Яндекс.Метрика
Home » Materials » 03.20 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

С.Б. Жанибай. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих мамандығының 2-курс магистранты

03.20 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1(17), 2019

Tags: Ақшам, Яш Түркістан, Ресей Империясы, Түркістан
Author:
Мақалада халқымыз үшін ардақты есімдердің бірі –Мұстафа Шоқай жайлы болады. Ол Түркістандық зиялылар арасында орыс демократиялық бірлікте патшалық билікке қарсы тәжірибесін ғылыми талдауға алып, аса қажет тұжырымдар жасаған бірден-бір қайраткер. Саналы өмірін жеке қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтардың бәріне бірдей қамқоршы болу жолындағы үлкен арпалыспен өткізген Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы сәттерінне дейін Қазақстан мен Түркістанның қоғамдық-саяси өмірін терең зерттеп, осы мәселелер жөнінде мол ғылыми-саяси еңбектер қалдырды. Мұстафа Шоқайдың саяси қызметінің де, халықаралық оқиғаларды зерделеуі мен ғылыми-публицистикалық ізденістерінің негізін тарихилық принциптері құрайды.
Text:

 Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев: Ғасырлар бойы азаттыққа ұмтылған елдің қай кезде көшін бастаған ұлт тұлғалары болған. Қоғамда жүріп өткен жолымызыдың ешқандай да  бұрмалаусыз, өз уақытында  халқымыздың болашағы үшін, бар ғұмырын  күресте өткізген зиялыларымыздың артында қалдырған рухани мұрасын қалың оқырманның, әсіресе жас ұрпақтың қолына жеткізу болса керек».

Мұстафа Шоқай өзінің «1917 ж. естеліктерінен үзінділер" атты еңбегінде: біз бұл тұста 1917 жылғы ревалюция ұлттық мемлекет құруымызға мүмкіндік береді де пүміттеніп, сеніп едік, бұл үмітіміз бен сеніміміз ақталмай, алданып қалдық»,- деп жазады.Ол үшін өткенді пайымдау, оқиғалар мен құбылыстардың орын алуы мен дамуының түпкі себептерін ашу, сол арқылы белгілі бір мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңу, жіберілген кемшіліктерді түзету үшін қажет. Олай болмаған жағдайда өткен-кеткенді  саралау ділмарлық пен жай мылжыңға айналды дейді Мұстафа. 1917 жыл туралы естелігінде ол қызыл сөздің құлы болудан, өзін дәріптеуден бойын аулақ ұстап, алғашқы ұлттық құрылым – Түркістан Мұхтариятының дүниеге келуіндегі объективтік қиындықтармен қатар, ұлттық күрескерлер тарапынан жіберілген қателіктерді пайымдауға  күш салады.

 Өзін-өзі басқару жолындағы маңызды қадам болып табылатын Мұхтарияттың тарихтан алатын орнын аңықтап, ол құлағаннан кейін өріс алған басмашылықты жалғыз Түркістанның ғана емес, «жалпы алғанда кеңестік билікке қарсы қозғалыс тарихында ерекше маңызы бар күллі халықтың көтерілісі» деп бағалайды.

  Мұстафа саяси күрестің бағыт-бағдарын дұрыс аңықтау үшін тарихи оқиғалардың шынайы  зерттелуіне үлкен мән береді. Осыған орай ол 1916 жылғы ұлт-көтерілісінің, Түркістан Мұхтарияты мен басмашылар қозғалысының бір-бірімен өзара тығыз байланыста, бір арнадағы, бір сипаттағы оқиғалар екендігіне назар аударады. «1916 жылғы көтерілістер «Қоқан автономиясы» және «басмашылар әрекеттерімен» қосылып, орыс тепкісіне қарсы бағытталған ұлттық қозғалыс тарихымыздың ең маңызды құбылыстарының бірінен саналады» деп жазады.

  1916 жылғы қозғалыс  1916 жылғы қозғалыс – жалпы алғанда ұлттық қозғалыс, онда таптық күрестің елесі де болған жоқ. Осыған қарамастан кеңес тарихшылары оны Түркістан шаруалары мен ұлттық  пролетариаттың орыс мұғажыр мұжығы және орыс пролетариатымен бірлесе отырып, орыс пен Түркістанның буржуазия табына қарсы жүргізген күресі ретінде түсіндіреді.

  «Орыс мұжығы мен орыс пролетариатын 1916 жылғы көтеріліс кезінде түркістандықтарға көмектескен етіп көрсету тарихи шындықты бұрмалағандық қана болып қалмастан, өтірікті ойдан шығарудың теңдессіз үлгісі де бола алады», - дейді Мұстафа Шоқай.

  1916 жылғы қозғалыстың түптамыры патшалық Ресейдің қоныс аудару саясатынан, орыс мұжықтарына жергілікті халықтың шұрайлы жерлерін тартып алып беруден, отарлық зорлық зомбылықтардан туындайды.

  Орыс мұжықтар, кеңес тарихнамасында  көрсетілгендей, отаршылдықтың саясаттың құрбаны емес, қайта оның ең басты әлеуметтік тірегі болды. Өйткені патша өкіметі мұжыққа сүйенсе, мұжық патшалық өкімет жүргізіп отырған жер саясатының игілігін көріп, өз жерінде түсіне еңбеген байлыққа кенелді.

  Осылайша М. Шоқай қоғамтанушылардан бірінші болып Ресейдегі жалпы революциялық процестің біртұтастығы туралы лениндік тұжырымдаманың негізсіздігін  көрсетті, себебі орыс пролетариатының алдына қойған өз мақсат мүдделері болды, ал ұлттық қозғалыстар олармен жанаспай , өз арнасында дамиды, өзінің мұң-мұқтажын көздейді. Сондықтан, «1916 жылғы Түркістан көтерілісі – Ресейге және жалпы орыстыққа қарсы бағытталған ұлттық бас көтеру» деп түйіндейді Мұстафа Шоқай. «Түркістан ұлттық күресінің себептері мен мақсаттары» атты еңбегі Истамбулда  шығатын «Ақшам» газетінің 1931 жылдың 19 шілдесіндегі санында жарық көрген «Агент Лоуренс Түркістан халқын орыстарға айдап салды» деген мақаласында орай жазылады. Онда Мұстафа түрік халықтарының азаттық қозғалысының түпкі себептерін қайдағы бір ағылшын тыңшысының әрекеттерінен іздеушілікті тарихи шындықты көпе-көрінеу бұрмалаушылық  екендігін, олардың күресінің кеше ғана басталмағандығын, 1916 жылғы патша жарлығына жаппай көтеріліспен жауап бергенін оқырмандар есіне салады. Түрік халықтарының бойкөтерулерінің большевиктік үстемдікке қарсы жалғасып отыруының басты себебі мен мақсаты тәуелсіздікке қол жеткізу деп нақтылайды. Бұл мәселелерді ол 1923 жылы «Orient et Occident» журналындағы «Ресей саясаты және Түркістанның ұлттық саясаты» деген еңбегінде де көтереді.

  Қантөгісті жолдармен билік басына келген большевиктер тарихты да бұрмалап көрсетуге мүдделі болады. Сондай әрекеттердің бірі П.Алексеенковтың 1931 жылы Ташкентте жарық көрген «Қоқан автономиясы» (Алексеенков, 1931, 19) атты кітабы болатын. Ондағы әуелі М.Тынышбаев , кейін М.Шоқай басқарған бұл мемлекеттік құрылымның  қозғаушы күштерін, үкімет құрамын және большевиктердің оны аяусыз жаныштауын бұрмалап көрсетуге  бағытталған айла шарғыларды талдау арқылы М.Шоқай өлкеде орыс пролетариаты диктатурасы үшін ешқандай әлеуметтік негіз  болмағанын көрсетеді. П.Алексеенков Түркістан Мұхтариятының халықтық сипатын жоққа шығаруға тырысады(Алексеенков, 1931, 19).

Әдістеме.  Мұстафа Шоқай орыс тарихшысынң алдына мақсат етіп қойған осы тұжырымды дәлелдеу үшін ғылымға жат зерттеу әдістеріне жүгініп, тарихи фактілерді  үзіп-жұлып пайдаланғандығын жазады. Оның «Бір ғылыми өтірікке қарсы» деген мақаласын өткір памфлет ретінде де, зерттеу әдістері пен принциптерін толық меңгерген ғалымның салиқалы ізденісі ретінде де қабылдауға болады. Онда таптық принципке негізделген тарихнаманың осал тұстары дөп басып атап көрсетіледі. Ол жөнінде ғалым-тарихшы М. Шоқай былай деп жазады: «Тарих жазудың екі жолы бар. Бірінші жолы: зерттеуші өмірде болып өткен оқиғаларды көңіл қойып жинастырады. Оларды хронологиялық реті бойынша заманның жағдайына , ахуалына қарай зерттейді. Мәліметтер мен ақпараттардың бұлақтарын іздейді. Жиналған мәліметтерді өзінің ғылыми зердесінен өткізеді, орнына салады және ол мәліметтерден өзін бейтарап ұстай отырып, талдау жүргізеді. Шын мәніндегі ғылыми тарих, міне, осындай тәсілмен жазылады. Екінші жолы: зерттеуші көздеген мақсаттарын күні бұрын белгілеп алады да, соған жету үшін оқиғалар құрастырады» (Шоқай. 2007,225-226 ).

Негізгі бөлім. Яш Түркістан журналы. Кеңес тарихшыларының көпшілігі, оның ішінде жоғарыда аталған П. Алексеенков та, осы соңғы топқа жатады.  Ғылыми ақиқатты бұлайша түсіндіру тәсілінің көзбояушылық пен дүмшелік екендігіне Мұстафа нақтылы мысалдар келтіреді. Дүниежүзінің біршама елдерінде белгілі бола бастаған шығыстанушы А.З. Валидидің өзі де М. Шоқайдың бұлтартпас дәлелдерге негізделген құрығынан құтыла алмайды. Қазақ қайраткері кімнің алдында болса да кібіртіктемей, бүкпесіз сөйлейді.  Мұстафа Шоқай саяст күресте де, зерттеу әдістерінде де белгілі бір моральдық принциптердің болатындығын, шындыққа апаратын жолдың өзі де шынайы болуы керектігін ескертеді.

  Мұстафа Шоқай шынайы тарихи ізденістердің сабақтарын саяси мақсатта пайдалануды қалағанымен , тарихи ізденістерді саяси мүддеге бағындыру арқылы жүргізуге үзілді-кесілді  қарсылық білдіреді. Оның қандай еңбегін алсақ та, осы зерттеу принципінен айнымайды. Ілгері жылжудың басты шарты – «қаншалықты зор, ащы болсын ақиқатын айту» екендігінен ауытқымайды. Мұны ол, тіпті, ұлт-азаттық күрес барысында шейіт болғандардың алдындағы парыз деп ұғынады.

  Мұстафа Шоқайдың «Яш Түркістан» журналын да, ағылшын, француз басылымдарында да түркістандықтардың ұлт-азаттық күресі тарихына қайта-қайта үңілуі өлке тұрғындарының сыртқы күштерге қарсы шығауының оң да, теріс те тұстарын ашып, алдағы уақытта ондай келеңсіздіктерге жол бермеу ниетінен туындайды.

  Тарихи зерттеу әдіснамасының кейбір мәселелері оның «Кеңес патриотизмінен – орыс ұлтшылдығына» деген мақаласында көтеріліп, мұнда тарихи ізденістер мен идеология арасындағы өзара қарым-қатынас туралы өзекті тақырып қозғалады.

  Мұстафа Шоқай кезінде  марксизмнің негізін қалаушылардың Ресейде «халықтардың түрмесі» деп атағандығын, ал профессор М.Н.Покровскийдің орыс тарихын осы тұрғыдан жазып шыққандығына, алайда оның бұл зерттеуі жаңа кезеңде орыс ұлтшылдығына қайшы келетіндіктен, «ленинизмге қарсы» деп жарияланғандығын еске салады. Мұнан кейін осы «жаңа теория»  бойынша Кеңес Одағы құрамындағы халықтардың  тарихы қай тұрғыдан, қандай бағыттарда жазылуы жөнінде тиісті нұсқаулар берілгендігіне тоқталады. «Сталиннің айтуынша, Ресей тарихын күштеп отарлау тарихы деп сипаттау дұрыс емес. Ресей империясының тарихы көрші елдермен оңды қарым-қатынастар, өзара кірігулер нәтижесінде «табиғи түрде» жасалған тәрізді. Бұл көзқарас бойынша, Ресей Түркістанды да, кавказды да немесе басқа бір орыс емес өлкелерді де отар етпеген көрінеді. Олардың бәрі жағырапиялық жағдайлар мен тарихи заңдылықтар жолымен Ресейге табиғи түрде қосылып кеткен сияқты»(Шоқай, 2007, 21).

  Орыс ұлтшылдығын дәріптеу барлық баспасөз беттерінде жүргізіліп, мектеп оқулықтарына енгізіледі. «Правда» газетінде: «Кеңестік республикалар арасында ұлылығы жағынан бірінші орында Ресей Федерациялық Республикасы тұрады... Тең құқылы халықтар арасында біріншілік орыс халқына, орыс жұмысшысына, орыс еңбекшілеріне тиесілі. Өйткені төңкерістің алғашқы жеңістерінен қазіргі күн сәулетті дәуірге дейінгі барлық істерде оның (яғни орыс халқының) орны ерекше» деп көрсетіледі. Осылайша кеңес дәуірінде де орыс үстемдігі идеологиялық тұрғыдан негізделеді. Басқаша сөзбен айтқанда, Кеңес өкіметінің саясаты патша өкіметі саясатының тікелей жалғасы ретінде көрінеді.

Мұстафа Шоқай ұлы тұлға.  Мұстафа Шоқай кеңес ұлт саясатының негізгі мақсаты орыс емес халықтарды ұлтсыздандыру, олардың ұлттық белгілерін жоспарлы түрде жоя отырып орыстандыру  екендігін дәлелдеп береді. Орта Азияны әкімшілік-аумақтық межелеу, қоныс аудару саясатын жүргізе отырып, өлкедегі демографиялық ахуалды өзгерту және орыстардың басымдылығын қамтамасыз ету осы мақсатты көздейді. Осы шаралардың қатарында идеологиялық мүдделерге орай тарихты бұрмалау және өкімет пен орыс ұлтын бір мағынада ұғынуды халық санасына енгізу секілді әрекет те орын алады.

  Мұстафа Шоқай еңбектерінің әдіснамалық негізін елдегі орыс ұлтшылдығының үстемдігі мен тоталитарлық жүйе арасындағы өзара байланыс жөніндегі қағида құрайды. Мұсылман республикарында орнатылған отарлық, тоталитарлық жүйе идеологиясының ұлттық күрестің жетекшілеріне жала жабу, оларды қаралап, кертартпа ағымдарға жатқызу арқылы жүргізілетіні Мұстафаның «Түркістан лениншілдеріне жауап» деген мақаласында жан жақты талданады. Онда Кеңес өкіметінің әлеуметтік, экономикалық және мәдени салалардағы дағдарысты жекелеген адамдардың іс-әрекеттерінің салдары деп түсіндіру, соңғыларын «шоқаевшыларға» жатқызуға тырысу әрекеттері әшкереленеді. Ұлт жетекшілеріне қарсы отаршылдардың күрес тәсілдерінің  бірі – оларды Англияның, Түркияның, Жапонияның немесе басқа да мемлекеттердің «тыңшысы», «сыбайласы» етіп көрсету. Оның бір мысалын кеңес баспасөзінің М.Шоқай Түркістанды ағылшын доминионына айналдыру үшін күресуде деген жалғасынан көруге болатын.

  Кеңес қайраткері Нәби Қыдыров өзінің бір еңбегінде: «Біз өз тағдырымызды кімдермен бірге және қайсы жолмен шеше аламыз: Мәскеудің басшылығымен, Мәскеудің көрсеткен жолымен бе , жоқ әлде ағылшындармен бірге ме?» деп жазады. Қазақ, не өзбек халқын тарих субъектісі деп есептемейтін мұндай адамдардың, әрине, Мұстафа Шоқайды да өз пайымдаулары шеңберінде ғана бағалауға тырысатыны белгілі. Себебі олар – Мұстафа шыққан биікке шыға алмаған жандар.

  Ұлт-азаттық қозғалысының мәне мен мақсатының өңін айналдырып көрсету әрекеттеріне Мұстафа Шоқай: «Кеңес өкіметіне, «орыс басшылығына» қарсы бағытталған біздің күресімізді Түркістанда ағылшындар үстемдігін орнату жолындағы күрес деп есептеу ардан безген адамдардың ісі болмақ»деп тойтарыс береді (Шоқай, 2007,79). Ұзақ жылдар бойы жат жұртшылықтың езгісінде болып келген халықтың бір бөлігінде болса да құлдық психология қалыптаспай қоймайды. Ондай жандардың Н. Қыдыровша ойлау парқы да бұл тұрғыдан алғанда «заңдылық» болып көрінеді. «Нәби мырзаның ойынша, Түркістан не орыстардың, не ағылшындардың қол астында болуы керек тәрізді. Кеңестердің тәрбиесінде өскен Түркістан лениншілердің кейбіріне орыс отаршылдығының ықпал еткені соншалық, олар тіпті өз атамекенінің тәуелсіз, еркін өмір сүре алатынын саналарына сыйғыза алмайтын күйге жеткен» дейді Мұстафа Шоқай.

  Жат жұртшылықтың тәртібімен өмір сүруді «жетістікке» санаушылық «тұтқын синдромы» секілді құлдық психологиядан ғана туындайды. Осыған байланысты Мұстафа Шоқай үндістандық Лайпорт Ройдың «Кез келген ұлт үшін дүниедегі ең зор бақытсыздық басқа бір ұлттың тепкісіне түсу» деген пікірін келтіреді. Сондықтан да ұлттық дербестікке құштарлығы таусылмаған, өз мәдениеті, өз тілі бар, өз атамекенінде тұрған халықтың азаттыққа ұмтылысы ешқашан да тынбайды.

  Он жерден озық деп есептелсе де, бөтен халықтың боданы болу – тұтқында болумен тең. Ал, ұзақ уақыт тұтқында болумен тең. Ал, ұзақ уақыт тұтқында болу адамның сана-сезімін өзгертіп, оны ерік-жігерін айырады, ақырында тұтқындаушысыз өмір сүре алмайтындай болып көрінеді, қанаушысын «қамқоршы» деп санауға келеді.

  Мұстафа Шоқайдың «Шовинизм», «Большевиктер «тарихты» қалай жазады?» деген еңбектерінде де тарихи зерттеулер әдіснамасына орай біршама құнды пікірлер айтылады.

  Мұстафа еуроцентристік тұжырымдамаларға қарсы шығып, барлық халықтардың тең құқылы туралы идеяны алға тартады. «Жалпы адамгершілік және философиялық тұрғыдан алғанда  жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ. Халықтың бәрі бірдей» деп жазады ол. Оның өмір бойы осы қағиданы бұлжытпастан ұстағаны жөнінде бір мысалды келтіре кеткен жөн (Шоқай, 2007, 271). Шетелде жүрген орыс кадеттерінің мұсылман әлеміне қарсы бағытталған шовинистік насихаты «Последние новости» газетінің 1923 жылдың 10 наурызындағы бас мақаласында тағы бір көрініс береді. Онда Александрия кітапханасын өртеуге Халиф Омардың «бұйрық бергені» туралы аңыз қайталанады. Осыған орай Мұстафа Шоқай «Брокгауз және Ефронның энциклопедиялық сөздігіне» сүйеніп, кітапхананы Омардың тұсында Александрияны арабтар «жаулап алғанда» емес, одан әлдеқайда бұрын фанатик-христиандардың өртеп жібергенін айтып, жауап жазады. Әрине, оның түркістандықтардың ұлттық намысын қорғап, мұсылман халықтарына жала жабушылыққа тойтарыс беруі өмірінің соңғы күндеріне дейін жалғасады.

  Мұстафа Шоқайдың тарих әдіснамасы мен тарихи зерттеу әдістерін жетік меңгергендігі С.Брайнин мен Ш. Шафироның «Алашорда тарихының очерктері» деген кітабы жөнінде айтқан ой-пікірлерін айқын көрінеді (Брайнин,Шафиро,1935, 8 ). Мұстафа бұл авторлардың да басшылыққа алған таптықтпринципі де шындыққа жетудің кепілі бола алмағанын, Алаш қозғалысының түрік  халықтары ұлттық күресінің жалаугері болғандығын жасырудың мүмкін еместігін айтады: «Кітап авторлары Алаш қозғалысын түрік халықтары ұлттық күресінің жалаугері болғандығын жасырудың мүмкін еместігін айтады. «Кітап авторлары Алаш қозғалысын большевиктік тәсілімен талдап болған соң, оқырмандарды осы қозғалыстың кейбір құжаттарымен, соның ішінде партия бағдарламасымен таныстырып кетуі пайдасыз болмас деп ойлаған. Сол себепті олар бұл құжаттарды өзгертпестен және оған түсіндірме беріп отырмастан кітапқа енгізіп жіберген.Мәскеу «Правдасының» ашу-ызасын келтірген, кітапты «Алашорда ақтаушысы» деп атауына себепші болған, міне осы жайт еді» деп жазады Мұстафа Шоқай.

  Алаш қозғалысынң тарихын бұрмалаушылыққа қарсы күресі барысында Мұстафа мұнан бір жыл бұрын «Историк-марксист» журналында жарияланған С. Брайнин мен Ш. Шафироның «Алаш қозғалысының тарихын дәріптеу мен оны қара  дүрсін түсінуге қарсы» деген мақаласымен де танысып, оны талдауға алады. Мақала 1933 жылдың  8 желтоқсанында Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми зерттеу институтында оқылған баяндаманың қысқартылған түрі секілді.

  Мақаланың негізгі катехизисі Алашорданы дәріптеу тап жауларының қарсылық көрсету формасының бірі болып табылады дегенге саяды.  Саяси мүддеге бағындырылып, Алаш қозғалысын қаралауды мақсат тұтқан мақаладағы авторлардың «Ә. Бөкейханов Торғай облысындағы қазақ еңбекшілерінің көтерілісін басты», «М.Шоқаве Шкапскиймен бірге Жетісуда қазақ және қырғыз еңбекшілері бұқарасына қарсы бүлік ұйымдастырды», «Алаш интеллегенциясы еш ойланбастан самодержавие жағына шығып, ісімен де, сөзімен де оған көтерілісті жаныштауға көмектесті», «Алаш интеллегенциясы көшпелі өмір салтын , феодалдық ескіліктің барлық варварлық институтарын қорғады»  деген секілді «опустарының» жанына сұрау белгілерін қойып, мұның барлығын «нақтылы материалдар дәлелдейді» деген жалаң сөздің астын сызып, «қайда ондай нақтылы материалдар?» деп жазады. Мұстафа Шоқай кеңес авторларының КСРО-дағы ұлттық қатынастарда ешқандай проблема жоқ деген тұжырымдарын сынға алып, ең болмағанда ұлттық республикаларда басқару аппаратын жергіліктендіру мен іс қағаздарын жергілікті тілге көшіру жөнінде әлі де  кескілескен күрестің жүріп жатқандығы  туралы жазады.

  Мұстафа Шоқай тұжырымдарының шыншылдығы оның көптеген дереккөздерін сараптап, мағлұматтарға салыстырмалы талдау жасау арқылы тарихи оқиғалар мен кұбылыстардың түпкі мәнін аңықтауға тырысуына тікелей байланысты. Мұстафа Шоқай І.Қабыловтың «қазақ ұлтшылдығы» жөніндегі мақаласының көшірмесін алып , автордың Алашордаға байланысты отыз үш тармақтан тұратын жала жабушылығына тоқталады. «Известия» газеті тілшісінің «Кулактар – отаршылардың ұясы», «Красная новь» журналынан Н. Юргиннің, С. Ростовскийдің «Патшалық Ресей және Шыңжаң ХІХ-ХХ ғасырларда» атты еңбектеріне талдау жасауы Мұстафа Шоқайдың дереккөздерін ішкі және сыртқы сынға алу принциптерін жетік меңгергендігінің айғағы бола алады. Мұстафа, әсіресе, авторлар тұжырымдарының негізделуіне үлкен мән береді.

  Мұстафа Шоқайдың ғылыми жұмысының негізгі бағыты Түркістан ұлттық қозғалысының себептерін батыс әлеміне кеңінен түсіндіру, Кеңес өкіметінің мұсылман халықтарына «азаттық әкелгендігі» туралы насихатын әшкерелеу болады. Оның 1928 жылы француз тілінде шыққан «Түркістан Кеңестер қол астында» деген кітабы да осы мақсатты көздейді. Кітап өзінің публистикалық пәрменділігі мен ұлттық санаға ықпалы тұрғысынан көптомдық іргелі еңбектің өзінен де басым түсетін еді. Себебі ол бұлтартпас дәлелдерге, ресми кұжаттарға негізделеді, сол арқылы Кеңес өкіметінің сөзі мен ісі арасындағы жер мен көктей алшақтықты әлем жұртшылығына ашып береді.

  Кітап жөнінде КСРО Орталық Атқару Комитетінің ІV сессиясында Ш.З. Элиава сөйлеп, өзбек үкіметіне Мұстафа Шоқайдың бұл еңбегіне жауап беруді ұсынады. «За партию», «Заря Востока», «Правда Востока» басылымдарында қарсы материалдар жарияланады.

  Кітабының кіріспесінде Мұстафа Шоқай : «Мен деректемелер, оның үстіне жоққа шығарылмайтын деректемелер туралы әңгімелеймін, өйткені бұлардың бәрі кеңес баспасөзінің өзінде тіркелген. Оларды тек қаға қабылдап, мойындау қалады» дейді. Кітапқа алғы сөз жазған француз қайраткері Пьер Ренодель : «Шоқаев мырза ең жақсы, ең сенімді тәсілді қолданған. Ол оқырманды өз байқаулары мен пайымдары жәрдемімен иландыруға тырыспайды. Ол мұны большевиктік құжаттардың өздерінің жәрдемімен жасайды» деп жазады.

  Кітаптың ғылыми құндылығы жөнінде Францияда, Түркияда және басқа да елдерде пікірлер білдіреді. Әзірбайжан қайраткері Әлимардан Топчибашы, кітапты оқып шыққаннан кейін , Мұстафа Шоқай келтірген салмақты да , сенімді дәлелдерінің кеңестік жұмақ жөніндегі насихаттың қисынсыздығын, халықтар теңдігі және бауырластығы дегеннің ауылы әлі алыс жатқандығын көрсететіндігі жөнінде 1928 жылдың 30 тамызында хат жазады. Ол кітапты «Түркістанның бүгінгі туралы Еуропа тілдерінде бұрын соңды болмаған еңбек»  деп бағалайды.

  Мұстафа ең алдымен «пролетариат диктатурасының» жергілікті халыққа материалдық игілік әкелмегендігін қазақ халқының жаппай ашаршылыққа ұшырауы мысалымен түсіндіреді.

  Мұнда Қазан төңкерісінен кейін іле-шала жүргізілген аштық саясаты он шақты жылдан соң мейлінше қаныпезерлік , жәдігөйлік жолдармен  қайталанады. 1917 жылдың қарсаңындағы 40 млн бас мал Кеңес Орта Азиясында 1934 жылы тоғыз жарым миллионға дейін кеміп кетеді. Қазақстандағы мал басының саны да төрт есе кемиді. «Мал бағушы түркістандық халықтың шаруашылықтағы «жетістігіне» бұдан өткен сендіргіш мысал келтіру мүмкін бе?» дейді Мұстафа Шоқай.

  Ресми мінбелер мен кеңес баспасөзінде тағы да жаппай қырғынды бастарынан кешіріп жатқан қазақтар жөнінде емес, мал басының азаюына ғана өкініш білдіреді.

Мұстафа Шоқай еңбектерінің маңыздылығы туралы айтар болсақ.  Қазақтарды құлдық және мәңгүрттік жағдайға түсіру мақсатында оларды жерінен, тілі мен дінінен айыру саясаты аса құйтырқылық әдістермен жүйелі түрде жүргізіледі. 1917-1918, 1920-1921, 1931-1933, 1941-1953 жылдардағы ашаршылық, рухани және мәдени өмірдегі халықты орыстандыруға бағытталған айла-шарғылар, саяси қуғын-сүргін салдарынан қазақ халқы өзінің ұлттық бірегейлігінен айырылады, миллиондаған қазақ шет елдерге қоныс аударып бассауғалайды. 1917 жылға дейінгі  6 млн қазақ 1939 жылы екі миллионға жетер жетпес болып қалады.

  Мұрағаттық материалдарға қарағанда , Мұстафа Шоқай Түркістан тарихына арналған шолу кітап жазуға ниеттенгенге ұқсайды және оны Мұстафа хронологиялық рет бойынша емес, өзіне әбден танымал тақырыптан бастауды жөн көреді. Париждегі жеке мұрағаттық қорында Мұстафаның 1939 жылдың 12 маусымында «Түркістанды орыстардың жаулап алуы тарихынан» деген мақала жазғандығы, ал оған дейінғһ, яғни 1931 жылдың 17 маусымында «Түскістанға енудің алғашқы әрекеттері» деген тақырыпты қарастырғаны жөнінде мағлұмат сақталған. Оларды Дж.Лаззерини «Түркістанда»  деген атпен бір бумаға  топтайды.. Материалдың қайда жарияланғаны белгісіз. Осыған қарағанда ол кітаптың құрамды бөлігі болуы тиіс.

  Мұстафа Шоқайдың 1941 жылғы «Түркістан» деген материалы да осы ниетпен жазылған секілді. Онда Мұстафа VІғасырдан бері біте қайнасып дамып келе жатқан, Тұран ойпатын мекендеген халықтардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесіне тоқталып, олардың экономикалық және мәдени тұрғыдан өте жақындығын көрсетеді, ал мұның өзі оларды біртұтас дене ретінде қарауға мүмкіндік береді; Кеңес өкіметінің оларды жеке республикаларға бөлуі түркістандықтардың ұлттық саяси бірлігіне жол бермеу әрекетінен туындайды дейді.

  Мұстафа Шоқайдың қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, башқұрт, қарақалпақ, ұйғырларды түркістандық ұлт деп танитындығы, ал оларды жеке жеке ұлыс деп санайтындығы көрінеді.

  Оның «Түркістан Кеңестер қоластында» атты француз және орыс тілдеріндегі екі кітабы Кеңес өкіметінің мұсылман халықтары  жөніндегі саясатының мән мағынасын танып білуге қажетті құралға айналып, оқымыстылардың кітапханаларынан берік орын алады. Мұстафаның жеке мұрағатында сақталған хаттар осының айқын дәлелі деуге келеді. 1930 жылдың 14 қарашасында голланд  ғалымы Л.Грот Гаагадан жолдаған хатында «Түркістан Кеңестер қол астында» деген кітабының бірнеше данасын алғандығын және оны елдің белгілі тұлғаларына үлестіргенін хабарлайды .

  Хат мәтініне қарағанда голланд ғалымы мен қазақ қайраткері біраздан бері шығармашылық байланыста екендігі көрінеді. Сол жылы 15 желтоқсанда жазған хатында голланды ғалымы Орта Азия республикаларындағы астық, мақта шаруашылықтары, Ресейдегі азамат соғысы, басмашылар қозғалысы, Түркістандағы жәдитшілдік, оның бастаулары, жақтастары, саяси рөлі жөнінде материалдар мен «Эйшатик Ревю» журналында жарық көрген мақаласын жіберуді сұрайды. Соңғы рет кездесіп, әңгімелескенде Түркістандағы жәдитшілдік қозғалысы туралы мәліметтер берермін  деген Мұстафаның уәдесін есіне салады.

  Әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашы 1933 жылдың 12 ақпанында жазған хатында «Шыңғысхан» кітабының авторы Е.Харадаваның Мұстафа Шоқайдың «Орта Азия Кеңестер қол астында» деген кітабымен танысқысы келетінің және өзінің кітабын жіберу үшін оның мекенжайын сұратқанын  хабарлайды.

  1935 жылдың 8 желтоқсанында Филадельфиядан(АҚШ) А.П.Демидов «Түркістан Кеңестер қол астында» деген кітабының шығуымен құттықтап , оның авторды жаңа даңққа бөлейтіндігіне сенім білдіреді. Өз тарапында А.Демидов кітапты Пенсильванияда тұрып жатқан ақгвардияшылардың генералы А.Федоров Уайтқа береді.

  1936 жылдың 15 қаңтарында Стэнфорд университеті жанындағы Гувер кітапханасындағы «Яш Түркістан» журналының коллекциясын толықтыруды өтінеді. Америкалық профессор келесі хатында «Гувер кітапханасы Сіздің кітабыңызға профессор кеелсі хатында «Гувер кітапханасы Сіздің кітабыңызға аса қызығушылық танытуда, бір данасын кітапханаға да жіберуге мүмкіндігіңіз болса» деп жазады.

  «1917 жыл туралы естеліктердің үзінділер» кітабын баспаға дайындаған Ә.Такенов пен М. Қойгелдиев Мұстафа Шоқайдың «Еуропа мен Америкадағы Түркістандағы ұлттық қозғалысты зертеушілердің маған сонша көңіл аударулары» ... деген сөздеріне жазған ескертуінде мынадай мағлұмат береді: «Калифорниядағы Стэнфорд университетінің Орыс төңкерісін зерттеу институты Түркістандағы төңкеріс пен Кеңес үкіметіне қарсы халық көтерілісіне қатысты деректерді жинақтап, ағылшын тілінде еңбектер шығаруға кірісті. Осы орайда Мұстафа Шоқайдан Түркістандағы көтеріліс пен Қоқан автономиясы жайында жазып беруді өтінді. Мақала 1937 жылдың алғашқы айларында әзірленіп берілді» (Шоқай, 1997, 47 ).

  Өкінішке орай, авторлар бұл мағлұмат жөнінде ешбір дереккөзге сілтеме жасамайды, дегенмен ол Мұстафа Шоқайдың Гувер институтымен шығармашшылық байланыстарының сипатына қайшы келмейді.

Қорытынды.  Жоғарыда көрсетілген деректер Мұстафа Шоқайдың әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер ғана емес, дарынды тарихшы ретінде тарихтың зерттелу деңгейін қаншалықты терең білетіндігін және талдай алатынын көрсететін еді. Қорыта айтқанда, Мұстафа Шоқайұлы өзінің еңбектерінде Кеңес өкіметінің саясатының патшалық Ресейдің отаршылдығынан айырмашылығы  жоқ екенін дәлелдеп көрсетті. Міне, осы шындық күрескердің саяси қызметінің нысаны болды. Ол Орта Азия мен Қазақстандағы отаршыл саясат туралы әділ, объективті көзқарас қалыптастыруға барын салды. Мұстафа Шоқайдың тарихи мұралары –ақиқаттың көзі тарихтың бұлтартпас дерегі екені даусыз. Болашақта Мұстафа Шоқайдың еңбектерін, артында қалдырған тарихи мұраларын тереңінен зерттеп, оны зерделеу басты мақсатымыз болмақ.

Әдебиеттер

1.  Алексеенков. П Кокандская автономия. - Ташкент, 1931, 19-54.

2.  Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық. 1- т. – Алматы: Қайнар баспасы, 2007. - 225-226-бб.

3.  Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық. 2- т. – Алматы: Қайнар баспасы, 2007. - 21-б.

4.  Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық. 1- т. – Алматы: Қайнар баспасы, 2007. - 79-б.

5.  Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық. 1- т. – Алматы: Қайнар баспасы, 2007. - 271-б.

6.  Брайнин.С., Шафиро Ш. Очери по историй Алаш Орды. - Алма-ата. 1935. - С.8

7.  Шоқай Мәрия. Шоқай  Мұстафа. Естеліктері. – Ыстамбул. 1997. - 47 б.

References

1 Alekseenkov. P Kokandskaya avtonomiya. - Tashkent, 1931, 19-54.

2.  SHoqay M. Tandamalyi shyigarmalar: ush tomdyiq. 1- t. – Almatyi: Qaynar baspasyi, 2007. - 225-226-bb.

3.  SHoqay M. Tandamalyi shyigarmalar: ush tomdyiq. 2- t. – Almatyi: Qaynar baspasyi, 2007. - 21-b.

4.  SHoqay M. Tandamalyi shyigarmalar: ush tomdyiq. 1- t. – Almatyi: Qaynar baspasyi, 2007. - 79-b.

5.  SHoqay M. Tandamalyi shyigarmalar: ush tomdyiq. 1- t. – Almatyi: Qaynar baspasyi, 2007. - 271-b.

6.  Braynin S., SHafiro SH. Ocheri po istoriy Alash Ordyi. - Alma-ata. 1935. - S.8

7.  SHoqay Mariya. SHoqay  Mustafa. Estelіkterі. – YIstambul. 1997. - 47 b.

С. Жанибай, 

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, магистрант 2 курса по специальности «История»

г. Кызылорда, Казахстан.

МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ИЗУЧЕНИЯ ИСТОРИИ ПРОИЗВЕДЕНИЙ МУСТАФЫ ШОКАЯ

Резюме

В статье рассматривается одно из самых важных имен для нашего народа – Мустафа Шокай. Он единственный, кто сделал самые необходимые выводы в научном анализе российского демократического единства туркестанских интеллектуалов. Мустафа Шокай, посвятивший свою жизнь заботе не только о казахском, но и о всех тюркских народах, изучал политическую жизнь Казахстана и Туркестана до конца своей жизни и оставил обширные научные и политические работы по этим вопросам.

Исторические принципы политической деятельности Мустафы Шокая, изучение международных событий и основа их научных и журналистских исследований – принципы истории.

Ключевые слова:Туркестан, Российская империя, Акшам, Яш, Туркестан.

S.B. Zhanibay

Korkyt Ata Kyzylorda State University, 2-course  Master's Student of“History” specialty

Kyzylorda, Kazakhstan.

METHODOLOGICAL APPROACHES TO THE STUDY OF HISTORY IN THE WRITINGS OF MUSTAFA SHOKAY

Summary

The article considers one of the most important names for our people - Mustafa Shokay. He is the only one who made the most necessary conclusions in the scientific analysis of the anti-terrifc Russian democratic unity of the Turkestan intellectuals. Mustafa Shokay, who devoted his life to caring not only for the Kazakh, but also for all Turkic peoples, studied the political life of Kazakhstan and Turkestan until the last moments of his life and left extensive academic and political writings on these issues.

The historical principles of the political activities of Mustafa Shokay, the study of international events and the basis of hisacademic and journalistic research are the principles of history.

Keywords: Turkestan, Russian Empire, Aksham, YashTurkestan.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 5100

No reviews

Download files

Жанибай Сымбат 1 макала .docx 0.03 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ САЯСИ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ҚАЗАҚТАР МЕН ҚЫРҒЫЗДАРҒА ЫҚПАЛЫ ӘОЖ (87013761225) УДК 94(547).02/.08 1727-1732 жылдар аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстары ӘОЖ 94(574):930 ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫНАН (1953-1991 жж.) ҒТАМР 03.20 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫ, АЛТАЙ ӨҢІРІН ОРЫС ШАРУАЛАРЫМЕН ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (мақсаты, барысы, нәтижелері) ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ 03.20 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ 303.83 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ

Author's articles

03.20 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ