Яндекс.Метрика
Home » Materials » 303.83 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ

Қ. Шарапова. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих мамандығының 2-курс магистранты

303.83 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(18), 2019

Tags: Перовск, Түркістан, Ресей империясы, Сырдария
Author:
Мақаланың негізгі қозғалатын тақырыбына көшпес бұрын, біз жазғалы отырған тұлғаның Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы күресінде алар рөлі қандай соған тоқтала кетсек. Еліміз тәуелсіздік алғанына қанша жылдар өтсе де, әлі де болса осы тәуелсіздік жолында күрескен тұлғаларымыз туралы толыққанды зерттеулер енді қарқын алып келе жатыр. Әлі де болса зерттеуді қажет ететін тұлғаларымыздың ішінде Мұстафа Шоқайда бар. Қазақ зиялылары ақын-жыраулары, ойы озық, ақылы кең даналары осы саяси қиын-қыстау жағдайынан шығу жолын іздестіріп бірі оны таппай қиналса, енді бірі күреске, бостандыққа шақырды. Сол күрескерлердің ішінен ерекше атын атап өтуге болатын тұлға Мұстафа Шоқай. Бұл тұлғаны зерттеу бағытында жүргізілген ғылыми жұмыстар көп болса да, тұлға туралы екі жақты пікір көп. Қазіргі таңда М.Шоқайдың философиялық ойларын, құқық саласындағы еңбектері туралы зерттеп жүрген ғалымдар бар. Енді аты аталып отырған тұлғаның еліміздің тәуелсіздігі үшін жалғыз қазақ халқы емес, күллі түркі әлемінің бостандығы үшін күрес жолында жасаған еңбектеріне тоқтала кетейік.
Text:

Кіріспе. Мұстафаның тегі–Қыпшақ-Торы (Торайғыр) батыр-Шашты (Кенжеғұл) - Бошай-Жанай аталығы. Марқұм жазушы С.Ибрашұлы: «....Мұстафаның руы қыпшақ. Сыр өңірін мекендеген қыпшақтар беске бөлінеді. Олар - Бұлтын, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық. Оның ішінде Торыдан Шашты, Шаштыдан Бошай, Бошайдан Арыс, Арыстан Қалдау, Қалдаудан Кілт, Кілттен Жанай, Жанайдан Темір, Темірден Қуатбай, Қуатбайдан Торғай, Торғайдан Шоқай, Шоқайдан Мұстафа дүниеге келеді.

Мұстафа Шоқайдың  атасы Торғай Қуатбайұлы (1782–1851) – би, Сырдария өзені бойындағы қыпшақ тайпасының бошай руын билеген.  Қоқан хандығының билігі тұсында Сыр өңіріндегі қазақтар арасында беделді қайраткер болғаны жайлы жергілікті ақындардың өлеңдерінде мәліметтер көп (Ахметбек, 2016:64-70). Торғай  Сыр қазақтары Ресей патшалығының қол астына кірмей тұрғанда  Хиуа ханының датқасы (уалаят басшысы) болған. М.Шоқайға қатысты зерттеулер жүргізіліп, көптеген ғылыми еңбектер, мақалалар жарық көрді. Олар: К.Есмағамбетовтің қолдауымен жарық көрген 12 томдық «Мұстафа Шоқай шығармаларының толық жинағы», 3 томдық М.Шоқай «Таңдамалы шығармалар»,Әбдіуақап Қараның «Мұстафа Шоқай», «Түркістан легионының ақиқаты - свастика мен қызыл жұлдыз арасындағы жанталас» т.б. Бұл аталған ғылыми еңбектерден бөлек тұлғаға қатысты шетелдік ғалымдардың да еңбектері жарық көрген.

Аса көрнекті саясаткер Мұстафаның ұстанған жолы – халыққа тәуелсіздікті қантөгіс арқылы емес, керісінше, дүние жүзіндегі демократиялық күштерді араластыру арқылы бейбіт жолмен алу болды. Ол үшін халықтың ұлттық сана – сезімін ояту қажет еді. Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайтынын жете түсінген Мұстафа Кеңес үкіметінің қол астындағы мұсылмандар қауымының да жеке-дара күресі арқылы тәуелсіздік алмайтынын анық болжай білді. Ұлы күрескер бүкіл түркі тектес иесі мұсылман қауымын түгел көтеруді мұрат тұтты. Оның өмір жолы ортақ Отан – Түркістан үшін от кешкен айтулы азаматтың жолы болып табылады.

М. Шоқай өмірінің соңғы күніне дейін кеңестік идеологияға қарсы қоғамдық-саяси күрес жүргізумен болды. Оның осы күрес жолына түсуіңе әсер еткен факторларға тоқталсақ. М. Шоқай білім алып жүрген шағында «Жерлестік» Мәскеудегі және империяның басқа қалаларындағы да  студенттік  ұйымдармен  байланыс  жасап  тұрады.  Бұл  жағдай М. Шоқайға көп кешікпей елдің саяси сахнасына шыққалы тұрған сан  алуан  ұлттардың  қайраткерлерімен  студенттік  жылдары-ақ танысып-білісуін  қамтамасыз  етеді.  Елдің  түкпір-түкпіріндегі оқиғалар, саяси партиялар мен ағымдар жайлы мағлұматтар алуына, ой өрісінің кеңеюіне әкеледі.М. Шоқай «Ресейдегі түрік шәкірттерінің өмірінен» деген мақаласында орыс мектептері мен студенттері прогресшіл еді, оқушылары жастайынан  саясатқа  араласатын,  мен  1910–1914  жылдары Петербургте  оқып  жүргенімде  университет  полиция  бақылауында болатын деп еске алады. «Түркістан студенттері жерлестігінің» мандаты  М.Шоқайдың  осы  полицейлік  бақылаудан  сытылып шығуына,  түрлі  саяси  ағымдар  мен  үйірмелердің  жиындарына қатысуына жол ашады.

  Саяси  жұмыстағы  алғашқы  қадамдарында  Мұстафа  әлеуметтік мәселелерге бүйрегі бұруынан уақытша жұмысшылар қозғалысының ықпалына түскенге ұқсайды. 1912 жылы «Түркістан жерлестігіне» көмек  сұрауына  байланысты  толтырған  анкетаның  сұрағына Мұстафа «Ташкент теміржолының Сұлутөбе бекетіндегі «Түркістан қоғамының  мүшесімін»  деп  жауап  береді.  Мұстафа  кейін Перовск депосының теміржолшыларымен кездесіп, оларды өз жағына тартуға тырысады. Алайда оның социал-демократтар мен эсерлердің ықпалындағы  жұмысшылар  қозғалысымен  қарым-қатынасы  мардымды өрбіді деуге негіз жоқ. Олардың әлеуметтік мәселені жалпы ұлттық мүддеден жоғары қоюы Мұстафа көзқарасына қайшы келеді.

  Әдістеме. М. Шоқайдың саяси ұстанымының, көзқарасының түп қазығы, негізі - тәуелсіздік. Оның түсінігінде Түркістан деген сөз «Түркі елі» дегенді білдіреді. Әлемде шашырап, ұсақ-ұсақ мемлекеттерге айналып кеткен түркі тілді халықтарды бір мемлекет етуді арман еткен, сол үшін бар өмірін сарп еткен, осы идея үшін өмірін қиған. Демек, қазіргі тәуелсіздігіміздің бастауы М.Шоқай идеясында жатыр. Ол тек Орта Азиядағы алты республиканы ғана емес, Шығыс Түркістан, Цзинь-Цзянь, Әзірбайжан, Татарстан, Башқұрстан, Қырым татары, Терістік Кавказ-территорияларын қамтитын үлкен Түркістан империясын құруды жобалады.

  М.  Шоқай  ұлттық  мәселені  қоғам  дамуында  басым фактор  деп  тани  бастайды. Оның әуелі Ә. Бөкейхановпен  бірге кадеттерге, кейін өзі эсерлерге қарай ойысуы оларды патша өкіметіне оппозиялық күш деп танудан ғана туындаған секілді.Жалпы  алғанда  осы  кезеңнен  бастап  М.  Шоқайдың  қоғамдық өмірге, өз халқының  тағдыр-талайына  көзқарасы  тұтастық  сипат алып, патша өкіметінің жергілікті тұрғындарды өз атамекендерінен ығыстырып, олардың орындарына славян қоныстанушыларын әкеліп орналастыру, ислам дінін қуғындау және білім саласындағы саясатына қарсы бағытта дамиды (Шоқай,  2014: 42-43).

  М. Шоқай атымен тығыз байланысты тұтас Түркістан идеясы 1917 жылғы төңкерістер тұсында жүзеге аса бастады.

  1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. Туған жері үшін қойған мақсаттарына жету үшін М. Шоқай бүкіл әлемді айналып өтеді. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады (Шоқай, 2007: 10-20).

1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабадқа келеді. Сол жылы Баку мен Тбилисиде сәл аялдап, Ыстамбұлға аттанады. Кеңестік Ресей үкіметі М. Шоқайдың бар еңбегін жоққа шығаруға тырысты, оны сырттай халық жауы деп айыптап туған жерінен, халқынан бездірді. М.Шоқайдың тәуелсіздік идеясы отандастарына, ісіне, кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілігін еш өзгерте алған жоқ. М.Шоқай Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Басқа елде эмиграцияда жүрсе де «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, Кеңестік Ресейдің озбыр саясаты туралы зерттеулер, мақалалар жазып, сынап отырды.

М. Шоқайдың күрес жолы. М. Шоқай өз мақалаларында Патшалық отарлау саясаты дәл Түркістандағыдай  басқа еш жерде қатыгез болмағандығын жазған. Сол себепті шетелде жүрген М. Шоқай газет-журналдар шығарып, мақала жазу арқылы қазақ жеріндегі өзекті мәселелерді әлем қауымдастығына мойындатуды қалады, көрші мемлекеттерден қолдау іздеді (Тұрсынов, 2008:35).

М.Шоқай жалғыз қазақтың ғана емес, күллі түркі халқының бірлестігі үшін еңбек етті. Ол өзінің мақаласында: «Түркістанның ұлт-азаттық туын көтерген адам үшін арғын, қыпшақты былай қойып, тіпті өзбек, қазақ, түрікмен болып бөлінудің өзі Түркістан түріктерін бөлшектеп, өлімге бастайтын жол екенін жақсы білетін едім»,-дейді. Ол өзінің «Революцияның жиырма жылдығы (1917-1937 жж)» атты мақаласында орыс төңкерісінің 20 жылдығы туралы сөз қозғайды. Қазан айының 15-16  күндері  Ресейде болған төңкерісті бүкіл жұртшылық ел қуана қарсы алғанын, Ресейде патшаны тақтан тайдырған соң, көне режимнен құтылған халықтың қуанышы ұзаққа созылмай басқа төңкерістің болатынын ескермегендігіміз туралы айтады. Осы сәтте «халықтар түрмесінің» есігі ашылған сәтте Латвия, Балтық елдері тиімді пайдаланып, тәуелсіздікке қол жеткізіп алды. Ал, біз сол мүмкіндікті пайдалана алмадық, себебі біз қарапайым халықтар оған дайын еместігіміз белгілі болды. Біз ол кезде ішкі күрестерімізден айыға алмай, халықтың ойы шашырыңқы күйде болды (Шоқай, 2007: 35).Біздің түсінгеніміз бойынша М.Шоқай бостандық үшін күресте алдыменен халықтың бірлігі, арман-мақсаттарының ортақтығы маңызды екендігін көрсетіп отыр.

Мұстафа Шоқай барлық түрік халқының азаттығы мен тәуелсіздігі күресініңидеологыболды. Оның түркі халықтарының бірлігі туралы идеясы қазіргі уақытта да өзекті болып табылады.

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы мұсылмандық қозғалыс және мемлекеттілік мәселесі. «Советская власть и киргизы» атты мақаласында қырғыз халықтарының ресейлік революцияның кезінде қандай қиянат көргенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін еместігін және қырғыз халықтарының күткен еркін өмірдің орнына халық аштан көз жұмған жүз мыңдаған бейіттердің ортасында қалғандығын көрсетеді. Тату бауырластықтың орнына халық большевиктердің жүргізген саясатының нәтижесінде халықтар арасындағы қарама-қайшылықта қалды. Интеллигенция өкілдері орысша білім алғанымен, дер кезінде қарапайым халыққа жасалып жатырған әділетсіздікті көріп, халық жағына шыға білді. Әрине большевиктер жағында болғандары да кездесті, олар қара халық пен большевиктер арасында аудармашылық жұмыс атқарып жүргенде, жасалып жатырған саясаттыңқарапайым халықтың мұң-мұқтажын ойламайтығын түсінгенді (Шоқай, 2014: 154-167; Шоқай, 2007: 350 ).

«Орыс тепкісіндегі Түркістанның Ұлттық қозғалыстарынан. Жеңілмес ұлтшылдық» атты еңбегінде бізге өтірік жаны ашыған сынай танытқан большевиктердің көптеген былықтарын әшкерелеп жазады. Халыққа жалған ақпарат таратып, жаңа билікті өзіміз сияқты қандас, замандас халықтарды отаршылдықтан құтқардық деп жарияға жар салғанменен бұның бәрі жалған екенін түсінген халықтың ойын өзгерте алмандығын көрсетеді. Халық билік жүргізушілердің құлдығынан құтылу үшін жүргізген күрестерін жеңіліс тапсада жүргізе беретіндігін, қажет болса көптеген құрбандар беруге дайын екендігі туралы айтады.

ХХ ғасырдың басында күрделі тарихи оқиғаларға белсене қатысқан М. Шоқай сияқты тұлғаның қайраткерлігіне және еңбегіне әділетті баға беру ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, бүкіл түркі халықтарының тарихы үшін қажет (Есмағамбетов, 2009). Сондықтан, М. Шоқайдың қасіретті де, қасиетті де қиын тағдыры әділ баға беруді талап етеді. М. Шоқай жас кезінде таңдап алған туған халқының тәуелсіздігі үшін күресі бір сәт толастамады. Өйткені оның бүкіл ұстанымының мәні мен мағынасы, арманы мен мұраты өз ұлтының, саяси егемендігі, рухани бостандығы болды.

Мұстафа Шоқай - өз халқына деген шексіз сүйіспеншілігі мен айрықша адалдығын өз өмірінде, күрес үстінде сан рет дәлелдеген аяулы тұлға. Ол тар шеңбердегі ұлтжандылыққа еш уақытта бой алдырмаған, «руға, ұлыстарға,бөліп», халықтың ішіне іріткі салатын психологиядан өзін әркез алшақ ұстаған. Ел ішіндегі бірлігіміз бен ынтымағымызды арттыра түсу бүгінгі Қазақстан жағдайында да айрықша мәнді болып отыр. М. Шоқайдың мол мұрасын әлі де жинақтап, жүйелі зерттей отырып, оны ұлт игілігіне айналдыру, жаңа қоғам құрып жатқан белсенді іс-әрекетімізде ұтымды пайдалану білу – біздің парызымыз әрі қарызымыз. Өйткені Мұстафа Шоқайдың есімі қоғамымыз демократиялық ұстанымда ілгері жылжыған сайын шамшырақтай жарқырап, халқына қызмет етіп, оның жер бетінде қазақ барда мәңгі өлмейтін саяси идеялары мен ой-пікірлері бүгінімізді байытып, келешегімізді кемелдендіре түсері сөзсіз.

Қорытынды. Бүкіл түркі әлемінің ұлы перзенті М. Шоқайдың еліміздің бүгінгі болашағына сіңірген теңдесіз жан қиярлық еңбегі, жалынды публицист, дарынды тарихшы, заңгер-ғалым, халықаралық саяси күрескер ретінде қаламынан туған асыл мұралары әлі де арнайы зерттеле түсетініне, олар жөнінде әлі талай еңбектер жазылатынына сенім мол. Тарих қойнауына кеткен әлі талай сырлар ашылар.

Әдебиеттер:

1. Ахметбек Б.М. Сыр  бойының  билер  әулеті:  Торғай  датқа  -  Шоқай  би (Шоқмухамет) Мұстафа Шоқай // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «І-ші Мұстафа Шоқай оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағы. - Қызылорда, 2016. - 64-70-бб.

2. Мұстафа Шоқай.  Шығармаларының толық жинағы. 12 томдық. - Алматы: «Дайк Пресс», 2014. - 1 т.  - 42-43-бб.

3. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық.  – Алматы: Қайнар баспасы, 2007. - 1- т. – 352 б.

4. Тұрсынов Е. Мұстафа Шоқай. Кинороман. — Алматы, 2008.

5. Мұстафа Шоқай  шығармаларының толық жинағы. 12 томдық. - Алматы: «Дайк Пресс», 2014. - 9 т. - 379-384-бб.

6. Мұстафа Шоқай  шығармаларының толық жинағы. 12 томдық. - 2 т. - Алматы: «Дайк Пресс», 2014. - 154-167-бб.

7. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық. – Алматы: Қайнар баспасы, 2007. - 1- т. – 352 б.

8. Есмағамбетов К.Л. Әлем таныған тұлға. - Алматы: «Дайк-Пресс», 2009.

References

1. Ahmetbek B.M. Syir  boyyinyin  biler  auletі:  Torgay  datqa  -  SHoqay  bi (SHoqmuhamet) Mustafa SHoqay // Qazaqstan Respublikasyi tauelsіzdіgіnіn 25 jyildyigyina arnalgan «І-shі Mustafa SHoqay oqularyi» attyi gyilyimi-tajіribelіk konferentsiyanyin jinagyi. - Қyizyilorda, 2016. - 64-70-bb.

2. Mustafa SHoqay.  SHyigarmalaryinyin tolyiq jinagyi. 12 tomdyiq. - Almatyi: «Dayk Press», 2014. - 1 t.  - 42-43-bb.

3. SHoqay M. Tandamalyi shyigarmalar: Үsh tomdyiq.  – Almatyi: Qaynar baspasyi, 2007. - 1- t. – 352 b.

4. Tursyinov E. Mustafa SHoqay. Kinoroman. — Almatyi, 2008.

5. Mustafa SHoqay  shyigarmalaryinyin tolyiq jinagyi. 12 tomdyiq. - Almatyi: «Dayk Press», 2014. - 9 t. - 379-384-bb.

6. Mustafa SHoqay  shyigarmalaryinyin tolyiq jinagyi. 12 tomdyiq. - 2 t. - Almatyi: «Dayk Press», 2014. - 154-167-bb.

7. SHoqay M. Tandamalyi shyiqarmalar: Үsh tomdyiq. – Almatyi: Qaynar baspasyi, 2007. - 1- t. – 352 b.

8. Esmagambetov K.L. Alem tanyigan tulga. - Almatyi: «Dayk-Press», 2009.

Шарапова Кызгалдак1

1Кызылординской государственной университет имени Коркыт Ата магистрант 2 курса по специалности истории. Казахстан, г. Кызылорда.

ИДЕЯ НЕЗАВИСИМОСТИ В ТРУДАХ МУСТАФЫ ШОКАЯ

Абстракт. Перед тем как перейти на основную затрагиваемую тему статьи, в чем заключается роль человека, который мы планируем написать, в борьбе за независимость Казахстана. Как бы то ни было, все годы независимости нашей страны, все еще более динамичны исследования о наших личностях, которые боролись за эту независимость. Среди тех, кто еще нуждается в исследовании, занимает  особенное место имя-Мустафа Шокая. Несмотря на большое количество научных работ, проведенных в направлении изучения этой личности, существует много двусторонних отзывов о личности. В настоящее время есть ученые, которые изучают философские мысли Чокая, труды в области права. Имя лица единственного казахского народа за независимость страны, и теперь новый, но и всего тюркского мира, о его труде, совершенные в строке расскажем о борьбе за свободу.

Ключевые слова: Сырдария, Перовск,Түркистан, Российская империя.

Sharapova Kyzgaldak1

1Kyzylorda State University named after Korkyt Ata, 2-course  master's in history. Kazakhstan, Kyzylorda

THE IDEA OF INDEPENDENCE IN THE WRITINGS OF MUSTAFA SHOKAY

Abstract. Before turning to the main topic of the article, what is the role of the person we are planning to write in the struggle for the independence of Kazakhstan. Be that as it may, all the years of independence of our country are still more dynamic research about our personalities who fought for this independence. Among those who still need to study, occupies a special place name Mustafa Chokay. Despite the large number of scientific works carried out in the direction of studying this person, there are many bilateral comments about the person. Currently, there are scholars who study Chokkaya's philosophical thoughts, works in the field of law. The name of the person of the only Kazakh people for the independence of the country, and now a new one, but also of the entire Turkic world, about his work, will be told in a row about the struggle for freedom.

 Key words: Syrdariya, Perovsk, Turkistan, Russian Empire.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 4753

No reviews

Download files

Казак тарихы Шарапова (1).docx 0.03 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс тұтқындары Жетісуда ӘОЖ 94(574):930 ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫНАН (1953-1991 жж.) ҒТАМР 03.20 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫ, АЛТАЙ ӨҢІРІН ОРЫС ШАРУАЛАРЫМЕН ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (мақсаты, барысы, нәтижелері) ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ 03.20 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ 303.83 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҮДЕРІСТЕР

Author's articles

303.83 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ