa). – Alma-Ata: Gylym, 1990. – S. 67-82.

Mýkanov M.S. Etnıcheskaıa terrıtorııa kazahov v XVIII – nachale HH vekov. – Alma-Ata: Kazahstan, 1991. – 64 s.

Nýrmýhamedov M.K., Jdanko T.A., Kamalov S.K. Karakalpakı (kratkıı ocherk ıstorıı s drevneıshıh vremen do nashıh dneı). – Tashkent: Fan, 1971. – 120 s.

Omarbekov T. Jylymyq // Qazaqstan tarıhynyń ХХ ǵasyrdaǵy ózektі máselelerі. – Almaty: Óner, 2003. – B. 414-423.

Sabyrhanov A. Qazaqstan men Rossııanyń XVIII ǵasyrlardaǵy qarym-qatynastary. – Almaty: Ǵylym, 1970. – 137 b.

Savıtskıı A.P. Iz ıstorıı prısoedınenııa Sredneı Azıı k Rossıı // Materıaly po ıstorıı Sredneı Azıı ı Ýzbekıstana: naýchnye trýdy. – Tashkent: Naýka, 1964. – Vyp. 238. – S. 114-133.

Sýleımenov R.B. Vneshnepolıtıcheskıe svıazı Kazahstana ХVI-ХVIII vv. v sovetskoı ıstorıografıı // Kazahstan, Srednıaıa ı Tsentralnaıa Azııa v ХVI–ХVIII vv. – Alma-Ata: Naýka, 1983. – S. 8-34.

Sýltanov T.I. Kochevye plemena Prıaralıa v ХV-ХVII vv. (voprosy etnıcheskoı ı sotsıalnoı ıstorıı). – M.: Naýka, 1982. – 133 s.

Tólebaev T.Á. Qazaqstandaǵy kapıtalızm: ótkenі men búgіnі (tarıhnamalyq aspekt). – Almaty: Qazaq ýnıversıtetі, 2014. – 250 b.

Týlepbaev B.A. Dobrovolnoe prısoedınenıe Kazahstana k Rossıı ı ego ıstorıcheskoe znachenıe // Voprosy ıstorıı. – 1981. – № 9. – S. 3-17.

Chernyshev A.I. Obestvennoe ı gosýdarstvennoe razvıtıe oıratov v ХVIII v. – M.: Naýka, 1990. – 138 s.

Chehovıch O.D. O nekotoryh voprosah ıstorıı Sredneı Azıı ХVIII-ХIХ vekov // Voprosy ıstorıı. – 1956. – № 3. – S. 84-95.

Chımıtdorjıev Sh.B. Vzaımootnoshenııa Mongolıı ı Rossıı v ХVII-ХVIII vv. – M.: Naýka, 1978. – 216 s.

Chımıtdorjıev Sh.B. Vzaımootnoshenııa Mongolıı ı Sredneı Azıı v XVII-ХVIII vv. – M.: Naýka, 1979. – 88 s.

Shalekenov Ý.H. Kazahı nızovev Amýdarı: k ıstorıı vzaımootnoshenıı narodov Karakalpakıı v ХVIII-ХХ vv. – Tashkent: Fan, 1966. – 334 s.

Shahmatov V.F. Kazahskaıa pastbıno-kochevaıa obına (voprosy obrazovanııa, evolıýtsıı ı razlojenııa). – Alma-Ata: Izd-vo AN Kaz SSR, 1964. – 205 s.

Shoınbaev T.J. Progressıvnoe znachenıe prıosedınenııa Kazahstana k Rossıı. – Alma-Ata: Kazahstan, 1973. – 248 s.

Erdnıev Ý.E. Kalmykı (konets ХIХ – nachalo ХХ vv.) ıstorıko-etnografıcheskıe ocherkı. – Elısta: Kalmytskoe knıjnoe ızd-vo, 1970. – 307 s.

Н.Н. КУРМАНАЛИНА1

1PhD, старший научный сотрудник Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, г. Алматы, Казахстан

E-mail: nurgulca@mail.ru

ИЗ ИСТОРИОГРАФИИ КАЗАХСКО-ДЖУНГАРСКИХ ВОЙН

(1953-1991 гг.)

Статья посвящена историографии вопроса казахско-джунгарских отношений второй половины ХХ в. Историографию казахско-джунгарских войн с хронологической точки зрения условно можно поделить на три основные этапы: дореволюционную, советскую и современную. В советский период историческая наука развивалась своим особенным путем. Даже советскую историографию казахско-джунгарских войн можно разделить на промежутки до оттепели и после. Данная статья посвящена рассмотрению вопросов историографии казахско-джунгарской борьбы со времен оттепели по 1991 г., то есть, период Незавивимости.

Ключевые слова: казахский народ, Джунгарское государство, наступательные войны, Российская империя, советская историография, заключения исследователя.

N.N. KURMANALINA1

1 Ph.D., Senior Researcher of the Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Almaty, Kazakhstan

E-mail: nurgulca@mail.ru

FROM THE HISTORIOGRAPHY OF THE KAZAKH-DZHUNGAR WARS (1953-1991)

The article is dedicated to the pre-revolutionary Russian historiography on the issue regarding to Kazakh-Dzhungarian relations.The historiography of the Kazakh-Dzhungar wars from the chronological point of view can be divided into three main stages: pre-revolutionary, Soviet and modern. In the Soviet period, historical science  developed its own special way. Even the Soviet historiography of the Kazakh-Dzhungar wars can be divided into periods before and after the ‘Thaw’. This article deals with the issues of the Kazakh-Dzhungar conflicts historiography from 1953 to 1991, that is, to the time of the Independent Kazakhstan period.

Keywords: Kazakh people, Dzhungarian state, offensive wars, Russian empire, soviet historiography, researcher's conclusions.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 3947

No reviews

Download files

Курманалина Н. статья.doc 0.23 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ӘОЖ 930:94(574) «16/17» ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ АЛЫС ШЕТЕЛ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ӘОЖ 94(574):930 ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫНАН (1953-1991 жж.) ҒТАМР 03.20 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫ, АЛТАЙ ӨҢІРІН ОРЫС ШАРУАЛАРЫМЕН ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (мақсаты, барысы, нәтижелері) ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ 03.20 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ 303.83 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ 304.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ШОЛУ

Author's articles

ӘОЖ 94(574):930 ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫНАН (1953-1991 жж.)