Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ 316.344.55:39(574) Қазақтардың дәстүрлі құқығы туралы революцияға дейінгі жазылған еңбектер

Жайлыбаев Дәулет Жақсымұратұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Этнология бөлімінің ғылыми қызметкері

ӘОЖ 316.344.55:39(574) Қазақтардың дәстүрлі құқығы туралы революцияға дейінгі жазылған еңбектер

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 4(08)

Tags: ру, Кілт, сөздер:, дәстүрлі, құқық, би, сот, әдет-ғұрып, мұра, қазақ, заң, зерттеу.
Author:
Мақалада революцияға дейінгі жазылған еңбектердегі қазақтың дәстүрлі құқығы мәселелері қарастырылған. XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс зерттеушілерінің жазып қалдырған еңбектері дәстүрлі қазақ құқығының негізгі дереккөздерінің бірі болып табылады. Осы зерттеулердегі дәстүрлі құқықтың қоғамдық-әлеуметтік орны қазақ елінің дәстүрлі мәдениетімен біте қайнасып жатты. Ол тек жекелеген мәселелерді ғана емес тұтастай қазақтың этномәдениетін және рухани келбетін сипаттап келді. Революцияға дейінгі қазақтың дәстүрлі құқығына қатысты зерттеулер мен деректерді этнографиялық тұрғыда салыстырып қарау қазақ этнографиясының аннотацияланған библиографиялық көрсеткішін құрастырудың бір бөлігі ретінде қарастырса болады. Кілт сөздер: дәстүрлі құқық, би, сот, әдет-ғұрып, мұра, ру, қазақ, заң, зерттеу.
Text:

XVIII–XIX ғғ. қазақ даласына келген орыстың әскерилері, зерттеуші шенеуніктері еліміздің барлық қыр-сырын қамтып зертеуге тырысты. Соның ішінде табиғат, географиялық орналасулар, топонимика және елдің дәстүрлі мәдениеті мен әдет-ғұрпына ерекше мән берді. Бұл олардың отарлық саясатын жеделдетуге және оны қолайлы етуге мол мүмкіншілік туғызды. Осындай бағыттағы орыс зерттеушілері үшін қазақтың дәстүрлі құқықтарын түсіну және оны зерттеу ауадай қажет болды десек қателеспейміз. Бұл олардың жергілікті қоғамды түсініп, келесі саяси стратегияларын жүзеге асырудың жеңіл жолы болды.

Қазақ даласын алғашқылардың бірі болып, И.П Фальк, И.Г. Георги, П.-С. Паллас, Н. П. Рычков, Я.П. Гавердовский, А.И. Левшин және т.б. көптеген зерттеушілер келіп зерттеді. Оларың еңбектері жалпылама қазақ даласының табиғи жағдайын, климатына және даладағы саяси мәселелер, әкімшілік территориялық бөліністер және ұлт-азаттық көтерілістерді де қамтыды. Сонымен қатар, қазақ этнографиясына ерекше назар аударды. Бұл еңбектердің қатарынан қазақтың дәстүрлі құқық мәселесіне де қатысты пікірлер мен зерттеулерді табуға болады. Жалпы XIX ғасырда орыс зерттеушілері үшін қазақ даласы негізгі зерттеу обьектісі болды.

Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесін зерттеу барысында алдымен билер институтына аса назар аударған жөн. Билер институты қазақ даласында негізгі құқықтық негіздерді біріктіруші рөл атқарды. Билердің шығарған үкімдері мен шешімдері XIX ғасырдың ортасында ерекше назарға ілінді. Себебі, қазақ даласын отарлай бастаған Ресей империясының әкімшілік реформалары тұсында билердің қызметі күшейді.

Қазақ даласындағы билер жөнінде алғашқылардың бірі болып П.И. Рычков былай деген еді «Ордалардағы билік барынша демократиялық негіздерге сүйенеді, кім қарт және бай болса соны сыйлайды» сондай ақ, И.П. Рычков қазақ қоғамында биліктің үш сатысын атап көрсетеді: біріншісі, қожалар; екіншісі, билер; үшіншісі, сұлтандар дейді [1]. Бұндағы мәселе билердің рөлінің өзі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың ерекше бағаланытының көрсетеді және даладағы демократияның негізін билер қамтамасыз етіп тұрғандығын білдіреді. XIX ғасырдың басы қазақ даласына зерттеушілер мен әскери шенеуніктердің ең көп келгендігімен ерекшеленеді. Соның ішінде Я.П. Гавердовскийдің мәліметтерін атап айтсақ, халықтық судьяны қазақтардың би деп атайтыны, олар бай және сөзге шешен болып келіп. Билердің шешімдері басқалардан басымдыққа ие екендігін көрсетеді  [2].  Сондай-ақ Я.П. Гавердовский дәстүрлі құқықты зерттеу барысында дала заңдарының әдеттік нормаларына да аса мән берген. Ал А.И. Левшиннің зерттеулерінде дәстүрлі құқықты барынша сипаттап өтеді ол Тәуке ханның «Жеті жарғысын» негізге ала отырып құн мәселесін жіктеп береді. Мысалға, ұрлықпен ұсталған адам ұрланған дүниені жиырма жеті есе қайтарады, және оның жазасын айып деп атайтындығын көрсеткен. Ал қылмысты әшкерелеу үшін екі немесе үш куәгердің болу қажеттігін атап өтті [2]. Ресей империясынан тек қана зерттеушілер емес сонымен қатар әскери тапсырмаларда көп болды. Олардың көпшілігі шекара аймақтарда белең алып, жергілікті қазақтардың әдет-ғүрпы мен салт дәстүріне назар аударды. Сондай-ақ рулардың басқа да рулармен ара қатынасы және ерекшелігін анықтауға тырысты. Әр рудың билерін де ерекше назарға ұстады және олардың өзара абыройы мен атағының жоғарылығына аса мән беріп арнайы баяндамалар жасап отырды. Қазақтың дәстүрлі құқықтарын зерттей келе д, Андренің жазбаларында би сайлауда оның қабілетіне, шешендігіне және дәстүрлі құқық ережелерін білуіне қарай сайланатындығын айтады. Ал, көшпенділердің дәстүрлі құқық жүйесін В.В. Григорьев қазақтардың сот жүйесі басқа да дамыған елдердің өзі қызығушылықпен қарайтындығын айтады [3].

А.И. Крахалевтің зерттеуінше қазақтың дәстүрлі құқығы көне заманғы формаға жатады және астарда көптеген ел ішіндегі даулы мәселелер шешілетіндігін айтқан. Сонымен қатар, елдің барлығы қандай да бір күрделі даулар мәселелерін шешу үшін жүгінетіндігін анық көрсеткен [4]. Осы мәселені А. Леонтьевте біраз қарастырады, ол өзінің «Обычное право киргиз: Судоустроиство и судопроизводство» атты мақаласында қазақтарда сот құқығы ежелден билер, сұлтандар мен хандарда болғандығын ескертеді. Оның айтуынша билер рудың ішінен шығып биліктің барлық қыр-сырын жеткілікті меңгерген адам болып табылады [5]. Жалпы, көшпелілердегі билердің функциясы ежелден белсенді болғандығын көруге болады яғни, рудың билігін ұстаған билер негізгі билеуші болып табылды. Ал кейін әскери қақтығыстар мен саяси ықпадастықтар хандар мен сұлтандардың қызметін алдыға шығарды. Билер тек қана сот мәселесі емес сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерді де назарда ұстаған. В.В. Радлов өз еңбектерінде билерге және дәстүрлі құқыққа байланысты әр түрлі пікірлерді айта келіп, билердің ішінде ел сыйлайтын, ақылды және елдің барлығы бағынатын билерді де тыс қалдырмаған [6].

1860 жылдардың ортасында далалық қазақтардың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қатынастарын зерттеуге арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссияның негізгі мақсаты қазақ жерлерін ресейлік әкімшілік-территориялық және құқықтық басқаруға жалпыластыру болды. Осы комиссия аясында  дәстүрлі құқық пен билер институтын зерттеуде Торғай облысы әскери губернаторы А.К. Гейнсте көп еңбек етті. Алайда оның зерттеулері де кейбір даланың дәстүрлі құқығына өзінің қарама-қайшылық пікірлерін қалдырды. Ол қазақ билері атадан балаға қалдырылатын мұра ретінде көрсетіліп, сондай-ақ, қазақ қоғамындағы билерді биліктің бір формасы ретінде қарап, қолындағы билігі барлардың көпшілігі би бола алады деп атап өтеді [7].

XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамында сақталып келе жатқан дәстүрлі құқық жүйелерін 1871 жылы Л. Баллюзектың Орыс географиялық қоғамының  Орынбор бөлімі жазбаларының 2-басылымында жарық көрген «Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой киргизской орде силу закона» атты мақаласында қазақтың сот жүргізу тәртібі, жаза қолдану, неке мәселесін шешу, мұра қалдыру ісін, ұрлық, қылмыстық істерді және қарыздану мәселесіндегі дәстүрлі құқық жүйелерін қарастырады [8]. Ал, 1878 жылы И. И. Ибрагимовтың Орыс географиялық қоғамы этнограф. 8 томында «Заметки о киргизском суде» атты мақаласында кіші жүз қазақтарының салт-дәстүрлерінің заңдық күшке айналғандығын және  қазақтардың сот жүргізу тәртібін иллюстрацияларымен және нақты мысалдармен келтірген[9]. Қазақтардың дәстүрлі құқығын зерттеген зерттеушілер қатарында басқа да ұлттармен салыстырмалы түрде зерттелген мақалалар кездеседі. Солардың қатарына С. Швецовтың «Обычно-правовые воззрения алтайцев (калмык) и киргиз. Брачные и семейные отношения» атты мақаласын атауға болады[10]. Бұл мақала  1898 жылы жарық көрген. Оның негізгі дереккөзі ретінде Белағаш даласындағы қазақтардың қоғамдық қатынастары мен құқықтық жүйесі алынған. Сонымен қатар, В. Д. Троновтың 1891 жылы жарияланған «Обычаи и обычное право киргиз» атты мақаласында неке қатынастары, отбасы құқығы, жетімдерді асырап алу, мүліктік құқық, жер иелену, мұрагерлік, жұмысшы жалдау, қылмыс пен жаза мәселесі қарастырылған [11].

1905 жылы Л. А. Словохотовтың «Народный суд обычного права киргиз Малой орды» атты еңбегінде сот жүйесі мен сот жүргізу тәртібі зерделенген [12]. Сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі құқығының негізгі шарттары көрсетілді. Бұл кіші жүз қазақтары мысалы негізінде жазылған еңбек болып табылады. Сондай-ақ, Ж. Ақпаевтың 1907 жылы Орыс геогр. Коғамының Батыс-Сібір  бөлімі, Семипалатинск бөлімшесі Жазбаларының 3-томында «Наброски по обычному, в частности, брачному праву киргиз-казахов» мақаласында қазақтың дәстүрлі құқығының негізгі терминдері мен түсініктеріне талдау жасаған [13]. Лаппо Д.Е. 1906 жылы Русская мысль журналының 10-санында «Об изучении степного права» атты мақаласын жариялады, онда Қазақстан территориясындағы құқықтық жүйені баяндай келе, әртүрлі пікірлер қосқан [14].

Ал, А. И. Мякутин 1911 жылы «Юридический быт киргизов» атты еңбегінде қазақтардың өзгермейтін міндетті құқықтарын жинақтап және оның заңдық дәрежесін басқа да халықтардың құқықтарымен салыстырып сипаттаған [15]. Жалпы, қазақ халқының құқықтық жүйесі жөнінде әр кездерде көптеген жазбалар мен еңбектерден жақсы көріністері берілген. Ал, Д. Архангельскийдің мақаласында орыстар мен қазақтар арасындағы сот істері жөнінде кейбір күрделі мәселелерді әскери соттан гөрі халықтық сотқа жүгінудің тиімді екенің көрсетеді [16].

XIX ғасырдағы зерттеушілердің еңбектеріндегі қазақтың дәстүрлі құқығы өз кезегінде өте өзекті мәселелердің бірі болды. Оның әлеуметтік мәні мен қажеттілігі қазақ қоғамының дамуының жаңа сатысына өту қарсаңында күрделі өзгерістер алдында тұрды. Бұл қазақтың тек қана қоғамдық институттардың (билер институтын) ғана қамтымай, сонымен қатар, елдің рухани дүниесіне де зор ықпал еткен болатын. Билер мен ақсақалдардың дәстүрлі құқық негізін қалыптастырып, оны жаңа әлемдік судьямен салыстыра қарауы қазақ елінің демократиялық және ашық қоғам екенін көрсетті. Билердің айтқандары мен шешімдері әр түрлі эпостарда, ауыз әдебиеті жанрларында сақталып қалды. Олардың ежелгілері қазіргі кезде аңызға айнала бастады. Алайда, осындай ерекшелікке ие болып отырған құқықтың жалпы қазақ даласына ортақ құндылықтарды қалыптастырып сақтауы көптеген зерттеушілердің назарына әр түрлі күйде ілікті. Дегенмен, қазақтың дәстүрлі құқығының негізгі қызмет еткен кезеңдері мен ортасын жазып зерттеген зерттеушілердің еңбектерін салыстырып қарау ел тарихының негізгі мәселелеріне жатады. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Рычков П.И. История Оренбургская (1730–1750). Оренбург, 1896. – С. 72.

2 Гавердовский  Я.П.  Обозрение  Киргиз-кайсакской  степи  (часть  2)  или  Описание  страны  и  народа  киргиз-кайсакского // История Казахстана в русских источниках XVII–XX веков. – Т. V. – Алматы: Дайк-пресс, 2007. – С. 340.

3 Григорьев В.В. О скифском народе саках. – СПб.: Типография Имп. Академии Наук, 1871. – С. 64.

4 Крахалев А.И. Суд и следствие у киргизов Сибири // Юридический вестник. – 1888. – № 5. – С. 25.

5 Леонтьев А. Обычное право киргиз: Судоустройство и судопроизводство // Юридический вестник. – 1890. – Т. 5. – Кн. 1. – С. 113–139.

6 Радлов В.В. К вопросу об уйгурах // Записки Имп. Академии наук. –СПб., 1893. – Т. 72. – С. 112.

7 Гейнс А.К.  Объяснительная записка к положению и штатам военно-народного управления Семиреченской и Сыр-Дарьинской областей // Собр. лит. трудов. – Т. 2. – СПб., 1898. – С. 21.

8 Баллюзек Л.Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой киргизской орде силу закона // Записки Оренб. отдела РГО. – Вып. 2. – 1871. – С. 45–167.

9 Ибрагимов И.И. Заметки о киргизском суде // Записки РГО. По отд. этногр. – Т. 8. – 1878. – С. 233–257.

10 Швецов С. Обычно-правовые воззрения алтайцев (калмык) и киргиз. Брачные и семейные отношения // Записки Зап.- Сиб. отдела РГО. – Кн. 25. –1898. – С. 1–16.

11Тронов В. Д. Обычаи и обычное право киргиз // Записки РГО. По отд. этногр. – Т. 17. – Вып. 2. – 1891. – С. 71–86.

12 Словохотов Л. А. Народный суд обычного права киргиз Малой орды. – Оренбург, 1905. – С. 158.

13 Акпаев Я. Наброски по обычному, в частности, брачному праву киргиз-казахов // Записки Семипал, подотдела Зап.-Сиб. отдела РГО. – Т. 3. – 1907. – С. 1–11.

14 Лаппо Д.Е. Об изучении степного права // Русская мысль. – 1906. – № 10. – С. 36–51.

15 Мякутин А.И. Юридический быт киргизов // Труды Оренб. уч. архивной комиссии. – Вып. 25. – 1911. – С. 1–180.

16 Архангельский Д. О неприменимости нашего военного суда над киргизами Большой орды и о возможности замены его их собственными народными судами // Военный сборник. – 1864. – № 2. – С. 307–311

References

1 Richkov P.I. Istoriya Orenburgskaya _1730–1750,. Orenburg_ 1896. – S. 72.

2 Gaverdovskii  Ya.P.  Obozrenie  Kirgiz_kaisakskoi  stepi  _chast  2,  ili  Opisanie  strani  i  naroda  kirgiz_kaisakskogo // Istoriya Kazahstana v russkih istochnikah XVII–XX vekov. – T. V. – Almati_ Daik_pre

3 Grigorev V.V. O skifskom narode sakah. – SPb._ Tipografiya Imp. Akademii Nauk_ 1871. – S. 64.

4 Krahalev A.I. Sud i sledstvie u kirgizov Sibiri // Yuridicheskii vestnik. – 1888. – № 5. – S. 25.

5 Leontev A. Obichnoe pravo kirgiz_ Sudoustroistvo i sudoproizvodstvo // Yuridicheskii vestnik. – 1890. – T. 5. – Kn. 1. – S. 113–139.

6 Radlov V.V. K voprosu ob uigurah // Zapiski Imp. Akademii nauk. –SPb._ 1893. – T. 72. – S. 112.

7 Geins A.K.  Obyasnitelnaya zapiska k polojeniyu i shtatam voenno_narodnogo upravleniya Semirechenskoi i Sir_Darinskoi oblastei // Sobr. lit. trudov. – T. 2. – SPb._ 1898. – S. 21.

8 Ballyuzek L. Narodnie obichai_ imevshie_ a otchasti i nine imeyuschie v Maloi kirgizskoi orde silu zakona // Zapiski Orenb. otdela RGO. – Vip. 2. – 1871. – S. 45–167.

9 Ibragimov I.I. Zametki o kirgizskom sude // Zapiski RGO. Po otd. etnogr. – T. 8. – 1878. – S. 233–257.

10 Shvecov S. Obichno_pravovie vozzreniya altaicev _kalmik, i kirgiz. Brachnie i semeinie otnosheniya // Zapiski Zap._ Sib. otdela RGO. – Kn. 25. –1898. – S. 1–16.

11 Tronov V. D. Obichai i obichnoe pravo kirgiz // Zapiski RGO. Po otd. etnogr. – T. 17. – Vip. 2. – 1891. – S. 71–86.

12 Slovohotov L. A. Narodnii sud obichnogo prava kirgiz Maloi ordi. – Orenburg_ 1905. – S. 158.

13 Akpaev Ya. Nabroski po obichnomu_ v chastnosti_ brachnomu pravu kirgiz_kazahov // Zapiski Semipal_ podotdela Zap._Sib. otdela RGO. – T. 3. – 1907. – S. 1–11.

14 Lappo D.E. Ob izuchenii stepnogo prava // Russkaya misl. – 1906. – № 10. – S. 36–51.

15 Myakutin A.I. Yuridicheskii bit kirgizov // Trudi Orenb. uch. arhivnoi komissii. – Vip. 25. – 1911. – S. 1–180.

16 Arhangelskii D. O neprimenimosti nashego voennogo suda nad kirgizami Bolshoi ordi i o vozmojnosti zameni ego ih sobstvennimi narodnimi sudami // Voennii sbornik. – 1864. – № 2. – S. 307–311

 Жайлыбаев Д.Ж.

Научный сотрудник Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова,

г. Алматы, Казахстан

ДОРЕВОЛЮЦИОННЫЕ ТРУДЫ ОБ ОБЫЧНОМ ПРАВЕ КАЗАХОВ

Резюме

В статье рассматривается проблемы обычного права казахов. Автор использовал дореволюционные источники и литературы.

Ключевые слова: обычное права, бии, суд, наследство, род, обычай и обряды, казах, исследование, закон.

D.Zh. Zhailybayev


Researcher of the Ch. Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology,   
Almaty, Kazakhstan

PRE-REVOLUTIONARY PROCEEDINGS ON THE CUSTOMARY LAW OF KAZAKHS

Summary

The article considers the problem of customary law of Kazakh people. The author used pre-revolutionary sources and literature.

Keywords: customary law, bi, the court, heritage, tribe, tradition and rituals, Kazakh, study law.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 5305

No reviews

Download files

мақала дәстүрлі құқық.docx 0.02 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

"Рафаэль Пампеллидің "Түркістанға саяхат" еңбегіне қысқаша шолу" ӘОЖ 316.344.55:39(574) Қазақтардың дәстүрлі құқығы туралы революцияға дейінгі жазылған еңбектер Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясының генераторы ӘОЖ 940.2 (574) ТҮРКІСТАН КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ (1917 жыл) ӘОЖ 940.2 (574) ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОҒАН РЕСЕЙЛІК ТҮРІК-МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТИГІЗГЕН ЫҚПАЛЫ ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ҒТАМР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында)

Author's articles

ӘОЖ 316.344.55:39(574) Қазақтардың дәстүрлі құқығы туралы революцияға дейінгі жазылған еңбектер